A) Жай ұдайы өндіріс.
B) Ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
C) Қысқарған ұдайы өндіріс.
D) Аралас ұдайы өндіріс.
E) Үйлестірілген ұдайы өндіріс.
10. Жердің өндіріс факторы ретінде басқа өндіріс факторларынан айырмашылығы мынада:
A) Адам еңбегінің өнімі болып табылады;
B) Еркін ұдайы өндіріледі;
C) Белгілі бір уақыт өтеуіне байланысты өсіп отырады;
D) Саны белгіленген, берілген өлшем, өсе алмайды;
E) Шектелген өлшем болып табылады.
3 Меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі
3.1 Меншік-экономикалық категория
3.2 Меншіктің түрлері және олардың экономикалық қызметтері
3.3 Нарықтық экономикадағы меншік формалары
Мақсаты: меншіктің экономикалық жүйе негізі және нарықтық экономиканың негізгі белгісі екендігін зерттеу.
3.1 Меншік-экономикалық категория
Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды роль атқарған. «Меншік» белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адамның иеленуінен шыққан. Ол қоғамдық негізгі бастауларға жатады. Сондықтан кез келген үкімет меншік туралы заңдар шығарады.
Меншік құқықтық мағынасында мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік иесіне заңмен алдын-ала белгіленген мүлік тән.
Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.
Меншік – бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде тұлғаның нысанды (затты) пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Тұлға ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Негізгі нысандары: жер, ғимараттар, материалдық және рухани – мәдениет заттары және т.б. жатады.
Басқаша айтсақ, меншік - бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Иемдену – әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің негізі болып табылады. «Меншік» пен «иемдену» түсініктерін теңестіруге болмайды. Меншік - анағұрлым абстрактілі, ал иемдену нақты ұғым.
Иемдену - бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі.
Қоғамның дамуының әр түрлі кезеңдерінде затты иелену, яғни иемдену әдістері өзгеріп отырған. Өзінің ең қарапайым формасында иемдену адамдар материалдық игіліктерді өндіруді үйренбестен бұрын пайда болды. Осылайша, адамзат қоғамының әу басында адамдар табиғат өнімдерін оларды өндірместен иеленді. Әрі қарай, өндірістің пайда болуы мен дамуына орай иемдену объектісіне тек табиғат өнімдері емес, сондай-ақ адамдар өндірген өнімдер жатады.
Иемдену әрдайым белгілі бір тұлғаның мүддесіне қарай жүзеге асады. Егер, өндіріс жеке тұлғалардың мүддесіне орай жүзеге асырылса, жеке меншік айқын көрінеді. Егер, өндіріс топ мүддесіне қарай жүргізілсе, онда мәселе иеленуде. Егер өндіріс қоғам мүддесін көздесе, онда, қоғамдық иелену орын алады.
Меншік пен иемденудің ішкі заңдары бар. Олар екеу. Біріншісі – өз еңбегінің өнімін иемдену, меншіктеу заңы, оған сәйкес иемдену заңы: еңбек-бастапқы иемдену әдісі. Бұл заңдар жай тауарлы өндіріске дейінгі кезеңдерге тән.
Еңбектің жеке меншіктің капиталистік болып өзгеруі бірінші меншік заңының екіншісіне - бөтен біреудің еңбегінің өнімін меншіктеу заңына ауысуының негізінде жүреді. Оған енді, басқаның еңбегін иемдену заңы сәйкес келеді.
Айналыс –бастапқы иелену түрі мен әдіс бірлігі. Осы заңдардың негізінде капиталистік тауарлы өндіріс әрекет етеді.
Осылайша, бірінші меншік заңы мен бірінші иемдену заңы жеке еңбекпен өндірілген өнімді жекелей иеленуге байланысты. Екінші меншік заңы мен екінші иемдену заңы бөтеннің еңбегін және осы еңбектің нәтижесін айырбас арқылы, яғни айналыс сферасы арқылы иемденумен байланысты.
3.2 Меншіктің түрлері және олардың экономикалық қызметтері
Меншік қатынастары мынандай қызметтерді қамтиды:
а) иелену ( затты иеленуді жүзеге асыру, қожалық ету);
ә)пайдалану ( заттан өзіне пайдалы қасиеттерді табу);
б) бөлу ( заттың құқықтық тағдырын анықтау - сату, айырбастау,сыйға тарту т.б.)
Меншіктің экономикалық өткерілуі, оның иесіне табыс, рента, пайыз, дивиденд алып келу арқылы жүзеге асады.
Адамзат қоғамның даму тарихында меншіктің тайпалық немесе қауымдастық түрлері белгілі. Ерте дүниенің өзінде–ақ ұжымдық (қоғамдық), жеке еңбектік және мемлекеттік (қауымдық меншік иелері) меншік түрлері қалыптаса бастады. Олардың ішінен кейінірек жеке және мемлекеттік меншік түрлері көбірек дами түсті. Мемлекеттік меншік өзінің барынша дамуын әкімшілік - әміршілдік экономикалық жүйеге асырылып, оның үлесі басқа меншік түрлерінің жалпы құрлымында-88,6% құрады. Алайда, нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі 5%-дан 30 %- ға дейін ауытқиды.
Экономикалық және әлеуметтік құрылысқа байланысты мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерімен салыстырғанда тиімді болу мүмкін. Ол оның атқаратын қызметімен: жалпы қоғамның экономикалық стратегиясының қалыптасуы, экономикалық салалық құрылымының оңтайландырылуы нәтижесінде адамға бағытталған ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізу арқылы сабақтастырылады.
Экономикада бұл меншік түрінің басымдау болу нақты өмірде жағымсыз тұстарға, яғни мемлекеттік монополиялардың пайда болуына алып келді.
Ол экономика үшін аса қауіпті еді: мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға үстемдігі пайда болып, арзан тауарлар түрлерін жою жүзеге асты және тапшылық пайда болды. Қанағаттандырылмайтын сұраным қалыптасты.
Осыдан мынадай тұжырым жасауға болады: мұнда мемлекеттік меншікті жою емес, оның монополиялық үстемдігін жою туралы әңгіме болып отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында төмендегідей меншіктің экономикалық түрлері қалыптасты.(2-сурет)
Меншіктің экономикалық түрлері
Жеке
|
Ұжымдық
|
Мемлекеттік
|
Еңбектік
|
Еңбектік емес
|
Жеке топтық
|
Республика меншігі
|
Облыстық, аудандық муниципалдық меншігі
|
Еңбек табысы есебінен
|
Мұрагерге қалдырған мүлік есебінен табыс: сақтандыру, несие мекемелеріне салған қаржылар, акция, облигация және басқа бағалы қағаздардан түсетін табыс көздері
|
А)жалгерлік меншік
Ә)Ұжымдық кәсіпорын меншігі (сатып алынған)
Б)кооперативтік меншік
В) акционерлік меншік:
А) қоғамдық ұйымдарының меншігі
Ә)діни ұйымдарының меншігі
Меншік:
А) шаруашылық қоғамы меншігі
(серіктестігінікі)
Ә) бірлестіктер (ассоциациялар)
Меншігі:
А)шетел мемлекетінің меншігі
(концессия)
Ә)біріккен меншік
(шетел мемлекетік кәсіпорыны)
|
Республикалық меншік
(жер қойнауы, сулар, өсімдік әлемі, жануар әлемі,әуе кеңістігі)
|
Коммуналдық меншік
(тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәдениет және денсаулық сақтау, халыққа білім беру, жергілікті бюджет қорлары)
|
3.3 Нарықтық экономикадағы меншік формалары
Меншік формасы – ол меншік субъектісі белгісі бойынша сипатталатын, яғни меншік объектісінің әр түрлілігі субъект табиғатымен бірігуі критерий (өлшемдері). Меншік формаларының мынадай түрлері бар:
Жалпыхалықтық;
Мемлекеттік;
Коллективтік (ұжымдық);
Үлесті біріккен;
Жеке және т.б.
Бұл меншік түрлерінің барлығын топтап екі типке бөлуге болады: мемлекеттік және жеке. Мемлекеттік меншік - меншік типі, мемлекеттік секторда орналасқан кәсіпорын, ұйым, орталық және жергілікті басқару органдары арқылы мемлекет меншігін басқару. Мемлекеттік меншік екі формада болады. 1. Мемлекеттік. 2. Муниципалдық. Муниципалды меншік мемлекеттік және басқа меншік түрлерімен салыстырғанда өте ерекше болып табылады. «Муниципал» - латынның «municipals» немесе немістің «munizipalitet» сөздерінен шыққан «қаланы басқару» деген ұғымды білдіреді. Ал, латынның «municipium» сөзі «қаланы өзін - өзі басқару құқығын білдіреді. Әдетте муниципалдық меншікке өкімет ұйымдары мүлік және әкімшілік–аумақтық құрылымдары басқару жатады. Қазақстан Республикасында осындай мүліктер коммуналды меншік деп аталады.
Әр түрлі эканомикалық жүйе шеңберінде меншіктің басқа түрінің басым болуы, оның басқа түрінің мейлі бұрынғы, мейлі қазіргі түрінің болуын жоққа шығармайды. Меншіктің барлық түрінің араласуы мен өзара іс-әрекеті, экономикаға және барлық қоғамның дамуына оң әсер етеді.
Меншіктің экономикалық мазмұны тұтас шаруашылық процесін қамтиды да, тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастарына араласады.
Тарихи негізгі меншіктің түрлері жалпы және жеке. Бастапқыда жалпы меншік орын алып, ортақ еңбек ету, нәтижесін ортақ иеменуге мүмкіндік берген. Кейінннен жеке меншік пайда болды да, екіге бөлінді: еңбектік және еңбектік емес. Еңбектік жеке меншік иелері қолөнершілер, шаруалар, т.б. өз еңбегімен өмір сүретіндер (фермерлер, жеке еңбекпен қамтылғандар).
Жеке меншіктің екінші түріне бөгде адам еңбегі есебінен баю тән. Мүліктік теңсіздікке әкеліп қоғам поляризациясы туындауы мүмкін.
Үшінші бір иемдену түрі болады, ол аралас меншік; онда қатысушылардың ақшалай жарнасы немесе басқадай үлесі негізінде құрылған.
Мемлекеттік меншік дегеніміз, меншік объектісін басқаруды және пайдалану шешімдерін мемлекеттік билік органдары қабылдайтын қатынастар жүйесі. Мемлекеттік меншік - бұл меншік нысандарын мемлекеттік билік өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүйесін білдіреді. Мемлекеттік меншік бүкіл халық шаруашылық деңгейінде, аймақ, облыс, аудан, қала, ауыл деңгейінде бар.
Коллективтік меншік дегеніміз, өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелеріне иелік ететін коллектив болатын жағдай. Ұжымдық меншік - бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін ортақ иемденіп, пайдаланып және іске жарататын экономикалық қатынастар жүйесі. Қазақстан Республикасында қазіргі кезде ұжымдық меншік түрлеріне кооперативтік, акционерлік, қоғамдық ұйымдар және т.б. меншіктер формалары жатады.
Бақылау сұрақтары:
1.Меншіктің экономикалық және құқықтық қатынастарындағы айырмашылықтары неде?
2.Қандай меншік формалары бар.
3.ҚР-ғы меншік қатынастарын қайта құру қалай өтті?
3 тақырыпқа арналған тесттік тапсырмалар:
1.Меншiк – бұл:
A) Өндiрiс процесiндегi адамдар арасындағы қатынастар.
B) Өндiрiс құрал жабдығы мен еңбек нәтижелерi иелену жөнiндегi адамдар арасындағы қатынастар.
C) Материалдық және материалдық емес игiлiктердiң белгiлi бiр тұлғалараға қатысты екенiн бекiтетiн және олардың құқықтарын қозғайтын заң нормаларының жиынтығы.
D) Объектiнiң тағдырын анықтау мүмкiндiгiн заңмен қамтамасыз ету.
E) Экономикалық теорияның заң қызметi.
2. Егер өндiрiс жеке индивидумның мүддесiне жүзеге асса, онда – бұл:
A) Жеке меншiк және жеке иелену.
B) Ұжымдық меншiк және ұжымдық иелену.
C) Қоғамдық меншiк және қоғамдық иелену.
D) Жеке қоғамдық меншiк және жеке қоғамдық иелену.
E) Жеке мемлекеттiк меншiк және жеке мемлекеттiк иелену.
3. Игіліктерді тұтыну, өзгерту, шеттету және жою құқығы – бұл:
A) Басқару құқығы
B) Табысты алу құқығы
C) Иелік ету құқығы
D) Пайдалану құқығы
E) Егемендік құқығы
4. Мемлекетсiздендiру – бұл:
A) Материалдық игiлiктердiң белгiлi бiр тұлғаға қатысты екенiн бекітетiн заң нормаларының жиынтығы.
B) Шаруашылық басқару қызметi мен сәйкес өкiлдiктi тiкелей шаруашылық субъектiлерiне беру арқылы мемлекеттiк кәсiпорындарды қайта құру.
C) Заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік меншiк объектiсiн иелену.
D) Объектiнiң тағдырын анықтауды заңмен қамтамасыз ету.
E) Басқару қызметiн тек жеке тұлғаларға беру арқылы мемлекеттiк кәсiпорындарды қайта құру.
5. Муниципалды меншік дегеніміз не:
A) Жергілікті органдардың иелігіндегі меншік.
B) Ұжымдық меншік.
C) Халық меншігі.
D) Отбасының меншігі.
E) Қоғамның жеке мүшесінің меншігі.
6. Маркстік экономикалық теорияда негізгі меншік объектісі:
A) Кәсіпкерлік қабілет.
B) Адамның білімі.
C) Өндіріс құрал-жабдығы.
D) Ақпарат.
E) Жұмысшы күші.
7. Жекешелендірудің мақсаты – бұл:
A) Мемлекеттік меншікті құру.
B) Нарықтық экономиканы құру.
C) Біреулерді басқалар есебінен байыту.
D) Жаңа кәсіпорындар құру.
E) Мемлекеттік меншікті толық жою.
8.Мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заң жүзінде қамтамассыз етілуі:
А) иелену құқығы
В) билік ету құқығы
С) пайдалану құқығы
D) меншік құқығы
Е) мемлекет құқығы
8. Мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алуды, одан пайда табуды заң жүзінде қамтамассыз етілуі:
А) иелену құқығы
В) билік ету құқығы
С) пайдалану құқығы
D) меншік құқығы
Е) мемлекет құқығы
9. Меншiк құқығының субъектiлерi-бұл:
А) жеке тұлға
В) заңды тұлға
С) жеке тұлға, заңды тұлға, мемлекет
D) мемлекет
Е) ешқандай жауап дұрыс емес
10. Меншiк құқығының объектiлерi-бұл:
А) ақша
В) қозғалмайтын мүлiк
С) интеллектуалды меншiк
D) қозғалатын мүлiк
Е) барлығы
4 Қоғамдық шаруашылық формалары. Қоғамдық өндірісті тауарлы ұйымдастыру.
4.1 Қоғамдық шаруашылықтың негізгі формалары: натуралды және тауарлы.
4.2 Тауарлы шаруашылықтың пайда болу жағдайлары.
4.3 Тауар және оның қасиеттері.
4.4 Айырбас қатынастарының дамуы және ақшаның пайда болуы.
Мақсаты: тауарлы өндірістің маңыздылығын көрсету.
4.1 Қоғамдық шаруашылықтың негізгі формалары: натуралды және тауарлы.
Натуралды шаруашылық –адамдар өнімді тікелей өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасайтын шаруашылық нысаны. Бұл өндірістің тарихи алғашқы нысаны болып табылады.
Натуралды өндіріске келесі белгілер тән:
Натуралды шаруашылық - әлеуметтік-экономикалық қатынастардың тұйық жүйесі.
Натуралды шаруашылық үщін жеке қол еңбегі тән. Еңбек бөлінісі дамымаған. Әрбір адам барлық негізгі жұмыстарды өзі орындайды. Бұл шаруашылықта қарапайым техника қолданылады. Бұл жағдайда еңбек өнімділігі аз, өнім көлемі ұлғаймайды.
Натуралды шаруашылықта өндіріс пен тұтыныс арасында тікелей экономикалық байланыстар орнатылады. Бұл байланыстар келесі формула түрінде «өндіріс – бөліс - тұтыныс» дамиды, яғни жаңадан жасалған өнім өндіріске қатысушылар арасында бөлінеді және жеке және өндірістік тұтынуға жұмсалады. Бұндай тікелей байланыстар натуралды шаруашылықта тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Тауарлы өндіріс – пайдалы өнімдер нарықта сату үшін жасалатын шаруашылықты ұйымдастыру типі. Тауарлы шаруашылыққа келесі белгілер тән:
Бұл шаруашылық ұйымдастыру – экономикалық қатынастарының ашық жүйесі. Жұмысшылар пайдалы өнімді өз қажеттілігі үшін емес, сату үшін өндіреді.
Тауарлар өндірісі еңбек бөлінісіне негізделген. Еңбек бөлінісінің дамуы жұмысшылардың, кәсіпорынның жекеленген өнім түрлерін және күрделі бұйымдар шығаруға қаншалықты маманданғанына байланысты. Бұндай құбылыс техникалық прогресс деп аталады.
Тауарлы шаруашылықта өндіріс пен тұтыныс арасында жанама байланыстар орнатылады. Бұл байланыстар келесі формула түрінде «өндіріс – айырбас - тұтыныс» дамиды. Дайын өнім ең алдымен нарыққа басқа бұйымдарға айырбасталу үшін түседі және содан соң тұтыну сферасына түседі.
4.2 Тауарлы шаруашылықтың пайда болу жағдайлары.
Тауарлы өндірістің пайда болу шарттары:
- Жеке меншіктің пайда болуы;
Қоғамдық еңбек бөлінісісінің дамуы. Ірі қоғамдық еңбек бөлінісі: біріншісі (ауыл шаруашылығының геін шаруашылығы мен мал шаруашылығына бөлінуі ) және екінші (ауыл шаруашылығынан қолөнердің бөлінуі);
Адамдардың қандай-да бір өнім өндіруге мамандануы, шаруашылық оқшаулануы. Адам қандай-да бір қызмет түрін таңдайды. Бұл оның басқа тауарөндірушілерге тәуелділігін күшейтеді және әртүрлі өнімдермен айырбас жасау, нарық арқылы байланыс орнату қажеттілігін туғызады. Меншік формалары мен ұйымдастыру қатынастарына байланысты тауарлы өндіріс екі түрге бөлінеді: жай және дамыған тауарлы өндіріс.
Тауарлы өндіріс жағдайында еңбек өнімі тауар түрінде көрінеді.
4.3 Тауар және оның қасиеттері.
Тауар – бұл қандай-да бір адам қажеттілігін қанағаттандыратын және айырбас үшін жасалған еңбек өнімі. Кез-келген тауар екі қасиетге ие болады:
тұтыну құны;
айырбас құны немесе құны.
Тұтыну құны дегеніміз тауардың адамдардың қандай-да бір қажеттілігн қанағаттандыру қасиеті. Тұтыну құны берілген өнім өндірісіне жұмсалған еңбек көлеміне байланысты емес.
Айырбас құны – бұл тауардың белгілі бір пропорцияда басқа тауарларға айырбасталу қасиеті.
Еңбек құн теориясы
Еңбек құн теориясының (У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс) негізгі мазмұны келесі алғышарттарға негізделген:
1. Айырбасталатын әртекті тауарлардың ортақ ішкі қасиеті – құн. Сондықтан олар бір-біріне белгілі бір айырбас пропорциясына теңестіріледі.
2. Барлық тауарлардың құны тауарөндірушілердің қоғамдық еңбегімен жасалады. Құн – тауарға сіңген қоғамдық еңбек.
3. Құн жасайтын еңбек күрделілігі мен сапасы бойынша бөлінеді: жай және күрделі.
4. Еңбекті ішкі өлшемі – жұмыс уақыты.
5. Жеке жұмыс уақыты (жұмысшының, кәсіпорынның) мен қоғамдық қажетті жұмыс уақытын (нарықтық) бөліп көрсетеді. Тауар құны қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен анықталады.
6. Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты – бұл қалыпты өндіріс, жұмысшылардың орташа біліктілігі мен орташа еңбек интенсивтілігі жағдайында өнім өндіруге жұмсалатын уақыт.
Құн заңына сәйкес пайдалы өнімдердің нарықтық құны қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен анықталады. Құн заңы – тауарлы өндірістің негізгі заңы. Құн заңының атқаратын қызметтері төмендегі кестеде көрсетілген
Шекті пайдалылық теориясы. Бұл теорияның өкілдері (К. Менгер, Е.Бем-Баверк) тауар құны мен бағаны пайдалы өнімді тұтынушылардың экономикалық психологиясы тұрғысынан түсіндіреді. Бұл теорияның негізгі алғышарттары:
Пайдалылықты тауар қасеттерімен салыстыруға болмайды. Пайдалылық – бұл әрбір тұтынушының өзінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандырудағы игіліктің ролін субъективті бағалауы. Құндылық – бұл адамның тұтынатын заттың өзінің өмірі мен әл-ауқаты үшін маңыздылығын түсінуі.
Пайдалы игіліктер екіге бөлінеді:
шексіз көлемде болатын игіліктер;
шектеулі көлемде болатын игіліктер.
Адам өз қажеттілігін олардың маңыздылық деңгейінің кему тәртібі бойынша орналастырады
Жеке тұтыну процесінде пайдалылықтың кему заңы қызмет етеді.
Тауардың құндылығын шекті пайдалылық, яғни қандай-да бір өнімнің жаңа бірлігін қосымша тұтынудан алынатын субъективті пайдалылық анықтайды.
Еңбек құн теориясының өкілдері баға белгілеуде тауарөндірушілер (тауар ұсыныс) басты роль атқаратыны көрсетеді. Шекті пайдалылық теориясының өкілдері тұтынушы сұранысына үлкен мән береді.
4.4 Айырбас қатынастарының дамуы және ақшаның пайда болуы
Ақша – бұл жалпылама эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар. Ақшаның пайда болуымен Т1-Т2 формуласы бойынша жүзеге асатын жай тауар айырбасы Т1- А - Т2 айналысымен алмасады.
Ақшаның экономикалық ролі оның атқаратын қызметтері арқылы көрінеді.
Ең алдымен ақша құн өлшеуші қызметін атқарады – барлық тауарлар мен қызметтердің құнын көрсетеді. Тауар құнының ақшалай көрінісі баға деп аталады.
Айналыс құралы қызметінде ақша Т (тауар) – А (ақша) - Т (тауар) формуласы бойынша жүзеге асатын айналыста делдал ретінде көрінеді. Берілген жағдайда ақша сатып алушылар мен сатушылар қолында ұзақ сақталмайды және берілген қызметті өте жылдам атқара отырып, бір қолдан екінші қолға ауысады.
Егер сатушы өз тауары үшін ақша алса, бірақ оны бірден өзіне қажетті заттарды сатып алуға жұмсамаса, онда айналыс процесі үзіледі. Бұл жағдайда ақша қор жинау құралы қызметін атқарады.
Тауарды несиеге сату кезінде ақша төлем құралы қызметін атқарады. Бұл қызметінде ақша тауар айналысынан тыс сфераларда да, еңбекақы төлеген, әртүрлі қаржы міндеттемелері орындалған (заемдар, салықтар бойынша, жер мен ғимараттың арендалық төлемі және т.б.) жағдайда қолданылады.
Халықаралық саудада дүниежүзілік ақша қызметі жүзеге асады: олар барлық елдер шаруашылық байланыстарында жалпы эквивалент ролін атқара бастады. Дүниежүзілік ақша қызметін ұзақ уақыт бойы алтын атқарды. Алтын тиындардың орнына XX ғасырда ақша бірліктері шығады.
Алтын стандарттан бас тарту нәтижесінде алтынсыз жүзеге аспайтын ақшаның екі қызметі жойылады: қор жинау құралы, дүниежүзілік ақша.
Қазіргі таңда көбіне ақшаның үш қызметі орындалады: құн өлшеуші, айналыс құралы, төлем құралы.
Бақылау сұрақтары:
1.Қоғамдық шаруашылық негізгі формаларын, айырбас қатынастарының дамуы мен ақшаның пайда болу себептері.
2. «Тауар» экономикалық категориясының маңызын және берілген категорияға тән қасиеттері .
3.«Тауар», «тұтыну құны», «пайдалылық» ұғымдарының мазмұнын ашыңыз.
4 тақырыпқа арналған тесттік тапсырмалар:
1. Тауарлы өндiрiстiң пайда болуының негiзгi жағдайлары:
A) Еңбек интеллектуализациясы ролiнiң өсуi жiне банк пайызының өсуi.
B) Жекешелендiру және мемлекетсiздендiру.
C) Белгiлi бiр мақсатта өндiрiстi жүзеге асыру.
D) Еңбек өнiмiнiң тауар формасын жоғалтуы.
E) Қоғамдық еңбек бөлiнiсi мен тауарөндiрушiлердiң меншiк иесi ретiнде оқшаулануы.
2. Құн – бұл:
A) Тауарға сiңген максималды еңбек шығындары.
B) Тауарға сiңген минималды еңбек шығындары.
C) Тауарға сiңген статистикалық еңбек шығындары.
D) Тауарға сiңген қоғамдық қажеттi еңбек шығындары.
E) Тауарға сiңген қоғамдық пайдалы еңбек шығындары.
3. Нақты еңбекке келесi анықтама сәйкес келедi:
A) Сапалық бiрдей.
B) Тұтыну құнын жасайды.
C) Нақты формасынан айрылған еңбек.
D) Құн жасайды.
E) Құнды ауыстырады.
3. К.Маркстiң пiкiрiнше, бағаның обьективтi негiзiн не құрайды:
A) Құн.
B) Тұтыну құны.
C) Айналыс шығңындары.
D) Сұраныс пен ұсыныс.
E) Тауар құндылығы.
4. Ақша эволюциясында « Т – Т » қандай кезеңдi бiлдiредi:
A) Натуралды тауар айырбасын.
B) Бартерді.
C) Натуралды шаруашылықтан кейiнгi кезеңдi.
D) Ақшаның алдыңдағы кезеңдi.
E) Барлық жауап дұрыс және эволюцияның екiншi кезеңiне сәйкес келедi.
5. Қазақстанда жұмысшы күшiнiң нақты құны қалай анықталады:
A) Еңбек өнiмдiлiгiмен.
B) Еңбек рентабельдiгiмен.
C) Ең төменгi еңбекақымен.
D) Ең төменгi есеп көрсеткiшiмен.
E) Нақты еңбекақымен.
6. Натуралды шаруашылықты сипаттайтын белгіні көрсетіңіз:
A) Ақша қатынастарының пайда болуы.
B) Тауар қатынастарының дамуы.
C) Жеке тұтыну үшiн барлық қажеттi өнiмдердi өндiру.
D) Айналымға пластик карточкаларының енуi.
E) Бағалы металдардан монеталарды құю.
7. Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсімнің факторы ретінде – бұл:
A) Жаңа тауарлар мен қызметтерді жасау процесі.
B) Өндірісте жаңа білімдерді ашу және пайдалану процессі.
C) Жаңа кәсіпорындарды ашу процесі.
D) Капиталды жаңарту процесі.
E) Табиғи ресурстарды пайдалану процесі.
8.Құн заңының қызметі қалай байқалады:
A) Баға өскенде.
B) Дивиденд өскенде.
C) Баға құннан ауытқығанда.
D) Ақша көлемінің заңы қызмет еткенде.
E) Сұраныс өскенде.
9. Тауардың адамның қандай –да бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті қалай аталады:
A) Құн.
B) Баға.
C) Тұтыну құны.
D) Еңбек.
E) Тауар құнының шамасы.
10.Тауарлар мен қызметтерді құнын көрсету – бұл ақшаның:
А) құн өлшеуіш қызметі
В) айналыс құралы қызметі
С) төлем құралы қызметі
D) қор жинау қызметі
Е) дүние жүзілік ақшалар қызметі
5 Капитал теориясы
5.1 Негізгі капиталдың мәні, оның құрамы
5.2 Амортизациялық аударым жарнасы
5.3 Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі
Мақсаты: Мақсаты-капитал теориясыың мазмұнын ашу.
5.1 Негізгі капиталдың мәні, оның құрамы
Негізгі капитал бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы. Осыған орай негізгі капитал құндылығының бір бөлігі осы капиталды пайдалану арқылы өндірілетін өнімге көшеді. Қолданылып жүрген топтастыруға сәйкес негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. Біріншіге жататындар - өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстын, сауданың және басқа да материалдық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Өндірістік емес негізгі қорлар – тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мадениет, спорт салаларына қатысты объектілер.
Натуралды – заттық принциптерге сәйкес негізгі қорларды мыналардан тұрады – ғимараттар, құрылыстар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш машиналары мен жабдықтар, өндірістік – шаруашылық құрал – саймандар, өнім беретін мал, көпжылдық егістер, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері.
Өндіріс процесіне қатысу барысына қарай негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді. Актив бөлігі (машиналар, жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің мөлшері мен сапасына (қызмет) ықпал етеді де, пассивтік элементтер (ғимарат, құрылыс) өндірістік процестер үшін қажетті жағдайды қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндіріс барысында мынадай сатылардан өтеді: негізгі қорлардың тозуы, амортизация, негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы, оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.
Негізгі қорлардың кез келген объектілері табиғи және сапалық тозуға ұшырайды (материальный и моральный износ), яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте – бірте жояды, сөйтіп алдағы кезде өз қізметін атқаруға орындауға мүмкіндіктері болмай, жарамсыз болып қалады. Табиғи тозуды жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келтіруге болады. Сапалық тозуға ұшырау барысында негізгі қорлар өзіннің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді. Сондықтан, негізгі қорларды әсіресе, олардың активтік бөлігін дүркін–дүркін ауыстырып отыру қажеттілігі туады. Кәсіпорынның негізгі міндеті – ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіруіне жол бермеу (әсіресе, активтік бөлігі), себебі, олардың сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорынның жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады.
5.2 Амортизациялық аударым жарнасы
Негізгі қорлардың табиғи және сапалық тозуы амортизациялық аударым түрінде өнім өндіруге кеткен шығындарға қосылады. Басқаша сөзбен айтқанда амортизация дегеніміз – бұл негізгі өндірістік қор құнының шығарылатын өнімге бірте – бірте ауысуы. Ол ақшалай қаражаттың қорлану мақсатында негізгі қорлардың толық және ішінара қалпына келтіру үшін іске асырылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері кәсіпорынның экономикасына елеулі үлес қосады. Дегенмен, бір жағынан, амортизациялық аударымның тым жоғарғы деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеқаблеттілігі төмендеп, таза пайда мөлшері азаяды. Екінші жағынан, амортизациялық аударым мөлшері тым мардымсыз болса негізгі қорды сатып алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзарып олардың ескіруіне әкеп соғады да, мұның өзі таға да бәсекеге жарамдылықты төмендетеді.
Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында тұрған негізгі құрал – жабдықтардың баланстық құнына сәйкес кәсіпорын ай сайын жасап отырады. Өтелім мөлшері мемлекет белгілеген негізгі қорлардың құнын өтеудің жылдық процентті болып табылады және өтелім мөлшерінің жылдық сомасын анықтайды. Басқаша айтқанда, өтелім мөлшері– бұл жылдық амортизация аударымның негізгі өндірістік қорлардың құнына процент есебіндегі қатынасы.
Амортизациялық аударымның мөлшері төмендегі формуламен есептеледі:
МА= ((Қбқ - Қж)/( Қбқ • Мқ ))·100%,
мұндағы МА – негізгі қорлардың жыл ішіндегі амортизация мөлшері,(%),
Қбқ – негізгі қорлардың бастапқы (баланстық) құны, Қж – негізгі қорлардың жойылу құны,
Мқ – негізгі қорлардың қызмет мерзімі.
Негізгі қорлардың қызмет мерзімдерін мына төмендегі факторларға сай дұрыс анықтай білу қажет:
Негізгі қорлардың төзімділігі;
Сапалық тозу (бірінші және екінші түрлері);
Техникамен қайта жарақаттандырудағы келешекке арналған жоспар;
Жабдықтау балансы;
Жаңғырту және күрделі жөндеу мүмкіндігі.
5.3 Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі
Кәсіпорындарда негізгі қорларды тиімді пайдалануды сипаттайтын басты көрсеткіш мына формуламен есептеледі:
Ққ =V/Қ,
Мұндағы,
V- жыл ішінде өндірілген өнімнің заттай немесе ақшалай құны
Қ- негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны.
Бұл формула негізгі өндірістік қорды пайдалану деңгейін егжей – тегжейлі талдау үшін пайдаланылады. Ол өндірім мен еңбек қордың жарақатанғандығының арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Егер де еңбек қор жарақатанғанға қарағанда өндірімнің қарқыны өте жоғары өсетін болса, бұл өте оңды нұсқа болып есептеледі. Өйткені, осы жағдайда ғана өндірістің тиімділігі ең жоғары дәрежеге жетеді. Қор қайтарымның қарсы көрсеткіші - өнімнің қор сыйымдылығы (Қс). Бұл өнімнің өлшеміне шаққандағы негізгі қордың құнын сипаттайды (теңге).
Қс =Қ/ V
Мұнда,
V- жыл ішінде өндірілген өнімнің заттай немесе ақшалай құны
Қ – негізгі өндіріс қордың орташа жылдық құны, теңге.
Қор қайтарымы көрсеткішінің артуы және өнімнің қор сыйымдылығының төмендеуі негізгі қорларды пайдаланудың қаншалықты жақсарған жақсармағанын көрсетеді. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін олардың жүктеме деңгейлерін, әсіресе олардың активтік бөлігін артыру, қорларды жаңарту, үдемелі жабдықтарды, жаңа технологияны, өндірісті басқарудың жаңа тәсілдерін жиі пайдалану қажет.
Негізгі өндірістік қорлардың нәтижелілігін арттырудың аса маңызды факторларының бірі – жабдықтардың пайдалануын жақсарту. Ол үшін олардың жұмыссыз тұрып қалуын азайту, ауыстыру коэффициентін көбейту керек.
Бақылау сұрақтары:
1.Негізгі және айналмалы капитал құндарын, капитал айналымының жылдамдығының көрсеткіштерін, негізгі капиталдың қызмет ету мерзімін, амортизация нормасын және моралдық тозу шығындарын есептеңіз.
2.Капиталдың мәнін және оның негізгі түсініктерін білу.
3.Негізгі және айналмалы капиталдардың айырмашылығы неде?
4. Капиталдың физикалық және моралдық тозуының мәні, амортизация ұғымы қандай?
5 тақырыпқа арналған тесттік тапсырмалар:
1. Капиталдың капиталист пен жалдамалы жұмысшы арасындағы қоғамдық қатынас, өзiн-өзi өсiретiн құн ретiндегi анықтамасын берген кiм :
A) Д.Рикардо.
B) К.Маркс.
C) М.Фридмен.
D) О.Бем-Баверк
E) Дж.М.Кейнс.
2. Кәсiпкерлiк капитал қаржысының қалыптасуының сыртқы көзi:
A) Несие алу.
B) Активтерiн сату.
C) Амортизациялық қор.
D) Мемлекеттiк облигацияны шығару.
E) Активтердi сату және амортизациялық қор.
3. Негiзгi капитал ұғымына ненi жатқызуға болады:
A) Дайын өнiм.
B) Станоктар, машиналар, құралдар.
C) Еңбекақы.
D) Құндылығы аз, тез тозатын құралдар.
E) Шикiзат пен материалдар.
4. Негiзгi капитал элементтерiнiң тұтыну құнын жоғалтуы – бұл:
A) Материалдық тозу.
B) Моральдық тозу.
C) I моральдық тозу.
D) II моральдық тозу.
E) Негiзгi капиталдың ары қарай пайдалануға жарамсыздығы.
5. Жаңадан жасалған құн – бұл:
A) c+v.
B) v+m.
C) c+v+m.
D) M+m.
E) c+m.
6. Өндіріс құрал – жабдығына айналатын және өндіріс процесінде өз құнын өзгерпейтін капитал бөлігі:
A) Өзгермелі капитал.
B) Қосымша құн.
C) Тұрақты капитал.
D) Қорлану.
E) Жаңадан жасалған құн.
7. Капиталдың пайда болуының тарихи алғышарттары:
A) Тауар өндірісі және дамыған тауар айналысы.
B) Жай тауарлы өндірістің дамуы.
C) Бағаның өсуі және жерден айыру.
D) Қосымша құнның пайда болуы.
E) Ақшаның пайда болуы және оның тапшылығы.
8.Айнымалы капитал - бұл:
A) Тұтыну заттары;
B) Жұмыс күші;
C) Еңбек заттары мен еңбек күші;
D) Бір емес бірнеше айналымда өзінің құнын ауыстыратын құралдардың бір түрі;
E) Өндіріс құрал – жабдықтары.
8.Капиталдың алғашқы анықтамасын кім берді:
A) К. Маркс;
B) В. Ленин;
C) В. Леонтьев;
D) О. Курно;
E) Дж. Кейнс.
9.Төменде келтірілген мысалдар арасында негізгі капитал құрамына кіретін элементті атаңыз:
A) бағалы қағаздар;
B) дайын өнім;
C) шикі заттар мен материалдар;
D) жал ақы;
E) жер мен ғимараттар.
10.Капиталдың айналым жылдамдығы – бұл:
A) Өндіріс уақыты
B) Бір жыл ішінде қорларды жасайтын айналымдар саны
C) Жұмыс күшінің бір өндіріс кезеңіндегі ауысуы
D) Айналым уақыты
E) Өнімнен түскен қаржыны кәсіпорынға қайтару мерзімі
Достарыңызбен бөлісу: |