Социологиялық зерттеу - методологиялық, методикалық және ұйымдастырмалы – техникалық процедуралардың логикалық жалғастырмалы жүйесі, бір-бірімен ортақ мақсатпен байланысты: зерттеу құбылысы немесе үрдісі жөнінде мәлімет алу және оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану.
Социологиялық зерттеу төрт өзара байланысқан кезеңнен тұрады:
- зерттеуге дайындық;
- бастапқы ақпаратты жинақтау;
- жиналған ақпаратты өңдеу және ЭВМда өңдеуге дайындау;
- өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша, есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау.
Барлау зерттеу – социологиялық зертеулердің ең қарапайым түрі. Ол шағын зерттеу жиынтығын қамтиды және қарапайым бағдарлама мен көлемі қысылған инструментарийге негізделеді. Барлау зерттеу терең және көлемді зерттеудің алдын ала сатысы ретінде қолданылуы мүмкін (егер қиындық аз немесе мүлде зерттелмеген жағдайда). Бастапқы ақпарат жинаудың ең қарапайым әдісі қолданылады (әдейі әдебиеттің анализі, эксперттерді сұрау).
Суреттеу зерттеу. Мақсаты мен міндеті бойынша, ол зерттеу құбылысы және оның құрылымдық кезеңдері жөнінде біршама тұтас түсінік беретін эмпирикалық мағлұматтарды алуды көздейді. Толық өңделген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Суреттеу зерттеу түрі талдау объектісі - үлкен адамдар қауымдастығы (қала, аудан, облыс, аумақ халқы) болған кезде қолданылады.
Аналитикалық зерттеу – зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін бейнелеуді ғана мақсат қоймайды, сондай–ақ тәжірибелік құндылығы жоғары болып келетін негізінің себептерін айқындауға бағытталған, социологиялық зерттеудің тереңдетілген түрі болып табылады. Аналитикалық зерттеу дайындығы біршама уақыт талап ететін, мұқият құрастырылған бағдарлама мен инстументарийды талап етеді. Зерттеу объекті жөнінде көрініс алу үшін, барлау және бейнелеу зерттеу түрлерін қолданады.
Қолданылған әдістер негізінде бұл зерттеу жиынтық сипатқа ие болады. (зерттеудің әртүрлі әдістері қолданылады)
Социологиялық зерттеу түрін таңдаудан кейін, социологиялық зерттеу бағдарламасын құрастыруға көшеді. Бұл құжаттың ғылыми негізделу дәрежесінен жүргізілген социологиялық зерттеудің сапалық деңгейі айқындалады.
Социологиялық зерттеу бағдарламасы – ғылыми құжат, әдістемелік тәсілдердің жан-жақты теоретикалық негізделуін және барлық бөлімдері бір тұтасқа біріккен, әлеуметтік үрдіс немесе құбылысты зерттеуде әдістемелік амалдарды қолданудан тұрады.
Зерттеу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады – әдістемелік және әдістік. Әдістемелік бөлім мәселенің негізделуі мен тұжырымдауын, зерттеу мақсаты мен міндетін суреттеу, зерттеудің обьекті мен пәнін анықтау, негізгі ұғымдардың логикалық талдауын жасау, жұмыс гипотезаларын тұжырымдаудан тұрады. Бағдарламаның әдістік бөліміне зерттеу жиынтығын анықтау (сұрыптау), бастапқы ақпарат жинауда қолданылған әдістерге сипаттама беру, ақпарат жинаудағы инструментариялардың логикалық құрылымы, логикалық кестелер және оның ЭВМ-да өңдеу элементтері кіреді.
Бағдарлама жұмыс жоспарымен толықтырылады. Онда жұмыс кезеңдері, зерттеуді жүргізу уақыты, ғылыми, ұйымдастыру және қаржы шығындарының көлемі реттеледі.
Тәжірибенің белгілеуі бойынша, бағдарламаны құрастыруға зерттеуді жүргізуге қарағанда көп уақыт қажеттілігін белгіледі. Мұқият құрастырылған социологиялық зерттеу бағдарламасы оның жоғары ғылыми дәрежеде іске асыруының кепілдеме шартының бірі есептеледі. Бағдарламаның негізгі элементтері ұсынылатын оқулықтарда (4,5,6) жеке-жеке қарастырылатындықтан, ерекше назар талап ететін, бағдарлама бөліктерінің сипаттамасына тоқталайық.
3.1 Зерттеудің мәселесінің тұжырымдалуы мен негізделуі
Нақты социологиялық зерттеуді өткізудің себебіне әлеуметтік өмірдің қарама-қайшылығы болып табылады. Осылай, мысалы тұлға дамуының қажетті деңгейі мен оқу орын түлектерінің жалпы дамуының шын деңгейі арасында қайшылықтар әлеуметтік мәселені құрайды.
Объективті қарама-қайшылықтың сипаты, әлеуметтік мәселенің негізінде жататын, зерттеу түрін айқындайды. (оның теоретикалық немесе қолданбалы бағытын)
Әдетте, эмпирикалық социологиялық зерттеу аралас болып табылады: ол тек тәжірибелік ғана емес, сондай-ақ ғылыми мәселелерді шешеді.
Мәселелік әлеуметтік жағдай ғылыми мәселеде нақты бейнеленеді, онда ол қоғам сұранысы мен білімі арасындағы қарама-қайшылық ретінде және оны белгілі әрекеттер негізінде ұйымдастыруда іске асырудың жолдарын мен амалдарын білмеуден тұрады.
Егер әлеуметтік мәселені белгілі құралдармен шешуге болса, онда бұл тәжірибелік мәселе болып табылады. Ғылыми мәселелерді шешудің ерекшелігіне жаңа білім алу, сондай-ақ мәселенің тәжірибе аспектісін ғылымимен ұштастыру жатады.
Зерттеу мәселесін тұжырымдау үрдісінде едәуір толық және айқынды көрініс алуға тырысады. Шын әлеуметтік жағдайды көрсетпейтін немесе бұрын шешілеген қиындықтарды алға мақсат етіп қоюдан бас тарту керек.
Кең жоспарлы мәселелерді қоюдан да бас тартқан жөн, себебі бір зерттеу шеңберінде бірнеше мәселерді шешу мақсатсыз болып келеді.
3.2 Зерттеу мақсаттарын белгілеу
Социологиялық зерттеудің мақсаты айрықша оның бағытын – теоретикалық немесе қолданбалы белгілейді. Зерттеу бағдарламасы қандай мәселені шешу үшін және берілген зерттеу қандай нәтижеге бағытталады деген нақты сұраққа жауап беру керек.
Мақсат пен гипотезаларға сай зерттеу міндеттері айқындалады, олар негізгі және негізгі емеске бөлінеді.
Негізгі зерттеу міндеттері орталық сұраққа жауап ретінде зерттеу мәселелерін шешудің құралдары мен жолдары қандай деген ізденісінен тұрады.
Негізгі емес міндеттер зерттеу мәселесіне тікелей қатысы жоқ, қосымша гипотезаларды тексеру үшін қойылады. Негізгі емес міндеттер жаңа бағдарлама бойынша, жаңа зерттеу дайындауға көмек көрсете алады.
3.3 Зерттеу объекті мен пәнін белгілеу
Социологиялық зерттеудің объектісіне кең мағынада әлеуметтік үрдіс немесе әлеуметтік шындық саласы, немесе әлеуметтік қарама-қайшылықтан тұратын, қандай да бір қоғамдық қатынастар жатады.
Тар мағынада социологиялық зерттеу объектісіне қандай да бір әлеуметтік мәселенің, яғни адамдар қауымдастығының және олардың әрекетінің белгілі қасиеті болып табылады.
Зерттеу объектісін суреттеу барысында келесі сипаттамаларды ескеру қажет: кәсіптік ерекшелігі, кеңістік шектеулігі (ауыл, қала), функционалды бағыттылығы (өндірістік, тұрмыстық, саяси және т.б.), уақытша шекаралары (зерттеу жүргізу мерзімін белгілейді).
Социологиялық зерттеудің кезеңдері өндірістік циклдарға байланысты белгіленеді(жұмыс күні, жұмыс сменасы).
Зерттеу пәні зерттеу мәселелерін едәуір толық айқындайтын, объект қасиеттері мен жақтарынан тұрады.
3.4 Түсініктердің интерпретациясы мен операционализациясы
Бағдарламаның бұл бөлімінде түсініктердің операционализациясы мен интерпретация процедуралардың көмегімен социологиялық зерттеудің теоретикалық концепциясы бастапқы ақпарат жинаудың инструментарийне айналады.
Социологиялық талдау пәнінің мәнін ашуға зерттеу мәселесінің теоретикалық түсінуіне қызмет ететін, бірқатар шешуші түсініктер мен категориялар қолданады.
Қолданылған негізгі түсініктердің мағынасын ашу интерпретациялау деп аталады. Түсініктің мазмұны толық ашылды деп айтуға болады, тек сол жағдайда, егер оның интерпретациясы екі бағытта жүреді: берілген ұғымды басқа ұғымдармен салыстыру (түсініктердің теоретикалық интерпретациясы) мен оны берілген бақылау мен экспериментімен салыстыру (түсініктердің эмпирикалық интерпретациясы).
Көбінесе негізгі түсініктер басқа жеке түсініктерден құралады. Осылай, «Өңдірістік ереже жағдайы» негізгі түсінігі бірнеше түсініктерден тұрады: « еңбек ереже жағдайы», «технологиялық ереже жағдайы», өз арада «еңбек ереже жағдайы» түсінігі жоспарлы тапсырмалар мен орындау нормаларын атқаруды; ішкі еңбек тәртібінің ережелерін орындау; жұмыс уақытының қолдану режимін, жетекшілердің бұйрығын орындау және т.б. білдіреді.
Осыған байланысты, басты түсініктердің интерпретациясы оның құрушылардың ажыратылуын белгілейді. Негізгі түсініктерді интерпретациялауын жалғастыру және бөлшектендіру операционализация түсінігі деп аталады. Ол негізгі түсініктерді сипаттайтын, жеке түсініктердің ізденісін іске асырады.
3.5 Зерттеу гипотезаларын тұжырымдау
Зерттеудің жалпы бағыты тұжырымдалған гипотезалармен белгілену керек.
Гипотеза - бұл ғылыми ұсыныс, қандай да бір фактілерді, құбылыс пен үрдістерді түсіндіруге, оларды мойындау немесе жоққа шығарудан тұрады.
Ғылыми гипотеза, тек зерттеу объектісін алдын ала талдау нәтижесінде ғана тұжырымдалуы мүмкін болады.
Ғылыми негізделген гипотеза бірқатар талаптарға жауап беру керек:
1) әлеуметтік үрдістердің ғылыми танымының теоретико-әдістемелік негізі болатын, жалпы социологиялық қағида принциптеріне сай келу керек;
2) әлеуметтік фактілерді түсіндіретін гипотезалар, бірқатар салаларда ақиқаттылығы берілген салада дәлелденген қағидаларға қарама-қайшы келмеу керек. Бірақ жаңа қағидалар ескі қағидаларға қарама-қайшы келуі мүмкін.
Гипотезалардың дәйектігін өсіру үшін, келесі ережелерді жетекшілікке алу жөн: өзара байланысты гипотезалардың мүмкін біршама көп санын қоюға ұмтылу және әр гипотеза үшін мүмкін эмпирикалық көрсеткіштерді белгілеуге тырысу керек. Әлеуметтік объекті зерттеуде бейнелеу және түсіндірмелі гипотезаларды ажыратады.
Бейнелеу - бұл зерттеу объектінің құрылымдық және функционалдық байланыстары жөнінде ұсыныстар. Олар әлеуметтік объектінің классификациялық сипаттамаларына жатқызыла алады.
Түсіндірмелі гипотезалар - зерттеу объектісінің себеп-салдар байланыстары жөнінде ұсыныстарды белгілейді.
Маңызы мен сипаты бойынша гипотезалар негізгі және қосымша болып ажыратылады.
3.6 Зерттеу жиынтығын анықтау
Зерттеу объектісі 500 не одан жоғары болса, сұрыптау әдісі қолданылады.
Сұрыптау әдісі зерттеу объектісінің минимумын зерттеу барысында, генералды жиынтық жөнінде көріністі толық қалыптастыру.
Көптеген әлеуметтік үрдістер социологиялық зерттеу бағдарламасымен белгіленген шеңберінің пәні болып табылады және өзінің территориалдық уақыт шекаралары бойынша, генералды жиынтықты құрайды. Әрбір зерттеу жиынтығын белгілі қасиет сипаттайды, оның мәңі бойынша, берілген объекттің генералды жиынтыққа жататынын немесе жатпайтынын үнемі белгілеуге болады. Осылай, генералды жиынтық негізінде берілген қала тұрғындарын, кәсіпорынның өндірістік персоналын, студенттерді және т.б. қарастыруға болады. Генералды жиынтықтың берілген бөлігі бақылау объектісінің негізі ретінде айқындалатын, сұрыптау жиынтығы деп аталады. Сұрыптау жиынтығы генералды жиынтықтың микромоделі болып белгілену керек. Сұрыптау жиынтығы сапалық сипаттамалар мен бақылау қасиеттері негізінде зерттеледі және генералды жиынтық құрылымымен сай келу керек. Сұрыптау жиынтығының элементтеріне байқау бірлігі жатады.
Негізгі элементтерін сұрыптау үрдісінде үнемі бақылау бірлігі, яғни, зерттелетіндер болып табылмайды. Басында кәсіпорын, мекеме, кейін мектеп, отбасы таңдалады. Әр кезеңде белгілі жоспар бойынша, таңдалынатын элементтер (кәсіпорын, респонденттер тобы) сұрыптау бірлігі деп аталады.
Генералды жиынтыққа толық, айқын сипаттама беретін, сұрыптау қасиеті репрезентативтілік деп аталады. Сұрыптаудың негізгі принципіне барлық генералды жиынтық элементтеріне сұрыптауға түсу тең шарттармен қамтамасыз ету. Сұрыптау негізі – бұл генералды жиынтық элементтерінің тізбегі. Негізіне меке қызметкерлерінің алфавиттік тізімі, пропуск номерлері және т.б. қызмет ете алады. Сұрыптау түрі:
1) қарапайым кездейсоқ – барлық элементтері белгілі, біртүбірлі жиынтықтан тұрады және кездейсоқ сандар кестесі көмегімен сұрыптау таңдау бірлігімен іске асырылады
2) жүйелік сұрыптау;
3) ұялы;
4) стратификациялық;
5) көпсатылы;
6) квоталық.
Бағдарламаның әдістемелік бөлімінде қолданылған әдістердің сипаттамасы және бастапқы социологиялық ақпарат жинақтау тәсілдері, қолданылған инстументарийдың логикалық құрылымы, зерттеу пәнінің сипаттамасы кіреді. Инстументарий өзіндік құжат ретінде бағдарламаға тіркеледі.
3.7 Зерттеудің жұмыс жоспары
Социологиялық зерттеу жоспарының құрылымдық компоненттері бұл оның кезеңдері және түрі мен формасы бойынша әртүрлі ғылыми зерттеулік және ұйымдастыру техникалық процедуралар мен операциялар болып табылады. Бұлардың бәрі жоспардың 4 блогында құрылымданады.
Бірінші блок. Зерттеудің инструментарий мен бағдарламасы бекітіледі және талқыланады; алғашқы социологиялық ақпаратты жинау тобын құрастыру мен дайындау; сыналатын зерттеу жүргізу; сыналатын зерттеу қорытындылары бойынша бағдарламаға түзетулер енгізу; инструментарийды көбейту; смета дайындау және зерттеу шығынын есптеу.
Екінші блок. Зерттеуді жүргізу, социологиялық ақпаратты жинақтау. Сұраудың уақыты мен орны құрастырылады, социологиялық зерттеудің мақсаты мен міндеті жөнінде сұрастырушылардан алдын ала сұрастыру.
Үшінші блок. Алғашқы ақпаратты ЭВМда өңдеу дайындығымен байланысты операциялар жиынтығын қамтиды.
Төртінші блок. Өңделген нәтижелерді талдау, тәжірибелік ұсыныстарды құрастыру мен есеп дайындау.
Социологияның зерттеу әдістері:
1) сұрау әдісі. Өзара әрекет сипаты бойынша, сұрау жазбалы (анкета) және ауызша (интервью) болып ажыратылады. Жүргізу орны бойынша сұрау: тұратын жері, жұмыс жері, почталық және баспалық болып ажыратылады;
2) құжаттарды анализдеу;
3) бақылау әдісі;
4) эксперттік бағалау әдісі;
5) социометрия әдісі;
6) тәжірибе әдісі;
7) әлеуметтік қондырғыларды өлшеу.
Қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдарын талдауда құжаттарды талдаудың бір түрі контент-анализ кең қолданылады.
Контент-анализ – бұл құжаттардың сандық-сапалық талдауы, екі талдау бірлігін ажыратудан басталады: мазмұндық және сандық.
Контент–анализ - бұл қалыптасқан, сапалы және есептік құжаттардың талдауы, талдаудың екі бірліктерін көрсетуден басталады: мағыналық, сапалық, және есеп бірліктері.
Мағыналық бірліктер: әлеуметтік идея, әлеуметтік тақырып. Мәтінде олар әр түрлі көрсетіледі: сөзбен, сөз тіркесімен, сипаттаумен. «Стандартты» мағыналық бірліктер:
Түсінік, жеке сөзбен, термин немесе сөз тіркесімен көрсетіледі.
Тақырып, мағыналық абзац, мәтінде көрсетіледі. Тақырып мәтінде ерекше орын алады. Өйткені кез-келген мәтін, мақала болсын тақырыпсыз болмайды.
Адам аттары, географиялық атаулар, кәсіпорын атаулары.
Есеп бірліктері:
1) массалық коммуникацияда есеп бірліктері бет, абзац, белгі, мәтіндегі мөрлер бола алады;
2) мәтіндегі белгінің пайда болуы - оның мазмұндағы тұрақты бір белгімен анықталады;
3) мәтіндегі мазмұнды сипаттау.
Мазмұндық бірлік әлеуметтік ойды, әлеуметтік мазмұнды тақырыптан құра алады. Текст және оның мазмұны контент- анализде ең басты. Зерттеуші текстін фактілермен, оқиғалармен байланысын анықтайды.
Сонымен қатар социометриялық зерттеуге көп көңіл бөлінеді. Социометрия - (socins- жолдас, қызметтес, metrum- бақылау) 19 ғасырдың аяғында социопсихолог Джекоб Моренонің зерттеуімен пайда болған термин.
Социометриялік тәсіл - сұрау әдісі. Социометрияның негізгі түсінігінде: таңдау жатады - бір индивидтің ұсынысы бойынша қызмет ету, яғни басқа индивидпен.
Теріс таңдау – бір тұлғаның басқа тұлғамен бірігуінен бас тартуын көрсететін белгі.
Төмендеу - таңдаудың жоқ болуы.
Әлеуметтік критерий - сұрақ кезінде қалыптасып, жасаптары қарым-қатынас құрылысын белгілеуді көрсетеді (топ мүшесінен сіз кімді туған күнге шақырушы едіңіз? Топ мүшесінен кімді туған күнге шақырмаушы едіңіз?).
Әлеуметтік критерийлардың түрлері:
1) өндірістік;
өндірістік емес;
3) болжамдық - коллектив мүшесі арасындағы қарым-қатынасты есептейді;
4) әлеуметтік критерий - қоғамдық жұмысты таңдау.
Критерий сандары: топтағы адам саны қаншалықты аз болса, критерий соншалықты аз болады. Топтағы қарым-қатынас, сонымен қатар бір-бірін көп біліп таныса, онда критерий көп болады (7-8 критерийдан көп емес).
Әлеуметтік сұрау жүргізу кезінде әрбір сұрақ алынатын адамға әлеуметтік карточка және топ мүшесінің тізімі (топтағы тізім нөмері ) таратылады.
Әлеуметтік карточка мынадай үлгіде болады:
Критериялар
|
Тізімде көрсетілген
топ мүшелерінің нөмірін көрсету керек.
|
1
2
3
4
|
|
Сұраудың нәтижелері социоматрицаға енгізіледі.
1 кесте
Кім таңдайды
|
Кім таңдайды
|
Берілген таңдау
|
1
|
2
|
3
|
4
|
+
|
-
|
Барлығы
|
1 Иванов
|
*
|
-
|
+
|
+
|
2
|
1
|
3
|
2 Петров
|
0
|
*
|
0
|
+
|
1
|
0
|
1
|
3 Сидоров
|
+
|
-
|
*
|
+
|
2
|
1
|
3
|
4 Михайлов
|
0
|
0
|
+
|
+
|
1
|
0
|
1
|
5Таңдау нәтижелерінің саны.
|
+
|
|
|
-
|
|
|
6 Барлығы
|
|
|
|
Өзіндік таңдау қарастырылмайды, сондықтан диагональға белгі қойылады.
Социоматрицаның мазмұнын көрсетудің бір тәсілі көп түрлі социограмма болып табылады. Бір ғана қарапайым – шеңбер социограмманы көрсетейік. Мұндай жағдайда топ мүшелерінің барлығы симметрия бойынша орналасады.
Келесі белгілер нәтижелі болып табылады:
А - А топ мүшесінің оң таңдауы;
А - А топ мүшесінің теріс таңдауы;
А ------------- В - өзара оң байланыс;
А-------------- В - өзара теріс байланыс;
Социометриялық анализді жүзеге асыру үшін социометриялық сызықты қысқарту жолдарын табу керек.
1 кестеде көрсетілген социоматрица жеке, оң және теріс байланыстарды көрсеткен кезде жеңіл оқылады (1 сурет)
а) Критерийді б) Критерий бойынша
таңдаған кезінде оң теріс жағын көрсетеді.
жағын көрсетеді.
Жеке бөлінген критерияға жауап беретін бұл социометриялық индекс немесе коэффициент болып табылады. Олардың көп түрі бар, бірақ екі негізгі түрге бөлінеді. Бірінші түрі – бұл персональді социометриялық индекс. Олар жеке әлеуметтік психологиясына әсер етеді.
Мысалы, олардың біреуі «әлеуметтік мәртебе», бұл топ мүшесінің әрқайсысына әсер етеді. Олар мынадай формула бойынша шығарылады:
Сi= i топ мүшесінен алынған дауыс саны (таңдау)/ N-1, N-топ саны.
Оң және теріс мәртебе бір мезгілде есептелінеді, жалпы социометриялық мәртебе индивидінің құрастырушы бөлігі болып табылады.
С i + = i / N-1, топтағы оң таңдауды көрсеткен сандар
С i - = i / N-1, топтағы теріс таңдауды көрсеткен сандар.
Екінші түрі топ индексін сиппатайды.
Солардың бірі - өзара индексі. Ол топтың бірігуін өлшейді. Ең алдымен формула бойынша өзара оң байланыстардың саны көрінеді.
G - өзара оң байланыстардың саны / N (N - 1).
1 кестеде көрсетілген G көрсеткіші 6/12 = 0,5 тең. Бұл топ арасындағы келісімдіктің ең жоғарғы көрсеткіші.
4 Қоғамды жүйе ретінде әлеуметтік талдау
Э. Дюркгейм қоғамды ұжымдық көзқарастарға негізделген индивидуалдыдан жоғары рухани шындық ретінде қарастырды. М. Вебер бойынша, қоғам – бұл әлеуметтік, яғни басқа адамдарға бағытталған іс-әрекеттің өнімі. Американдық социолог Т. Парсонс қоғамды байланыстыратын бастауы болып нормалар мен құндылықтар табылатын адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі ретінде қарастырды.
Осылайша, қоғамды әдет–ғұрыптар, салт–дәстүрлер, заңдар күшіне сүйенетін, олардың барлық негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, адамдардың үлкен және шағын топтары мен қауымдастықтарының әлеуметтік байланыстардың, қарым-қатынастар мен өзара әрекеттердің тұрақты жүйесі ретінде және оларды ұйымдастырудың әмбебап тәсілі ретінде қарастыруға болады; қоғам өзіне-өзі жеткілікті, өзін-өзі реттейтін және өзін-өзі өндіретін жүйе болып табылады.
Қоғамды зерттеудегі жүйелік тәсілдің негізгі мақсаты - қоғам туралы түрлі ілімдерді қоғамның жалпы теориясы болатындай етіп біртұтас жүйеге біріктіру.
Жүйе – бұл өзара байланысқан және біртұтас бірлікті құрайтын белгілі бір түрде ретке келтірілген элементтер жиынтығы.
Қоғам жүйелі, себебі, оның бүкіл элементтері өзара байланысты. Бұл өзара байланыстың мәні қарапайым, бірақ сонымен қатар күрделі: адам топтары, әлеуметтік қауымдастықтар, индивидтер жүйеге ене отырып, жаңа күшке ие болады және іс-әрекеттің тиімді тәсілін меңгереді.
Әлеуметтану ғылым ретінде өзінің зерттеу пәніне қазіргі жүйелердің жалпы теориясының негізгі ережелерін енгізеді. Бұл бүтін жүйе - өзара әрекеті оны құрайтын бөліктерге, компоненттерге тән емес, жаңа интегративті қасиеттердің қалыптасуына міндетті түрде әкелетін объектілердің жиынтығы деген сөз. Жүйелік қасиет қоғамға қатысты оның міндетті түрде біртұтас болуын білдіреді.
Қоғамның жүйелік қасиеттеріне оның салыстырмалы түрде өз бетінше жеке, жалғыз қызмет ете алу қабілетін, жүйені құрайтын элементтерге тән емес жаңа интегративті қасиеттердің бар болуын жатқызуға болады.
Біртұтастылық – қоғамның жүйелендіруші қасиеті. Ол қоғамдық өндірісте жатыр: материалдық игіліктерді, идеяларды, адамның өзін өндіру. Бірақ, ең маңыздысы, әлеуметтік жүйенің негізгі элементтері болып адамдар, сондай-ақ, олардың нормалары, байланыстары және қатынастары табылатындығы. Әлеуметтік жүйенің негізінде жүйенің өзін өндіруге бағытталған іс-әрекет жатыр. Әлеуметтік жүйе деп біз қоғамның өзін түсінеміз. Әлеуметтанудың бұл деңгейін «социеталды» (лат. Societas – бұл жағдайда қауымдастық) деп атайды. Онда қоғамның өзі әрқайсысын, алайда, басқа деңгейде (әлеуметтік топ, әлеуметтік институт, тұлға) «әлеуметтік жүйе» деп атауға болатын, шағын жүйелердің жиынтығы ретінде болады.
Жүйелер не гомогенді, яғни біртекті, белгілі бір қасиеттерге ие, немесе гетерогенді, яғни, олардың субстраттарында адамдармен бірге индивидуалдыдан жоғары элементтер енетін (мысалы, экоәлеуметтік – географиялық аудан, немесе әлеуметтік – техникалық – қала, агломерация, кәсіпорын, т.б.) әртекті, гетерогенді бола алады.
Қоғамды тани отырып, социологтар ондағы біртұтастылықты көреді, ондағы шағын жүйелерді өзара әрекеттесетін элементтер ретінде қарастырады. Сонымен бірге, олар танудың басқа да маңызды ерекшелігін ескеруі керек: шағын жүйелердің әрқайсысы салыстырмалы жекелікке ие болатындықтан, әлеуметтану оны «дифференциацияланған таза» түрде қарастыруы керек.
Қоғамның негізгі ерекшелігі – ұйымдардың сабақтастығын, реттелуін және басқарылуын қамтамасыз ету.
Басқару – қоғамды реттеу мен жетілдіру мақсатымен оған қатысты ерекше іс-әрекет. Басқару келесі кезеңдерден тұрады: ақпаратты өңдеу және талдау, оны жүйелендіру, талдау және оған диагноз қою, мұның нәтижесінде болжамдар жасалады және мақсаттар анықталады. Содан соң, іс-әрекетті жоспарлау, ұйымдастыру және оны бақылау, мамандарды таңдау мен пайдалану арқылы шешімдерді қалыптастыру және оны нақтылау жүзеге асырылады. Осылайша, басқару жүйесі қалыптасады.
Қоғамды сипаттаудағы ерекше орынды «әлеуметтік институттар» алады. Әлеуметтік институттар – бұл әлеуметтік шындықтың белгілі бір салаларының ұйымдастырушылық формалары, кәсіби топтардың жалпы рөльдері. Осы арқылы бүкіл жүйенің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік институттар – бұл басқарудың белгілі бір құралдарына ие, оларды әлеуметтік функцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланатын (мысалы, білім беру институты) мекемелердегі тұлғалар жиынтығы.
Әлеуметтік институтты біздің түсінуімізге батыс социологтарының анықтамалары қайшы келмейді. Әлеуметтік институттың социологиялық сипаттамасы американдық А. және Дж. Теодорсондардың «Қазіргі социологиялық сөздігінде» берілген. Онда ол маңызды әлеуметтік қажеттіліктер мен функцияларды қамтамасыз ету үшін қалыптастырылған және қызмет ететін әлеуметтік рөльдер мен нормалардың өзара байланысты жүйесі ретінде қарастырылады.
Әлеуметтану бойынша ағылшын сөздігінде «институт» термині әлеуметтік нормалар арқылы тұрақты қайталанатын және санкцияланатын әлеуметтік тәжірибені бейнелеу үшін пайдаланатындығы аталып өтілген. Ол әлеуметтік құрылымда маңызды орынға ие болады.
Авторлар негізінен 5 маңызды институционалды кешенді бөледі:
1) құндылықтар мен қызметтерді өндіру және бөлуге бағытталған экономикалық институттар;
2) олардың пайдалануын реттейтін және билікпен байланысты саяси инстиуттар;
3) позициялар мен ресурстардың бөлінуін қамтамасыз ететін стратификациялық институттар;
4) неке, отбасы мен жастардың әлеуметтенуіне байланысты туыстық институттары;
5) діни, ғылыми және шығармашылық іс-әрекетке байланысты мәдени институттар.
Әлеуметтік институттардың әртүрлісіне қарамастан, олар ортақ типологиялық сипаттарға және ең алдымен іс-әрекетінің мақсатына ие. Мақсатты әлеуметтік институттар атқаратын функциялар анықтайды. Институттар монофункционалды (яғни 1 функция атқаратын) және полифункционалды (яғни бірқатар негізгі және негізгі емес) болуы мүмкін. Институттың қоғамдық ортамен өзара қарым-қатынасының негізі болып оның негізгі функциясының – нақты әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін барлық жағдай туғызуды жүзеге асыру табылады.
Әлеуметтану үшін ғылым ретінде әлеуметтік қажеттіліктер институттың іс-әрекетінде бейнеленбейтін, яғни институт қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес келмейтін жағдайды талдау маңызды.
Әлеуметтану пайда болатын қарама-қайшылықтың бастауларын, көріну формаларын және оларды шешу жолдарын табады.
Әлеуметтік уақыт. Қоғамның жүйелілігінің социологиялық концепциясы әлеуметтік уақыт пен әлеуметтік кеңістік туралы ілімдерді қамтиды. Әлеуметтік уақыт біздің оны елестетуіміз бен басымыздан кешуімізге тәуелсіз жүзеге асатын, кез-келген қоғамдық жүйенің нақты қозғалысының формасы болып табылады. Социологтың назарындағы негізгісі - әлеуметтік уақытты тасымалдаушылар болады: индивид, әлеуметтік қауымдастықтар, біртұтас қоғам. Уақыт – қозғалыстың сандық болмысы, оның саны. Бірақ қоғамда ол іс-әрекет түрінде болады. Бұл құбылыстың ұзақтығы, затты жасаудағы сағат саны, өмір ұзақтығы. Сонымен, уақыт болмыстың сапалық жағын да білдіреді, яғни қоғамдық процесстің мазмұнын (бәсеңдеу, жылдамдық, жоғарылау, құлдырау, регресс, прогресс).
Уақытты социологиялық зерттеудің негізгі категориялары болып уақыт бюджеті, уақыт балансы, уақыт шығыны, уақыт көрсеткіштері, т.б. табылады.
Уақыт бюджеттерін социологиялық зерттеудің пәні – бұл уақыт көрсеткіштерімен бейнеленетін адамдардың өмірлік әрекетінің әлеуметтік заңдылықтарын зерттеу, түрлі әлеуметтік топтардағы уақытты үлестіру тенденциялары мен заңдылықтарын анықтау.
Әлеуметтік дүниені кеңістіктік деп атауға болады, себебі, ол орта мен қоғамдық субъектінің өзара әрекет ету облысы болып табылады. Адам үшін кеңістік ең алдымен географиялық, табиғи орта болады. Сондықтан ол белгілі бір мағынада бүкіл адамзат эволюциясының негізгі себебі. Кеңістік туралы объективті әлеуметтік шындық ретінде де, адамдардың кеңістіктік құрылымды белгілеуінің, яғни байланыстарды орнату, коммуникациялар жасау, әлеуметтік-психологиялық қауымдастықтарға бірігу, баспана тұрғызу, бір сөзбен айтқанда, өмірлік ортаны қалыптастырудың субъективті мүмкіндігі ретінде де айтуға болады.
Сонымен, әлеуметтік кеңістік – бұл, қазіргі кезде табиғаттың игерілген бөлігіне айналған, адамдардың өмір сүру ортасына, олардың іс-әрекетінің кеңістіктік-территориялық ареалына айналған, қоғамның табиғи ортасы кеңістігі, «адамдандырылған» табиғат кеңістігі.
Социологиялық талдау үшін маңызды болып әлеуметтік кеңістіктің қашықтық, әлеуметтік дистанция сияқты көрсеткіші табылады. Бұл көрсеткішті ғылыми айналымға американ социологы және психологы Дж. Морено және американ социологы Э. Богардус енгізген. Әлеуметтік дистанция – бұл физикалық мағынадағы «қашықтық» емес, индивидтер, топтар және басқа да қауымдастықтардың жақындығы дәрежесі, олардың байланыстарының «тығыздығы», сондай-ақ, әлеуметтік дистанция – бұл психологиялық өзара қатынас (өзара түсіністік, симпатия, антипатия, т.б.). Социологтар «барланған жақындық» метафорасын пайдаланады, оның мәні – егер жақындықтың белгілі бір көлемі болмаса, әлеуметтік шындық та болмайтындығында. Мореноның пікірінше, қоғамда ерекше фактор - әлеуметтік өзара қатынас, «теле», сезімнің қарапайым бірлігі өмір сүреді, ол бір адамнан екінші адамға беріліп қана қоймай, олардың қарым-қатынастылығын да анықтайды. Егер метафораны тағы да қолдансақ ол – «әлеуметтік алаң» болады.
Сонымен, қоғам жүйелі. Социологиялық талдау үшін маңызды қоғамның жүйелілік белгілерін бөледі: біртұтастылық (бұл ішкі қасиет қоғамдық өндіріспен сәйкес келеді); тұрақтылық (әлеуметтік өзара әрекеттердің ритмі мен режимінің салыстырмалы тұрақты өндірісі); динамизм (буындардың ауысуы, қоғамдық субстраттың өзгеруі, сабақтастық, бәсеңдеу, қарқындылық); ашықтық (әлеуметтік жүйе өзін табиғатпен зат алмасудың арқасында сақтайды, ол қоршаған ортамен тепе-теңдік негізінде және сыртқы ортадан заттар мен қуаттың қажетті мөлшерін алу арқылы жүзеге асырылады); өзін-өзі дамыту (оның көзі өз ішінде, бұл - әлеуметтік қауымдастықтар мүддесіне және стимулдарына сүйенетін өндіріс, үлестіру, пайдалану); әлеуметтік болмыстың кеңістіктік-уақыттық формалары мен тәсілдері (адамдардың көпшілігі ортақ іс-әрекетпен, мақсаттармен, қажеттіліктермен, өмір нормаларымен біріктірілген. Бірақ уақыт зымырап өтіп жатыр, буындар ауысуда, және әрбір жаңалылық өмірдің қалыптасқан формасын табады, оларды қайта жаңғыртады және өзгертеді).
Қоғамның ерекше белгісі – оның автономиялылығы және өзін - өзі реттеудің жоғары деңгейінің болуы. Қоғамның автономиялылығы оның көпфункционалдылығы арқасында, яғни индивитдтердің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті жағдай туғыза алуы және олардың өзін-өзі бекітуі мен жүзеге асыруына мүмкіншілік туғызу арқылы жүзеге асырылады.
Қоғамның автономиялығы мен өз-өзіне жеткіліктігі сыртқы ұйымдастыру импульстарының болмауына байланысты. Қоғам өзінің ішінде пайда болатын және қалыптасатын институттар және ұйымдармен, нормалар, яғни принциптер негізінде реттеледі және басқарылады. Өзін-өзі реттеу – оның мөлшеріне қарамастан өзінше жекелілігін іске асыра алатын қоғамның маңызды қасиеті.
Қоғамды қарастыруда ең маңызды аналитикалық тәсілдердің бірі – детерменизм, яғни қоғамның жалпы бейнесін көрсететін оның негізін анықтау.
Қоғам әлеуметтік байланыстардың тәртіпке келтірілуі мен нығаюы арқасында және осы байланыстарды қолдайтын және дамытатын ерекше институттар мен нормалар туғанда пайда болады. Қоғам туралы ғылымның басты мақсаты – өз бетінше, автономды шындық ретіндегі қоғам өмірінің тұрақты қайталанатын, оған тән құбылыстарын қалыптастыру және талдау.
Мысалы, қазіргі әлеуметтік дамудағы ғылым мен техника рөлін фетишизациялау технологиялық детерменизмнің (У. Огборн, Л. Мэмфорд және т.б.) және сциентизмнің теориялық негізі болып табылады. Олардың ойынша, біздің заманымызда әлеуметтік дамудың негізгі детерминантттары болып техника және ғылым табылады, сонымен қатар әлеуметтік даулардың өсуі мен шиеленісуіне әкелетін техника прогресі мен қоғамның қазіргі кездегі моральдық деңгейі арасындағы алшақтыққа мән береді. Қоғамды қарастыруда детерменизмнің басқа да түрлері кездеседі: экономикалық (А.Хайт, О.Дункан), мәдени (М.Вебер, П.Сорокин) және т.б. қоғамды қарастырудағы қатал детерминацияланған тәсілдің кемшілігі болып қоғамды зерттеуде және әлеуметтік қатынастарды талдауда қоғамның бүкіл шағын жүйелерінің қызметінің өзара байланыстылығы салдарынан белгілі бір әлеуметтік процестердің түпнегізін анықтау қиын болатындығы табылады.
Социологиядағы детерменистік тәсіл функционалдымен толықтырылады. Функционализм идеясы негізінен ағылшын-америкалық социологияға тән. Функционализмнің негізгі ережелері ағылшын социологы Г.Спенсермен (1820-1903), оның «Социологияның негіздері» еңбегінде жасалды және ағылшын этнографы А.Редклиф-Браунмен, американдық социологтар Р.Мертонмен, Т.Парсонспен дамытылды.
Г.Спенсер бойынша функционалды тәсілдің негізгі принциптері төмендегідей:
1) жүйелік тәсіл жақтастары сияқты функционалистер де қоғамды көптеген бөлшектерден, мысалы, экономикалық, саяси, әскери, діни, т.б. тұратын бүтін, біртұтас организм ретінде қарастырды;
2) бірақ, сонымен қатар әрбір бөлшек тек нақты, қатаң анықталған функциялар атқаратын бүтіндік шеңберінде ғана өмір сүре алатындығын атап көрсетті;
бөлшектердің функциялары белгілі бір қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз ететіндігін білдіреді. Сонда да олар бірге қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету мен адамзатты өндіруге бағытталған;
4) қоғамның әрбір бөлшегі тек өзіне ғана тән функцияны атқаратындықтан, осы бөлшектің әрекеті бұзылған жағдайда, неғұрлым функциялардың бір-бірінен айырмашылығы көп болса, соғұрлым басқа бөлшектерге бұзылған функцияларды қалыптастыру қиын болады;
Спенсер әлеуметтік бақылауға көп көңіл бөлді. Оның ойынша, әлеуметтік жүйе оның құрамында әлеуметтік бақылау компоненттері болғандықтан ғана тұрақты болады. Мұнда саяси басқару, тәртіп қорғау органдары, діни институттар мен моральдық нормалар кіреді.
Функционализм методологиясының дамуындағы маңызды кезеңі болып Т.Парсонстың құрылымдық функционализмі табылады. Оның ойынша, негізгі 4 функционалды категория болады: бейімделу, мақсатқа жету, интеграция және құрылымды ұдайы өндіру. Әлеуметтік жүйенің осы функциялары, Парсонс бойынша, түрлі шағын жүйелермен қамтамасыз етіледі. Осылайша, әлеуметтік жүйе ішіндегі бейімделу функциясын экономикалық шағын жүйе, мақсатқа жету функциясын саяси шағын жүйе, интеграция функциясын – құқықтық институттар мен дәстүрлер, құрылымды ұдайы өндіруді – сенім шағын жүйесі, мораль мен білім беру жүйесі мен институттарын қоса алғандағы әлеуметтендіру органдары атқарады.
Функционализм эмпирикалық ғылыми зерттеулерде кең қолданылады. Алайда басқа методологиялық ережелерге сүйенетін социологтар функционализмнің 3 негізгі кемшілігін атап көрсетеді:
- қоғамды зерттеудегі тарихтан тыс тәсіл. Қоғам функционализмде статикалық, яғни даму динамикасынан тыс қарастырылады;
- қазіргі кездегі дау-жанжалдардың көптігіне қарамастан, оларға сипаттама және талдау жасай алмау, тұрақтылыққа идеологиялық бағыттылық;
- әлеуметтіктегі индивидуальдылықты қажетті деңгейде бейнелей алмауы.
Функционализмнің сынаушылары тіркеген соңғы мәселені шешуді индивидуализм методологиясының өкілдері Дж. Хоманс, Дж.Мид, Г.Блумер, т.б. алды. Индивидуализм методологиясының негізгі идеясы келесі: әрбір әлеуметтік құбылыс, соның ішінде қоғамдық өмір де индивидуалды әрекеттер жиынтығы негізінде түсіндірілуі мүмкін. Сондықтан, социология ғылымының мақсаты индивидуалды әрекет дегеніміз не және индивидуалды әрекет жиынтығы деген не екендігін түсіндіру болып табылады.
Социологияның негізгі мәселелерінің бірі әлеуметтік өзгерістер мәселесі, олардың механизмдері мен бағыттылығы. Әлеуметтік өзгеру – бұл әлеуметтік жүйелердің, ұйымдардың, институттардың және ұжымдардың бір қалыптан екінші қалыпқа көшуі. “Әлеуметтік өзгеру” түсінігі даму түсінігімен анықталады. Даму – бұл материалдық және идеалдық объектілердің қайталанбас, бағытталған өзгерісі. Даму қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға, т.б. ауысуды білдіреді.
Социологтар әлеуметтік өзгерістер мен дамудың эволюциялық және революциялық түрлерін бөледі, көбінесе, оларды қарама – қарсы процесс ретінде қарастырады. Эволюциялық процестер біртіндеп, баяу, жұмсақ, сандық өзгерістер, ал революциялық процестер жылдам, түбегейлі, сапалы өзгерістер.
Әлеуметтік эволюционизм тарихи процесті жалпы, шексіз әртүрлі және белсенді, Ғарыштың, планеталық жүйенің, Жердің, мәдениеттің эволюция процесінің бөлігі ретіндегі ғаламдық ойлауға ұмтылыс болып табылады.
Әлеуметтік эволюционизм, әсіресе ағылшын социологы Г. Спенсердің жүйесінде айқын көрсетілген. Оның социологиясында 19 ғасыр әлеуметтік эволюционизмнің негізгі идеясы іске асырылған - қарапайымнан жіктелгенге, дәстүрліден рационалдыға, надандықтан білімділікке қарай дамитын адамзат қоғамының тарихи кезеңдері болу идеясы.
Әлеуметтік эволюционизм идеясының дамуына француз социологы Э.Дюркейм зор үлесін қосты. Ол бірінші болып, еңбек бөлінісі қоғамның күрделенуіне әсер ететіндігін айтты.
Әлеуметтік эволюционизм шеңберінде индустриялды қоғам теориясы қалыптасты. Индустриялды қоғамға келесі тән:
- басқару мен өндірістің нақты салаларындағы қоғамның специализациясы жағдайындағы ондағы еңбек бөлінісінің дамыған және күрделі жүйесі;
- тауарларды кең рынокқа жаппай өндіру;
- басқару мен өндірісті механизациялау мен автоматизациялау;
- ғылыми-техникалық революция.
XX ғасырдың 60 – жылдары танымал болған индустриялы қоғам теориясы 70 – жылдарда «постиндустриялды қоғам» теориясында өз жалғасын табады. Аталған теорияға сәйкес, қоғам өзінің дамуында 3 негізгі кезеңнен өтеді: индустриалдыға дейінгі (аграрлық), индустриалды және постиндустриалды. Бірінші кезеңде экономикалық іс-әрекеттің алғашқы саласы - ауыл шараушылығы, екінші кезеңде - өндіріс, үшінші кезеңде – қызмет көрсету орын алады. Индустриялдыға дейінгі қоғамның көздеген мақсаты – билік, индустриялды кезеңде – ақша, постиндустриялдыда - білім. Аталған кезеңдердің әрбіреуіне әлеуметтік ұйымның ерекше формалары тән: аграрлы қоғамда – шіркеу мен әскер, индустриялдыда - корпорация, постиндустриялдыда - университет.
Әлеуметтік эволюционизм концепциясымен қатар қоғамның революциялық түрлену теориясы дамыды, оның негізін қалаушылар - К.Маркс пен Ф.Энгельс. Марксистік теория тарихты талдаудың формациялық тәсіліне сүйенеді және оған сәйкес адамзат өзінің дамуында бес кезеңнен өтуі керек: алғашқы қауымдық, құлиеленушілік, феодалды, капиталистік, коммунистік. Бір қоғамдық-саяси формациядан екінші формацияға өту әлеуметтік революция негізінде іске асады.
Эволюциялық және революциялық теориялармен қатар П.А.Сорокиннің мәдени – тарихи типтер теориясы бар. Бұл теорияда Сорокин бүкіл адамзатты біріктіретін жаңадан қалыптасып жатқан өркениеттің негізгі сипаттамаларын атайды. Бүгінгі күн бұл дүние жүзінде бырыңғай өркениетті қалыптастыру идеясы кең таралып, дамуда. Оның ғылым мен қоғамдық санада бекітілуі қазіргі әлемдегі әлеуметік және мәдени процестердің жаһандану үрдісіне әкеліп соқты. этимологиялық «жаһандану» термині «глобус», яғни Жер, жер шары деген латын сөзімен байланысты және белгілі бір процестердің жалпы планеталық сипатын білдіреді. Жаһандану дегеніміз бүкіл адамзаттың әлеуметтік – мәдени, экономикалық, саяси қатынастар мен өзара әрекеттің біртұтас жүйесіне енуін білдіреді. Сол себептен де социологтар түрлі мемлекеттердің, халықтардың әлеуметтік – мәдени, экономикалық және саяси сипатының әртүрлілігіне қарамастан, бырыңғай өркениет пайда болу керек деп есептейді.
Қоғамның ақпараттануына байланысты қазіргі технологиялық төңкерістің ерекшелігі – ол адамдар қарым-қатынасын әмбебаптандыру мен жаһандандыруға түбегейлі жаңа алғышарттар жасайды. Микроэлектрониканың, компьютерленудің кең таралуы, коммуникация құралдарының және ақпарат құралдарының дамуы, еңбек пен мамандандыралудың тереңдеуінің арқасында адамзат бырынғай әлеуметтік – мәдени бүтіндіке бірігеді. Техникалық өндіріс пен бүкіл адамзат қызметінің денгейі жоғарылаған сайын, адамның өзінің даму дәрежесі, оның қоршаған ортамен қарым – қатынасының денгейі жоғарылауы тиіс.
Алайда қазіргі әлемдегі әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси процестерінің жаһандануының жағымды жағымен қоса «қазіргі заманның жаһандандық мәселері» аталатын бірқатар күрделі мәселер туғызып отыр: экологиялық, демографиялық, саяси, т.б. Бұл мәселелердің жиынтығы адамның алдына жаһандық «тіршілік үшін күрес» мәселесін қойды. А.Печчен адамазаттың қазіргі ғаламдық мәселелер арасындағы болашағын зерттейтін «Рим клубы» атты орталығын ашты.
Оның ұсынысымен және «Рим клубының» тапсырысымен кең ауқымды зерттеулер жасалып, қоғам мен оның тіршілік ету ортасы арасындағы өзара әрекеттің дағдарыстық тенденциясының дамуының ғаламдық моделі құрылды. (“Әлем – 2” Д. Форрестер (1971), “Әлем – 3” Д. Медоуз (1978) т.б.).
Жаһандану модельдерінде “әлем бүтіндей” алынады. Жүйелік динамика көмегімен бүкіл әлемге жалпы есептеу жүргізе отырып, Форрестер мен Медоуз жер ресурстарының шектеулілігі, әсіресе, ауыл шаруашылығына жарамды аудандардың шектеулілігі мен күрт өсіп отырған халықтың тұтынуының жоғарылауы арасындағы қарама-қайшылық бүкіл әлемді ХХІ ғасырдың ортасында ғаламдық апатқа әкелуі мүмкін деп болжайды: қоршаған ортаның апаттық ластануы, өлімнің күрт өсуі, пайдалы қазбалардың азаюы және өндірістің құлдырауы, т.б.
Форрестер мен Медоуз жасаған модель бүкіл адамзатты өзінің дамуының жолдарын ойлауға мәжбүр етті. Алайда осы модельдердегі кейбір методологиялық көрсеткіштердің кемшіліктері ондағы тұжырымдардың дұрыстығына күмәндануға алып келді. Атап айтқанда, модельді құрастырған кезде параметрлерді іріктеу математикалық өңдеуді мүмкін ететін таза нақты-ғылыми және қолданбалы критерийлер бойынша жүзеге асты, өндіру мен тұтыну орташа шамалары, қызметтер мен тамақтану халықтың 1адамға шаққандағы мөлшерімен есептелді делінеді. Бұл параметрлердің барлығы «өздерінің нақты әлеуметтік мазмұнынан арылды».
Месарович - Пестель моделі осы сынды белгілі бір дәрежеде есепке алуға тырысты. Алдындағы зерттеуден айырмашылығы олар өздерінің «Әлем-3» зерттеуінде дағдарыстардың дамуын шектей алатын, оларды жою мүмкіндігін зерттей алатын, олардың алдын алу мүмкіндіктерін іздеуге қабілетті факторлар санына талдау жасауға ұмтылды. Месарович - Пестель моделі әлемді тек біртекті бүтіндік ретінде емес, ал бір-бірі арасындағы байланыс халықтың экспорты мен импорты және миграциясы арқылы жүзеге асырылатын өзара байланысты 10 аймақтар жүйесі ретінде қарастырды. Аймақ - бұл әлеуметтік-мәдени параметр, ғаламдық қоғамдық жүйедегі шағын жүйе.
Достарыңызбен бөлісу: |