:
1. Н.С.Заурбеков ,Б.Ж.Жұмажанов Алгоритмдеу және программалау тілдері
2. М.Қ.Байжұманов Информатика
Дәріс 5
Тақырыбы: Қарапайым нан күрделігі жету жолдары
: Мақсаты: Алгоритм конструкциясы , оның оқыту процесінде алатын орыны
Дәріс мазмұны
Компьютерде есепті шешудің негізгі этаптары
Компьютерде есепті шешу процесі- бұл адам және ЭЕМ арасындағы біріктірілген сала. Бұл процесті бірнеше тізбектелген этаптар түрінде көрсетуге болады. Адамға тиісті этаптар, шығармашылық саламен байланыстысы- қойылуы, алгоритмизациясы, есепті программа және нәтижелерді талдау, ал компьютерге тиістісі- өңделген алгоритммен сәйкес келетін ақпаратты өңдеу этаптары.
Бұл этаптарды келесі мысалдарда қарастырамыз: екі бүтін санның соммасын есептеу және видеомонитордың экранына нәтижесін шығару.
Бірінші этап – есептердің қойылымы. Бұл этапта есепті қолданатын жұмыс саласын жақсы білетін адам қатысады, ол есептің мақсатын нақты анықтауы керек, есептің мазмұнына сөздік түсінік беруі және оның шешімімен жалпы жақындық ұсынуы керек. Мысалы, екі бүтін санның соммасын есептеу үшін сандар қалай қосылатын білетін адам, есепті келесі әдіспен түсіндіре алады: екі бүтін санды енгізу, оларды бір-біріне қосу және есептің нәтижесі ретінде соммасын шығару.
Екінші этап – математикалық немесе ақпараттық моделдеу. Бұл этаптың мақсаты – есеп компьютерде шешілуі үшін, есептің математикалық моделін құру. Көптеген есептердің математикалық моделінде тек қана формулалар мен логикалық шарттар келтіріледі. Бұл этап бірінші этаппен тығыз байланыста және оны бөлек қарастырмасада болады, бірақ құрылған модель үшін бірнеше шешу әдістері танымал болуы мүмкін және олардың ішінен ең ыңғайлысын таңда керек болады. Жоғарыда түсіндірілген есеп үшін екінші этап келесідей болады: компьютерге енгізілген сандарды А және В атауымен жадыда сақтаймыз, содан соң бұл сандардың соммсының мағынасын А + В формуласы бойынша есептейміз және нәтижесін жадыда Summa атауымен сақтаймыз.
Үшінші этап – есептің алгоритмі. Математикалық түсіндіру негізінде шешу алгоритмін құрастыру керек. Алгоритм дегеніміз - қойылған есептің шешуге бағытталған әрекеттер тобын іске асыру үшін атқарушыға түсінікті әрі дәл нұсқаулар жиынтығы. Алгоритмдерді орындайтындар адамдар, роботтар, компьютерлер болуы мүмкін.
Төртінші этап- программалау. Программа - бұл орындаушы(компьютер) орындайтын әрекеттердің жоспары. Үшінші этапта құрылған алгоритм бойынша программа алгоритмдік тілде жазылады. Өңделген программа алгоритмнің және қойылған есептің орындалуын компьютер комегімен қамтамасыз етеді. Осы курста программаларды СИ тілінде құруды және компьютерде шешуді үйренеміз.
Бесінші этап – тестілеу және программаны жөндеу. Бұл қадамда ЭЕМ қөмегімен алгоритм орындалады, қателер ізделінеді және олар жойылады. Программаны жөндеу – бұл күрделі және стандартты емес процесс. Күрделі программалар бөлек фрагменттермен тексеріледі.
Жетінші этап - жөнделген программаның орындалуы және нетижені талдау. Бұл қадамда программа жұмысқа қосылып , алғашқы керекті мәндер беріліп. программа нәтижесі алынады. Шыққан нәтижелер талданып, нәтижелерге сай шешімдер, ұсыныстар, шығарулар жағдыланады. Талдау шешімі бойынша есептің құрылған жолдары қайтадан қарастырылып, есептің бірінші қадамына қайтып оралып, есеп жаңадан шешілуі мүмкін.
Әдебиеттер:
1. Н.С.Заурбеков ,Б.Ж.Жұмажанов Алгоритмдеу және программалау тілдері
2. М.Қ.Байжұманов Информатика
Дәріс 6
Тақырыбы: : Алгоритмдеу крнструкциясын енгізу тәртібі
Мақсаты: . Алгоритмдеу крнструкциясында тааңдау жолдары
Дәріс мазмұны:
Ы ңғайлы болу үшін әрқашан алгоритмнің басы мен соңын білдіретін міндетті екі блоктан өзге негізгі блоктар нөмірленген. Блок-схемада көрсетілген 1-4 блоктар бірінен соң бірі, тізбектеліп орындалады, демек бұл - сызықтық алгоритмнің мысалы, мүнда 2-ші және 3-блоктардың орнын ауыстыруға да болады, бұл есептің дұрыс нәтижесін алуға кері әсерін тигізбейді.
Есепті шешу барысында алдын ала берілген немесе есептеу барысында пайда болған қандай да бір шарттың орындалу/орындалмауына байланысты алгоритмде көрсетілген кейбір нұсқаулар орындалатын/орындалмайтын жағдайлар, яғни тармақталу құбылысы жиі кездеседі. Мұндай алгоритмдерді тармақталған құрылымды алгоритм деп атайды. Тармақталуды блок-схема тілінде жазуда логикалық шартты тексеру үшін ромб қолданылады: ромбыдан екі бағыттың (“ия”- шарт орындалса, “жоқ”- шарт орындалмаса) бірімен жылжуға болады, себебі тармақталу барысында бір тармақ қана орындалады (3-сурет). Тармақтың саны есептің шартына байланысты 2-ден көп болуы да мүмкін (4-сурет). Логикалық немесе жәй ғана шарт деп екі өрнек арасындағы қатынасты айтады. Шартты - “ия” немесе “жоқ” деп жауап қайтаратын сұраулы сөйлем мағынасында түсінуге болады. Шарттың орындалмағаны - оған қарама-қарсы шарт орын алатындығын білдіреді, мысалы, x>0 орындалмаса, х0 болғаны, D=0 шарты орындалмаса, D<0 немесе D>0 орындалғаны. Қарама-қарсы шарттардың біреуін тексерсе жеткілікті, екіншісі соның салдары болып табылады.
Т армақталуды толық және ықшам екі түрде үйымдастыруға болады (5, 6-суреттер).
5-сурет. а), б) Тармақталудың толық түрі
6-сурет. Тармақталудың ықшам түрі
Дәріс 7
Тақырыбы: Тақырыбы: CRT кітапханасы
Мақсаты: CRT кітапханасы , процедуралар
Дәріс мазмұны:
Uses Cut ; жолы құрғалы жатқан бағдарламамыздың анықтау бөліміне жазылмаса онда
төмендегі процедуралар мен функцияларды компьютеріміз түсінбейді.CRT - ні қазақша
талдасақ «электронды сәулелік трубка» - дегенді білдіреді. Бұл компьютердің мәтіндік
әкранмен жұмыс істей алуын ,мәтіндік режим түрін ,мәтіндік түсін қоюды, экранға шығаруды, меңзерді басқаруды қамтамасыз етеді. Процедуралар: Window ClrScr TextMode()
Меңзерді белгілі орынға қойдыру
GotoXY,Whtere X , Whtere Y,, ClrEOL,InsLine , DelLine
Әдебиеттер:
Дәріс 8
Тақырыбы: Функция мәнін есептеудегі көмекші алгоритмдер
Мақсаты: Функция мәнін есептеудегі көмекші алгоритмдер дайындай білу
Дәріс мазмұны Дайындалған алгоритмдер функция түрінде болуы мүмкін , яғни қарапайым үлгінің ( кестелік емес) жалғыз нәтижесі болуы міндетті.
Функция өздерінің дайындалуымен және қолдану тәсілдерімен ерекшеленеді. Функция нәтижесі шындығында ешеандай жерде сақталынбайды, бұл күкүрделі өрнекті есептеу үшін қажетті бір арналықмән ретінде есептеледі
Әдебиеттер:
1. Н.С.Заурбеков ,Б.Ж.Жұмажанов Алгоритмдеу және программалау тілдері
2. М.Қ.Байжұманов Информатика
Дәріс 9
Тақырыбы: Турбо Паскаль бағдарламалау тілі
: Мақсаты: Turbo Pascal, бағдарламасының құрылымы ,жазуережелері,шамаларджың түрлері
Дәріс мазмұны:
Turbo Pascal тіліне кіріспе
Достарыңызбен бөлісу: |