Экономикалық теория негіздері



жүктеу 1,49 Mb.
бет1/4
Дата25.11.2017
өлшемі1,49 Mb.
#1723
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті


Экономика кафедрасы

Б.Қ.Ахметжанова


ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ НЕГІЗДЕРІ
Оқу құралы

Қостанай, 2014



ББК 65.01

А 94
Авторы:

Ахметжанова Бақыткүл Қосылбекқызы, аға оқытушы


Рецензенттер:

Байқадамов Нұркен Тұрарұлы, экономика ғылымдарының кандидаты,

Жиентаев Сансызбай Мухамедғалиұлы, экономика ғылымдарының докторы, профессор,

Тобылов Қуаныш Тобылұлы, экономика ғылымдарының кандидаты

Ахметжанова Б.Қ.

А94 Экономикалық теория негіздері. – Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2014. -67 б.


Оқу құралы экономикалық теорияға арналған. Ол экономикалық ғылымда, қоғамда экономиканың жүйелі функциясы, кәсіпорын жағдайы, экономикадағы қазіргі корпорация, қазіргі экономиканың институционалдық құрылымндағы бизнес-топтың рөлі, кезеңдік және макроэкономикалық теорияның жүйелі зерттелуінде орын алады.

Экономикалық емес мамандықта оқитын студенттерге арналған; экономикалық профиль пәндерінің циклы бойынша жоғары оқу орындарында оқытушыларға оқу сабақтарын жүргізуге ұсынуға болады.

ББК 65.01

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілген ____20__ж. № __.


© А. Байтурсынов атындағы Қостанай

мемлекеттік университеті , 2014

Мазмұны

Кіріспе............................................................................................................................................3

1 Экономикалық теорияның ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы....................................4

1.1 Эконоимикалық теорияның даму кезеңдері....................................................................4

1.2 Экономиканы ғылыми зерттеу әдістері...........................................................................5

1.3 Қоғамды экономикалық ұйымдастырудың негізгі проблемалары................................6



2 Қоғамдық өндірістің негізі.......................................................................................................9

2.1 Адам және экономика........................................................................................................9

2.2 Қоғамдық өндірістің құрылымы.......................................................................................9

2.3 Өндіріс және ұдайы өндіріс.............................................................................................11

3 Меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі..................................................13

3.1 Меншік-экономикалық категория...................................................................................13

3.2 Меншіктің түрлері және олардың экономикалық қызметтері....................................14

3.3 Нарықтық экономикадағы меншік формалары..........................................................15

4 Қоғамдық шаруашылық формалары. Қоғамдық өндірісті тауарлы ұйымдастыру..........18

4.1 Қоғамдық шаруашылықтың негізгі формалары: натуралды және тауарлы...........................................18

4.2 Тауарлы шаруашылықтың пайда болу жағдайлары....................................................................................... 18

4.3 Тауар және оның қасиеттері.....................................................................................................................................19

4.4 Айырбас қатынастарының дамуы және ақшаның пайда болуы...................................................................20

5 Капитал теориясы................................................................................................................................................22

5.1 Негізгі капиталдың мәні, оның құрамы........................................................................22

5.2 Амортизациялық аударым жарнасы..............................................................................23

5.3 Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі...................................................................23



6 Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы................................................................25

6.1 Нарықтың мәні. Нарықтық қатынастардың субъектілері................................................................25

6.2 Нарықтың атқаратын қызметтері...........................................................................................................26

6.3 Нарықтық жүйе және оның элементтері (түрлері, инфрақұрылымы)..........................................26

7 Нарық субъектілерінің өзарабайланысу түрлері: бәсеке және монополия........................30

7.1 Бәсеке: мәні мен экономикалық ролі...................................................................................................30

7.2 Бәсекенің формалары мен қызметтері.................................................................................................31

7.3 Монопольды баға. Монополиялық бірлестіктер...............................................................................32

7.4 Монополияға қарсы заңдылықтар................................................................................32

8 Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен нысандары............................................................34

8.1 Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні, негізгі белгілері................................34

8.2 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрлері............................................................................35

8.3 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы....................................36

9 Шығындар теориясы...............................................................................................................................................................................38

9.1 Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері................................................38

9.2 Өндірілетін өнімнің өзіндік құны...................................................................................40

9.3 Өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары...................................................41



10 Пайда теориясы..................................................................................................................................................44

10.1 Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы...........................................................44

10.2 Пайда – кәсіпорын қызметі тиімділігінің басты шарасы.............................................45

10.3 Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдалануы......................................................48

10.4 Кәсіпорын қызметінің пайдалылығы............................................................................48

11 Ұлттық экономика жүйе ретінде...................................................................................................................51

11.1 Ұлттық экономтика жүйе ретінде.........................................................................................................51

11.2 Макроэкономикалық тепе-теңдіктің теориялары.......................................................53

12 Ауытқу экономикалық дамудың заңдылығы ретінде...............................................................................57

12.1 Нарықтық экономиканың ауытқымалы түрде дамуы.

12.2 Циклдік ауытқудың себептері мен түрлері және дағдарыстар ерекшеліктері....... ...62

Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................................................. .....67



Кіріспе
Әлемді жайлаған қаржы-экономикалық дағдарыстан шығу, ұлттық экономикалық тұрақтануы және одан әрі дамуы мәселелерін шешу-жаңаша экономикалық ойлауды, қазіргі дәуір жағдайындағы нарық ерекшеліктерін терең түсініп, жаңа экономикалық теорияның тығыз бірліктерін көрсететін методологиялық негіздерін аша түсуді қажет етеді.

Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар, «Қазақстан-2030» бағдарламасын іске асыру студенттердің экономикалық біліктілігін, нарықтық экономикалық теория негіздерін терең меңгеріп, кәсіби мамандықтарды толығымен игерулеріне негізделген. Олардың «Экономикалық теория» пәнін оқып білуі, нарық механизімін қолдану негіздерін, экономикалық заңдарының шаруашылық тәжірибесіндегі әрекеттерін, сұраныс пен ұсынысты қалыптастырудың ғылыми негіздегі іс- тәжірибесін, нарықтағы бәсекелестік пен бағаның құрылуын меңгеруі өз бетінше ойланып шешім қабылдай алуына мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған оқу құралының мақсаты экономикалық теорияларды тиянақты оқу арқылы қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдайларды талдай білу, шаруашылық тәжірибелерінің қиын және күрделі есептерін шешу, объективті экономикалық заңдылықтар мен тәсілдерді дұрыс пайдалану, өндірістегі басқарудың принциптері мен нарық шаруашылығының әдістерін тиімді қолдана білуге септігін тигізеді.

Оқу-әдістемелік құралда экономикалық теория пәні және әдіс- тәсілдері, экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен рөлі көрсетілген. Сондай-ақ қоғамдық өндірістің негіздері, меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны анықталған. Қоғамдық өндірістік кешендері, сұраныс пен ұсыныс теориясының жеке дара ұдайы өндіріс теориясының негіздері талданып, кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы, кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табыстары, өндіріс факторларының нарығы және факторлары түсіндіріледі.

Ұлттық экономика жүйе ретінде макроэкономикалық тепе-теңдік, экономикалық дамудың тұрақсыз болуы макроэкономика заңдылығы, жұмыссыздық пен экономикалық тұрақсыздық көрінісі ретінде, сонымен қатар экономикалық саясаттың негізгі бағыттары, экономикалық өсу мәселелері қазіргі экономикалық теория нақты және функционалды экономиканың салалық, аймақтық ғылымдар байланыстылығында келтірілген. Оқу құралы әлемдік және ұлттық экономикалық ғылымның жетістіктері мен экономист-ғалымдардың теориялық еңбектері негізінде түзілген. Әр тақырыпқа сәйкес қаралған мәселелері жан-жақты қарастырып терең меңгеру үшін қайталанатын сұрақтар беріліп, қосымша әдебиеттер негізі ұсынылған. Автор ұсынылған еңбекті одан әрі жақсартуға бағытталған сын ескертпелер мен ұсыныстарды ерекше қабылдайтынын алдын-ала ескертіп алғысын білдіреді.



1 Экономикалық теорияның ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы
1.1 Эконоимикалық теорияның даму кезеңдері.

1.2 Экономиканы ғылыми зерттеу әдістері.

1.3 Қоғамды экономикалық ұйымдастырудың негізгі проблемалары.
Мақсаты -Экономикалық теория пәнінің мәнін толық ашу.
1.1 Экономикалық теорияның даму кезеңдері.
Экономикалық теория – адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағатандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектелген ресурстарын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым.  Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы  ежелгі заманнан басталады. Алғашқы қауым адамдарының  өндіріс, айырбас, тіршілік игіліктерін бөлу және тұтыну қатынастары жөнінде белгілі бір түсініктері болған. Олардың алғашқы қауымдық қоғамының экономикасын құрайтын құбылыстар туралы пікірлері әр түрлі уағыз бен тәртіп ережелерінде  ресімделген.  Бұл туралы бізге дейін жеткен Египет  папирустары, ежелгі үнді Ведалары, Хаммурапи  патшаның заңдарында көрсетілген. Бірақ бұл ғылым емес, тек қана оның ұрығы еді.

     Экономика туралы ғылым табиғат  пен қоғам туралы адам білімінің жүйесі ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды.

     Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. «Экономия» терминін алғаш ұсынған Ксенофонт, мұның мағынасында үй шаруашылығы (ойкос-үй, шарушылық; номос – заң) деген ұғымды білдіреді. Термин Аристотель еңбектерінде де кездеседі, ол шаруашылықты екі түрге бөледі: экономия және хрематистика (баю, пайда таба білу шеберлігі). Оның түсіндіруі бойынша экономикадан хрематистика пайда болады.

     Көп ғасырлар бойы «экономия (ойкономия)» сөзі үй шаруашылығын ұйымдастырып, жүргізу ережелерін қамтыған. Сонымен қатар  феодалдық бытыраңқылықты жеңу, орталықтандырылған  мемлекетердің бірлесуі үй шаруашылығынжүргізу ережелері емес, жалпы ұлтық  мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерінің  анықталуы қажет етті.  Осыған байланычсты «экономия» ұғымы жаңа мәнге ие болып, «саяси экономияға» айналды, ол грек тілінде полис – мемлекет; ойкос – үй шаруашылығы; номос -  заң дегенді білдіреді.

Саяси экономия  ұғымын  алғаш   енгізген  Антуан  де   Монкретьен   болатын.  1615жылы  оның  “Саяси   экономия  трактаты”  деген   еңбегі   жарық көрді.  Мұнда мемлекеттік шаруашылықты   жүргізу кеңестері   мазмұнданған.  Саяси экономия   ғылым ретінде XVI-XVII  ғасырларда  пайда  болған.  Бұл  кезеңнің   алғашқы   ілімі  Меркантелизм   (итальян  сөзі – саудагер, көпес)  болды.  Осы  ілімнің  негізгі  мазмұны   байлық  көзі  тауар  мен  ақша  айналымы  саласында   болды  деп  есептелінді.  Меркантелизм  екі  кезеңнен  тұрды: алғашқы  кезең – ақша  балансы  теориясын  ұсынды,  оған  сәйкес  олар   елден  ақшаны  сыртқа  шығаруға  тыйым  салу  қажеттілігін   ұсынды;  соңғы  кезең  –  меркантелистер   тауар  айырбастау  сферасын  зерттеуге  көшті.  Алғашқы  меркантелистерден  айырмашылығы   олар  ақшаны   шетке  шығаруға  тыйым  салмады,  өндірістік  тауарлардың   экспортын   көбейтіп,  протекционизм  саясатын  жүзеге  асыруды   ұсынды.   Протекционизм – ұлттық  экономиканы  қорғау.  Меркантелистер  өкілдеріне  Монкретьен,  Стафорд,  Мен,  Фосашков  жатады.  Айналыс  аясындағы   бағыттарды  жаулап  алып,  буржуазия   аясына  өтеді.  Оның  мәні  байлықтың  көзі  өндірілген  игіліктер  тек  айырбасталатын  сауда  сапасы  емес,  өндіріс  болып  табылатыны   дәлелденген.  Шынайы  байлық  -   ақша  емес,  тауар. Ол  идея  алғашқы   рет  физиократтар  (физио-табиғат,  кратос-билік)  еңбектерінде   пайда  болды.  Осы  мектептің  басты  тұлғасы – Франсуа  Кене.  Ол   ұлттық  байлықтың  қайнар  көзі  ауыл  шаруашылығы  еңбегі  деп  есептетеді.  Кейінен бұл сұрақтар   Уильям  Петти,  Давид Рикардо,  Адам  Смит   еңбектерінде  қарастырылады.  Олар  ұлттық  байлық  тек ауыл  шаруашылығы ғана  емес,   барлық  өндіріс саласындағы еңбектен  көрінетінін айғақ етті.

    Марксизмнің  негізін  салушы – Карл  Маркс.  Оның  ашқан   басты  жаңалығы:  қоғамдық   экономикалық  формация  капитализмнің  даму  өаңдылығы,  социализмнің   жаңа  жүйе  ретінде  пайда  болып  тауарға  сіңген  еңбек,  қосымша  құн  туралы  ілімді  қалыптастырды.  Марженализм  (шекті)  экономикалық   категорияны  зерттеу  үшін   шекті  соманы   пайдаланды.  Бұл  бағыт   XIX ғасырдың  70-жылдарында  дүниеге келді.  Марженалистерн  ғылымының   мақсаты – шектеулі  ресурсты   бөлудің тиімді  әдістері  мен шаруашылықты  ұтымды  жүргізу  әдістерін  іздестіруде  деп  таныды.

    Еңбек  бөлінісі  мен   маманданудың   пайда  болып,  дамуымен  материалдық  игілік  өндірушілер   бір-біріне  тәуелділікке  түседі.  Еңбек  бөлінісінің  дамуы   жоғарылаған  сайын,  олардың   арасындағы  тәуелділік  те   күшейе  түседі.  Олардың әрекеттерін үйлестіру   қажеттігі артады.  Тауар өндірушілердің   қызметтерін үйлестіру әдістерінің   жиынтығы   экономикалық  жүйені  құрайды.  Экономикалық  жүйе  қарастырылып   отырған   қоғамда  қалыптасқан   шаруашылық  тетіктерін,  заңдарды,  экономикалық  институттарды,  меншіктік  қатынастарды  біріктіреді.

    Экономикалық  жүйе  өзінің  басты  мақсаты  ретінде – қандай  тауар  өндіріп,  қызметтің  қай  түрін   көрсету  керектігін;  қандай технологияны               

пайдаланып,   қалай   өндіруді;  кім  үшін  өндіріп,  кімге   қызмет  көрсету  қажет  деген   мәселелерді   шешеді.  Бұл  мәселелерді   шешу  әдістеріне  байланысты    экономикалық   жүйелер:  дәстүрлі,   командалық   және  нарықтық  болып  үш  түрге  жіктеледі.  Дәстүрлі экономикалық  жүйеде  өндіру,  бөлу  және  тұтыну  қалыптасқан  дәстүрлер  мен  ғұрыптарға  негізделеді.  Әміршіл - әкімшілік   экономикалық   жүйе  бұл   мәселелерді  директивалық  әдістермен,  яғни  жоғарыдан   түсіріліп   жататын  бұйрықтармен  шешеді.  Ал   нарықтық  экономикалық  жүйеде   шаруашылықтың   бағдары  тауар   өндірушілер  мен   қызмет  көрсетушілер   арасындағы  бәсекеге  құрылады

Экономика екі іргелі экономикалық аксиомаға негізделеді: шексіз мұқтаждықтар  мен шектеулі ресурстар. Мұқтаждықтар – бұл адамдардың белгілі бір пайдалылығы игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы. Мұқтаждықтарды қанағаттандыратын  құралдар игіліктер болып табылады.   Бір игіліктер шектеусіз мөлшерде болады, ал екіншісі – шектеулі. Соңғылары экономикалық игіліктер деп аталады.


1.2 Экономиканы ғылыми зерттеу әдістері.
Басқа ғылымдар сияқты, экономикалық теория зерттеу процесінде түрлі әдістерменқұралдарды қолданады.

     Әдіс – таным тәсілі. әдістер жалпы және жеке  болады. Жалпы әдістерге – абстракция әдісі, синтез, индукция, дедукция, экономикалық математикалық , эксперименттік, т.б.; жеке әдістерге – экономикалық-математикалық модельдеу,  экстраполяция, баланстық, функцияоналдық т.с.с. әдістер жатады. Экономистің негізгі құралы теория мен байқау болып табылады.



Ғылыми абстракция- зерттелетін құбылысты кездейсоқ , дара құбылыстардан оқшаулап,оның негізгі қасиетін,мәнін ашу.Осылай болған жағдайда ғана объектіні мүмкіндігінше жан-жақты қамтуға,оның заңдарын белгілеуге , оларға матермалдық нысан беруге болады.Мысалы,баға қозғалысын алсақ,бір қарағанда ол түсініксіз,шегі жоқ,шым-шытырқ процесс тәрізді,бірақта баға динамикасын нақтылы факторлар белгілейді:сұраныс пен ұсыныс,сондай-ақ өндіріс және тасымал шығындары т.б. белгілейді.

Синтез(жинақтау)- зерттелетін құбылыстардың жеке элементтерін біріктіріп , біртұтас құбылыс ретінде зерттеу.

Индукция-жеке фактілерден жалпы қорытынды шығаруға негізделген тану әдісі.

Дедукция-жалпы фактіні жеке фактілерге бөліп қарастыру.

Экономикалық математикалық әдіс- экономикалық көрсеткіштерді есептеу,анықтау үшін, матемитикалық ақпараттарды,байланыстарды қолданатын зерттеу әдісі.

Эксперементтік әдіс- табиғи және жасанды жағдайларды модельдеу арқылы зерттеу.

     Экономикалық теорияда жиі қолданылатын жорамал – ceteris paribus – басқаның тұрақтылығы жағдайындағы тек қана айнымалы  шаманың өзгеруін  анықтайтын алғышарт. Олардың пайдаланылу себебі: жораламал әлемді түсіну болжамын оңайлатады.

     Экономистер фактілерді зерделеп,  болжамдар ұсынғанда жалпылама қорытында жасап, экономикалық әрекеттерге негіз болатын қағидаларды ашады.  Түрлі құбылыстар мен беталыстардың дамуын анықтау экономикадағы жағымды бағдарға жатады. Ал экономиканың тиімділігі жөнінде сөз болғанда, онда мұны нормативті экономикалық ғылым деп білеміз.

     Экономикалық теория әрқашан  экономикалық саясатты қалыптастыру үшін пайдаланылады.  

     Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық мәселелерді шешудегі және оның механизмдерін әрекетке келтірудегі қызметі. Экономикалық теорияның зерттелуі мен қорытындылары жүргізіліп жатқан экономикалық саясатты жүзеге асыру, стратегиялық экономикалық болжаулар  жасауда түрлі бағдарлама құру үшін қажет.  Экономикалық саясат  міндеттерін жүзеге асыру өз кезегінде экономикалық жүйені өзгертіп  жетілдіреді, ал бұл экономикалық теорияның дамуына жаңа ғылыми білімнің қалыптасуына әсер етеді.  
1.3 Қоғамды экономикалық ұйымдастырудың негізгі проблемалары
Осы заманға сәйкес нарықтық экономиканы ұйымдастыру барысында мемлекет қызметіне өте қажетті көңіл бөлінеді, ол мемлекеттік шығындардың өсуімен, коғамның экономикалық өмірін мемлекеттің тікелей реттеуінің елеулі кеңейіп отырғанымен көрініс тауып отыр. Өндіріс құралдарын қоғамдастыру процесінің тереңдеуімен мемлекеттің экономиканы реттеу жұмыстарына араласу қажеттілігі туындайды. Сондықтан, мемлекет ел экономикасын басқару атқарымын орындаушы ұйымға айналады. Мемлекеттің экономикалық ролі оның шаруашылық-ұйымдық қызметінде іске асады:

    -     кеңейтілген ұдайы өндіріс процесін реттеуде;

    - материалдық өндірістің, күрделі салымдардың және тауар айналымының, стратегиялық және индикативтік жоспарлаудың көлемі мен құрылымын болжауда;

    - экономика салаларының даму бағыттарын және өсу қарқындарын реттеуде, өндірістік тапсырмалар мен шарттарды орындауды ұйымдастыруда;

    - ұлттық табысты мемлекеттік бюджет арқылы бөлуде, қайта бөлуде және пайдалануда;

    - елдің халықаралық экономикалық ынтымақтастыққа қатынасуын қамтамасыз етуде, соның ішінде экономикалық бірігу процестерінде;

    - сыртқы сауда мен валюталық қатынастарын реттеуде, кеден бажын реттеуде;

    - қажетті кадр саясатын жүргізуде және жұмыс күші рыногын реттеуде;

    - еңбек, технологиялық және шарт тәртіптерінің орындалуын бақылауда.

    Аралас экономиканың жұмыс істеуі мемлекеттік, нарықтық реттеулермен іске асырылады. Оның ішкі мазмұны мемлекеттік араласу болып табылады, ол өндірістік емес сипатта бола алмайды. Бәсекелік қабілеті бар рынок мемлекеттің іс-әрекеттеріне өзінің талаптарын қоя алады, мемлекет әрекетін шектеп отырады. Мемлекеттің араласуы заңды түрде рәсімделген және логикалық тәртіпке келтірілген, елдің дамуына белсенді әсер ете алатын жүйе болып саналады.

Мемлекеттік араласудың экономикалық негізі мемлекеттік сектор.Ол нарықтық механизмге өзінің шығындары, салық салу, реттеу мен мемлекеттік кәсіпкерлік арқылы іс-әрекет көрсетеді.

     Оның қарамағында ұдайы өндірісті әлемдік экономика деңгейінде реттей алатын экономикалық әдістері бар. Неғұрлым әлемдік агрошаруашылықтарға бірігу терең болса, солғұрлым олар мәндірек және тиімдірек: сыртқы сауда саясаты, экспорттық ағымдарды лицензиялау, кедендік салық салу, шеттен әкелуді шектеудің тарифсіз әдістері, капиталдардың халықаралық қозғалысы.

Басқарудың жаһандануы әлемдік шаруашылықтардың қазіргі кезеңдегі дамуынан елеуді жедел жүреді: қоршаған ортаға бағдар, тиімділіктің басымдығы, рыноктардың бірігуі, ғылыми-техникалық жетістіктер, факторларының өсуі, құрылымдық реттеу, адам ресурстарын басқару. Ол мемлекет пен планетарлық ақпараттық кеңістіктегі құрылымдар, капиталдардың әлемдік рыноктары, тауарлар және жұмыс күші, табиғи ортаға техникалық әсер етудегі интернационалдық проблемалары арасындағы өзара байланыстар мен өзара байланыстылықтардың кеңею және күделену процестерімен көрініс табады.

  Мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері болып: халықты ауыл шаруашылығы шикізаттарын дайындалған азық-түлікпен және басқа да тауарлармен қамтамасыз ету мақсатында аграрлық өндіріске жәрдемдесу, экспорттық әлеует қалыптастыру, ауылды әлеуметтік тұрғыдан дамыту және ауыл халқын жұмыспен қамту, ең соңында республиканың бүкіл экономикасын тұрақтандыру.

     Экономиканың өсуі елеулі дәрежеде бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті шетке шығару және шеттен әкелумен анықталады.

     Салыстырмалы артықшылық тұжырымдамасы экономикалық теорияның тұжырымдамасы болып табылады, ол өндіріс факторларын барынша көп пайдалануға негізделеді.

    

Бақылау сұрақтары:
1. Экономикалық теорияның”, “саяси экономияның” және “экономикстің” өзара байланысы неде?

2. Экономикалық теорияның пәні

3. Экономикалық теория неше бөлімге бөлінеді?

4. Экономикалық теорияның жеке әдістеріне қандай әдістер жатады?


1 тақырыпқа арналған тесттік тапсырмалар:
1.Экономикалық теория мектептерiнiң қайсысы тарихи алғашқы мектеп болды:

A) Меркантилизм.

B) Физиократтар.

C) Классикалық саяси экономия.

D) Марксизм.

E) Маржинализм.

2. “Саяси экономия” терминiн ғылыми айналымға енгiзген кiм:

A) Аристотель.

B) Ксенофонт.

C) А. Д. Монкретьен.

D) Томас Мор.

E) А. Смит.

3.Саяси экономия терминi қай жылы енгiзiлдi:

A) 485 ж.

B) 1615 ж.

C) 1987 ж.

D) 1211 ж.

E) 1348 ж.

4. Экономикалық теория - бұл:

A) Өндiру, бөлу, айырбастау процестерiндегі адамдар арасындағы қатынастар туралы ғылым.

B) Өндiрiс процесiнде қолданылатын және бәсекені туғызатын шектеулi ресурстар туралы ғылым.

C) Өндiрiстiк процесс туралы ғылым.

D) Шектеулi ресурстар жағдайында адам қажеттiлiктерiн қанағаттаныру мақсатында материалдық игiлiктердi өндiру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестерiнде адамдар арасындағы қатынастар туралы ғылым.

E) Жекеленген өндіріс салаларының экономикалық даму заңдылықтары мен тенденцияларын зерттейтiн ғылым.

5.Талдау (анализ) – бұл:

A) Модельдердi зерттеу негiзiнде қалыптасатын ғылыми қорытындылар мен нәтижелер.


B) Құбылыстардың жекеленген бөлiктерiн бiртұтас құбылысқа бiрiктiруге негiзделген тану әдiсi.
C) Белгiлi құбылыс және процесс қасиеттерiн белгiсiз құбылыстарға ауыстыруды бiлдiретiн танып-бiлу әдiсi.
D) Бiртұтас құбылысты жекеленген құрамдас бөлiктерге бөлудi және олардың әрбiреуiн зерттеудi бiлдiретiн танып-бiлу әдiсi.
E) Зерттеу объектiсiнде негiзгi мәнiн, маңызын бөлiп көрсететiн және жеке, кездейсоқ, уақытша сипаттағы құбылыстарды оқшаулауды білдіретін тану әдiсi.
6. Макроэкономика –бұл:

A) Экономиканың даму заңдылықтарын адам, отбасы және кәсіпорын деңгейінде зерттейтін экономикалық теорияның бір бөлімі.

B) Экономиканың даму заңдылықтары мен тенденцияларын мемлекет деңгейінде зерттейтін экономикалық теорияның бір бөлігі.

C) Ресурстар мен өндіріс факторларының шектеулі болу жағдайында адамдардың іс-әрекетін зерттейтін ғылым.

D) Экономикалық ойдың даму кезеңдерін зерттейтін ғылым.

E) Негізгі экономикалық заңдар мен категориялармен таныстыратын экономикалық терияның бір бөлімі.

7. «Саяси экономия бойынша трактат» жұмыстың авторы:

А) А. Монкретьен;

В) Д. Норе;

С) Д. Юм;

D) Г. Скаруфи;

Е) В. Петти.

8.Экономикалық мәселелер қалай шешілуі мүмкін:

А) экономикалық үлгілер көмегімен

В) саяси мәселелердің есебімен

С) экономикалық ғылымдар көмегімен

D) әрбір адамның пікірінің ескеруімен

Е)тура айтуға болмайды.

9. Экономикалық категория деген не:

A) Өндіріс қатынастарының маңызды қырларын білдіретін ғылыми ұғымдар;

B) Қарапайымдалған пікір;

C) Субъективті бағалау ұғымы;

D) Себеп – салдарлық байланыс;

E) Экономикалық көрініс туралы үстүртін пікір.



10. Экономикалық теория әдiстемесiне қайсысы кiрмейдi:
A) Салық салу.
B) Принциптер.
C) Әдiстемелер.
D) Әдiстер.
E) Барлық аталғандардың жиынтығы.


2 Қоғамдық өндірістің негізі
2.1 Адам және экономика

2.2 Қоғамдық өндірістің құрылымы

2.3 Өндіріс және ұдайы өндіріс

Мақсаты- қоғам өміріндегі өндірістің маңызын көрсету.
2.1 Адам және экономика
Экономикалық ғылым ең алдымен экономикалық қажеттіліктерді және оларды қанағаттандыру әдістерін зерттейді.

Экономикалық қажеттіліктер адамның өмір сүруі үшін қажетті заттарға мұқтаждықтар деп түсіндіріледі. Екінші жағынан, экономикалық қажеттіліктер экономикалық қызметке ынталандыратын ішкі себеп ретінде көрінеді.

Қажеттілікті келесі түрлерге бөлуге болады:

  1. физиологиялық қажеттіліктер (тамақ, су, киім-кешек,баспана);

  2. қауіпсіздік қажеттілігі (сыртқы жаулардан және қылмыскерлерден қорғану, ауырған жағдайда көмек көрсету, кедейліктен қорғану);

  3. әлеуметтік қатынастар қажеттіліг (адамдармен тіл табысу, достық, махаббат);

  4. өзін-өзі құрметтеу қажеттілігі (басқа адамдардың құрметтеуі, өзін-өзі құрметтеу, )

  5. өзін-өзі дамыту қажеттілігі (адамның барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін жетілдіру).

Экономикалық ғылым қажеттіліктердің өсу заңын қалыптастырды – бұл өндіріс пен мәдениеттің дамуына сәйкес адам қажеттіліктерінің өсуі мен жетілдірудің объктивті қажеттілігін көрсететін жалпы әлеуметтік-экономикалық заң.

Адамдардың белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыратын және олардың мүддесіне, мақсатына жауап беретін заттар игіліктер деп аталады. Шектеулі көлемде болатын игіліктер экономикалық игіліктер деп аталады. Экономикалық игіліктер материалды формада және қызметтер түрінде көрінеді. Экономикалық игіліктер өндіріс процесінде жасалады.

2.2 Қоғамдық өндірістің құрылымы
Өндіріс – бұл қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді жасау процессі. Экономика екі негізгі фундаменталды аксиомаға негізделеді: шексіз қажеттіліктер және шектеулі ресурстар.

Қоғамдық өндірістің құрылымын 1-кестеден көруге болады.



Экономикалық игіліктерді өндіру үшін ресурстар қолданылады. Өндіріс процесінде ресурстар өндіріс факторларына айналады.

Маркстік теория бойынша өндіріс процессі жүзеге асу үшін үш фактор қажет:

  1. Жұмысшы күші – бұл материалдық игіліктер мен қызметтер өндіру процесінде қолданылатын адамның дене және ой қабілеттерінің жиынтығы. Өндірістің жеке факторы

  2. Еңбек құралы – бұл материалдық заттар, олардың көмегімен адам пайдалы өнімдерді жасайды: машиналар, ғимараттар, станоктар т.б. Өндірістің заттай факторы.

  3. Еңбек заты – адам өнім өндіру өзінің мұқтаждығына бейімдейтін заттардың жиынтығы: шикізаттар, материалдар, пайдалы қазба байлықтары т.б. Өндірістің заттай факторы. Еңбек құралы мен еңбек затының бірлігі өндіріс құрал-жабдықтарын көрсетеді. Өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмсшы күшінің бірлігі өндіргіш күштер деп аталады. Өндіргіш күштер өндірісті техникалық жағынан сипаттайды. Өндіргіш күштер адамның табиғатқа қатынасын көрсетеді, брақ, табиғатпен өзара қарым-қатынас жасай отырып, адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі.

Өндірістік қатынастар – бұл материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестерінде адамдар арасындағы қалыптасатын қатынастар. Өндірістік қатынастардың үш түрі бар:

    • ұйымдастыру-экономикалық қатынастар – бұл өндірісті ұйымдастыру процесіндегі адамдар арасындағы қатынастар (еңбек бөлінісі, өндіріс кооперациясы, өндірісті шоғырландыру, басқару).

    • әлеуметтік-экономикалық қатынастар – бұл материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жөніндегі адамдар арасындағы қатынастар (меншік қатынастары және табыстарды бөлу).

    • технико-экономикалық қатынастар өндіріс техникасы мен технологиясына негізделеді.

Өндіріс процесінде өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар өзара байланысады. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі өндіріс тәсілін құрайды.

Өндіріс технологиясы – бұл өндірістік процестерді жүзеге асыру әдістері мен жолдары туралы білімдердің жиынтығы, жұмысшы күші мен өндіріс құрал-жабдықтары арасындағы өзарабайланыс.

Маржиналистік теория бойынша өндіріс факторларына: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет жатады.

Еңбек өндіріс процесінде қолданылатын адам қызметінің барлық түрлерін қамтиды.

Жер ұғымына барлық табиғат ресурстары: жер қойнауы, пайдалы қазба байлықтары, минералды шикізаттар, орман, су ресурстары кіреді.

Капитал – адам еңбегімен жасалған, өндіріс процесінде қолданылатын өндіріс құрал-жабдықтары, ғимараттар, еңбек құралдары, қаржы және т.б.

Кәсіпкерлік қабілет өндірістің экономикалық нәтижелеріне жауапты және тәуекелді шешімдер қабылдаумен байланысты өндіріс процесін ұйымдастыру, басқару қызметі.

Адамзат қоғамының дму негізінде материалдық өндіріс жатыр. Адам өмір сүру, оқу және жұмыс істеу үшін барлық керекті игіліктерге ие болу керек. Қоғамдық өндіріс материалдық және материалдық емес сферадан тұрады. Материалдық өндіріс сферасы материалдық игіліктерді өндіру бойынша келесі салаларды қамтиды: ауыл шаруашылық, өнеркәсәп, құрылыс, сонымен қатар материалдық қызметтерді жасау бойынша: көлік, сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету.

Материалдық емес сфераға материалдық емес игіліктерді (рухани құндылықтарды) жасайтын материалдық емес өндіріс сферасы және материалдық емес қызметтерді жасайтын қызмет сферасы (денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және т.б) кіреді.



2.3 Өндіріс және ұдайы өндіріс
Өндіріс процесінің үздіксіз қайталану және жаңару процесін ұдайы өндіріс деп атайды. Ұдайы өндіріс процесі төрт фазадан тұрады: өндіріс, бөліс, айырбас және тұтыныс.

Өндіріс – материалдық игіліктер мен қызметтерді жасау процессі, ұдайы өндірістің бірінші фазасы. Сондықтан өндіріс қоғам өмірінде маңызды роль атқарады.

Бөліс – бұл біріншіден, қоғамдық өндіріс нәтижелері, екіншіден, өндіріс ресурстары мен факторлары бөлінетін ұдайы өндіріс фазасы.

Айырбас адамдар арасындағы тәжірибемен және еңбек өнімдерімен алмасуын білдіреді.

Тұтыныс – бұл өнімдерді қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдалану, ұдайы өндірістің соңғы фазасы. Ол жеке және өндірістік тұтынуға бөлінеді. Біріншісінде пайдалылық азаяды немесе бұзылады, өнімдер тұтынылады. Екіншісінде өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмысшы күші тұтынылады, нәтижесінде еңбек өнімі жасалады.

Ұдайы өндірістің екі түрі бар: жай және ұлғаймалы.

Жай ұдайы өндірісте өндірілген өнімнің көлемі, сонымен қатар оның сапасы жыл сайын өзгеріссіз қалады. Өндіріс факторлары да өзгермейді.

Ұлғаймалы ұдайы өндірісте өндіріс көлемі мен оның сапасы жыл сайын ұлғаяды. Өндіріс факторлары да өзгереді.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің екі типі бар: экстенсивті және интенсивті. Біріншісі өндіріске бұрыңғы техника негізінде қосымша еңбек және табиғат ресурстарын, негізгі және айналмалы қорларды тарту арқылы жүзеге асады. Екіншісі өндіріс құрал-жабдықтарын жетілдіру және еңбек өнімділігін көтеру негізінде жүргізіледі.
Бақылау сұрақтары:
1.Материалдық өндіріс сферасындағы адам іс-әрекетінің моделін қарастырыңыз.

2.“Өндіріс факторлары” ұғымының мазмұнын, маркстік және маржиналистік теорияларда көрсетілген негізгі өндіріс факторлары қандай.

3.Ұдайы өндірістің қандай түрлері бар.

4.Ұлғаймалы ұдайы өндірістің типтерін ата.
2 тақырыпқа арналған тесттік тапсырмалар:
1. Өндіріс құралдарына қоғамдық меншік, жалдамалы еңбектің болмауы, тең еңбекке – тең жал акы, жалпы және толық жұмысбастылықтық, жалпыланған жоспар бойынша шаруашылықты жүогізу – бұл қай мектептің негізгі постулапты:

А) меркантилизм;

В) марксизм;

С) классикалық саяси экономия;

D) институционализм;

Е) либерализм.

2. Өндiрiс құрал-жабдықтары – бұл:
A) Еңбек заты мен еңбек құралының жиынтығы.
B) Еңбек заты мен жұмысшы күшiнiң жиынтығы.
C) Еңбек құралы мен жұмысшы күшiнiң жиынтығы.
D) Мемлекеттiк органдар жиынтығы.
E) Өндiргiш күштер мен өндiрiстiк қатынастар жиынтығы.
3. Өндірістік қатынастар дегеніміз:

А) адамдар арасындағы материалдық, рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастары

В) құқықтық қатынастарды зерттеу

С) адамның табиғатқа қатынасы

D) табиғи, материалды, информациялық ресурстарды пайдалану қатынасы

Е) өндірістегі әлеуметтік қатынастарды зерттеу.

4. Интенсивті экономикалық өсім-бүл:

A) Ұлттық өнімді қолданылатын факторлордың санын үлғайту және техника мен техналогияны жетілдіру арқылы ұлғайту.

B) Ұлттық өнімді техника мен технологияны жетілдіру арқылы ұлғайту.

C) Ұлттық өнімді сандық үлғайту және сапалық жетілдіру.

D) Ұлттық өнімді өндіріске қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлғайту.

E) Экономиканың барлық салаларында капиталдың қорлануы.

5. Өндiрiс – бұл материалдық және материалдық емес игiлiктерді:
A) Қажеттiлiктердi дамыту үшiн жасау процесi.
B) Мүдденi ынталандыру үшiн жасау процессi.
C) Адамның өмiр сүруi үшiн жасау процессi.
D) Қоғамның өмiр сүру және дамуы үшiн жасау процесi.
E) Бәсекенi дамыту үшiн жасау процесi.
6. Қоғамның өндiргiш күштерi – бұл:
A) Өндiрiстiк циклде тұтынылған адамның физикалық және рухани қабiлеттерiнiң жиынтығы.
B) Қоғамдағы мақсатты қызметтердің барлық түрлерінiң жиынтығы.

C) Өндiрiс құрал-жабдықтары мен жұмысшы күшiнiң жиынтығы.


D) Қоғамдық өнiмнiң ұдайы өндiрiс процесiндегi өндiрiстiк қатынастар жиынтығы.
E) Тұрақты себеп-салдарлы байланыстар.
7. Өндіруші шаруашылық дегеніміз не?

А) алғашқы металл құю пеші

В) қолөнердің шығуы

С) мал шаруашылығы мен егіншілктің пайда болуы

D) тоқымашылығы өмірге келуі

Е) сауданың дамуы

8. Дәстүрлі жер, еңбек және капиталдан басқа қажетті өндіріс факторы:

A) Заң.


B) Сұраныс пен ұсыныс.

C) Кәсіпкерлік.


D) Бағалар.
E) Дүниежүзілік экономика.
9. Өндіріс процесінiң өзгермеген көлемде жаңару процессi:

жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау