Субъект тaңдaп aлғaн есеп жүргізу сaясaтын ол бір есеп беру кезеңінен екіншісіне дейін дəйекті түрде
қолдaнaды.
п)Əділетті əрі турa көрініс.
Қaржы есептері оны пaйдaлaнушылaрғa субъектінің қaржы жaғдaйы, қaржы-шaруaшылық қызметінің
нəтижелері, aқшa қaрaжaтының қозғaлысы турaлы əділетті əрі турa көріністі бейнелеуі тиіс.
Шaруaшылық
оперaциялaрын,
aктивтерді,меншікті
кaпитaлды,
міндеттемелерді,қызмет
нəтижелерін жəне бaсқaлaрын көрсетудің бaлaмa тəсілдерін теріске шығaрмaйтын бухгaлтерлік есепке
aлудың стaндaрттaры есеп жүргізу сaясaтын қaлыптaстырудың бaзaсы болып тaбылaды.
Есеп жүргізу сaясaтын қaлыптaстыру əр стaндaрттa ұсынылaтын тəсілдердің бірін тaңдaумен, субъект
қызметінің жaғдaйлaрын бaсшылыққa aлa отырып олaрды негіздеумен жəне бухгaлтерлік есеп жүргізу жəне
қaржы есептемесін тaпсыру үшін олaрды негіз ретінде қaбылдaумен тұжырымдaлaды.
3 Дəріс: Екі жақтылық қағидасы жəне баланстық теңдік
3.1.Бухгалтерлік баланс туралы түсінік жəне оның құрылымы.
3.2. Бухгалтерлік баланстың түрлері .
3.3.Шаруашылық операцияларына сəйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы
3.1-сұрақ
Субъектінің қаржылық жағдайына баға беру үшін оның қаржы ресурстарының (активтерінің)
құрамы мен құралу көздері жөнінде жинақталған мəліметтер керек. Мұндай мəліметтерді алу үшін
бухгалтерлік баланс пайдаланылады.
Бухгалтерлік баланста кəсіпорынның активтері , меншікті капиталы , міндеттемелері ақшалай
өлшеммен белгілі бір мерзімге топтастырылып көрсетіледі .
Баланс «Активтер», « Меншікті капитал», « Міндеттемелер» деп аталынатын өзара байланысты үш
бөлімнен тұрады. Бухгалтерлік баланста активтер жəне міндеттемелер ұзақ мерзімді жəне ағымдағы болып
жіктеледі.
Пайдалану мерзімі бір жылдан артық болатын активтер ұзақ мерзімді активтер деп аталады. Ұзақ
мерзімді активтерге : материалдық емес активтер, негізгі құралдар, аяқталмаған күрделі құрылыс ,
инвестициялар, ұзақ мерзімді (1 жылдан артық) дебиторлық қарыздар, алдағы уақыттың есебіне жататын
ұзақ мерзімді шығыстар т.б. жатады.
Бір жыл ішінде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде жұмсалады деп негізгі түрде күтілетін
ақша қаражаттары жəне басқа активтер ағымдағы активтер деп аталады.
Ағымдағы активтерге: тауарлы – материалдық босалқылар, алдағы уақыттың есебіне жататын
шығыстар, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, ақша қаражаттары, дебиторлық қарыздар, ағымдағы
активтерді сатып алу үшін аванстықтөлемдер, қайтарылуға тиісті қарыздар, алынған вексельдер, басқадай
дебиторлық қарыздар жатады.
Келесі жылы немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде қайтарылуы тиіс (өтеулі)
жоспарланбайтын кредиторлық қарыздар ұзақ мерзімді міндеттемелер болып табылады.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерге: ұзақ мерзімді банк несиесі, банктен тыс мекемелердің ұзақ мерзімді
қарыздары, еншілес серіктестердің ұзақ мерзімді қарыздары, кейніге қалдырылған табыс салығы жатады.
Бір жыл ішінде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде қайтарылады (өтіледі) деп күтілетін
қарыздар ағымдағы міндеттемелер болып табылады.
Ағымдағы міндеттемелерге: қысқа мерзімді банк несиесі, банктен тыс мекемелердің қысқа мерзімді
қарыздары, еншілес серіктестердің қысқа мерзімдə\і қарыздары, кейінге қалдырылған табыс салығы
жатады.
Меншікті капитал- субъект қызметінің бүкіл кезеңіне арналып бекітіледі, оның негізгі жəне айналым
қаржысының құралу көздері болып табылады.
Баланста кəсіпорын активтері активтері құрамы жəне құралу көздері бойынша көрсетілгендіктен
«Активтер» бөлімінің жиынтық сомасы «Меншікті капитал» жəне «Міндеттемелер» бөлімдерінің жиынтық
сомаларының қосындысына тең.
Субьектілердің бухгалтерлік балансында біртекті қаржы ресурстары (активтер) жəне олардың
құралу көздері (меншікті капитал, міндеттемелер) бірыңғай көрсетіледі. Баланс активтерінің, меншікті
капиталдың жəне міндеттемелердің осындай біртекті көрсеткіштері «баптар» деп аталады. Балансытың
«активтер» бөлімінің баптары қаржылық ресурстардың жекелеген түрлерінің жəй күйлерін бейнелейді;
«»Меншікті капитал жəне «Міндеттемелер» бөлімдерінің баптары кəсіпорын активтерінің құралу көздерін
бейнелейді.
3.2-сұрақ
Ғалымдарының анықтамасы бойынша баланс деп жай ғана кесте немесе басқа есептік тіркеу нысаны
емес, бухгалтерлік есеп ғылым ретінде оны қандай деңгейде меңгергендігіне байланыссыз, дербес
шаруашылыққа шынайы тəн қасиеттер жиынтығы түсінілуі керек. Жалпы алғанда бухгалтерлік балансты
келесідей жіктеуге болады:
Балансты жіктеу нышандары жəне түрлері
Жіктеу нышандары
Баланс түрлері
Көлемі жəне нысаны
бойынша
Сальдолық (статистикалық)
Айналымдық (динамикалық)
Жекеше
Дербес
Бөлек
Басқадай
Мазмұны бойынша
Мүліктік
Нəтижелік
Ақша ағымдары бойынша
Құру көздері бойынша
Есеп деректері бойынша
Инвентарлық – инвентарлық ведомость негізінде
Кітаптік – кітап жазуларын алдын ала тексерусіз
Генералдық – нақты, ағымдағы жазуларды түгендеу арқылы бейнелеу
Уақыты жəне құру
мақсаты бойынша
Кіріспе
Операциялық
Қосушы
Бөлуші
Санациялық
Жойылу
Директивтік
Перспективалық
Қамту көлемі бойынша
Қарапайым
Жинақталған
Шоғырландырылған
Қажеттілігі
бойынша
Ішкі
Басқару
Есепті – жоспарлы
Тазалау тəсілі бойынша
Брутто – баланс
Нетто – баланс
Қызмет сипатына қарай
Негізгі (кəсіпорын профиліне сəйкес)
Форматы бойынша
Екі жақты
Біржақты, бөлек, шахматты жинақтау
Көрсетілген баланстың əр түрі өзінің сипаттамасы, мақсаты жəне ұсыну мерзімі бойынша ерекшеленеді.
Баланстың əр түрін қарастыра келе, ғалымдардың əр уақытта берілген интерпретациясында
айырмашылықтар бар екенін байқауға болады. Бухгалтерлік баланстың əр алуандылығы кəсіпорынның
қызметі, мүлігі, қаржылық жағдайы мен нəтижелерін сипаттауда қолданылатын көпмақсатты əдістердің
куəсі болып табылады. Жалпылай келе, балансты құрудағы логикалық қарама – қайшылықтарға, шешуге
тиісті əр түрлі міндеттерге, шаруашылық процестерге қатысушылар мүдделерінің үйлеспеушілігіне
байланысты балансқа дəл сипаттамасы беру əрекетінің бірде бірін сенімді жəне абсолютті дұрыс деп айтуға
болмайды. Кестеде келтірілген баланс түрлерінің қай қайсысына да қолдануға болатын жалпы тəртіп –
баланс активі валютасының баланс пассиві валютасына тең болуын қамтамасыз ету, өйткені баланста бір
шаруашылық қаражаттары, бірақ əр түрлі тұрғыдан қаралады.
Кестеде келтірілген балансты жіктеу нышандарын қарастыра келе, оларды құру барысында
мəліметтердің үш көзін пайдалануға болатындығын жəне соған олар төмендегідей ажыратылатындығын
атап өткіміз келеді:
•
инвентарлық баланс, түгендеу нəтижелеріне негізделген;
•
кітаптік баланс – Бас кітап шоттарының деректері бойынша;
•
актуарлық баланс - статистикалық мəліметтер бойынша;
3.3 –сұрақ
Түрлі шаруашылық операцияларының əсерінен болатын баланс көрсеткіштері өзгерісінің төрт түрі
(типі) болады.
Бірінші түрлі өзгерістер, баланстың «Активтер» бөліміндегі баптардың құрамында болады. Белгілі
бір бап көбейіп, екінші бап азаяды. Баланстық теңдік бұзылмайды.
Өзгерістердің екінші түрі (типі) баланстың «Меншікті капитал» немесе «Міндеттемелер»
бөлімдерінде болады. Белгілі бір сомаға «Мешікті капитал» немесе «Міндеттемелер» бөлімінің бір бабы
азайып екінші бір бабы көбейеді. Ол операциялардың нəтижесінде баланстың жалпы қорытындысы
өзгермейді.