Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы



жүктеу 335,39 Kb.
Pdf просмотр
бет1/15
Дата15.01.2020
өлшемі335,39 Kb.
#26660
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


 

"Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын 

бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 

министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар 

енгізу туралы 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 4 

шілдедегі № 190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 18 

тамызда № 15508 болып тіркелді

 

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан 



Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

 

      1. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын 



бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 

2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік 

тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 

жылғы 10 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

 

 

       1-тармақта:



 

 

       12) және 14) тармақшалар алынып тасталсын;



 

 

       28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 



 

       "28) "осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес "Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 

белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру;";

 

      мынадай мазмұндағы 34), 35), 36) тармақшалармен толықтырылсын:



 

      "34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу";

 

       35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес "Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген 



адамдарды тіркеу"; 

 

       36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес "Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты 



енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының 

сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі"."; 

 

       көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін 



тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында: 

 

 



       2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және 



халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.";

 

       9-тармақтың 3), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:



 

      "3) екінші деңгейдегі банктерде, тиісті банк операцияларының түрлерін реттеу және 

қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар 

ұйымдарда, "Қазпочта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшесінде банк шотының нөмірі 

туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы 

мәліметтер;

 

      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан 



бойынша жеке тұлғаға төленген және міндетті зейнетақы жарналары табысынан жүзеге 

асырылған табыс сомалары туралы анықтама немесе мемлекеттік кірістер органы берген дара 

кәсіпкерлердің, адвокаттардың, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және 

кәсіби медиаторлардың табыстары туралы анықтама (бар болса).

 



      Ұйым (кәсіпорын) таратылған жағдайда табыс туралы мәліметтер көрсетілген архивтік 

анықтама ұсынылады.

 

      "Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген адамдар Ресей 



Федерациясының валютасында төленген табыстары туралы жұмыс берушінің анықтамасын (бар 

болса) ұсынады;"

 

      5) өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар:



 

      еңбек кітапшасы;

 

      еңбек кітапшасы болмаған немесе жарамсыз болған, еңбек кітапшасында тиісті 



жазбалар болмаған, түзетулер, дәлсіздіктер, әртүрлі оқулар болған кезде архив 

мекемелерiнен немесе жұмыс орнынан анықтамалар;

 

      Болуына қарай мынадай құжаттар ұсынылады:



 

      білімі туралы құжат;

 

      әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;



 

      балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген 

туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы 

анықтама).

 

       "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі 



Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақталуы 

туралы анықтама;

 

      әскери ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы;



 

      бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызбасты мүгедекке және бөгде адамның 

көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он алты 

жасқа дейінгі мүгедекке күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың 

шешімі;

 

      бұрынғы кеңестiк мекемелер, Қазақстан Республикасы мекемелері, халықаралық ұйым 



қызметкерi жұбайының (зайыбының) шетелде тұрғанын растайтын құжат;

 

      әскери қызметшiнiң, арнаулы мемлекеттік орган қызметкері жұбайының (зайыбының) 



жұмысқа орналасу мүмкiндiгi жоқ жерлерде тұрғанын растайтын құжат.

 

       Жұмыс істемейтін ананың жас балаларға күтім көрсеткенін растау үшін мына 



құжаттардың біреуі (болуына қарай) ұсынылады: 

 

      балалардың жеке басын куәландыратын құжат;



 

      балалардың неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не 

некені бұзу туралы куәлігі немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (тегін 

өзгерткен кезде);

 

      балалардың орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;



 

      орта-кәсіптік немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не балалардың 

оқығанын растайтын оқу орнының анықтамасы;

 

      балалардың тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;



 

      балалардың қайтыс болуы туралы куәлік (немесе азаматтық хал актілерін жазу 

органдары берген қайтыс болуы туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актісін тіркеу 

туралы анықтама);";

 

 

       14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:



 

      "14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

 

      1) Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін 



қызметтер" бөлімінде;

 

      2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.";



 

 

       1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;



 

       осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын;

 



жүктеу 335,39 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау