Элективті пәндер каталогы 5В051000 «мемлекеттік және жергілікті басқару»



жүктеу 0,49 Mb.
бет2/2
Дата21.11.2018
өлшемі0,49 Mb.
#23146
1   2

Мақсаты: Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеуді оқу. Тұрғын үй құқығының курсында тұрғын үй қатынастарының пайда болуы мен өзгерудің ерекшеліктері, олардың жалпы мінездемесі, жеке меншік қатынастары, тұрғын үйді жалға алу келісім-шарттан пайда болатын, жалпы мемлекеттік және жеке тұрғын қорларынан шыққан қатынастарын оқып шығу.


«Тұрғын үй құқығы» курсын оқу барысында студенттер тұрғын үй заңнамалық негіздерімен, Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын реттеудің реті және әдістерімен танысады.

Курстың қысқаша анықтамасы: Егемен Қазақстанның құқығының саласы ретінде тұрғын үй құқығымен таныстыру. Бұл пәннің сұрақтарымен танысу Қазақстан Республикасының тұрғын үй құқығын тұрақтандыруы жан-жақты білім алуға көмектеседі,тұрғын үй ұатынастарын тұрақтандыру нормалары негізіндегі нормативті актілері туралы көрініс береді.

Күтілетін нәтижелер: Егемен Қазақстанның құқығының саласы ретінде тұрғын үй құқығымен студенттерді таныстыру. Бұл пәннің сұрақтарымен танысу Қазақстан Республикасының тұрғын үй құқығын тұрақтандыруы жан-жақты білім алуға көмектеседі,тұрғын үй ұатынастарын тұрақтандыру нормалары негізіндегі нормативті актілері туралы көрініс береді.

"Тұрғын үй құқығы" пәнін оқыту барысында студенттердің тұрғын үй құқығын талқылау, тұрғын үй заңнама ерекшеліктерімен практика жүзінде студенттерді таныстыру, көбінесе,тұрғын үй мәселелерінде туатын келіспеушіліктерді қарастыру.



Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Есенов Д.К.
2 ші таңдау бағыты

Экономика- математикалық әдістер

Пререквизиттері: Экономикадағы математика, Микроэкономика, Макроэкономика, Менеджмент, Эконометрика.

Постреквизиттері: Экономиканы мемлекеттік реттеу, Экономикалық талдау, Инвестициялық үдерістермен мемлекеттік басқару, Әлеуметті-экономикалық жоспарлау.

Мақсаты: Экономикалық есептердің математикалық модельдерін құра білу, олардың оңтайлы шешімдерін таба білу, алынған нәтижені өндей білу.

Курс мазмұны келесі сұрақтарды қамтиды: салааралық баланс модельдері, қорды басқару жүйесі, желілік жоспарлау және басқару. Имитациялық модельдеуді, қорды басқару және жаппай қызмет көрсету жүйесінде қолдануға үлкен назар аударылған. Ойындар теориясының элементтері қарастырылады.



Курстың қысқаша сипаттамасы:

Экономикалық жүйелерді математикалық модельдеудің негізгі ұғымдары. Көпсалалық экономи-каның Леонтьев моделі. Сауданың сызықты моделі. Қорды басқарудың статистикалық модельдері. Ойындар теориясының жалпы ұғымдары. Ойындар теориясының жалпы ұғымдары. Матрицалық ойындар-ды шешу әдістері. Желілік жоспарлау және басқару модель-дері. Желілік графиктер тиімділігі. Жаппай қызмет көрсету теориясының элементтері. Қабыл алмауы бар жаппай қызмет көрсету жүйесі. Күтуі бар жаппай қызмет көрсету жүйесі. Имитациялық модельдерді құру. Қорды басқаруда имитациялық модельдеудің қолданылуы. ЖҚКЖ имитациялық модельдеуі.



Күтілетін нәтижелер:

- экономикалық есептердің математикалық модельдерін құру әдістемесін үйрену және оның тиімді шешімін табу.

- теориялық білімдерін практикада қолданады, экономика математикалық модельдерін өндейді, олардың мәнін және мағынасын біледі.

- әлеуметтік, этикалық, ғылыми пікірлерді ескере отырып, қабылданған шешімнің дұрыс және тиімді екендігінің дәлелдеу әдістерін біледі.

- ақпаратты жинақтау жұмысы жүргізіледі және ол әр түрлі нұсқада ұсынылады, топта жұмыс атқарады.

- әр түрлі экономикалық есептерді шығара біледі және болашақта ұйымның экономикалық саясатына ұсыныс жасай алады.



Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі- Шахшина С.А.
Тиімді шешімдер қабылдау әдістері

Пререквизиттері: Экономикадағы математика, Информатика, Макроэкономика, Микроэкономика, Экономикалық теория, Менеджмент.

Постреквизиттері: Экономиканы мемлекеттік реттеу, экономикалық талдау, Инвестициялық үдерістермен мемлекеттік басқару, Әлеуметті-экономикалық жоспарлау.

Мақсаты:

Әртүрлі модельдерді салыстыру талдаумен және математикалық модельдерге жақындау толық таңдау жолымен студенттердің ойлануын дамыту. Талдау және кең экономикалық есептерін шешуде пайдаланылатын тиімділеу әдістерімен және модельдердің математикалық қасиеттерімен таныстыру.



Курстың қысқаша сипаттамасы:

Экономикадағы тиімділеу және математикалық модельдері. Сызықтық бағдарламалау есебі. Сызықтық бағдарламалау есебін шешудін графикалық әдісі. Сызықтық бағдарламалау есебін шешудін симплекстік әдісі. Жасанды базис әдісі. Сызықтық бағдарлама-лаудағы қосалқылық. Сызықтық тиімділеу модельдері. Сызықтық бағдарламаудың тасымалдау есебі. Бүтінсанды бағдарламалау. Анықталмағандық шартындағы тиімділік. Динамикалық жүйелерді тиімділеу. Сызықтық емес бағдарламаудын есебі. Тұтынушы таңдауның тиімділеу есебі. Өндірісті тиімділеу есептері. Көпбелгілі тиімділеу есептері.



Күтілетін нәтижелер:

Шешімдерінің талдау математикалық әдістері мен негізгі ұстанымдарды білу;

Экономико-математикалық модельдерін пайдаланып тәжирібелік шешімдер қабылдау есептерінде рационалдық әрекет нұсқаларды таңдау білу;

Жаңа ақпараттық технологияны енгізуімен және маңызды бір бағыттағы шешім қабылдау теориясын даму келешегі түралы түсінігіне ие болу.

Болашақта жүйе жағдайын болжау және болжамдау нәтижелері мен статистикалық ақпарат өнделуін ұсыну.

Қажет болатын статистикалық ақпаратты өз бетінше жинақтай алу және болашақ кезеңде объект дамуын болжамдау.



Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі- Шахшина С.А.
3 ші таңдау бағыты

Кәсіпорын экономикасы

Пререквизиттері: Экономикалық теория, Микроэкономика, Маркетинг, Менеджмент, Статистика, Экология және тұрақты дамуы.

Постреквизиттері: Экономиканы мемлекеттік реттеу, Муниципалды менеджмент, Мемлекет және бизнес, Әлеуметті- экономикалық жоспарлау.

Мақсаты: шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық механизмін зерттеу негізінде студенттердің экономикалық ой-өрісін дамыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Экономика ғылымдарының жүйесі.

Шаруашылық қызмет және адамның тіршілік әрекетінің экономикалық ортасы.

«Кәсіпорын экономикасы» пәнінің мәні. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі, ғылыми-әдіснамалық негіздері, мақсаттары және міндеттері. Қазақстан Республикасының нарығын мемлекеттік реттеу. Кәсіпорын – дербес шаруашылық жүргізуші субъект және нарықтық қатынастың негізгі жүргізуші

Кәсіпорынның негізгі және қосымша белгілері бойынша жіктелуі. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары.



Күтілетін нәтижелер: студент кәсіпорын аясындағы өз білімі мен қабілетін, соның ішінде қазақстандық кәсіпорындарды ұйымдастыру, басқару және дамыту аясында өз білімін көрсете білуге; бизнестің тиімді жүйесін құру үшін өз білімін қолдануға, сондай-ақ зерттеу аясындағы мәселелерді шешу мен негіздей алу үшін қажетті құзыреттіліктерді иеленуге; тәжірибелік, экономикалық, ғылыми көзқарастарды ескере отырып шешім қабылдау үшін кәсіпорынның тәжірибесі мен теориялық негіздері туралы ақпараттары жинау және дұрыс қолдана білуі тиіс.

Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Мухамбетова З.С.
Өндірісті үйымдастыру

Пререквизиттері: Экономикалық теория, Микроэкономика, Кәсіпкерлік құқық, Экология және тұрақты дамуы.

Постреквизиттері: Муниципалды менеджмент, Мемлекет және бизнес, Әлеуметті- экономикалық жоспарлау, экономиканы мемлекеттік реттеу.

Мақсаты: қазіргі жағдайда кәсіпорынның қызметін ұйымдастырудың негізгі тәсілдері мен қағидалары, ҚР кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық субъектілерінің қызмет ету ерекшеліктері, кәсіпорынның материалдық базасын ұйымдастыру, кәсіпорынды дамытудың бизнес-жоспары мен стратегиясын дайындау әдістемесі, кәсіпорын қызметін мемлекеттік реттеу және ынталандыру әдістері мен тетіктері және басқаларды оқып- үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Курстың пәні мен тапсырмалары. Өндірісті ұйымдастырудың түрлері мен типтері. Кәсіпорынның инновациялық қызметін ұйымдастыру негіздері. Кәсіпорынның шаруашылық құралдарын ұйымдастыру. Кәсіпорынның құрылыс шаруашылығын ұйымдастыру. Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығын ұйымдастыру. Транспорттық шүаруашылықты ұйымдастыру. Қойма шаруашылығын ұйымдастыру.

Күтілетін нәтижелер: студент нарық жағдайында ұлттық экономиканың ерекшеліктері мен кәсіпорынды басқарудың экономикалық тетіктерін зерттеу негізінде студенттердің экономикалық ой-өрісін дамыту.

Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі – Байбосынов С.Б.
4 ші таңдау бағыты

Экономикалық талдау

Пререквизиттері: Статистика, Экономикадағы математика, Экономика-математикалық әдістер, Информатика, Бухгалтерлік есеп, Кәсіпорын экономикасы.

Постреквизиттері: Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау, Аймақтық экономика және басқару, Муниципалды менеджмент.

Мақсаты: нақты іс жағдайын кәсіби тұрғыдан бағалауға және оның негізінде әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың стратегиясы мен тактикасы бойынша дұрыс шешімді қабылдай алуы болып табылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Экономикалық талдаудың мазмұны, объектісі, пәні және міндеттері. Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері. Факторлық талдау. Қаржы коэффициенттері әдістері. Басқарушылық талдаудың әдістері. Компанияның маретингтік әрекетін талдау. Өнім өндіру және жүзеге асыру көлемін талдау. Өндірістік ресурстарын пайдалануын талдау. Қаржылық талдау негіздері.



Күтілетін нәтижелер: студент «Экономикалық талдау» пәнінің әдісін және әдістемесін, негізгі экономикалық көрсеткіштерді менгеру, аталған жүені түсіну және білімін көрсете білу; кәсіпорынның өндірістік шаруашылық әрекетін талдау жасай білу, талдаудың жеке нәтижелерін жалпылау және тиісті қорытынды жасау тиімді басқарушылық шешім қабылдау үшін; қаржы шаруашылық әрекеті бойынша ақпараттарды жинау, жіктеу, талдау жасау арқылы экономикалық проблемаларды шеше білу; ұйымдардың қаржы тұрақтылығына, төлемқабілеттілігіне, өтімділігіне баға беру; ұйымдардың қаржы шаруашылығын студенттер өз бетімен талдау жасауды үйренуі тиіс.

Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Досмагамбетова Б.Б.

Экологиялық-экономикалық талдау

Пререквизиттері: «Экология және тұрақты даму», «Экономикалық теория», «Микроэкономика».

Постреквизиттері: «Аймақтық экономика және басқару», «Әлеуметтік саланы реттеу», «Әлеуметті экономикалық жоспарлау».

Мақсаты: шаруашылық бірліктердің экологиялық-экономикалық қауіпсіздігін және тұрақтылығын жоғарлату жағынынан, табиғатпайдалануды бағалау саласында білімдерді тереңдету және кеңейту

Курстың қысқаша сипаттамасы: Экологиялық –экономикалық талдаудың пәні, мазмұны және объектісі. Кәсіпорындағы экологиялық талдаудің қалыптасу ерекшелігі және оның түрлері. Экологиялық-экономикалық талдаудің көрсеткіштер жүйесі және ұлттық есеп жүргізушілік. Экологиялық есептің моделі және оның мәні. Пайдалы қазбаларды және табиғи активтерді бағалау, есепке алу және талдау. Табиғат пайдалануда шығындарды үйымдастыру және есепке алу. Жер-экологиялық-экономикалық есептің және талдаудың объекті ретінде. Ортаны қорғау бойынша күрделі шығындардыталдау. Ортаны қорғау бойынша негізгі қорларды тиімділігін талдау. Ағымдағы ортаны қорғау шығындардың тиімділігін талдау. Ортаны қорғау шығындарды басқару және талдауда директ-костинг жүйесі. Ресурстар үнемдеу технологияларды тиімді бағалаудағы аналитикалық рәсімі. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдаланудың тиімділігін және нәтижелерін талдау. Экологиялық-экономикалық тәуекелдердіталдау және болжау.

Күтілетін нәтижелер: Экологиялық-экономикалық тәуекелдерді болжамдауың және тиімді табиғат пайдалануының талдау әдістемесін менгеру. Тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау ішін ағымдағы ортаны қорғау бойынша шығындардың тиімділігін, ресурс қорғау технологияларды талдауды білу. Экологиялық-экономикалық тәуекелдер туралы ақпараттарды жинақтау және экономикалық мәселелерді шешу үшін дәлелдер шағару. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану тиімділігінің нәтижелеріне талдау жасау. Экологиялық-экономикалық жүйедегі көрсеткіштерге талдау жасаған кезде өз бетімен жұмыс істеу дағдылары болу керек.



Ф.И.О. ведущего преподавателя – Досмагамбетова Б.Б.
5 ші таңдау бағыты

Экономикалық саясат

Пререквизиттері: Экономикалық теория, Макроэкономика, Микроэкономика, СЭI мемлекеттік басқару, Мемлекет және бизнес.

Постреквизиттері: Инновациялық қызметті мемлекеттік басқару, Аймақтық экономика және басқару, Әлеуметті- экономикалық жоспарлау.

Мақсаты: Экономикалық саясаттың теориясы мен түрлерін ашу, үкіметтік шешімдерді қабылдау үдерісі, фискалды, монетарлық, инвестициялық, әлеуметтік, валюталық саясат және мемлекеттік қарыздармен басқару саясаты.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Экономикалық саясаттың пәні, объектісі және субъектісі. Үкіметтік шешімдерді қабылдау саясаты, ақша несие саясаты, валюталық саясат, инвестициялық саясат, сауда саясаты.

Күтілетін нәтижелер: Экономикалық ілімдер тарихын оқу барысында экономиканың ой-өрісін бакалавриаттарга таныстыру: әр түрлі экономикалық ілім мектептерінің теориялық концепциясын білу; экономикалық ілімдердің пайда болуының тарихымен танысып білімнің негізін іске асыру.

- Практикада түсіну қабілеттерін, олардың мағыналарын пайдалану. Өз қызметіне қатысты кәсіби білімділігін пайдалану алу және пән саласы шеңберіндегі мәселелерді шешу барысында дәлелдеу.

- Әлеуметтік, ғылыми немесе экономикалық ой-өрісі бойынша пікірлерін білу үшін қажетті жинау және түсіну.экономикалық дәлелдемелер мен дәлелдерді құру. Талдамалы экономикалық пікірлерді асыру және сыни талдау ойларды меңгеру.

- Коммуникациялық іскерлікті әр түрлі аудиторияларда ақпаратты, ой-өрісті мәселелерді көрсете білу.Аудиторияның ерекшелігін есептей отыра, ақпаратты әр нысандарда игеру.

- Экономикалық мектептері мен экономикалық теорияның білімін пайдалана отырып, өзін-өзі экономикалық кәсіби білім деңгейін көрсету.

Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Букатов Е.Б.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

Пререквизиттері:Экономикалық теория, Халықаралық экономика, саясаттану, СЭI мемлекеттік басқару.

Постреквизиттері: Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу, Әлеуметті экономикалық жоспарлау.

Мақсаты: «Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты» пәнінің мақсаты сыртқы саясаттың қалыптасуы мен дамуын үрдісін көрсету, Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастыққа кіру үрдісін көрсету, жеке елдермен, сондай‑ақ халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығының түрлері мен әдістерінің көпжақтылығын ашып көрсету

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасу тарихы. Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы. Қазақстан және Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы. Қазақстан – Ресей қатынастары. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен сыртқы саясаты. Қазақстан-Қытай қарым-қатынастары. Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік мәселелері. Азия бағытындағы Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Қазақстанның сыртқы саясатының европалық тармағы. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының америкалық бағыты. Қазақстан Республикасының ядролық қаруларды таратпау және қарусыздану ұстанымдары. Қазақстан және аймақтық ынтымақтастық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері.

Күтілетін нәтижелер:

- Оқылып отырған пән бойынша әдістеме мен әдіснаманы игеру, қоршаған әлеуметтік ортада бейімделу.

- дипломатиялық төжірибедегі дипломатиялық құжаттармен жұмыс жасай білу.

- Пәнді оқыту барысында әлеуметтік, этникалық, ғылыми мазмұндағы ақпаратты талдай білу.

- Пәнді оқыту кезінде дәрісханалық база ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жасау.

- Студенттер өзіндік жұмыстарды игере отырып өз білімдерін әр кез жетілдіріп дамытып отыруы қажет.



Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Егізбаев С.Б.
6 шы таңдау бағыты

Сыртқы экономикалық іс-әрекетті мемлекеттік басқару

Пререквизиттері: Экономикалық теория, Микроэкономика, Макроэкономика, Халықаралық экономика.

Постреквизиттері: Мемлекет және бизнес, Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау.

Мақсаты: Нарықтық экономикаға өту жағдайында мемлекеттің өзіндік сыртқы экономикалық іс-әрекеті арттырады. «Сыртқы экономикалық іс-әрекетті мемлекеттік басқару» пәні 4 курс студенттерімен оқытылады, ол өзіне экспортты-импорттық саясатының, шет ел инвестицияларды тарту, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық пен сыртқы экономикалық іс-әрекетті сақтандыру деген өзекті мәселелерді қамтиды.

Курстың қысқаша сипаттамасы: сыртқы экономикалық факторының рөлін жоғарлату – әлемдік экономика дамуының басты бағыты; мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру; ҚР сыртқы экономикалық іс-әрекетті ұйымдастыру. Нарықтық экономикасы бар елдерде сыртқы экономикалық байланыстарды мелекеттік реттеуді ұйымдастыру; әлемдік нарықта баға белгілеудің ерекшеліктері; сыртқы сауда операциялары, сауда делдалдары, биржалар, аукциондар, халықаралық есеп және валюталық тәуеклділікті сақтандыру; халықаралық саудада несиелендіру; сыртқы экономикалық іс-әрекетті реттеуде мемлекеттің рөлі; халықаралық саудаданың контрагенттері; ресми байланыстың техникасы мен оны ұйымдастыру.

Күтілетін нәтижелер: халықаралық есеп айырысу мен несиелендіру, валюталық тәуеклділікті және сыртқы экономикалық іс-әрекетті сақтандыру, айырбас курсы, кедендік және сыртқы экономикалық іс-әрекетті валюта-несиелік реттеу; тауарларды (қызметтерді) сату-сатып алу немесе жалға берудің келісім шарттарын құруды; халықаралық нарықта сауда делдалдары дегендер кім және олардың орындарын; түрлі биржаларға қатысты шарттарды білуге тиіс.

Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Букатов Е.Б.
Инновациялық үдерістермен мемлекеттік басқару

Пререквизиттері: Экономикалық теория, Макроэкономика, Микроэкономика, Менеджмент, Экология және тұрақты дамуы.

Постреквизиттері: Әлеуметтік экономикалық жоспарлау, Муниципалды менеджмент, Аймақтық экономика және басқару, Әлеуметтік саланы реттеу.

Мақсаты: Мемлекеттің инвестициялық саясатында стратегиясы мен тактикасын орнату мәселелерін, олардың экономикалық негізін, инвестициялық ресурстарын тиімді қолданудың негізгі жолдары мен принциптерін, тікелей инвестициялардың жергілікті қолдау мәселелерін, сонымен қатар шет ел инвестицияларын тартудың негізгі бағыттарын білу.



Курстың қысқаша сипаттамасы: Инвестициялық көрсеткіштерге байланысты топтастырудың экономикалық негізі. Ішкі және шетел инвестицияларын тарту және тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін, инвестициялық ағындарды басқару ерекшеліктерінің теориялық және практикалық талқылау; мемлекеттің инвестициялық стратегиясы қалыптасуының стратегиясы мен тактикасы, оның экономикалық негізін, тікелей инвестицияларды муниципалды қолдау мәселелерін қарастыру; Курсты оқытудың объектісі – ҚР Үкіметінің инвестициялық саясаты, инвестициялық стратегияның негізгі мақсаттары мен мәселелері, сондай-ақ 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновацилық стратегиясы.

Күтілетін нәтижелер: студент республика экономикасының қазіргі таңдағы жағдайы мен ішкі және сыртқы инвестициялық ресурстарды пайдаланудың негізгі бағыттарын білу; салалық және аймақтық инвестициялық бағдарламалардың стратегиялық аспектісін өңдеп, негіздеу; ішкі инвестициялық ресурстардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етіп, шетелдік инвестицияларды тарту қағидаларын негіздеу; тартымды инвестициялық жобаларды таңдау мақсатында инвестициялық нарыққа сипаттама беруі тиіс.

Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Аркенова Ж.Р.
7-ші таңдау бағыты

Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу

Пререквизиттері: Экономикалық теория, Микроэкономика, Макроэкономика, Менеджмент.

Постреквизиттері: Әлеуметтiк-экономикалық жоспарлау, Аймақтық экономика және басқару.

Мақсаты: Инновациялық қызметтің мемлекеттiк реттеуінің механизмі мен инновациялық процесі шындығында мәндi мiнездемелердiң көп жоспарлы зерттеу

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Инновациялар: ұғымы, классификациясы және негiзгi көрсеткiштері. Инновациялық сала. Инновацияның экономикалық теориясы. Инновация микроэкономикасы. Инновацияны реттеудiң экономикалық қағидалары. Ұлттық инновациялық жүйе. Инновациялар және мемлекеттiк саясат. Ғаламдану процесстерiндегi ҰИЖ дамыту. Еңбек нарығы және инновациялық саладағы мемлекеттік саясат. Инновациялық саладағы адамгершiлiк және әлеуметтiк капитал.



Күтілетін нәтижелер:

- Инновация, оның негiзгi классификациялары, инновациялық салаға және инновацияның теориялық мәнi туралы казіргі кездегі ұсынысының болуы.

- Инновацияның дамытуында мемлекеттiң рөлi туралы ұсынысты алу.

- Мемлекеттiк басқаруды мәндi түсiнсiн бұл академиялық ғылымның облысы, мемлекеттiк басқарудың төңiрегiдегi ғылыми мектептерiмен таныстыру.

- Мемлекеттiк басқаруды мәндi түсiнігінің бұл кәсiби қызметтiң түрi, кәсiпкерлiктiң мемлекеттiк басқарумен және басқаруымен аралығында ұқсастық және айырмашылықты көруі.

- Мемлекеттiк басқаруды жүйе туралы кешендi ұсынысы болуын және оның мәнiн түсiнуі, оны құрайтын: процесс, мақсаттар, функция, қағидалар, әдiстер, органдар, мемлекеттiк басқарудың кадрлары туралы мәліметтерін арттыруы қажет.



Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Букатов Е.Б.
Инновациялық менеджмент

Пререквизиттері: Менеджмент, Өндірісті ұйымдастыру, экономикалық теория, Микроэкономика.

Постреквизиттер: Әлеуметтік экономикалық жоспарлау, Аймақтық экономика және басқару.

Мақсаты: студенттерде теориялық білімдер кешенін қалыптастыру, оның ішінде, әлеуметтік экономикалық жоспарлау, инновациялық бағытталу мен бейімделу, инновациялық саясатты қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:Инноватика теориясының құрылуы және оның жахандық концепциясы, Компанияның инновация қызметін басқару негіздері, Инновациялық үдерісіті ұйымдастыру түрлері мен әдістері, Инновациялық жобаларды басқару және жобалардың тиімділігін бағалау деңгейі, Инновациялық стратегиялар, Инновациялық қызмет нәтижесі, Интеллектуалды меншік, Технология трансферті. Лизинг. Франчайзинг. Форфейтинг. Ноу-хау, патент, лицензия, Кіші инновациялық бизнес, Венчурлы қаржыландыру, Инновациялық инфраструктура, ҚР инновациялық кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсету.

Күтілетін нәтижелер:

-Инновациялық дамуда ғылыми дәлеледенген болжауды құрудың әдістемесі мен технология негіздерін білу.

- Кез келген инноватикалық жағдайларда тиімді шешім қабылдай алу және болып жатқан құбылыстардың мәнін білу.



Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Орынбасарова Е.Д.
8-ші таңдау бағыты

Экономиканы мемлекеттік реттеу

Пререквизиттері: Экономикалық теория, Макроэкономика, Мемлекеттік басқару теориясы, Статистика, Экономикадағы математика, Кәсіпкерлік құқық.

Постреквизиттер: Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу, Аймақтық экономика және басқару, Муниципалды менеджмент, Әлеуметтік саланы реттеу.

Мақсаты: студенттердің нарықтық экономика жағдайындағы ел экономикасының әрекет ету механизмін зерттеу негізінде экономикалық ойлау қабілетін қалыптастыру табылады. Аталмыш мақсатқа қол жеткізу барысында экономиканы мемлекеттік реттеудің теоретикалық аспектілері, экономиканы ақша–несиелік реттеудің негізгі механизмдері қарастырылып, студенттердің дағдысын қалыптастыру барысында маңызды рольді атқарады.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері, Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері, Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы, Болжау және жоспарлау мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері ретінде, Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері, Экономиканы ақша – несиелік реттеудің негізгі механизмдері, Экономикалық өсу: негізгі факторлары және оны қамтамасыз етудің мемлекеттік іс-шаралары, Ғылыми – техникалық прогрестің бағыттары және оны жеделдетудегі мемлекеттің рөлі, Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен және жүзеге асыру механизмдері, Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу, Бәсекелік ортаны қалыптастыру және монополияны реттеу, Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу және халықты әлеуметтік қорғау, Экологиялық реттеу бойынша мемлекеттік іс-шаралар жүйесі, Сыртқыэкономикалық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу, Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу.

Күтілетін нәтижелері:

- Ғылыми көзқарас тұрғысынан экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуге, жоғарғы кәсіби білім алудың жалпыбілім беру стандартында болатын мемлекеттік және жергілікті басқару бағыты бойынша маман түлектер үшін қажетті экономиканы мемлекеттік реттеу теориясы, тәжірибесі мен әдістемесі саласында білімдерді зерттеуге мүмкіндік беретін «Экономиканы мемлекеттік реттеу» курсының негізгі қағидалары мен әдістерін зерттеу;

- Теориялық білімді тәжірибелік іс әрекетпен үйлестіру ептілігі, заманауи заңнаманы жүзеге асырудағы мемлекеттік және жергілікті басқару формаларының маңыздылығын түсіну;

- Арнайы пәндерді оқу мен кәсіби іс әрекетте экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық және әдістемелік негіздерін сауатты қолдану дағдыларына ие болу;

- Заңнамалы құқықтық және экономикалық әдебиеттен ақпаратты сапалы жинау қажеттілігі туралы әр аймақ көрінісін ескере отырып, түрлі мәселелерді шешу әдістері, жалпы ел экономикасын талдау мен болжамдау дағдыларын дамыту;

- Өзін-өзі жетілдіру мен өзін өзі дамытуғы деген қажеттіліктің болуы, экономиканы мемлекеттік реттеу саласында білімдер арсеналын тұрақты толықтыру ынтасының болуы.



Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Шумеков З.Ш.

Шет мемлекеттерінің экономикасын реттеу

Пререквизиттері: Экономикалық теория, Макроэкономика, Мемлекеттік басқару теориясы, Халықаралық экономика, Статистика, Кәсіпкерлік құқық, Экономикадағы математика.

Постреквизиттері: Инновациялық қызметті мемлекеттік басқару, Әлеуметтік саланы реттеу, Муниципалды менеджмент, Аймақтық экономика және басқару.

Мақсаты: шет мемлекеттерінің экономиканы мемлекеттік реттеудегі ерекшеліктері мен негізгі этаптарына түсінік беру, экономиканы түбегейлі реформалау жағдайындағы экономикалық үдерістерді реттеу аясында шет мемлекеттердің экономикалық реттеу маңыздылығын анықтау.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: шет мемлекеттердегі экономиканы мемлекеттік реттеу негіздері.Шет мемлекеттердегі экономиканы мемлекеттік реттеу үлгісінің ерекшеліктері. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі стратегиялық жоспарлау. Шет мемлекеттердегі мемлекеттік кәсіпкерлік тәжірибесі. Экономиканың аграрлы секторын болжау және жоспарлау тәжірибесі. Шет мемлекеттерінде бағаны және бағабелгілеуді мемлекеттік реттеу.

Күтілетін нәтижелер: Арнайы пәндерді оқу мен кәсіби іс әрекетте экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық және әдістемелік негіздерін сауатты қолдану дағдыларына ие болу;

- Заңнамалы құқықтық және экономикалық әдебиеттен ақпаратты сапалы жинау қажеттілігі туралы әр аймақ көрінісін ескере отырып, түрлі мәселелерді шешу әдістері, жалпы ел экономикасын талдау мен болжамдау дағдыларын дамыту;

- Өзін-өзі жетілдіру мен өзін өзі дамытуғы деген қажеттіліктің болуы, экономиканы мемлекеттік реттеу саласында білімдер арсеналын тұрақты толықтыру ынтасының болуы.

Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Шумеков З.Ш.
9-шы таңдау бағыты

Мемлекет және бизнес

Пререквизиттері: Экономикалық теория, Макроэкономика, Менеджмент, Кәсіпкерлік құқық.

Постреквизиттері: Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау, Аймақтық экономика және басқару, Жемқорлыққа қарсы іс-әрекет негіздері, Әлеуметтік саланы реттеу.

Мақсаты: студенттер мемлекет пен бизнес арасындағы мәселелерді, батыста бұрыннан қалыптасқан және көптеген университеттердің экономика мамандықтары бойынша оқу жоспарларының негізгісі ретінде қарастырады.

Көптеген елдерде ресурстардың басым бөлігі жекелеген тұлғалара немесе жеке фирмалар басқа төлғалармен немесе фирмалармен сауда келісімдерін жүзеге асыратын нарық көмегімен бөлінеді. Бірақ аралас экономикалық жұйесіндегі көптеген елдерде ерекше орынды мемлекеттік басқару және билік органдары алады, өйткені олар құқықтық нормаларды белгілейді, нарықта тауарлар мен қызметтерді сатып алады, қызметтің кейбір түрлерін шығарады, кең көлемді трасферттік төлемдерді өтейді. Займдар мен салықтар арқылы өзін-өзі қаржыландырады, мемлекеттік құрылым баға, проценттік ставкаға және нормативтерді қалыптастыруға өз ықпалын тигізді.



Пәннің сипаттамасы: Шет елдерде курсты оқытудың бағдарламалық әдістемелік астары, Мемлекет және аралас экономиканың қалыптасуы, Экономиканы мемлекеттік басқару жүйесі және бюрократизм, Мемлекет нарықтық қатынастарды ынталандыру субъектісі, Кәсіпкерлік дамуының экономикалық негіздері және оның түрлері, «Үкімет пен бизнес» қатынасын реттеу және оның әртүрлі елдердегі тәжірибесі, Экономикалық өсу проблемаларын шешу және азаматтық қоғамды қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі, Экономиканың әртүрлі секторындағы бизнестің даму жағдайлары, Мемлекеттің бизнес пен арақатынасының құқықтық астары,

Күтілетін нәтижелер:

Пәнді игеру нәтижесінде студент:

- аралас экономиканың қалыптасуы мен дамуы жағдайында бизнесті реттеу субъектісі ретінде мемлекет туралы тұтас түсініктің болуы.

- ғылым саласы ретінде бизнесті мемлекеттік реттеудің мәнін түсінуі.

- кәсіби қызмет түрі ретінде мемлекеттік басқарудың мәнін түсінуі. мемлекеттік басқару мен бизнесті басқару арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты көре білуі тиіс.

- мемлекеттік басқару жүйесі туралы кешенді түсінігі болып, оны құраушылардың: үрдістің, мақсаттардың, функциялардың, қағидалардың, әдістерді, органдардың, мемлекеттік басқару кадрларының мәнін түсінуі керек.

- мемлекеттiк басқаруды жүйе туралы кешендi ұсынысы болуын және оның мәнiн түсiнуі, оны құрайтын: процесс, мақсаттар, функция, қағидалар, әдiстер, органдар, мемлекеттiк басқарудың кадрлары туралы мәліметтерін арттыруы қажет.

Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Юсупов М.Т.
Мемлекеттік жеке әріптестік

Пререквизиттері: Экономикалық теория, Макроэкономика, Менеджмент, Кәсіпкерлік құқық.

Постреквизиттері: Аймақтық экономика және басқару, Муниципалды менеджмент, Әлеуметтік саланы реттеу, Экономиканы мемлекеттік реттеу.

Мақсаты: Мемлекеттік жеке әріптестік туралы түбегейлі білу. МЖӘ қажеттігі, бәрінен бұрын, мемлекет әдетте жауап беретін салаларда пайда болады, - жалпы пайдалану объектілері (көліктік, коммуналдық, әлеуметтік инфрақұрылым, мәдениет объектілері, тарих және сәулет ескерткіштері және т.б.), жария қызметтер (public services) – жалпы пайдалану объектілерін жөндеу, реконструкциялау және ұстау, аумақтарды жинау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру, денсаулық сақтау туралы білу.

Пәннің сипаттамасы: Қазіргі уақытта бірқатар дамыған және дамып келе жатқан елдердің экономикасында мемлекет пен жеке бизнестің өзара әрекеттесуінің жаңа ерекше нысаны – мемлекеттік-жеке әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) Public Private Partnership (PPP) кең таралуда.

Мемлекеттік-жеке әріптестік барлық елдің немесе жеке аумақтардың ауқымында қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыру мақсатында мемлекет пен жеке бизнестің ұйымдық және институционалдық бірлестігін білдіреді. Едәуір өзгерістер дәстүр бойынша мемлекеттік меншіктегі өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды: коммуналдық және энергетикалық желілерді, теңіз және өзен порттарын, әуежайларды; денсаулық сақтауды, білім беруді, құқық қорғау және қорғаныс саласын басқарудың нысандарында және әдістерінде болады.



Күтілетін нәтижелер:

- аралас экономиканың қалыптасуы мен дамуы жағдайында бизнесті реттеу субъектісі ретінде мемлекет туралы тұтас түсініктің болуы.

- ғылым саласы ретінде мемлекеттік жеке әріптестік реттеудің мәнін түсінуі.

- кәсіби қызмет түрі ретінде мемлекеттік жеке әріптестік мәнін түсінуі. мемлекеттік басқару мен бизнесті басқару арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты көре білуі тиіс.

- Мемлекеттік жеке әріптестік жүйесі туралы кешенді түсінігі болып, оны құраушылардың: үрдістің, мақсаттардың, функциялардың, қағидалардың, әдістерді, органдардың, мемлекеттік басқару кадрларының мәнін түсінуі керек.

- Мемлекеттік жеке әріптестік жүйе туралы кешендi ұсынысы болуын және оның мәнiн түсiнуі, оны құрайтын: процесс, мақсаттар, функция, қағидалар, әдiстер, органдар, мемлекеттiк басқарудың кадрлары туралы мәліметтерін арттыруы қажет.



Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Юсупов М.Т.
10-шы таңдау бағыты

Мемлекеттік қызмет этикасы

Пререквизиттері: Әлеуметтану, құқық негіздері.

Постреквизиттері: мемлекет және бизнес, аймақтық экономика және басқару, сыбайлас жемқорлық негіздері, мемлекеттік басқаруды құжаттық қамтамасыз ету.

Мақсаты: мемлекеттік қызметті жетілдіру саласы негізінде студенттерде экономикалық ойлау жүйесін өңдеу, мемлекеттік қызметтің қазақстандық этикасын жетілдіру бойынша шаралар жүйесін өңдеп және негіздей білуі тиіс.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Этика. Оның пәні мен негізгі категориялары. Мораль теориясының негізгі мәселелері. Антикалық этика. Діни этика. Жаңа уақыт өркениетінің дамуы және адамгершілік процестерінің спецификасы. Күштемеу этикасы. Өзін-өзі шектеу этикасы. Кәсіби моральдың қалыптасуы мен дамуы. Тұйық идеологиялық жүйелер этикасы. Мемлекеттік қызмет этикасының қалыптасу ерекшелігі. Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және оның қызмет ету ерекшеліктері және олардың мемлекеттік қызметкерлер моральіне ықпалы. Мемқызметкер тұлғасына қатысты негізгі адамгершіліктік талаптар және аталмыш талаптарды ранжирлеуге ықпал ететін негізгі факторлар. Мемқызмет өзгеруінің негізгі қарқындары және аталмыш процестердің мемқызметкерлер мораліне ықпалы. Мемлекеттік қызметкерлер іс-әрекетіндегі этикет.

Күтілетін нәтижелер: студент түрлі елдердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының этикалық қызметін зерттеуге мүмкіндік беретін «Мемлекеттік қызмет этикасы» курсының негізгі қағидалары және әдістерін меңгеру; теориялық білімді тәжірибелік іс-әрекетпен үйлестіре білу, олардың қазіргі жағдайдағы этикалық қызметтегі мәнін түсіну; іскерлік байланыс жасаудағы мемлекеттік қызметкерлердің орны мен ролін ескере отырып, этикалық қызметтің теориялық аспектілерін сауатты қолдану дағдысына ие болу; кейіннен баяндау үшін мемлекеттік қызметтер бойынша әдебиеттен ақпаратты сапалы жинақтау қажеттілігі көрінісін дамыту; мемлекеттік қызметтің этикалық нормаларын білуге үйрету.

Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі – Байгуренова М.А.
Әлеуметтік жұмыстың кәсіби-этикалық негіздері

Пререквизиттері: Әлеуметтану, Құқық негіздері.

Постреквизиттері: мемлекет және бизнес, аймақтық экономика және басқару, сыбайлас жемқорлық негіздері, мемлекеттік басқаруды құжаттық қамтамасыз ету, әлеуметтік саланы реттеу.

Мақсаты: Әлеуметтік жұмыс қызметтің жан-жақты түрі болып табылады. Оның саласы алуан түрлі, сондықтан әлеуметтік қызметкерлердің қызметі тапсырманың көпқырлылығы мен шартталған. Әлеуметтік қызметкер халыққа кәсіби көмектесес отырып жоғары адамгершілік мәдениеттен қабілеті болу, әлеуметтік жұмыстың кәсіби-этикалық қағидаларға сүйену керек. Курсты оқытудың мақсаты болып әлеуметтік жұмыстың кәсіби құндылықтары мен стандарттарын білу болып табылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Ғылым ретінде әлеуметтік жұмыс этикасы. Мораль адамзат мінез-құлқының реттеуші және қоғамдық сананың формасы ретінде. Әлеуметтік жұмыс және қоғамның рухани –адамгершілік құндылығы. Әлеуметтік жұмыстың адамгершілік-гуманистік сипаттамасы.

Әлеуметтік жұмыстың кәсіби құндылықтары. Әлеуметтік жұмыстың этикалық кодексінің мазмұны. Әлеуметтік қызметкерлердің түрлі ұйымдар және құрылымдар мен қарым-қатынас түрлері. Әлеуметтік қызметкерлердің жұмыс жасау барысындағы этикалық аспектілері. Әлеуметтік жұмыскерлердің кәсібилілігі. Әлеуметтік жұмыстың міндеттерінің өлшемдері. Әлеуметтік қызметкерлердің жеке дамгершілік сапалары. Әлеуметтік жұмыстағы азаматтылық. Әлеуметтік қызметкердің адамгершілік мәдениеті.



Күтілетін нәтижелер: Студенттерді принцип жүйесі ретінде әлеуметтік қызметкердің этикасымен және кәсіби әрекеттің адамгершілік нормаларымен қаруландыру, әлеуметтік жұмыста этикалық диллемге рұқсат беру және әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын игеріп қалыптастыру, клиенттермен қарым-қатынастың дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік туғызып этикалық санаға сай келетін жеке бас кәсіби этикалық нормаларды білуге үйрету.

Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Тутинова Н.Е.
11-ші таңдау бағыты

Әлеуметті мемлекет



Пререквизиттері: Саясаттану, Әлеуметтану, Құқық негізі, Экономикалық теория, Макроэкономика, Мемлекеттік басқару теориясы, Экономиканы мемлекеттік реттеу.

Постреквизиттері: Әлеуметті экономикалық жоспарлау, Муниципалды менеджмент, Аймақтық экономика және басқару, Әлеуметтік саланы реттеу, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекет негізі .

Мақсаты: «Әлеуметтік мемлекет» пәні студенттерге мемлекеттің әлеуметтік саясаты және әлеуметтік мемлекеттің тиімді қызметі туралы түсінік қалыптастыруды мақсат етеді. Әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі - өте ертеде пайда болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген билеушілер, мысалы, Рим цезарлары жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату мен ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Әлеуметтік мемлекет теориясының дамуы мен модельдері. Әлеуметтік мемлекеттің негізгі белгілері мен элементтері. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуындағы әлемдік тәжірибе. Әлеуметтік-эконоомикалық мемлекеттің әлеуметтк пәні мен құрылымы. Әлеуметтік нарықтық шаруашылық әлеуметтік мемлекеттің ресурстық базасы ретінде. Әлеуметтік мемлекеттің микроэкономикалық механизмі. Әлеуметтік типтегі мемлекеттің макроэкономикалық параметрлері. Мемлекет әлеуметтік процестердің факторы ретінде. Әлеуметтік мемлекеттің заңнамалық негізі. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты және оның негізгі аспектілері. Кәсіпкерлік сектор әлеуметтік мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қатысушысы ретінде. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. Әлеуметтік мемлекеттегі азаматтық қоғамның рөлі. Әлеуметтік мемлекеттегі мемлекеттің, бизнес-сектордың және азаматтық қоғам институттарының ынтымақтастығы. Жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасыдағы әлеуметтк мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы.

Күтілетін нәтижелер: әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы жағдайында бизнесті реттеу субъектісі ретінде мемлекет туралы тұтас түсініктің болуы; ғылым саласы ретінде әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеудің мәнін түсінуі; кәсіби қызмет түрі ретінде мемлекеттік басқарудың мәнін түсінуі, мемлекеттік басқару мен әлеуметтік саясатты басқару арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты көре білуі тиіс, әлеуметтік мемлекеттік басқару жүйесі туралы кешенді түсінігі болып, оны құраушылардың: үрдістің, мақсаттардың, функциялардың, қағидалардың, әдістерді, органдардың, мемлекеттік басқару кадрларының мәнін түсінуі керек.

Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Юсупов М.Т.


Азаматтық қоғам

Пререквизиттері: Саясаттану, Әлеуметтану, Құқық негізі, Экономикалық теория, Макроэкономика, Мемлекеттік басқару теориясы, Экономиканы мемлекеттік реттеу.

Постреквизиттері: Әлеуметтік экономикалық жоспарлау, Муниципалды менеджмент, Аймақтық экономика және басқару, Әлеуметтік саланы реттеу.

Мақсаты: «азаматтық қоғам», «қоғамдық ұйымдастыру», «азаматтық талпыныс», «саяси қозғалыс және партия», саяси қатысу» түсініктерінің құрылымын түсіну.



Курстың қысқаша сипаттамасы: азаматтық қоғамның негізгі әдістемелік критериийі, азаматтық қоғам және оның құрылымы, кеңестік кезеңдегі азаматтық қоғам, жаhандық Қазақстандағы азаматтық қоғам, Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік жүйесі, саяси емес қоғамдық ұйымдар, СМИ азаматтық қоғам институты ретінде, азаматтық қоғам мен мемлекеттің арақатынасының құқықтық түрлері.

Күтілетін нәтижелер: азаматтық қоғамның негізгі әдістемелік критериийі, азаматтық қоғам және оның құрылымы, кеңестік кезеңдегі азаматтық қоғам, жаhандық Қазақстандағы азаматтық қоғам, Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік жүйесі, саяси емес қоғамдық ұйымдар, СМИ азаматтық қоғам институты ретінде, азаматтық қоғам мен мемлекеттің арақатынасының құқықтық түрлерін білу.

Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі – Юсупов М.Т.
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР

Пәндер циклі

Пәндер

коды


Пәндер атауы

Кредиттер

саны


Семестр







4 курс













Курс по выбору 1










БП

GRID 4220

Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу

2

7





БП

IM 4220

Инновациялық менеджмент










Курс по выбору 2










ПП

MM4306

Муниципалды менеджмент

3

7 (к/р)





ПП

SM 4306

Стратегиялық менеджмент










Курс по выбору 3










ПП

SEP 4305

Әлеуметті-экономикалық жоспарлау

3

7





ПП

SP 4305

Стратегиялық жоспарлау










Курс по выбору 4










ПП

ZhPRK 4308

ҚР тұрғын үй құқығы

3

7





ПП

TPRK 4308

ҚР еңбек құқығы










Курс по выбору 5










ПП

OPK 4309

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекет негіздері

3


7





ПП

APRK 4309

ҚР әкімшілік құқығы










Курс по выбору 6










ПП

RSS 4310

Әлеуметтік саланы реттеу

3


7





ПП

AE 4310

Экономикалық талдау





1 ші таңдау бағыты

Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу

Пререквизиттері: Экономикалық теория, Микроэкономика, Макроэкономика, Менеджмент.

Постреквизиттері: Әлеуметтiк-экономикалық жоспарлау, Аймақтық экономика және басқару.

Мақсаты: Инновациялық қызметтің мемлекеттiк реттеуінің механизмі мен инновациялық процесі шындығында мәндi мiнездемелердiң көп жоспарлы зерттеу

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Инновациялар: ұғымы, классификациясы және негiзгi көрсеткiштері. Инновациялық сала. Инновацияның экономикалық теориясы. Инновация микроэкономикасы. Инновацияны реттеудiң экономикалық қағидалары. Ұлттық инновациялық жүйе. Инновациялар және мемлекеттiк саясат. Ғаламдану процесстерiндегi ҰИЖ дамыту. Еңбек нарығы және инновациялық саладағы мемлекеттік саясат. Инновациялық саладағы адамгершiлiк және әлеуметтiк капитал.



Күтілетін нәтижелер:

- Инновация, оның негiзгi классификациялары, инновациялық салаға және инновацияның теориялық мәнi туралы казіргі кездегі ұсынысының болуы.

- Инновацияның дамытуында мемлекеттiң рөлi туралы ұсынысты алу.

- Мемлекеттiк басқаруды мәндi түсiнсiн бұл академиялық ғылымның облысы, мемлекеттiк басқарудың төңiрегiдегi ғылыми мектептерiмен таныстыру.

- Мемлекеттiк басқаруды мәндi түсiнігінің бұл кәсiби қызметтiң түрi, кәсiпкерлiктiң мемлекеттiк басқарумен және басқаруымен аралығында ұқсастық және айырмашылықты көруі.

- Мемлекеттiк басқаруды жүйе туралы кешендi ұсынысы болуын және оның мәнiн түсiнуі, оны құрайтын: процесс, мақсаттар, функция, қағидалар, әдiстер, органдар, мемлекеттiк басқарудың кадрлары туралы мәліметтерін арттыруы қажет.



Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Букатов Е.Б.
Инновациялық менеджмент

Пререквизиттері: Менеджмент, Өндірісті ұйымдастыру, экономикалық теория, Микроэкономика.

Постреквизиттер: Әлеуметтік экономикалық жоспарлау, Аймақтық экономика және басқару.

Мақсаты: студенттерде теориялық білімдер кешенін қалыптастыру, оның ішінде, әлеуметтік экономикалық жоспарлау, инновациялық бағытталу мен бейімделу, инновациялық саясатты қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:Инноватика теориясының құрылуы және оның жахандық концепциясы, Компанияның инновация қызметін басқару негіздері, Инновациялық үдерісіті ұйымдастыру түрлері мен әдістері, Инновациялық жобаларды басқару және жобалардың тиімділігін бағалау деңгейі, Инновациялық стратегиялар, Инновациялық қызмет нәтижесі, Интеллектуалды меншік, Технология трансферті. Лизинг. Франчайзинг. Форфейтинг. Ноу-хау, патент, лицензия, Кіші инновациялық бизнес, Венчурлы қаржыландыру, Инновациялық инфраструктура, ҚР инновациялық кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсету.

Күтілетін нәтижелер:

-Инновациялық дамуда ғылыми дәлеледенген болжауды құрудың әдістемесі мен технология негіздерін білу.

- Кез келген инноватикалық жағдайларда тиімді шешім қабылдай алу және болып жатқан құбылыстардың мәнін білу.



Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Орынбасарова Е.Д.
2ші таңдау бағыты

Муниципалды менеджмент

Пререквизиттері: «Мемлекеттік басқару теориясы», «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Менеджмент».

Постреквизиттері: өндірістік тәжірибе және дипломдық жұмысты жазу.

Мақсаты: «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бакалаврларында ҚРғы муниципалды басқарудың іс-тәжірибелік және теориялық дағдыларын қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Басқарудың мәні. Муниципалды менеджмент ғылыми пән ретінде. Муниципалды басқарудың даму тарихы.

Жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдарының арақатынасы. Өкілетті және атқарушы органдарыныңбасқарудағы ұйымдың іс-әрекетінің негізі. Жергілікті басқару органдарындағы іс-әрекетті жоспарлау. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері. Жергілікті басқарудың экономикалық механизмі. Орталық және аймақтық экономикалық басқару органдары: жауапкершілікті бөлу және өзара қатынас механизмі. ҚР-ның аймақтық саясаты. Аймақтардағы экономикалық реформаларды басқару үрдісі

ҚР-ның әкімшілік-территориялық құрылысының реформасы. Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көбейту жолдары. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық мәселелері. Унитарлы және федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару

Күтілетін нәтижелер: Ғылыми көзқарас тұрғысынан экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуге, жоғарғы кәсіби білім алудың жалпыбілім беру стандартында болатын мемлекеттік және жергілікті басқару бағыты бойынша маман түлектер үшін қажетті муниципалды басқару теориясы, тәжірибесі мен әдістемесі саласында білімдерді зерттеуге мүмкіндік беретін «Муниципальный менеджмент» курсының негізгі қағидалары мен әдістерін зерттеу; теориялық білімді тәжірибелік іс әрекетпен үйлестіру ептілігі, заманауи заңнаманы жүзеге асырудағы мемлекеттік жне жергілікті басөару формаларының маңыздылығын түсіну; арнайы пәндерді оқу мен кәсіби іс әрекетте муниципалды басқарудың теориялық және әдістемелік негіздерін сауатты қолдану дағдыларына ие болу; заңнамалы құқықтық және экономикалық әдебиеттен ақпаратты сапалы жинау қажеттілігі туралы әр аймақ көрінісін ескере отырып, түрлі мәселелерді шешу әдістері, аймақтық экономиканы талдау мен болжамдау дағдыларын дамыту; өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі дамытуғы деген қажеттіліктің болуы, муниципалды менеджмент саласында білімдер арсеналын тұрақты толықтыру ынтасының болуы қажет.

Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі – Жанбекова З.Х.
Стратегиялық менеджмент

Пререквезиттері: «Менеджмент», «Кәсіпорын экономикасы», «Өндірісті ұйымдастыру»

Постреквезиттері: өндірістік тәжірибе және дипломдық жұмысты жазу.

Мақсаты: студенттерге стратегиялық менеджменттің стратегиялық маркетингпен өзарабайланысы туралы, стартегиялық менеджменттің негізгі құраушылары және оның кезеңдері жайлы қажетті білім беру. Берілген пән стратегиялық менеджмент, стратегиялық маркетинг, стратегиялық мақсаттарды және кәсіпорын стратегиясын қалыптастыру, өндіріс дамуының стратегиялық проблемалары жайлы мәселелерін ашып көрсету болып табылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Стратегиялық менеджменттің мәні, мазмұны және қажеттілігі. Стратегиялық мақсаттар және миссия. Стратегиялық талдаудағы ішкі және сыртқы орталар. Фирмалардың стратегиялары. Олардың мәні және жіктелуі. Бәсекелік артықшылықтарға жету стратегиялары. Салалық стратегиялары. Портфельдік стратегиялары. Функционалдық стратегиялары

Стратегиялық басқарудың стейкхолдерлері. Корпоративтік өсім стратегиялары. Стратегиялық баламаларды таңдау. Компаниялардың бірігу және тартылу стратегиялары. Компаниялардың халықаралық даму стратегиялары. Фирманың бейдағдарыстық стратегиялары. Стратегиялық өзгерістердің командалары. Стратегиялық жоспарлау. Бизнес-жоспар стратегиялық жоспарлаудың элементі ретінде. Стратегияны жүзеге асыру және бақылау.



  1. Күтілетін нәтижелер: студенттер оқу үрдісінде стратегиялық жоспарлау туралы білімдер кешенін құрып, нарықтық экономика жағдайында стратегиялық жоспарлау процесін жүзеге асыруды таңдау мен даярлаудағы нақты дағдыларға үйрету, сонымен қатар жобаларды сәтті әрі минималды мүмкін боларлық шығындармен іске асырып, оларды тиімді басқаруға үйрету.

Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Орынбасарова Е.Д.
3ші таңдау бағыты

Әлеуметті- экономикалық жоспарлау

Пререквизиттері: Экономикалық теория, Макроэкономика, Экономикалық саясат, Кәсіпорын экономикасы, Мемлекеттік басқару теориясы.

Постреквизиттері: өндірістік тәжірибе және дипломдық жұмысты жазу.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың негізі. Қоғамның әлеуметтік дамуын стратегиялық жоспарлау. Ғылыми техникалық прогрессті стратегиялық жоспарлау. Ұлттық экономиканың құрылымын, пропорциясын, қарқындарын стратегиялық жоспарлау. Аймақтық деңгейдегі стратегиялық жоспарлау. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудағы орта мерзімді жоспарлаудың ролі. Кәсіпорындардың қызметін жоспарлау. Кәсіпорынның даму бағытын анықтау. Ұйымдағы стратегиялық пен бәсекелестік талдау және стратегияны қалыптастыру. Бизнес жоспарлау.



Күтілетін нәтижелер:

-нарық жағдайындағы әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың рөлін, жоспарлаудың ғылыми негіздері және методологиясы, ел мен оның аймақтарының дамуын жоспарлаудың мемлекеттік және негізгі құқықтарын, стратегиялық және орта мерзімді жоспарлау және олардың методологиялық ерекшеліктерін білу.

-әлеуметтік экономикалық жоспарлау курсының мәліметтерін, курстың құрылымы мен нарық жағдайындағы әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың рөлін студент өзінің кәсіби қызметінде, тәжірибеде қолдануы қажет.

- экономиканың өндірістік және әлеуметтік салаларын жоспарлауға мемлекеттік, салалық және аймақтық тұрғыдан қарау,әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың қалыптасуына негіз болатын әлеуметтік экономикалық дамуды қамтамасыз ететін жоспарлық көрсеткіштер мен түрлі іс шараларды жасауды тәжірибе жүзінде үйрету.



-әлеуметтік экономикалық жоспарлауда әлеуметтік экономикалық проблемаларды талдап, негіздей алу;

- Әлеуметтік экономикалық жоспарлау курсы бойынша жеткілікті білім алған болашақ мамандар өзінің тәжірибелік қызметінде, қазіргі кезеңдік шаруашылық жағдайға сәйкес келетін жұмыстың ұйымдық формалары мен әдістерін жетілдіруді басқарудағы ролін білуді және дербес жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарлату.

Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Аркенова Ж.Р.
Стратегиялық жоспарлау

Пререквизиттері: Экономикалық теория, Макроэкономика, Менеджмент,Экономиканы мемлекеттік басқару, Экономикалық саясат.

Постреквизиттері: Кәсіби тәжірибе, дипломдық жұмыс жазу.

Мақсаты: стратегиялық жоспарлау туралы түбегейлі білу, әр түрлі деңгейдегі шаруашылық қызметін басқару құралдарын стратегиялық жоспарлау.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Стратегиялық жоспарлаудың концептуалды үлгісі. Стратегиялық жоспарлаудың тәртіптері. Стратегиялық жоспарлаудың қисыны, әдістемелік тәсілдері. Стратегиялық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі. Заманауи жағдайдағы макроэкономикалық жоспарлаудың мазмұны мен қызметтері. Аймақтық дамудың стратегиялық жоспары. Аймақтың әлеуметтік экономикалық дамуының кешенді тұжырымдамасы. Аймақтық дамуды реттеудің макроэкономикалық және микроэкономикалық аспектісі.

Күтілетін нәтижелер: Стратегиялық жоспарлаудың концептуалды үлгісін, Стратегиялық жоспарлаудың тәртіптерін, Стратегиялық жоспарлаудың қисыны, әдістемелік тәсілдерін, Стратегиялық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесін, Заманауи жағдайдағы макроэкономикалық жоспарлаудың мазмұны мен қызметтері. Аймақтық дамудың стратегиялық жоспары. Аймақтың әлеуметтік экономикалық дамуының кешенді тұжырымдамасы. Аймақтық дамуды реттеудің макроэкономикалық және микроэкономикалық аспектісін жоғары деңгейде біліп шығу.

Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Орынбасарова Е.Д.
4-ші таңдау бағыты

ҚР тұрғын үй құқығы

Пререквизиттері: Құқық негізі, Кәсіпкерлік құқық.

Постреквизиттері: Әкімшілік құқық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет негіздері.

Мақсаты: Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеуді оқу. Тұрғын үй құқығының курсында тұрғын үй қатынастарының пайда болуы мен өзгерудің ерекшеліктері, олардың жалпы мінездемесі, жеке меншік қатынастары, тұрғын үйді жалға алу келісім-шарттан пайда болатын, жалпы мемлекеттік және жеке тұрғын қорларынан шыққан қатынастарын оқып шығу.


«Тұрғын үй құқығы» курсын оқу барысында студенттер тұрғын үй заңнамалық негіздерімен, Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын реттеудің реті және әдістерімен танысады.

Курстың қысқаша анықтамасы: Егемен Қазақстанның құқығының саласы ретінде тұрғын үй құқығымен таныстыру. Бұл пәннің сұрақтарымен танысу Қазақстан Республикасының тұрғын үй құқығын тұрақтандыруы жан-жақты білім алуға көмектеседі,тұрғын үй ұатынастарын тұрақтандыру нормалары негізіндегі нормативті актілері туралы көрініс береді.

Күтілетін нәтижелер: Егемен Қазақстанның құқығының саласы ретінде тұрғын үй құқығымен студенттерді таныстыру. Бұл пәннің сұрақтарымен танысу Қазақстан Республикасының тұрғын үй құқығын тұрақтандыруы жан-жақты білім алуға көмектеседі,тұрғын үй ұатынастарын тұрақтандыру нормалары негізіндегі нормативті актілері туралы көрініс береді.

"Тұрғын үй құқығы" пәнін оқыту барысында студенттердің тұрғын үй құқығын талқылау, тұрғын үй заңнама ерекшеліктерімен практика жүзінде студенттерді таныстыру, көбінесе,тұрғын үй мәселелерінде туатын келіспеушіліктерді қарастыру.



Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Есенов Д.К.
ҚР еңбек құқығы

Пререквизиттері: Құқық негізі, Кәсіпкерлік құқық.

Постреквизиттері: Әкімшілік құқық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет негізі.

Мақсаты: Студенттерге еңбек құқығының курсын меңгерту барысында теңқызығушылық және теңүлгілі қайраткерлік дағдыларын дамыту, ғылыми және зерттеу дағдыларын дамыту, еңбек қорғау уәжі мен жоғарғы құқықтық мәдениетті қалыптастыру,еңбек қатынастарын реттеудегі құқықтық нормалардың қолданылуының анализі; қарастырылып отырған тәртіп проблемасы аясындағы қазіргі еңбек құқығы мен құқықтық ғылымның негізгі даму ойларын шығару.

Курстың қысқаша сипаттамасы:еңбек құқығының түсінігі, пәні, тәсілі, қызметі мен жүйесі.Еңбек құқығының қайнар көздері мен принциптері. Еңбек құқығының субъектілері. Еңбек құқығындағы құқықтық қатынастар.Әлеуметтік әріптестік пен коллективтік шарт.Жұмысқа орналастыру мен жұмысбасытылықты құқықтық реттеу.Жеке еңбек шарты.Жеке жұмыскерлер санаттарының еңбек қатынастарының құқықтық реттелуі.Жұмыс уақыты. Демалу уақыты. Еңбек ақысы мен кепілденген және кешенді төлемдер.Еңбекті қорғау.Жеке еңбек шартының жақтарының еңбек тәртібі мен материалды жауапкершілік. Еңбек даулары.Алыс және жақын шетелдердегі халықаралық еңбек құқығы мен еңбекті құқықтық қорғау.

Күтілетін нәтижелер:студенттер әлеуметтік еңбек қатынасының теориялық орнын, ҚР қазіргі таңдағы заңнамасын, оның даму серпінін, қазіргі кездегі ресейлік құқық нормаларының қолданылуын терең бойлап оқыту, сондай-ақ алған білімдерін нақты жағдайларда қолдана білу.

Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Хауия С.
5-ші таңдау бағыты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет негіздері

Пререквизиттері: Құқық негіздері, Кәсіпкерлік құқық, Мемлекет және бизнес, Мемлекеттік қызмет этикасы.

Постреквизиттер: Өндірістік тәжірибе, дипломдық жұмыс жазу.

Мақсаты: Қазіргі қоғамдағы жемқорлық эволюциясы, оның сипаты болмыс ретінде ҚР-дағы жемқорлықтың рөлі мен ұлттық қауіпсіздікті бұзудағы, ондағы шетелдердің инвестициялық көлемін студентерге оқыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы: жемқорлықтың криминалистік түсінігі, БАҚ пен саяси партиялар олардың жергілікті билікпен байланысыдағы жемқорлықтың сипаттамасын ашу.

Күтілетін нәтижелер: студент білуге тиіс жемқорлыққа қарсы әрекет проблемасы барлық қоғамдық қатынастың саласына және кеден органдарының қызметіне кері әсерін тигізуде.

Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Искакова И.Е.

ҚР әкімшілік құқығы:

Пререквизиттер: Құқық негіздері, Кәсіпкерлік құқық, Мемлекеттік басқару теориясы.

Постреквизиттер: Кәсіби тәжірибе, дипломдық жұмыс.

Мақсаты: пән бойынша білімнің қалыптасуы, әкімшілік құқығының принциптері мен әдістері; ҚР орындаушы ұйымдарының жүйелерімен танысу; әкімшілік құқығы субъектілерінің құқықтық статусын зерттеу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері; Азаматтардың әкімшілік құқықтық статусы; Кәсіпорындардың, ұйымдар мен фирмалардың әкімшілік құқықтық статусы, Әкімшілік процессуалды қызмет, Экономикалық салада әкімшілік құқықты реттеу, Әлеуметтік мәдени салада әкімшілік құқықты реттеу; Әкімшілік саяси салада әкімшілік құқықты реттеу.

Күтілетін нәтижелер: «ҚР әкімшілік құқығы» пәні бойынша негізгі құқықтық түсініктерді білу. Бұлар жөнінде республикада шешуші роль беріліп құқықтық көмек жасауда, әкімшілік құқықтық ұйымдарының барлығынның жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Искакова И.Е.

6-шы таңдау бағыты

Әлеуметтік саланы реттеу

Пререквизиттері: Экономикалық теория, Макроэкономика, Экономиканы мемлекетттік реттеу.

Постреквизиттері: Өндірістік тәжірибе, дипломдық жұмысты жазу.

Мақсаты:«Әлеуметтік саланы реттеу» пәнін оқу кезінде негізгі мақсат әлеуметтік экономикалық дамуды жеделдету, ол үшін мемлекеттің ұйымдастыру шаруашылық қызметін активтендіру, ол үшін табиғи, материалдық-шаруашылық интелектуалдық ресурстарды мобилизациялау, әсіресе адам факторын, ол үшін уақыт ұту, өте аз уақытта модернизация жасау, басқа дамыған елдер сияқты.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Әлеуметтік салада мемлекеттің саясатының қалыптасу механизмымен негізі: оның негізгі рөлі, қоғамдағы ішкі саясаты қанағаттандыруда және тұрақтандыруды, нарықты қатынастың даму кезіндегі мемлекеттің әлеуметтік саясатының ролі, қоғамның ролі алеуметтік дамыған , оны реттеудегі мемлекеттің ғылыми-әдістемелік негізі, әлеуметтік дамудағы нормативтік басқару, әлеуметтік жоспарлау, тұтыну бюджетін ұтымды пайдалану, жұмыс бастылықтың мемлекеттік реттеу, еңбек нарығын жасау. Әлеуметтік дамудағы қаржы көздерінің өзгеруі, әлеуметтік инфрақұрлымдарды қаржыландыру және аймақтық даму проблемасы.

Күтілетін нәтижелер: Елдің экономикалық өсуін зертеу. Әлеуметтік даму міндеті мемлекеттің бірігіп жұмыс істеу нәтижелерінің әлеуметтік саланың нақты мақстанын мемлекеттің ұйымдар және жергілікті басқару ұйымдар. Бұлар жөнінде республикада шешуші роль беріліп әлеуметтік жасауда, адрестік көмек беруде, әлеуметтік инфрақұрылым ұйымдарының барлығынның жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Юсупов М.Т.

Экономикалық талдау

Пререквизиттері: Экономикалық теория, Статистика, Макроэкономика, Каржы, Эконометрика.

Постреквизиттері: Өндірістік тәжірибе, дипломдық жұмысты жазу.

Мақсаты: Аталмыш курсты иегеру, аналитикалық ойларды жинақтай отырып, студенттерге нақты іс жағдайын кәсіби тұрғыдан бағалауға және оның негізінде әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың стратегиясы мен тактикасы бойынша дұрыс шешім қабылдау.

Экономикалық талдау студенттердің ғылыми ойлау ой өрісін кеңейтіп және дамытуға, сондай-ақ алған білімді тәжірибелік қызметте қолдануға мүмкіндік береді, оны оқып-үйрену кәсіпорындардың, есептің басқарушылық және қаржылық бөлінуімен, бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы жөніндегі департаменттің әртүрлі толықтырулары, қаулыларымен бухгалтерлік есептің жаңа стандарттарына көшуін ескере отырып жүргізіледі.

Шаруашылық немесе кәсіпкерлік қызметке экономикалық талдау жасаудың жеткілікті біліміне ие болмай тұрып жас мамандар өздерінің жұмыс практикаларында, нарықтық экономика заңдарының талаптарына сәйкес талдау әдісі мен оның ұйымдық формаларын жетілдіре алмайды.

Қазақстан Республикасында нақты қалыптасқан экономикалық ахуал мен экономикалық реформалардың динамикасы мен үрдісі аталмыш пәнді қайта қарау және одан әрі жетілдіруді талап етеді. Мәселен, нарықтық қатынастар жағдайындағы әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындар, фирмалар мен компаниялар қызметіне болжам жасау күн өткен сайын көкей­кесті мәселеге айналуда.



Курстың қысқаша сипаттамасы:

Экономикалық талдаудың мазмұны, объектісі, пәні және міндеттері. Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері. Факторлық талдау. Қаржы коэффициенттері әдістері. Басқарушылық талдаудың әдістері. Компанияның маретингтік әрекетін талдау. Өнім өндіру және жүзеге асыру көлемін талдау. Өндірістік ресурстарын пайдалануын талдау. Өнімнің өзіндік құнын талдау. Қаржылық талдау негіздері.



Күтілетін нәтижелері: «Экономикалық талдау» пәнінің әдісін және әдістемесін, негізгі экономикалық көрсеткіштерді менгеру, аталған жүені түсіну және білімін көрсете білу.

Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық әрекетін талдау жасай білу, талдаудың жеке нәтижелерін жалпылау және тиісті қорытынды жасау тиімді басқарушылық шешім қабылдау үшін.

Қаржы шаруашылық әрекеті бойынша ақпараттарды жинау, жіктеу, талдау жасау арқылы экономикалық проблемаларды шеше білу.

Ұйымдардың қаржы тұрақтылығына, төлемқабілеттілігіне, өтімділігіне баға беру.



Ұйымдардың қаржы шаруашылығын студенттер өз бетімен талдау жасауды үйрену

Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Ибитанова К.К.




жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау