1-бап ҚР баланың құқықтары туралы
-Бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар – бұл балаларды әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер көрсету мен материалдық көмек көрсетуді, өмірде қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтік оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабілетті жасқа жеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ұйымдар;
Қазақстан Республикасының балалардың мүдделерiндегi мемлекеттiк саясатының мақсаттары
1) Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңымен және өзге де заң актiлерiмен, сондай-ақ халықаралық шарттардың нормаларымен көзделген балалардың құқықтарын жүзеге асыру, олардың кемсiтiлуiне жол бермеу, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң негiзгi кепiлдiктерiн баянды ету, сондай-ақ бұзылған жағдайларда олардың құқықтарын қалпына келтiру;
2) бала құқықтары кепiлдiктерiнiң құқықтық негiздерiн қалыптастыру, баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi тиiстi органдар мен ұйымдарды құру;
3) балалардың дене, санаткерлiк, психикалық, рухани және адамгершiлiк дамуына, оларға елжандылық пен азаматтық тәрбие беруге, сондай-ақ баланың жеке басын қоғамның мүддесiнде және Конституция мен заңдарға қайшы келмейтiн мемлекет халықтарының дәстүрлерiне, халықтық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне сәйкес қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.
Баланы әлеуметтік оңалту – бала жоғалтқан әлеуметтік байланыстар мен функцияларды қалпына келтіру
бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар – бұл балаларды әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер көрсету мен материалдық көмек көрсетуді, өмірде қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтік оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабілетті жасқа жеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ұйымдар;
баланы әлеуметтік оңалту – бала жоғалтқан әлеуметтік байланыстар мен функцияларды қалпына келтіру, тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз ету ортасын толықтыру, оған қамқорлық жасауды күшейту жөніндегі іс-шаралар;
баланың әлеуметтік бейімделуі – өмірде қиын ахуалға тап болған баланың қоғамдағы құндылықтарды, мінез-құлық қағидалары мен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтік ортаның жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, сондай-ақ басынан кешірген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесі;
Достарыңызбен бөлісу: |