2 Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны
Әлеуметтік желілердің пайдасы неде?
Ең алдымен, бұрын танымайтын, білмейтін адамдармен араласып танысуға, пікір алмасуға және өз пікірлестеріңді табуға жәрдемдеседі. Кез-келген сәтте танысыңмен байланысқа шығып, тегін пікір алмасып, хал-жағдай сұрасуыңа, соңғы жаңалықтармен бөлісуіңе мүмкіндік бар.
Әлеуметтік желі арқылы соңғы жаңалықтар мен оқиғалардан әрдайым хабардар болып отырасың. Жәй хабардар болып қоймай, сол оқиғаға қатысты адамдардың пікірлерімен де танысуға мүмкіндік болады. Үшіншіден, әлеуметтік желіден түрлі көңіл көтеретін музыкалар мен әндер, фильмдер, суреттер, мақалалар табасың және бәрі тегін. Оған қоса, білім беретін деректі фильмдер мен кітаптар, лекциялар мен мақалаларды да қалағаныңша тауып оқуға болады.
Қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» атты өлеңін оқып отырып, еріксіз таңданасың.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды, – деп келетін жолдары бар. Өлеңін нақ бір қазіргі технологияның мүмкіндігіне тамсанып жазып отырғандай.
Рас, қазір үйде отырып-ақ әлемнің кез келген түкпіріндегі адаммен әп-сәтте хабарласа аласыз. Байланыстың түрі де көп. Телефонмен, интернет арқылы, тіпті бейнебайланыс арқылы өзімен тікелей сөйлесе бересіз. Бұл бүгінгі технологияның адамзатқа сыйлап отырған мүмкіндігі. «Бұрын ұялы телефон, интернет болмаған кезде адамдар қалай өмір сүрген а?!» деп таңданып қоятынымыз бар. Иә, жұмысымызды жеңілдеткен технологияның мүмкіндіктері мол.
Сонымен бірге, өз бизнесіңді дамытуға, сатып алушы клиенттерді тартуға да мүмкіндік жасалған. Егер сіз шығармашылықпен айналысатын болсаңыз, кітаптарыңызды әлеуметтік желіні пайдаланушыларға ұсынып, сатып алушы оқырмандар табуыңызға болады.
Қазіргі таңда ақпарат тарату мүмкіншілігі бойынша Интернет торабы алдыңғы қатарға шығып отыр. Газет, теледидар, радионың түгелге жуығы Интернет торабында сайт немесе өз парақшаларын ашып, электронды ақпарат құралдарының саны күннен-күнге өсуде. Ал Интернеттегі әлеуметтік желілердің қолданушыларының орта жасы 7-ден 48-ге дейін болып отыр. Қазір кез-келген ұялы телефонда әлеуметтік желілерге қосылу үшін қосымша бағдарламалар орнатылатын болды. Кез-келген компанияның өз тауарларын жарнамалау мақсатында әлеуметтік желіде парақшалары бар. Тіпті Үкімет мүшелері, көптеген лауазымды тұлғалар Интернетте өз парақшалары, блогтарын ашып, сол арқылы өздерінің қызметіне байланысты ақпарат беріп отырады.
Әлеуметтік желілердің жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға пайдасы зор. Интернеттен музыка, фильм, ойындардан басқа ғылыми мақалалар, аудиокітаптар, тіл үйрену курстарын, тамақ істеу, би үйрену, дене шынықтыру тәсілдерін көшіріп алуға, қарауға болады. Көптеген оқулықтар мен рефераттар, түрлі суреттер де Интернетте жетерлік. Кез-келген мемлекеттік органдар, түрлі компаниялар мен дүкендер, кафе, мейрамханалар туралы ақпарат алу, олардан анықтама алу, тапсырыс беру сияқты көптеген жұмыстарды үйде отырып Интернет арқылы бітіре беруге болады. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер арқылы кез-келген адам өзінің пікір алмасатын, мүдделестер ортасын қалыптастыруға, жаңа таныс, дос табуға да мүмкіншілігі бар. Сол сияқты кез-келген фирма өзінің өнімдеріне қызығушылық танытқан клиенттерін топтастыра алады.
Әлеуметтік желілердің мүмкiндiгi шексiз. Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады. Yйден шықпай газет беттерін парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын әлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымыңызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз. Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаңалықтарын бiлгiңiз келсе Әлеуметтік желілер жәрдем беруге әзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен және т.б. таныса аласыз. Әлеуметтік желілерден ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Әлеуметтік желілер күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.
Ең маңызды және пайдалысы, алыс-жақыннан, ағайын-тума, таныс-білістен хат-хабару алмасу үшін қолданылады.
Қазіргі жастар сандық технологияға жақын. Олар барлық ақпаратты тезірек үйренеді. Сандық сауаттылық деген компьютерді қалай қосудан бастап, онымен қалай тиімді пайдалану керек соны меңгертуге көмектеседі. Мысалыға айталық, үйден шықпай-ақ, 3-4 айдың ішінде Колумбия, Гарвард университетін бітіріп шығуға да болады. Ол үшін сіз арнайы сайттарға немесе әлеуметтік желідегі топтарға тіркелсеңіз, олардың үнемі шығарып отыратын ақпараттарын күнделікті көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |