«Экономика жəне басқару факультеті»



жүктеу 1,38 Mb.
Pdf просмотр
бет13/41
Дата24.12.2017
өлшемі1,38 Mb.
#5624
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41

1.  Бухгалтерлік баланс; 

2.  Кірістер мен шығыстар туралы есеп; 

3.  Ақша қозғалысы туралы есеп; 

4.  Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп; 

5.  Есепке алу саясаты туралы ақпарат жəне түсіндірмелік жазба. 

1  ҚЕХС есептіліктің келесі құрамын қарастырады: 

•    бухгалтерлік баланс; 

•    пайда жəне зиян туралы есеп; 

•    капиталдағы өзгерістер туралы есеп (толығымен немесе иеленушілердің 

салымдарына немесе иеленушілердің арасында қаражаттарының емес бөлігіндегі    өзгерістер); 

• 

ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп; 



• 

есеп саясаты туралы мəлімдеме; 

• 

есептілікке түсіндермелік ескерту. 



Қосымша ұсынылғаны дұрыс:  

• 

компания басшылығының қаржылық шолуы; 



• 

экология сұрақтары жəне қоршаған ортаны қорғау туралы есеп; 

• 

қосылған құн туралы есеп; 



• 

өлшем бірлігі көрсетілген есеп валютасы; 

• 

сандық мəліметтерді ұсыну  кезінде қолданылған  бір ұйымның деңгейі жəне     ұсынылып отырған 



есептіліктің  бір  ұйымның  немесе  шоғырландырылған  топтың  мəліметтерін  қамтитіндігі  жөніндегі 

ақпаратты қоса есептегенднгі басқа да анықтамалық ақпаратты; 

2  ҚЕҰС-на      сəйкес  (3)  «Əр  қаржылық  есептілік  нысаны  нақты  анықталуы  қажет.  Егер  ұсынылған 

ақпараттарды түсінуге қажет болса, келесі ақөпарат нақты ерекшеленіп, қайталануы керек: 

       1.  Құрылтайшы құжаттарға сəйкес ұйымның атауы; 

       2.  Қаржылық есептіліктің бөлек ұйымды немесе ұйымдар тобын қамтуы; 

       3.  Қаржылық есептіліктің есеп беру кезеңі немесе есеп беру мерзімі; 

       4.  Есептіліктің валютасын; 

       5. Қаржылық есептілікте сандарды ұсынуды қолданылған дəлдік деңгейі». 

Есептіліктің жіктемелік сипаттамасы 

 

 Жіктеу  белгілері 

                         Есептілік түрлері 

Экономикалық 

мазмұны бойынша 

бухгалтерлік, қаржылық, статистикалық, салықтық, бұқаралық 

Қамтылатын 

кезеңдердің ұзақтығы 

бойынша  

ағымдық (күнделікті, апталық, он күндік, айсайынғы, тоқсандық, жартжылдық); 



жедел қысқа уақыт аралығындағы (ауысым,бір күн, апта, он күн, жарты ай) 

жылдық жылда ұсынылатын; 



кезеңдік – белгілі мерзімге өсу қорытындысымен құрылатын 

Мамандану деңгейі 

бойынша 


жалпы шаруашылық субъект қызметінің жалпы қорытындысын сипаттайтын; 

мамандандырылған – субъект қызметінің жеке жақтарын ашатын 



Қорытынды деңгейі 

бойынша 


жеке – жек ұйымдардың есептілігі; 

жинақтаушы – тиісті саланың немесе өңірдің бірнеше ұйымдарының қызметін 



қорыту; 

шоғырланған – бірыңғай қаржылық құрайтын ұйымдардың бірігуі 



Қолдану дəрежесі 

бойынша 


ішкі – шаруашылық субъектілердің ішінде ақпараттық жəне басқарушылық 

міндеттерін орындайтын жəне оның қалауы бойынша түрлендіріленетін; 

сыртқы - əр түрлі қолданушылар мүдделерінің кенейтілген спектрын 



қанағаттандыруға арналған 

 

 



6 Дəріс.  Кірістер жəне ақша қаражатының есебі. 

                  6.1. Ақша қаражаттарының есебі  

                  6.2.Дебиторлық бережақтарды өлшеу жəне мойындау  

           6.3.Күмəнді дебиторлық бережақтар жəне оның бағалау 

 

 

6.1-сұрақ 

 

Кəсіпорында  кассадағы  ақша  қаражаттарын  есептеуде  материалды  –  жауапты  тұлға  болып  кассир 



табылады, оның міндеттеріне төмендегілер кіреді: 

кіріс  жəне  шығыс  кассалық  ордерлерінің  дұрыс  рəсімделуін  тексеру,  ордерлерде  көрсетілген 



қосымшалардың дұрыстығын қолдардың дұрыс қойылуын жəне болуын тексеру; 

ақша қаражаттарын қабылдау жəне беру; 




кассалық кітапта кассалық операцияларды тіркеу; 

қолма-қол ақшаны банкке тапсыру. 



Кəсіпорынның  бас  бухгалтерімен  оның  орынбасарының  шешімі  бойынша  аталған  операцияларды 

орындауға  кəсіпорынның  басқа  да  қызметкерлері  тартылуы  мүмкін,  бірақ  толық  материалдық 

жауапкершілік келісім-шарты жасасқаннан кейін. 

Кассаға  ақша  қабылдау  бас  бухгалтердің  қолы  қойылған  кіріс  кассалық  ордермен  рəсімделеді. 

Кассаға ақша салған тұлғаға ақшаны қабылдау туралы бас бухгалтер мен кассирдің қолы қойылған түбіртек 

беріледі.  Кассадан  ақшаны  беру  басшының  жəне  бас  бухгалтердің  қолдары  қойылған  шығыс  кассалық 

ордерлермен немесе төлем ведомостілермен, ақша беруге өтінішпен, шоттармен жəне басқа да құжаттармен 

рəсімделеді.  Ақша  қаражаттарын  шығыс  кассалық  ордер  арқылы  басқа  адамға  берген  кезде  кəсіпорыннң 

кассирі  оның  төл  құжатын  немесе  жеке  куəлігін  ордердегі  реквизиттерді  толтыру  үшін  талап  етеді.  Ақша 

алушы сомасын теңге – жазумен, тиын – санмен жазып қол қояды. Кассалық ордерлерде түзету, сызу рұқсат 

етілмейді.  Жазылған  кассалық  ордерлер  жəне  олардың  ауыстыратын  құжаттар  кіріс  жəне  шығыс  тіркеу 

журналында  тіркеледі. Кассалық ордерлер бойынша ақшаны қабылдау немесе беру құжат толтырылған күні 

ғана жүзеге асады.  

Жазылған  касса  ордерлері  немесе  олардың  орнына  жүретін  құжаттар  кіріс  жəне  шығыс  касса 

құжаттарын  тіркеу  журналында  тіркеледі,  ол  кіріс  жəне  шығыс  касса  құжаттарына  жеке-жеке  ашылады. 

Онда  мыналар  көрсетіледі:  кіріс  жəне  шығыс  ордерінің  толтырылған  күні  мен  нөмірі,  кассаға  түскен  жəне 

жұмсалған  ақшалардың  (жалақы,  сыйлықтар,  стипендиялар,  іссапарға  төленген  жəне  басқа  да  шығыстар) 

пысаналы  мақсаты  көрсетіледі.  Егер  ақша  қаражаттарының  нысаналы  мақсаты  туралы  деректерді 

машинограмма түрінде алатын болса, кіріс жəне шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың 

толтырылған күні, нөмірі мен сомасы көрсетіледі. 

Кассалық  операциялардың  есебін  кассир  кассалық  кітапта  жүргізеді,  ол  беттері  нөмірленген, 

тігілген  жəне  мөрмен  бекітілген  болуы  керек.  Кассалық  кітаптағы  беттер  саны  кəсіпорынның  бас 

бухгалтерінің  қолымен сендірілуі керек. Кассалық кітаптағы жазулар екі данада жазылады. Екінші данасы 

жыртылмалы  болады  жəне  кəсіпорынның  кассирі  есеп  беруінде  қолданылады,  кассалық  кітапқа  түзетулер 

енгізуге  болмайды.  Жіберілген  қателар    кассир  мен  бас  бухгалтердің  қолымен  сендіріледі.    Кəсіпорын 

кассасында  қолма-қол  ақшамен  қатар  чек  кітапшалары  жəне  басқа  да  бағалы  қағаздар,  қатаң  есеп  беру 

бланкілері  болуы  мүмкін.  Халықаралық  қаржылық  есеп  стандартынаа  сəйкес  шот  жоспары  төрт  белгіден 

құралады.  Кəсіпорын  2008  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  ХҚЕС  көшуге  байланысты  өзінің  жұмыс  шот 

жоспарын жасаған болатын жəне шаруашылық операциялары сəйкесінше бейнеленетін болады. 

Кассадағы  операциялар  есебі    -"Кассадағы  қолма-қол  ақша"  бөлімшесінің  активті  жинақтаушы 

шоттарында: 

1010  -"Кассадағы  ұлттық  валюта  түріндегі  қолма-қол  ақша"  жəне    1010  -"Кассадағы  шетелдік 

валюта түріндегі қолма-қол ақша" шоттарында жүргізіледі. 

"Кассадағы  ұлттық  валюта  түріндегі  қолма-қол  ақшаның"  есебі  Қазақстан  Республикасының 

Ұлттық банкі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тəртібіне сəйкес жүргізіледі. 

Кассаға ақша кірістелген кезде  1010 - "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша" шоты 

дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттеледі: 

1030 - "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша" шоты - кассаға есеп айырысу шотынан алынған 

сомаға; 

1250  -  "Қызметкерлердің  жəне  басқа  да  адамдардың  қарыздары"  қызметкерлердің  есебіндегі 

сомалар, жалақы, жетіспейтін сомалар, таоан-таражға түскен сомалар жəне т.б. бойынша кассаға өткізілген 

қарыздар; 

6010 - "Дайын өнімдарді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен табыс үшін қолма-қол ақшамен 

есеп айырысқан кезде. 

Кассадан ақша берілген кезде  1010 - шоты кредиттеледі жəне мына төмендегі шоттары дебеттеледі: 

3350 - "Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу" шоты - кəсіпорын қызметкерлеріне 

берілген еңбек ақысының сомасында; 

1250  -  "Қызметкерлер  мен  басқа  да  адамдардың  қарыздары"  шоты  -  кəсіпорын  қызметкерлерінің 

есебіне берілген сомаға; 

1030  -  "Есеп  айырысу  шотындағы  нақты  ақша"  шоты  -  кəсіпорынның  есеп  айырысу  шотына 

өткізілген, депозитке салынған жалақы жəне басқа түсімнің сомасына. 

Кассадағы ақша қаражатын кассадағы қолда бар ақшаны белгілеу жолымен жəне қатаң есеп берумен 

бланктерді полистік (сактандыру куəлігі) қайта есептеумен түгендейді. Түгендеу нəтижесін жеке «Қолда бар 

ақшаны түгендеу актісімен» рəсімдейді. 

Кассалық  операциялардың  есебін  кассир  кассалық  кітапта  жүргізеді,  ол  беттері  нөмірленген, 

тігілген  жəне  мөрмен  бекітілген  болуы  керек.  Кассалық  кітаптағы  беттер  саны  кəсіпорынның  бас 

бухгалтерінің  қолымен сендірілуі керек. Кассалық кітаптағы жазулар екі данада жазылады. Екінші данасы 

жыртылмалы  болады  жəне  кəсіпорынның  кассирі  есеп  беруінде  қолданылады,  кассалық  кітапқа  түзетулер 

енгізуге  болмайды.  Жіберілген  қателар    кассир  мен  бас  бухгалтердің  қолымен  сендіріледі.    Кəсіпорын 

кассасында  қолма-қол  ақшамен  қатар  чек  кітапшалары  жəне  басқа  да  бағалы  қағаздар,  қатаң  есеп  беру 

бланкілері  болуы  мүмкін.  Халықаралық  қаржылық  есеп  стандартынаа  сəйкес  шот  жоспары  төрт  белгіден 




жүктеу 1,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау