Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет32/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   61

 
97 
кеңістіктік қатынастар үш ӛлшем (ұзындығы, ені, биіктігі) арқылы 
сипатталады. 
Уақыт  –  қозғалыстың  формалары  мен  құрамдас  бӛліктерінің 
(не элементтерінің) бірінен-бірі туындап ұласу формасы. Материя 
болмысының заңды, объективті формасы. Уақыт бір ӛлшемді, бір 
бағытты, үнемі алға қарай жүреді, қайта оралмайды. 
Материя  кеңістікте  шексіз,  уақыт  жағынан  мәңгі.  Яғни, 
материяның  кеңістікте  аяқталатын  немесе  таусылатын  шегі  жоқ. 
Материя таусылмайды. Материя уақыт жағынан мәңгі деудің мәні 
– ол жағынан алғанда, ешқашан пайда болмайды және еш уақытта 
жоғалып  кетпейді.  Материя  тек  бір  формадан  екінші  формаға 
ауысып, ӛзгеріп кетіп отырады. 
Бұдан  шығатын  қорытынды  –  материя  қозғалыс,  кеңістік, 
уақыт формаларының бәріне қатысты. Материалдық дүние шексіз, 
яғни  қозғалыстың  формалары  да  сансыз  кӛп.  Ф.Энгельс  Х1Х 
ғасырда жасаған қозғалыс формаларының классификациясы қазіргі 
кезде  ғылыми  жаңалықтармен  толықтырылуда,  бірақ  негізін 
сақтады  деуге  болады.  Материя  қозғалысының  негізгі  5  түрлі 
формалары бар: 
1. Механикалық. 
2. Физикалық. 
3. Химиялық. 
4. Биологиялық. 
5. Әлеуметтік формалары. 
Бұл формалар бір-бірімен ӛзара тығыз байланысты. 
3.  Сана  мәселесінің  философияда  қойылуы.  Сана  – 
объективті дүниенің бейнесі. Сана мен тіл. 
Сана мәселесі философиядағы күрделі мәселелердің бірі. Сана 
зерттеудің күрделі де қызықты саласы. Адам танымы, адам санасы 
туралы  кӛптеген  мәліметтер  жинақтағанмен,  сана  жұмбағы  әлі 
шешімін  тапқан  жоқ.  Сананың  қабілеті  мен  қасиеті  қанша  ғажап, 
керемет  болғанымен,  ол  табиғаттан  тыс  күштің  сыйы  емес,  ол 
материяның дамуының, күрделенуінің нәтижесі. Сана адам миына 
байланысты пайда болады, ми – сананың материалдық субстраты. 
Сана  –  шындықты  бейнелеудің  және  оны  рухани  игерудің  тек 
адамға тән бітімі. 
Тарихи  дамуының  алғашқы  кезеңдерінде  сана  қызметін,  ӛз 
тәнінің  құрылысын  түсінбеген  адамдарда  ойлау,  түйсіну  деген 


 
98 
тәннің емес, жанның, яғни, тәнсіз бастаудың әрекеті деген кӛзқарас 
қалыптасады. (мысалы, қазақтарда шыбын жан деген ұғым бар, ол 
архаикалық  сенімге  сәйкес  адам  ӛлгеннен  кейін  кӛкке  ұшып 
кетеді). 
Мифологияда  пайда  болған  сананы  құпия  бастаудың  әрекеті 
деп  түсіну,  кейіннен  бүкіл  дүниеге  танылады.  Идеалистік 
философия  сананы  объективті  дүниеге  тәуелсіз  деп  қарастырып, 
болмыс  сананың  туыңдысы,  сана  әрекетінің  жемісі  деген 
қорытындыға  келеді  (Платон,  Гегель  және  т.б.).  Аталған 
ойшылардың философия жүйелерінде сана адамнан да, табиғаттан 
да тыс тұрған құпия мән, ол дүниенің түп бастауы. 
Орта  ғасырда  адам  санасы  мен  ойы  құдайылық  парасаттың 
ұшқыны деп түсіну алдыңғы катарға шығады. 
Бейнелеу  –  жалпы  материя  қасиеті.  Ол  объектілердің  ӛзара 
әрекеттесуінің  нәтижесі.  Мысалы,  су  толқыны  жағаға  соғылып. 
кейін  серпіледі,  электр  жүйесіне  қосылған  ӛткізгіш  қызиды, 
ұзарады.  Бұл  енжар  (пассивті)  бейнелеу.  Ол  механикалық. 
физикалық-химиялык  ӛзгерістер  (реакциялар)  ретінде  жүзеге 
асады. 
Материяның  түрлі  құрылымдық  даму  дәрежесіне  сәйкес 
бейнелеу де әр қилы болады. Материя құрылымының күрделенуіне 
және  жерде  қарапайым  организмдердің  (амеба,  инфузория), 
ӛсімдіктердің  пайда  болуына  байланысты  сыртқы  орта  әсеріне 
жауап  беру,  тіпті  табиғат  ӛнімдерін  қайта  қорыту  қабілеті 
қалыптасады. Мысалы, фотосинтез процесі. Бейнелеудің бұл бітімі 
тітіркену деп аталады. Ол барлық тірі организмдерге тән құбылыс. 
Бейнелеудің келесі сатысы – түйсіну. Түйсіну жүйке жүйесінің 
қызметіне  байланысты.  Орталық  жүйке  жүйесі  қалыптасқан 
тіршілік  иелері  сезім  органдары  арқылы  (есіту,  кӛру,  сезу) 
объектілердің  жекеленген  ерекшеліктерін,  қасиеттерін,  түр-түсін, 
бітімін  және  т.б.  бейнелеу  қабілетіне  ие  болады.  (Шартты  және 
шартсыз рефлекстерді еске түсірейік.) 
Жануарлар  деңгейіндегі  бейнелеудің  жоғары  бітімі  – 
қабылдау.  Ол  объектіні  тұтас  қамтуға  мүмкіндік  береді.  Сыртқы 
дүние  әсерін  сезім  мүшелері  арқылы  қабылдап,  одан  орталық 
жүйке жүйелері қызметі нәтижесінде миға түрлі хабарлар (дабыл, 
ақпарат)  ретінде  жеткізеді.  Адамның  сезім  мүшелері  арқылы 
келген хабарды сезімдік бейнелеу дейді. 


 
99 
Бейнелеудің  сезімдік  түрі  омыртқалы  жануарларға  да  тән. 
Бірақ  олардың  түйсігі  ӛз  тіршілігіне  сәйкес  сыңаржақ  дамиды, 
яғни,  ӛзіне  қажетті  дабылды  қана  қабылдайды.  Жануарларда 
психиканың  (мидың  сыртқы  ортамен  ӛзара  байланысы  ретінде) 
және  психикалық  әрекеттің  пайда  болуы  жануарларға  қоршаған 
ортаға  тек  бейімделіп  қана  қоймай,  оны  белгілі  бір  мӛлшерде 
ӛзгертуге мүмкіндік берді. 
И.П. 
Павловтың 
зерттеулері 
кӛрсеткендей, 
шартсыз 
рефлекстер 
инстинктілердің 
қалыптасуының 
биологиялык 
алғышарты болып табылады. 
Адам  санасының  пайда  болуының  негізі  –  жануарларда 
түйсіктің, елестің, пассивті ойлаудың болуы. 
Сана – тек адамға тән шындықты бейнелеудің жоғарғы бітімі. 
Ол  тілмен,  логикалық  ойлаумен,  абстрактілі  ұғымдармен  тығыз 
байланысты. Сананың пайда болуы екі факторға байланысты: бірі 
–  еңбек,  екіншісі  –  тіл.  Еңбек  –  еңбек  құралдарын  жасаудан 
басталады. Еңбек құралдарын табиғат заттарын ӛңдеу арқылы адам 
жасайды. Еңбек ету адамдардан бірлесіп қимылдауды, әрекет етуді 
талап етеді, ал, бұл үшін бір-бірін түсіну қажет. Қандай тіл болса 
да,  ол  жалпыға  жатады,  кӛптеген  нақты  құбылыстарды  қорытып, 
жалпылау  арқылы  пайда  болады.  Еңбек  сезім  органдарының 
дамуына,  жетілуіне,  адамның  биологиялык  ӛзгеруіне  зор  ықпал 
етті. Ол адамның биологиялық ӛзгеруіне ғана емес, тіршілік етудің, 
қоғамдық бітімдерінің қалыптасуына да әсер етті. 
Адам  санасына  ӛзіндік  сана,  ӛзіндік  бақылау,  ӛзіндік  талдау 
тән. Адам не үшін ӛмір сүремін, не істедім, нені мақсат еттім деген 
сұрақтар  қояды.  Ӛзіндік  сана  –  адам  психикасының  жан-жануар 
психикасынан  маңызды  ерекшелігін  кӛрсетеді.  Сана  туралы 
айтқанда: 
1. Сана – шыңдықты бейнелеудің жоғарғы бітімі; 
2. Сана – қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесі; 
3.Сана  –  жоғары  ұйымдастырылған  материяның  және  адам 
миының қызметі екендігін естен шығармау қажет. 
Қоғамдық сана – кӛпшіліктің рухани құралына айналған сана, 
қоғамның 
рухани, 
идеологиялық 
ӛмірі, 
саяси-құқықтық, 
моральдық  және  т.б.  теориялар,  адамдардың  кӛзқарастары  мен 
түсініктері.  Қоғамдық  сана  –  қоғамдық  болмысты  бейнелейді, 
содан  туыңдайды.  Қоғамдык  сананың  қалыптасуына  жеке 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау