4.2.-сұрақ
Кəсіпорында орындалған əрбір шаруашылық операциясын қосарлы (екі жақты) жазу тəсілінің
көмегімен шоттарда бейнелеуде сол шоттардың арасында өзара байланыс пайда болады. Шаруашылық
операцияларының қосарлы (екі жақты) жазу тəсілінің көмегімен бейнелеуі нəтижесінде шоттардың
арасында пайда болатын байланысты шоттар корреспонденциясы деп атайды. Қосарлы жазудың көмегімен
бір – бірімен өзара байланысқан шоттарды корреспонденцияланушы шоттар деп атайды.
Экономикалық мазмұны жағынан біртекті шаруашылық құрал – жабдықтарының олардың құралу
көздерінің жəне шаруашылық процесстерінің есебін жалпы түрде, ақшалай өлшеммен жүргізу үшін
пайдаланылатын шоттарды синтетикалық шоттар, ал сол шоттардың көмегімен жүргізілетін есепті
синтетикалық есеп деп атайды.
Синтетикалық есепті дамыту мақсатында ашылатын жəне шаруашылық қаржылары мен олардың
құралу көздерінің жекелеген түрлерінің құрамдас бөліктерінің есебін жүргізу үшін пайдаланылатын
шоттарды аналитикалық шоттар, ал сол шоттардың көмегімен жүргізілетін есепті аналитикалық есеп
деп атайды. Аралық шоттар дегеніміз синтетикалық шот шегінде ашылып бір текті аналитикалық
шоттардың мəліметтерін топтастырушы шоттар.
5 Дəріс : 5 Дəріс : Есептік кезең мен қаржылық есепті дайындау
5.1. Есептілікті құрастырудағы негізгі ережелер, қойылатын талаптар
5.2.Есептіліктегі негізігі көрсеткіштер
5.3.Есептіліктің формалары, түрлері
5.1.-сұрақ
Есептілікті құрастырғанда мына ережелерді ұстану керек:
-
есеп беру мерзімінде жүргізілген барлық шаруашылық операциялар, сонымен қатар түгендеудің
қорытындылары, барлығы толығымен көрсетілуі керек;
-
əр айдың бірінші күндеріне аналитикалық есеп мəліметтерін синтетикалық есеп шоттарының айналым
қалдықтарына сəйкестендіру керек;
-
бухгалтерлік есептердің жəне баланстардың көрсеткіштері синтетикалық жəне аналитикалық
есептердің мəіліметтеріне сəйкес болуы қажет;
-
кіріспе баланс мəліметтері бекітілген қорытынды баланс мəліметтерімен сəйкес болуы керек. Егер есеп
беру мерзімінде өзгертулер болса, онда оның себептерін түсіндіру керек;
-
егер ағымдағы немесе өткен есеп беру кезеңдерінде қателер табылса, онда тиісті есеп беру
кезеңдерінде өзгертулер енгізіледі;
-
растау құжаттарын немесе оларға теңестірілген техникалық ақпарат тасушыларды дайындау.
Есептілікті құру үшін алдын - ала көп дайындық жұмыс асырылады. Оның негізінде бухгалтерлік
аөқпарат жататын бұл жағдайлар есептілікке ерекше мағына береді. Міне, неге қазіргі уақыттағы
бухгалтерлердің функционалдық рөлі тек шаруашылық операцияларды тіркемеу ғана шектелмей, сонымен
қатар жоспарлау, бақылау жəне кəсіпорынның қарекетін жақсартуға бағытталған экономикалық
шешімдерді дайындауды қамтиды. Республикада шағын кəсіпкелік субъектілердің қарекетіне ең кең
тараудың жолын табады. Республикада бухгалтерлік есептің рөліне келетін бұндай əдіс экономикалық
құрымдары жоқ, бірақ мемлекеттік кəсіпорындар мен ұйымдарда қазірге уақытқа дейін бар болатынн
шағын кəсіпкерлік субъектілерінің қарекітіне кең көрініс тапты.
Осылайша басшыжəне бас бухгалтердің немесе келісім – шарт негізіндегі бухгалтерлік есепті
жүргізетін маманның қолы қойылған есептілік есептік процесті аяқтайды. Бұл есептілікте субъектінің
мүліктік жəне қаржылық жағдайы көрсетіледі, жəне де есептілік мерзімдегі (ай, тоқсан, жыл) оның
шаруашылық қызметінің нəтижелері көрсетіледі.
Есептілікті құрудың негізінде жататын концепция барлық қойылатын талаптарды қатаң орындауды
ұйғарады, өйткені ақпаратты пайдаланушылардың бағалары мен қорытындылары осы талаптарға тəуелді.
Бұл талаптарға:
•
қызмет түрі мен меншік нысанына тəуелсіз шаруашылық субъектілердің барлық түрлері
есептілік құру керек;
•
шынайлығы, яғни есептілікте берілген барлықақпараттың толықтылығы, дұрыстығы жəне
негізділігі. Сонымен бірге барлық заңдық жазылымдардың қадағалануы;
•
сəйкестілігі, яғни есептік мерзімнің басындаберілгендермен, болған өзгерістерді ескере отырып,
есепті мерзімнің алдындағы мерзімдегі берілгендердің сəйкес болуы қажет.
Сəйкестілікнормативтік құжаттарда көрсетілген ережелерге сүйене отырып, көрсеткіштердің
түзетулерін қамтамасызетілуі керек;
•
қате жазулар мен түзетулердің болмауы. əр бір түзету есептілікке қол қойған тұлғалармен
ескертілуі жəне расталуы қажет;
•
меншік формасынан жəне қызмет түрінен тəуелсіз шаруашылық субъектілердің барлық
түрлерімен есептілікті құру.
Қаржылық есептілікті құру жəне ұсынуға қойылатын негізгі талаптар қатарына қызмет үздіксіздігі
жəне есептеу қағидасы жатады.Есептеу қағидасыныңмəні – шаруашылық операциялар жəне іске асқан
оқиғалар, олар үшін ақша қаражаттардың төленуі немесе түсуіне қарамастан, сол іске асырылған есептік
мерзімде көрсетіледі:
•
шаруашылық қызметтің қаржылық нəтижелері туралы есептілік пен баланстың нысандары жəне
мазмұнын бір есепті мерзімінен екіншісіне жүйелі қолдану;
•
əрбір есептілікке қажетті бастапқы мəліметтердің болуы; есептілік аты, есептілік мерзімі немесе
есепке алынатын уақыт мерзімі, ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген субъектінің аты,
бугалтерлік есептіліктің сандық көрсеткіштерін ұсыну форматы;
•
есепті мерзім үшін есептілікті құру;
•
қабылданған есеп саясатына сəйкес бухгалтерлік есепті жүргізудің альтернативті варианттарын
есепте қолдану мүмкіншілігі;
•
сандық деректерді жоқ есеп көрсеткіштерінің міндетті түрде сызылып көрсетілуі;
•
құрылтайшы құжаттарды тіркелген тəртіпке сəйкес есепті бекіту.
Бұл жерде сыртқы есептіліктің коммерциялық құпиялылыққа байланысты қатаң мөлшерленетіндігі
туралы айтпауға болмайды.
Бұдан басқа мұндай есептілік нысандарға логикалық жəне ақпараттық өзара байланыс тəн. Логикалық
байланыстың мəні – есептік нысандардың, олардың бөлімдері мен баптарының бірін – бірі толықтыруында
жəне байланысында. Кейбір маңызды баланстық баптар ілеспелі нысандарда ашылып көрсетіледі. Басқа
көрсеткіштердің ашылымын қажет болған жағдайда аналитикалық есептен табуға болады.
Басқа сөзбен айтқанда, есептілік хабардарлықты кеңейтуі жəне қызмет процессінде пайда болған əр
түрлі диспропорцияларды көрсетуі керек.
5.2.-сұрақ
Қаржылық есептілік, №2 ҚЕҰС-на сəйкес , ұйымның келесі көрсеткіштері туралы ұсынуы керек:
1. активтер;
2. міндеттемелер;
3. меншікті капитал;
4. негізгі емес қызметтен жəне төтенше жағдайлардан түскен табысты қоса алғандағы, табыстар мен
шығыстар;
5. ақша қозғалысы;
6. меншікті капиталдағы өзгерістер.
Жаңа экономикалық жағдайда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің заңдық анықтамасы,
бухгалтерлік есептіжүргізу жəнеқаржылық есептілікті құрудың қаидалары, негізгі сапалық сипаттамалары
жəне жалпы тəіртібі 26 желтоқсан 1995 жылы №2732 заң күші бар «Бухгалтерлік есепке алу туралы»
Жарлығының шығуымен қамтылды. Оны жүзеге асыру мақсатымен Президентінің 28 қаңтар 1998 жылғы
№3838 Жарлылығымен 1998-2000 жылдары Қазақстан Республикасында бухгалтерлікесеп пен аудитті
дамыту жəне жетілдіру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бекітілген.
Қарекет кезеңі ішінде аталған Жарлыққа ҚР 11.07.97ж №154-І; 16.07.99ж №436-І; 24.06.02ж №329-ІІ
заңдарымен бірнеше рет өзгерістер енгізілді.
1996 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық
комиссиясының қаулысымен «Қаржы есептерін əзірлеп, тапсыруға арналған тұжырымдамалық негіздеме»
бекітілді. Кейіннен ол қайта қаралып ҚР Қаржы министрлігінің №542 бұйрығымен 29 қазан 2009 жылы
жаңа !қаржы есептерін əзірлеп, тапсыруға арналған тұжырымдамалық негіздеме бекітілді. Оның құрамына
келесілер кіреді:
•
қаржылық есептілікті мақсаты;
•
қаржылық есептілікті құру қағидалары жəне қаржылық есептілікте қамтылған ақпараттың
қажеттілігін анықтайтын негізгі сапалық сипаттары;
қаржылық есептілікті құрайтын элеметтердің анықтамасы, танылуы жəне бағалануы.
24 маусым 2009 жылдан бастап «бухгалтерлік есепке алу туралы» Жарлыққа ҚР 24.06.02 ж №329 – ІІ
заңымен енгізілген өзгертулерге сəйкес құжаттың атауы өзгертіліп «Бухгалтерлік есепке алу жəне қаржылық
есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы деп аталатын болды.
ҚР Қаржы министрінің №14 бұйрығымен 17 қаңтар 2003 жылы есептілік мазмұнына қойылатын талаптар
мен жалпы ережелерді белгілейтін 30 «Қаржылық есептілікті ұсыну» бухгалтерлік есеп стандарты енгізілді.
Аталған бұйрықтың 2 тармағына сəйкес 1 БЕС «Бухгалтерлік баланс жəне қаржы есептеріндегі негізгі
ашылымдар», 3 БЕС «Қаржы шаруашылық қызметінің нəтижелері туралы есеп» өзінің күшін жойды.
5.3.-сұрақ
Қазақстанда мемлекеттік мекемелерден басқа, барлық ұйымдардың уəкілетті органға берілетін жылдық
қаржылық есептілігі келесі нысандарды қамтиды: