5-бап. Әлеуметтiк әрiптестiк жүйесi
Әлеуметтік әрiптестiк тараптардың өзара iс-қимылы нысанында әлеуметтiк әрiптестiктiң:
1) республикалық деңгейдегi;
2) салалық деңгейдегi;
3) аймақтық (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейдегi органдары арқылы қамтамасыз етiледi.
Әлеуметтік әрiптестiктiң ұйымдар деңгейiндегi мәселелерi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
6-бап. Әлеуметтiк әрiптестiк саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары
Әлеуметтiк әрiптестiк саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
3-тарау. ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIКТI ҰЙЫМДАСТЫРУ
Достарыңызбен бөлісу: |