Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет28/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61

 
85 
Неопозитивизм ӛз дамуында үш сатыдан ӛтеді. Бірінші сатысы 
– позитивизм. Мағынасы жағымды, фактіге сүйенген, дұрыс деген 
сӛзді  білдіреді.  XIX  ғасырдың  30-  шы  жылдарында  Германияда 
пайда  болған.  Негізін  салушылар:  Огнюст  Конт,  ағылшын 
философтары Спенсер, Милль. Позитивизм материализм мен неміс 
классикалық 
философиясына 
қарсы 
шықты. 
Ӛйткені, 
буржуазиялық  ӛкіметке  ӛмірлік  маңызы  бар,  таза  практикалық 
философия  қажет  болды.  Олардың  пайымдауынша,  ғылым 
ешқандай  философияға  мұқтаж  емес,  сондықтан,  ғылым 
философияның  пайдасыз  идеяларынан  арылуы  керек.  Жаңа 
позитивистік (шынайы, дұрыс, нағыз) философия жасау қажет. Ол 
сезімдік  тәжірибе  нәтижесін  жүйелеп,  ғылымдар  нәтижесін, 
тұжырымдар, жалпы қорытындылар жасайды. 
Позитивизмнің  екінші  сатысы  –  Мах,  Авенариус  ілімімен 
байланысты  болды.  Ол  кездегі  позитивизм  махизм  деп  аталады. 
Олар  айтуынша:  философияның  мақсаты  –  ғылыми  деректерді 
қорытындылау емес, таным теориясының ғылыми нұсқасын жасау. 
Таным  теориясы  мынадай  қағидаға  сүйенуі  керек:  объективті 
нақтылық  біздің  түйсіктеріміздің  комплексі  (жиынтығы). 
Субъектсіз  объект  болмайды,  не  туралы  ойласақ  та,  біз  оларды 
санамызда  біртұтас  аламыз.  Махизм  субъективті  идеялизнің 
жаңарған формасы болды. 
Позитивизм  үшінші  сатысы  –  неопозитивизм  деп  аталады. 
Оның  ӛкілдері:  Б.Рассел,  Ш.линк,  А.Карнап  т.б.  Поппер  т.б. 
Олардың 
ілімдерінің 
негізінде 
«логикалық 
позитизм» 
«лингвистикалық  философия»  деген  непозитизм  ағымдары  пайда 
болды.  Логикалық  позитизм  бұрынғы  позитивтік  бағыттың 
философия  шешілмейтін  қарама  –  қарсылыққа  толы  деген  сӛзін 
дамыта отырып, олар кӛтерген дін, этика, эстетика т.б. ілімдердің 
маңызы  жоқ,  жалған  проблемалар  деп  айтты.  Себебі,  философия 
теориялық  кӛзқарастардың  жиынтығы  емес,  әлемді  объективті 
тұрғыдан  бӛлуге  тырысатын  «метафизикалық»  пікірлер  мен 
ұғымдардың 
жиынтығы. 
Б.Расселдің 
пікірінше, 
қазіргі 
философияның 
міндеті 
«метафизикалық» 
ұғымдар 
мен 
сӛйлемдерден арылу керек. 
Неопозитивизм ілімді ғылыми немесе ғылыми емес екендігін 
ажырату 
үшін 
«верификациялау» 
қағидасын 
ұсынады. 
Верификация  бұл  тәжрибе  мен  салыстыру  арқылы  тексеру.  Егер 


 
86 
ілімдер 
тәжрибе, 
логикалық 
сараптаулар 
арқылы 
верификацияланса,  онда  олар  ғылымға  жатады,  ал  қалғандары 
жалған білім болады. 
Ғылымдар  логикалық  –  математикалық  және  эмпирикалық 
сӛйлемдерден құралады. Логикалық – математикалық сӛйлемдерді 
із  тәжірибемен  тексера  алмаймыз.  Ӛйткені,  олар  объективті 
нақтылықты  бейнелемейді.  Ал,  эмпирикалық  сӛйлемдер  –  деп, 
тәжірибе  арқылы  верификациялауға  болатын,  сезім  арқылы 
қабылданған 
деректерді 
айтамыз. 
Бірақ, 
эмпирикалық 
сӛйлемдердің  бәрі  ақиқат  бола  бермейді,  тек  «хаттамалы 
сӛйлемдер»  ғана  ақиқат  болады.  Бұл  ғылыми  эксперимент  болып 
жатқанда, сол кезде болған жайды баяндап жазып қоятын сӛйлем. 
Бұл  сӛйлемдер  субъектің  бұрмалауынсыз,  эксперименттің  қалай 
болғаны сол қалпында ӛзгеріссіз жазылады, сондықтан олар ақиқат 
болады. 
Бірақ,  экспериментшінің  түсініктемесінсіз  қорытындылар, 
тұжырым болмайды. Бұған «вертификациялау» қағидасын қолдану 
дегеніміз  осы  теориялар  негізінде  ӛмір  сүретін  барлық  денелерді 
тексеру. 
Ғылым заңдылықтар біртектес бір топ денелерге тән құбылыс 
болғандықтан,  ал  эксперименталдық  жеке  денелерге  қойылады. 
Сондықтан, неопозитивист Витгенштейн «ғылыми заңдылықтарды 
ғылыми тілден алып тастау керек» дейді, ал, Шликтің айтуынша, 
ғылыми  заңдылықтар  таным  үшін  ешқандай  маңызы  жоқ 
формалды ереже болып қалуы керек. 
Ал, 
Поппер 
«верификация» 
қағидасы 
орнына 
«фальсификациялау»  (жоққа  шығару)  қағидасын  ұсынды.  Бұл 
қағида бойынша, белгілі бір жағдайда теориялар, заңдар, тұжырым 
ақиқат  болмауы  ықтимал.  Сондықтан  Поппердің  айтуыншша, 
ғылыми  теориялар,  заңдылықтар  ақиқат  болмаса,  онда  біз 
«фальсификациялау» 
принцип 
қолданамыз. 
Осы 
екі 
«вертификациялау, 
және 
фальсифациялау» 
принциптерінің 
кемшіліктерін  байқап,  Карнап  ғылыми  сӛйлемдердің  барлығын 
емес, тек белгілі бір бӛліктерін тексеру керек деген идея ұсынады. 
Былайша  айтқанда,  ғылыми  деректерді  толық  тексермей  –  ақ, 
дұрыс, не бұрыс екенін анықтау. Сӛйтіп, олардың орнына ғылыми 
сӛздер  ақиқаттығын  тексеретін  жаңа  қағида  когеренттілік 
(байланыстық)  принципін  ұснылады.  Бұл  принцип  бойынша 


 
87 
барлық  денелер,құбылыстар  бір  –  бірімен  тығыз  байланысты, 
сондықтан  эмпирикалық  сӛйлемдер  ақиқаттығы,  олардың 
теориялар  жүйесіне  енген  басқа  сӛйлемдермен  қарама  –  қайшы 
келмей, қаншама үйлесімді болғандығына байланысты. 
Қорыта  айтқанда,  барлық  позитивтерге  ортақ  тұжырым: 
барлық  мәнділіктің  түп  негізін  білуге,  табиғат  құблыстарын 
түсіндіруге,  ақиқатты  білуге  ұмтылған  метафизика  ӛздері  қойған 
мәселелері  түбегейлі,  дұрыс  шеше  алмайды,  сондықтан  ол  ӛз 
орнын ғылыми тілді жан – жақты зерттейтін, сонымен айналасатын 
басқа философияға( позитивизмге) жол беру керек. 
Неопозитивизм кең тараған формасы – прагматизм. Грек сӛзі 
«прагма»  пайда,  практика  деген  мағынаны  білдіреді.  Америкада 
пайда  болған.  Ӛкілдерді:  Ч.Парс,  У.Джемс,  Д.Дъю.  Олардың 
пікірінше, ғылым мен теория адам қажеттілігін қанағаттандыратын 
құрал. Оның пайдалығы адам іс – әрекетінен кӛрінеді. Олар таным 
теориясын,  объективті  ақиқатты  мойындамайды.  Олардың 
ойынша,  адамға  тиімді,  пайдалылың  бәрі  ақиқат.  Пайдалылық  – 
ақиқат ӛлшемі. Адам саны қанша болса, ақиқат та сонша. Идеялар 
күші  де,  олардың  пайдалылығымен  анықталады.  Идеялар 
пайдалығына  қарай  ӛзгеріп  отырады.  Пайдалы  практика  ғана 
ақиқат  ӛлшемі  бола  алады.  Мұндай  философия  іскерлік 
философиясы болады. 
4.  XX-ғасырдың  жаңа  философиялық  ағымдары  – 
структурализм, сыни рационализм және герменевтика. 
XX  ғасырдың  60-70  жылдары  жаңа  философиялық  ағымдар 
бірі  –  структурализм.  Ӛкілдері:  К.Леви  –  Стросс,  Ж.Лакан, 
М.Фуко. Бұл ағым адамның ойлау жүйесінің структурасын жасау 
арқылы,  жалпы  философиялық  тұжырымдар  жасап,  оның  мәнін 
түсінуге талпыныс жасайды. 
Леви  –  Стросс  әр  түрлі  халықтың  аңыз,  еңбегі  мифтерді 
зерттеп, кез келген миф жер жүзінде қайталанып жатады. Ендеше, 
ғылыми  ойлау  да  осы  сияқты  логикалық  заңдылыққа  бағынады. 
Олардың ілімінше, құрылымдық тәсіл негізінде кез келген зерттеп 
отырған  құбылысты  ӛзгерткенде,  оның  құрылымы  бір  қалыпты 
болады, ӛзгермейді. 
XX  –  ғасырда  структурализм  ғылыми  тәсіл  ретінде 
лингвистикада,  антропологияда,  психологияда  және  философияда 
қолданылып жүр. 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау