Әлеуметтану жауаптары
1.Әлеуметтану теорияларына кіріспе.
Әлеуметтік ғылым дегеніміз не және оның деңгейі қандай? деген сұрақтың жауабы әлеуметтану пәнін түсіну мен оны зерттеу ерекшелігінен айқындалады. Егер әлеуметтануды – әлеуметтік қауымдар, олардың арасындағы әлеуметтік қатынастар, әрекеті мен бұқаралық тәртібі жөнінде ғылым деп саналса, онда әлеуметтік білім әлеуметтік қауымдастықтар мен олардың қалыптасу мен даму механизмнің білімі ретінде белгіленеді. Осы мәселелерді шешу көбінесе жалпы ғылыми және айрықша әлеуметтік әдістер арқылы жүзеге аасырылады.
2. Индивид және қоғам. Әлеуметтік орта мен әлеуметтік мінез-құлық.
Қоғам – бұл деңгей бойынша ұйымдастырылған жүйе. Олардың өзара қатынас спецификасын ашатын және деңгейлерін тіркейтін, әлеуметтану пәнінің маңызды аспектілерінің бірі болып саналады. Әлеуметтануда қоғамның құрылысын социеталды деңгей деп атайды. «Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам.Индивидуалдық- бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы.
3. Әлеуметтік қарым-қатынастар мен әлеуметтік институттар.
Тарих сияқты, әлеуметтану да екі негізгі мәселемен ұштасады, біріншіден, белгілі әлеуметтік заңдылықтардың болуымен, және, екіншіден, қоғам дамуына ықпал ететін, жеке, дара, қайталанбас құбылыстар мен үрдістердің дамуымен. Құндылықтар мен нормалардың, қатынастардың субъективті-объективті байланыс эволюциясын айқындауға, тек тарих пен әлеуметтанудың бірлескен күші нәтижиесінде ғана жетуі мүмкін.
Екі ғылымның өзара әрекеті – саясаттану мен әлеуметтану ғылымының жаңа ғылым саласын — саяси әлеуметтануды белгіледі. Саясаттану мен әлеуметтанудың байланысы белгіленеді, біріншіден, қоғамның жалпы әлеуметтік жүйе ретінде ерекшелігін ескеріп, саяси өмір заңдылықтарын айқындауға болады, екіншіден, қоғамға саяси құрылым мен әртүрлі саяси құрылыстардың ықпалын үнемі ескеру қажет. Әлеуметтану философиямен тығыз байланысты. Олардың негізінде адамзаттың әлеуметтік ойының алғашқы тұтастық байланысы жатады. Философияның принциптері, категориялары мен заңдары қоғам, қоғамдық қатынастар, әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік әрекеттер әлеуметтану түсінігінің негізіне жатады. Философия материя, сана түсініктерін қолданса, әлеуметтану — әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар, мәдениет пен қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |