24
2-ТАРАУ
ЭЛЕКТР ТҮЙІСПЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР
ТІЗБЕКТЕРІНІҢ КОММУТАЦИЯСЫ
2.1.
Электр түйіспелері туралы жалпы
мәліметтер
Электр тізбегіндегі
екі ток өткізуші элементтердің қосылысы электр
контактісі деп аталады. Жанасушы өткізгіштер деп түйіспе-детальдер
немесе жай түйіспелер аталады. Түйіспе
қосылысының сенімділігіне
электр аппаратының өзінің жəне олармен басқарылатын тізбегінің қа-
лыпты жұмысы тəуелді болады. Бұл сенімділік əдеуір дəрежеде бір түй-
іспеден екіншісіндегі токтың өту аймағында үлкен электр кедергісіне
қатысты –
ауыспалы кедергімен
анықталады. Түйіспенің
жанасу бет-
тері қаншалықты мұқият өңделсе де электр тоғы бір контактіден жеке
нүктелердегі басқасына өтеді, бұл беттері бір-бініне жанасады, себебі
мүлдем тегіс бетті оны өңдеудің қандай əдісі болмасын алуға болмайды.
Осы құбылыстың үлгілік картинасы 2.1-суретте берілген. Дөңестің
басқа шыңындағы бір контактіні басу арқасында деформацияланады
жəне түйіспелердің нақты жанасу алаңдары түзіледі.
Екі цилиндрлік түйіспелердің бүйірлерімен
жанасуы кезінде бір
түйіспеден екіншісіне токтың өту процесін қарастырамыз.
Түйіспелердің а радиусымен шеңбер пішінінде тек бір жанасу ауда-
ны болады деп санайық (2.2 - сурет,
а
). Пластикалық деформация кезін-
де радиустың мəнін келесі өрнектен табуға болады
π
а
2
=
F
/σ,
(2.1)
2.1
-сурет. Электр түйіспесінде токтың өтуінің үлгілік картинасы
25
R
п
2.2-сурет. Бір нүктелі түйіспеде токтың жайылуының идеалдандырылған
картинасы:
а
— токтың бір жерге жиналу облысы;
б
— ток өрісінің ф потенциалдарының
картинасы
мұндағы
F
— түйіспелердің басу күші; σ — түйіспе материалын майы-
стырудың уақытша кедергісі.
Ток желісінің жанасу ауданында бір жерге жиналуы нəтижесінде ток
жолы өзгереді. Іс жүзінде ток өтетін
өткізгіш қимасы аз болады, бұл
кедергінің ұлғаюын тудырады. Бір жерге жиналу облысындағы токтың
жайылу картинасы жартылай шексіз ортадағы а радиусымен тегіс диск-
тен токтың жайылу картинасына ұқсас.
Жазылу облыстарының өлшемдері түйіспе заттарының өлшемдері
бойынша аз
болғандықтан, нақты түйіспелерді жартылай шексіз зат-
тармен алмастыруға болады. Жанасудың бір дөңгелек ауданы болатын
екі жартылай шексіз денесі үшін электр потенциалдары φ мен ток өрі-
стерінің картинасы 2.2,
б
-суретте берілген.
Эквивалентті беттері айналудың жартылай эллипсоидтары, ток сы-
зықтары – ортақ фокусы бар гипербола болып табылады. Мұндай түй-
іспелерде токтың өтуінің идеаландырылған картинасы үшін кедергі ке-
лесі өрнекпен
анықталады
= ρ/(2а),
(2.2)
мұндағы
r
— түйіспе материалдарының шекті электрлік кедергісі.
(2.2) формуласы егер түйіспе затының кесе-көлденең өлшемдері жа-
насу алаңының диаметрінен кемінде 13 есе артса, 5 % дейін қателікпен
дұрыс болады. Көптеген тəжірибелік жағдайларда көрсетілген шарт
сақталады, себебі жанасу аудандарының өлшемдері əдетте миллиметр
үлесінен артпайды.
(2.1) формуласы бойынша аудан радиусын а тауып жəне оның өрне-
гін (2.2)-формудаға қойып, аламыз: