Электр зертханалық жұмыстарды орындауға методикалық нұсқаулар



жүктеу 2,73 Mb.
бет1/26
Дата25.11.2017
өлшемі2,73 Mb.
#1516
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Жалпы және теориялық физика кафедрасы


ЭЛЕКТР

Зертханалық жұмыстарды орындауға методикалық нұсқаулар
3 бөлім

Павлодар


УДК 531(07)

ББК 22.2я7

М 55

С. Торайѓыров атындаѓы ПМУ ѓылыми кењесі ±сынѓан



Рецензент:

Физика, математика ѓылымдарыныњ кандидаты, доцент Биболов Ш.К.


Құрастырушылар: Маралбаева М.Б., Досумбеков К.Р., Искакова А.Б.

М55 Электр: зертханалық жұмыстарды орындауға методикалық нұсқаулар. Б. 3. – Павлодар, 2006. – 32 б.

Методикалық нұсқауда «Физика» пєні бойынша зертханалыќ ж±мыстарды орындауѓа ±сыныстар келтіріледі, ж±мыстыњ маќсаттары кµрсетілген.

Методикалық нұсқау техникалыќ жєне технология мамандыќтары мен оларды дайындау баѓытыныњ типтік оќу баѓдарламасына негізделіп жасалынѓан. Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігініњ №541 б±йрыѓымен 2002 ж. 10 шілдесінен бекітіліп, іске асырылды.


УДК 531(07)

ББК 22.2я7
© Маралбаева М.Б., Досумбеков К.Р., Искакова А.Б., 2006

© С. Торайѓыров атындаѓы Павлодар Мемлекеттік Университеті, 2006


Кіріспе

Методикалық нұсқау жалпы физика курсының «Электр» бөлімі бойынша ЖОО-ң физика-математика, инженерлі-техникалық және жаратылыстану-ғылымдары мамандықтары бойынша оқитын студенттерге зертханалық сабақтарды дайындауы үшін арналған. Методикалық нұсқау студенттерді физикалық аспаптармен тереңірек танысуы, сонымен қатар нақты өлшеулердің негізгі әдістерін игеруіне көмектеседі. Бұл оқулыққа 5 зертханалық жұмыс енгізілген, олардың әрқайсысы қысқаша теориялық кіріспеден, зертханалық қондырғылардың схемаларынан, өлшеулерді жүргізу әдістерінен тұрады. Зертханалық жұмыстардың сипаттамасынан кейін қажет әдебиеттер тізімі келтірілген.

Осы оқу құралын пайдалану студенттердің «Физика» пәні бойынша білім деңгейін, сонымен қоса әдістемелік жабдықтау мен зертханалық сабақтарды жақсартуда көп көмегін тигізеді.

30 зертханалық жұмыс.Электрөлшеуіш құралдар


Кіріспе
Әрбір зертханалық жұмысты орындау үшін элеткр тізбегін құру қажет. Электр тізбегін өткізгіш сымдар, R
сыртқы жүктеме немесе тұтынушы, ток көзі және электр өлшеуіш құралдар құрайды. 30.1 суретті қараңыз.



E – ішкі кедергісі r-ге тең ток көзі;

R – сыртқы кедергі;

СА – ауыстырып-қосқыш;

PA – амперметр;

PV – вольтметр.

30.1 сурет


Зертханалық жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтаған дұрыс:

  1. рубильниктер мен ашаларды (вилканы) оқытушының немесе лаборанттың тексеруінсіз іске қоспаңыз

  2. ток жүріп тұрған тізбекте қайта жалғауларды жүргізбеңіз

  3. тізбектің оқшауланбаған (изоляцияланбаған) бөліктерін ұстамаңыз

  4. тогы бар электр тізбегін бақылаусыз қалдырмаңыз


Негізгі электр өлшеуіш құралдар және олардың классификациясы
Барлық электр өлшеуіш құралдар келесі негізгі белгілері бойынша классификацияланады:

Өлшенетін шаманың тегі бойынша:



  1. амперметрлер – ток күшін өлшеуге арналған, тізбекке тізбектей қосылатын құралдар. Амперметрлерді тізбекке қосу тізбектегі токтың шамасының өзгеруіне әкеліп соқпауы үшін, амперметрлер өте аз кедергіге ие болуы керек. (30.1 сурет);

  2. вольтметрлер – тізбектің бөлігіндегі кернеуді өлшеуге арналған, сол бөлікке параллель қосылатын құрал (30.1 сурет). Вольтметрдің ішкі кедергісі вольтметр жалғанған тізбек бөлігінің кедергісінен әлдеқайда артық болуы қажет. Сонда, тізбекке волтьметрді қосқанда тізбектегі потенциалдар бөлінуінің бұзылуы өте аз болады;

  3. гальванометрлер – өте аз токтарды, кернеулерді және заряд мөлшерін өлшеуге арналған сезімтал құралдар;

  4. Омметрлер, санағыштар, ваттметрлер және т. б.

Токтың тегі бойынша: тұрақты токта, айнымалы токта, тұрақты және айнымалы токта жұмыс істейтін құралдар.
Жұмыс істеу принципі бойынша
Электр өлшеуіш құралдардың жұмысы электр энергиясын энергияның басқа түріне (механикалық, жылулық, магниттік, химиялық немесе т.б.) айналдыруға негізделген. Осыдан құралдардың түрлі жүйелері: магнит-электрлік, электро-магниттік, электр-динамикалық, индукциялық, жылулық, электростатикалық және т.б. болады. Біздің зертханалық жұмыстарымызда алғашқы үш жүйедегі құралдар қолданылады. Соларды қарастырайық (олардың шартты белгілері кестеде көрсетілген).

Магнит-электрлік жүйедегі құралдар тұрақты магниттің магнит өрісімен жеңіл қозғалмалы ораманың бойымен өтетін өлшенетін токтың өзара әсерлесуіне негізделген (30.2 сурет).



Магнит өрісі таға тәрізді полюстеріне ішке қарай ойыс болып келетін тетіктер орнатылған, тұрақты магнитпен тудырылады. Тетіктердің арасында темір С өзекше бекітілген. S тілшемен байланысқан К орама тетіктердің арасында еркін бұрыла алады. Орама бойымен өткен ток тудыратын магнит өрісі мен тұрақты магнит полюстеріндегі тетіктер арасындағы магнит ағынының өзара әсерлесуінен рамканың айналдырушы моменті пайда болады. Осының нәтижесінде орама бұрылуға тырысады.



Кері әсер етуші момент серіппелермен тудырылады. Магнит-электрлік жүйедегі құралдарда М айналдырушы момент өткен ток күшіне М11I, ал кері әсер етуші момент бұрылу бұрышына тура пропорционал болады. Өлшеу жүргізу кезінде
жүктеу 2,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау