Элективті пәндердің каталогы Мамандық В011500 «Құқық және экономика негіздері»



жүктеу 0,6 Mb.
Дата25.05.2018
өлшемі0,6 Mb.
#17326

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет





Элективті пәндердің каталогы
Мамандық 5В011500 «Құқық және экономика негіздері»
(оқу мерзімі – 3 жыл, оқу тілі – қазақ)

Қарағанды – 2016-2017

Қарағанды экономикалық университетінің оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылған элективті пәндер каталогы (хаттама № 5 « 31» марта 2016ж.). Қарағанды, ҚҚЭУ 2016.

Каталог өзіне элективтік пәндер тізімін (таңдау бойынша компонентті), сондай-ақ мамандық бойынша олардың бағдарламаларының қысқаша курсын қосады. ҚҚЭУ оқытушылары мен студенттеріне арналған.

СТУДЕНТКЕ ЕСКЕРТПЕ

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің құрметті студенті!
Сіздердің алдарыңызға Элективтік оқу пәндерінің каталогы ұсынылуда.Бұл жүйеленген аннтотацияланған элективті оқу пәндерінің тізбесі. Ол сіздерге оқудың жеке кеңістігін өзіндік, жылдам, иілгіш және жанжақты қалыптастыру мүмкіндігін жасау мақсатымен құралған. Бұл сіздердің жеке оқу жоспарларыңызды жасау үшін көмекші болып табылады.

Оқытудың кредитті техгологиясы кезінде барлық оқу пәндері 3 циклға бөлінеді – Жалпы білім беру (ЖББ), Базалық (БП) және Профильденген (ПП). Бұл циклдардың әрқайсысының ішіндегі оқу пәндері 2 түрге бөлінеді – Міндетті компонент және Таңдау бойынша компонент (элективтік, яғни таңдамалы оқу пәндері).

Міндетті компонент пәндері мамандық бойынша білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен бекітілген және берілген мамандықтың барлық студенттерімен оқытылады.

Элективтік оқу пәндері Сіздерге оқу үшін кафедралармен ұсынылады. Элективтік оқу пәндерінің тізбесінен сіздер өздеріңізге қызықтыларын таңдап алуларыңызға болады. Сонымен, Сіздің жеке оқу жоспарыңыз оқу пәндерінің әр циклы бойынша өзіне 2 бөлімді қосады: Міндетті компонент және Таңдау бойынша компонент (элективті оқу пәндері).



Өздеріңіздің жеке оқу жоспарларыңызға қосу үшін элекивті оқу пәндерінің Каталогы көмегімен қалай таңдау қажет?

  1. Тізімнен өзіңіздің курсыңыз бен оқу семестріңізді тауып алыңыз.

  2. Типтік оқу жоспарымен элективті оқу пәндеріне барлығы қанша кредит бөлінетінін біліңіз.

  3. Элективті оқу пәнінің тізімімен танысыңыз. Оқу пәндері сәйкес нөмірімен таңдау бойынша курстарға біріктірілгендігіне көңіліңізді аударыңыз. Элективті пәндердің әр тобынан тек қана бір элективті оқу пәндерін таңдауға болады.

  4. Сіздерді қызықтырған элективті оқу пәндерінің түсініктемелерін оқыңыз және өзіңіздің таңдауыңызды жасаңыз.

  5. Сідердің таңдаған кредит саны Типтік оқу бағдарламасы бойынша талап етілген санға сәйкес келетіндігін тексеріңіз.

  6. Сіздерге элективті оқу пәндерін таңдауға көмекті сіздің эдвайзеріңіз жүзеге асырады.


ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР


Пәндер циклы

Пән коды

Пән атауы

Несие саны.

Семестр

1 курс

Таңдау бойынша курс 1

БП

KKTT1210

Кооперативтік қозғалыстың тарихы мен теориясы

2

1

Mad 1210

Culture science (Мәдениеттану)

Таңдау бойынша курс 2

ЖББП

Din 1106

Дінтану

2

2

SKIT 1106

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы

Таңдау бойынша курс 3

БП

KN 1211

Bases of right (Құқық негіздері)

2

1

SZhК: КEА 1211

Anti-Corruption: legal and economic aspects (Сыбайлас жемқорлыққа күрес: құқықтық және экономикалық аспектілер)

Таңдау бойынша курс 4

БП

KRMKT 1212

ҚР мемлекет және құқық тарихы

3

2

KRKK 1212

ҚР Конституциялық құқығы

Таңдау бойынша курс 5

БП

AА 2216

Әлеуметтік ауытқулар

3

1

BP 2216

Басқару психологиясы

Таңдау бойынша курс 6

БП

PMK1217

Педагогикалық мамандыққа кіріспе

3

2

Imі 1217

Имиджелогия

Таңдау бойынша курс 7

ПП

PT1306

Педагогика тарихы

3

1

JAP1306

Жалпы және әлеуметтік педагогика

Таңдау бойынша курс 8

БП

Kak1220

Қақтығыстану

3

1

KB1220

Қызметтік басқару

Таңдау бойынша курс 9

ПП

AS 1311

Әлеуметтік саясат

3

2

AM 1311

Әлеуметтік менеджмент


Таңдау бойынша курс 1

Кооперативтік қозғалыстың тарихы мен теориясы

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, Дүниежүзілік тарих

Постреквизиттері: Микроэкономика, Экономика теориясының негіздері, Әлеуметтік саясат, ҚР кәсіпкерлік құқығы.

Мақсаты: «Кооперативтік қозғалыс тарихы мен теориясы» жалпы білім беру пәніне жатады. Ол қоғамның белгілі қатынастарын зерттейді және студенттерге жан – жақты білім беруге бағатталған. Пән адамдардың экономикалық, әлеуметтік, саяси – құқық, мәдени жан – жақты байланыстарын, іс- қимылдар процесімен топтастыруға құралын тигізеді.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Кооперативтік қозғалысының пайда болуы. Кооперацияның әлеуметтік – экономикалық табиғаты мен мәні. Кооперативтік идеология. Капитализм жағдайындағы кооперативтік қозғалыс. Әкімшілік - әміршілдік экономикалық жағдайдағы кооперативтік қозғалыс. Нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі кооперациялық қозғалыс. ҚР – ғы кооперативтік қозғалыс. Қазіргі заманғы халықаралық кооперативтік қозғалыс.



Күтілетін нәтижелер:

- Білім және түсінік. Кооперативтік қозғалыс тарихын оқу саласында білім мен түсінігін көрсету. Осы пәнді оқыту орта білімнің негізінде іске асырылады. Даярлау бағдарламасы қазіргі заманға сәйкес оқулықтардың, кооператив заңдарының көмегімен іске асырылады.

- Практикада білімдері мен түсіну қабілеттілігін пайдалану. Өзінің білімі мен түсінігін кәсіптік көзқарасын өз қызметінде қолдана алу. Теория мен практиканың байланысын көрсету. Практикада теориялық білімдерін пайдалану. Теориялық білімдерді кәсіби қызметке айналдыру.

- Әлеуметтік, ғылыми немесе әдептік мәселелер бойынша пікірлерін білдіру үшін, қажетті деректерді жинау және түсіндіру. Дәлелдемелер мен дәлеледерді құрау. Ақпараттық іздеу қызметін іске асыру. Талдамалы қызметін іске асыру. Сыни талдау дағдыларын меңгеру.

- Коммуникациялық іскерлік. Әртүрлі аудиторияларда ақпараттық идеяны, мәселелерді көрсетіп айту. Аудиторияның ерекшелігін есептей отыра, ақпаратты әр нысандарда көрсету.

- Жоғары дәрежелі өзіндігі бар оқуды жалғастыру үшін қажет болатын іскерлікті, дағдыларды дамытып, қалыптастыруға қабілетті. Жеке тұлғалық және кәсіби өзін-өзі жетілдіруде қажеттілікті дамыту және өзіндік жұмыстың дағдыларын жетілдіру.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: аға оқытушы., доцент Адамбекова С.М.
Culture science (Мәдениеттану)

Prerequisites: “History of Kazakhstan”

Post-requisites: “Philosophy”, “Sociology”, “Political Science”.

The purpose of course – development of the assimilation of the foundations of cultural knowledge.

Brief description of the course: the most important problems of history and theory of culture; formation of representations about laws of development of world cultures; preparation for professional activity in multicultural society; formation of skills to distinguish dominant in a particular culture values and meanings that constitute historical and cultural identity.

Expected results: the student should:

  • Possession of the basic conceptual apparatus of cultural studies; basics of knowledge about the patterns and factors of socio-cultural development of society; to have an idea about culture as a socio-historical phenomenon; on the methods of acquisition, storage and transmission of basic values of culture, the patterns of generation and adoption of innovations in culture;

  • To apply theoretical knowledge in practice, intra and intercultural communication; to understand the role of culture in the process of social self-organization and self-regulation of the communities; anticipate social- economic, ecological and ethical implications of professional activity;

  • To use methods of information search and analytic-synthetic activity in the solution of thematic tasks; to be able to express opinions on social, scientific or ethical issues and to interpret socio-cultural processes, phenomenon and facts on the basis of scientific critical analysis;

  • Provide information in various forms of communications taking into account the specifics of the audience; to organize and participate in collaboration with professional and surrounding community, working in groups, hold different social roles in the team; to build a dialogic relationship and go for a reasonable compromise;

  • Improve skills of independent work, to develop skills and interest in creative activities, the need for continuous self-education, shaping the moral, aesthetic and social goals, as necessary for the formation of worldview and achieving personal success and for activities in the public interest.

Full name of the master teacher: master teacher Manassova M.M.
Таңдау бойынша курс 2

Дінтану

Пререквизиттері: Қазіргі заман тарихы, Дүниежүзілік тарих.

Постреквизиттері: ҚР әкімшілік құқығы, ҚР азаматтық құқығы, Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, Әлеуметтік менеджмент, Акмеология, Этнопедагогика.

Мақсаты: Қазігі таңда Қазақстан Республикасында жүз отыздан астам ұлт өкілдері тұрады, демек елде бірнеше діндердің өкілдері бар, олардың арасында бейбітшілік елбасының дұрыс әлуметтік саясатының нәтижесінде сақталып келеді. Аталған пән осы жолдың барысында демеу жасап келеді. Дін дегеніміз не? және конфессиялармен әлеуметтік жұмыс деген не? Осы пікір-таластың негізінде дүниеге көзқарас, адамдардың әлеуметтік жағдайлары жатыр.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Дінтану пәні. Дінтанудың ертедегі формалары. Конфуция. Даосизм. Индуизм. Иудаизм. Буддизм. Ерте христианшылдық. Провослав діні. Католицизм . Протестантизм . Ислам . Дәстүрлі емес діни бағыттар . Діни экстремизм профилактикасының әдістері . Діни конфесиялармен әлеуметтік жұмыс.



Күтілетін нәтижелер:

- Басқа да әлеуметтік - гуманитарлық пәндер мен бірге дін бүтін дүниетанымды құрастырды. Дінтануды меңгеру студенттерде ойлау қабілетін, өзіндік идея, ой-пікірлерін қалыптастыруын, ғылыми – зерттеу жұмыстарын үйренуге, өмірдің күрделі құбылыстары мен процестерін талдауға негіз салады. Дінтану жас мамандарға сенімді дүниетанымдық және әдістемелік негіз болуы керек.

- Семинар сабақтары болашақ мамандардың ғылыми – теоретикалық деңгейі мен халық мәдениетінің жоғарылауы, діни білім жүйесін меңгеруге көмектеседі. Семинар сабақтарында қарсыластарына деген сын көзқарас, өз көзқарастарын жеткізе білу шеберлігі, өз бетімен және шығармашылық ойлау қабілеттерінің өсуі, белсенділік қалыптасады. Семинар сабағының жоспарында дінтану сабағында талқылайтын сұрақтар болады.

- Дінтануды жақсы меңгерудің негізі – алғашқы көздерді талдап оны конспектілеуде өзіндік жүйелі жұмыс жасау. Алғашқы көздер дегеніміз, ерте және қазіргі замаңғы діни ойдың классиктерінің жұмыстарымен танысу. Көмекші қосымша материал ретінде дінтанудан көптеген оқулықтарды пайдалануға болады.

- Дінтануды оқудың тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне негізделген қазақ жеріндегі жеке меншіктің, жер меншігінің, жекелеген объектілеріне және де мемлекеттік құрылым мен әлеуметтік құрылымның жүзеге асырудың ерекшеліктерін көрсететін презентациялар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады.

- Тұрақты түрде тұлғаның кәсіби өсуіне қажеттілік жасау.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр, оқытушы Тутинова Н.Е.
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы

Пререквизиттері: Қазіргі заман тарихы, Дүниежүзілік тарих

Постреквизиттері: Адамзат дамуы

Мақсаты: Саяси және құқықтық ілімдер тарихы теория мен доктриналарды, саяси жөне кұқықтық ойлардың негізгі бағыттарын, мемлекет жене құқық теориясы мен философиясы сферасындағы атақты ойшылдар мен ғалымдардың ілімдерін зерттеу.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәні және теориялық мәселелері. Ежелгі дүниедегі саяси және құқықтық ілімдер. Ежелгі Үнді және Ежелгі Қытайдың саяси және құқықтық ілімдері. Орта ғасырдағы және Қайта өркендеу дәуіріндегі саяси және құқтық ілімдер. Орта ғасырлардағы Еуропаның саяси және құқықтық ілімдері. Орта ғасырдағы Еуропаның саяси және құқықтық ілімдері. Қайта өрлеу дәуіріндегі Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер. ХҮІІ-ХҮШ ғғ. саяси және құқықтық ілімдері Голландия мен Англиядағы ХҮІІ-ХҮШ ғғ саяси және құқықтық. ХҮШ-ХІХ ғғ. басындағы Франциядағы саяси және құқықтық ілімдер. Тәуелсіздік үшін күрес кезеңіндегі АҚШ-тағы саяси және құқықтық ілімдер. ХҮІІІ - XIX ғ. басындағы Германиядағы саяси және құқықтық ілімдер. XIX ғ. I жартысындағы Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер. XIXғ. екінші жартысы- ХХ ғ. саяси және құқықтық ілімдер. XIX ғ. II жартысы- XX ғ. басындағы Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер. XIXғ. екінші жартысы- ХХ ғ. саяси және құқықтық ілімдер. XIX ғ. II жартысы- XX ғ. басындағы Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер. XIX ғ. II жартысындағы - XX ғ. басындағы Қазақстандағы саяси-құқықтық ойлар.




Күтілетін нәтижелер:

- Пәнді оқыту кезінде студенттер саяси құқықтық ілімдер тарихы, дүние жүзі тарихындағы құқық, мемлекет пен сол елдердің заңдары мен мемлекеттік құрылымы, әлеуметтік құрылысына тоқталып толық түсініктерді меңгереді.

-Пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолданады. Студенттердің пән бойынша тарихи кезеңдерінде әр түрлі ситуацияларға құқықтық нормаларды дұрыс қолдана білуге дағдыланады.

- Көне, орта, жаңа, қазіргі кезең дәуірлеріндегі саяси ойлар мен шығармалар арқылы студенттерге теориялық білім беру. Саяси құқықтық ілімдер тарихы қазіргі жағдайда заңгерлер үшін қажеттті пән болғандықтан ойлар мен теорияларға анализ жасау: осыған байланысты студенттерге қазақстандық ғалымдардың монографиялық зерттеулері мен халықаралық құқық саласындағы мәселелер бойынша мерзімді баспасөзде жарияланған мәліметтермен жұмыс жүргізіп, мақалаларға талдау жасау, ондағы идеяларды бағалай білуі қажет.

-Саяси құқықтық ілімдер тарихын оқудың тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне негізделген қазақ жеріндегі жеке меншіктің, жер меншігінің, жекелеген объектілеріне және де мемлекеттік құрылым мен әлеуметтік құрылымның жүзеге асырудың ерекшеліктерін көрсететін презентациялар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады.

- Тұрақты түрде тұлғаның кәсіби өсуіне қажеттілік жасау.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: аға оқытушы., доцентАдамбекова С.М.
Таңдау бойынша курс 3

Bases of right (Құқық негіздері)

Prerequisites: prior to the beginning of the given course the legal and historical knowledge is necessary, which students had to receive in high school, college by studying: state and law bases, person and a society, etc.

Postrequisites: knowledge on the given discipline is necessary in any sphere of public and state activity and certainly for studying of all branches of jurisprudence.

The purpose of discipline teaching. The purposes of discipline teaching of ‘Bases of law’ are education of the Kazakhstan patriotism, forming outlooks trained, increase public and to the individual sense of justice and the legal culture, representing itself as necessary conditions of perfection of legal statehood in the Republic of Kazakhstan.

Course’s main objective is preparation of highly skilled experts in perfection knowing bases of law and state, and also studying of questions of development and law and state perfection, as continuous process on a way of construction of a legal state. In the Republic of Kazakhstan rules of law are updated dynamically, causing and providing carried out reforms. Modern conditions show high requirements to the expert with the higher and secondary-special education, including in the field of law bases. Nowadays legal knowledge and legal consciousness of a legal subject as protection of the rights and freedom of the person and the citizen, being a basis of legal state is impossible without high level of legal culture of a society is especially important. To know the core of norms and principles allows to be guided basic branches of modern law, to understand bases of system of the legislation of the Republic of Kazakhstan and successfully use of laws and executive orders in the professional work.

Educational discipline ‘Bases of law’ is devoted to the basic concepts about state, basic concepts about the law and the legal phenomena. In educational course are considered: bases of constitutional law, the constitutional bases of position of the person and the citizen in the Republic of Kazakhstan, constitutional bases of a social order of the Republic of Kazakhstan, an electoral system, bases of administrative law, a bases of civil law in the Republic of Kazakhstan, intellectual property law, the law of succession inheritance law, bases of family law, law-enforcement authorities in the Republic of Kazakhstan, a bases of financial law, budgetary law, bases of tax law, legal regulation of investment relations, bases of labor law and the law of social security, bases of criminal law, anti-corrupt practices in Kazakhstan, bases of ecological law, bases of procedural law of the Republic of Kazakhstan.

Brief description of the course: The basic concepts about the state, the law and the state-legal phenomena.Bases of Constitutional law of the RK.Bases of Constitutional law of the RK.Law-enforcement authorities and court of the RK.Public administration in the Republic of Kazakhstan.Bases of administrative law of the RK.Bases of civil and family law of the RK.Bases of civil and family law of the RK.Bases of financial law of the RK .Bases of financial law of the RK .Labour law and welfare law of the RK.Labour law and welfare law of the RK.Bases of ecological and ground law of the RK.Criminal law of the RK.Procedural law of the RK

Expected results:

- be able: to analyze available opinions of scientists on various problems of bases of the state and law; to estimate some sights which have become outdated from modern point of view, and also new concepts and doctrines, which have received a general recognition in the legal scientific world.

- know: initial concepts and positions of stateformating and jurisprudence; the basic and additional monographic literature on state and law bases; the maintenance of concrete laws, an order of legal procedures, etc.

Full name of the master teacher: master,senior teacher Orynbekov A.S.

Anti-Corruption: legal and economic aspects (Сыбайлас жемқорлыққа күрес: құқықтық және экономикалық аспектілер)

Prerequisites: For the successful development of this course, students should study the criminal law, criminal procedural law, penal law, criminology. In the analysis of law enforcement practice students need the knowledge of philosophy, sociology, logic, constitutional law, theory of law, administrative law, statistics and other specific and general studies, which are adjacent and interconnected with this course.

Postrequisites: Contemporary issues of Criminal Law, Contemporary issues of the Republic of Kazakhstan legislation on criminal procedure, problems of criminal - executive law of RK, Criminology.

The purpose of discipline teaching "Corruption counteraction: legal and economic aspects” is a broadening and deepening students’ knowledge about the patterns of corruption, the formation of ideas about the kinds of corruption offenses and their correct and reasonable skill in modern conditions.

Brief description of the course:The concept and content of corruption. Forms of corruption offenses.The legal basis for the counteraction against corruption in the Republic of Kazakhstan.

Issues of qualification of embezzlement of entrusted property and fraud.Issues of qualification of pseudo-entrepreneurship, and performing actions on the recording of the invoice, without the actual execution of works, provision of services, goods are shipped.Issues of qualification of creation and management of financial (investment) pyramid.Issues of the legalization of qualification (laundering) of money and (or) other property obtained by criminal means.Issues of qualification of economic smuggling.Issues of qualification raiding and an illegal gambling business.Issues of qualification of abuse of authority.Issues of qualification of abuse of power or official authority.Issues of qualification of illegal participation in entrepreneurial activity and impeding legitimate business.Issues of qualification of receiving a bribe, giving bribe and mediation in bribery.Issues of qualification of forgery and omission in the service.Issues of qualification of abuse of power.Issues of qualification of abuse of power and idle power.



Expected results:

A. Know the characteristics of the existing penal laws of the Republic of Kazakhstan, the practice of its application, and the main trends of modern criminal policy of Kazakhstan aimed at protecting and defending the interests of civil service and public administration of the Republic of Kazakhstan.

B. Interpreted and applied correctly in practice, criminal law; analyze specific formulations corruption offenses, to qualify corruption crimes subject to the provisions of the General Part of the Criminal Code, analyze statistical data on corruption crimes of the Committee for Legal Statistics and Special Records of the General Office of Public Prosecutor of Kazakhstan, to conduct a synthesis and archival criminal cases on corruption crimes, to make procedural documents of enforcement practices in countering corruption.

C. To be able to make analytical information and reviews; to carry out legal examination of normative legal acts, to give qualified legal advice and consultations on corruption crimes; identify and eliminate the investigative and judicial errors and violations of the rule of law in the application of the criminal legislation of Kazakhstan on the issues of qualification and appointment of punishment for corruption crimes.

D. Provide information in various forms of communications (report, essay, essays), taking into account the specifics of the audience, for people who have a law degree, and for those who do not have legal training on issues of qualification of corruption crimes.

E. Possess the skills of independent work and develop the need for personal and professional self-improvement, based on the study of the criminal legislation of Kazakhstan, aimed at protecting and defending the interests of civil service and public administration of the Republic of Kazakhstan.



Full name of the master teacher: master teacher Shatirishvili N.T.
Таңдау бойынша курс 4

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы.

Пререквизиттері: Қазіргі заман тарихы, Құқық негіздері

Постреквизиттері: Саясаттану, ҚР конституциялық құқығы.

Мақсаты:Студенттерде мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуы жайлы, тарихи-практикалық түсінікті қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің пайда болуы және дамуы.Қазақстан аумағындағы ертефеодалдық монархиялар. Манғол шапқыншылығы дәуірінің мемлекеті мен құқығы.Моғолстан мемлекеті мен Әбілхайыр хандығы, Ноғай ордасы. Қазақ ордасының құрылуы және дамуы. ХV- ХVIII ғасырлардағы қазақтардың кәдуілгі құқығы. Тауке ханның „Жеті Жарғысы“. Қазақстан Ресей империясының құрамында. XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әкімшілік құрылысы және құқық жүйесі.Кеңестік Қазақстандағы мемлекет және құқық.Қазақстанның автономиялық және одақтас республика ретіндегі әкімшілік- саяси және құқықтық жағдай. 1950-1990 жылдардағы Қазақстандағы мемлекеттік- құқықтық даму.Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік- құқықтық дамуы Қазіргі кездегі Қазақстанның ұлттық мемлекеттілігі.



Күтілетін нәтижелер:- Пәнді оқыту кезінде студенттер Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығы тарихы пәнінен қазақ елінің заңдары мен мемлекеттік құрылымы, әлеуметтік құрылысы мен әкімшілік өзгерістеріне тоқталып толық түсініктерді меңгереді.

-Пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолданады. Студенттердің пән бойынша тарихи кезеңдерінде әр түрлі ситуацияларға құқықтық нормаларды дұрыс қолдана білуге дағдыланады.

- Тәуке ханның, Шыңғыс ханның, Кеңестік Конституциялардың, Реформалар мен бағдарламалардың қызметін ролдік ойындарға келтіру арқылы жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығы тарихының қазіргі жағдайы мен даму алғышарттарына анализ жасау: осыған байланысты студенттерге қазақстандық ғалымдардың монографиялық зерттеулері мен ҚР Конституциялық құқық саласындағы мәселелер бойынша мерзімді баспасөзде жарияланған мәліметтермен жұмыс жүргізіп, мақалаларға талдау жасау, ондағы идеяларды бағалай білуі қажет.

- Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығы тарихын оқудың тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне негізделген қазақ жеріндегі жеке меншіктің, жер меншігінің, жекелеген объектілеріне және де мемлекеттік құрылым мен әлеуметтік құрылымның жүзеге асырудың ерекшеліктерін көрсететін презентациялар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады.

- Тұрақты түрде тұлғаның кәсіби өсуіне қажеттілік жасау.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: аға оқытушы., доцент Адамбекова С.М.
ҚР Конституциялық құқығы

Пререквизиттері: Қазіргі заман тарихы, Құқық негіздері, ҚР мемлекет және құқық тарихы

Постреквизиттері: ҚР әкімшілік құқығы, ҚР Еңбек құқығы, ҚР азаматтық құқығы.

Мақсаты: конституциялық құқықтың аса маңызды ғылыми-теориялық ережелері туралы, ҚР конституциялық дамуы, мемлекет және қоғамның негізгі заңы ретіндегі Конституцияның рөлі және қызметі туралы, адам және азаматтың құқықтық мәртебесі және мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы туралы студенттердің фундаменталды түсінігін қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

ҚР Конституциялық құқығы: түсінігі, пәні және тәсілдері; ҚР Конституциясы – мемлекет пен қоғамның негізгі заңы; ҚР Конституциялық құрылысының негіздері; ҚР адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері; ҚР қоғамдық бірлестіктердің ұйымдастырылуы мен қызметінің негіздері; Қазақстан Республикеасының сайлау құқығы және сайлау жүйесі; Республикалық референдум; ҚР Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі; ҚР Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі; ҚР Парламенті депутаттарының конституциялық-құқықтық мәртебесі; ҚР Үкіметінің конституциялық-құқықтық мәртебесі; Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылау; Қазақстан Республикасында соттар билігінің конституциялық негіздері; ҚР-ның жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың конституиялық-құқықтық негіздері.



Күтілетін нәтижелер:

Пәнді оқу барысында студент:

- Қазақстанның тарихи кезеңдеріндегі мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуын, ҚР мемлекеттік механизмінің ерекшеліктерін түсіну, адам және азаматтың құқықтық жағдай негіздерінің мазмұны және қағидаларын, мемлекет органдарының ұйымдастырылу және қызметінің құрылымын, құқықтық мәртебесін білуі қажет;

- пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолдану;

- Конституция және өзге нормативтік актілерге қатысты ақпараттық-іздену қызметін жүзеге асыру;

- Болашақта заңгер ретінде азаматтар, лауазымды тұлғалар және мемлекеттік органдар қызметінде заңдылықты қамтамасыз ету үшін қалыптасқан дағдыны қолдану ;

-заңдық құжаттарды құрастыруды және рәсімдеуді білу (жергілікті өкілді органдардың қаулылары, үкімдері және т.б.)

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: з.ғ.м., оқытушы Есенов Д.К.
Таңдау бойынша курс 5

Әлеуметтік ауытқулар

Пререквизиттер: Әлеуметтану, Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері

Постреквизиттері: Психодиагностика негіздері, Акмеология, Адамзат дамуы

Мақсаты:студенттерді әртүрлі әлеуметтік ауытқулар түрлерінің пайда болу себептерімен, сонымен қатар әлеуметтік жұмыскерлер қатысуымен өтетін профилкатикалық шаралар тиімділігінің қажеттілігін қалыптастыру болып табылады. Профилактикалық шаралар құрамына бірнеше шаралар кешені, дені сау адамдардың жоғары деңгейін, қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз ету жатады.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

«Әлеуметтік ауытқулар» түсінігі. Стресс және депрессиялар. Агрессивті жүріс-тұрыс. Қылмыстылық. Дедовщина - әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде. Отбасы және балаларға зорлық мәселесі. Урбанизация мәселесі. Маскүнемдік әлеуметтік мәселе ретінде. Қазіргі қоғамдағы нашақорлық мәселесі. Жезөкшелік әлеуметтік мәселе ретінде. Суицид әлеуметтік мәселе ретінде. ВИЧ/СПИД: мәселенің әлеуметтік аспектісі. Адамзаттық трафик және құлдық. Діни экстремизм. Коррупция негативті әлеуметтік құбылыс ретінде



Күтілетін нәтижелер:

  • Әлеуметтік ауытқулар дамуы және пайда болуының себептерін меңгеру;

  • Әлеуметтік ауытқу түрлерімен танысу;

  • Әлеуметтік ауытқулар профилактикасының әдістері, принциптерімен танысу;

  • Әлеуметтік- ауытқулар құбылыстарымен жұмыс технологиясын игеру;

  • Әлеуметтік ауытқулар себептерін басқару.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: п.ғ.к., доцентБожбанова Р.Ж.
Басқару психологиясы

Пререквизиттер: Әлеуметтану, Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері, Өзін-өзі тану

Постреквизиттері: Психодиагностика негіздері, Акмеология, Жалпы және әлеуметтік психология

Мақсаты:Экономика және құқық негіздері, Экология мамандықтарының психологиялық құндылықтары мен стандарттарын игеру болып табылады. Психологиялық мәдениетке ие болу арқылы, яғни психология негіздерін біліп, тұлғааралық және кәсіби аймақтарда қолданатын дағды және психологиялық білімді дамыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Психология пәні. Қазіргі психология ғылымы және оның құрылысы мен зерттеу әдістері. Адам, жеке адам, даралық, индивид. Қабілет, зейін, түйсік. Ойлау, сөйлеу. Басқару психологиясының теориялық негіздері. Басқару процесiнiң мазмұны және негiзгi сипаттамалары. Сыртқы ортаны бағалау және талдау. Мақсатты анықтау процесi және басқару процесiнiн типтерi. Басқару - адамдардың кәсiптiк қызметi. Психологиялық менеджменттің психология саласы болып қалыптасуының теориялық негіздері.



Күтілетін нәтижелер:

- Пәнді оқыту барысында студенттер негізгі түсініктер, принциптер, психологиялық ғылым әдістері және тәжірибені, тұлғааралық қатынастар және кәсіби аймақтағы психологиялық білімнің рөлін, іскерлік қатынастар этикасы мен психологиясын игеруі;

- Пәнді оқу барысында кәсіби қызметте психологиялық білімді қолдануға қызығушылық арттыру. Психология салалары жайлы студенттердің білімін жүйелеу және жалпы психологиялық заңдылықтарды зерттеу;

- Психология ғылымының бағыттары, негізгі принциптерімен танысу, психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі рөлі мен мәнін анықтау, оның пәні мен объектісін, негізгі түсініктері мен әдістемелік позициясын анықтау;

- Іскерлік қатынастарды қолдауда тәжірибелік дағдыларды игеру;

- Студенттер қызметінде танымдық дағдылар мен шеберліктерді дамыту.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: п.ғ.д.профессор Минжанов Н.А.
Таңдау бойынша курс 6

Педагогикалық мамандыққа кіріспе

Пререквизиттер: «Дүнежүзі тарихы»

Постреквизиттер: «Педагогика», «Педагогика тарихы», «Этнопсихология», «Мәдениеттану».

Мақсаты:Студенттерде кәсіби педагогикалық қызмет жайлы түсінік қалыптастыру, студенттерді өз мамандығын дұрыс түсінуге, мұғалімдік қызметті игеру жолдарының перспективаларын ашу болып табылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы:Қазіргі заманғы әлемдегі білім беру. «Педагогикалық қызметке кіріспе» пәнінің негізгі міндеттері мен принцптері. Педагогикалық қызметтің жалпы сипаттамасы. Педагогикалық қызмет педагогикалық кәсіптің мәні ретінде. Тұлға қоғамдық өмірдің субъекті ретінде. Кәсіби құзыреттілік және педагог кәсібі: мәні, ерекшеліктері және біріккен байланысы. Мұғалім тұлғасы және оның қазіргі заманғы қоғамдағы рөлі. Педагогикалық практика жоғарғы білім беру жүйесінде. Педагогтың кәсіби дамуы білім беру процессін жетілдіру факторы ретінде. Педагогикалық жобалау. Педагогикалық қарым-қатынас. Педагогтың жылпы және кәсіби мәдениеті. Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі. Педагогтың өз-өзіне білім беруі.

Күтілетін нәтижелер:

- Педагогикалық қызметтің мәні мен рөлі жайлы, білім берудің қазіргі кездегі тенденциялары жайлы, педагогикалық қызметтің негізінде қарым-қатынас жасау мәдениеті жайлы түсінік қалыптастыру.

- Педагогиканың негізгі түсініктерін педагогикалық қызметтегі, педагогикалық мәдениет, педагогикалық қабілеттілік, педагогикалық қарым қатынас, педагогикалық шеберлік, өзін өзі тәрбиелеу, өз өзіне білім беру, педагог қызметі және объективті ақпараттар жайлы педагогиканың негізгі түсініктерін білу.

- Ақыл ой жұмысын ұйымдастыруда тұлғалық факторды қолдану, негізгі педагогикалық әсерді игеру.



- Қарым қатынаста дұрыс таңдау жасай алу, педагогикалық әдебиеттер материалдарымен жұмыс жасау.

- Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жоғарлату және тұлғалық және кәсіби өзін өзі жетілдіруде қажеттіліктерді дамыту, тәжірибеден пайда таба білу, өз қызметінің перспективасын көру.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр., оқытушы Тутинова Н.Е.
Имиджелогия

Пререквизиттері: «Дүние жүзі тарихы», «Мәдениеттану»

Постреквизиттері: «Психология».

Мақсаты:Тұлғалық имидждің анықтамасымен, имидждің түрлері, оның тұлғада қолданылу мен іске асыру тәсілдерімен таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Имиджелогия өнер, ғылым туралы практикалық әрекет. Имидж іс - әрекет және көпшілік сана ретіндегі элемент. Имидж:әрект және анықтама. Имидж құрылымы. Имидждің түрлері. Имидждің құрылдымының принциптері (имидждау).Имиджелогияның құралдылығы. Корпоративті имидж:ұжымдық, өнеркәсіп және бизнес имиджі. Имиджді қалыптастырудағы стратегия. Физиогномика, кинесика және стилистика имидждің стратегиясы ретінде. Имиджді қалыптастырудағы сөйлеу. Имиджді қалыптастырудағы әдептің ролі. Жеке тұлғалық имиджелогия. Тұлғалық имидждің тәжірибесі мен сараптамасы. Имиджді басқару мен өзіндік басқару. Өзіндік презентация. Басшы имиджінің әлеуметтік- психологиялық қалыптасуы.



Күтілетін нәтижелер:

  • арнайы имиджеологиялық терминологияны және имиджеологияның категориялық- ұғымдық аппаратын қолдануды.

  • имиджеологиялық түпнұска мәтіндерімен шығармашылық және сыни түрде жұмыс жасауды

  • зерттеліп отырған имиджеологиялық сұрақтар бойынша өз ойларын логикалық түрде баяндауды

  • имидждің түрлері мен құрылымын, оларды ортаға сәйкес қолдану

  • өзіндік имиджді қалыптастыру мәселелері бойынша өзіндік көзқарасты дамыту және оны шынайы өмірде қолдануды

  • қазіргі заманғы қоғам психологиясының шапшаң өзгеріс жағдайында өзіндік бағаны қалыптастыра білу

  • іскерлік ортада өзін-өзі презентациялау құралдарын қолдана білу және оны ұтымды түрде көрсету

  • имиджеологияның өзекті мәселелері бойынша мәдени сұхбат және пікірталас жүргізу тәсілдері

  • көпшіліктің алдында іскер сөйлеу, өзіндікбаға мен тұлғалық имиджді қалыптастыру

  • имиджеологиялық білімдерді әртүрлі жеке жағдайларда және қоғамдық құбылыстарды сараптауда қолдана білу

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр., оқытушы Маханова Б.Р.
Таңдау бойынша курс 7

Педагогика тарихы

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Дүние жүзі тарихы

Постреквизиттері: Этнопедагогика, Салыстырмалы педагогика, Педагогикалық шеберлік негіздері

Мақсаты: Педагогика тарихы курсы пәні және міндеттері. Педагогика тарихы курсының жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы орны мен маңызы. Педагогика тарихын ғылыми кезеңдерге бөлу негіздері, Педагогика тарихының деректері туралы жалпы түсінік және оны зерттеу.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Педагогика тарихының теориялық-әдіснамалық негіздері. Шетелдегі мектеп пен педагогикалық ой. Алғашқы қауымдағы тәрбие. Шығыс мемлекеттерінде тәрбие және педагогикалық ойдың пайда болуы.



Антикалық дүниедегі тәрбие, білім беру және педагогикалық ой.Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі, Батыс Европадағы тәрбие, мектеп пен педагогикалық ой. Батыс Еуропа елдері және Солтүстік Америкадағы тәрбие, мектеп және педагогика.

ХХ ғасырдағы шет елдердегі педагогика мен білім беру жүйесі. Ресейтарихындағытәрбие, мектепжәнепедагогикалықой. Кеңес дәуіріндегі білім беру жүйесі мен педагогикалық ғылым (1917-1991 ж.ж). Кеңес мектебі мен педагогикасы (1980-1991 жж.). Қазақстандағы тәрбие мен педагогикалық ой және мектеп (VI-ХХғ.ғ.) Орта ғасырлардағы Қазақстандағы тәрбие, оқыту және педагогикалық ой (VI-ХVII ғ.ғ.. )ХVIIIғ. - ХIХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстандағы мектеп пен педагогикалық ой. ХIХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы мектеп және педагогикалық ой. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан мектебі мен педагогикасы. Ғасырлар тоғысындағы Қазақстанның педагогикалық ғылымы және білім беру жүйесі.

Күтілетін нәтижелер:

- Пәнді оқыту кезінде студенттер мұрағат құжаттарын, тарихи педагогикалық құбылыстарды зерттеу арқылы педагогикалық ой-пікірлерді, идеяларды, теориялар мен тәжірибелерді жүйелеу негізінде ғылыми-тарихи ақпаратттар жинастыруды, оларды өзара байланыстарындағы заңдылықтарын, қарым-қатынастарын айқындауды қамтамасыз етуі;

-Пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолданады. Студенттердің пән бойынша тарихи кезеңдерінде әр түрлі ситуацияларға дұрыс түсіне білуге дағдылануы;

-Студенттер тарихи-теориялық зерттеу әдістері тарихи-педагогикалық құбылыстардың кейбір жақтарын, белгілері мен ерекшеліктерін тарихи-теориялық тұрғыдан талдай отырып, қазіргі кездің өзгерістеріне тоқталып толық түсініктерді меңгеруі;

-Қазақстан Республикасының тарихы мен қазіргі жағдайы мен даму алғышарттарына анализ жасау, осыған байланысты студенттерге қазақстандық ғалымдардың монографиялық зерттеу мәселелері бойынша мерзімді баспасөзде жарияланған мәліметтермен жұмыс жүргізіп, мақалаларға талдау жасау, ондағы идеяларды бағалай білуі қажет;

-Жас ұрпақтарға тәрбие мен білім берудегі дүниежүзіндегі педагогикалық ойлар мен тәжірибенің пайда болып, тарихи қалыптасуы мен дамуынан мағлұмат беру және жалпы адамзаттық құндылықтарды игертіп, студенттердің тарихи педагогикалық мұраларға деген ынталы қызығушылықтарын арттыру, ұлттық тәлім-тәрбиенің мазмұндық құрылымын таныту, педагогикалық танымын және педагогикалық ойлау қабілетін дамыту және педагогика тарихының негізгі категорияларын: тәрбие, оқыту, білім беру, ағарту, білім беру жүйесі, мектеп, педагогикалық ой-пікірлер, педагогикалық көзқарастар, педагогикалық теория, этнопедагогика, халықтық тәрбие, т.б. игерту.

-Студенттердің тұрақты түрде кәсіби өсуге қажеттілігі.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр., оқытушы Тусупова Г.Н.

Жалпы және әлеуметтік педагогика

Пререквизиттері: Қазіргі заман тарихы, Дүние жүзі тарихы, Әлеуметтану

Постреквизиттері: Этнопедагогика, Салыстырмалы педагогика, Педагогикалық шеберлік негіздері

Мақсаты: болашақ әлеуметтік қызметкерлердің бойында жалпы және әлеуметтік-педагогика теориясы мен тәжірибесі туралы түсінік қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Кіріспе. Жалпы педагогиканың теориялық негіздері. Тәрбие – қоғамдық құрылыс ретінде. Біртұтас педагогикалық үрдіс: негізі, ұйымдастыру формалары, жүзеге асыру әдістері. Әлеуметтік педагогиканың пайда болуы мен дамуы. Баланы қоғамда (социумда) дамыту. Әлеуметтік тәрбие. Әлеуметтендіру және оның факторлары. Әлеуметтік-педагогикалық виктимология. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет, әдістемесі мен технологиялары. Халықтың әртүрлі топтарымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар жүргізудің ерекшеліктері. Отбасыларымен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар. Балалықтыәлеуметтік қорғау – жалпы адамзаттық проблема ретінде. Девианттық мінез-құлық әлеуметтік проблема ретінде. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар туралы әлеуметтік қамқорлық. Мектептер және әлеуметтік орта: өзара іс-қимыл жасау жолдары.



Күтілетін нәтижелер:

- Жалпы және әлеуметтік педагогиканың жалпы мағынасын түсіндіру;

- Пәнді оқу барысында жалпы және әлеуметтік педагогика ілімін тәжірибеде қолдана отырып, әлеуметтік процестерді қазiргi таңда білу және оны қажет уақытта тиімді қолдану;

- Жалпы және әлеуметтікпедагогика курсын меңгеру барысында студент қосымша мәліметтермен жұмыс жүргізіп,осыған байланысты талдаулар жасалынып, пәннің алатын орнын бағалай білуі қажет.

- Жалпы және әлеуметтік педагогика оқуда тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Оқу әдістерінде негізінен әлеуметтанудың өзге үрдістермен салыстырғанда ерекшелігіне мән беріп, студенттер тарапынан баяндамалар, эссе, кейс әзірлеу, кешендік сұрақтарға жауап беруге дағдылануы тиіс;

- Студенттердің кәсіби шеберлігін көтере отырып, өз бетімен қажетті ақпарат жинау мен әзірлеуге дағдылану.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: п.ғ.к., доцент Божбанова Р.Ж.
Таңдау бойынша курс 8

Қақтығыстану

Пререквизиттері: «Философия», «Әлеуметтану», «Саясаттану», «Мәдениеттану», «Дінтану».

Постреквизиттері: «Жалпы және әлеуметтік психология», «Әлеуметтік саясат».

Мақсаты: Студенттердің пән бойынша қақтығыстану ойларының даму тарихын дұрыс қолдана білуге дағдылануы. Қақтығыстың осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне негізделген қазақ жеріндегі жеке меншіктің, жер меншігінің, жекелеген объектілеріне және де мемлекеттік құрылым мен әлеуметтік құрылымның жүзеге асырудың ерекшеліктерін көрсету.

Күтілетін нәтижелер:

Пәнді оқыту кезінде студенттер қақтығыстардың адам, қоғам ұйым, мекеме, жалпы қоғамда алатын орны туралы түсінікке теориялық негіздерін студентердің тоқталып толық түсініктерді меңгереді.

Пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолданады.

Қақтығыстың түсінік-анықтамалық аппаратынмен бағдарламалардың қызметін ролдік ойындарға келтіру арқылы жүзеге асыру.Коммуникацияныңвербальді құралдары, жазбаша тіл мен даму алғышарттарына анализ жасау: осыған байланысты студенттерге қазақстандық ғалымдардың монографиялық зерттеулері мен саласындағы мәселелер бойынша мерзімді баспасөзде жарияланған мәліметтермен жұмыс жүргізіп, мақалаларға талдау жасау, ондағы идеяларды бағалай білуі қажет.

Кақтығыстыңын мәнін мен қақтығыс алдындағы және қақтығыс жаңғдайындағы психологиялық реттеу әдістерін, сонымен қатар дағдылық маңызы бар.

Тұрақты түрде кәсіби өсуге қажеттілік.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: п.ғ.д., профессор Минжанов Н.А.
Қызметтік басқару

Пререквизиттер: «Экономикалық теория»

Постреквизиттері: «Тұтынушылар тәртібі»

Мақсаты:«Қызметтік басқару» пәнінің мақсаты болып студенттерге салалар экономикасы теориясы аймағында білімдер мен нарықтық экономика жағдайында салаларды экономикалық басқару әдістері мен формаларын тәжірибеде қолдану табылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Нарық шаруашылығының инфрақұрылымы. Нарық негіздері мен классификациясы. Нарықтық инфрақұрылымның мәні, негізі және функциясы. Нарықтық инфрақұрылымы кешенді жүйе ретінде. Көтерме нарық - нарықтық инфрақұрлымның элементі ретінде. Бөлшек сауда нарығы. Өндіріс құралдарының нарығы.Тауарлық биржалар. Тауарлық биржаны ұйымдастыру жүйесі. Қаржы нарығының инфрақұрылымы. Мамандандырылған несие-қаржылық институттары. Жұмыс күші нарығы және оның инфрақұрылымы. Қызмет көрсету нарығының инфрақұрылымы. Инфрақұрылым кешеннінің қалыптасуы және даму бағасының негізі. Кедендік инфрақұрылым құрудың экономикалық негіздері.

Күтілетін нәтижелер:

- салалар экономикасының негізгі түсінігі мен тұжырымдамасын;

- салалар нарығында фирма қызметін айқындайтын заңнамалық және нормативтік актілерін;



- саланы менгеру моделдері мен оны басқарудың әдістерін, принциптерін тәжірибеде қолданылуын;

- салалар экономикасы тұжырымдамасы мен түсініктерін меңгеру кезінде шынайы салалық нарықтарына сипаттама беру;

- салалар экономикасы облысында жаңа білімдер мен ілімдерді өзіндік игере алуы керек.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: аға оқытушы Кенешева Г.А.
Таңдау бойынша курс 9

Әлеуметтік саясат

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Әлеуметтану

Постреквизиттері: Қақтығыстану, Адамзат дамуы

Мақсаты:әлеуметтік саясат қазіргі қоғамдардың маңызды мүдделері жайлы және қазіргі мемлекеттердің іс-әрекетінің негізгі маңыздылығын, әлеуметтік саясаттың рөлін анықтау негізінде әлеуметтік қызметкерге осы білімді толықтай жан-жақты меңгеруіне мүмкіндік беру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Әлеуметтік саясат қоғамдық теория және тәжірибе ретінде. Әлеуметтік саясаттың мазмұны, мақсаты мен негізі. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Әлеуметтік трансформация және әлеуметтік қауіпсіздік. Әлеуметтік саясаттың объектісі, субъектісі және принциптері. Халықтың кіріс саясаты. Еңбек және еңбектік қатынастар саласындағы саясат. Демография мәселелері және демографиялық саясат. Еңбекке жарамсыз және аз қамтамасыз етілген адамдарды әлеуметтік қолдау және қорғау. Әлеуметтік салалардың дамуы және мемлекеттік саясат. Көмек қажет ететін адамдарға әлеуметтік саясат. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы қаржы және кадр жағынан қамтамасыз етілу мәселесі. Әлеуметтік саясатты ақппараттық қамтамасыз етіу. Әлеуметтік саясаттағы әлеуметтік серіктестік. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы шет елдердің тәжірибесі.



Күтілетін нәтижелер:

  • Әлеуметтік саясаттың мақсаты мен міндеттерін, негізгі бағыттарын, принциптерін және категорияларын, әлеуметтік қауіпсіздік және халықты әлеуметтік қорғау жүйелерімен байланысын зерттеу болып табылады; әлеуметтік жұмысты қоғамдық құбылыс ретінде білімді тереңдету және оның әлеуметтік саясатпен байланысын анықтау; әлеуметтік болжамға және жоспарлауға қажетті қабілеттерді дамыту.

  • Пәнді оқу барысында «Әлеуметтік саясат» курсын меңгеру кезінде мемлекеттің әлеуметтік саясатының әлеуметтік- экономикалық өмір сүру жағдайын реттеудің бір бағытын, елдегі жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланыстылығын, әлеуметтік саясатта тікелей және жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алғанын білуі тиіс.

  • Осы пәнді оқытудың нәтижесінде келешек әлеуметтік қызметкерлер мемлекеттік әлеуметтік саясаттың жүзеге асуындағы қажетті шараларды,бағыттарын, механизмдері туралы білімді толық меңгереді.

  • Курстың мақсаты: әлеуемттік саясат және оның құралдарын меңгеру келешек мамандарға қоғамның әлеуметтік дамуы қандай жолдар арқылы жоғарғы әлеуметтік көрсеткіштерге қол жеткізуге болатыны туралы білім береді.

  • Дамыған елдердің әлеуметтік саясат жүргізу тәжрибесінде бірнеше бағыттар қалыптасқан: әлеуметтік сақтандыру; жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау; еңбекақы саясаты; еңбек нарығындағы әлеуметтік шаралар; тұрғын үй саясаты т.б. Әлеуметтік сақтандыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең бір маңызды бөлігі болғандықтан білу қажет.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр, оқытушы Тутинова Н.Е.
Әлеуметтік менеджмент

Пререквизиттері: Әлеуметтану

Постреквизиттері: Қақтығыстану, Адамзат дамуы, Білім беру жүйесіндегі менеджмент

Мақсаты:әлеуметтік менеджмент қазіргі қоғамдардың маңызды мүдделері жайлы және қазіргі мемлекеттердің іс-әрекетінің негізгі маңыздылығын, әлеуметтік менеджменттің рөлін анықтау негізінде әлеуметтік қызметкер осы білімді толықтай жан-жақты меңгеруіне мүмкіндік беру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Әлеуметтік менеджмент қоғамдық теория және тәжірибе ретінде. Әлеуметтік менеджмент мазмұны, мақсаты мен негізі. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Әлеуметтік трансформация және әлеуметтік қауіпсіздік. Әлеуметтік менеджмент объектісі, субъектісі және принциптері. Халықтың кіріс саясаты. Еңбек және еңбектік қатынастар саласындағы саясат. Демография мәселелері және демографиялық саясат. Еңбекке жарамсыз және аз қамтамасыз етілген адамдарды әлеуметтік қолдау және қорғау. Әлеуметтік салалардың дамуы және мемлекеттік саясат. Көмек қажети ететін адамдарға әлеуметтік менеджмент. Әлеуметтік менеджмент жүзеге асырудағы қаржы және кадр жағынан қамтамасыз етілу мәселесі. Әлеуметтік менеджменттің ақппараттық қамтамасыз етілуі. Әлеуметтік менеджмент әлеуметтік серіктестік. Әлеуметтік менеджмент жүзеге асырудағы шет елдердің тәжірибесі.



Күтілетін нәтижелер: Әлеуметтік менеджмент мақсаты мен міндеттерін, негізгі бағыттарын, принциптерін және категорияларын, әлеуметтік қауіпсіздік және халықты әлеуметтік қорғау жүйелерімен байланысын зерттеу болып табылады; әлеуметтік жұмысты қоғамдық құбылыс ретінде білімді тереңдету және оның әлеуметтік менеджментпен байланысын анықтау; әлеуметтік болжамға және жоспарлауға қажетті қабілеттерді дамыту.

  • Пәнді оқу барысында «Әлеуметтік менеджмент» курсын меңгеру кезінде мемлекеттің әлеуметтік менеджмент әлеуметтік- экономикалық өмір сүру жағдайын реттеудің бір бағытын, елдегі жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланыстылығын, әлеуметтік менеджментте тікелей және жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алғанын білуі тиіс.

  • Осы пәнді оқытудың нәтижесінде келешек әлеуметтік қызметкерлер мемлекеттік әлеуметтік менеджменттің жүзеге асуын қажетті қандай шаралар,бағыттарын, механизмдегі туралы білімді толық меңгереді.

  • Курстың мақсатыәлеуеттік менеджмент және оның құралдарын меңгеру келешек маманманға қоғамның әлеуметтік дамуы, қандай жолдар арқылы жоғарғы әлеуметтік көрсеткіштерге қол жеткізуге болатыны туралы білім береді.

  • Дамыған елдердің әлеуметтік менеджмент жүргізу тәжрибесінде бірнеше бағыттар қалыптасқан: әлеуметтік сақтандыру; жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау; еңбекақы саясаты; еңбек нарығындағы әлеуметтік шаралар; тұрғын үй саясаты т.б Әлеуметтік сақтандыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең бір маңызды бөлігі болғандықтан білу қажет.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: PhD докторы Орынбасарова Е.Д.

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР


Пәндер циклы

Пән коды

Пән атауы

Несие саны.

Семестр

3 курс

Таңдау бойынша курс 1

ПП

PN 3305

Психодиагностика негіздері

3

5

ZhAP 3305

Жалпы және әлеуметтік психология

Таңдау бойынша курс 2

БП

Akm 3215

Акмеология

3

5

AD 3215

Адамзат дамуы

Таңдау бойынша курс 3

ПП

PShN 3308

Педагогикалық шеберлік негіздері

3

5

Imі 3308

Имиджелогия

Таңдау бойынша курс 4

БП

OMDMM 3217

Орта мектептің дидактикасының маңызды мәселелері

3

5

SP3217

Салыстырмалы педагогика

Таңдау бойынша курс 5

ПП

PGZAU3309

Педагогикадағы ғылыми зерттеулердің әдісі мен ұйымдастырылуы

3

5

KKAAT3309

Кәсіби қызметтегі ақпараттық-аналитикалық технологиялар.


Таңдау бойынша курс 1

Психодиагностика негіздері

Пререквизиттер: Психология, Басқару психологиясы.

Постреквизиттер: Өндірістік тәжірибе, Диплом алды тәжірибе, Диплом жұмысын жазу.

Мақсаты:Психодиагностика курсының мақсаты студенттердің теориялық және практикалық проблемасын меңгеру болып табылады. Бұл мақсатта оларға психологиялық қатынас заңдары мен категорияларын, альтернативті теория мен қазіргі іскерлік жағынан дәріс беру болып табылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Пәнді оқу барысында психодиагносика тарихына тоқталып, психодиагностика әдістерін, оның жіктелуін толықтай қарастырады. Сол сияқты әдістемелерді тексеруге және құрастыруға психометрикалық талаптарды, инеллект диагностикасы және ақыл-ойдың дамуы, креативтілік және оның диагностикасы, қабілет диагностикасындағы тестердің жүзеге асырылуы қарастырылады. Жеке тұлға сауалнамасы, жобалық әдістемелер, жеке әдістемелердің болжамдық нәтижесі және психодиагностикадағы әлеуметтік-мәдени аспектілер, психодиагностка жұмысындағы моралдік-этикалық мәселелер,психодиагностиканың даму болшағы да қарастырылды.



Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқыту барысында студенттер негізгі түсініктер, принциптер, психологиялық ғылым әдістері және тәжірибені игеру, тұлғааралық қатынастар және кәсіби аймақтағы психологиялық білімнің рөлі;Пәнді оқу барысында кәсіби қызметте психологиялық білімді қолдануға қызығушылық арттыру. Психология салалары жайлы студенттердің білімін жүйелеу және жалпы психологиялық заңдылықтарды зерттеу;Психология ғылымының бағыттары, негізгі принциптерімен танысу; психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі ролі мен мәнін анықтау, оның пәні мен объектісін, негізгі түсініктері және әдістемелік позициясын анықтау;Психодиагностикалық әдістерді қолдауда тәжірибелік дағдыларды игеру;

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы:аға оқытушы Исина С.С.
Жалпы және әлеуметтік психология

Пререквизиттер: Психология, Басқару психологиясы.

Постреквизиттер: Өндірістік тәжірибе, Диплом алды тәжірибе, Диплом жұмысын жазу.

Мақсаты: Әлеуметтік психология курсын оқи отырып, пихологиялық ойлау қабілетін дамытып, икемділік пен дағдыны бойына қалыптастырып психологиялық құбылыстарды талдауға көмектесу.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Психология ғылымының пәні, міндеттері мен практикасы. Психологиялық қызметті талдау. Психиканың тууы мен дамуы. Психикалық құбылыстың жалпы құрылымы. Сезім танымының психологиясы. Ойлау психологиясы Ес Зейін Қабілет,мотивация және эмоция психологиясы. Жалпы психологиядағы тұлға. Тұлғаның құрлымы. Әлеуметтік психологияның методологиялық негізі. Әлеуметтендірудің әлеуметтік психологиялық аспектілері. Қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде. Әлеуметтік психологияда кіші топтарды зерттеудің методологиялық мәселелері. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемелері.



Күтілетін нәтижелер:

- Пәнді оқыту барысында студенттер негізгі түсініктер, принциптер, психологиялық ғылым әдістері және тәжірибені игеру, тұлғааралық қатынастар және кәсіби аймақтағы психологиялық білімнің рөлі, іскерлік қатынастар этикасы және психологиясы;

-Пәнді оқу барысында кәсіби қызметте психологиялық білімді қолдануға қызығушылық арттыру. Психология салалары жайлы студенттердің білімін жүйелеу және жалпы психологиялық заңдылықтарды зерттеу;

-Психология ғылымының бағыттары, негізгі принциптерімен танысу; психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі ролі мен мәнін анықтау, оның пәні мен объектісін, негізгі түсініктері және әдістемелік позициясын анықтау;

-Іскерлік қатынастарды қолдауда тәжірибелік дағдыларды игеру;

-Студенттер қызметінде танымдық дағдылар мен шеберліктерді дамыту.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр, аға оқытушы Исина С.С.
Таңдау бойынша курс 2

Акмеология


Пререквизиттер: Философия, Педагогика, Психология

Постреквизиттер: Өндірістік тәжірибе, Диплом алды тәжірибе, Диплом жұмысын жазу.

Мақсаты: педагогикалық акмеология негізінде мұғалімнің жалпы мәдени дайындығы, әдістемелік, тәрбиешілік, зерттеушілік, кәсіптік–адамгершілік, басқара білу мәдениеті және мұғалімнің инновациялық жұмысқа қатысуы туралы, оның жеке педагогикалық жүйесінің, дербес педагогикалық жұмыс стилі туралы мағлұмат беру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Акмеология адам білімі жүйесі ретінде ғылым. Акмелогияның қалыптасу кезеңі, оның мақсаттары және негізгі ғылыми және практикалық міндеттері. Акмеологияның ғылыми бағдары, оның басқа ғылымдармен байланысы. Акмеологияның әдіснамалық негізі. Ересек тұлғаның дамуын зерттеудегі акмеологиялық бағыттар. Акмеологиялық технологиялар. Акмеологиялық әдістер. Практикалық міндеттерді шешудегі акмеологиялық бағыттар. Акмеологияны талдаудағы тәжірибе. Педагогикалық акмеология. Әлеуметтік акмеология. Басқару акмеологиясы.



Күтілетін нәтижелер: Білуі керек: акмеология пәнін оқыту барысында студенттер негізгі түсініктер, принциптер, психологиялық және педагогикалық ғылым әдістері және тәжірибені игеру. Пәнді оқу барысында кәсіби қызметте психологиялық және педагогикалық білімді қолдануға қызығушылық арттыру. Акмеологиядағы педагогикалық және психологиялық процесстің негізгі заңдылықтарына, принциптеріне сәйкес жұмыстарын іске асыру; оқу –тәрбие міндеттерін анықтауы және оған сәйкес формаларымен әдістерді таңдауы; ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен өзіндік жұмыс жасай білуі.

Біліктілігі: акмеология пәні негізінде педагогикалық және психологиялық шеберлікке тәрбиелеудің мақсаты,мазмұны, құралы, әдістері туралы талдау жасауы,өмірде қолдана білуі; курс бойынша қажетті материалдар кешенің жасай білуі; аудиториямен жұмыс жасай білуі, оқушыларен өзіндік жұмысты ұйымдастыра білуі, белсенді қатысуы, шығармашылық ізденістері ескерледі.

Пәннің құзіреттілігі: қарым-қатынастық, кәсіптік.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: п.ғ.д., профессор Минжанов Н.А.
Адамзат дамуы

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Әлеуметтік ауытқулар, Жемқорлыққа қарсы күрес негіздері, Экономикалық теория негіздері

Постреквизиттері: Өндірістік тәжірибе, Диплом алды тәжірибе, Диплом жұмысын жазу.

Мақсаты: АД тұжырымдамасының дамуы кейінгі 15 жылды қамтиды. Халық тек экономикалық дамудың қайнар көзі немесе құралы ғана емес, сонымен қатар «Адамзат капиталы» және экономикалық дамудың мақсаты болып табылады деген түсінік қалыптасты.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

АД тұжырымдамасының негізгі жағдайы және пайда болуы. АД өлшемі мен көрсеткіштері. Адам дамуының индексі (АДИ). Экономикалық өсу, АД және жұмыс бастылық. АД және өмір деңгейі. Кедейшілік және АД. Әлеуметтік қорғау және АД. Денсаулық және өмір жалғасы. АД –ның демографиялық аспектісі. Демография Мемлекеттін белгілеуші факторы. Білім және АД. АД – ның гендерлік аспектілері. Экологиялық қаупы бар аймақтар. Тұрақты дамудың экологиялық аспектілері. АД -ның қызығушылығындағы нәтижелі басқару.АД–на басты процестің әсері.



Күтілетін нәтижелер: - АД теориясының тарихы;

- Адамның қызығушылығындағы басқару ұйымының әсері;

- АД өлшемінің жүйесі және оның компоненттері;

- Демографиялық, гендерлік және тұрақты дамудың экологиялық аспектісі.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр.,оқытушы Тутинова Н.Е.
Таңдау бойынша курс 3
Педагогикалық шеберлік негіздері

Пререквизиттер:.Педагогика, Педагогика тарихы, Педагогикалық мамандыққа кіріспе.

Постреквизиттер: Өндірістік (педагогикалық) практика.Диплом жұмысын жазу

Мақсаты: болашақ мүғалімдердің бойында педагогикалық шеберлік теориясы мен тәжірибесі туралы түсінік қалыптастыру.

Педагогикалық шеберліқ теориясы мен тәжірибесінің мазмұны көп жағдайда оқушылардың қажеттіліктері мен мүдделерінің жағдайымен айқындалады. Педагогикалық шеберліқ курстың мазмұны білім мен тәрбие туралы ,оқу-тәрбие үдерісінің даму қазіргі деңгейін зерделеуді болжайды. Ғылыми факторларды, тұжырымдамалар мен идеяларды меңгеру студенттерге қазіргі педагогикалық үдерістерді түсіндіруге ғана емес, сонымен бірге олардың алдағы уақыттағы дамуына болжам жасауға да мүмкіндік береді.



Курстың қысқаша сипаттамасы:

оның ерекшеліктері мен оқу мақсатымен анықталады. Осыған байланысты арнайы білімдер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған оқу әдістерін пайдаланған жөн. Оларға салыстырмалы талдау әдісін, тест тапсырмалары жатады.



Күтілетін нәтижелер:Педагогикалық шеберліқтің жалпы мағынасын түсіндіру. Пәнді оқу барысында педагогикалық шеберліқ ілімін тәжірибеде қолдана отырып, оқу-тәрбие үдерісінің ерекшеліктерің қазiргi таңда білуге және оны қажет уақытта тиімді қолдану.

Педагогикалық шеберліқ курсын меңгеру барысында студент қосымша мәліметтермен жұмыс жүргізіп,осыған байланысты талдаулар жасалынып, пәннің алатын орнын бағалай білуі қажет. Педагогикалық шеберліқ оқудың тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Оқу әдістерінде негізінен оқу-тәрбие үдерісінің ерекшелігіне мән беріп, студенттер тарапынан баяндамалар, кешендік сұрақтарға жауап беруге дағдылануы тиіс. Студенттердің кәсіби шеберлігін көтере отырып, өз бетімен қажетті ақпарат жинау мен әзірлеуге дағдылану.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы:п.ғ.к., доцент Божбанова Р.Ж.
Имиджелогия

Пререквизиттер:Әлеуметтану, Психология, Өзін-өзі тану

Постреквизиттер: Өндірістік тәжірибе, Диплом алды тәжірибе, Диплом жұмысын жазу.

Мақсаты:табиғат пен имидждің анықтамасы, имидждің түрлер, оның тұлғада қолданылу мен іске асыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Имиджелогия өнер, ғылым туралы практикалық әрекет. Имидж іс - әрекет және көпшілік сана ретіндегі элемент. Басшы имиджінің әлеуметтік- психологиялық қалыптасуы. Имидж:әрект және анықтама. Имидж құрылымы. Имидждің түрлері. Имидждің құрылымының принциптері (имидждау). Имиджелогияның құралдылығы. Имиджді қалыптастырудағы стратегия. Корпоративті имидж: ұжымдық, өнеркәсіп және бизнес имиджі. Жеке тұлғалық имиджелогия. Тұлғалық имидждің тәжірибесі мен сараптамасы. Физиогномика, кинесика және стилистика имидждің стратегиясы ретінде. Физиогномика, кинесика және стилистика имидждің стратегиясы ретінде.



Күтілетін нәтижелер:- Пәнді оқыту кезінде студенттер Имиджеология курсы бойынша түсініктер мен әдеп, іскерлік қатынас пен сөйлеу стиліне толық түсінік береді.

- Пәнді оқу барысында игерген білімдерін тәжірибеде іскерлік қатынаста қолданады. Студенттер пән бойынша стиль, дизайн, ситуациялық жанжалдардан шығу әдіс тәсілдерін дұрыс қолдана білуге дағдыланады.

- Ақпаратты қолдану, жинау, іскерлік қатынаста өзін-өзі ұстау, қауымға көріне білу арқылы әдептілікікті көрсете білуге талпыну. Мен тұжырымын биіктен көрсете білуге, шешендік өнерге мән беруге, іскерлік қатынас пен стиль мәселесін саралауда: осыған байланысты студенттерге шет елдік тәжірибеден алынған мысалдар мен қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінен тірек конспект беру. Презентациялармен баяндамалар арқылы талдау жасау, ондағы идеяларды бағалай білуі қажет.

- Әлеуметтік және психологиялық тұлғаға қатынас орнату, іс- әрекеттер мен заңдылықтарды, ойлаудың жолдары мен басқару қызметіне оның әсерін анықтау, тұлғаның тартымдылық сапасын қалыптастыру, тәртіптің іс- әрекетте тиімді түрде моделдеуі, іскерлік қатынаста қатынастық әңгімелесу үлгісі мен әр түрлі баяндама, кездесулер, сұхбаттасуларды өткізуге үйрену болып табылады.

- Тұрақты түрде тұлғаның кәсіби өсуіне қажеттілік жасау.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр., оқытушы Маханова Б.Р.
Таңдау бойынша курс 4

Орта мектептің дидактикасының маңызды мәселелері

Пререквизиттері: Педагогикалық мамандыққа кіріспе, Педагогика тарихы, Педагогика, Этнопедагогика.

Постреквизиттері: Өндірістік тәжірибе, Диплом алды тәжірибе, Диплом жұмысын жазу

Мақсаты: орта мектептің дидактикасының негізгі проблемалары туралы білімді қалыптастыру

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Дидактика білім және оқытудың теориясы ретінде. Орта мектепте оқытудың процессі. Оқытудың принциптері. Жалпы орта білімнің тапсырмалары мен мазмұны. Орта мектепте оқытудың факторлары. Оқушылардың оқу мотивациясы. Оқытудың заңдылығы. Орта мектепте оқытудың тәсілдері. Мектепте оқытудың интерактивті тәсілдері. Орта мектепте оқытуды ұйымдастырудың формалары. Орта мектепте оқытудың керек-жарақтары. Орта мектепте оқытудың дифференциациясы. Сабақ беру мұғалімнің шығармашылық қызметі ретінде. Оқу процессінің сапасын педагогикалық басқару. Оқытудың диагностикасы.



Күтілетін нәтижелер:

- Практикалық және педагогикалық жұмыста орта мектептің дидактикасын насихаттау;

- Кәсіптік педагогикалық қызметте оқу-тәрбиелік процессті қадағалауды білу;

- Педагогикалық мәселелерді шешуде ақпаратты-іздеу және аналитико-синтетикалық тәсілдерді қолдану;

- Аудиторияның орналасуына қарай хабарламаларды әртүрлі тәсілдермен жеткізу;

- Өзін-өзі көтеру, жоғарылату әдістерін білу, өз жұмысының сапасының жоғарылауына ат салысу, кәсіби жоғарылауға дайын болу.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр,аға оқытушы Исина С.С.

Салыстырмалы педагогика


Пререквизиттері: Педагогикалық мамандыққа кіріспе, Педагогика тарихы, Педагогика, Этнопедагогика.

Постреквизиттері: Өндірістік тәжірибе, Диплом алды тәжірибе, Диплом жұмысын жазу.

Мақсаты: cалыстырмалы педагогиканың теориясы мен тәжірибесі туралы түсінік қалыптастыру

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Салыстырмалы педагогика ғылым ретінде.Салыстырмалы педагогиканың пайда болуымен дамуы.Салыстырмалы педагогика дамуынын негізгі факторлары.Жалпы білім мазмұнының жаңғыруы.

Мектеп жүйелері. Заманауи әлемдегі білім берудың дамуы . Шет елдердегі мектеп және білім беру.

Оқу үрдісі.Мектептегі тәрбие.Үздіксіз білім беру.Заманауи қоғамдағы мұғалім.Жаңа техникалық оқу құралдары .

Күтілетін нәтижелер:

- Салыстырмалы педагогиканың жалпы мағынасын түсіндіру.

- Пәнді оқу барысында салыстырмалы педагогика ілімін тәжірибеде қолдана отырып, әлеуметтік процестерді қазiргi таңда білу және оны қажет уақытта тиімді қолдану.

- Салыстырмалы педагогикакурсын меңгеру барысында студент қосымша мәліметтермен жұмыс жүргізіп,осыған байланысты талдаулар жасалынып, пәннің алатын орнын бағалай білуі қажет.

- Салыстырмалы педагогика оқудың тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Оқу әдістерінде негізінен әлеуметтанудың өзге үрдістермен салыстырғанда ерекшелігіне мән беріп, студенттер тарапынан баяндамалар, эссе дайындап, кешендік сұрақтарға жауап беруге дағдылануы тиіс.

- Студенттердің кәсіби шеберлігін көтере отырып, өз бетімен қажетті ақпарат жинау мен әзірлеуге дағдылану.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: п.ғ.к., доцент Божбанова Р.Ж.
Таңдау бойынша курс 5

Педагогикадағы ғылыми зерттеулердің әдісі мен ұйымдастырылуы

Пререквизиттер: Педагогика, Педагогика тарихы, Этнопедагогика

Постреквизиттер: Өндірістік тәжірибе, Диплом алды тәжірибе, Диплом жұмысын жазу.

Мақсаты: Қазақстанның жоғарғы мектебінің алдында және уақыттың талаптарына, қоғамның өзіндік идеологиясына деген қажеттілігіне сәйкес, мамандарды ғылыми зерттеу жұмыстарына даярлау басты міндетке айналуына байланысты, бұл пәннің маңыздылығы студенттерге қазіргі замаңғы ғылыми әдістерді тани және оқу үрдісінде қолдана білу.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

таным тарихы, логика және қазіргі замаңғы ғылым, ғылым философиясы, ғылыми білімнің мәні, ғылыми білімнің құрылымы және деңгейлері, әлемнің ғылыми бейнесі, ғылым туралы түсінік, ғылымның қоғамдағы қызметі және даму кезеңдері, ғылыми білімнің негізгі ерекшеліктері, ғылым этикасы, қазіргі замаңғы ғылымның сипаттамасы, әдіс және әдістеме, әдіснама түсінігі, эмпирикалық және теоретикалық заңдылықтар, динамикалық және статистикалық заңдылықтар.



Күтілетін нәтижелер: Өзекті ғылыми мәселелер, ғылыми қызмет және таным қызметінің жүйесі ретінде ғылым негіздері жөнінде пайымдай білу, ғылым әдістемесі, ғылыми зерттеу әдістері жайлы түсінік қалыптастыру.

Қоршаған орта ақиқаттығынан ғылыми дәйектерді, құбылыстарды бөліп алып, ғылым тілімен суреттей білу; ғылыми теориялар заңдылығына сүйенген ғылыми мәселелер дамуын болжау және түсіндіру; ғылыми зерттеу жұмысын құрастыру және шұғылдану; ғылым әдістемесін жетік меңгеру.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр., оқытушы Маханова Б.Р.
Кәсіби қызметтегі ақпараттық-аналитикалық технологиялар

Пререквизиттері: Экономика және құқық негіздерін оқыту әдістемесі, Білім беру жүйесіндегі менеджмент.

Постреквизиттері: Өндірістік тәжірибе, Диплом алды тәжірибе, Диплом жұмысын жазу.

Мақсаты: Кәсіби мамандандырылған ақпараттық-аналитикалық технологиялар қызметі жайында түсінікті қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кәсіби мамандандырылған ақпараттық-аналитикалық қызметінің білімін қалыптастыру. Қазіргі замандағы ақпараттық – кәсіби қызмет мамандарының жағдайы. «Білімді қалыптастыру түсінігі» интеграция генезисі білімдегі ақпараттық технологиялар контекстінде. Пайдаланушылардың интеллектуалдық қағидаларының ақпараттық жүйелерінің қалыптасқан білімдермен ара қатынасы. Білімді қалыптастырудағы ақпараттық технологиялар. Ақпаратты-аналитикалық іс-әрекеттердің технологиясы. «Ақпаратты- аналитикалы мәдениет» комплексті – жүйеленген анализі. Қазіргі жағдайдағы ақпаратты-аналитикалық мамандарының іс-әрекетінің мазмұны мен болмысы. Ақпаратты- аналитикалық іс-әрекет контекстіндегі ғылыми-ақпараттық және ғылыми –зерттеулік технологиялардың интеграциясы. Басқару жүйесіндегі ақпаратты-аналитикалық сараптауды іске асыру.

Күтілетін нәтижелер: Студент міндетті:



  • Кәсіби іс-әрекетінде ақпаратты-аналитикалық технологиялары саласында білімін шыңдау;

  • Ақпаратты-аналитикалы технологияларды пайдаланудағы үрдісті игере білу;

  • Кәсіби іс-әрекетінде ақпаратты-аналитикалық технологиялары саласында ақпаратты ізденушілік және аналитико-синтетикалық әдістерді пайдалану;

  • Өз бетінше үнемі кәсіби деңгейді көтеру үшін өзіндік жұмыстар дағдыларын игеру.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: п.ғ.д., профессор Минжанов Н.А.
жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау