2.6-тақырып. Салықтық ЭАЖ
АЖ қызметтері және басты ерекшеліктері
Қазіргі уақытта дамыған елдердің салық саясаты экономикаларды жаһандандыру және салықтық бәсекені күшейту жағдайларында капиталдан алынатын кіріске салық салуды төмендету үрдісімен және салық салу ауыртпалығын ұтқырлығы неғұрлым аз объектілерге: тұтыну мен материалдық меншікке ауыстырумен сипатталады.
Осыған байланысты салық саясатын одан әрі дамыту оның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, оның жаһандық процестердің қыр көрсетулеріне тиімділігіне бағытталуға тиіс.
Алдағы кезеңде шаруашылық жүргізуші объектілердің іскерлік белсенділігінің өсуін ынталандыруға, экономикаға салықтық жүктемені оңтайландыруға, салықтық рәсімдерді оңайлатуға және арттыруға бағытталған салық саясатында жаңа, қазіргі заманғы ұстанымды бастау жоспарланып отыр.
ҚР салықты жоспарлау бюджетпен және бюджетті жоспарлау жүйесінен тұрады, салық саясатының құрылымы микро және макро деңгейден тұрады.
Салықты жоспарлаудың мақсаты мен мемлекетке және шаруашылық субъектіге салық сомасының экономикалық дәлдігі күнделікті кезең мерзіміне анықталады. ҚР бюджеттік жүйесі қазіргі кезге сай іс-әрекет етеді. Жеке меншікті үрдістің мақсатын жүзеге асыру мемлекеттік масштабта мыналарды жатқызуға болады: бюджетке әр түрлі деңгейден түскен максималды салықтан табыстылығы, жалпы бәсекелесті құрылымының көлемін бақылау, салық төлеушіні мүлтіксіз жүйесі, салық салу механизмін өзгерту.
Әр ұйым алдында белгілі бір тапсырма тұрады, салықтың көлемін анықтау, тиімді құрылымын және салық заңдылығында белгіленген салық төлемінің құрылымы.
Субъект деңгейінен шыққан және олардың басқару функциясы, салық жоспарлауының жүзеге асыру, салықты жоспарлауын болжау мына екі бағытпен көрсетуге болады:
1) Мемлекеттік – мемлекеттік бюджетке жоспар бойынша салық табысы кіреді;
2) Шаруашылық субъектілерге арналған салық жоспарлауы.
ҚР бюджеттік жүйе әр түрлі деңгей бойынша салық жоспарлауынан ең маңызды бұл салық жүйесінің табыстылығы және бюджеттік құрылымы.
Бюджетке әр түрлі деңгей бойынша салық жоспарлауының маңызды элементтері салыстырмалы түрде әр түрлі салық табысының жүйесі, салық құрылымы және олардың тәртіп есептілігі және шегерілуі, толық бақылау ұйымы және қазіргі заманда салық төлеушіге салықты есептеп беру, бюджетке сай және жалпылама салық саясат, мемлекеттік салық аясына бағыттайды.
Шаруашылық субъектіге салық жоспарлауын екі түрге бөлуге болады:
1) Салық жоспарлаудың макро деңгейі;
2) Салық жоспарлаудың шаруашылық субъектіге және кәсіпорын деңгейін;
Салық төлеушінің міндетті қағидасы. Салық төлеуші - салық міндеттілігін салық заңдылығына сәйкес толық көлемде және белгіленген уақытта өтеуі міндетті.
Салық төлеушіні анықтамалық қағидасы. – ҚР бюджетіне салық және басқа да міндетті төлем анықталуы тиіс.
Салық жүйесінің бірегей қағидасы. ҚР салық төлеушігі салық жүйесі барлық аймаққа бірдей.
Салық заңдылығының жариялық қағидасы. Нормативті құқықтың актілер, салық төлеуші сұрақтарын бақылау.
Салық жоспарлау әдісіне мыналарды жатқызуға болады:
кәсіпорынның салық саясатының құрылымы;
шаруашылық қызметтің құқықтық налимі;
шаруашылық қатынаста айырбас әдісі;
қатынасты айыру әдісі;
салық төлемінің кешіріктілуі;
өзінің жоспарлау перспективасына салық жоспарлау оперативті, қысқа мерзімді, орташа мерзімді, ұзақ мерзімді бөліп бөлінеді.
Оперативті салық жоспарлауын ҚР Қаржы министірлігі салық түскенде нақты бағалау жүргізеді жақын уақытта қаржылық негізгі элементті экономикалық дамуына бағытталғанын анықтау, әлеуметтік аясын, мемлекеттік бағдарламаларды, қысқа мерзімді салық жоспарлауы бұл республикалық және жергілікті бюджеттен тұратын проект белгілі бір жылға белгіленеді.
Осы қысқа мерзімді көрсеткіш мемлекеттің әлеуметтік экономикалық болжамы алдағы жылға. ҚР Қаржы министрлігі бақыланатын экономикалық бюджеттік және де ағымдағы жылға салықтан түскен табыс анализі.
Оперативтік және қысқа мерзімді жоспарлау – ағымдығы жоспарлау процесі болып табылады.
Салық ұйымының ЭАЖ ресурстарына шолу
ЭАЖ құрылымы – салық, салық органдарының өзінің құрылымы сияқты көп деңгейлі болып табылады. Барлық жүйе және оның әрбір элементінде кең таралған ішкі және сыртқы байланыстары бар. Жүйенің жақсы топтастырылуы үшін жеке элементтерін басқару сияқты жүйені толығымен басқару жүзеге асырылады. Салық жүйесінде басқару процесі ақпараттық процесс болып табылады.
Басқа экономикалық жүйелер сияқты –салықта стандартты құрамы бар және топтастырушылық пен қамтамасыздандыру бөлігінен тұрады.
Топтастырушылық бөлігі ЭАЖ бағытындағы пән аумағын көрсетеді. Топтастырушылық бөлікте салық органдарымен орындалатын функцияларына байланысты ЭАЖ әрбір деңгейі үшін құрамы – салық болып табылады. Топтастырушылық ішкі жүйелер басқару функциясы қамтамасыздандыруы қажет нақты мақсатқа жетуімен белгілі бір экономикалық мазмұнымен мінезделетін есептер кешенінен құралады. Ір бір кешеннің құрамына жеке есептер кіреді. Есеп беп шығыс мәліметтері негізінде алынатын шығатын құжаттарының өзара байланысы мінезділеді.
Қамтамасыздандыру бөлігі ұйымдастырушылық типінің әртүрлі ақпараттық жүйесі үшін мінезді болып табылатын ақпараттық, техникалық, бағдарламалық және қамтамасыздандырудың басқа да түрлерін қосады.
ЭАЖ облыстың салық комитетінің салығына ақпаратты өндеудің уақыт аралық технологиясы және жаңа техникалық құралдарына салық қызметі ұстанады.
Базалық бағдарламалық қамтамасыздандыру ретінде Microsoft фирмасының бұйымдары алынды, олар басқа өндірушілердің бағдарламаларымен оңай қолданылды және ақпараттың өсу көлемі мөлшері бойынша кеңейеді және өседі. Жергілікті желілердің серверінде операциондық желілік орта болып MS Windows NT табылады, жұмыс станцияларында операциондық жүйе – Windows for Workgroups. Бұл MS Word, MS Excel және MS Office-тің басқа да компоненттерін қолдана отырып іс қағазын жүргізу тапсырмаларын максималды тез жіберуге мүмкіндік береді.
Жергілікті есептеуіш желі әрбір салық қызметімен қолданушылық желілердің ұйымдарында құрылады. Жергілікті желілер корпоративтік желіге телефон каналдары бойынша шыға алады.
Біріктірілген салықтағы АЖ (ИНИС)
ҚР ИНИС – салық түсімдері жиының жоғарылату мақсатында өңделген ҚР салық органы, ҚР салық төлеушілері органдарының ақпараттарының біріктірілуі.
«Салықты төлеушілердің тіркелуі мен есебі» ішкі жүйесі бюджетке төлемдер мен салықты төлеушілердің толық есебі мен уыттылығымен байланысты. Салық төлеуші өзіне жеке тіркелу нөмірін алады. Бірақ, бұнын барысында барлық қажетті тіркелу құжаттарын беруі керек:
- тіркеуге өтініші
- кәсіпорын жарғысының көшірмесі;
- кәсіпорын құру немесе мекеменің келісім-шарты туралы шешімнің көшірмесі;
- есепке қою туралы статбасқарманың анықтамасы;
- тіркеу туралы куәлік;
- жалға алу туралы келісім шарт немесе кепіл хат.
Осылайша, салық төлеушіге «электронды папка» қалыптасады. Бұл ақпарат келешекте салық комитетінің барлық бөлімдерімен қолданылады, сонымен қатар салық төлеуші бойынша әртүрлі мәліметтермен толықтырылады.
«Құжаттық тексеріс» ішкі жүйесі салық органдарының қызметтің бақылаушылық түріне жатады. Онда келесі есептер шешіледі:
- салық төлеушілердің заңнамалық және басқа бөлінгіштік құжаттарының орындалуы мен өңделуінің дұрыстығын бақылау;
- осы заңнаманы бұзғандығы туралы шығуы;
- бұзушылық факторы және т.б. бойынша санкцияның анықталуы.
«Кәсіпорынды тіркеу» ішкі жүйесі басқарылатын кәсіпорындар мен кәсіпорынның өкілдері бойынша ақпаратты енгізу, берілген реквизиттер бойынша топтастырылған кесте түріндегі кәсіпорындар бойынша ақпаратты алу үшін жасалған.
«Кәсіпорынның тұлғалық карточкасын енгізу» ішкі жүйесі салық төлеушілердің бөлігіндегі және салық түрлеріндегі салықтың түскені туралы мәліметтерді алумен байланысты. Ол келесі функцияларды қамтамасыз ету қажет:
- төлем құжаттарын тіркеу;
- ақпаратты енгізу күнінен тәуелсіз бюджетке төлеу мерзімі тәртібінде тұлғалық карточкаларды енгізуді, бюджетке кәсіпорынның енгізген соммасына шығару, пеняны есептеуі, сальдоны шығаруды автоматты түрде жүргізу;
- кәсіпорындар бойынша артық төлегені және жетіспеушілігі туралы анықтама алу;
- уақыт бойынша аванстық төлемдерді бөліп төлеуді жүргізу;
- инкассалық тапсырыстарды және т.б. басу.
«Кәсіпорын жағдайын талдау» ішкі жүйесі мәліметтерді комералды тексеру негізінде кәсіпорын қызметінің қорытындысының талдауын жүзгізу мақсатын ұстанады және құжаттық тексеріс үшін кәсіпорын тан дау мүмкіндігін береді. Талдау нәтижесінде кәсіпорын тізімі анықталады, яғни бюджетке басқа төлемдер және төлеуге және салық туралы мәліметтер алу үшін қажет негізгі құжаттарды беру мерзімі мен тәртібі туралы қателіктері бар.
«Заңды тұлғалардың құжаттарын өндеу» ішкі жүйесі заңды тұлғалар бойынша әртүрлі анықтамаларды енгізу мүмкіндігі және осы анықтамаларды қолдану мүмкіндігін негізгі мәліметтер базасында ақпаратты автоматты түрде енгізуді қарастырады. Ішкі жүйеде салық соммасы есептеледі, тұлғаның шоты ашылады, есептелген салық соммасы туралы түбіртек басылады, әртүрлі бухгалтерлік есептер құрылады.
«Нормативті – құқықтық құжаттаманы енгізу» ішкі жүйесі заң актілерімен, қаулылармен, бұйрықтармен және ҚР Үкіметімен, республиканың салық комитеті және басқа ведомстволармен берілетін басқада құжаттармен жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Осы ішкі жүйенің ақпараты негізінде барлық салық органдарының жұмысы құрылады, ал сәйкесінше басқа қалған ішкі жүйелерді топтастыру құрылады.
2.7-тақырып. Бухгалтерлік ақпараттық жүйелер (БУАЖ)
Бухгалтерлік ақпараттық жүйелер – бұл экономикалық объектіні басқару үшін ақпарат теру, сақтау, жаңарту, талдау және ақпарат беру болып табылады.
Қазіргі уақытта ақпарттық жүйе көп көлемде немесе түрлі арнада қолданылады. Олардың бір-бірімен келесі факторлармен айырмашылығы бар: өзгеше басқару объектісі, бухгалтерлік ақпараттық жүйе жинақталған тәжірибе бойынша тудыру және функциялау, басқару және басқарушылық жүйе құрылымы, қолданылатын жинақтау құралдары, мәліметтерді беру және өңдеу, бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді басқару объектісінің басшылық позициясы және т.б.
Олардың ортақ, әрі өзгеше белгілері бар екенін бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді жобалау кезінде ескерген жөн. Ортақ құрылу принциптеріне бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді функциялауына келесілер жатады: бірінші тұлғаның қағидасы, жүйелік тәсіл, сенімділік, үздіксіз даму, үнемділік және үйлесімділік.
Басқарудың әртүрлі деңгейлердегі жауапкершілік тәртібін және қорытынды қою құқығын бірінші тұлғаның қағидасы анықтайды.
Бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді жобалау барысында объекті талдауын түгел басқарумен оны басқару жүйесін және объект функциялаудың критерийлері мен жалпы тізбектің автоматизация жағдайында анықтау. Берілген қағида мәліметтерді жүйеге бірретті енгізуді және оның көпретті қолдануын, мәліметтер базасының бірлігі, кешенді бағдарламалық қамтамасыз етуді көрсетеді.
Сенімділік қағидасы бухгалтерлік ақпараттық жүйелер жұмысының сенімділігін әртүрлі амалдар көмегімен қамтамасыз етеді, мысалы: жүйе құрылымын дубляждау немесе олардың шығындылығы.
Жүйенің үздіксіз даму қағидасы ұйымдастырушылық өзгерістерсіз оның кеңеюін талап етеді.
Үнемдеу қағидасы жаңа бухгалтерлік ақпараттық жүйелердің пайдасы оның шығындарынан аспауын қамтамасыз етеді.
Жобаланған бухгалтерлік ақпараттық жүйелер кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын есепке алады, және қызықтары мен бухгалтерлік есепте жұмысқа дайындығын шартты түрде дайындайтын квалификацияланған адамдар жұмысын сәйкестік қағидасы жүзеге асырады.
Бухгалтерлік ақпараттық жүйелерге спецификалық ерекшеліктер тән. Осылай, біріншілік ақпарат негізінде бухгалтерлік ақпараттық жүйелерде есептің әртүрлі түрлерінің (жеделдік, бухгалрелік және статистикалық) интеграциясын жүзеге асырады. Бірақ, осы түрлердің бірігуі жүзеге аспайды, өйткені олардың әрқайсысы өзіндік функцияларды жүзеге асырады және өз өз есептерін шығарады.
Кері байланыс қағидасы басқарушылық жүйесінің негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Бірақ бухгалтерлік есептің есептерін шығарып кері байланысты жүзеге асыруға болады. Ақпараттық жүйе (АЖ) – кері байланыс үшін жалғыз ақпарат көзі болып табылады.
Шешім қабылдау үшін кәсіпорын басқарушылары осы ақпаратты қолданады.
Есептің барлық бөліктеріндегі есептік ақпаратты автоматты түрде өңдеу мүмкіндігі бухгалтерлік ақпараттық жүйелерге тән үрдіс жинаудан және ақпаратты тіркеуден басталады.
Бухгалтерлік ақпараттық жүйе екі бөліктен тұрады: функционалдық және қамтамасыз етуші. Бухгалтерлік ақпараттық жүйелердің функционалдық бөлігі – жүйелер, кешендер есептері немесе мазмұнды бөлігін құрайтын пәндік аймақтық жиынтық. Бұл бухгалтерлік есептің нақты есептері.
Қамтамасыз етуші бөлігі – бұл автоматты режимдегі жүйені функционалдау үшін қажетті шарттар жиынтығы.
Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету – бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді функционалдау және жобалау бойынша құралдар мен әдістер, іс-шаралар кешені. Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді құрумен және қолдануымен байланысты үлкен оқыс жағдайлар шеңберін құрайды; элементтер құрамын, олардың байланысын, өзара әсерін, ұйымдастырылған құрылымын анықтайды; жүйенің қызметін реттейтін құқықтық актілерінен тұрады.
Бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді жобалау – жүйе элементтер жұмысының кіруін анықтау, жоба құжаттамасын және жобалық шешімдерді өндіру, ақпараттың үрдістерін зерттеу құрамына кіретін күрделі үрдіс болып табылады.
Бухгалтерлік ақпарат – кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық жұмысы жайлы мәліметтер жиынтығы болып табылады. Бухгалтерлік ақпарат қорытындыны талдауға ғана емес, әртүрлі шешімдер қабылдағанда кәсіпорын қызметінің қорытындыларын болжауда қолданылады. Кәсіпорын басшылары, яғни ішкі тұтынушылардан басқа бухгалтерлік ақпараттың сыртқы тұтынушылары болады. Оларға акционерлер, кредиторлар-инвесторлар, клиенттер, аудиторлар және салықтық ұйымдардың инспекторлары жатады.
Бухгалтерлік ақпараттың классификациясы.
Бухгелтерлік ақпарат әр түрлі классификацияларына қарамастан келесі түрлерге бөліне алады:
- ол ақпараттық жүйе қатынасына байланысты кіретін (ішкі, сыртқы), шығатын (ішкі, сыртқы) болып бөлінеді;
- өңдеу үрдісіне байланысты өңделмейтін және өңделетін (аралық, қорытынды);
- қалыптасу және өңделу сатыларына байланысты біріншілік және екіншілік;
- объективтілік дәрежесіне байланысты сенімділік және сенімділік емес;
- қаныққан дәрежесіне байланысты жеткілікті және жеткілікті емес;
- мәнділігіне байланысты пайдалы және пайдалы емес;
- тұрақтылық дәрежесіне байланысты ауыспалы және тұрақты (абсолютті тұрақты, шартты тұрақты);
- қалыптасу көзінің әсер етуіне байланысты активті және пассивті;
- идентификация қалыпына байланысты сандық, алфавитті және символдық;
- егер бухгалтерлік ақпарат сенімді және мәнді болса ғана ол пайдалы болады;
- қандай да бір нақты тұлғаның қызығушылығын тудырмайтын және жеңіл тексерілетін кәсіпорындағы шаруашылық процестердің толықтығын сенімділік көрсетеді;
- бухгалтерлік ақпараттың мәнділігі кері байланысқа сүйенетін қажеттілігі мен уақыттылығынан тұрады.
Бухгалтерлік ақпаратқа қабылдаудың біртектілігімен байланысты талаптар, төмендегідей:
Құжат – мәнділігі бойынша әртүрлі, бірақ құрылымы бойынша бірдей көрсеткіштерден тұратын ақпараттар жиынтығы. Хабарлама – белгілер-реквизиттерден ғана тұратын ақпараттар жиынтығы.
Файл (массив) – мәнділігі әртүрлі анық құрылымды хабарламалар немесе реквизиттердің бірнеше көрсеткіштерін қосатын ақпараттар жиынтығы.
Ақпараттық ағын – бухгалтерлік есептің қандайда нақты бөлігіне байланысты массивтер жиынтығы.
Ақпаратық жүйе – тікелей және кері байланыстары бар ақпараттық ағындардан тұратын ақпараттың ең биік бірлік дәрежесі болып табылады.
Кодтау және классификация жүйесі.
Классификация - әртүрлі белгілер бойынша көпшілікке берілген объектілердің ойдағыдай бөлінуі. Объектілер классификациялары бойынша топтық белгілер: класс, классасты, топ, топасты, түрасты, тип болып аталады.
Классификатор – кодталған объектілер атауларының жүйеленген бірлігі, олардың классификацияланған топтар мен кодтық байланыстары болып табылады.
Классификация жүйесі – бұл объектілердің жиынның жиынастыға бөлінуінің ережелер жиынтығы. Практикада көбінесе классификацияның екі жүйесін: иерархиялық және фасеттік қолданады.
Классификацияның иерархиялық жүйесі болып классификациялық топтар арасындағы иерархиялық қатынас орнайтын классификация табылады. Иерархиялық жүйенің классификациясында әрбір топтың бөлінуі бір негізге байланысты өндіріледі. Әрбір деңгейде алынатын топтардың классификациялары жоғарғы тұрғанға бағынышты және қайталанбайды.
Классификацияның фасеттік жүйесі көпаспектілі жүйе классификациясына жатады.классификацияның фасет-аспектісі классификациялық тәуелсіз топтарын құрылуы барысында қолданылады.классификациялық фасеттік жүйесіндегі топтар тән фасеттерден алынған белгілер комбинациялар арқылы құрылады. Классификацияның фасеттік жүйесін құрғанда фасеттердің біріккен шығаруды және тек қана мәнді белгілерді сорттауды талап етеді.
Кодтау – объектіге кодтық белгінің қойылу процесі. Қайта кодтау – ертерек кодталғанобъектіге жаңа кодтық белгінің қойылуы.
Декодтау – кодтауға кері процесс.
Келесідегідей кодтау жүйесі қолданылады: реттік, сериялық, ұстанымды, шахматтық, қайталану кодтау жүйесі, біріккен.
Кодтау жүйесі – бұл объектілерге кодтарды беруіне байланысты ережелер жиынтығы.
Кодтарға қойылатын талаптар келесідегідей болады:
- мәнділігі бойынша минималды;
- объект туралы қажетті ақпараттан тұратын құрылуына байланысты логикалық;
- бір белгіні белгілейтін болса, бірмәнділік;
- жалпы қабылданған сандық белгілерге үйренген;
- қабылдауға және есте сақтауға қолайлы.
Натуралды сандар бағанына нөмірлер белгілері кемуі немесе өсуі бойынша барлық белгілер кодталғанда кодтаудың реттік жүйесі ең көп жағдайда қарапайым болып табылады.
Артықшылықтары: құрылудың қарапайымдылығы, аз мәнділігі, жазудың тығыздылығы.
Кемшіліктері: белгілеріне байланысты объектілер топтарын қарастырмайды (бір белгіні ғана кодтауға болады), берілген номенклатураның жаңа объектілерінің пайда болуына байланысты келісілген классификацияның бұзылуы болады. Бұл реттік кодтау жүйесінің қолданылуын шектейді.Сериялық кодтау жүйесі (реттік жүйенің модификациясы) қарапайым баламалы номенклатураны кодтау үшін арналған және қандайда бір белгі бойынша жеке топқа белгіленген объектілерге нөмірлер сериясын меншіктеуді болжайды.
Артықтшылықтары: сериялық жүйе разрядтар саны бойынша үнемді, сонымен қатар құрамында қажетті қор бар. Бұл номенклатураны кеңейтумен классификацияның бұзылуынан қашуға мүмкіндік береді.
Кемшіліктері: тек бір белгі бойынша кодтауға болады. Мысалы, негізгі жұмыскерлердің мамандықтарына мамандықтар кодтау кезінде 01-30 дейін нөмірлер сериясы меншіктеледі, көмекші 31-40 дейін, қызмет ету 41-70 дейін және т.б.
Ұстанымды (разрядтық, ондық) кодтау жүйесі қиын, көп белгілі номенклатураларды кодтау үшін қолданылады. Әр классификациялық белгіге белгіленген разряд саны беріледі, олар сәйкестендірілген топтамадағы объектілер санына байланысты: мұндай кодтау жүйесі иерархиялық классификацияға сәйкес келеді, яғни белгілері бойынша классификациялық топтамалар белгіленген одан да үлкен белгілері бойынша топтамалардың кодына байланысты кодталады.
Артықшылығы: ұстанымды жүйе кодтардың бірқалыптылығын, әр классификациялық белгінің нақты белгіленуін, БУИ машиналқы қалпына келтіру үшін қолайлығын қамтамасыз етеді, бір белгіден артық кодтауға болады.
Кемшіліктері: бұл жүйе кодтың разрядын үлкейтуді талап етеді, ұстанымды кодтар құрылымының қиындығымен және олардың құрылымдық өзгеруінің икемділігінің жоқ болуымен мінезделеді.
Шахматтық кодтау жүйесі екібелгілі номенклатураларды кодтауда қолданылады. Мысалы, ақау себептері мен кінәліларын, жабдықтарды құруда. Артықшылығы: қолайлы, құрудағы қарапайымдылығы. Кемшілігі: кодтау белгілерінің санының шектелуі
Қайталану кодтау жүйесі әріптік немесе сандық белгілеуді қолданады, (мысалы номиналдардың сандық мәнін, салмағын, объектінің өлшемін) немесе олармен байланысты кейбір мәліметтерді, мысалы орналасқан жері, мекен-жайы сияқты.
Біріккен кодтау жүйесі жоғарыда келтірілген кодтау жүйелерінің қосылыстарын көрсетеді.
Артықшылығы: бірқалыпты, логикалы. Біріккен жүйе бойынша құрылған кодтардың неғұрлым рационалды құрылымы бар, икемді, иерархиялықпен қатар фасеттік классификация қағидасы бойынша құрылған көпаспектілі номенклатураларда да қолданыла алады.
Бухгалтерлік есепті автоматтандырудың мәні және маңызы
Кез келген кәсіпорында бухгалтерлік есепті автоматтандыру онда бухгалтерлік ақпараттар жүйесін жасау деген сөз. Қазіргі уақытта сондай ақпарат жүйелерін құру кәсіпорынның өз күшімен программалық кешендер жасау емес, автоматтандыру мәселелерін тиімді шешетін, дайын программалық өнімдерді сатып алуды білдіреді.
Алайда осы тәрізді программалар кәсіпорынның барлық ерекшеліктерін (кызмет аясын, ұйымының көлемін, автоматтандыруға қойылатын талаптарды) қанағаттандыра алмайды, сондықтан олар параметрлік икемге келтіру үшін үлкен резервпен жасалады және протрамманың негізгі сипаттамаларын кеңінен түрлендіруге мүмкіндік береді. Осыған байланысты программалық кешенді нақты жұмыс жағдайына бейімдеу қажеттілігі туады.
Бухгалтерлік ақпарат жүйелері құрылымы икемді және ашық жүйелі болу керек. Бұл бухгалтерлік есеп саласында болған өзгерістерге байланысты кез келген уақытта үлгіге өзгеріс енгізуге болады деген сөз. Бұл талаптар автоматтандырылатын объектілердің қатаң параметрленуі және модульдік принциптер бойынша іске асырылады.
Программалық өнімді программалаусыз қамтамасыз етуге тиісті икемділік, параметрлеуге негізделген. Икемді күйге елтірудің біреселігі (ендіру сәтіне), жүйені пайдаланушылардың санын, физикалық құрылғылардың ерекшеліктер мен құрылымын қызмет көрсетуді іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерін сонымен қатар бухгалтерлік технологияларының өзгерісін тұжырымдайды. Бухгалтерлік технологияларының өзгеруіне байланысты (шоттар жоспары және баланысты құру алгоритімінің өзгеруі) икемді күйге келтіру ағымдағы болуы мүмкін, мұндай жағдайда икемдеуді бухгалтердің өзі атқарады.
Икемді күйге келтіру спекторына байланысты кәсіпорындағы программалық өнімнің бейімделуі және енгіз 1-2 айдан 3 жылға дейін, ал бейімдеу жұмысы мезретті (меню) икемдеу күйге келтіру, есеп беру нысанын жасаудан бастап мүлдем жаңа программалық модуль жасауға дейің өзгереді. Қазіргі кезде әр түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп жүргізу, деректерді компьютерлік өңдеусіз тиімділігі шамалы, сондықтан жаңа ақпараттық технологиялар негізінде бухгалтерлік ақпарат жүйелерін (БАЖ) құрудың және оның жұмысының үлкен мәні бар.
Бухгалтерлік ақпарат жүйесін таңдау мынандай әр түрлі факторлардан: меншік нысандарынан (ЖШС, АҚ және тағы басқаларынан); кәсіпорын көлемінен; қызмет түрлерінің санынан; есептік және қаржылық операцияларының ерекшеліктері мен көлемдерінен; қолданылатын есептеу техникасы мен әр түрлі телекоммуникациялар құралдарынан; оның қолданылуының ұйымдастырылған нысандарынан (АЖО, ЖЕЖ, ГЕЖ) және басқаларынан тәуелді.
Есептік деректерді өвдеудің ең тиімді нысаны ретінде икемді әрі сенімді бухгалтерлік жүйелер құруға және жүйенің ақпараттық қорына желінің кез келген абонентінің қол жеткізуін қамтамасыз ететін автоматтандырылған жұмыс орындарын (АЖО) құруды айтуға болады.
Автоматгандырылған бухгалтерлік есеп жүргізуге бағьпталған ақпараттық жүйелерді шартгы түрде үш топқа бөлуге болады:
- мини-жүйелер;
- шағын және орта кәсіпорындар үшін әмбебап жүйелер;
- ірі кәсіпорындарға бағытталған кешендік жүйелер.
Мини-жүйелер айналымы үлкен емес және жүйенін жұмыс істеу мүмкіндігіне қойылатын талаптары жоғары емес кәсіпорындарға арналған, оларға есеп теңге түрінде жүргізіледі. Бұл жүйелерге Бас Бухгалтер, 1С Бухгалтерия жатады.
Әмбебап жүйелер терең талданыммен сипатталады. Оларда құндық есеп функциясы жүзеге асырылған және олар бухгалтерлік есептің барлық бөлігінде жүргізіледі. Мұндай жүйелерге ЛУКА, ТВС БУХГАЛТЕРИЯ, ПАРУС және тағы басқалары жатады.
Ірі кәсіпорыңдарға бағытталған ірі кешендер мен жүйелер, жергілікті есептеу желісі мен есептің белгілі бір бөлігінде бағытталған: негізгі құралдар; банктік операциялар; касса; жалақы; материалдар; қойма және тағы басқа осы сияқты АЖО-ның жиынтығын береді.
Мұндай жүйелердің сипаттық белгілері деректерді басқару және өндеу құралы, сонымен қатар енгізу және шығару нысандарының қуатты көзі болып табылады. Ондай жүйелерге ЛУКА-ІІРО, Интегратор, БОСС 1.0, RS - баланс. СУПЕР-МЕНЕДЖЕР және тағы басқалары жатады.
Ақпараттық жүйе есебін таңдағанда оның тиімділігін, сенімділігін, бейімділігін, құндық көрсеткіштерін және тағы басқаларын ескеру қажет.
3 Тәжірибелік сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
1-тәжірибелік жұмыс. Ақпараттық базаны ұйымдастыру және құрастыру
1-тапсырма. Пəтерлерді сату жайлы хабарландыру дайындаңыз. Берілген 3.1-суреттегі кестеден бір ұяшыққа жинақтау арқылы нəтижелік 3.2-суреттегі кестені шығару керек.
3.1-сурет – Сатуға қойылған пəтерлер туралы мəліметтер кестесі
Хабарландыру кестесін құруға байланысты кеңестер:
- сатуға қойылған мəліметтер туралы мəліметтерді тізім түрінде құрыңыз (1.6-сурет);
- G2 ұяшығына төмендегі формуланы енгізіңіз:=A2&" бөлмелі пəтер, адресі "&B2&", ауданы: "&D2&", "&E2& "этаж,"&ТЕКСТ(C2;"# ###$")&", "&ЕСЛИ(F2="+";"телефон"; "телефон жоқ")
- G3:G5 диапазонына осы формуланы автолтыру маркерін қолданып көшіріңіз;
- шыққан кестені өз қалауыңыз бойынша Формат – Автоформат командасымен форматтаңыз.
3.2-сурет – Берілген мəліметтерден жинақталған нəтижелік хабарландыру
Достарыңызбен бөлісу: |