2)Қара сексеуілдің көп бөлігі Алматы, Жамбыл облыстарында өседі.
Қара сексеуіл ылғалы жеткілікті ортада да, жер асты суы немесе одан да көп тереңдікте орналасса да өсе береді. Ол ақ сексеуілге қарағанда жуандау әрi iрi келедi. Оның өсу биiктiгi көбiне 7 метрге дейiн жетедi. Ал тамыры 11 метрден аса тереңдiкке кетедi. Бұлар шоғырланып өседi. Алыстан қарасаң қалың жынысты орман тәрiздi. Қара сексеуiлдiң жас, әрi жұмсақ бұтақтарын, жапырақтарын түйелер мен ұсақ малдар жейдi. Оның үстiне сексеуiлдi аймақтар мал жайылымына қажеттi шөптердiң өсуiне де пайдасын көп тигiзедi.
Сексеуілдің барлық түрі бір-бірінен өзінің белгісі бойынша ажыратылады. Атап айтса, қара сексеуілдің діңі қисық болып келеді, кейде айқын көрінген бірнеше діңі бар бұта пішіндес болады. Қабығы сұр түсті, жылтыр, бір жылдық өркендері сулы, қою-жасыл түсті, дәмі қышқыл-тұзды, күзде олар қызғылт-сұр түске енеді. Алыстан көз салғанда, сексеуіл қара-сұр түсті боп көрінеді, бұл түрдің қара сексеуіл атануы да сондықтан болар.
Достарыңызбен бөлісу: |