|
Емтихан сұРАҚтары баланың білім алуға әлеуметтік педагогикалық құқығыБаланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар
|
бет | 37/69 | Дата | 26.01.2022 | өлшемі | 117,09 Kb. | | #35022 |
| ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ жауабы2. Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар
2-бапБаланың құқықтарын қорғау туралы Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар - сәби үйлерi, интернат ұйымдары, балалар үйлерi, жалпы үлгiдегi жалпы бiлiм беру мектеп-интернаттары, ақыл-ойы кемiс балаларға арналған интернат-үйлерi, отбасылық үлгiдегi балалар ауылдары, Жасөспiрiмдер үйлерi және заңдармен көзделген тәртiппен баланың құқықтарын қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын өзге де тәрбиелеу және емдеу ұйымдары;
а) сәби үйi - жетiм балалар мен ата-аналарының қамқоршылығынсыз қалған, сондай-ақ ақыл-ой мен дене дамуында мүкiсi бар балаларды тәрбиелеу және оларға медициналық көмек көрсету мақсатында заңдармен көзделген тәртiппен құрылатын мемлекеттік мекеме;
б) интернат ұйымдары - заңдармен көзделген тәртiппен құрылатын, белгiлi бiр санаттардағы азаматтарға тұрғын орын бере отырып бiлiм алу құқығына мемлекеттiк кепiлдiктерді қамтамасыз ететiн орта бiлiм беру жүйесінің ұйымдары;
в) жалпы үлгiдегi жалпы бiлiм беретiн мектеп-интернат (жалпы бiлiм беретiн мектептер жанындағы интернат) - тиiстi жалпы бiлiм беретiн мектептерi жоқ ауылдық елдi мекендерде тұратын оқушыларға бiлiм алу құқығын қамтамасыз етуге жағдай туғызу және балаларды отбасында тәрбиелеуге көмек көрсету мақсатында мектеп жанында жұмыс iстейтiн мектеп сияқты ұйымдық-құқықтық нысандағы ұйым;
г) ақыл-ойы кемiс балаларға арналған интернат-үй - күтiмге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге, сондай-ақ әлеуметтiк еңбекке бейiмделуге мұқтаж балалардың тұрақты тұруына арналған мемлекеттiк мекеме;
д) отбасылық үлгiдегi балалар ауылдары мен Жасөспiрiмдер үйлерi - отбасылық үлгiдегi балалар ауылдары мен Жасөспiрiмдер үйлерi туралы заңдарға сәйкес құрылатын және жұмыс iстейтiн коммерциялық емес ұйымдар.
15-бапБаланың құқықтарын қорғау туралыБаланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға орналастыру үшiн барлық шараларды қолдануға тиiс. Мемлекет заңдарға сәйкес қамқоршы (асырап алушы) отбасыларға және баланың құқықтарын қорғау жөнiндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға материалдық қолдау көрсетедi. Мұндай баланы Қазақстан Республикасындағы отбасына орналастыру мүмкiн болмаған кезде, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленетiн тәртiппен баланың мүдделерiнде оны шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың асырап алуына, қорғаншылық (қамқоршылық) белгiлеуiне жол берiледi.
Бала асырап алудан немесе қорғаншылықтан (қамқоршылықтан) туындайтын ақталмаған қаржы пайдасын табуға жол берiлмейдi.
Баланың мүдделерiнде оның денсаулығын, асырап алушының, қорғаншының (қамқоршының) отбасында тұру жағдайларын бағалауды баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар құпиялы жүзеге асырады.
16 жасқа толған баланың өмiр сүру жағдайларын, мемлекеттiң материалдық қолдауы және қорғаншылық және қамқоршылық органдардың тарапынан бақылауды жүзеге асыру болған кезде дербес өмiр сүруге құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|