82
тұрғысынан қарастыру. Ӛмір сүру дегеніміз – адамдардың біріккен
болмысы.
Күнделікті ӛмірде ӛзі басының тілегі, сенімі, тәжірибесі, үміті
негізінде іс – әрекет жасаған адамдардың «экзистенция» ретінде
тіршілік ету.
Экзистенциалистер тіршілік етуді алғашқы, дүниенің негізі
дейді. Олардың пікірінше, адамдар үшін сыртқы дүние түкке
тұрмайды. Адам нақтылығы –басты орын алады. Қоғамдық ӛмір,
адамгершілік ережелер, практикалық іс – әрекеттер жеке адамның
санасы дәрежесіне дейін тӛмендетіледі. Материалдық дүниені жеке
адам санасына тәуелді етеді. Табиғаттан, қоғамнан және
мемлекеттен
жеке
адам
ӛмірі
жоғарғы
құндылық.
Экзистенциалистердің айтуынша, тіршілік ұғымы ӛмір сүретінін,
қайғыратынын, ӛлетінін түсінетін адамға тән. Сондай адам ғана
тіршілік ете алады. Тіршілік атаулының бәрі, дейді Ясперс, –
адамда шоғырланған және ӛзінің бастамасын адамнан алады.
Болмыс емес жеке адамның тіршілік етуін тоқтауы, демек оның
ӛлуі. Болмыс емес – ӛлу деген сӛз. Тіршілік, Ясперс ойынша, ӛмір
сүретін адамдардың универсалды негізі. Ӛйткені, біз ӛлеміз немесе
ӛлімге жақындаймыз, қорқамыз, қайғырамыз, қамқорлық
жасаймыз.
Бізді қоршаған заттар біздің сезіміздің шындыққа айналуы.
Ӛмірде шын мәнінде материя да, табиғат та жоқ. Ӛмірде
адамдардың әртүрлі қуану, қайғыру, қасіретті сезімдері ғана бар.
Адам қасіреті, дегеніміз, – тіршіліктің шын кӛрінісі, демек, оның
ӛмір сүруі. Демек, осы қасірет, қайғы, қуаныштар тұрмыстын шын
кӛрінісі.
Сондай –ақ, экзистенция да адам дүниетанымын шектеп,
иррационализмге жол ашады. Ақиқатты білуге болмайды, адамға
ол керек емес, ақиқаттан адам азап шегеді. Ясперс пікірінше,
шындықты тану, дүние жӛнінде ақиқат болуы тіршілікке қауіп
тӛндіреді. Ғылым міндеті шындық ӛмірді тану емес, адамның
танымдық қабілетін шектеу. Философия міндеті адамның ішкі
дүниесін,
оның
санасын
зерттеу.
Олардың
пікірінше,
иррационализм дүниетану мүмкіндігінің ӛріссіздігінен туған.
Таным процесі білмеушілікке жол ашады. Бұдан шығу жолы
тіршілік етуге адамдарды үйрету.
83
Экзистенцияның басты мәселелерінің бірі ӛлім мен қорқыныш
сезімдері. Шын мәнінде «ӛмір сүру» үшін ӛлімге тікелей қарау
керек, яғни ӛлімнің қажеттілік екенін түсініп, қорқыныш ояту
қажет. Қорқыныш – еш күмәнсіз, мүмкін болатын болмыс. (Сартр)
Осындай қорқыныш, адам болмысын айқындап, оны ӛзінің жеке
басының болмысына, бостандығына жетелейді. Қорқыныш адам
тіршілігінің негізгі қасиеті, ол оның құрылымы – қамдану, жеке бас
қамын ойлау.
Қорқыныш ішіндегі – ӛлімнен қорқу туа біткен априорлы
уайымдау. Ал, ӛлім – деген болашақтын ӛзі, ол арқылы тіршілік
ӛзіне қайта келеді. Болашаққа талпыныс дегеніміз ӛлімге қарай аяқ
басу, оның бетіне тіке қарау болып шығады.
Сартрдың пайымдауынша, адам бір шешімге келерде, оны
қорқыныш сезімі билейді. Адамдар назарын ӛздерінің ішкі
дүниесіне аударады. Қоғамдық прогресті елемейді, оған сенбейді.
Прогресс дегеніміз жаңару, ал адам табиғаты, ӛмірі ӛзгерсе де, ол
ӛзгеріссіз қала береді.
Ясперс, жеке адамның шын мәнінде тереңдігін айрықша
«шекарлық жағдайда» түсіне аламыз дейді. Адам әр уақытта
«шекаралық жағдайда болады, оны қаншама ӛзгертеміз деп
тырыссақ та, ол ӛзгеріссіз қалады. Адам қысылтаяң жағдайда, ӛлім
қаупі туғанда т.с.с. ӛз ролін, іс – әрекетінің шын мәнін терең
түсінеді. «Ауырғанда, ауру адамды түсінесін» Мысалы; ӛлім қаупі
туғанда, қас– қағымда адамның шын мәні ашылады. Оның батыр
немесе қорқақ екені кӛрінеді.
Экзистенцияның
пікірінше,
дүниенің
барлығы
кездейсоқтықтан тұрады. Адам ӛз ӛмірін ӛзі таңдап алады. Бірақ,
оның осы жолының дұрыстығында сенімі жоқ, ӛйткені оның
ӛмірде тірегі жоқ. Адам ӛзінің жауапкершілігін сезеді.
Экзистенциялистік ойдың жоғарғы деңгейіне кӛтерілген адамды
қорқыныш, қатер және уайым сезімдері билейді. Уайым –
белгісіздіктің
нәтижесі,
болашақта
болатын
нәрселерден
қорқушылық, оның құндылығын білмеудің салдары. Дүниенің, ӛз
ӛмірінің мағынасыздығына адамның кӛзі жетеді. Таңдап алған
жолы үшін жауапкершілігін сезеді. Бәрі айналып, қозғалып
тұрғандай болады. Ӛз ӛмірінің мағынасыздығына кӛзі жетіп, оның
бойын зерігу сезімі билейді.
84
Экзистенциялизм ағымдарының бірі – персонализм. Персон –
жеке адам деген мағанада. Персон тіршілік ететін саналы
адамдардан жоғары тұратын жеке адам. Персонализм XX
ғасырдың бас кезінде Америкада пайда болды. Негізін салушылар
Б.Бодэн, Д.Ройс. Дүние негізі, оны жаратушы, басқарушы жоғары
жеке адам, құдай. Дүниедегі заттар рухани мәннің әр дәрежедегі
кӛріністер. Материалдық дүние, рухтар дүниесінің сатылары.
Дүние жүзілік рух кӛптеген жеке адамдар, іс – әрекетінен кӛрінеді,
олардың әр – қайсысы дүние дүзілік рухтың бӛлшектері.
Қоғамдық ӛмір негізі, қозғаушы күші жеке адам және оның
санасы. Әрбір адам ӛзін рухани жағынан жетілдіру керек.
Олар адамдардың ерік бостандығын жақтайды. Олардың
ойынша, адамның күнәкарлығы, табиғаты, – осы замандағы
қақтығыстардың кӛзі болып отыр. Сондықтан, персоналистер
адамдарды тӛзімділікке, бойұсынғыштыққа, бір ұйғарымға келуге
шақырады. Қайшылық жеке адам маңында туады. Одан құтылу
үшін адамдар ӛздерін адамгершілік тұрғысынан жетілдіру қажет
дейді.
Сондай– ақ, экзистенциализмге жақын ағымдар бірі –
сцентизм. Сциентизм латынның– білім, ғылым, дүние тану
дегенсӛзінен шыққан. Сциентизм – мәдени құндылық және
адамның дүниедегі алатын орны туралы ғылыми білім. Жаратылыс
тану ғылымдарының жетістіктеріне негізделген дүние тану
ғылымдары. Олардың пікірінше, осы ғылымдар мәденеттің қол
жеткен жетістіктеріне қорытынды баға бере алады. Мұның ӛзі
адамзат болмысының түбірлі мәселерін негіздеуге, адамдар іс –
әрекетінің тиімді бағдарламасын жасауға кӛмектеседі. Болашақты
сапалы анықтаудың құралы ретінде сцистизм XX ғасыр соңында
пайда болған. Оларға қарсы антисциентизм бағыты шықты. Бұл
бағыт ғылымның тану мүмкіндігіне шек қояды, оны адамның шын
мәніне қарсы тұрған, оған жат күш деп санайды. Олар ғылымнан
туған әр түрлі салдарда ұсынады. Қоғамдағы қайшылықтар күшейе
түскенін сӛз қылады. Ғылымның әлеуметтік ролінен туған
қайшылықтар екі бағыт– сциентизм және антисциентизм
бағыттарының дамуына қолайлы жағдай туғызуды.
3. Позитивизм және оның формалары. Неопозитивизм
туралы түсінік.
Достарыңызбен бөлісу: |