4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар
13. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жеке келуге мүмкіндігі болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушы қызметті ресімдеу және алу құқығына берілген сенімхатпен өкілін жібереді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.enbek.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2017 № 446 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
"Шетелдікке немесе азаматтығы
жоқ адамға өз бетінше
жұмысқа орналасу үшін
біліктілігінің сәйкестігі туралы
анықтама беру немесе ұзарту"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ _____ 20___ жылғы "___" __________
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасында экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет
түрлерінде) сұранысқа ие мынадай кәсіп
________________________________________________________________________ бойынша
(экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлері) сұранысқа ие кәсіптер),
"Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға
біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе
азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың
(экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14149 болып тіркелген)
2-қосымшаға сәйкес сала көрсетіледі) өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін біліктілік
талаптарына және білім деңгейіне сәйкес келетіні туралы берілді.
Анықтаманы беру үшін негіздеме _____________________________________________
Анықтаманың қолданылу мерзімі ______________ бастап _____________ дейін
(күні, айы, жылы) (күні, айы, жылы)
М.О. _________________ _______________
(тегі, аты-жөні) (қолы)
|
"Шетелдікке немесе азаматтығы
жоқ адамға өз бетінше
жұмысқа орналасу үшін
біліктілігінің сәйкестігі туралы
анықтама беру немесе ұзарту"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне
______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________________
(паспорт (жеке басты куәландыратын құжат) №,
берілген күні және берген орган)
мекенжайы, телефоны, факсы: ____________
____________________________
Резидент еліндегі мекенжайы,
телефоны ___________________
Өтініш
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
__________________________________________________________________________
"Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға
біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе
азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың
(экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016
жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде № 14149 болып тіркелген) 2-қосымшасына сәйкес экономиканың басым
саласы (экономикалық қызмет түрі) кәсіп көрсетіледі) кәсібі бойынша өз бетінше жұмысқа
орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беруді сұраймын.
Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беру үшін
қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Өтінішке:
1)___________________________________________;
2)___________________________________________;
3)___________________________________________ қоса беріледі.
Өтініш 20___ жылғы "___" ______________ берілді
Өтініш берушінің қолы ________________________
Өтініш 20___ жылғы "___" ______________ қарауға қабылданды.
__________________________________________________________________________
(жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
-----------------------------------------------------------------
(қию сызығы)
Өтініш беруші ___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
өтініші қоса берілген құжаттармен қабылданды, өтінішті тіркеу күні
20___ жылғы "___" ________________
________________________________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына
31-қосымша
|
Ескерту. 34-қосымшаның жоғарғы оң жақтағы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2017 № 446 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. Бұйрық стандартпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.07.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамындағы көрсетілетін қызметті беруші (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 1 (бір) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушіде, Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу туралы қағаз немесе электрондық түрдегі хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуден бас тарту туралы қағаз немесе электрондық түрдегі хабарлама.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14-30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00, 9.30-дан 17.30, 18.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);
білімі, біліктілігі, арнайы білімінің болуы немесе кәсіптік дайындығы туралы құжат (бар болса);
порталға:
осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы өтініш;
көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу үшін мәліметтер нысаны;
еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (бар болса);
білімі, біліктілігі, арнайы білімінің болуы немесе кәсіптік дайындығы туралы құжат (бар болса).
Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсету арқылы өтінішті қабылдау туралы хабарлама жолданады.
Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не Астана, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің (бұдан әрі - әкім) атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почта мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану туралы ақпаратты "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын жүгіну туралы ақпарат (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдау арқылы өтеусіз негізде оны бос жұмыс орны туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құралы арқылы тиісті жұмыстың болуы туралы хабарландыру арқылы оған жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтерді көрсетеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Жұмыс іздеп жүрген адам халықты жұмыспен қамту орталығынан (кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен) лайықты жұмыстың бар екендігі туралы ұсыныстарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық елді мекендерде тұратындар - кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне барып немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы хабардар ете отырып, жұмыс іздеуге, сондай-ақ кәсіптік оқытуға қатысуға мүдделілік білдіруге тиіс.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған;
16. Көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ-сы болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу мүмкіндігі бар.
17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
18. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды
тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 1-қосымша
|
|
Нысан
|
Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу туралы хабарлама
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
____________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
13-тармағына сәйкес
20___ жылғы "___" ____________ бастап жұмыс іздеп жүрген адам ретінде
__________________________________________________________________________
(халықты жұмыспен қамту орталығының атауы) тіркелді.
Берілген күні: 20___ жылғы "___" ____________.
Орталық директоры ________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Мөр орны ____________________________________
|
"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды
тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша
|
|
Нысан
|
Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуден бас тарту туралы хабарлама
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
____________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бас тартудың себебі
________________________________________________________________________________
(себеп көрсетіледі)
________________________________________________________________________________
(халықты жұмыспен қамту орталығының атауы)
Берілген күні: 20___ жылғы "___" ____________.
Орталық директоры ______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Мөр орны __________________________________________
|
"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды
тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 3-қосымша
|
|
Нысан
|
Жұмыспен қамту орталығы
___________________________________
Өтініш
Ескерту. Стандарт 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу
Өтініш беруші туралы ақпарат:
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):____________________;
Жеке сәйкестендіру нөмірі: _______________________;
Осы арқылы, төменде қол қоя отырып:
1) "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету
үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
20__ жылғы "___" _____________ ________ (қолы).
2) "Еңбек нарығы" (www.enbek.kz) мемлекеттік интернет-ресурсында орналастыру
үшін (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жынысы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, білімі, жұмыс
тәжірбиесі, біліктілігі, қала және ұялы телефондардың байланыс телефондары, тұрғылықты
жері, электронды пошта және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы
21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес өзге дербес деректер). Келісім
осы өтінішті толық көлемде, қандай да бір ескертулер мен келіспеушіліктерсіз ұсынылады.
20__ жылғы "___" _____________ ________ (қолы).
3) жұмыспен қамту саласында аутсорсинг арқылы көмек көрсетуге, сонымен қатар
аутсорсинг қызметтері аясында жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне жеке дербес деректерді
беру (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жынысы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, білімі, жұмыс
тәжірбиесі, біліктілігі, қала және ұялы телефондардың байланыс телефондары, тұрғылықты
жері, электронды пошта және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21
мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес өзге дербес деректер). Келісім осы
өтінішті толық көлемде, қандай да бір ескертулер мен келіспеушіліктерсіз ұсынылады.
20__ жылғы "___" ____________ _______ (қолы).
Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынған үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
телефон ______________________;
ұялы:_________________________;
E-mail: _______________________;
20___ жылғы "___" ____________.
Өтініш берушінің қолы: ________________________
________________________________________________________________________
(қию сызығы)
№ ______өтініш, өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):
________________________, өтінішті тіркеген күні:
20____жылғы "___" _______
Осы арқылы, төменде қол қоя отырып:
1) "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету
үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
20__ жылғы "___" _____________ ________ (қолы).
2) "Еңбек нарығы" (www.enbek.kz) мемлекеттік интернет-ресурсында орналастыру
үшін (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жынысы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, білімі, жұмыс
тәжірбиесі, біліктілігі, қала және ұялы телефондардың байланыс телефондары, тұрғылықты
жері, электронды пошта және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы
21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес өзге дербес деректер). Келісім
осы өтінішті толық көлемде, қандай да бір ескертулер мен келіспеушіліктерсіз ұсынылады.
20__ жылғы "___" _____________ ________ (қолы).
3) жұмыспен қамту саласында аутсорсинг арқылы көмек көрсетуге, сонымен қатар
аутсорсинг қызметтері аясында жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне жеке дербес деректерді
беру (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жынысы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, білімі, жұмыс
тәжірбиесі, біліктілігі, қала және ұялы телефондардың байланыс телефондары, тұрғылықты
жері, электронды пошта және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21
мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес өзге дербес деректер). Келісім осы
өтінішті толық көлемде, қандай да бір ескертулер мен келіспеушіліктерсіз ұсынылады.
20__ жылғы "___" _____________ ________ (қолы).
Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынған үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
|
"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды
тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 4-қосымша
|
|
Нысан
|
Достарыңызбен бөлісу: |