Электр желілер қағидалары



жүктеу 1,8 Mb.
бет7/9
Дата01.02.2018
өлшемі1,8 Mb.
#8267
1   2   3   4   5   6   7   8   9

335. Коммерциялық есепке алудың жалпы дәлдігі мынадай болуы тиіс:



Түрі

Қосылыстар дәлдігінің сыныбы


500 кВ, 200 МВт және одан жоғары генераторлар

220-110 кВ, 50-дан   200 МВт дейінгі генераторлар

35-6 кВ,

50 МВт дейінгі генераторлар 



төменгі кернеулі

ТТ 

0,2

0,5

0,5

0,5

КТ

0,2

0,5

0,5

-

Активті энергия санауышы           

0,2

2,0

1,0

2,0

Реактивті энергия санауышы         

2,0




2,0

4,0

336. Нарыққа қатысушылардың энергиясын коммерциялық есепке алу үшін осы тараудың тармақтарында сипатталған дәлдік бойынша жалпы талаптар коммерциялық есепке алудың белгілі бір нүктелерінде (КЕБН) орындалуы тиіс. Коммерциялық есепке алудың белгілі бір нүктесі – электр энергиясына меншік құқығы ауысатын электр жеткізу желісінің физикалық нүктесі.

337. Өз теңгерімінде коммерциялық ЭЕӨК бар нарық субъектілері оларды қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес пайдаланады және оларға байланысты шығыстарға жауапты.

338. Қосалқы станциялар жататын электр желілік компаниялар электр желілік компаниялар мен мемлекетаралық компаниялар арасындағы қосылыстарда коммерциялық ЭЕӨК-ні қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес пайдаланады.

339. Электр станциясы коммерциялық есепке алу кешенін қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес электр станцияларының электр желілік компаниялармен және тұтынушылармен қосылыстарында пайдаланады.

340. Электр энергиясын тұтынушыға коммерциялық ЭЕӨК нақты орналасқан жеріне қарамастан жаңадан ендірілетін коммерциялық ЭЕӨК-ге жұмсалатын шығындар жатады.

341. Желінің пайдаланушысы коммерциялық есепке алудың нақты нүктесін (КЕНН) коммерциялық есепке алудың белгілі бір нүктесіне барынша жақынырақ орналастыруы тиіс.

342. Коммерциялық есепке алудың нақты нүктесі мен коммерциялық есепке алудың белгілі бір нүктесі сәйкес келмейтін жерлерде, егер бұл қажет болған жағдайда, коммерциялық есепке алудың белгілі нүктесінде дәлдік бойынша жалпы талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін санауыштардың көрсеткіштеріне күштік трансформатордағы және (немесе) электр жеткізу желісіндегі ысыраптардың көлемін қосу қажет.

343. Ысыраптарды есепке алу санауыштың деңгейінде немесе ЭКЕАЖ шеңберінде бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен қолданылады. Екі жағдайда да ысыраптардың коэфиценттері мен олардың негіздемелерін коммерциялық ЭЕӨК иелері, тиісті электр желілік компания мен коммерциялық есепке алуды жүзеге асыратын ұйым (егер бұл әр түрлі компания болса) айқындауы тиіс. Ысыраптарды айқындаудың соңғы келісілген формуласы коммерциялық есепке алу тізілімінде және электр энергиясын жеткізу шарттарында болуы тиіс.

344. ЭКЕАЖ мына элементтерден тұрады:

1) өлшеу трансформаторлары;

2) электр энернгиясын есепке алу санауыштары;

3) өлшеу трансформаторлары мен санауыштар арасындағы байланыс желілері;

4) деректерді жинау және беру құрылғысы (ДЖБҚ) ЭКЕАЖ тікелей жоғарғы деңгейіне кабель желілері бойынша деректерді жинау мүмкін болған жағдайда міндетті түрде емес;

5) байланыстың шағын жүйелері;

6) ЭКЕАЖ деректер базасы;

Электр энергиясын есепке алудың өлшеу кешені осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақтарынан тұрады.

345 ЭКЕАЖ элементтері олардың техникалық құжаттамасында көрсетілген шарттарда пайдаланылуы тиіс (қоршаған ортаның температурасы мен ылғалдығы, электр және магниттік өрістердің кернеулігі және т.б.).

346. Өлшеу трансформаторлары мен коммерциялық есепке алу кешенінің жұмысқа дайындығы жылына кем дегенде 99%-ды құрауы тиіс. Байланыс желісінің жұмысқа дайындығы жылына кем дегенде 95%-ды құрауы тиіс.

347. Әр тізбек үшін ток трансформаторлары (ТТ) мен кернеу трансформаторлары (КТ) осы Ереженің 333-334-тармақтарында көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс.

Егер өлшеу трансформаторының бірлескен блогы (ТТ мен КТ) орнатылған болса, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құжаттарында көрсетілгендей аспаптардың өзара әсерінің салдарын анықтау бойынша «Дәлдікке тексеру» жүргізілуі тиіс.

348. Өлшеу трансформаторларын және қосалқы тізбектердің қосымша жүктемелерін қоса алғанда, оларды қосу схемаларының олармен байланысты элементтерін ЖО коммерциялық есепке алу тізіліміне енгізу үшін ұсынуы тиіс.

349. ТТ қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес стандарт бойынша ең төменгі дәлдік сыныбымен орнатылуы тиіс (ТТ қайталама номиналды тоғына тәуелсіз).

350. Ток трансформаторының жеке қайталама орамасы өлшеу үшін арналуы тиіс. Жерге қосылған бейтараптамамен қосу үшін ток трансформаторы үш фазада орнатылуы тиіс. Кернеуі 220 кВ және одан да жоғары электр жеткізу желілерін есепке алу нүктелері үшін сыртқа шығарылатын трансформаторлар ЭЖЖ-де орнатылуы тиіс. Энергия объектілерін қайта құрғанға немесе есепке алу нүктелерін жаңғыртуға дейін, тиісті дәлдік сыныбының ток трансформаторларының өлшеу орамалары болған жағдайда, мыналарға рұқсат беріледі:

- ажыратқыштарға кіріктірілген тоқ трансформаторларын қолдануға;

- ток трансформаторларының қайталама орамаларын ток сомасына қатарлас қосу.

351. Қайталама тізбектердің кез-келген қосымша жүктемелері ЖО-ның алдын ала ескертуінсіз өзгермеуі тиіс және қайталама тізбектің қосымша жүктемесінің өзгерген мәндері туралы ақпарат коммерциялық есепке алу санауыштарының тізіліміндегі деректерді жаңалау үшін ЖО-ға берілуі тиіс.

352. Электр энергиясын өлшеу үшін қолданылатын әр ТТ үшін жалпы жұмыс жүктемесі кезіндегі қателіктері көрсетілген ТТ тексеру туралы куәлік ЖО-ға коммерциялық есепке алу тізіліміне енгізу үшін ұсынуы тиіс.

353 Ток трансформаторларының қайталама өлшеу орамаларының жүктемелері ток трансформаторларын жасаушылар нормалаған мәндер шегінде болуы тиіс.

354. КТ стандарт бойынша ең төменгі дәлдік сыныбымен қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес орнатылуы тиіс.

355. КТ-ның санауыштарға баратын қайталама тізбегі жеке кабель желісімен орындалуы тиіс. Кабель желісіндегі кернеудің төмендеуі номиналды кернеудің 0,25%-ынан аспауы тиіс.

356 КТ-ға келетін кез-келген қосымша жүктемелер ЖО-ның алдын ала ескертуінсіз өзгермеуі тиіс және қайталама тізбектің қосымша жүктемесінің өзгерген мәндері туралы ақпарат коммерциялық есепке алу тізіліміндегі деректерді жаңалау үшін ЖО-ға табыс етілуі тиіс.

357. КТ-ны тексеру туралы куәлік электр энергиясын өлшеу үшін қолданылатын КТ-ның әр орамасы үшін арналған жалпы жүктеме кезіндегі қателікті көрсетумен коммерциялық есепке алу тізіліміне енгізу үшін ЖО-ға ұсынылуы тиіс.

358. Қайталама орамалардың жүктемесі мен кернеу трансформаторларының жиынтық жүктемесі кернеу трансформаторларын жасаушы нормалаған мәндерден аспауы тиіс.

359. КТ-нан келетін әр кабель желісі жеке сақтандырғышпен қорғалуы тиіс. Осындай сақтандырғыштар КТ-ға барынша жақынырақ орналасуы тиіс.

360. Егер аталған тараудың талаптарына сәйкес есепке алу тізбектерінде өлшеу жүргізілген кезде орнатылған өлшеу трансформаторлары талаптарға толығымен сай келмейтіндігі анықталған болса, онда бұл өлшеу трансформаторлары ауыстырылуы немесе мына талаптарға сай болатын қосымшалары орнатылуы тиіс:

1) егер өлшеу трансформаторларының өлшемі электр энергиясы үшін өзара есеп айырысу мәселелеріне байланысты жүктемелерден басқа қайсыбір жүктемелері болса, қосымша жүктемелердің мәндері туралы ақпарат коммерциялық есепке алу тізіліміне енгізу үшін ЖО-ға берілуі тиіс.

2) егер, мысалы, кернеу трансформаторлары сақтандырғышының істен шығуы сияқты ЭЕӨК жұмыс істеу қабілеттілігінің бұзылуы коммерциялық есепке алу санауыштарындағы кернеу мәндерінің өзгеруіне әкеліп соқтыратын болса, кернеуді бақылау релесі орнатылуы тиіс. Ақаулық зақымдануды анықтағаннан кейін 24 сағат ішінде жойылуы тиіс. Санауыштағы кернеудің жоғалып кетуі туралы сигнал Жүйелік операторға ЭКЕАЖ арқылы жіберілуі тиіс.

361. Генераторлар мен 110 кВ және одан да жоғары желілерге қосу нүктелеріндегі үш фазалық токтың активті электр энергиясын есепке алу әр фазада өлшеу блоктары бар үш фазалы үш элементті санауыштардың көмегімен жүргізілуі тиіс.

362. Реактивті энергияны коммерциялық есепке алу санауыштары 333-334-тармақтарда көрсетліген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

363. Есепке алудың коммерциялық нүктелерінде мына функцияларды орындайтын көп функциялы электр энергиясын санауыштар орнатылуы тиіс:

- активті және реактивті электр энергиясын өлшеу (қабылдау – беру);

- базаның энергияға тәуелсіз жадында өсу қорытындысымен активті және реактивті электр энергиясын өлшеу нәтижелерін және кем дегенде 45 тәулік уақыт ішінде жүктеменің он бес минуттық кестелерін құру (энергияға тәуелсіз жадында қорегі ажыратылған кезде кем дегенде 1 жыл ішінде өлшеу нәтижелері мен басқа да деректерді сақтау уақыты);

- ағымдағы уақыт пен күнтізбені жүргізу, соның ішінде қорегі ажыратылған кезде кем дегенде 1 жыл ішінде (сыртқы құрылғылардың ішкі сағаттарын үндестіру мүмкіндігі);

- өлшеу нәтижелерін, ағымдағы уақытты, күнін, әр фазада кернеудің болуын және басқа да деректерді сандық индикаторда индикациялау;

- мыналар арқылы сыртқы құрылғылармен деректер алмасу, соның ішінде сандық кодтармен өлшеу нәтижелерін жеткізу:

- қалыпты электрлік интерфейстер RS422, RS485, RS232, Ethernet немесе басқалары (қалауынша екі интерфейс);

- IEC 62056-21 стандартына сәйкес келетін оптикалық интерфейс;

- заңсыз бағдарламалаудан, өлшеу нәтижелеріне енуден және өлшеу нәтижелеріне бұрмалаулар енгізуден қорғау.

364. Коммерциялық есепке алудың барлық санауыштары арнайы кестешенің көмегімен таңбалануы тиіс. Коммерциялық есепке алу санауыштарын таңбалау жөніндегі деректер және техникалық ерекшеліктері коммерциялық есепке алу тізіліміне енгізу үшін ЖО мен ЭОСНО ұсынылуы тиіс.

365. Көп функциялы санауыштар кернеуі төмен есепке алу нүктелерінде орнатылуы мүмкін. ЭКН субъектілері болып табылмайтын ұйымдар үшін 1 күнтізбелік айда ЭКЕАЖ жоғары деңгейлеріне деректер жинау интервалымен ұзақ уақытқа сақтайтын жад көлемі жоқ санауыштарды қолдануға рұқсат етіледі. Осындай санауыштарды қолдануға тек деректерді жинау және беру құрылғыларымен бірге қолдануға рұқсат етіледі.

Деректерді жинау мен берудің көрсетілген құрылғыларында өзіне қосылған санауыштардың барлық өлшенген көлемдерін 15 минутта деректерді іріктеу интервалымен кем дегенде 45 тәулік сақтау үшін жеткілікті ұзақ уақыттық жады болуы тиіс.

366. 15 минутқа еселенген деректерді іріктеу интервалын таңдау үшін бағдарламалық-техникалық құралдар қарастырылуы тиіс.

367. Электр энергиясын коммерциялық есепке алу деректері әр 15 минутта деректерді жинау және жіберу құрылғысына беріледі. Ақпаратты берудің іркілісі кезінде 15 минуттық бірнеше интервалдар ішінде бір уақытта деректер жинау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.

368. Деректерді жинау және берудің әр құрылғысы және олармен байланысты байланыстың шағын жүйелерінің құрамдас бөліктері үшін энергиямен үздіксіз жабдықтау көзі немесе кепілдікті қоректендіру құрылғысы қамтамасыз етілген болуы тиіс.

369. Энергиямен жабдықтау тоқтатылған немесе заңсыз ену әрекеттері болған жағдайда деректерді жинау және беру құрылғысы ЭКЕАЖ-ның жоғары тұрған деңгейіне авариялық шығыс сигналын беруі тиіс.

370. Электр энергиясын есепке алу үшін басқа міндеттердің шешімінен бөлек 344-т. сай қолдану қажет болған жағдайда деректерді жинау және беру құрылғысы болуы тиіс.

371. Төменде көрсетілген жағдайлардың әр қайсысы үшін бақылау құралдары қамтамасыз етілген болуы тиіс:


  1. санауыштрадың және деректерді жинау мен беру құрылғыларындағы қателіктер;

  2. электрмен жабдықтаудың болуы немесе болмауы;

  3. жадын тексеру;

  4. кернеу трансформаторы тізбектерінің ақаулығы;

  5. санауышты бақылау құралдары және деректерді жинау мен беру құрылғылары сауалдарының командаларына қатынау.

372. Жоғарыда көрсетілген кез-келген бұзылыс туралы ақпарат ЖО-ға оқиғалар туралы авариялық сигналдың көмегімен жіберілген болуы тиіс. Авариялық сигнал оқиғалар жіктеуіші, орналасқан жері мен бастама уақыты бойынша біркелкі бірдейлендірілген болуы тиіс.

373. Коммерциялық есепке алу жабдығы коммерциялық есепке алу деректерін санау және қайтадан бағдарламалау тек қана қолданылып жүрген құпия сөздермен бақыланатын қауіпсіздіктің жеткілікті деңгейінде жергілікті және/немесе қашықтықтан қатынау арқылы ғана мүмкін болатындай жұмыс істеуі тиіс.

374. Сұратуды жүзеге асыру барысында коммерциялық есепке алудың мына деректері берілуі тиіс:


  1. осы тараудың тармақтарында айқындалған электр энергиясы өлшемдерінің деректері;

  2. оқиғалар туралы сигналдар;

  3. санауыштар көрсететін уақыт пен күн.

375. Әр санауыштар мен деректерді жинау мен беру құрылғысы үшін сыртқы деректер терминалымен (компьютермен) оптикалық порт арқылы мына мақсаттарда сұрату мүмкіндігі көзделуі тиіс:

  1. пайдалануға беру, техникалық қызмет көрсету және зақымданған жерлерін табу;

  2. байланыстың шағын жүйесі бұзылған жағдайда коммерциялық есепке алу деректерін беру;

  3. уақыт параметрін орнату, егер бұл қашықтықтан немесе автоматты түрде жасала алмайтын болса.

376. Әр ЭКЕАЖ ішкі және сыртқы байланыстың терминалды және модемдік жабдығымен жабдықталған болуы тиіс, ол қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес жергілікті және қашықтықтан сұратуды орындаған кезде деректер алмасуды қамтамасыз етеді.

377. Барлық қатысушылар ЖО ЭКЕАЖ-мен коммерциялық есепке алу деректерін алмасу үшін Internet желісінің провайдеріне дейін бөлінген арналарды қамтамасыз етуі тиіс.

378. Нақты қолданылатын байланыс құралдары ЖО-мен келісілген және оның талаптарына сай болуы тиіс. Байланыс желісімен қамтамасыз ету мен оны жалдау бойынша шығыстарды нарыққа қатысушы – ЭКЕАЖ-дың иесі көтереді.

379. ЭКЕАЖ өнеркәсіптік пайдалануға енгізген кезде «ЭКЕАЖ өнеркәсіптік пайдалануға енгізу ережесінде» айқындалған көлемде рәсімдер мен сынақтар жүргізіледі.

Электр энергиясын есепке алудың өлшеу кешендерінің өлшеу құралдары ғана метрологиялық бақылауға түседі.

380. Берілетін деректердің форматына, хаттамаға және қателерді тексеру құралдарына, қауіпсіздік деңгейіне қойылатын техникалық талаптарды ЖО белгілеуі тиіс.

381. Коммерциялық есепке алудың барлық жабдықтары белгілі бір айқындалған келісілген рәсімге сәйкес полмбаланған болуы тиіс. Пломбалар коммерциялық есепке алу санауышының ішкі бөлігіне, кабель желілерінің таңбалауыштарына, деректерді жинау мен беру құрылғысының ішкі бөлігіне пломбаны бұзбай ену мүмкін болмайтындай бекітілуі тиіс.

382. Коммерциялық ЭЕӨК құрамдас бөліктері және олармен байланысты өлшеу трансформаторларынан келетін тізбектер сенімді және қауіпсіз болуы тиіс. Тоқ трансформаторлары мен кернеу трансформаторларының өлшеу орамалары санауыштарға электр жеткізу желісін ажыратпастан санауыштармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін сынақ блоктары арқылы қосылуы тиіс. Тестілеу жүргізу үшін сынақ блоктары немесе ұқсас техникалық құралдар коммерциялық есепке алудың тиісті санауыштарына мүмкіндігінше жақын қашықтықта орналасуы тиіс.

383. Нарыққа қатысушы – коммерциялық ЭЕӨК иесі, мүдделі электр желілік компания және/немесе энергиямен жабдықтайтын ұйым, ЖО мен коммерциялық есепке алуды жүзеге асыратын ұйым деректерді бақылау мен кешенді тексеру және оған техникалық қызмет көрсету мен жөндеу үшін коммерциялық ЭЕӨК-ға еркін қатынай алуы тиіс.

384. Коммерциялық есепке алуды жүзеге асыратын ұйым нарықтың тиісті қатысушыларына, сондай-ақ ЖО-ға ақпаратқа қатынау мүмкіндігін беруі тиіс.

385. Әр коммерциялық ЭЕӨК мен оның құрамдас бөліктері, параметрлері мен жұмыс сипаттамалары дәл айқындалуы және коммерциялық есепке алу тізіліміне енгізілуі тиіс. Құрамдас бөліктердің барлық өзгерістері ЖО-мен келісілген болуы және жұмыстар аяқталғаннан кейін олар бойынша деректер тез арада ЖО-ға берілген болуы тиіс.

386. Коммерциялық ЭЕӨК қосылыстарының техникалық ерекшеліктері мен схемалары қажетті құжаттармен айқындалған болуы тиіс. Оларда өлшеу трансформаторлары мен коммерциялық есепке алу санауыштарының техникалық деректері мен орнату параметрлері болуы тиіс.

387. Құжаттарды коммерциялық есепке алуды жүзеге асыратын ұйым ұсынуы және КЕБН-ның иесінде болуы тиіс.

388. ЭКН коммерциялық есепке алудың деректер базасы коммерциялық есепке алудың барлық нүктелері бойынша барлық техникалық, әкімшілік және физикалық ақпаратты сақтайды. Коммерциялық есепке алудың деректер базасы екі бөліктен тұрады: коммерциялық ЭЕӨК деректері мен ЭКЕАЖ деректері.

389. ЖО осы деректер базасымен жаңалауды, түзетуді және басқаруды жүзеге асырады, ол сонымен бірге деректерді басқару, өңдеу, түзету және сақтау кезінде қауіпсіздік пен құпиялықтың сақталуы үшін жауап береді.

390. Коммерциялық ЭЕӨК деректерінің міндеттері мыналар болып табылады:



  1. қосылу пункттерін, коммерциялық есепке алу нүктелері мен нарыққа қатысушыларды тіркеу;

  2. ЭЕӨК құрамдас бөліктері бойынша осы тарау талаптарының сақталуын растау;

  3. бақылау жүргізілетін тіркелген ақпараттардың өзгерістерін тіркеу.

391. Коммерциялық есепке алудың әр өз кешені бойынша нарыққа қатысушы 393-397-тармақтардың талаптарына сәйкес ЖО-ға барлық қажетті деректер мен техникалық ерекшеліктерді беруі тиіс, ол ақпараттың дұрыстығын тексеруге және коммерциялық есепке алу санауыштарының ақпаратын сақтауға жауапты.

392. Әр тексеру құжаты осы тарау тармақтарында көрсетілген дәлдік деңгейін бақылау үшін қолданылады. Коммерциялық ЭЕӨК құрамдас бөлігінің әр өзгерісі мен қосылу схемасының әр өзгерісі туралы тіркеу үшін ЖО-ға тез арада баяндалуы тиіс. Коммерциялық ЭЕӨК деректерінің жаңартылған жазбалары тексерілген және ЭЕӨК иелері мен ЖО растаған болуы тиіс.

393. ЭКЕАЖ деректері ең кемінде мына ақпараттан тұруы тиіс.

Коммерциялық есепке алу пункті туралы ақпарат:



  1. коммерциялық ЭЕӨК-ның иесі, коммерциялық есепке алуды жүргізетін ұйым;

  2. нақты физикалық орналасқан жері;

  3. ЭКЕАЖ иелеріне берілген байланысатын тұлғалар мен телефон нөмірлері туралы ақпарат.

394. Есепке алу аспабын орнату жөніндегі ақпарат:

  1. есепке алу нүктелерінің бірдейлендіру кодтары;

  2. өлшеу құралдарының өндірушісі, түрі, моделі, серия нөмірі, шығарылған жылы мен дәлдік сыныбы;

  3. барлық аспаптардың техникалық ерекшеліктеріне, стандарттарға, номиналды және макималды токтарына, номиналды қосалқы кернеуіне, жұмыс диапазонына және дәлдік сыныбына қатысты (ток және кернеу трансформаторларының коэфиценттерін қоса алғанда) барлық деректер;

  4. тексеру сертификаттарын, тестілеу хаттамаларын және күнін қоса алғанда сынауға, прайдалануға енгізуге қатысты барлық ақпарат;

  5. құрылғыларды ауыстыру жөніндегі бағдарлама;

  6. тексеру және тестілеу, жөндеу жүргізу кестелері және қажет болған жағдайда жаңартылған тексеру сертификаттары. Объектіні соңғы бақылау күні, ЭЕӨК құрамдас бөліктерін соңғы тестілеу күні және ЭЕӨК құрамдас бөліктерін соңғы тексеру күні;

  7. қателіктерін көрсетумен ЭЕӨК-нің электр желілік ережеге сәйкестігі туралы куәлік:

395. Деректерді алмасу жөніндегі ақпарат:

  1. коммерциялық есепке алу деректерін алмасу үшін арналған мекенжайлары мен құпия сөздері;

  2. байланысты қамтамасыз етуге қатысты ақпарат, оған мыналар кіреді:

а. жабдықтың түрі, техникалық ерекшеліктері, интерфейс және байланыс протоколы.

  1. пайдаланушылар мен олардың қатынау құқықтары туталы ақпарат;

қауіпсіздікті қаматамасыз етуге қатысты ақпарат, қорғалатын жерде сақталуы тиіс.

396. Тараптар келіскен деректер алмасу және олардың дұрыстығын тексеру рәсімдері мыналардан тұруы тиіс:



  1. алгоритмдер;

  2. деректерді салыстыру әдістемесі;

  3. деректердің баламалы көздері.

397 Әр нарыққа қатысушы ЖО-ға өзінің әр коммерциялық есепке алу нүктелері бойынша мына жағдайларда жоғарыда көрсетілген деректерді береді:

  1. ЭКЕАЖ жұмысқа қашан қосылады;

  2. жаңа коммерциялық ЭЕӨК қашан орнатылады;

  3. коммерциялық ЭЕӨК-ге қайсыбір өзгерістер қашан енгізіледі.

398. Коммерциялық есепке алудың әр кешенінде бірдейлендіру коды (БК) болуы тиіс, ол он сегіз ондық разрядтардан тұрады. БК-ның құрылымы былайша болады:

 1

2

3



 5

 6

 7





10 

11 

 12

13 

14 

15 

16 

17 

18 

1-ші разряд – елдің коды. Кодтың мәні "1"-ден "9"-ға дейін болуы мүмкін, ЖО береді;

2-ші разряд – энергетикалық аймақтың коды. Кодтың мәні "1"-ден "9"-ға дейін болуы мүмкін, ЖО береді;

3-ші, 4-ші разрядтар – облыстың, қаланың немесе энергия торабының коды. Кодтың мәні "01"-ден "99"-ға дейін болуы мүмкін, ЖО береді;

5-ші разряд – субъектінің негізгі қызметінің коды. Кодтың мәні "1"-ден "9"-ға дейін болуы мүмкін, ЖО береді;

6-9-шы разрядтар – субъект белгісінің коды. Кодтың мәні "0001"-ден "9999"-ға дейін болуы мүмкін, ЖО береді;

10-11 разрядтар – субъектінің құрылымдық бөлімшесінің жеке коды. Кодтың мәні "01"-ден "99"-ға дейін болуы мүмкін, жобаны орындайтын ұйым береді;

12-14 разрядтар – субъектінің қосалқы станциясының дербес коды. Кодтың мәні "0001"-ден "9999"-ға дейін болуы мүмкін, жобаны орындайтын ұйым береді;

15-18 разрядтар – субъектінің коммерциялық есепке алу кешенінің дербес коды, жобаны орындайтын ұйым береді.

399. Коммерциялық есепке алу деректері коммерциялық есепке алудың деректер базасында сақталуы тиіс. Коммерциялық есепке алу деректері өзара есеп айырысу және электр желісін пайдалану мақсаты үшін қолданылатын барлық өлшенген, есептелген және сақталған мәндерінен тұрады.

400. ЖО коммерциялық есепке алу деректерін жинауды деректерді берудің келісілген хаттамасын қолданумен дистанциялық жолмен жүзеге асырады, өзара есеп айырысу мақсатында, сондай-ақ оларды нарыққа қатысушылардың қолдануы үшін коммерциялық есепке алудың деректер базасында олардың қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз етеді.

401. Коммерциялық есепке алудың өлшенген деректерін Жүйелік оператордың ЭКЕАЖ деректер базасына беру интервалы электр энергиясының көтерме сауда нарығының жұмысы үшін арналған есепке алу нүктелерінің маңыздылығына қарай ЖО келіседі және 12 сағаттан да көп болуы мүмкін.

402. ЭКЕАЖ иесі субъектінің ЭЕӨК-дан ЖО-ның ЭКЕАЖ-ына дейін ақпаратты қашықтықтан беру мен байланыс желісі жұмысының сенімділігін қамтамасыз етуі тиіс.

403. Егер қашықтықтан беру қол жетімсіз болатын болса, ЖО нарыққа қатысушымен тұрған жерінде сұратулар жүргізу жолымен тиісті деректерді алу туралы келісімге қол жеткізуі тиіс.

404. Коммерциялық есепке алу деректеріне мыналар кіреді:

коммерциялық есепке алу кешендерінен алынған активті және реактивті энергияның мәні;

ЖО орындайтын бастапқы деректер негізінде есептелген мәндер;

деректер болмаған жағдайда немесе деректер қате болған жағдайда еспетелген, түзетілген деректер.

405. Коммерциялық есепке алу деректері жиналған, өңделген, әкімшілік өңдеуден өткен болуы және олардың қауіпсіздігі мен құпиялығын қамтамасыз ете отырып, сақталған болуы тиіс.

406. Деректер коммерциялық есепке алу деректерінің базасында екі жыл бойы тез қатынауды қамтамасыз ететін форматта және келесі үш жыл бойы мұрағаттық форматта сақталуы тиіс.

407. ТҚ деректер қате болған жағдайда немесе деректер болмаған жағдайда деректердің дұрыстығы мен деректер алмасуды тексеруді жүзеге асырады.

408 Субъектінің ЭКЕАЖ сынақ жүргізіліп жатқан уақытта және күнделікті деректерді жинаған кезде ЖО мына шарттарды орындауы тиіс:

1) бірдейлендірілген есепке алу кодтары жорамалданған деректермен салыстырылған болуы тиіс. Егер оларда айырмашылық болатын болса, деректер жиналмайды, іркілу сигналы беріледі және осы тараудың тармақтарына сәйкес іркіліске тексеру жүргізіледі;

2) егер субъектінің ЭКЕАЖ-да ақпарат қол жетімсіз болса, ЖО ақпаратты жинамайды және іркіліс туралы сигнал беріледі, осы тараудың тармақтарына сәйкес іркіліске тексеру жүргізіледі;

3) егер субъектінің ЭКЕАЖ-мен байцланыс орнату мүмкін болмаса, ЖО іркіліс туралы сигнал береді және осы тараудың тармақтарына сәйкес іркіліске тексеру жүргізіледі;

4) субъектінің ЭКЕАЖ-дағы уақыты мен күні болжамдалған мәндермен салыстырылуы тиіс. Егер уақытта 10 минуттан көп айырмашылық болса және бір минуттан кем болса, деректерді жинау мен беру құрылғысының уақытын коммерциялық есепке алу деректерін жинау жүйесі түзетеді. Егер уақыт бойынша бір минуттан артық айырмашылық болатын болса, іркіліс туралы сигнал беріледі және осы тараудың тармақтарына сәйкес іркіліске тексеру жүргізіледі;

4) субъектінің ЭКЕАЖ берген сигналдар тексерілуі тиіс. Егер олардың қайсыбірі күмән келтіретін болса, ЖО іркіліс туралы сигнал береді және осы тараудың тармақтарына сәйкес іркіліске тексеру жүргізіледі.

409. Егер ЖО коммерциялық есепке алу кешеніндегі жұмыста іркіліс анықтаса, ЖО коммерциялық есепке алу кешені бар тарапты іркілісті анықтағаннан кейін 24 сағат ішінде хабардар етеді.

410. Егер коммерциялық ЭЕӨК деректері мен ЭКЕАЖ деректері арасында алшақтық болатын болса, мүдделі нарыққа қатысушы пайда болған алшақтықтың себебін болдырмаудың аса дұрыс келетін тәсілдерін айқындау үшін ЖО-мен хабарласуы тиіс және алдағы уақытта осындай алшақтықты болдырмау үшін келісілген іс-қимылдары қолданылуы тиіс.

411. ЖО коммерциялық есепке алу жүйесінің барлық оқиғалары мен коммерциялық есепке алу жүйесінің болған іркілістерінің осы тараудың регламенттеріне сәйкес тексерілуі және жойылуы үшін жауап береді. ЖО сонымен бірге нақты оқиғаға қарай барлық іркілістер туралы коммерциялық есепке алу кешені бар тарапқа, электр желілік компаниялар мен коммерциялық есепке алуды жүргізетін ұйымға баяндалып тұруы үшін жауапты.

412. Егер коммерциялық есепке алу деректерінің алшақтығы орын алған болса немесе егер ауыстыру рәсімін жүргізу қажет болса, ЖО коммерциялық есепке алу деректерін ауыстыруға жауапты және деректерді ауыстыру рәсімі мен тиісті нұсқаулықтарды нарықтың басқа қатысушыларымен кеңесе отырып, әзірлеуі тиіс.

413. Коммерциялық есепке алу деректері толығымен болмаған жағдайда немесе коммерциялық ЭЕӨК бұзылған жағдайда тараптар арасында келісілген әдістерді қолдана отырып, ауыстырылуы мүмкін.

414. Егер коммерциялық есепке алу деректері коммерциялық есепке алу кешенінен өзара есеп айырысу үшін қажетті уақыт ішінде алына алмайтын болса, онда ауыстырылатын деректердің мәнін ЖО нарыққа қатысушылармен келісілген әдісті қолдана отырып, дайындауы тиіс.

415. Нарыққа қатысушы ЖО-ға аудит жүргізуге ұсыныс бере алады. Ол нарыққа қатысушының ЭКЕАЖ деректер базасының деректері мен коммерциялық ЭЕӨК деректері арасындағы сәйкестікті анықтайды.

416. Егер осы тараудың тармақтарына сәйкес өткізілген коммерциялық есепке алу кешенін тексеру рұқсат етілетін қателіктен 1,5 есе асатын қателікті көрсететін болса, бірақ бұл негізделген қорытынды бойынша ЖО қайсыбір нарыққа қатысушыны шындап қамтымайтын болса, онда саналған деректерді ауыстыру талап етілмейді.

417. Егер коммерциялық ЭЕӨК деректері мен ЭКЕАЖ деректер базасының деректерінің алшақтығы орын алған болса, ал тексеру жүргізу үшін басқа да деректер көздеріне қатынау болмаса, онда коммерциялық ЭЕӨК деректері теріске шығару болмаған жағдайда жеткілікті болып саналады.

418. ЭКН субъектілерінің коммерциялық есепке алу деректерінен тұратын коммерциялық есепке алудың деректер базасы ЖО-ға тиесілі. ЖО-да коммерциялық есепке алудың деректер базасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі болуы үшін тек ЖО ғана оған қатынай алуы тиіс. ЖО төменде көрсетілген тараптардың әр қайсысының жазбаша ұсынысына жауап ретінде коммерциялық есепке алу деректерін және коммерциялық есепке алу санауышының деректерін береді. Бұл ақпарат сынақтарды растау, дауларды шешу, тексеру немесе ЖО тиімді деп санайтын басқа да кез-келген мақсаттар үшін арнайы беріледі. Барлық жағдайда да ақпарат мүмкіндігіне қарай тез, бірақ бір аптадан кешіктірілмей электронды түрде берілуі тиіс.

419. Деректерді сұратуға құқығы бар тараптар:

1) тиісті коммерциялық ЭЕӨК-сі бар және оны пайдаланатын тарап;

2) желіге қосу нүктелерінде барлық коммерциялық ЭЕӨК-ға қатысты электр желілік компаниялар;

3) коммерциялық есепке алуды жүргізетін, сынақтар мен жөндеу мақсаты үшін белгілі бір коммерциялық ЭЕӨК үшін жауапты ұйымдар;

1) және 2) тармақтарда санамалап көрсетілген тараптар үшін деректер алмасу үшін өнеркәсіптік пайдалануға қабылданған ЭКЕАЖ-дың болуы міндетті.

420. Коммерциялық есепке алудың барлық немесе бір бөлігінде авария болған жағдайда ЖО 24 сағат ішінде нарыққа қатысушыны және коммерциялық есепке алуды жүзеге асыратын ұйымды хабардар етеді. Бұдан кейін коммерциялық есепке алу жүйесі бар және оны пайдаланатын тарап іркілісті жою үшін және кешеннің мына уақыт кезеңдері барысында толық қуатты пайдалануға дайын болуы үшін жауапты болады:

1) авария өзара есеп айырысуды түгел қамтитын жерде коммерциялық есепке алу кешені тағы да 5 күн ішінде пайдалануға дайын болуы тиіс;

2) авария өзара есеп айырысуды шындап қамтымайтын жерде (мысалы, байланыс желіліренің авариясы) коммерциялық есепке алу кешені 15 күн ішінде пайдалануға тағы да дайын болуы тиіс.

421. Жоғарыда көрсетілген барлық жағдайларда пайдалануды қалпына келтіру туралы соңғы шешімді ЖО қабылдайды.

422. Коммерциялық есепке алу санауыштарын қоса алғанда, ЭКЕАЖ хронометражына қойылатын талаптар мыналар:



  1. олар Әмбебап үйлестірілген уақыттан (UTC) бір сағатқа озатын орта еуропалық уақытқа (CET) сәйкес белгіленуі тиіс. Жазғы уақытқа көшу орын алмауы тиіс;

  2. бастапқы санау кезеңі орта еуропалық уақытқа сәйкес 00:00:00 сағат уақытының бастапқы санау нүктесімен байластырылған болуы тиіс;

  3. ЭКЕАЖ деректер базасын үндестіру тек қана уақыт пен жиіліктің эталондық сигналдарын беру жүйесінің біріктірілген қабылдауышы (GPS, ГЛОНАСС, Galileo) немесе Қазақстан Республикасында эталондық деп танылған үндестірілген радиосигнал арқылы ғана жүргізілуі тиіс. Коммерциялық есепке алудың деректер жинағының әр циклі санауыш құрылғысының және деректерді жинау мен беру құрылғысының өзіндік уақытын осы тараудың тармақтарына сәйкес тексеруі және қажет болғанына қарай түзетуі тиіс;

  4. деректерді жинау мен беру құрылғысы мен санауышын үйлестіру коммерциялық есепке алу деректер жинағының бөлігі ретінде үндестірілетін эталондық сигнал арқылы жүиргізілуі тиіс. Бұл үндестірілетін эталондық сигнал коммерциялық есепке алу деректерін әр жинаған кезде автоматты түрде берілуі тиіс.

  5. әр санауыш пен деректерді жинау мен беру құрылғысы мен санауышы бойынша хронометраж бойынша қателіктің жалпы шегі, деректерді жинаудың әр кезеңі ішінде үндестірудің ықтимал іркілістерін есепке алумен 0,1% шегінде болуы тиіс. Коммерциялық есепке алу деректері +/-1 секунд дәлдік шегінде орнатылған болуы тиіс;

  6. бастапқы санаудың әр кезеңінің басталуы ±1 секунд шегінде болуы тиіс;

  7. әр бастапқы санау кезеңінің ұзақтығы осы кезеңде болатын синхрондау уақытын қоспағанда ± 0,1% дәлдік шегінде болуы тиіс;

  8. хронометраж бойынша қателіктің жалпы шектері 10 күнге дейін жалғасатын кезеңде санауышы бар коммуникацияның және/немесе деректерді жинау мен беру құрылғысының іркілісін есепке алумен мынадай болуы тиіс:

сұратудың әр кезеңінің аяқталуына қатысты ± 10 секунд шегінде;

үндестіру уақыты сұрату кезеңіне келетін жағдайларды қоспағанда сұратудың әр кезеңінің ұзақтығына қатысты ± 0,1 % шегінде.

423. Барлық коммерциялық есепке алу санауыштары мынадан өтуі тиіс:


  1. бастапқы тексеруден.

Барлық коммерциялық есепке алу санауыштары мемлекеттік стандартпен қолдануға рұқсат етілген болуы және коммерциялық пайдаланар алдында тексерілген болуы тиіс. Бұл тексеруді кез-келген уәкілетті тұлға немесе ұйым, аккредиттелген уәкілетті орган орындайды. Тексеру жүргізілгені туралы растау калибрлеу/тексеру актілері мен хаттамалар нысанында, сондай-ақ коммерциялық есепке алу санауыштарының дәлдік сыныбына сәйкестігін куәлендіретін тексеру сертификаттары нысанында болуы тиіс.

2) мерзімді тексерістер мен тестілеулер.

Коммерциялық есепке алу санауыштары осы таруда көрсетілген интервалдарға сәйкес тұрақты түрде сыналады, мерзімді түрде тексеру мен тестілеуден өтеді.

Өлшеу құралдарын тестілеу –өлшеу құралдарының қателіктерін орнатылған жерінде айқындау және оның қолдануға жарамдылығын анықтау.

Тестілеу жүргізген кезде тестілеу сәтінде тоқ есепке алу нүктесінде өткен кезде санауыштың салыстырмалы қателігі айқындалады. Тестілеу санауыштың эталонын қолданумен санауыш орнатылған жерде жүргізіледі. Тексеру сәтіндегі токтың мәні тексерілетін және эталондық санауыштардың қателіктері нормаланатын диапазонда болуы тиіс. Эталондық санауыштың дәлдік сыныбы тексерілетін санауыштың дәлдік сыныбынан кем дегенде екі есе болуы тиіс.

424. Коммерциялық есепке алу санауыштарын тексеру мен тестілеу интервалдары.

Тексерулер пайдалану осы тарауда көрсетілген қателіктердің берілген шектері шеңберінде жүргізілетінін тексеру мақсатында белгілі бір интервалдарға сәйкес жүргізілуі тиіс. Барлық тексерулер мен тестілеудің күні мен нәтижелері коммерциялық есепке алу тізіліміне енгізу үшін ЖО-ға берілуі тиіс. Сонымен қатар, жоспарланғаннан тыс қосымша арнаулы сынақтар талап етілуі мүмкін.

"Тексеру мен тестілеу интервалдары» кестесі




Қосылыстар қатары

500кВ және одан жоғары, 200МВт және одан жоғары генераторлар,

жыл


220кВ және одан жоғары, 200МВт төмен генераторлар,

жыл



Коммерциялық есепке алудың статикалық санауыштарын қайтадан тексеру интервалы

Өлшеу құралдары түрінің сипатына сәйкес

Өлшеу құралдары түрінің сипатына сәйкес

Тестілеу интервалы

2

3

425. Барлық өлшеу трансформаторлары мыналардан өтеді:

1) бастапқы тексеру.

Техникалық реттеу және метрология комитеті өлшеу трансформаторларын пайдалануға рұқсат берген болуы тиіс және Қазақстан Республикасы стандарттарының, басқа да нормативтік құжаттар мен осы Ереженің ерекшеліктері мен талаптарына сәйкес оларды пайдалануға енгізуге дейін тексерілуі тиіс. Тексеру жүргізілгені туралы растау сынақтар нәтижелері, өлшеу трансформаторларының дәлдік сыныбына сәйкестігін куәландыратын тексеру сертификаты нысанында болуы тиіс. Бұл ақпарат коммерциялық есепке алу тізіліміне енгізу үшін ЖО-ға беріледі.

2) мерзімді тексеру мен тестілеу

Өлшеу трансформаторлары үшін жүргізілетін мерзімді тексеру өлшеу құралдары түрінің сипатына сай, ал ол болмаған жағдайда 12 жылда 1 рет, тестілеу 6 жылда 1 рет белгіленеді.

3) барлық өлшеу трансформаторларының ЭЕӨК-ның ЭЖЕ-ге сәйкестігін куәландырар алдында тексеру туралы қолданылып жүрген куәлігі болуы тиіс.

426. ЭКЕАЖ тестілеу мына мақсаттарда жүргізіледі:

1) коммерциялық ЭЕӨК мен ЭКЕАЖ деректер базасының арасындағы көрсеткіштердің айырмашылығын анықтау. Есептік уақыт интервалындағы санауыш көрсеткіштері мен ЭКЕАЖ деректер базасының көрсеткіштері арасындағы айырмашылық 0,1 %-дан аспауы тиіс. Егер айырмашылық бұл көлемнен асатын болса, онда акт жасалады және ЭКЕАЖ ақаулықтарын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді. Тестілеу жыл сайын есепке алудың барлық нүктелері үшін жүргізіледі.

2) коммерциялық ЭЕӨК-нің және онымен байланысты жабдықтың, атап айтқанда, пломбалар мен таңбалардың бүлінуінің не болмаса оларды қылмыстық пайдаланудың болмауы;

  427. Тестілеу кезінде табылған барлық олқылықтар тез арада Жүйелік операторға беріледі, ол осы тараудың тармақтарына сай тексеру жүргізеді.

428. Қателік болған немесе күмәнді қателік табылған жағдайда ЖО мына рәсімді бастайды:

1) 24 сағаттың ішінде нарыққа қатысушыны, электр желілік компанияны және коммерциялық есепке алуды жүзеге асыратын ұйымды хабардар етеді;

2) қажет жерлерде коммерциялық есепке алудың жергілікті санауышынан көрсеткіштерді жинау туралы өкім береді;

3) жауапты кәсіпорынға 420-421-тармақтарға сәйкес проблемаларды тексеру және жою туралы өкім береді.

429. Егер коммерциялық есепке алу кешенін сынау немесе тексеру осы тараудың тармақтарында көрсетілген қателіктердің көлемінен де көп қателіктерді көрсететін болса, ал ЖО қателік қашан болғанын анықтамаған болса онда қателік соңғы ұтымды жүргізілген сынақ немесе ұтымды жүргізілген тексеру уақыты мен қателік табылған уақыт арасындағы кезеңде болды деп саналады.

430. Егер жоғарыда көрсетілгендей есепке алу деректерін қайсыбір ауыстыру талап етілген болса, ЖО ықтимал қателік болған кезеңдегі қателікті түзету мақсатында 412-417-тармақтарына сәйкес есепке алу деректерін келісілген түрде ауыстыруды ұсынуы тиіс.

431. Коммерциялық есепке алуды жүзеге асыратын барлық ұйымдар төменде санамалап көрсетілген міндеттерді орындар алдында коммерциялық есепке алуды жүзеге асыратын ұйым ретінде МЕМСТАНДАРТпен аккредиттелген және уәкілеттік берілген болуы тиіс.

432. Коммерциялық есепке алуды жүзеге асыратын ұйымдар мына функциялардың орындалуын растауы тиіс:

1) коммерциялық есепке алудың бұл тарауында белгіленген дәлдікке қойылатын талаптарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы мен басым рәсімдердің талаптарына сәйкес ақ коммерциялық есепке алу жүйелерін жобалау, орнату, пайдалануға табыс ету, сондай- тексеру;

2) параметрлерді тексеру, құжаттау және орнату;

3) коммерциялық есепке алу кешендерін және коммерциялық есепке алу жүйелерін сынау, тексеру және оларға техникалық қызмет көрсету;

4) (ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2004 жылғы 16 қыркүйектегі №222 бұйрығымен тармақша алынып тасталды).

433. Коммерциялық есепке алу жүйесін жобалауға, орнатуға, пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге, сынауға, тексеруге және жаңалауға кететін барлық шығындарды, сондай-ақ байланыс арналары мен деректерге қатынау шығындарын коммерциялық есепке алу кешендері мен жүйелерінің оларды пайладанушылар иелері көтереді.

      


 

жүктеу 1,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау