7 сабақ. Ом заңы
Құзыреттілік:
Ақпараттық: Ол тізбектегі негізгі параметрлердің арасындағы байланысты анықтау. Білімге деген көзқарасын оқуғаынталығын арттыру
Коммуникативтік: Параллель және тізбектей қосылған конденсаторлардың жалпы сыйымдылығын ұғындыру.
Мәселелерді шешу: Дәріс және тәжірибелік заңдылықтарды есеппен түсіндіру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Қолданылатын технология:Ақпараттық коммуникативтік технология. Ұжымдық технологияның элементтерін қолдану.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Мультимедиапроектор,слайдтар жинағы, электрлік аспаптар.
Қолданылған әдебиеттер: Ахметов А.К. «Электротехника» А.: Фолиант 2010 ж. Нәдіров Е.Е., Балабатыров С.Б., Ғали К.О. «Электротехника және электроника негіздері» Алматы 2012 ж.
Әдістемелік нұсқау.
Электр тізбегін құрастырған кезде, тізбек бойымен қабылдағыштың ұштарында, жүктеме бойымен ток өте бастайды. Жол түзетінде электр зарядтарының бір бағыттағы қозғалысына, тізбектің ішкі және сыртқы бөліктеріне токтың өтуіне бөгет жасайды. Электр тізбегінің электр тогының өтуіне қарсы әсерін сипаттайтын шама кедергі, тізбектегі ток қабылдағышпен ток көзінің қысқыштарындағы кернеу байланысты анықтайтын Ом заңы туралы анықтама береміз. Заңдылықты түсіну үшін тізбек құрып, тәжірибелік түрде көрсетеміз. Ом заңы электр тогының негізгі заңдылығы екенін оқушылар ұғуы тиіс.
Дәріс.
Әр материалдың ішкі құрылысына сай өткізгіш арқылы ток өткенде электр энергиясының көзі, тізбектің ішкі және сыртқы бөліктері электр тогының өтуіне бөгет жасайды, сол қарсы әсерді электрлік кедергі дейді. Электрлік келдергі R әрпімен белгіленіп, өзгермейтін бір вольт потенциалдар айырымы әсерінен бойында бір ампер ток күші өтетін линиялық өткізгіштің кедергісін айтады. Кедергінің бірлігі Ом-мен өлшенеді:
; 1 Ом =
Ірі кедергілерді өлшеген кезде Ом-нан мың есе және миллион есе үлкен бірліктер қолданылады: 1Ком=10000м, 1Моль= 1000000 Ом = 1*106Ом.
өткізгіш материалының электрлік қасиетін салыстырмалы бағалау үшін меншікті кедергі дейтін шама қолданылады. Мәншікті кедергі ұзындығы 1м және көлденең қимасының ауданы 1мм2 метал өткізгіштің кедергісі болады, оны арқылы белгілейді де, арқылы өлшейді.
- меншікті кедергі , - ұзындығы, - көлденең қимасының ауданы, онда формуласымен анықталады.
Бұл формула өткізгіштің кедергісі өзі жасалған материалдың меншікті кедергісі мен ұзындығына тура пропорционал, ал көлденең қимасының ауданына кері пропорционал екендігін көрсетеді.
Өткізгіштердің кедергісі температураға байланысты. Металл үшін температуралық коэффицент деп аталатын 10С-қа өзгерткенде өткізгіш кедергісінің бастапқы бір Ом-ға қатысты алғанда қанша өзгеретін көрсететін белгілі бір кедергі коэффиценті α (альфа) бар деп есептеуге болады.
- кедергінің температуралық коэффиценті, ал кедергінің өсімшесі мұндағы R1-өткізгіштің t1-температурасындағы кедергі R2-өткізгіштің t2-температурасындағы кедергі.
Реттеуге келетін кедергілер реостаттар деп аталады. Оларды меншікті жкедергісі үлкен сымдардан жасайды. Өткізгіштің электр тогын өткізе алатын қабілеті өткізгіштілік арқылы сипатталады. Өткізгіштің меншікті кедергіге кері шама және д әрпімен белгіленеді. Өткізгіштің СИ жүйесіндегі өлшеу бірлігі 1/Ом (сименс)
Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін токтың шамасына қатысатын ток тығыздығы дейміз
Ток тығыздығы электр өрісінің кернеулігіне тура пропорционал.
Бос жүрісте сыртқы тізбек ажыратулы болады да, тізбектен ток өтпейді, сондықтан энергия көзінің қысқыштарындағы кернеу оның электр қозғаушы күшіне тең болады.
Сыртқы тізбегінің кедергісі нөлге тең болса, мұндай режим энергия көзінің қысқа тұйықталуы деп аталады.
Бекіту сұрақтары:
Достарыңызбен бөлісу: |