4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3)
тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді
қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дүйсенова
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
__________________ Д. Абаев
2017 жылғы 21 шілде
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 18 шілде
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2017 жылғы 4 шілдедегі
№ 190 бұйрығына
18-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына
28-қосымша
"Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға жолдамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға
жолдамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін
қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік
мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге
асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 30
минут; порталға жүгінген кезде – 1 (бір) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар
топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет
көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған)
және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – адамдарға жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру, ол мыналарды қамтиды:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жұмысқа
орналасуға жолдама;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жастар
практикасына жолдама;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес әлеуметтік
жұмыс орындарына жолдама;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес қоғамдық
жұмыстарға жолдама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында
көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді
жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және
(немесе) қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы)
тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына
сәйкес сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 08.30, 9.00-
ден 18.00, 18.30-ға дейін;
өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден
14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек
тәртібінде көрсетіледі.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді
қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін,
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген
жағдайда құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі
жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге
қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
жастар практикасына жолдама алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
өтініш;
әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
өтініш;
қоғамдық жұмыстарға жолдама алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
өтініш;
порталда: