Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы



жүктеу 2,41 Mb.
бет34/35
Дата15.04.2020
өлшемі2,41 Mb.
#29623
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауға өтініш

 

Қазақстан Республикасы
Еңбек, әлеуметтік қорғау
және көші-қон комитетінің
____________ облысы (қаласы)
бойынша департаменті

      Бөлімше коды: ________________

      Өтініш беруші туралы мәлімет (белгі қою): мүгедек ___ қорғаншы

      (қамқоршы) ___ заңды өкіл ___

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): _____________________________

      __________________________________________________________________________

      Туған күні: ______ жылғы "___" ______________

      ______________ (күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамның тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса)) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша

      жәрдемақыны тағайындауды сұраймын.

      Бала кезінен бірінші топтағы мүгедек туралы мәліметтер:

      Жеке сәйкестендіру нөмірі*: _________________________________________________

      Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі*: ____________________________________

      Құжаттың сериясы: _________________________________________________________

      Құжаттың нөмірі: __________________________________________________________

      Кім берген: ________________________________________________________________

      Берілген күні: ______ жылғы "___" ____________________________________________

      Тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы:

      _______________________ облысы _______________________ қаласы (ауданы)

      ________________________ ауылы _____________________ көшесі (шағын ауданы)

      ____ үй ____ пәтер

      Мемлекеттік органдардың растауы:

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Жеке тұлғалардың мемлекеттік

      дерекқоры" ақпараттық жүйесінен алынған деректер

      Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған

      адам туралы мәліметтер:

      ЖСН*: ___________________________________________________________________

      Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі*: ____________________________________

      Құжаттың сериясы: _________________________________________________________

      Құжаттың нөмірі: __________________________________________________________

      Кім берген: ________________________________________________________________

      Берілген күні: _____ жылғы "___" _____________

      Тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы:

      ________________________ облысы ______________________ қаласы (ауданы)

      ______________________ ауылы ___________________ көшесі (шағын ауданы)

      ______ үй _______ пәтер

      Өтініш берушінің (бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің) үстінен қамқоршылық

      немесе оны әрекетке қабілетсіз/әрекетке қабілеті шектеулі деп тану туралы мәліметтер

      (бар болса)**



Р/с


Қамқоршылық туралы шешімнің нөмірі және күні немесе әрекетке қабілетсіз/әрекетке қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімінің нөмірі мен күні

Шешімді берген орган

Қамқоршының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні

Қамқоршылығындағының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қамқоршылығындағының туған күні

1











      Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекте мүгедектігінің болуы туралы мәліметтер***

Р/с


Мүгедектің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

ЖСН

Туған күні және жылы

Мүгедектікті белгілеу күні

Мүгедектікті белгілеу туралы медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының №

1











2











3











      Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамды соттың әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп тануы жөнінде деректердің болмауы туралы мәліметтер****

Р/с


Мүгедектің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Құжатты берген органның атауы

Анықтама №

Анықтама күні

1











2











3











      Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамның психикалық денсаулық орталығында есепте тұруы жөнінде деректердің болмауы туралы мәліметтер*****

Р/с


Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Құжатты берген органның аты

Анықтама №

Анықтама күні

1











      Банк деректемелері******:

      Банктің атауы ____________

      Банк шотының № _________

      Шоттың типі: ағымдағы ________

      ЕДБ деректемелері:

      Банктік сәйкестендіру коды __________ Жеке сәйкестендіру коды _______________

      Бизнес сәйкестендіру коды ____________

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      Телефон ______________ ұялы ______________

      Электрондық мекен-жай _______________________

      *Өтініш беруші және бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адам бойынша мәліметтер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ЭЦҚ-сымен расталады.

      **Қамқоршы бойынша мәліметтер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ЭЦҚ-сымен расталады

      ***Мүгедектік белгілеу туралы мәліметтер Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорымен расталады

      ****Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамды соттың әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп тануы жөнінде деректердің болмауы туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ЭЦҚ-сымен расталады.

      *****Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асырушы ретінде

      айқындалған адамның психикалық денсаулық орталығында есепте тұруы туралы деректердің болмауы жөніндегі мәліметтер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ЭЦҚ-сымен расталады.

      ******Өтініш берушінің банк деректемелерін ЕДБ (ЕДБ ЭЦҚ-сымен) растайды

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ________________________________________________________________________

      Ұсынылған деректердің дәйектілігі үшін жауапкершілікте боламын.

      Төленетін жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне/тоқтатылуына әкелетін барлық өзгерістер, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету), анкеталық деректердің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.

      Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді аударуға арналған жеке банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жүгінуіне жол берілмейтіні туралы хабардар етілдім.

      Өтініш берушінің ЭЦҚ-сы ___________________________________________________

      Өтінішке қол қойылған күн және уақыт: ._____ жылғы "___" ___________ _____ сағат ___ минут ___ секунд.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЕДБ - екінші деңгейдегі банктер;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЭЦҚ - электрондық цифрлық қолтаңба.



 

"Бала кезінен бірінші топтағы
мүгедектің күтіміне байланысты
жәрдемақы тағайындау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан

      ________________________________________________

      (жәрдемақының түрін көрсету)

      тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы № ______ қолхат

      20__ жылғы "___" _____________

      Азамат (ша) _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күні ____ жылғы "___" ____________

      Қамқоршы ______________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Жүгінген күні 20___ жылғы "___" _____________

      Құжаттардың толық топтамасын, төлем тағайындау үшін талап етілетін ақпараттық

      жүйелерден алынатын мәліметтерді ұсынбау, және (немесе) қолданылу мерзімі өткен

      құжаттарды ұсыну, төлемге құқығының болмауы себебінен тағайындауға өтінішті

      қабылдаудан бас тартылды.

      ________________________________________________________________________________

      (жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)



 

"Бала кезінен бірінші
топтағы мүгедектің күтіміне
байланысты жәрдемақы
тағайындау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша
Нысан

________________________________________________ (жәрдемақының түрін көрсету) өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      20___ жылғы "___" _____________

      Азамат (ша) _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күні ____ жылғы "___" ____________

      Жүгінген күні 20___ жылғы "___" ____________

      Уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен жәрдемақы тағайындау, төлеу немесе

      өтініш беру фактісі расталды

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)


 

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына
36-қосымша

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Бұйрық стандартпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Бұл ретте өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар бойынша - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы;

      2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы мынадай:

      мерзiмсiз бірінші, екінші топтағы мүгедектер;

      Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

      зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған азаматтың отбасы мүшесі, зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған азаматты жерлеуді жүзеге асырушы адамдар;

      қайтыс болған азаматтың зейнетақы жинақтарының мұрагерлері болып табылатын адамдар бойынша жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларының 19-тармағының екінші бөлігінде айқындалған шарттарды есепке ала отырып - Мемлекеттік корпорацияда құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      зейнетақы жарналары бар қайтыс болған азаматтың отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырушы адамдарға - көрсетілетін қызметті беруші құжаттар қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде;

      егер мүгедектігі мерзімсіз белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткендерге, қайтыс болған азаматтың зейнетақы жарналарының мұрагерлеріне - көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаған немесе түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде.

      2) Мемлекеттік корпорацияда, көрсетілетін қызметті берушіде құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;

      3) Мемлекеттік корпорацияда, көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Мемлекеттік корпорацияда тіркелген өтініштер бойынша, сондай-ақ егер мүгедектігі мерзімсіз белгіленсе бірінші және екінші топтағы мүгедектер болып табылатын адамдардың көрсетілетін қызметті беруші тіркеген өтініштері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіні өтініште көрсетілген (бар болса) көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефон нөміріне жасына байланысты алғашқы зейнетақы төлемін жүзеге асыру туралы sms-хабар жіберу арқылы хабардар етеді.

      Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған азаматтың отбасы мүшелері немесе жерлеуді жүзеге асырушы адамдар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен адамдарға, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының мұрагерлері болып табылатын өтініштері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіні өтініште көрсетілген (бар болса) ұялы телефон нөміріне sms-хабар жіберу арқылы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру туралы хабардар етеді.

      7. Мемлекеттік қызмет міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын алуға құқығы бар жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау электрондық кезек тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті броньдау www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.

      Қабылдау электрондық кезек тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жеріне қарамастан, жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алу мақсатында:

      1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      3) көрсетілетін қызметті алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді ұсынады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған, көрсетілетін қызметті берушіде алушының зейнетақы жинақтары болмаған жағдайларда не ол белгіленген кесте бойынша алушы болып табылса, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді, не бас тарту себебін көрсете отырып, осы Стандартта көзделген құжаттарды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлама жолдау арқылы өтінішті орындаудан бастартады.

      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушы өзі жүгінген кезде:

      1) егер мүгедектігі мерзімсіз белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектер болып табылатын көрсетілетін қызметті алушылар мынадай құжаттарды ұсынады:

      көрсетілетін қызметті берушінің ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш);

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      көрсетілетін қызметті алушының банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы арқылы жүгінген кезде алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтініш беріледі.

      Көрсетілген қызметті алушының көрсетілетін қызмет берушінің интернет-ресурсы арқылы жүгіну тәртібі қызмет берушінің ішкі құжатымен бекітіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мүгедектікті белгілеу туралы мәліметтерді мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорынан сұратады.

      Көрсетілетін қызметті алушыда мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігінің болуы туралы мәліметтердің растамасы болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні көрсетілетін қызметті берушінің ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша бас тарту себебін көрсете отырып, құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріп, өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мынадай құжаттарды ұсынады:

      өтініш;

      шетелдік паспорттың көшірмесі және егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

      көрсетілетін қызметті алушының банк шотының нөмірі туралы мәліметтер;

      3) зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған азаматтардың отбасы мүшелері немесе жерлеуді жүзеге асырушы адамдар болып табылатын көрсетілетін қызметті алушылар мынадай құжаттарды ұсынады:

      өтініш;

      зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің немесе жерлеуді жүзеге асырушы адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

      зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

      зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің немесе жерлеуді жүзеге асырушы адамның банк шоты туралы мәліметтер;

      4) қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының мұрагері болып табылатын көрсетілетін қызметті алушылар мынадай құжаттарды ұсынады:

      өтініш;

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

      зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі нотариат куәландырған;

      мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;

      көрсетілетін қызметті алушының банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге үшінші тұлға немесе заңды өкілі арқылы жүгінген кезде осы Стандарттың 9-тармағында немесе 11-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға қосымша үшінші тұлға немесе заңды өкілі мыналарды:

      1) үшінші тұлғаның немесе заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын;

      2) нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін не заңды өкілдің статусын растайтын құжатты ұсынады.

      Бұл ретте көрсетілген қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін нотариат куәландырады (нотариатпен куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілген жағдайда).

      13. Көрсетілген қызметті алушы көрсетілген қызметті берушіге пошта байланысының құралдары арқылы жүгінген кезде осы Станадарттың 11-тармағы 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының өтініштегі қолтаңбасын нотариат куәланыдырады (нотариат куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілген жағдайда).

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      14. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлік, Мемлекеттік корпорация басшысының атына шағым беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпарация немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Қызметкер дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі. Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      15. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      15. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің - www.enpf.kz;

      2) Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;

      3) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.


 

"Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорындағы міндетті
зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіби зейнетақы жарналары
есебінен қалыптасқан зейнетақы
жинақтарынан зейнетақы
төлемдерін жүзеге асыру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан

      Аудан коды ________________________

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің

      _____________________ облысы (қаласы) бойынша департаменті

      "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі - БЖЗҚ)


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау