Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



жүктеу 4,1 Mb.
бет7/35
Дата15.04.2020
өлшемі4,1 Mb.
#29470
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35

БҰЗУШЫЛЫҚТАР

      190-бап. Тұтынушыларды алдау

      1. Сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, есептен жеуі, тауардың (көрсетілетін қызметтердің) тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруы немесе өзгедей алдауы –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      белгілі бір қызмет түріне лицензиядан айыра отырып және үш жылға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, елеулі залал келтіруге әкеп соққан әрекеттер –
      белгілі бір қызмет түріне лицензиядан айыра отырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ірі залал келтіруге әкеп соққан әрекеттер –
      белгілі бір қызмет түріне лицензиядан айыра отырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпе. Осы бапқа қатысты бір айлық есептік көрсеткіштен асатын сома – елеулі мөлшердегі залал, кемінде үш айлық есептік көрсеткіш сомасы – ірі мөлшердегі залал деп танылады.

      191-бап. Қаруды және оның патрондарын сату қағидаларын


                бұзу

      1. Тиісті лицензиясы бар заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қаруды және оның патрондарын сату қағидаларын бұзуы –


      лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      лицензиядан айыра отырып, сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      192-бап. Арнаулы техникалық құралдарды сату тәртiбiн бұзу

      Арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдарды, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардан басқа, тиiстi рұқсаты жоқ тұлғаларға сату –
      қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      193-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу


                туралы заңнамасын бұзу

      1. Сатып алушының өтiнуi бойынша тауар, оның шығарылған жерi, дайындаушылары, тұтыну қасиеттерi, кепiлдi мiндеттемелері және талаптар қою тәртiбi туралы қажеттi ақпарат бермеу –


      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – екi, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тауарлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты құқыққа сыйымсыз пайдалану –
      тауарлар тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – жетi, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап әрекеттерді (әрекетсiздiкті) жасау –
      тауарлар тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      194-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi


                қабылдаудан бас тарту

      1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның төлем карточкаларын пайдалана отырып, оларды қабылдаудан бас тартуы –


      ескерту жасауға немесе шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      195-бап. Дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем


                карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді
                жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының)
                болмауы

      1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы –


      ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      196-бап. Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз


                сауда жасау

      Еркiн сауда жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасау –


      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      197-бап. Темекi бұйымының маркасын пайдалану

      1. Темекi бұйымдарының өздерiн немесе темекi бұйымы сатылатын немесе тасымалданатын кез келген қорапты, қаптаманы қоспағанда, өзiнде темекi бұйымының маркасы бар кез келген тауарларды қасақана тарату, көрмеге қою, сату –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      198-бап. Темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат


                жөніндегі заңнама талаптарын бұзу

      1. Темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі заңнама талаптарын бұзу –


      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      199-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының темекi және


                темекi бұйымдарын сату, темекіге, темекі
                бұйымдарына демеушілік ету жөнiндегi, сондай-ақ
                темекi бұйымдарын имитациялайтын тауарларды
                өндiру, сату және тарату жөнiндегi талаптарын
                бұзу

      Ескерту. 199-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы Кодекстің 133-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі талаптарын бұзу –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету, сондай-ақ темекi бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндiру, сату, тарату – жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сегiз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 199-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      200-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь


                өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу

      1. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу –


      тиісті қызмет түріне лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн:
      сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн;
      этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу –
      тиісті қызмет түріне лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 200-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      201-бап. Тауарларды сауда желілеріне немесе ірі сауда


                объектілеріне әкелуді шектеу

      1. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда қызметі субъектілерінің тауарлар беру туралы шарт жасасудан негізсіз бас тартуынан не көрінеу кемсітушілік сипаттағы және:


      1) сауда қызметі субъектісіне осыған ұқсас қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен, сондай-ақ осыған ұқсас немесе өзге де талаптар бойынша басқа да сауда қызметі субъектілерімен тауарлар беру шарттарын жасасуға тыйым салу туралы;
      2) тауарлар беруді жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісінің осыған ұқсас қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен жасалатын шарттары туралы мәліметтер беруін талап ету туралы талаптар қамтылатын шарт жасасудан көрінетін, тауарларды сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне әкелуді шектеуі –
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      202-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол


                берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын
                мөлшерінен асыру

      1. Сауда қызметі субъектілерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асыруы –


      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      203-бап. Тауарларды құжаттарсыз сату

      1. Осы Кодекстің 415 және 416-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкерлердің және сауда қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың тауарды шығарған ел туралы, дайындаушы, беруші немесе сатушы туралы қазақ және орыс тiлдерiндегі мәліметтер не тауар (көрсетілетін қызмет) туралы анық және жеткiлiктi ақпаратты қамтитын құжаттарсыз сатуы –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – тоқсан, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      204-бап. Белгiленбеген орындарда сауда жасау

      1. Жергiлiктi атқарушы орган белгiлегеннен тыс орындарда сауда жасау –
      ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      205-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн


                қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес
                төлемдердi және негізгі капиталды сатудан
                түсетін түсімдерді толық және уақтылы төлемеу

      Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық және уақтылы төлемеу –


      жеке тұлғаларға – жеті, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алты жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      206-бап. Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын


                қабылдаудан бас тарту

      1. Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген, осы бапқа ескертпеде көрсетілген жағдайлардан басқа, төлемнің заңды құралы болып табылатын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулі құны бойынша қабылдаудан бас тарту –


      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген және осы бапқа ескертпеде көрсетілген жағдайлардан басқа, төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы –
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпе. Қазақстан Республикасының ұлттық валюта банкноттары мен монеталары мынадай жағдайларда:
      1) егер қолдан жасаудың (жалған екенінің) анық белгілері болса;
      2) техникалық шарттардан ауытқудың анық белгілері бар жарамсыз банкноттар мен монеталар (пішімінің сәйкес келмеуі, жыртылуы, нөмірленуінің сәйкес келмеуі, түзетілген жері, бояуларының араласуы, соғылғандағы бейненің араласуы және (немесе) көмескі болуы және басқа);
      3) ақша айналысынан алынған, сондай-ақ өтелген банкноттар мен қатпарлы монеталар;
      4) «ОБРАЗЕЦ», «SPECIMEN», «ҮЛГІ» деген жазуы бар банкноттар төлемнің заңды құралы болып табылмайды.

      207-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу


                туралы заңнамасын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық, аукциондық құжаттамаға қойылатын не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiлерге тиесiлiлігiн айқындайтын сипаттамаларын көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу –


      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Конкурстық не аукциондық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға конкурстық не аукциондық құжаттамаға енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн уақтылы жiбермеу, сол сияқты нақтыланған конкурстық не аукциондық құжаттаманы уақтылы жарияламау –
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту –
      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдер бар конверттердi конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiмiн, уақыты мен орнын бұза отырып ашу, сондай-ақ көрсетілген өзгерiстердi конкурстық құжаттамаға енгiзбей, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдер бар конверттердi ашу күнiн, уақыты мен орнын өзгерту –
      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi жеткiлiксiз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiсiнше ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге байланысты сауал жiберу, конкурстық комиссияның сол сияқты әрекеттері –
      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Әлеуеттi өнiм берушiлерге және (немесе) олар тартатын қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) конкурстық не аукциондық құжаттамада Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеу –
      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн критерийлердi конкурстық құжаттамаға енгiзбеу бөлiгiнде бұзу –
      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн критерийлердiң салыстырмалы мәнiн баға ұсыныстарына қолданбау бөлiгiнде бұзу –
      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Әлеуеттi өнiм берушiнi және (немесе) ол тартатын қосалқы мердiгерлердi (бiрлесiп орындаушыларды) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына және (немесе) конкурстық не аукциондық құжаттаманың талаптарына сай емес деп негiзсiз тану –
      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін олардың біртекті түрлеріне қарай және (немесе) оларды жеткізу (орындау, көрсету) орнына қарай лоттарға бөлмеу –
      лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Конкурстық не аукциондық комиссияның заңсыз шешiм қабылдауына негiз болған көрiнеу жалған сараптама қорытындысын сараптама комиссиясының шығаруы не сарапшының жасауы –
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Мынадай:
      1) өнiм берушiлер өздерiмен жасасылған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше орындамаған;
      2) жеңiмпаздар деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушiлер мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайларда, тапсырыс берушiнiң әлеуеттi өнiм берушiлердi, өнiм берушiлердi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгiнбеуi немесе уақтылы жүгiнбеуi –
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      13. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының өнiм берушiнi таңдауды және онымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтiн нормаларын қолданбай мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру –
      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      14. Осы баптың бiрiншi, төртiншi, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –
      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      15. Осы баптың екiншi және он біріншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –
      лауазымды адамдарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      16. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
      жеке тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      17. Осы баптың үшiншi, бесiншi, алтыншы және он екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –
      лауазымды адамдарға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпелер.
      1. Осы бапта лауазымды адамдар деп:
      1) бiрiншi бөлiкте – мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бiрiншi басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды және (немесе) конкурстық не аукциондық құжаттаманы әзiрлеуге тiкелей қатысатын адамдарды;
      2) екінші бөлікте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқаратын, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты адамдарды;
      3) үшiншi бөлiкте – тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамды, не оның мiндеттерiн атқаратын адамдарды;
      4) төртінші және бесінші бөліктерде – конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелері мен хатшысын;
      5) алтыншы бөлiкте – тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамды не оның мiндетiн атқаратын адамды;
      6) жетінші бөлiкте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшыларын;
      7) сегізінші бөлiкте – конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерін;
      8) сегiзiншi және тоғызыншы бөлiктерде – тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамды, не оның мiндетiн атқаратын адамдарды;
      9) тоғызыншы бөлікте – конкурстық не аукциондық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық не аукциондық комиссияның мүшелерін;
      10) оныншы бөлікте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшыларын түсіну керек.
      2. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жойылған жағдайда, лауазымды адам осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
      Ескерту. 207-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.11.2015 № 393-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау