Электротехникалық материалтану


Оқшауланған заттардағы диэлектрлік шығындардың түрлері



жүктеу 1,45 Mb.
Pdf просмотр
бет18/41
Дата31.01.2023
өлшемі1,45 Mb.
#41077
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Электротехникалы материалтану

3.2 Оқшауланған заттардағы диэлектрлік шығындардың түрлері
Диэлектрлік шығындарды олардың ерекшеліктері және физикалық 
табиғаты бойынша төрт негізгі түрлерге бөлуге болады.
Өрістенумен бейімделген диэлектрлік шығындар.
Өтпе электр өткізгіштікті диэлектрлік шығындар.
Ионизациялық диэлектрлік шығындар.
Құрылымның біртекті еместігімен бейімделген диэлектрлік шығындар.
Өрістенумен 
бейімделген 
диэлектрлік 
шығындар релаксациялы 
өрістенулі заттарда анық бақыланады: дипольді құрылымды диэлектриктерде 
және иондардың орналасуы тығыз емес ионды құрылымды диэлектриктерде.
Релаксациялық диэлектрлік шығындар электр өрісі күшінің әсерінен 
бөлшектердің жылулық қозғалысының бұзылуынан болады. Осы бұзушылық 
диэлектрикте энергияның таралуына және диэлектриктің қызуына әкеліп 
соғады.
Релаксациялық диэлектрлік шығын бұрышы тангесінің температураға 
қатынасында осы қарастырған диэлектрикке сай, белгілі бір температурада 
максимум байқалады. Осы температурада диэлектрик бөлшектерінің 
релаксация уақыты айнымалы электр өрісінің өзгеру периодымен түйіседі. 
Егер де температураның мөлшері сондай болып, бөлшектердің релаксация 
уақыты берілген айнымалы кернеудің жарты периодының өзгеруінен көп 
болса, онда бөлшектердің жылулық қозғалысының интенсивтігі төмендейді 
және шығын азаяды.


Сегнеэлектриктерде бақыланатын диэлектрлік шығындар, спонтанды 
өрістену құбылысымен байланысты болады. Сондықтан сегнеэлектриктердегі 
шығындар, спонтанды өрістену өткенде, Кюри нүктесінен төмен темпера-
туралар кезінде маңызды. Кюри нүктесінен жоғары температураларда 
сегнеэлектриктердегі шығындар төмендейді. Сегнеэлектриктің электрлік 
тозуы шығындарды төмендетуі ықтимал.
Өрістенумен бейімделген диэлектрлік шығындарға резонанстық 
шығындар жатады. Шығынның бұл түрі жарықтық жиіліктерде білінеді, 
көбінесе газдарда белгілі бір жиілікте электр өрісінің энергиясын жұтып 
алады. Резонанстық шығындарды кейбір қатты диэлектриктерде байқауға 
болады, егер де еріксіз тербелістердің жиілігі қатты дененің бөлшектерінің 
өзіндік тербелісінің жиілігінен түйіссе, tgδ – ның жиілікке қатынасында 
максимумының болуы мүмкін, бірақ та бұл максимум температураға тәуелді 
емес.
Өтпе электр өткізгіштікпен бейімделген диэлектрлі шығындар анық 
білінетін көлемдік немесе беттік электр өткізгіштігі бар диэлектриктерде 
табылады.
Шығынның бұл түрінде тангенс δ (tgδ) төмендегі формуламен шығарылады
, (3.15)
мұнда f – Гц, ρ - Ом·м.
Бұл диэлектрлік шығын электр өрісінің жиілігіне тәуелсіз, tgδ жиілік өскен 
сайын гипербола заңымен төмендейді. Ал температура ұлғайған сайын 
экспонента заңымен келтіріледі.
(3.1
6)
мұнда А,в – материалдың тұрақты шамалары немесе осылай жазуға болады.


(3.17)
мұнда P
аТ
– температура t
0
С – дағы шығын
P – О
0
С – дағы шығын
α – тұрақты.
Иондану диэлектрлік шығындар газ тәрізді қалыптағы диэлектриктерге 
сипатты. Иондану шығындар берілген газдың иондануының басталуына сәй-
кес келетін мәннен жоғары кернеуліктердегі біртекті емес электр өрістерде 
пайда болады.
Иондану шығындар келесі формула бойынша есептеледі:
мұндағы А - тұрақты коэффициент.
f - өріс жиілігі.
U - келтірілген кернеу.
U
и
- ионданудың басталуына сәйкес келетін кернеу.
Келтірілген формула U>U
и
кезінде және tgδ=f(E) - шамасының сызықты 
тәуелділігі кезінде дұрыс орындалады.
Ионизациялық кернеу газдың қысымына байланысты, неге десең 
молекулалардың 
соққы 
ионизациясының 
дамуы 
зарядты 
тасымалдаушылардың еркін өту жолының ұзындығымен анықталады. Газдың 
қысымын ұлғайтқан сайын кернеу ионизациясының басталуы өседі.
Құрылымның біртекті еместігімен бейімделген диэлектрлік шығындар 
сіңдірілген қағазбен матадан жасалған қатпарлы диэлектриктерде, толтыр-


ғышы бар пластмассаларда, ұсақ саңылаулы керамикада, слюдалар туынды-
ларында және т.б байқалады.

жүктеу 1,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау