12.3.Индуктивтік датчиктер
Индуктивтілік датчиктерінің жұмысы орауыш индуктивтілігіне не-
месе магниттік тізбек параметрлері өзгерген кезде трансформатордың
өзара индуктивтілігіне негізделген. 12.9-суретте қарапайым индук-
тивтілік датчигі көрсетілген. Ол ауа саңылаулы магнит өткізгіште орна-
ласқан индуктивтілік орауышы. Кіріс мəндер (қысым, орын ауыстыру
жəне т.б.) ауалық саңылауды δ өзгертеді, ол өз кезегінде орауыш индук-
тивтілігінің
L
өзгеруіне алып келеді. Сəйкесінше тəуелділікті табуға бо-
лады
L = f(Х
). Саңылауы бар дроссель индуктивтілігі (генри) төменгі
формуламен анықталады
L=
R
0,4πώ
2
+ 2δ
10
-8
м
S
Бұл жерде
w
— орауыш орамдарының саны;
R
—
магнит өткіз-
гішінің магниттік кедергісі; δ — ауалық саңылаудың өлшемі;
S
— ора-
уыштың көлденең қимасының ауданы.
Дроссельдің толық кедергісі
Z
= √
R
2
+ (
wL
)
2
,
Бұл жерде
R
— дроссельдің белсенді кедергісі;
ωL
— орауыштың
индуктивті кедергісі.
Толық кедергінің ауа саңылауының шамасынан тəуелділік графигі
195
бас
Сурет-12.9. Қарапайым индуктивті
датчик
Сурет-12.10. Индуктивті датчиктің
сипаттамасы
12.11-сурет. Трансформаторлық типтегі индуктивтік датчик
12.10-суретте көрсетілген. Келтірілген қисықтық гиперболаны қамти-
ды.
Әдетте сызықтық аумаққа жақын саңылаудың δ
бастапқы мəнінен
оның кішіреюі жағына қарай сипаттамасын қолданады.
Трансформаторлық типтегі индуктивті датчик 12.11-суретте кел-
тірілген. Алғашқы орауыш амплитуда бойынша тұрақты айнымалы
токпен қоректенеді. Шығыс кернеу екінші орауыштан алынады.
Ауа саңылауының өзгеруі магниттік тізбектің магниттік кедергісінің
өзгеруіне алып келеді, сəйкесінше екі орауыштан да өтетін магниттік
ағын да өзгеріске ұшырайды. Осылайша, магниттік ағын да, екінші
ЭҚК да ауа саңылауына тəуелді, яғни оның кіріс шамасына тəуелді.
Сипатталған датчиктердің кемшіліктері якорь тартылыс күшінің бо-
луы. Ол ауа саңылауының көлеміне, трансформаторлық датчиктегі ЭҚК
бастапқы мəніне немесе орауыш арқылы бастапқы токтың өтуіне тəу-
елді.
Индуктивті датчиктерінің негізгі артықшылықтары - олардың
құрылысының қарапайымылығы, сенімділігі, сырғымалы түйіспесінің
болмауы, шығыс қуатының жоғары болуы жəне өндірістік жиілікте жұ-
мыс жасау мүмкіндігі. Мұндай датчиктер қозғалтқыштың айналмалы
моментін өлшеу үшін жылдамдатқыш датчиктер жəне т.б. ретінде қол-
данылады.
196
X
Х
Достарыңызбен бөлісу: |