Ән бағдарламасы (syllabus)



жүктеу 168 Kb.
бет1/2
Дата23.11.2018
өлшемі168 Kb.
#24264
түріБағдарламасы
  1   2

Пән бағдарламасының титулдық парағы (SYLLABUS)




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Электрэнергетика кафедрасы


Релелік қорғаныс пен автоматиканың элементтік базасы
ПәнІ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар, 2013ж.






Пән бағдарламасының бекіту парағы (Syllabus)





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19





БЕКІТЕМІН

Факультет деканы_______

___________ Кислов А.П.

«___»_____________2013 ж.

Құрастырушы: аға оқытушы_________Ашимова А.К.

5В071800 – Электрэнергетика мамандығы студенттеріне арналған


Релелік қорғаныс пен автоматиканың элементтік базасы
Пән бағдарламасы (SYLLABUS)

Бағдарлама «____»______________2013 ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде жасалған.


Кафедра отырысында ұсынылған «___»_________2013 ж. №_____ хаттама
Кафедра меңгерушісі ______________Марковский В.П. «____» _______2013 ж.
Энергетика факультетінің оқу әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«____»______________2013 ж. №____ хаттама


ОӘК төрағасы ______________Кабдуалиева М.М. «____» ________2013 ж.

1. Оқу пәнінің төлқұжаты
Пән атауы Релелік қорғаныс пен автоматиканың элементтік базасы

Вуздық компонент пәні

Кредит саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 3

Семестр: 6

Аудиторлық сағат саны – 45 сағат

Дәрістер – 22,5 сағат

Тәжірибелік /семинар сабақтар –7,5 сағат

Зертханалық – 15 сағат

СӨЖ – 82,5 сағат

СӨЖМ соның ішінде – 22,5 сағат

Жалпы еңбек сыйымдылығы - 135 сағат

Бақылау түрі

Емтихан – 5 семестр


Пререквизиттер

Пәнді оқу кезінде келесі пәндерден алған білімдерге сүйенеді:

- электртехниканың теориялық негіздері (электрлік тізбектердің бірфазалы синусоидалы тогы, үшфазалық тізбектер бөлімдері);

- электрлік машиналар (трансформаторлар мен синхронды машиналар бөлімдері);

- ауыспалы үрдістер («Электрмагнитті ауыспалы үрдістер» - симметрия және симметриялы емес ҚТ токтарын анықтау бөлімі);

- жоғары математика (дифференциалды теңдеулер, операционды есептер);

- ақпараттық-өлшеуіш техникасы (электрлік шамаларды өлшеу, өлшеулер кезіндегі қателіктер);

- электроника (жартылай өткізгіш құралдар, сигналдарды күшейткіштер, операционды күшейткіштер);

- автоматты басқару құрылғылардың теориясы (элементтердің динамикалық және жиіліктік сипаттамалар).
Постреквизиттер

Осы пәнді оқу кезінде алған білімдер, іскерліктер және дағдылар дипломдық/курстық жобалауда, сонымен қатар электрэнергетикалық жүйе мамандығы бойынша жұмыс жасағанда қажет болады.


2. Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Аты-жөні: Ашимова Айгуль Кенжебаевна

Лауазымы: аға оқытушы
«Электрэнергетика» кафедрасы, А–223 аудиториясы

телефон: 67-36-26

Е-mail: ashimova_ak@mail.ru
3. Нысан, мақсат және міндет
Пән нысаны

Электрэнергетикалық жүйелердің автоматикасы және релелік қорғаныстың элементтік базасы



Пәнді оқу мақсаты

Автоматты басқару үшін өңдеу жүйелерін құрастыру принциптері туралы және арнайы инженерлік жұмыс режимдерін басқару құрылғылары, релелік қорғаныс және электрэнергетикалық жүйедегі апатқа қарсы автоматика пәндері бойынша қажетті білімдерді, түсініктерді және ұғымдарды құру.



Пәнді оқу міндеттері

- электрмеханикалық және жартылай өткізгішті интегралды аналогтік және цифрлық элементті базасы негізінде энергожүйе автоматты құрылғылардағы функционалды элементтердің негізгі техникалық әдістерін жүзеге асыру және құрастыру принциптерін меңгеру.


4. Білім, іскерлік, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар

Берілген пәнді үйрену барысында студенттер мыналарды білуі қажет:

– релелік қорғаныс пен автоматиканың өлшеуіш мүшелерінің құрылғыларын құрастыру теориясының негіздерін;

– әр түрлі элементтік базадағы релелік қорғаныс пен автоматиканың өлшеуіш мүшелерінің құрылғыларын құрастыру принциптерін;

– релелік қорғаныс пен автоматикада қолданылатын нақтылы шарттар үшін техникалық жүзеге асыруларды таңдауды;

– энергожүйелердің автоматты құрылғылардың негізгі функционалды элементтерінің техникалық жүзеге асырулардың әдістерін және құрастыруын;

– электрэнергетикалық жүйедегі релелік қорғаныс пен автоматиканың өлшеуіш мүшелерін құрастыру теориясының негіздері сұрақтарында білікті болуы қажет.
5. Пәнді оқудың тақырыптық жоспары

1 тақырып. Кіріспе. (1,5 сағат)

Энергожүйелер автоматикасы құрылғыларының фукнционалды сұлбасы.

Сигналдар ақпаратты материализациялау ретінде. Сигналдарды көрсету формалары.

Сигналдардың сипаттамалары.



2 тақырып. Автоматты құрылғылардың функционалды элементтері (3 сағат)

Функционалды элементтердің тағайындалуы.

Функционалды элементтердің сипаттамалары.

Автоматты әрекетті құрылғыларда ақпаратты өңдеудің негізгі шарты ретінде электрлік шамаларды салыстыру.

Электрлік шамаларды салыстыру тәсілдері.

Абсолютті мәндерді салыстырудың электрмагнитті элементі.

Фазаларды салыстырудың индукционды элементі.

3 тақырып. Өлшеуіш мүшелерді құрастыру принциптері (3 сағат)

Үзіліссіз және релелік әрекетті өлшеуіш мүшелер.

Бір және екі әрекет етуші шамалармен мүшелердің құрылымдық сұлбалары.

Релелік өлшеуіш мүшелерді құрастырудың теориялық негіздері.

Конформды бейнелеу туралы түсінік.

Өлшеуіш мүшелердің қателіктері.

Электрмагнитті өлшеуіш реле мен бір және екі әрекет етуші шамалармен индукционды өлшеуіш реле.

Релелік өлшеуіш мүшелерді құрастырудың теориялық негіздері.



4 тақырып. Сызықтық өлшеуіш түрлендіргіштер (3 сағат)

Екіншілік ток және кернеу трансформаторлары.

Трансреактор.

Фазабұрылмалы сұлбалар.

Жиіліктік фильтрлер.

Симметриялық құраушылардың фильтрлері.

Нолдік және кері реттілікті кернеу мен ток фильтрлері.

Фильтрлердің тепе-теңсіздігі және реттеу туралы түсінік.

Сызықтық өлшеуіш түрлендіргіштерді жүзеге асыруға арналған операционды күшейткіштер (ОК).

ОК қосудың негізгі сұлбалары.

Қателіктер.

Активтік ток және кернеу трансформаторлары, жиіліктік фильтрлер, фазабұрылмалы сұлбалар мен симметриялы құраушылардың фильтрлері.

Симметриялы құраушылардың жиілікті-тәуелсіз фильтрлер туралы түсінік.

Сызықтық емес өлшеуіш түрлендіргіштер.

ОК ауыстырып қосу режимде қолданылуы.

Компараторлар.

ОК-де кернеу өзгерудің шектегіштері.
5 тақырып. Электрлік шамалар параметрлерін өлшеуіш аналогті түрлендіргіштері (3 сағат)

Электрлік шамалардың фаза айырмашылығын және абсолютті мәндерін салыстырудың диодты сұлбалары. Жұмыс істеу принципі және сипаттамалар. Екі электрлік шамалардағы абсолютті мәндерінің, фаза айырмашылығының уақыт-импульсті түрлендіргіштері. Амплитуданы, жиілікті және фаза айырмашылықты жадта сақтаушы түрлендіргіштер. Амплитудадағы және кернеу фазасындағы өзгеруіндегі жиілік өзгеруінің түрлендіргіштері.



6 тақырып. Елегіш элементтер. (3 сағат)

Елегіш элементтерге қойылатын талаптар. Электрмеханикалық елегіш элементтер. Поляризонды және магнит-электрлік реле. Жартылай өткізгішті елегіш элемент.



7 тақырып. Автоматты құрылғылардың сигналдарын күшейткіштер (3 сағат)

Күшейкіштерге қойылатын талаптар. Дискретті және үзіліссіз сигналдардың күшейкіштері. Магнитті күшейткіштер. Магнитті күшейткіштердегі кері байланыстар.



8 тақырып. Дискретті әрекетті өлшеуіш түрлендіргіштер. (3 сағат)

Фазаларды салыстыратын импульсті және потенциалды-импульсті сұлбалар. Сигналды цифрлық өңдеу туралы түсінік. Дискретизация және кванттау. Бірлікті тізбектелі және екілік параллель кодты цифр-аналогті түрлендіргіштер. Аналогті-цифрлі түрлендіргіштер (АЦТ). АЦТ аралық уақыт және жиілік түрленгіштері. Кернеу-жиілік түрлендіргіштері туралы түсінік. Микропроцессорлар және микроконтроллерлер сигналдарды өңдеу үшін әмбебап элементтік базасы ретінде. Құрылғы, негізгі сигналдар, программалау. цифрлық фильтрациялау, ауыспалы үдерістің мәжбүрлеу құраушы векторды цифрлық бағалау туралы түсінік. Бір және екі әрекет етуші шамалармен мүшелер өлшеуіш программалық алгоритмдер.




Академиялық сағаттарды сабақ түрлері бойынша бөлу




р/с

Тақырып атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

СӨЖ

Дәрістер

Практикалық

Зертха-налық, студия-лық, жеке

Бар-лығы


соның ішінде СОӨЖ

1

1 тақырып. Кіріспе

1,5

-




10




2

2 тақырып. Автоматты құрылғылардың функционалды элементтері

3

0,5




1,0





3

3 тақырып. Өлшеуіш мүшелерді құрастыру принциптері

3

1,5


6

12,5





4

4 тақырып. Сызықтық өлшеуіш түрлендіргіштер

3

1,5


3

10





5

5 тақырып. Электрлік шамалар параметрлерін өлшеуіш аналогті түрлендіргіштері

3

1

-

10





6

6 тақырып. Елегіш элементтер

3

1

3

10




7

7 тақырып. Автоматты құрылғылардың сигналдарын күшейткіштер

3

1

3

10




8

8 тақырып. Дискретті әрекетті өлшеуіш түрлендіргіштер

3

1

-

10







Барлығы: 135 сағ. (3 кредит)

22,5

7,5

15

82,5




жүктеу 168 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау