3- сұрақ. Жарнама нарықтық қызметтің бір түрі, ол жеке бағытқа ие.
Жарнама тек маркетинг кешенінде ғана максималды тиімді болып табылады.
Ол маркетингтік коммуникацияның бір бөлігі болып табылады.
«Жарнама» сөзі бір нəрсені көрсететін, сатып алушыларды тартуды, бір
нəрсе туралы мəліметтерді таратуды білдіретін шаралар.
Көптеген мамандардың пікірінше жарнаманы тауарлар мен қызметтердің
сапасын жəне идеясын тұтынушылардың сұранысына жəне қажеттілігіне
айналдыратын коммуникацияның түрі ретінде қарастырады.
Жарнамалы коммуникация ақпарат көздерін белгілі бір каналдар арқылы
тұтынушыға жіберуді білдіреді.
Жарнамалы коммуникацияның негізгі элементтері:
1.
Жіберуші (коммуникатор)- Адресатқа жаранмалы үндеуді жіберуші.
2.
Кодттау белгілі бір кодтар түрінде тұтынушыға ұсынушының
идеяларды жіберуге ұмтылатын процессі.
3.
Коммуникация каналы коммуникация процесіне қатысушы жəне
ақпаратты жіберушілерді біріктіреді.
4.
Декодтау- жарнама кодын алушы тіліне аудару.
5.
адресат- жаранама ұсынылатын мақсаттыф аудитория.
6.
жауапты реакция жарнамамен байланыс жасау нəтежиесінде пайда
болатын алушылардың көзқарасын білдіреді.
7.
кері байланыс жіберушіге алушының жауапты реакциясын білдіреді.
Жарнамалы коммуникация процесінде əртүрлі теріс ықпалдар пайда болуы
мүмкін. Келесідей теріс ықпалдар болады:
-
физикалық;
-
психологиялық;
-
семантикалық
4-сұрақ. Жарнаманың көптеген түрлері болады. Олар əртүрлі мақсаттарды
көздейді, сонымен бірге экономикаға, идеологияға, мəдениетке, əлеуметтік
климатқа ықпалын тигізеді. Бірақ оның негізгі дəстүрлі мақсаты-тауардың
өтімін жəне жарнама берушінің табысын қамтамасыз ету болып табылады.
Сұраныс пен өтімді ынталандыра отырып, сатып алушыға тауарды сатып
алуға жəне сату процесін жеделдете отырып жаранама экономикалық
функцияны орындайды. Бұл функция жарнаманың бəсекелестікті
қолдайтындығын, өтім нарығын кеңейтетіндігінен көрініс табады.
Өндіруші мен оның тауары туралы көптеген ақпараттар ағымын
тұтынушыларға жібере отырып жарнама ақпараттық функцияны орындайды.
Сонымен бірге маркетинг жүйесінің бір бөлігі бола отырып, ол сатып
алушыларды
сату-сатып
алу
процесіне
тартып,
тұтынушыларды
ынталандыру механизмімен коммуникативті функциясын жүзеге асырады.
Жарнама қызметін зерттеу процесінде қолданылатын анкета, сұрау,
пікірлерді жинау көмегімен нарық жəне тұтынушы арасында кері байланыс
пайда болады. Бұл нарықтағы тауар қозғалысын бақылап, тұтынушылар
арасында тұрақты жүйе орнатуға, қажет жағдайда жаранама жəне өткізу
процесіне уақытында түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Осыған
байланысты жарнаманың бақылаушы жəне түзетуші функцияларын
қалыптасатынын көреміз.
Нарыққа жаңа тауарларды енгізу процесінде жаранама адам қызметінің
əртүрлі салаларында білімді таратуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты
жаранамасның білім беру функциясы қалыптасады.
Белгілі бір тұтынушылар категориясына ықпал етуге бағытталған өз
мүмкіндіктерін пайдалана отырып жарнама көбіне сұранысты басқару
функциясын орындайды.
Қортындысында жаранаманың барлық функциялары коммуникацияның
кешенінің басқа элементтері сияқты маркетингтің негізгі мақсаттарына
жетуге бағытталған яғни сұранысты қалыптастыру жəне өткізуді
ынталандыруға бағытталған.
5-сұрақ. Жарнама процесінің ерекшелігін жəне механизмдерін жетік меңгере
отырып маркетинг тұжырымдамасын жүзеге асырып, нарықтағы туристік
кəсіпорынның коммерциялық жетістігін қамтамасыз етуге болады.
Жарнама процесінің мəнін түсіну үшін оның негізгі технологиясын талдап,
оның жеке элементтерін бөліп қарастырамыз:
Жарнама
беруші
Жарнама
агенттігі
Жарнаманы
тарату
құралдары
тұтынушы
Жарнама беруші-жарнамаға тапсырыс беріп, оған ақша төлеген заңды немесе
жеке тұлға. Туристік фирмалар жарнама процесін əртүрлі ұйымдастырады.
Шағын фирмаларда жарнамамен жарнама агенттіктерімен байланыс
жасайтын маркетинг бөлімінің қызметкерлері айналысады. Ал ірі
фирмаларда əртүрлі жарнама шараларын жүзеге асыратын жарнама
қызметтері құрылады.
Масштабты жарнама акциялары үшін жаранма агенттіктерінің мамандары
тартылады.
Тақырып 2. Маркетингтік коммуникация жүйесіндегі жарнама
1.
Маркетинг коммуникациясының негізгі құралдары: жарнама, қоғаммен
байланыс, жеке сату жəне өтімді ынталандыру
2.
Қоғаммен байланыс жəне жарнама: жалпы жəне ерекше белгілері
3.
Жарнама ұғымы, мəні жəне ролі
1? Маркетингті кеңінен қолданғанға дейін нарықтық іс-əрекеттің негізгі
мақсаты, яғни максимум пайда алуға əр түрлі жолдармен қол жеткізілді.
Оның негізгілері болып келесілер табылады:
1. Өндірісті экстенсивті дамыту, өндірілетін өнім көлемін көбейту
(өндірісті жетілдіру тұжырымдамасы)