4. ПƏННІҢ ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ
Пəннің əдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Кафедра Есеп жəне қаржы, тьютор Ерниязова Алия Айбековна
(аты-жөні)
Пəн Бухгалтерлік есеп жəне аудит
Кредит саны 135 сағат; 30 дəріс; 15 практика ; 45 Студенттердің өзіндік жұмысы
Барлығы
№
Əдебиет атауы
кітапха
нада
кафедрада
Студент
тердің
қамтылу
пайызы
(%)
Электронды
түрі
Ескерту
1
2
3
4
5
6
7
1
Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт
О.И. Кəсіпорындағы бухгалтерлік есеп.
Алматы, 2003 ж.
10
4
100
-
-
2
Қ.
К.
Кеулімжаев
;
З.Н.
Əжібаева;
Н.А.Құдайбергенов
«
БУХГАЛТЕРЛІК
ЕСЕП
ПРИНЦИПТЕРІ» ; ОҚ « Экономикс »-
2003 жыл АЛМАТЫ
14
2
100
-
-
3
ККеулімжаев ; З.Н. Əжібаева;
Н.А.Құдайбергенов , А.Ə. Жантаева «
Қаржылық есеп » ; ОҚ « Экономикс »-
2001 жыл АЛМАТЫ 27-32 беттер
15
2
100
-
-
4.
Финансовый учет на
предприятии.Учебник.
Под.ред.Р.М.Рахимбековой. Алматы-
Экономика, 2003
1
2
0,83
-
-
5.
Назарова В.Л. «Бухгалтерский учет
хозяйствующих субъектов», Алматы,
«Экономика»,2003 г.
3
2
0,25
-
-
5. ПƏН БОЙЫНША ДƏРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
1 дəріс : Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде
1.1. Бухгалтерлік есеп туралы түсінік жəне оның атқаратын қызметі , міндеті
мен мақсаты
1.2. Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар жəне олардың ролі.
1.3. Бухгалтерлік есеп пəні жəне əдістері
1.1 -cұрақ
Есеп бұдан мыңдаған жылдар бұрын адамзат өркениетінің келіп шығуымен бірге пайда болады
жəне оның алғашқы қадамдары тарих үшін үлкен əсерін тигізді. Шамамен XV ғасырдың соңына таман
қосарлы жазуға негізделген бухгалтерлік есеп теориясы қалыптасты. Бұл əдіс қазіргі уақытта да негізгі
əдістердің бірі болып келеді. Сол уақыттардан бері баланс, дебет, кредит, калькуляция деген терминдер
сақталып қалған.
Бухгалтерлік есеп есептің басқа түрлерінен (мысалы статистикалық жəне оперативті) ерекшеленетін өзгеше
белгілері бар :
1. Кəсіпорында жүргізілетін шаруашылық операцияларының бəрі түгел бухгалтерлік есеп жүйесінде
бейнеледі
2. Бухгалтерлік есепте тек қана ақшалай түрде өлшенетін шаруашылық операциялары көрсетіледі
3. Бухгалтерлік есепте тек қана өзіне тəн арнайы əдістер қолданылады: (шоттар, екі жақты жазу,
баланс т.б.)
Бухгалтерлік есеп кəсіпорынды басқаруда үлкен роль атқарылады, өйткені оның қызметі, қаржылық
жағдайы туралы толық ақрпарат береді. Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есептің ролі мен
маңызы күшейі түсті.
Өндіріс үрдісін басқару үшің ақпарат қажет. Мұндай ақпаратты өндірісті басқарудың бір функциясы
ретінде пайда болған есептің көмегімен алуға болады. Ол шаруашылық үрдістерін тұрақты түрде
бақылау,оларды сандық өлшеу, тіркеу жəне жалпыламау арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен шаруашылық есеп дегеніміз экономикалық құбылыстар мен үрдістерді бақылау жəне тиімді
басқару мақсатында сандық жəне сапалық сипаттама беру жүйесі болып табылады. шаруашылық есеп төрт
түрлі есептен тұрады : (жедел, статистикалық, бухгалтерлік, салық)
1. Жедел есеп жеке жекелеген шаруашылық операцияларын ағымдағы байқау мен бақылау жəне
олардың жұзеге асырылуын басқару жүйесі болып табылады;
2. Статистикалық есеп сапалық жағынан біртұтас экономикалық көлемді құбылыстарды тіркеу,
жалпыламау жəне зерттеу жүйесі (сала, экономикалық аймақ, мемлекет көлемінде);
3. Бухгалтерлік есеп барлық шаруашылық операцияларын тұтас, үздіксіз жəне құжаттарды рəсімдеу
арқылы ұйымның мүліктері, міндеттемелері жəне олардың қозғалысы жөніндегі ақшалай
қаражатты ақпаратты жинаудың , тіркеу мен жалпыламаудың реттелген жүйесі болып табылады.
4. Салық есебі салық салу базасын анықтау мақсатында бухгалтерлік есеп қағидаларына сəйкес
Қазақстан Республикасы Салық Кодексі заңдарына сүйенетін бухгалтерлік есеп.
1.2.cұрақ
Бухгалтерлік есепті «бизнес тілі» деп атайды, себебі ұйымның мүліктері, шаруашылық
операциялары, мүліктердің пайда болу көздері жөніндегі бухгалтерлік есеп ақпараты қаржылық есептіліктің
көптеген пайдаланушыларына қажет.
Əдетте есеп ақпаратын пайдаланушылар ішкі жəне сыртқы болып екіге бөлінеді.
Ішкі пайдаланушыларға: басқару аппараты, құрылымдық бөлімшелер басшылары, қзыметшілер т.б.
Əкімшіліктің əрбір өкілі үшін берілуге тиіс ақпарат оның қызмет лауазымы мен атқарылатын
функцияларына сəйкес анықталады, менеджерлер үшін пайда сомасы мен нормасы, ақша қаражаттарының
жеткіліктілігі, өнімнің өзіндік құны мен өндңрңс рентабельділігі жөніндегі ақпарат қажет болса, меншік
иеленушілерімен қатысушыларды ұйымның табыстылығы мен өтімділігі мəселері қызықтырады. Ұйым
басшылығын, сонымен қатар, сыртқы пайдаланушыларға ұсынылатын ақпаратпен қоса жоспарлау , талдау
жəне бақылауға қажетті əртүрлі ақпарат қызықтырады.
Сыртқы пайдаланушыларға: инвесторлар, несие берушілер, жабдықтаушылар мен мердігерлер, сатып
алушылар мен тапсырыс берушілер, билеуші ұйымдар , атқарушы ұйымдар т.б. Сыртқы пайдаланушыларға
ұсынылатын ақпарат ішкі пайдаланушыларға берілген ұйымның қаржылық жағдайына, қызметтің
қаржылық нəтиежелеріне , қаржылық
жағдайындағы өзгерістерге қатысты ақпарат
негізінде
қалыптастырылады. Сыптқы пайдаланушылар бухгалтерлік есепте қалыптасаытын ақпараттан келесідей
міліметтер іздейді:
1. инвесторлар мен олардың өкілдерін өздерінің салған жəне болашақта салатын қаржыларының
тəуекелділігі туралы, ұйымның дивиденттерді төлеу қабілеті туралы ақпарат қызықтырады;
2. несие берушілерді несиелердің уақытылы төленуі мен сəйкес пайыз сомаларының төленуін
анықтауға мүмкіндік беретін ақпараттар қызықтырады;
3. жабдықтаушылар мен мердігерлерді өздеріне тиесілі сомалардың төленетіндігі туралы
ақпараттар қажет;
4. сатып алушылар мен тапсырыс берушілерді ұйымның қызмет атқаруын жалғастыратындығы
жөніндегі ақпарат қызықтырады;
5. билеуші ұйымдарды өздері атқаратын функциялардың орындалуына қажетті ақпараттар
қарастырады;
6. қоғамдық ұйымның жергілікті жəне аймақтық көлемде қоғамның жалпы жағдайын
жақсартудағы ролі мен үлесі туралы ақпарат қызықтырады;
1.3-сұрақ