35
С. Торайғыров атындағы облыстық. Кітапхана энциклопедиясы
көрсеткіші, 1957 жылдан бастап ай
сайын РКП шығарады. Қазақстан
газеттерінде қазақ және орыс тілін -
де шыққан деректі материалдар,
көркем әдеби шығармалар, мақала-
лар туралы мәліметтерді қамтиды.
АББ қорында 1975 жылдан бар.
Галимова Рашида Асығатқызы –
1964 ж.т. Облыстық кітап ха нада
1988 жылдан жұмыс істей ді. Ермак
мәдени-ағарту учили щесінің кітап -
ха на бөлімін (1983), Қазақ мемле -
кеттік әйелдер педа го гикалық инс-
титутының кітап хана факультетін
(сырттай, 1990) бітірген. 1983-
1984 жж. – Ертіс АОК толықтыру
бөлімінің кітапханашысы, 1984-
1988 жж. – Лебяжі ауданының АБК
кітап ха нашысы, 1988-1995 жж. –
облыс тық кітапхананың балалар
бөлімінің
библиографы,
1995-
2003 жж. – ПМПИ, ПМУ ғылыми
кітапханаларының
библиографі,
2003-2006 жж. – № 8 мектеп-ли-
цеінің кітапханашысы. 2006 ж. –
облыстық кітапхананың балалар
бөлімінің кітапханашысы. Құрмет
кағаздарымен марапат талған.
Голубева Людмила Ивановна
(1938-1993) – Облыстық кітап-
ханада 1988-1994 жж. істеген. Мәс -
кеу кітапханалық техникумын
(1953), Н. Крупская атындағы Лени-
град мемлекеттік мәдениет инсти-
тутының кітапхана факуль тетін
(сырттай) бітірген. 1979 ж. – әдіскер,
әдістемелік бөлімінің меңгерушісі,
1979-1988 жж. – С. Торайғыров
атындағы облыстық балалар кітап-
ханасының директоры, 1988-
1994 жж. – облыстық кітапхананың
балалармен жұмыс істеу бойны-
ша директор орынбасары. Еңбек
сүйгіш адам, балалар әдебиетін
жақсы біліп, оқу мәдениетіне басты
назар аударған. Кітапхана ісінің
мәселелеріне көп көңіл бөлген. Жо-
ғарғы деңгейлі кәсіпқой Л.И. Го-
лубева әріптестер арасында сый-
лы болып саналатын. ҚР мә дениет
министрлігінің, облыс кәсіподақ
кеңесінің, облыс мәдениет басқар-
масының грамоталарымен, алғыс
хаттарымен марапатталған.
Гончарова Марина Леонтьевна –
1968 ж.т. Облыстық кітапханада
1988 жылдан жұмыс істейді. Ер-
мак мәдени-ағарту учи лищесінің
кітапхана бөлімін (1988), Алтай
мемлекеттік мәде ниет инсти-
туты ның кітап хана фа культетін
(1994) бітір ген. 1988-2002 жж. –
оқу залының кітапха нашысы, аға
кітап ханашысы, 2002 жылдан
оқу залының меңгерушісі. Кітап -
хана мәселеле ріне арналған облыс-
тық конференциялар және семи-
нарлардың, Қарағанды қ. өткен «Ас -
танаға – кітапханалық отшашу»
республи калық фестивалнің (2008),
«Реставрация редких книг и восточ-
ных рукописей» атты тәжірибелік
семинардың (Алматы, 2011) қаты-
сушысы. Өлкетану әдебиеттерді
насихаттау жұмысына қатысады:
павлодарлық авторлар М. Тереник,
Ю. Мостовой, Т. Окольничьяның
жаңа кітаптарының, «Жемчужная
36
С. Торайғыров атындағы облыстық. Кітапхана энциклопедиясы
поэзия Казахстана» үш томдық
кітабының тұсау кесерлерін өткізді.
Кітапхана қорын жақсы біледі,
ұстаздықпен айналысады. ҚР ҰАК,
облыс мәдениет басқармасының,
облыстық кәсіподақ комитетінің
грамоталарымен марапатталған.
ГОСТ-тар – Мемлекет бекіткен
кітапхана қызметінің анықталған
стандарты. СИБИД стандарты нор-
маланған құжаттарда пайда ланатын
кітапханалық, библи огра фиялық,
ақпараттық, баспа терминологияла-
ры жүйесін анықтайды.
Олардың базасында облыстық кі-
тапхана негізгі технологиялық про-
цестерін жүзеге асырады, мысалы,
библиографиялық жазуды қалып-
тастыруда, индекс қоюда.
Гранттар – Субсидия түрі, мекеме
немесе жеке тұлғаларға (сұраптау
сайысының қорытындысы бойын-
ша) ғылым, мәдениет, білім сала-
ларында нақты жобаларды жүзеге
асыру үшін беріледі.
Облыстық кітапхана республика-
да алғашқылардың бірі болып жо-
ба дайындау және гранттар алуға
өтінім беру бойынша жұмыс ба-
стады. 1997 жылдан 1999 жылдар
аралығында кітапхана «Сорос-
Қазақстан» қорынан және «Ашық
қоғам» Институтынан «Ғаламторы.
Электронды пошта», «Аймақтың
моделді кітапханалары», «Жана-
шыр» жобаларын жүзеге асыруға
гранттар алды. (Қараңыз: сәйкес
ұғым дарды).
Грезина Лидия Максимовна
(1930-1993) – 1960 ж., 1978-1985 жж.
облыстық кітап хана директоры
болған. 1953-1960 жж. – кітапхана-
шы, оқу залы ның меңгерушісі.
Ленинград мемлекеттік мәдениет
институтын(сырттай) бітірді. 1967-
1978 жж. – кітап толықтыру және
кітап өңдеу бөлімінің меңгерушісі.
1978 ж. кітапхана директоры. Оның
басшылығымен облыс ауданда-
рында қорды каталогтандыру бой-
ынша озық тәжірибе мектептері
құрылды, облыстық кітапхананың
анықтама аппараты жетілдірілді.
ККА жұмысы белсендірілді, 35 кі-
тапханалармен байланыс болды.
Кітапханашылардың біліктілігі
көтеруге көп көңіл бөлінді. ЕҒҰ
бойынша комиссия құрылды, бө-
лімдерде соцжарыстың қоры тын -
дысын шығару үшін негізгі ере-
желер дайындалды. Кітап хана
жұмысының практикасына шығар -
машылық әдеби бейсен білік тері
енді. «Қалың» әдеби-көркем жур -
налдары бойынша шолулар өткі-
зілді. 1976 жылы халықтық мәде-
ниет университетін ұйымдас тыр-
ған үшін Н. Островский атын дағы
облыстық кітапхана Мәдениет Ми-
нистрлігінің дипломымен марапат-
талды.
1978 жылдан өлкетану оқуы жұ-
мыстың дәстүрлі түріне айнал-
ды. Осы жылдары қорды КБК та-
блицасына ауыстыру басталды.
1980 жылы облыстың көпшілік
кітап ханаларын орталықтандыру
аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |