«Экономика жəне басқару факультеті»



жүктеу 1,38 Mb.
Pdf просмотр
бет14/41
Дата24.12.2017
өлшемі1,38 Mb.
#5624
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41

құралады.  Кəсіпорын  2008  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  ХҚЕС  көшуге  байланысты  өзінің  жұмыс  шот 

жоспарын жасаған болатын жəне шаруашылық операциялары сəйкесінше бейнеленетін болады. 

Кассаны  түгендеу  шаруашылық  жүргізуші  субъектінің  басшылығымен  əзірленген  жəне  бекітілген 

кассалық  операцияларды  жүргізу  Ережесіне  сəйкес  жүзеге  асырылады.  Кассаны  түгендеу,  қатаң  есеп 



берумен ққжаттар жəне  бланкілерді (əуе- жэне теміржол билеттері,  жанар-жағар май (бензин) талондарын 

жəне т.б.) түгендеу əдетте бас бухгалтер мен кассирдің қатысумен кенеттен болады. Түгендеу кезінде қолда 

бар  ақша  полистік  қайта  ессптеліп,  кассада  сақтаулы  басқа  да  құндылықтар  тексеріледі.  Түгендеу 

басталғанша (бірнеше касса) оларға сүргі салынады, яғни мөрленеді. Кассир түгендеу сəтінде кассалық есеп 

беруді  жасау  керек  жəне  кассалық  кітапша  бойынша  ақша  қаражатының  қалдығын  шығаруы  керек. 

Кассирден  барлық  кіріс  жəне  шығыс  құжаттары  есеп  беруге  кірді  жəне  кассада  кірістелінбеген,  есептен 

шығарылмаған  сома  қалған  жоқ  деген  қолхат  алынады.  Ақша  қайта  есептелінгеннен  кейін  кассадағы  ақша 

қаражатын  түгендеу  актісі  жасалады.  Түгендеу  нəтижесі  кассалық  кітапша  бойынша  бухгалтерлік  есеп 

деректерімен  салыстырылады.  Актіге  анықталған  жолсыздықтар  туралы  кассирдің  түсініктемесі  жəне 

түгендеу нəтижесі бойынша ары қарай шешім туралы субъект басшысының қарары жазылады. 

Түгендеу  барысында  мыналарды  тексеру  аса  қажет:  кассирмен  толық  материалдық  жауапкершілік 

туралы  келісімшарт  бекітілді  ме,  касса  талапқа  сай  жарақталған  ба,  сейф  кілттерінің  дубликаты  (көшірме 

нұсқасы) қайда сақталады. 

Мысалы. Кассаны түгендеу барысында 150 теңге артық шықты. Мұндай жағдайда кассалық кіріс ордері 

жазылып, мына жазулар бойьшша рəсімделетін субъект қызметінің нəтижесіне кірістеледі (жатқызылады): 

1010  «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті 

6230  «Негізгі емес қызметтен алынған басқадай табыс» шот кредиті                                15000 теңге                                                                                                                                   

Егер кассаны түгендеу кезінде 5 000 теңге кем шыықса, мұндай жағдайда: 

• 

анықталған кем сомаға кассалық шығыс ордері жазылады: 



 1280  «Бүлінген кұндылық шығыны, кем шығу» шот дебеті 

1010  «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот кредиті                   50000 ;                                                                  

кассирдің мойнына ақша салу 

 1250 «Материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысу» шот дебетІ 

1280  «Бүлінген кұндылық шығыны, кем шығу» шот кредиті                                             5000 теңге;                                                                                                                                                              

• 

кассирмен кем шығуды жабу (кассалық кіріс ордері жазылады):  



1010  «Кассадағы үлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті 

1250  «Материалдык зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысу» шот кредиті     5000 теңге 

ресімделуі,  құнды  қағаз  балансында  ескерілген  құнның  нақтылығы,  уақтылығы  жəне  құнды  қағаз 

бойышпа алынған табыстардың бухгалтерлік есепте толық көрініс табуы тексеріледі. 

       Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы 

немесе  корреспондеттік  шоттарын  ашқан  кезде,  шот  иесінің  пайдасына  келіп  түсетін  ақшаны  қабылдауды, 

оның өзіне немесе үшінші тараптарға тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі ұйғарымын орындауды жəне 

басқа  да  қызмет  түллерін  көрсетуді  өз  міндетіне  алады.  Банк  шоттары  бойынша  жасалған  келісім-шарты 

келесі  мəліметтерден  тұрады:  реквизиттері;  келісім  мəні  немесе  келісім-шарттың  жасалған  нəрсесі;  салық 

қызметі  органдары  берген  салық  төлеуші-шот  иелерінің  тіркеме  нөмірі;  банктің  көрсететін  қызметінің 

шарты жəне оларды төлеу тəртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылу 

мүмкін. 

Банк  пен  Қазақстан  Республикасының  резиденті  -  заңды  тұлға  мен  оның  жекеленген  құрылымдық 

бөлімшесі арасында келісім жасау үшін:  қойылған  қол  үлгілері  жəне мөр таңбасы  (оттискісі) бар құжатты; 

клиенттің  салық  есебіне  қойылғанын  растайтын  салық  қызметі  органдары  берген,  белгіленген  үлгідегі 

құжаты; аудандық еңбек жəне халықты əлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субьектінің 

Қазақстан  Республикасының  зейнеткерлік  қорына  жарналар  төлеуші  ретінде  тіркелгендігі  жөніндегі 

фактісін  растайтын  белгіленген  үлгідегі  құжаты;  мемлекеттік  тіркеуден  өткендігін  растайтын,  өкілетті 

органдар  берген  белгіленген  үлгідегі  құжаттың  көшірмесі  немесе  оған  теңестіріоген  құжаттың  көшірмесі; 

Қазақстан  Республикасы  заң  тəртібімен  бекітіліп,  куəландырылған  құрылтайшылық  құжаттың  көшірмесі 

тапсырылады. 

Банкте  жинақ  шоттарын  ашқан  кезде,  банктер  салымдарды  салушылардан  қабылдаған  келісім-

шартта  көрсетілген  тəртіпте,  оларға  марапаттау  төлеуге  жəне  əрекет  етіп  тұрған  заң  актілері  мен  келісім-

шартта қарастырылған тəртіпте жəне келісілген жағдаында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады. 

Егер  де  банкте  шот  пайдасына  жаңылыс  аударылып  кеткен  ақша  қаражаттың  фактісі  анықталса 

онда  ол  сол  құжаттарды  шот  иесіне  хабарламай-ақ  қатесін  жөндеуге  құқылы.  Бірақ  бұл  жағдай  келісім-

шартта қарастырылғаны жөн. 

Банктегі  шоттардың  көшірмесін  беру  келісім-шартқа  сəйкес  банктер  арқылы  жүзеге  асырылады. 

Банк  шот  иесіне  олардың  есеп  шоттарының  көшірмелерін  беру  қызметін  электрондық  тəсілмен,  егер  бұл 

келісімде  қарастырылған  болса,  арнайы  адам  жұмсау  арқылы  атқаруға  құқылы.  Банктердегі  есеп  шоттары 

бойынша  операцияларды  тоқтату  Қазақстан  Республикасының  заңына  сəйкес,шот  иесінің  ақша 

қаражаттарының  жұмсалынбауына  немесе  алуға  тыйым  салу  құқығы  бар  өкілетті  органдардың  тиісті 

шешімдерінің  негізінде  жүзеге  асады.  Банктегі  есепшоттары  бойынша  операциялардың  жаңартылуы  осы 



жүктеу 1,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау