Елбасының елімен етенелігі кеше, 13 қарашада өткен тікелей тележеліде тағы да тамаша танылды



жүктеу 474,75 Kb.
бет3/3
Дата18.12.2017
өлшемі474,75 Kb.
#4528
1   2   3

Оңтүстік Қазақстан облысында теле­камералар Ордабасы ауданының Темірлан елді мекеніндегі орталық аурухананың алдындағы алаңға орнатылыпты. Теле­көпірге қатысып, Елбасына өз сұрақтарын қою үшін ауыл адамдары жиналған екен. Алғашқы сөзді елге оралған Қасым Атабаев алды. Ол Нұрсұлтан Назарбаевқа тарихи отанына оралып жатқандарға мем­лекеттің жақсы жағдай туғызғаны үшін өзінің ризашылығын білдірді. “Нұрлы көш” бағдарламасына алғысын ай­тып, Шымкентте өзі секілділерге ба­рын­ша қолайлы тұрғын үйлері бар “Асар” шағын ауданы салынып жатқанын жет­кізді. Бізге бұдан артық жағдайды ешкім жасап бере қоймас. Сондықтан біздерге, қа­зақ­стандықтарға, Сізден басқа Мем­ле­кет басшысының керегі жоқ. Әр­қа­шан аман болыңыз, жүз жасаңыз. 1 мил­лион­нан астам қандасымыздың елге оралуы – Сіздің саясатыңыздың жемісі. Бабала­ры­мыздың “Топырағын тапқан дән өнеді” деген өсиеті бар. Аллаға шүкір, елге келіп өніп-өсіп жатырмыз. Сол үшін де Сізге мың алғыс. Қалған қандас­тарымыз да Сізге арқа сүйеп, үміт артып отыр. Ай­тыңызшы, осы “Нұрлы көш” бағдар­ла­ма­сы әрі қарай жалғаса ма, дейді Қ.Атабаев.

Бүкіл тәуелсіздік жылдарында, қиын­дықтарға қарамастан, біз барша әлемге тарыдай шашылған өз отандастарымызды жинау үшін қолдан келгеннің бәрін істеу­деміз, деп атап өтті Президент. Соның арқасында бір миллионнан астам біздің қандастарымыз Отанына оралды.

– Мен әруақытта өзімнің отан­дастарыма, қазақстандықтарға, қазақтарға, елге оралған қандастарымызға қамқор болуды айтып келемін. Қолдан келгенше көмек берейік, аяқтарынан тұрып кетсін. Ертеңгі күні олардың балалары еліміздің болашағын гүлдендірер азамат болып шығады. Сондықтан, міне, былтырдан бастап елге келген қандастарымызға құр әншейін қаражат берудің орнына, пайда келтіретін тиімді жағдайлар ойластыра бастадық. Берілген қаржының қалай тарап жатқанын да бақылау қиын. Осыдан келіп “Нұрлы көш” бағдарламасын белгілеп, оны 2011 жылға дейін бекіттік. Бұл бағдарлама алдағы уақытта да өзінің жалғасын табатын болады.

Елбасы Оңтүстік Қазақстан облы­сындағы Асар деген ауылда болғанын, үйлердің қалай салынып жатқанын да көргенін жеткізді. Жер телімі бар жеке үйлер және жанында жылыжай да бой көтерген. Жергілікті басшылардың маған мәлімдеуі бойынша, 3 жылдың ішінде бұл ауылдың тұрғындары берген несиені қайтаратын көрінеді. Бұл – өте керемет нәрсе. Сондықтан осы Асар ауылы, Алматының түбіндегі Байбесік ауылы, Петропавл қаласының жанындағы жаңадан салынып жатқан осындай ауылдар жалғасын табуы тиіс. Мұндай елді мекендер Қазақстанда алдағы уақытта да салынатын болады.

Елге оралған қандастарымыз алғашқы кезеңде кездескен қиыншылықтарға шыдауы керек. Барлығы бір күнде бола қоймайды ғой. Біздің егемен еліміз де жаңадан тәй-тәй басып, біршама қиын­дықтардан да өтіп келе жатыр. Бүгінгі дағдарысқа қарамастан, біз бұл бағ­дарламаны ұзарта беретін боламыз. Елім деп келген қандастарымызға қолдан келген көмегімізді аямаймыз. Шетте жүрген қандастарымызды елге шақыра беретін боламыз. Ол біз үшін қажет деп, Елбасы атап өткеніндей, қазір арнаулы 24 нәрлендіруші орталық елге оралғандарға көмек көрсетуде. Төзімділік көрсетейік және тарихи Отанына оралған қазақтар өздерін құр қол қалғандай сезінбеуі үшін бар күш-жігерімізді жұмсайық.

Темірлан ауылының тұрғыны Гайдар Дәмешұлы өз сұрағын қойып, өңірде ауыз судың жетіспеушілік проблемасын көтерді.

Президенттің пікірінше, бұл мәселені жергілікті атқарушы органдар шешуі тиіс. Сондықтан да дәл жауап үшін сөз облыс әкімі Асқар Мырзахметұлына берілді. Облыста ауыз су жағдайының күрделі екендігін ескере отырып, биылғы жылы бұл мәселеге кең көлемде көңіл бөлініп жатқанын айтты әкім. Соның нәтиже­сінде 900 елді мекеннің 412-інде биыл ауыз су мәселесі толық шешімін тапқан екен. Ал енді қойылып отырған нақты сұраққа келетін болсақ, Темірлан елді мекені және оның төңірегіндегі 5 елді мекеннің ауыз су мәселесін жақсарту үшін 1 млрд. 134 млн. теңге қаржы бөлін­ген. Жұмыс аяқталуға жақын. Жыл аяғына дейін бұл елді мекеннің тұрғын­дары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Елбасы осы мәселені ақпарат құрал­дары да, Үкімет те назарда ұстайтын болсын дей келіп, су берілген кезде өзіне баяндауды әкімге тапсырды.

Порталға жұртшылық тарапынан нақты мәселелерді шешуге қатысты шағым-тілектер өте көп түскен екен. Мы­салы, Ақмола облысы Аршалы ауданы­нының тұрғыны Анатолий Гончар бюд­жет­тен су құбырына деп 150 миллион теңге бөлінгенін, әйтсе де оны тарту жұмысы әлі басталмағанын хабарлаған. Пре­зиденттің шұғыл тапсырмасы бойын­ша бұл жөнінде мәлімет берген облыс әкімі Альберт Рау “Ауыз су” бағдар­ламасын жүзеге асыру барысында 220 селолық елді мекендердің ауыз сумен жабдықталуы жақсарғанын айтып өтті. Биыл 30 жоба қолға алынған. Елбасының Үкіметке берген тапсырмасына сәйкес биылғы төрт айдың ішінде Көкшетаудан Кенесары кентіне дейін су құбыры тартылған. Осы арқылы Бурабай курорт аймағының және сол су құбыры өтетін жолдағы барлық кенттердің ауыз сумен қамтамасыз етілуі тұрақты сипат алған. Ал нақты Аршалы ауданына келсек, мұнда барлау жұмыс­тары судың қорын рас­тамады, сөйтіп келесі жылға Үкімет бұл мәселені шешу үшін қосымша қаржы бөледі.

Президентке Қарағанды облысының тұрғыны, 56 жастағы Александр Трутно сұрақ қойды. Ол өмірбойы тау-кен шахтасында жұмыс істеген. Қазір бірнеше айдан бері жұмысқа орналаса алмай жүр. Қайда барса да жасыңыз келмейді дейтін көрінеді. Күш-қуаты бойында, тәжірибе де, жұмысқа құлшынысы да бар.

– 56 жастағы адамды жұмысқа алмау дұрыс емес, – деді Мемлекет басшысы. – Бізде зейнет жасы ерлер үшін 63 жас. Денсаулығы келіп жатса, одан кейін де жұмыс істей алады.

Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин шағым иесіне көмек көрсе­тіле­тінін айтты. Тау-кен өнеркәсібінде жеке капиталдың үлес салмағы үлкен екендігіне қарамастан, билік орындары бұл мәселені таяу күндерде шешетін болады. “Осы жылдың басынан бері ғана Қарағанды облысында экономиканың барлық салаларында 34 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Мұнда нақты сектор да, шағын кәсіпкерлік те, “Жол картасы” бағдарламасы бойынша атқарылатын жұмыс та бар. Нақты жағ­дайға келсек, бұл – адам тағдыры, біз көмектесеміз”, деді қай шаруаны да тез атқарып, тыңғылықты тындыратын өңір басшысы.

Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы тікелей желіге қосылды. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік универ­ситетінің оқытушысы Айзат Мұқатаева мемлекеттің ядролық сынақ аймағының тұрғындарына әлеуметтік қолдауына ризалығын білдіре келіп, осы жұмыс жалғаса бере ме деп сұрады.

Семей қаласының, өңірдің барлық жағдайы әрқашан өзінің назарында екен­дігін айтқан Елбасы Семей полигонының жабылғанына 20 жыл толуын бірге атап өткендерін жеткізді.

Бұрынғы кеңес дәуірі кезінде жасалған ғаламат жарылыстар, біздің халқымыздың басына түскен зардап баршаға белгілі. Ол кездегі мемлекет күйреді, құлады. Барлық қиыншылықтар біздің басымызда ғана қалды. Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы қиын кезеңнен бастап біз бұл өңірден қолдан келген көмекті аяп қалған жоқ­пыз. Бірнеше аурухана, емдеу орындары салынды. Қаншама демеушілік көмек көрсетіліп жатыр. Семей полигонының жерін зерттеп, көптеген жерлерді ауыл ша­руашылығына қолданысқа беріп жа­тырмыз. Әлі де адам бара алмайтын жер­лер бар. Сондықтан да осы жылдардың ішінде 34 млрд. теңгеге жуық қаржы поли­гоннан зардап шеккендерге берілді. 2003-2009 жылдардың өзінде ғана 10 мил­лиардқа жуық теңге бөлінді. Сондықтан, бұл мәселе әрдайым мемлекеттің наза­рында. Бірақ сіздер бұл мәселе жөнінде ой­ланыңыздар. Кейде зардап шекпе­ген­дердің өзі де қаржыға жабысатыны бар. Мемлекеттің қаржысы шашылып жатқан дүние емес, бөлінген ақшаның шын мә­нін­де зардап шеккендерге жетуін қада­ғалайық. Ондайларды емдеу, сауықтыру, оларға жан-жақты көмек көрсету арқылы біз бұл жұмысты жүргізе беретін боламыз.

Халықаралық педагогикалық білім академиясының экологиялық орталы­ғының өкілі Михаил Панин Семей қала­сының көнекөз тұрғыны ретінде Мем­лекет басшысына оның бейбітшілік ісін­дегі аса көрнекті қадамына – қуаты жөні­нен әлемде төртінші саналатын ядролық полигонды жабуына байланысты ай­рықша алғысын жеткізді. Сонымен бірге М.Панин экология мәселесінің басқа бір көкейкесті проблемасын да қозғады. Ол – жоғалып кетуге шақ қалып тұрған аса сирек қарағайлы орман жалын қорғау қажеттігі.

– Мен бұл мәселеден жақсы хабар­дармын, – деді Президент. Семейдің қарағайлы орманы расында да қайта­ланбайтын керемет. Жергілікті тұрғындар оның қадіріне жете білуі керек, орманды жөнсіз отауға ешқандай жол беруге бол­майды. Мемлекет өз тарапынан ол ор­манды сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін де жасайды. 2003 жылдың өзінде бұрынғы орман шаруашылығының ор­нында “Семей орманы” аталатын резер­ват құрылған болатын. Мен білетін мә­лімет бойынша, кейінгі жылдарда орман­ның қайта қалпына келу көлемі 50 есе өскен, ағаш ауқымы тоғыз мың гектарға артқан, мұның бәрін өздеріңіз де білетін шығарсыздар. Ал өрт ауқымы соңғы жылдарда бес есе азайған. Дегенмен, алаңдаудың жөні бар – жергілікті әкімдік бұл мәселемен айналысуы керек. Далалық жердегі Астананың айналасының өзінде, қандай қиын болса да, ағаш егіліп жатыр. Ол орман Бурабай орман массивімен жалғасады. Қазір Астананың айналасында 50 мың гектар орман жайқалып тұр. Дем­алыс орындары, рекреациялық аймақтар пайда болды. Бүгін осы мәселеге бай­ланысты Ауыл шаруашылығы министріне, облыс пен қаланың әкімдеріне бұл шаруамен тағы да айналысуды, маған ұсыныс беруді тапсырамын.

Елбасына тікелей желіге дайындық барысында мыңдаған сұрақтардың қойылғаны айтылды. Олардың бәріне де Президенттің эфир барысында жауап беріп үлгеруі мүмкін емес. Сондықтан рейтингі жағынан ең жоғары тұрған үш сұрақты бөліп алу жөнінде әңгіменің басында айтылған болатын. Енді, міне, сол уақыт та келді. Үш сұрақтың соң­ғысын Бауыржан Әбілдаев қойған екен. Ол Қазақстан Президенті түрлі қабылдаулар мен салтанатты іс-шаралар кезінде қандай ішімдікті дұрыс көретінін сұрапты. Мемлекет басшысы мұндай сұрақтың жауабынан да жалтарған жоқ, өз ойын ашық айтты. Адамға тән нәрсенің бәрі өзіне де тән екенін айта келіп, жоғары лауазым мен халық алдындағы жауапкершілік Президенттің өмір салтына өзіндік қолтаңбасын қалдыратынын ескертті. Иә, ресми қабылдауларда спирттік ішімдік қойылады, ол көбінесе шампан болып келеді. Алайда Президент ол ішімдікті онша жақтырмайды екен. Оның орнына қызыл шараптың бір бокалын теріс көрмейтінін, ерекше жағдайларда және испан шарабы болса бас тартпайтынын айтты.

– Мені дұрыс түсініңіздер, менің жұмысым дәйім саламатты өмір салтын ұстануды талап етеді. Мен қай кезде де жинақы жүруім керек. Мысалы, қазір келесі сұрақтың қандай болып қойыларын білмей отырмын ғой. Сондықтан сағат сайын, сәт сайын өмір алдыма тартып тұратын күрделі мәселелерді шешуге қашанда дайын болуым керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы қазақстан­дық­тарға, әсіресе жастарға спирттік ішім­діктермен әуестенбеуді, қайта өздерінің күш-жігерін елімізге көп пайда келтіретін істерге жұмсауды ұсынды.

– Қазір барған сайын көп адам мұны түсінетін болды. Адамның ең басты бай­лығы – оның денсаулығы, денсаулық болса тұрмыстың барлық мәселелерін шешуге болады, деді Н.Назарбаев.

Берілген сұрақтардың “халықтың рей­тингінде” Владимир Буллердің сұрағы екін­ші орында екен, “KUAT” корпора­ция­сының үлестік құрылыс нысандары туралы сұраққа жауап жоғарыда қай­тарылды.

Ал бірінші орында Гүлден Әбділ­ди­наның балалар бақшалары туралы сұрағы болды: олардағы орындарға кезек алдағы бірнеше жылға созылады. Былайша айт­қанда ата-аналарға бөпелері туа сал­ы­сы­мен бірден кезекке жазылуға тура келеді. Бұл жағдайдан шығудың жолы бар ма?

– Өкінішке орай, Қазақстанда балалардың мектепке дейінгі мекемелері олардың 36,5%-ын ғана қамтиды. Балалар бақшаларына сұраныстың болуы –  қуанышты. Демек, елімізде бала туу өсіп келеді. Менің шақыруым құп алынған ғой, бірінші бала, екінші, үшінші және төр­тіншілері туғанда көрсетілетін мемле­кеттік көмек те – сондай арнада. Кеңес­тік кезеңде барлық балалар бақшасы мемлекеттік меншікте болды, ал біздің алғашқы “жекешелендірушілер”, сол кездегі үкімет оларды таратып берген не­ме­се сатқан, біз енді бүгін бәрін қайтадан құруға мәжбүрміз, – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, дамыған елдерде ата-аналар мемлекеттің алдына балалар бақшалары туралы мәселе қоймайды. Бұл бизнес жұмысының тақырыбы. Олай болса біздің бизнес мынадай сұраныс жағдайында бұған неге назар аудармайды, деп таңданды Нұрсұлтан Назарбаев. Содан соң өзінің тапсырмасы бойынша барлық жерде мектепке дейінгі балалар мекемелерін құру жөніндегі жұмыс жүріп жатқанын атап өтті. Биылғы жылы ғана 20 балалар бақшасының құрылысы аяқталады, ал 2012 жылға дейін шамамен 47000 балаға арналған тағы 170-і пайдалануға беріледі. Бірақ та сұранысты қанағаттан­дыру үшін бізге әрқайсысы 280 орындық есеппен 800 балабақша салу керек.

Елбасы қазіргі кезде үлескерлік қатысу проблемаларын шешу барысында мемле­кет өзіне бірінші қабаттарды алып қоятынын атап өтті.

– Біз үлестік қатысуға жұмсап отыр­ған барлық ақша – халықтың қаражаты, сондықтан да қайтарылуға тиіс. Біз ала­қол­дылармен соттасатын боламыз, соны­мен қатар бұл ақшаны қалай қайтаруды ойластырамыз. Сондықтан бірінші қабаттар мемлекетке беріледі. Бәлкім, онда балалар бақшасын ұйымдастырса ше? Міндетті түрде 200-ге емес, 50 адам, 25-ке. Жалпысында, жаңадан салынып жатқан үйлерде мұны көздеу керек, – деп жалғастырды Мемлекет басшысы.

Бірақ мұнда тағы бір проблема туын­дай­ды: салуын саламыз ғой, ал онда кім жұмыс істейді?

– Проблема мынада, тәрбиешілер жоқ. Біз оларды оқытуымыз керек. Сон­дықтан, келіңіздер, ата-аналар, бизнес-қоғамдастық, мемлекет бірлесіп осы мәсе­лені шешетін болайық. Мен Үкіметке әкімдермен бірлесе отырып, осы проб­леманы шешу үшін біздің міндеттерімізді нақты айқындауды тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.

Ең рейтингті мәселелерге жауап берген Нұрсұлтан Назарбаев басқа маңызды проблемаларға да тоқталып өтті.

Солардың бірі – 2011 жылы болатын 7-ші қысқы Азия ойындарына әзірлік, оның басталуына бар-жоғы бір жарым жыл қалды. Күрделі экономикалық ахуалды және бюджет ресурстарын үнемдеу режімін ескере келгенде, біз мұндай ауқымды спорттық форумды өткізуге ақша таба аламыз ба?

Мемлекет басшысының айтуы бойын­ша қысқы Азия ойындарына әзір­лік үдерісі, өкінішке орай, күрделі кезеңге келді. Бірақ та, бұған қарамастан осы жыл­дың басында Алматыға сапары ба­рысында Үкіметке барлық жоспарланған құрылыс нысандарын жаңғыртуды және салуды аяқтауға тапсырма берді. Сайып келгенде, нысандар Ойындарды өткізу үшін ғана тұрғызылмайды, деп атап өтті Елбасы, адамдар үшін де салынады. Осыған байланысты тамаша трамплин салынады, “Медеу” мұз айдыны және Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы қай­та жаңғыртылады, Астанада дәл “Медеу” секілді, бірақ жабық мұз сарайы тұрғызылатын болады.

– Бұлардан басқа бізде 30 мың орындық тамаша жабық стадион бар ғой. Ойындардан кейін мұның бәрі біздің қалалықтарға қалады. Бұл ақшаны желге кеткен деп санауға болмайды, өйткені, мемлекет осы шараның жарнамасынан, бұл ғимараттардың жалға берілуінен және көптеп келетін туристерден ақша табады. Демек, Ойындарды өткізетін боламыз, – деп қорытты Мемлекет басшысы.

Өте көп сұрақтар, соның ішінде рейтингтік сұрақтар ірі өнеркәсіптік қалалардағы экологиялық ахуалға қатысты болды. Атап айтқанда, Президенттен мемлекет қазіргі бар проблемаларды шешу үшін мемлекеттік саясат саласында не істейтінін сұрады.

Мемлекет басшысы бұл мәселе Қа­зақстан үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлем үшін өзекті екенін атап өтті. Мәселе БҰҰ-ның күн тәртібінде мың­жыл­дықты дамыту жөніндегі жоспарда тұр. Соған орай біздің еліміз мұнан сырт қал­май­ды. Бүкіл адамзат қазір жаһандық жы­лынуға, климаттың өзгеруіне алаң­даулы, сондықтан да әлемдік қоғамдастық баршадан осы проблемаға назар аударуды барған сайын көбірек талап ететін болады.

Президент осыған байланысты республиканың ірі өнеркәсіп орындары жұмыстың экологиялық жағынан таза режіміне қалай көшіп жатқанынан мысалдар келтірді. Мәселен, Мемлекет басшысының нұсқауы бойынша Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты өткен жылы қала тұрғындары үшін қасірет болған күкіртті газ қалдықтарын тазалау жөнін­дегі жаңа цехты іске қосты.

­– Бұл зауыт күкіртті ұстап қалып, оны күкірт қышқылына айналдырады, сөйтіп атмосфераға шығарылымдар іс жүзінде тыйылды: 99% тазартады. Дәл осындай зауытты Қазақмыс Балқашта салды. Мен онда болғанмын, мыс өндірісінен шығатын газдарды бұл зауыт толық тазартатынына зор қанағатпен көз жеткіздім, – деді Президент.

Алматыда экологиялық проблемалар­ды шешу тұрғысында метро салуға, көлік инфрақұрылымын жасауға зор қаражат жұмсалуда.

– Қазір біз нақ Алматыда ауаға шы­ғарылымдарды азайту үшін көліктерді био­этанол негізінде жасалған май тұнбасына ішінара көшіруді бастамақпыз. Сондай-ақ автомәшинелерді газ-отынға біртіндеп көшіру жоспарлануда, деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бірақ бұл шаралар мәселені толық шешпейді. Болашақта электр көлігін пай­далану керек, өтіп кететін мәшинелер қа­лаға кір­меуі үшін Алматыны солтүстіктен айна­лып өтетін жол салу керек. Алматы әкім­дігі жоспарлап отырған басқа да шаралар іске асырылады.

– Маған әкім Ахметжан Есімов осы жөнінде баяндаған, бұл шаралар қалаға өте жақсы ықпал ететін болады. Мұның өзі барлық қалаларға қатысты. Соның ішінде Теміртау да зардап шегуде. Онда да Қарағанды металлургия комбинаты да­мы­тылатын болады және экология мәсе­лелері инвестордың алдына нөмір бірінші мәселе ретінде қойылды. Бұл мәселе “Теңізшевройлдың” күкіртіне байланысты Атырауда да бар. Жинақ­талған күкірт бір­тіндеп әкетілуде. Яғни біз бұл мәселемен айналысудамыз. Оның үстіне Киото хат­тамасын ратифика­ция­лағанбыз. Қазақстан 2020 жылға қарай пайдаланылған газ шы­ғарылымдарын 20%-ға және 2050 жылға қарай 25%-ға қыс­қартуы тиіс. Біз пайда­ла­нылатын бар­лық жаңа технологиялар шығарылымдар­ды тазартуға бағдарлана­тын болады, – деген Президент Қор­ша­ған ортаны қорғау министрлігі тарапынан ауа тазалығы жөнінде компанияларға қойылатын талаптар ең жаңа құрал-жабдықтар орна­туды көздейтінін айтты. Бұл өз кезегінде техни­калық прогреске жеткізеді. Сондықтан бұл мәселемен барлық атқарушы органдар айналысуы тиіс.

Тағы бір жанды толғандыратын тақы­рып – біздің елімізде мәдениетті дамыту.

– Бізде “Мәдени мұра” бағдарламасы бар, – деді Президент. – Өз тарихын біл­мейтін халықтың болашағы бұлың­ғыр. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін бюджеттен 2 миллиард 700 миллион теңге бөлінді. Бағдарламаның екінші кезегіне 4 миллиардтан астам теңге бөлінді. Осының арқа­сында тарихи маңызы бар көптеген архитек­туралық ескерткіштер қалпына келтірілді, ғылыми-қолданбалы сипаттағы  зерттеулер жүргізілді. Тарихи деректер іздестіріліп, біз бүкіл әлемді: Еуропаны, Қытайды, Иранды, Ауғанстанды шарлап, елге 5000-ға жуық жәдігерлер мен түрлі тарихи куәліктерді қайтардық. Театрға келетін болсақ, қазір елімізде респуб­ли­калық және облыстық маңыздағы 60-қа жуық театр бар. Біздің театрларға бір­тіндеп өздеріне көрермендер тартып, өз бет­терімен ақша табуды үйренулері керек. Бірақ бұл үшін уақыт талап етіледі, сон­дықтан да мемлекет мүмкіндігіне қарай олар үшін қаражат бөлуде. Біз ал­дағы кезде де мәдениетке көмектесетін боламыз, – деп түйіндеді Президент.

Тікелей желіні қорытындылай келіп, Нұрсұлтан Назарбаев өзін бәрінен бұрын толғандыратын сұраққа: біздің ұлттық идеямыздың мәні неде деген сұраққа жауап беруге мүмкіндік жасауды өтінді.

Ұлттық идея, Мемлекет басшысының пікірінше, қоғамның дамуына қарай туындайды. Осыған орай “Қазақстан-2030” Стратегиясы біздің осы заманғы ұлттық идеямыздың негізі бола алады. Аға ұрпақ, деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы, марк­сизм-ленинизм идеясымен өмір сүрді, ол жөнінде, бәлкім, бүгін де бәзбіреулер аң­сайтын болар, бірақ та оның бүгінгі жағ­дайда “жұмыс істей” қоюы неғайбыл. Алайда, бүгін де адамдар болашақ дамудың бәзбір тіреуіші, бәзбір сүйеніші болса дейді. Мұндай іргетастың өзегі ретінде Президент ұлттық бірлікті, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, интеллектуалдық жасампаз қоғамды және бүкіл әлемде құрметтелетін мемлекет құ­руды атады. Осы төрт ұстын біздің ұлттық идеяның ірге­тасы, біздің Отанымыз – Қазақстан Рес­пуб­ликасының табысты дамуының негізі болады.

Бұл туралы айта келіп Президент сондайлық күрделі дағдарыс кезінде мем­лекет жүргізіп отырған саясатқа қолдау көрсеткені үшін барша қазақстандықтарға ризашылық білдірді. Мұндай қолдауды Мемлекет басшысы әр кезде де, еліміз өңір­лерінде жұмыс сапарларымен бол­ғанда да атап өтіп келеді. Осыған орай дағдарыс үрдістері оябында бүкіл әлемде экономикалық құлдырау байқалып отыр­ғанда, біздің мемлекетіміз даму серпі­нін төмендету былай тұрсын, тіпті кейбір көрсеткіштерін жақсарту мүмкіндігі бар.

Бұл алдын алу шараларын қабылдау­дың арқасында мүмкін болды: 2007 жылдың күзінде-ақ Мемлекет басшысы Үкіметке дағ­дарыспен күреске 4 млн. доллар бөлуді тап­сырған. Кейінірек, 2008 жылы Министрлер кабинетінің кеңей­тілген отырысында дағдарысқа қарсы ауқымды бағдарламаны іске асыру міндеті қойылды – Ұлттық қордан тағы да 10 млрд. доллар бөлінді, соның арқасында, іс жүзінде, отандық банктерді банкрот­тық­тан сақтау мен шағын және орта биз­несті несиелеуді қамтамасыз ету мүмкін болды. Сайып келгенде, бұл сектордың өнімділігі айтарлықтай жоғарылап, өткен жылдың көрсеткіштерінен асып түсті.

Маңызы тіпті де аз емес басқа жәйт – үлескерлерге қолдау білдіру және тұр­ғын үй құрылысына жан бітіру, ин­дустриялық инфрақұрылымды дамыту: биылғы жылы ғана “әлеуметтік сыйым­дылығы” 9 мың тұрақты жұмыс орны бо­ла­тын 80 жаңа нысан пайдалануға беріледі.

Яғни, Үкімет тапсырмаларды орын­дауда, деп атап өтті Мемлекет басшысы, зейнетақы, бюджетшілерге жалақы жүйелі төленіп отыр. Халықты несиелеу үдерісі жалғасып жатыр. Осы жолғы әлемдік дағдарыстың созылу мерзімі жөніндегі болжамдар әрқилы болғанымен, Қазақ­станның оған қарсы тұру үшін беріктік қоры бар: мемлекеттің алтын-валюта резерві 45 млрд. доллар шамасын құрай­ды. Демек, қазақстандықтардың алаң­даушылығына еш себеп болуға тиіс емес, деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев, сонымен бірге “арзан ақша аласапыраны” келмеске кеткенін айтып өтті. Бұл сабын көпіршігі жарылып, қарапайым ақиқатты қуаттап берді: ақшаны еңбекпен табу керек, қаражатыңа қарай өмір сүру керек. Бұған құрылысшылар да, бизнесмендер де, өздерін “несиеге” жеңіл өмір сүрудің қиялымен алдаусыратып жүрген ел азаматтары да дайын болуы тиіс.

Бүгінде елдің банк жүйесі жанданып келеді, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар­дың салымдары тұтастай алғанда 34%-ға кө­бейген. Мемлекет салымдарды кепіл­ден­діру жөніндегі өз міндеттемелерін орын­дап келеді. Бұл сенімнің өте жақсы көр­сеткіштері, оларды әркім құрметтеуі тиіс.

– Тағы да қайталап айтайын: біз сіз­дер­мен бірге бұл несиелерді құрметтеуге, оларды уақытында қайтаруға тиіспіз. Қа­зақстандықтар өздерінің болашақтарына сенімді болуы тиіс. Лайықты өмір сүріп, жұмыс істеуі тиіс. Дағдарыстар келеді, кетеді. Бұл жолғысын да біз өткереміз, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев тікелей желіде жауап беріп үлгермеген сұрақтарға қатыс­ты Үкіметке, барлық министрліктер мен ведомстволарға, облыстардың, аудандар мен қалалардың әкімдеріне азаматтардың барлық өтініштерін бақылауға алып, олар бойынша толымды жауап қайтаруды тапсырды. Сондай-ақ Президент осы айдың аяғына дейін жетекші мемлекеттік БАҚ-тарда тікелей желі бойынша тапсыр­малардың орындалуы кеңінен көрсетілуін қамтамасыз етуді ұсынды.

– Осылайша, құрметті азаматтар, біз барлық сұрақтарды қамтып, оларға жауап беретін боламыз. Мен сіздердің үлкен қы­зығушылықтарыңызды түсінемін. Бәлкім маған сіздермен осындай тұрғыда жиірек кездесу қажет болар, бірақ та бір нәрсені айта аламын: мен әр күні, әр минөтте, әр секөнтте қолымды ел тамырында ұстап отырмын және мемлекеттік аппарат Қазақстанның игілігіне жұмыс істеумен айналысып келемін.



Қымбатты менің жерлестерім, отан­дас­тарым, сіздердің зор ықыластарыңыз үшін алғыс айтамын. Сіздердің әрқай­сыларыңызға, әр отбасына, сіздердің жақындарыңыз бен достарыңызға береке, ізгілік және бақыт тілеймін.

Қазақстанның міндеттері зор. Біздің бола­шағымыз біздің қолымызда. Қазақстан алға баса береді. Біз жеңіп шы­ғамыз, – деді Президент қазақ­стандық­тармен тікелей желіде жүздесуді аяқтап.
жүктеу 474,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау