Екпе ормандар
Практика-1
Орындаған:Срайлова Айгүл
№ 19 тапсырма( 1,2,3)
Қазақстанаумағыныңорманшаруашылығыгеографиялықерекшеліктерінеқарайүлкен 4 өңіргебөлінеді:
1.Шығыстағы Алтай таулыормандары (бағалықылқанжапырақтыорман).
2.Cолтүстіктегі орманды дала (қайың,көктеректентұратыншоқормандаржәнеқарағайлыорманжолағы).
3.Оңтүстік шығыстағы Тянь-Шань тауындағыжәнеІлеАлатауындағышыршалыорман.
4.Оңтүстіктің шөлейттіжеріндегісексеуілдіорман.
Бүгінгімағанберілгентапсырмабойынша осы орманөңірлерінен 3 еуітуралымәліметтерайтатынболамын..
1.Орталық, Солтүстік және Қалба жотасының ормандары.
1.Орталық Қазақстан - республикамыздағы су жетіспейтін аймақтардың бірі, теңіздерден қашық жатуымен бірге ірі өзендері де жоқтың қасы. Бірақ минералды ресурстарға бай аймақтың бірі.
Аудан шекарасының басқа республикалармен шектеспеуі ауданның сыртқы байланысының дамуына, ал климатының қуаң болуы ауыл шаруашылығын өркендетуге қолайсыз әсер етеді. Климаты шұғыл континенталды, қысы суық, боранды желдер жиі болып тұрады. Жылдық түсетін жауын-шашын мөлшері шамамен 250 мм Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 160 күн. Осындай агроклиматтық жағдай ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға кері әсерін тигізуде.
Орталық аудан орман ресурсына тапшы аудандардың бірі, негізгі ормандары суды қорғауда және рекреациялық мақсатта маңызды рөл атқарады. Негізгі ағаш түрлері - қарағай,қайың жөне көктерек. Табиғаттың әсем жерлерін сақтау максатында Қарқаралы ұлттық паркі ашылған.Орманды аймағы осы Қарқаралыда өсімдіктерден қара қандыағаш, Фукс сүйсіні, қызыл қайың, Қарқаралы бөріқарақаты мен сылдыршөбі, кәдімгі қырыққұлақ, Сібір қисық бұтасы, қауырсынды селеу және мүктің бір түрі - тегіс сфагнум, т.б. өседі.
Эндемик өсімдік түрлерінен - Қарқаралы бөріқарақаты мен сылдыршөбі, үшкір сала сиякөк, Қарқара бидайығы, салалы таспашөп, Қарқаралы рэгнериясы өседі.Сонымен ерекше экологиялық, тарихи, ғылыми, эстетикалық құнды маңыздылығы бар Қарқаралы және Кент орман алқаптарының бірегей табиғат кешендерін сақтау және қалпына келтіру мақсатында бұрынғы «Қарқаралы орман шаруашылығы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1-ші желтоқсандағы №1212 қаулысымен «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы» Республикалық категориядағы табиғат қорғайтын мекеме болып қайта ұйымдастырылды. ҚМҰТП ұйымдастырылғаннан бері Қарқаралының табиғат байлықтарын сақтау және ұлғайтуда көптеген оңды өзгерістер болды. Ұлттық саябағының жалпы аумағы -90323 га, оның ішінде орман өсіп тұрған жерлер 40293 га, оның екпе ағашы 887га. Ұлттық саябақ аумағындағы ормандар құраушы негізгі ағаштар: қарағай, қайың, терек, тал, арша және басқадай бұталар, жеміс-жидектерден қарақат, таңқурай, бүлдірген, саңырауқұлақтардың бірнеше түрлері өседі.Ұлттық парк құрылғаннан бері 5га өртенген қарағайдың бүршіктері шашылып тасталды, 30 га өртке шалынған орман алқабы күйген ағаштардан тазартылып, бұл алқапқа қарағайдың қолдан жылыжайда өсірілген 2-3 жылдық көшеттері қолмен отырғызылды.30 га-дан астам өртке шалынған орман алқабына табиғи жағдайда жас қарағай ағаштардың өздігінен өсуіне мүмкіндіктер жасалынды.Ұлттық саябақтың орман қорғау қызметкерлерінің, ғылым саласындағы мамандардың тікелей қатысуымен 2004 жылы 245 мың дана 1 жылдық, 76 мың дана 2 жылдық қарағай өскіндері (көшеттері) 2008 жылы 324 мың дана қарағай жылыжайда өсірілді.
Қалба жотасы — Алтай тау жүйесінің оңтүстік-батысында орналасқан. Алтайдан оны Ертіс өзенінің аңғары, батыс бөлігін Сарыарқадан Шар және Көкпекті өзендерінің аңғары бөліп жатыр.
Әкімшілік тұрғысынан Шығыс Қазақстан облысының Жарма (батысы), Ұлан және Көкпекті аудандарының жерін қамтыған. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 400 км-ге созылып жатыр, енді жері 120 км-ге жуық (орта тұсында).
Солтүстік-батысы мен батысының жер бедері аласа таулық сипатта, солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысы орта биіктік таулы шоқылықты құрайды. Аласа таулық солтүстік-батысы мен батысы Асқаралы (731 м), Қойсары (771 м), Айыртау (1003 м), Шұбаршоқы (974 м), Қаратақыр (758 м), Бала Құсмұрын (1035 м), Обалы (719 м) тәрізді жеке таулардан тұрады. Солтүстік-шығысы мен шығысы Талды (1574 м), Жаңаасу (1421 м), Қаражал (1144 м), Сарышоқы (1598 м, Қалба жотасының ең биік жері), Кальчуга (1377 м), Суықшоқы (1380 м), т.б. шоқылы таулар мен шағын жоталардан тұрады
Қалба жотасының топырағы негізінен тауалдының қызғылт қоңыр, қоңыр (батысында) және таудың қара топырағынан тұрады. Зайсан көлінің батысында (Қызылқұм құмында) құмды-сазды топырақ, орта тұсындағы (Көкпекті ауданында) тауларда альпілік шалғын топырақ қалыптасқан. Онда далаға және құрғақ аласа тауға тән далалық түрлі шөпті өсімдіктер өседі. Шығысы мен солтүстік-шығысында Сібір жазығына тән сирек ағашты және қайыңды-қарағайлы орман қалыптасқан. Бұталар (тобылғы, ешкісабақ, қараған, арша, итмұрын), қайың, терек, көк терек бар.
Достарыңызбен бөлісу: |