70
әдептілік императиві арқылы құқықпен шектеу керек. Ол ӛз
кезегінде азаматтық, құқықтық, қоғамның қалытасуына жағдай
жасауы тиіс.
Қорыта айтқанда, Германияда философиялық ойдың дамуына
Кант зор үлес қосты. Оның философиялық идеяларын неміс
философиясы ары қарай дамытты. Гегель философиясына Кант
философиясы, диалектикасы үлкен ықпал етті. Кантты неміс
классикалық философиясының негізін салушы дейміз.
2. Г. Гегельдің диалектикасы және философиялық жүйесі.
Неміс классикалық философиясының аса ірі ӛкілі, ғұлама
ойшыл – ең биік шыңы – Георг Вильгельм. Гегель 1770 жылы
туылып, 1831 ж. қайтыс болған. Ол академиялық кәсібі философ
болған. Берлин университетінде профессор болып, философиядан
дәріс оқыған. Негізгі еңбектері: «Рухтың феноменологиясы»,
«Логика
ғылымы»,
«Философия
ғылымдарының
энциклопедиясы», «Құқық философиясы», «Дін философиясы» т.б.
Гегель философиясында «Абсолюттік идея» туралы ілім басты
орын алды. Ол дүниеде ӛмір сүретін барлық нәрселердің негізі,
ұғымдардың қозғалысы – «Абсолюттік идеяның» дамуы деп
санады.
Табиғат пен қоғам пайда болғанға дейін мистикалық
сипаттағы «Абсолютті идея» болған. Гегельдің абсолютті идеясы
заттар мен құбылыстардың алғашқы негізі, бастамасы және
жаратушысы. Құдай тәріздес.
Гегельдің «Абсолюттік идеясының» ӛзіндік дамуы 3 кезеңнен
тұрады. Бірінші бӛлімі – «Логика ғылымы». Гегель – шындықтың
бейнесі ретінде адамдар ойлап шығарған ұғымды, идеяны ӛз
алдына дербес «субстанция» -негіз, бастамаға айналдырады. Ол
объективті идеяны табиғатқа дейін қандай болса, солай суреттейді.
Идея, рухты алғашқы бастама деп санайды. Логика – «Абсолюттік
идеяның» ғылыми теориялық тұрғыдан мойындау. Логика арқылы
оның мәні ашылады.
Екінші кезеңін – «Табиғат философиясында» баяндайды.
Табиғат «Абсолюттік идеядан» туған. Ол «абсолюттік идеяның»
ӛзге болмысы, кӛрінісі, оның дамуындағы белгілі саты. Дербес
ӛмір сүретін идея ғана. Ал, заттар, құбылыстар – идеяның сыртқы
қабыршығы, сыртқы кӛрінісі. Сондықтан Гегельдің даму туралы
71
ілімі табиғаттың дамуы туралы ғылым емес, табиғатқа айналған
идеялардың даму туралы ғылым.
Үшінші кезеңі – «Рух философиясы» деп аталады. Абсолютті
рух, Гегель бойынша, әлемдік тарихтың мыңдаған жылдар бойы
дамуындағы адамзаттың рухани іс-әрекетінің жиынтығы.
Абсолютті рухта «Абсолюттік идея» ӛз дамуының соңғы
дәрежесіне жетеді. Ол дәреже Гегельдің философиялық жүйесі,
яғни Гегельдің абсолютті идеясы дамуының ең жоғарғы сатысы
болып табылады.
Одан әрі танылмаған еш нәрсе қалмайды, таным процесі
анықталады. Гегель ӛз философиясын аяқталған ілім, абсолюттік
ақиқат деп санады.
Гегель философиясы – сана, рух алғашқы, ал, материя, табиғат
екінші, тәуелді дейтін объективті идеализм. Сондай-ақ, Гегель
философиясының аса маңызды жақтарының бірі – оның
диалектикасы.
Диалектика Гегель философиясында идеалистік сипатта ӛз
дамуының жоғары сатысына кӛтерілді. Дамудың диалектикалық
теориясын жасады. Оның айтуынша, даму белгілі бір жүйемен
жүреді. Олар: Тезис – Антитезис -Синтез. 1) Тезис – денелердің,
құбылыстардың ӛздігінен пайда болуы. 2) Антитезис – ол денелер
дамып, пісіп, жетіліп, содан соң жоққа айналуы. 3) Синтез осы
жойылып бара жатқан денелердің кейбір элементтері сақталып,
басқа денеге айналуы.
Барлық дамудың қайнар кӛзі – Абсолюттік идеяның ӛзіндік
дамуы. Ол үнемі қозғалуда, ӛзгеруде және дамуда болады. Оның
диалектикасында материя мен қозғалыс бірлігі, кеңістік және
уақыттың ӛзара байланысы, қарама – қарсылықтының күресі мен
бірлігі, сан ӛзгерісінің сапа ӛзгерісіне ауысуы жан-жақты
мазмұнын ашады.
Қозғалыстың, ӛзгерістің және дамудың қайнар бұлағы қарама-
қарсылықтар күресі, қайшылық арқылы болады дейді.
Құбылыстарға тән ішкі қайшылық – дамудың кӛзі. Қайшылық алға
бастырады. Бұл ілім Гегельдің философиясындағы зор табыс,
тарихта философияның үлкен алға басушылығы болды.
Ұғымдар бір-бірінен ӛзгеше болып қоймай, олар сонымен
қатар бір-бірімен байланыста, «дәнекер» болады. Олар заттар мен
құбылыстардың ӛзара байланысын бейнелейді. Ұғымдардың
72
«дәнекер» болуы туралы ілімі табиғат құбылыстарының
байланысында жатыр. Осы диалектикалық принципте Гегель сол
кезге дейін ғылым мен философияда үстем болған метафизикалық
ойлауды батыл сынап, дамудың жалпыға бірдей заңдарын ашты.
Сӛйтіп, Гегель философияны диалектикамен байытты, оның
диалектикасы терең мағыналы болды.
Кез келген зат, сападан және мӛлшерлік ӛлшемнен тұрады.
Даму барысында мӛлшерлік ӛзгерістер сапалық ӛзгеріске алып
келеді, сӛйтіп, ескі сападан жаңа сапаға ӛту процесі болады. «Зат
ӛлшемі ӛзгерсе, оның ӛзі де ӛзгереді. Ӛз ӛлшемінен ӛтсе, басқа
затқа айналады». Сондай-ақ, Гегель диалектиканың негізгі
заңдарын
ашып
берді.
Кез
келген
дамудың
қарама-
қарсылықтарының күресі арқылы жүзеге асатынын, даму
барысында бір ұғымдарды екінші біреулері терістейтінін және
ӛткеннің жаңа жоғары сатыда қайталанатынын кӛрсетіп берді.
Ұғымдар диалектикасының ӛзара байланысын және бір-біріне
ӛтуінен Гегель шындық дүниенің диалектикасын болжап, кӛрсете
білді.
Әдісі – диалектика, философиялық жүйесі – идеалистік. Гегель
диалектикасы – бұл Абсолюттік идеяның диалектикалық дамуы,
ойлаудың, ұғымдардың диалектикасы. Гегельдің философияда
сіңірген еңбегі – ойлауды жан-жақты зерттеп, оның белсендігін
кӛрсетті
және
таным
процесіндегі
орнын
анықтады.
Диалектиканың заңдарын, категорияларын бір жүйеге келтіріп,
тұжырымдап берді.
3. Л. Фейербахтың – антропологиялық материализмі және
гуманизмі. Неміс класссикалық философиясының аса кӛрнекті
ӛкілдерінің бірі Людвиг Фейербах (1804-1872). Негізгі еңбектері:
«Христяндықтың мәні», «Гегельге қарсы сын», «Діннің мәні» т.б.
Ол ӛзінің философиялық ілімдерінде XVII – XVIII ғ. материалистік
дәстүрді қайта жаңғыртып, материалистік кӛзқарасты дамытты.
Ойлаудың болмысқа қатынасы туралы идеалистік ілімді сынады.
Ойлау – материядан туындайды. Идеализм мен дінге қарсы батыл
күрес жүргізді. Гегельдің объективті идеализмін сынай отырып,
табиғатқа
материалистік
кӛзқарасты
жақтады.
Фейербах
материализмнің күшті жағы – діннің гносеологиялық түп-
тамырын ашып беруінде болды. Ол діннің құдайға және о дүниеге
деген жалған сенімінің шығу негізін батыл сынай отырып,
Достарыңызбен бөлісу: |