Әдістімелік нұСҚаулық



жүктеу 1,14 Mb.
Дата21.01.2018
өлшемі1,14 Mb.
#7811


Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/11


Әдістемелік нұсқау

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
С. Торағыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Экономика және кәсіпорындағы басқару кафедрасы

ӘДІСТІМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

пәнді оқұға арналған


«Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша

050506 «Экономика» , 050509 «Қаржы», 050508 «Есеп және аудит» мамандықтарының студенттеріне арналған

Павлодар


Әдістемелік нұсқаудың

бекіту беті

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/11






Бекітемін

Қаржы-экономикалық факультетінің деканы

________Т.Я. Эрназаров

200___ж. «___»_________


Құрастурышы: аға оқытушы ________________ Шеген Г.И.

Экономика және кәсіпорындағы басқару кафедрасы


ӘДІСТІМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

пәнді оқұға арналған


«Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша

050506 «Экономика» , 050509 «Қаржы», 050508 «Есеп және аудит» мамандықтарының студенттеріне арналған


Кафедра отырысында ұсынылған 200_ж. «__» __________ №_____хаттама

Кафедра меңгерушiсi________С.К. Кунязова

Қаржы–экономикалық факультетінің оқу- әдiстемелiк кеңесiмен мақұлданған

200_ж. «___» ____________№____ хаттама

ОӘК төрайымы_______ Л. А. Сидорова



Пән туралы мәліметтер
Пәннің еңбек көлемі 135 сағатты құрайды, олардың 45 сағаты аудиториядағы жұмысқа арналған, ал қалған 90 сағаты пән оқуға арналған студенттердің өздік жұмысына арналған (СӨЖ). Аудиториялық уақытты сабақтар түріне бөлу тақырыптық жоспарда келтірілген.

Бұл пәнді беру мақсаты болып шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық механизмін зерттеу негізінде студенттердің экономикалық ой-өрісін дамыту болып табылады.

Осыған байланысты пәнді оқытуда келесі негізгі міндеттер қойылады:

- кәсіпорын мәнімен, оның ұлттық экономика жуйесіндегі орны мен рөлімен шаруашылық объектісі ретінде танысу;

- нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеуді ескере отырып нарықтық экономиканың агенті ретінде кәсіпорынға сипаттама беру;

- кәсіпорынның ресурстық базасы мен әр түрлі ресурстарды пайдалану тиімділігін қарастыру;

- кэсіпорынның қызмет етуінің шаруашылық механизмі мен оның қызметінің қаржылық нэтижелерін оқып білу.

Пәнді оқу барысында студенттер міндетті:

- кәсіпорында жүретін экономикалық қүбылыстар мен үрдістердің мәнін, олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін терең түсінуді;

- оларды жүйелеу мен модельдеуді білуді, факторлардың әсерін анықтауды;

- жетілген нәтижелерді бағалауды, өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін анықтауды үйрену керек.

Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттің басқарушылық сонымен қатар, орындау сипатындағы кәсіптік мәселелерді шешу жөніндегі ұтымды шешім ойлап табу үшін және кәсіпорынның шаруашылық міндетемелерін ең жақсы шешу тәсілін тандауға қажетті творчествалық өй-өрісін дамыту керек; кәсіпорынның экономист ретінде творчествалық, одан әрі белсенді кәсіптік қызметті жүргізу үшін тәжірибелік дағдылар болу керек.



1-тақырып Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу

Оқылған сұрақтар:

- Үлттық экономика. Қазақстан Республикасы экономикасының

қазіргі кездегі салалық қүрылымы;

- Нарықтың мәні және негізгі категориялары. Нарық түрлері, олардың ерекшеліктері және өзіне тән қасиеттері, оның элементтерінің бірлігі және қайықшылықтары;

- Нарық механизмі: мәні, құрамдық элементтері. Нарықтық инфрақұрылымының негізгі элементтеріҢ

- Кәсіпкерлікті дамыту;

- Кәсіпкерлік: нысандары және түрлері;

- Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел, оны бағалау әдістері.

Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 10, 11, 20-24]

Негізгі түсініктемелер

¦лттыќ экономика к‰рделі кµп дењгейлі шаруашылыќ ж‰йе деп ќарастырылады, оныњ мєні зерртеу маќсатына ќатысты аныќталынады. Экономикалыќ ќызметті талдауда ±лттыќ экономиканыњ аныќтамасы келесідей:

¦лттыќ экономика – сол елге тєн ќоѓамдыќ ењбек бµлінісініњ, ѓылыми-техникалыќ даму мен халыќаралыќ ынтымаќтастыќ нєтижесінде ќалыптасатын µзара ќатынастаѓы салалардыњ (экономикалыќ ќызмет т‰рлерініњ) біріњѓай кешені.

¦лттыќ экономиканы ќ±рылымдыќ жаѓынан ќ±ќыќтыќ, салалыќ жєне кењістік ±йымдар арќылы ќарастыруѓа болады.

Ќ±ќыќтыќ жаѓынан ұлттыќ экономика – б±л зањды т±лѓа статусы бар ±йымдар жиынтыѓы (коммерциялыќ жєне коммерциялыќ емес ±йымдар);

Салалыќ жаѓынан ұлттыќ экономиканы талдау кезінде экономикалыќ ќызмет сферасы, акторы, саласы, т‰рі деген т‰сініктер ќолданылады.

¦лттық экономиканы сфераларѓа бµлу олардыњ жалпы ішкі µнім мен ±лттыќ µнімніњ есептелуіне ќатысуларымен ж‰зеге асырылады. Сонымен бірге, сфераларѓа бµлу біріњѓай экономикалыќ ќызмет тізбегін ќарастыруѓа м‰мкіндік береді. Осыѓан сєйкес барлыќ ұлттыќ экономика екі сфераѓа бµлінеді: материалды µндірістік сферасы мен µндірістік емес сфера.

Материалды µндірістік сферасы – айналым сферасында µндіріс процессініњ жалѓасы болып табылатын ќызметтерді атќаратын немесе материалдыќ блага жасайтын экономикалыќ ќызмет т‰рлері мен салаларыныњ жиынтыѓы ретінде ќарастырылады. Осы сферадаѓы ќызмет нєтижелеріне жататындар: µндірістік – технологиялыќ сипаттаѓы µнім, кењінен т±тынылатын товарлар мен б±йымдар (т±тыну товарлары), тасымалдау, байланыс ќызметтері жєне т.б.

Нарықты мемлекеттік реттеу – екі негізгі функцияны орындаудағы мемлекеттік органдардың қызметі.

1) нарықтық механизм жұмысының дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету;

2) нарықтық механизмі әлсіз салалар экономикасына әсер ету.

Экономиканы мемлекетік реттеу – нарықтық механизмнің әрекет етуінің дұрыс жағдайын қамтамасыз ету мақсатында нарықтық конъюнктура мен шаруашылық субъектілер қызметіне мемлекет тарапынан әсер ету.

Әсер ету объектісіне байланысты экономиканы мемлекеттік реттеу ресурстарды, өндірісті, қаржыны реттеуді қамтиды. Ол экономикалық саясатты жүргізу арқылы жүзеге асады.

Экономикалық саясат – экономиканы басқару бойынша әрекеттер жиынтығы, шаралар жүйесі.


2-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде

Оқылған сұрақтар:

- Кәсіпорын - шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізуші;

- Кәсіпорындар қалыптастырудың негізгі қағидалары. Кәсіпорынның басты міндеттері және функциялары;

- Кәсіпорынның кәсіпкерлік міндеттемелері жэне кұқықтары;

- Кәсіпорындардың жаңа түрлері - халықтық кәсіпорыңдар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар;

- Банкроттықтың түсінігі және белгілері. Банкроттық және дағдарыс кезіндегі кәсіпорынды қайта құру және басқару

Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 8, 12]

Негізгі түсініктемелер

Кәсіпорын – заң тәртіптері бойынша тіркеуден өткен, мүлікті пайдаланудан, тауарларды сатудан, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету арқылы пайда табуға жүйелі түрде бағытталған кәсіпкерлік қызмет субъектісі.

Шаруашылық етудің нарықтық жүйесі жағдайында кәсіпорын оның негізгі буыны болып табылады. Ол ұлттық шаруашылықтың іскерлік белсенділігін анықтайды, осында өнім жасап шығарылады және қызметкер мен капиталдың тікелей байланысы жүзеге асырылады. Кәсіпорында білікті мамандар, кадрлар жұмылдырылған, ресурстарды үнемді пайдалану және өтімділігі жоғары техника мен технологияны пайдалану мәселелері шешіледі. Сонымен қатар, кәсіпорын жұмыс орындарын қалыптастыра отыра, тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді, салықтарды төлеу арқылы әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысады.

Кәсіпорын – сұранысқа қажетті өнім өндіру, жұмыстарды орындау және қызмет түрлерін көрсету үшін материалдық және ақпараттық ресурстарды пайдаланатын жан-жақты шаруашылық субъект. Ол өз қызметімен жеке дербес түрде айналысады, салықтар, басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайда мөлшерін өзі бөледі, яғни кәсіпорын жеке дербес тауар өндіруші болып табылады.

Салааралық құрылымы бойынша кәсіпорындар «тар» мамандандырылған , көп профилді және аралас болып бөлінеді:

- «тар» мамандандырылған – жаппай немесе ірі сериялы өндіріс өнімдерінің шектеулі ассортиментін шығаратын кәсіпорындар (шойын, ет, бидай өндірісі және т.б.);

- көп профилді кәсіпорындар түрлі жағдайда пайдаланылатын және кең ассортиментті өнімдерді шығарады. Өнеркәсіпте олар бір уақытта теңіз кемелерін, жеңіл көліктерді, компьютерлерді дайындауға мамандандырылуы мүмкін. Ауыл шаруашылығында – бидай, жеміс-жидек, малдарды өсіру және т.б.;

- аралас кәсіпорындар шикізаттың немесе дайын өнімнің бір түрін параллел немесе тібектей түрде басқа түрге, үшінші бір түрге ауыстырады.

Қызмет сипатына байланысты:

- өнеркәсіптік;

- өндірістік;

- сауда;


- транспорттық;

- инвестициялық және т.б. кәсіпорындар болып бөлінеді.

Кәсіпорын құрылымы – бұл бүтін шаруашылық объектіні құрайтын ішкі буындардың: цехтар, учаскелер, бөлімдер, лабораториялар және басқа да бөлімшелердің құрамы мен ара-қатынастары. Оның жалпы, өндірістік және ұйымдық құрылымы болады.

Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы – бұл басқару аппараты бөлімшелері және олардың өзара байланыстары мен өзара бағыныштылығының құрамы. Кәсіпорынның басқару аппараты – басқарушылық шешімдерді дайындауға және оны жүзеге асыруға жауапкершілік жүктелген басшылар мен мамандар тобы. Басқару аппаратының ұйымдық құрылымы бірнеше буын сандарымен сипатталады, көбіне үш буынды жүйе қолданылады: президент (директор, басқарушы) – цех (бөлім) басшысы – мастер (бригадир). Әрқайсы өзіне жүктелген жұмыс учаскесіне жауапты болады. Басқару құрылымының түрлері: сызықты, функционалды, сызықты-функционалды, сызықты-штабты, өнімдік, дивизионалды, жобалық, матрицалық, бағдарламалы-мақсатты, бригадалық, төңкерілген пирамида түріндегі басқару құрылымы.

Функционалды ұйымдық құрылым көп жағдайда дәстүрлі немесе классикалық деп те атайды. Осы құрылымдағы бөлімшелер қызметінің нақты сипаттамалары ұйым қызметінің басты бағыттарын қамтиды. Ұйым қызметінің дәстүрлі функционалды зоналарына (аймақтарына) маркетинг, өндіріс және қаржы бөлімшелері жатады. Бұл ұйымдық құрылымның негізгі идеясы мамандандыру артықшылықтарын толықтай пайдалану және басшылықтың шамадан артық болмауын қадағалайды.

Дивизионалдық құрылымда ұйымды құрылымдық бөлімшелер мен элементтерге бөлу товарлар мен қызмет түрлері бойынша, сатып алушылар топтары немесе географиялық аймақтар бойынша жүргізіледі. Бұл құрылымдарды сәйкесінше келесідей атайды: өнімдік құрылым, сатып алушыға бағытталған құрылым, аймақтық құрылым.

Көлденең еңбек бөлінісіне негізделген функционалды және дивизионалды құрылымдармен салыстырғанда сызықтық құрылымның элементтері тік сызық бойынша бағынышты иерархиясы болады.

Сызықтық құрылым көп үлкен емес ұйымдар үшін тиімді. Ұйымның өсуіне байланысты басқарудың түрлі деңгейлеріне маманадар мен эксперттерді тартудың қажеттілігі туындайды. Бұл жағдайда құрылым сызықты-штабтық деп аталады. Ұйымның функционалды күрделілігінің және орындалатын жұмыстарының артуы жағдайында сызықты-штабтық құрылымды пайдаланады.

Жұмыстардың жобалық ұйымы өзінің мәні бойынша нақты мәселені (міндетті) шешу үшін құрылатын уақыттық құрылым болып табылады. Осы жұмыстар ұйымының мәні мынада: күрделі жобаны белгіленген уақытқа және белгіленген сапаға сәйкес орындау үшін ұйымның біліктілігі жоғары қызметкерлерінен бір команданы (топты) құру. Команда жоба аяқталғанға дейін бірге жұмыс жасайды.

Матрицалық құрылымдағы жоба басшылары толықтай нақты жоба бойынша қызметтің барлық түрлері мен ресурстарын интеграциялауға жауапты. Оларға қажетті барлық материалды және қаржы ресурстары бөлінеді. Жоба басшысында жобалық өкілеттік болады. Мұндай өкілеттіктер компаниядағы жұмыстарды ұйымдастыруда кең көлемде өзгеруі мүмкін.

Кәсіпорынның ішкі ортасы оның миссиясы мен мақсаттарына байланысты қалыптасады, ал олар өз алдына көп жағдайда сыртқы ортамен анықталады. Кәсіпорынның ішкі ортасы құрамына адамдар, техника, технология, ақпараттар, өндірісті ұйымдастыру мен басқару және т.б. енеді. Оны бірнеше негізгі кіші жүйелер арқылы көрсетуге болады:

- әлеуметтік;

- технологиялық;

- өндірістік-техникалық;

- экономикалық;

- ақпараттық;

- ұйымдастырушылық;

- қаржылық;

- маркетингтік;

- ғылыми-инновациялық;

- коммерциялық және т.б.

Кәсіпорынның ішкі орта құраушыларының маңызы өте зор, сонымен қатар кәсіпорын – бұл онда қызмет ететін адамдар ұжымы, оның басты байлығы. Олардың қабілеттері, білімдері, біліктілігі, тәжірибесі, еңбекке деген қатынасы нәтижесінде фирманың имиджіне, мәртебесіне, өнім сапасына, кәсіпорын жұмысының нәтижесіне үлкен үлес қосады. Кез-келген кәсіпорын – түрлі кіші жүйелерден құралып бір әлеуметтік-экономика-техникалық кешен құратын күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйе. Сондықтан барлық кіші жүйелер бір-бірімен байланысқан және бір-бірін толықтырады.

Сыртқы орта – кәсіпорын аумағында әрекет ететін және оның түрлі қызмет аясына әсер ететін белсенді шаруашылық субъектілер, экономикалық, қоғамдық және табиғи жағдайлар, ұлттық және мемлекет аралық институционалды құрылымдар мен басқа да сыртқы жағдайлар мен факторлардың жиынтығы. Сыртқы ортаны екіге бөледі:

- микроорта – кәсіпорынға тікелей әсер ету ортасы, оған материалды-техникалық ресурстармен жабдықтаушылар, кәсіпорын өнімін (қызметін) тұтынушылар, сауда және маркетингтік делдалдар, бәсекелестер, мемлекеттік органдар, қаржы-несие мекемелері, сақтандыру компаниялары мен басқа да байланыс аудиториялары;

- макроорта, кәсіпорынға және оның микроортасына әсер етеді. Оның құрамына табиғи, демографиялық, ғылыми-техникалық, экономикалық, экологиялық, саяси және халықаралық орта жатады.
3-тақырып. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

Оқылған сұрақтар:

- Өндіріс тиімділігінің мәні, тиімділікке әсер ететін факторлар жэне көрсеткіштер жүйесі;

- Өндірістік қызметінің тиімділік көрсеткіштері;

- Кәсіпорын өтімділігін сипаттайтын көрсеткіштер;

- Қаржы түрақтылық көрсеткіштері;

- Салыстыру базасын таңдау. Салыстырылған варианттардың дербес жағдайлары;

- Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтаудағы (көрсеткіштерді дисконттау) уақыт факторын есептеу әрдістері;

- Варианттарды салыстырудағы сапалық талдау. Кәсіпорындар қызметінің тиімділікті бағалау экологиялық аспектілері

Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 12, 17]

Негізгі түсініктемелер

Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні қоғамның мүдделеріне сай ең аз мүмкін болатын шығындармен барынша жоғары нәтижелерге жету ретінде экономистердің копшілігімен түсіндіріледі. Сондықтан ондірістің экономикалық тиімділігін анықтау өндірістің нәтижесін, осы нәтижені қамтамасыз ететін нақты және алдыңғы уақыттағы еңбектің тұтас шығындарымен салыстыруға негізделуі қажет.

Өндіріс тиімділігін аныктау үшін оның өлшемін, яғни мәнін ашып көрсететін бағалаудың басты бслгісін анықтау-дан басталады. Өндірістің экономикалық тиімділік өлше-мінің мағынасы кәсіпорынның алдына қойылған даму мақсаттарына сәйкес алынатын нәтижелерді барынша кө-бейту немесе жұмсалған шығындарды мүмкіншілігіне қа-рай аз жұмсау қажеттілігінен шығады. Мүндай мақсаттар ретінде өмір сүруді жэне тұракты өсуді камтамасыз ету, құрылымдықты қайта кұру, әлеуметтік стратегия және т.с.с. түрлері болуы мүмкін. Осы мақсаттардың алуан түрлілігіне қарамастан ең жоғары экономикалық нәтижелерге жету, ұзақ мерзімді даму болашағын ескере отырып, пайданың мол келемін табуға ұмтылу максаттары үстем болып табы-лады.

Жұмсалған капиталдан ең көп пайда алу кәсіпорынның ұзак мерзімді даму болашағын қамтамасыз ететін нарықтык іс-әрекетінің маңызды экономикалық нәтижесі болып табылады. Пайда мен бір мезгілді шығындардың арақатынасы өндірістіц тиімділігін шын мәнінде арттырудың бастапқы негізі болып табылады. Бірақ нарық заңдарына сәйкес өндіріс тиімділігін еңбек өнімділігімен бірдей деп қарастыруға болмайды.

Ақырында экономикалық тиімділігін еңбек өнімділігінің өсу аркасында көруге болады. Демек, еңбек өнмділігінің деңгейі өндірістің экономикалық тиімділігінің өлшемі болып табылады. Еңбек өнімділігі жоғары болған сайын өндіріс шығындары төмен, ал еңбек шығындарының экономикалық тиімділігі жоғары болады.

Еңбек өнімділігі - нақты еңбск шығындарының көрсет-кіші. Оны өндірілген өнім көлемін өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың бір жұмыскеріне (бір жұмысшыға емес) бөлу арқылы аңықталады. Экономикалық тиімділікті күндік немесе айлық еңбек өнімділігі емес, сағаттық еңбек өнімділіп аркылы сипаттаған дұрыс, себебі еңбек уакытының пайдаланылуына себептердің әсері әр түрлі болғандықтан, бұл уақытта оны дәлірек анықтауға мүмкіндік туады.
4-тақырып. Кәсіпорынның негізгі капиталы

Оқылған сұрақтар:

- Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың қүрамы және қүрылымы;

- Ұдайы өндірістің нысандары және негізгі капиталды жетілдіру;

- Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы;

- Амортизацияны есептеу әдістемелер: біркелкі, өндіріс-тік, жеделдетілген (кумулятивті, қалдық қүнын азайту);

- Нарықтық қатынастар қалыптасу кезіндегі Қазақстан Республикадағы амортизациялық саясат;

- Негізгі капиталды пайдалану көрсеткіштері;

- Кәсіпорынның тіркелген активтер.

Ұсынылған әдебиеттер [8,9,10,11,12]

Негізгі түсініктемелер

Негізгі қорлар (негізгі капитал) - өндіріс үрдісінде ұзақ уақыт бойы қызмет ететін және осы уақыт ішінде өздерінің натуралды-заттық формасын сақтап, өз құнын дайын өнімге тозу мөлшеріне байланысты бөлшектеп, біртіндеп амортизациялық аударымдар түрінде аударатын өндірістік, материалды-заттық құндылықтар жиынтығы. Негізгі қорлар негізгі өндірістік және негізгі өндірістік емес қорлар деп екіге бөледі.

Салалық құрылым өнеркәсіп бойынша негізгі қорлардың жиынтық баланстық құнындағы өнеркәсіп салалары бойынша негізгі қорлар құнының үлестік салмағымен сипатталады.

Өндірістік құрылым – негізгі қорлардың әр тобының немесе әр элементінің жалпы құнындағы үлестік салмағымен сипатталады.

Технологиялық құрылым – негізгі қорлардың нақты тобының ішіндегі әр түрінің үлесін көрсетеді.

Өспелі құрылым – негізгі қорлардың түрлі өспелі топтарының олардың жалпы құнындағы үлестік салмағымен сипатталады.

Негізгі қорларды тиімді басқаруда оларды бағалаудың мәні зор. Тәжірибеде негізгі қорларды есепке алып, талдауда натуралды және ақшалай түрде бағалайды. Негізгі қорларды натуралды түрде есепке алу олардың техникалық жағдайын, кәсіпорынның өндірістік қуатын, жабдықтарды пайдалану дәрежесін анықтау және басқа да мақсаттар үшін қажет. Осы мақсатта жабдықтарды инвентаризациялау және паспорт жүргізу, оның шығарылғандығы және енгізілгендігі туралы есептер жүргізіледі.

Негізгі қорларды ақшалай немесе құндық бағалау негізгі қорлардың жалпы көлемін, динамикасын, құрылымын, дайын өнімге аударылатын құн мөлшерін анықтау, сонымен бірге күрделі салымдардың экономикалық тиімділігін есептеу үшін қажет.

Физикалық тозу – бұл табиғат күшінің, еңбек үрдісінің және басқа да факторлардың әсерінен объектінің механикалық, физикалық, химиялық және басқа да қасиеттерінің өзгерісі, экономикалық тұрғыдан қарастырғанда бұл негізгі қорлардың өздерінің бастапқы тұтыну құнын біртіндеп жоюы.

Моралды тозу – олардың ұдайы өндірісіне қажетті қоғамдық шығындардың азаюы әсерінен машина мен қондырғылар құнының төмендеуі (моралды тозудың бірінші түрі) немесе жаңа, прогрессивті және экономикалық жағынан тиімді машиналар мен қондырғылар түрін енгізу нәтижесінде олардың құнының төмендеуі (моралды тозудың екінші түрі).

Амортизация - негізгі қорлар құнының бір бөлігін өнімді өндіруге кеткен шығындарға қосу арқылы негізгі қорлардың тозуын ақшалай төлеу. Содан, амортизация - негізгі қорлардың физикалық және моралды тозуларын ақшалай көрсету.

Амортизация үрдісі – бұл негізгі қорлардың қызмет көрсету кезеңі ішінде өз құнын өндірілетін өнімге біртіндеп ауыстыруы және осы құнды пайдаланылған негізгі қорлардың орнын толықтыру үшін қолдану деп түсіндіруге болады. Өнім құрамына ауыстырылған негізгі қорлар құны өндіріс сферасынан өтіп, айналым сферасына түседі. Өнім өткізілгеннен кейін негізгі қордың ауыстырылған құнына сәйкес ақшалай сомасының бір бөлігі амортизациялық қорға түседі. Амортизациялық қор тозған негізгі қорлардың орнына жаңа негізгі қорларды сатып алу үшін пайдаланылады.


5-тақырып. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар

Оқылған сұрақтар:

- Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі;

- Пайдалы қазбалар қорлардың жіктелуі және оларды экономикалық бағалау;

- Қазақстан Республикасьшың шикізат базасы және оны дамыту бағыттары. Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму жагдайындағы отын-энергетикалық кешенді дамыту;

- Кәсіпорынның энергетикалық ресурстарын пайдалануды жақсарту жолдары;

- Шикізат таңдаудың экономикалық негіздеуі, шикізатты кешенді түрде пайдалану, өндіріс қалдықтарын өндіру, шикізатты алғашқы өндеуден өткізу және толықтырудың экономикалық тиімділігі;

- Материалдық ресурстарды пайдалануды талдау әдістері, көрсеткіштері, факторлары және мэні.



Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 7-14]

Негізгі түсініктемелер

Шикізат, материалдар, отын, энергия - бұлар еңбек затына жатады, ягни олар еңбек кұралы мен адам еңбегінің әсеріне тап болып, нәтижесінде адамның өндірістік және жеке қажеттілігін өтеу үшін өздерінің түрлері мен қасиеттерін өзгертеді. Бұл ресурстар онеркәсіптің материалдық-техникалық базасының заттық элементі болып табылады. Олар айналым қорының кұрамына кіріп, толығымен өзінің құнын дайын өнімге өткізеді.

Отын-энергетикалық ресурстар ықтималды және нақты деп екі топқа бөлінеді.

Ыктималды отын-энергетикалык ресурстарға елдін белгілі бір экономикалық аймағындағы отын мен энергиянын барлық түрімен байланысты қорлар жатады.

Кең мағынада нақты отын-энергетикалық ресурстар деп ел экономикасында пайдаланылып жаткан энергияның барлық түрінің жиынтығын айтамыз.

Жекелеп айтқанда пайдаланылатын отын-энергетикалық ресурстарды төмендегіндей түрде көрсетуге болады.


  1. Табиғи отын-энергетикалық ресурстар (табиғи отындар) — көмір, мұнай, табиғи және пайдалы газ; судың, желдін табиғи механикалык энергиясы, атом энергиясы; табиғи отын көздеріне күннің, жер асты буының күші жатады.

  2. Отын ресурстары - өңдеу кезіндегі пайда болған
    өнімдер (кокс, брикеттер, мұнай өнімдері, жасанды газдар,
    байытылған көмір және т.б.)

  3. Негізгі технологиялық үдерісте алынатын көмекші
    (кайталама) энергетикалық ресурстар (отын қалдықтары, пай-
    даланылмаған газ, ондірістегі өнімдердің жылуы және т.б.).

Экономикалық түрғыдан карағанда халық шаруашылығында пайдаланылатын шикізаттың барлық түрі екі үлкен топқа бөлінеді:

1. Өндірістік шикізат - бұл өндірістен алынады және көбінесе саланын ауыр өнеркәсібінде пайдаланылады.

II. Аумл шаруашылығының шикізаты - бүл ауыл шаруашылығы саласында өндіріліп, негізінен жеңіл және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады.

Өндірістік шикізат өз алдына екі кәшә топқа бөлінеді:

- минерал тектес шикізат, яғни жер қойнауынан алынған шикізаттар;

- жасанды шикізат, яғни жасанды жолмен алынатын шикізаттар мен материалдар.

Негізгі шикізатқа жаңа дайындалған онімнін материалдық негізін калайтын еңбек заттары жатады. Дайын өнімді дайындауға мүмкіндік жасайтып бүйымдар көмекші шикізатқа жатады. Шікізат кей уақытта негізгі материал болып табылып, ал одан баска уақытта көмекші материалдын кызметін атқаруы ықтимал. Сондықтан корсетілғен саралану белгілі бір дәрежеде шартты сипаттама болып саналып, саланың ерекшелігіне, есепкисабына, жоспарлау және экономикалық талдауына байланысты болады. Сол себепті отын мен энергияның маныздылы-гын ескере отырып, көп салада оны көмекші материалдардың кұрамынан бөліп алып, жеке-дара қарастырады.

Тамақ өнеркәсібінде негізінен ауыл шаруашылығының шикізаты пайдаланылады. Қазақстанда әр түрлі табиги-климаттық ерекшелікке байланысты халықтың қажеттілігін қам-тамасып етуге толықтай жететін бірнеше түрлі ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылады.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттырудің бірден-бір шарты аймақтық мамандандыру болып табылады. Елдің аймақтарына қай өсімдікті өсіруге болатынын көрсететін көрсеткіш — шығымдылык пен сапа.
6-тақырып. Айналым капитал

Оқылған сұрақтар:

- Айналым капиталы: оның құрамы және құрылымы. Айналым капиталды қаржыландыру көздері;

- Айналым қаржылардың айналымдылығын жеделдету факторлары;

- Кәсіпорын жүмысының экономикалық көрсеткіштерін жақсартудағы айналым қаржылардың айналымдылығын жеделдетудің мәні;

- Айналым қаржылар қажеттілігін анықтау: өндірістік қор, аяқталмаған өндіріс және дайын өнімді қалыптасу үшін;

- Кәсіпорындағы айналым қаржылардың элементтерін үнемдеу;

- Кэсіпорын жүмысының нәтижесіне айналым капиталды басқаруының әсері. Кәсіпорынның айналым қаржыларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.



Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 7-14]

Негізгі түсініктемелер

Айналым қорлары – құндық түрдегі өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорлары жиынтығын сипаттайтын активтер, кәсіпорын мүлігінің бір бөлігі. Бұл өндірістегі, қоймалардағы өндірістік запастарды жинақтау, жабдықтаушылармен, бюджетпен есеп айырысу, еңбек ақыны төлеу үшін кәсіпорынға қажетті ақша қаржылары. Айналым қорларының құрамы оны құраушы элементтердің жиынтығын сипаттайды.

Айналым қорлары - өндіріс үрдісінің міндетті элементі, өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігі. Өнім бірлігіне шаққандағы шикізат, материалдар, жанармай мен энергия шығындары аз болған сайын, оның өндірісіне шығындалатын еңбек үнемді шығындалады, соншалықты өнімнің құны да төмен болады.

Өндірістік запастар - өндірістік үрдісті жүргізу үшін дайындалған еңбек құралдары. Оларға жататындар: шикізат, негізгі және қосымша материалдар, жанармай, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен бұйым бөлшектері, негізгі қорларды жөндеуге қажетті бөлшектер.

Болашақтағы шығындар – сол кезеңде жүзеге асырылатын, бірақ болашақ кезеңдегі өнімге жататын, жаңа өнімді дайындау, оны игеру шығындарын қамтитын айналым қорларының мүліктік емес элементтері. Мысалы, бұйымның жаңа түрінің технологиясын дайындау және оны жасақтау, құрастыру шығындары, құрал-жабдықтар орнын ауыстыру шығындары және т.б.

Айналыс қорлары айналым аясын қамтамасыз етеді, оған жататындар: қоймадағы дайын өнім, жолдағы тауарлар, ақша қаржылары және тұтынушылармен есеп айырысу қаржылары, соның ішінде көбіне дебиторлық қарыз.


7 тақырып. Еңбек ресурстары

Оқылған сұрақтар:

- Енбек нарығы: мәні және қызмет ету механизмі;

- Қазақстан Республикада халықты әлеуметтік қорғау түжырымдамасы;

- Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы, қалыптасу көздері. Кадрлардың құрамы және құрылымы;

- Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттігін анықтау;

- Кәсіпорындағы кадрлық жұмыс;

- Кәсіпорынның қызметін тиімді істеу үшін ұймдастырушылық мінез-қүлықтың мэні жэне маңызы.



Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 7-14]

Негізгі түсініктемелер

Кәсіпорын кадрлары – бұл кәсіпорында қызмет ететін және тізімдік құрамына енетін түрлі кәсіби-біліктілік топтар қызметкерлерінің жиынтығы. Кәсіпорын қызметкерлерінің жеке құрамы мен категорияларының құрамдық және сандық ара қатынасы кадрлар құрылымын сипаттайды.

"Кадрлар", "персонал", және "кәсіпорынның еңбек ресурстары" түсініктері де әр түрлі. "Кәсіпорынның еңбек ресурстары" түсінігі оның потенциалды жұмыс күші, "персонал" – тұрақты және уақытша жұмыс жасайтын біліктілігі бар және біліктілігі жоқ қызметкерлердің барлық жеке құрамы. "Кадрлар" деп кәсіпорынның көп жағдайда біліктілігі бар негізгі (штаттық, тұрақты) қызметкерлер құрамы.

Қызметкерлер санының нормасы (Нс) – нақты өндірістік, басқарушылық қызметтерді немесе нақты жұмыс көлемін орындау үшін қажетті кәсіби-біліктілік құрамындағы қызметкерлердің бекітілген саны. Қызметкерлер санының нормасы бойынша кәсіби, мамандығы, жұмыс түрлері мен топтары, толықтай кәсіпорын, цех немесе оның құрылымдық бөлімшелері бойынша еңбек шығындары анықталады.

Тәжірибеде кадрлады есепке алу және жоспарлауда олардың тізімдік, келгендер және орташа тізімдік құрамы қолданылады.

Тізімдік сан – нақты күндегі қызметкерлердің тізімдік құрамының саны, онда сол күні жұмысқа қабылданған және шығарылған қызметкерлер есепке алынады.

Келгендер саны – нақты күні жұмысқа келгендердің, соның ішінде іс-сапардағы қызметкерлердің тізімдік құрамының санын сипаттайды.

Ай ішіндегі қызметкерлердің орташа тізімдік саны әр күнгі тізімдегі барлық қызметкерлер санының қосындысын сол айдағы календарлық күндер санына қатынасы арқылы анықталады.

Қызметкерлердің демалыс және мейрам күндеріндегі тізімдік саны деп оның алдыңғы күніндегі саны есепке алынады.

Кәсіпорындағы персоналға деген қажеттілік өнеркәсіпті-өндірістік және өнеркәсіптік емес персонал топтары бойынша жеке-жеке жүргізіледі. Персоналға деген сандық қажеттілікті есептеудің негізгі тәсілдері:

- өндірістік бағдарламаның еңбек сыйымдылығы бойынша;

- өндіру нормасы бойынша;

- қызмет ету нормасы бойынша;

- жұмыс орындары бойынша.

Өнімділіктің екі түрі бар: тірі жан еңбегінің өнімділігі және қоғамдық еңбек өнімділігі. Тіріжан еңбегінің өнімділігі әрбір жеке өндірістегі жұмыс уақытының шығындарымен анықталады, ал қоғамдық (жиынтық) еңбек өнімділігі тіріжан және затқа айналдырылған еңбек шығындарымен анықталады.

Барлық халық шаруашылығына қытасты қоғамдық (жиындық) еңбек өнімділігі материалды өндіріс саласындағы жұмыспен қамтылған – бір адамға шаққандағы ұлттық табыс ретінде есептелінеді.


8-тақырып. Еңбек ақы төлеу

Оқылған сұрақтар:

- Еңбек мотивацияның формалары және мәні;

- Еңбек ақы төлеудің мэні жэне қағидалары, еңбек ақыны дифференциациялаудың экономикалық негіздері;

- Тарифтік жүйе, оның мазмүны және еңбек ақыны ұйымдастырудағы мәні;

- Жүмысшылардың еңбек ақы жүйелері және формалары;

- Еңбек ақыны үйымдастырудың шетелдік тәжірибесі;

- Еңбек ақының тарифсіз жүйесі;

- Кәсіпорынның пайдасымен зиянда қатысу жүйесі. Кәсіпорынның капиталында қатысу жүйесі.

Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 14, 12]

Негізгі түсініктемелер

Кәсіпорындағы қызметкерлердің табысы өндіріс шығынының құрамына енетін еңбекақыдан, әлеуметтік және еңбек жеңілдіктері бойынша төленетін ақша төлемдері, пайдадан төленетін сыйақыдан, акциялар бойынша төленетін дивидендтерден және еңбек ұжымы мүшелерінің кәсіпорын мүлігіне салған салымдарынан, натуралды түрдегі өнім құнынан және басқа да табыстардан құралады. Еңбекақы – материалдық игіліктер мен қызмет түрлерін жеке тұтыну қорының бір бөлігі болып табылады, осының негізінде қызметкерлерге олардың еңбегінің сапасы мен санына сәйкес, сонымен бірге оның нәтижелігіне (ұжым еңбегінің нәтижесінде қосқан үлесіне) сәйкес беріледі. Еңбекақы еңбек шарты бойынша орындалған жұмыстары үшін натуралды ақы құны мен ақшалай төлемдердің қосындысы.

Шаруашылық етудің қазіргі заман жағдайында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру бірнеше қағидаларды ескеру арқылы құрылады:

- еңбекақы төлеуді ұйымдастыруда қызметкерлерге еңбекақы төлеудің нысандарын, жүйесін және мөлшерін анықтаудағы кәсіпорынның дербестігі;

- еңбекақы төлеуді мемлекеттік реттеу;

- еңбекақыны еңбек жағдайы мен мекендеген жеріне байланысты дифференциялау;

- еңбектің соңғы нәтижелері жоғары болу үшін қызметкерлердің еңбекке деген материалдық қызығушылықтарын туғызу;

- еңбек өнімділігі өсу қарқынының жалақы өсу қарқынынан артық болуы.

Нақты еңбекақы мөлшеріне сұраныс пен ұсыныс маңызды ықпал жасайды. Жұмыс күшіне сұраныс жоғары болған сайын, нақты жалақы да жоғары болады, ал еңбек ұсынысы жалақы динамикасына кері пропорционалды байланыста болады.

Қазіргі кезде кәсіпорындағы жалақы қорын мемлекеттік реттеу ретіндегі құрал әлеуметтік салық болып табылады. Оны кәсіпорындар, құрылымдық бөлімшелер, жеке кәсіпкерлер, жеке адвокаттар мен нотариустар төлейді.

Өнеркәсіпте қолданылатын еңбекақы төлеу жүйелері мен нысандары. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбекақы төлеудің екі нысаны қолданылады: кесімді және мерзімді, әрқайсысы өз алдына бірнеше нысандаға бөлінеді.

Кесімді еңбекақы төлеу нысаны кеңінен қолданылады. Ол қызметкерлерде еңбек нәтижесіне, оның өнімділігіне деген материалдық жағынан қызығушылық тудырады, қызметкер біліктілігін жоғарлатуға ынталандырады, жұмыс уақыты мен қондырғыны толықтай пайдалануға жағдай жасайды.

Еңбекақы төлеудің кесімді нысаны төмендегі жағдайларда тиімді болып табылады:

- шығарылымның натуралды өлшемдердегі сандық көрсеткіштері мен еңбек нәтижелерін дәл есепке алу мүмкіншілігі болған жағдайда;

- еңбекті нормалаудың ғылыми түсініктемесі болған жағдайда;

- технологиялық процесті бұзбай нормалардың артығымен орындалуы үшін мүмкіншіліктер құрылған жағдайда;

- тоқтап қалуларды болдырмайтын жұмыс орындарына қызмет көрсетуді нақты ұйымдастырған жағдайда;

- өндіріске сапалы және уақытында техникалық жағынан дайындық жүргізілсе.

Кәсіпорын алдында тұрған технико-ұйымдастырушылық жағдайлар мен міндеттердің ерекшеліктеріне байланысты кесімді нысанның бірнеше жүйесі қолданылады: тікелей жеке, кесімді-прогрессивті, кесімді-сыйақылы, жанама, ұжымдық және аккордтық.

Еңбекақы төлеудің жанама-кесімді жүйесі өнім өндірісімен айналыспайтын, бірақ өз еңбегімен негізгі жұмысшылардың еңбек нәтижелеріне әсерін тигізетін жұмысшыларды еңбек өнімділігін ынталандыру үшін қолданылады. Бұл жүйе бойынша станок наладчиктерінің (жөндеушілердің) еңбегі, зауытішілік транспорттық, қондырғыға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар еңбегі төленуі мүмкін.

Негізгілердің еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызғанда жанама кесімді ақыны қолданған тиімді.

Жанама бағаны анықтау үшін жанама кесімді жүйе бойынша төленетін жұмысшының күндік тарифтік ставкасын оған бекітілген қызмет көрсету нормасына немесе қызмет көрсететілетін жұмысшылардың күндік шығарылым нормасына бөлінеді.

Ұжымдық (бригадалық) кесімді еңбекақы ұйымның ұжымдық нысанында қолданылады, онда өндірістік процесс бірнеше жұмысшымен немесе бригадамен жүзеге асырылғанда және еңбектің толық бөлінісі жоқ және бірнеше мамандықтардың қызметтерін бірдей атқарғанда жүргізіледі. Ұжымдық жалақы жеке мөлшері арасында олардың қосқан үлестеріне байланысты бөлінеді.

Жеке жалақыны есептеудің бірнеше тәсілі бар. Ағымдық желілерде жалақы жеке баға мен соңғы операциядағы бригадамен шығарылған өнім көлеміне қатысты есептелінеді. Жеке баға шығарылымның бригадалық нормасы мен бір жұмысшының тарифтік ставканың негізінде есептелінеді.

Екінші бір тәсіл – жұмысшының жалақысы бригаданың жалпы жалақысының, жұмысшының біліктілік деңгейі мен оның жұмыс жасаған уақытының негізінде анықталады.

Жұмысшының бригада еңбегінің нәтижесіне қосқан жеке үлесін толықтай есепке алу үшін бригада мүшелерінің келісімімен еңбекке қатысу коэффициенті қолданылуы мүмкін.

Еңбекке қатысу коэффициенті (КТУ) бригаданың әр жұмысшының қосқан еңбегін бағалаудың жалпылама сипаттамасы, ол жеке еңбек өнімділігіне және жұмыс сапасына, күрделі жұмыстарды орындауына, қызмет көрсету аймақтарының арытуына, бригаданың басқа жұмысшыларының жұмысына көмек көрсетуге, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауға байланысты. Бұл коэффициент арқылы кесімді жалақы, сыйақы, персоналды жұмыспен босату нәтижесінде алынған жалақы қоры бойынша үнемдеуді бөлу үшін қажет. Еңбекке қатысу коэффициентін анықтау және қолдану тәртібі бригаданың жалпы жиналысымен анықталады және кәсіподақ ұйымдарымен келісе отырып, кәсіпорын басшысымен бекітіледі.

Келесі түрі – аккордты еңбекақы жүйесінің мәні: жұмысшыға немесе топқа нақты жұмыс көлеміне берілетін жалақының көлемімен байланысты болады.

Жалақының мерзімдік нысаны бойынша жұмыс жасаған уақыты есепке алынады, және жұмсаған уақыты мен біліктілік деңгейіне байланысты болады. Қызметкерлерге жалақысының тарифтік ставкасына сәйкес немесе нақты жұмыс жасаған уақытына бекітілген ақы бойынша есептелінеді. Оны кеңінен қолданатын жағдайлары: еңбекті детальды түрде нормалау мен есепке алу экономикалық жағынан тиімсіз болса, шығарылым қабылданған технологиялық режим бойынша анықталып, бастысы - өнімнің жоғары сапасы болған жағдайда қолданылады.

Мерзімдік ақының екі түрі бар – қарапайым және мерзімді-сыйақылы. Қарапайым мерзімді жүйесі бойынша жалақы біліктілік деңгейін ескеру арқылы жұмыс жасаған уақытына төленеді. Мамандар мен қызметкерлер – лауазымдық жалақы, ал жұмысшылар – тарифтік ставка алады.


9-тақырып. Кәсіпорынның инвестициялық және инноциялық саясаты

Оқылған сұрақтар:

- Инвестициялар: мәні мен түрлері;

- Мемлекеттік даму институттар;

- Инвестицияларды талдау бағыттары. Жобалық талдаудың тұжырымдамасы;

- Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің стратегиясы: мәні және әзірлеу қағидалары;

- Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі;

- Инвестицияларды қаржыландыру көздері;

- Қаржы инвестициялар. Лизинг - өндірістік инвестициялау қүралы;

- Кэсіпорындардың инновациялық менеджменті: мәні және міндеттемелері.



Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 7, 16, 18]

Негізгі түсініктемелер

Инвестиция – табыс (пайда) алу мақсатында инвесторлармен кәсіпкерлік объектілеріне және басқа да қызмет түрлеріне салынатын қаржылық, материалдық және басқа да құндылықтардың барлық түрлері. Инвестициялық көрсеткіштер динамикасы ел дамуының әлеуеті мен жақсы жағдайын сипаттайтын басты макроэкономикалық индикатор болып табылады.

Инвестицияға арналған ресурстар шартты түрде төмендегі бағыттарға бөлінеді:


Кәсіпорында техникалық жағынан қайта жарақтау – ескі өндірістік техника мен технологияны жаңаға ауыстыру. Өндірісті кеңейту – жаңа қосымша цехтардың құрылысы мен басқа да бөлімшелерді құру арқылы өндіріс көлемін арттыру мақсатындағы инвестициялау. Жаңартуға моралды жағынан ескірген және физикалық жағынан тозған машиналар мен қондырғыларды ауыстыру және құрылыс пен ғимараттарды жетілдіру, қайта құру шаралары жатады. Жаңа құрылыс – жаңа өнеркәсіпті кәсіпорындардың құрылысы, толықтай жобалық қуатына енгізілгеннен кейін аяқталған деп есептелінеді.

Кәсіпорынның техникалық жағынан қайта жарақтануы мен қайта жаңартылуында басты негізгі қорлардың белсенді бөлігі ғана жаңартылады.

Инвестициялау объектісіне байланысты инвестиция түрлері:

- айқын инвестиция (кәсіпорынның физикалық капиталына салынған қаржылар, мысалы, жаңа негізгі қорларды құру, ескі қорларды жаңартуға немесе оларды қайтадан техникалық жағынан жарақтау);

- қаржылық инвестиция (инвестордың қаржылық капиталын арттыру мақсатында акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға, басқа да қаржылық құралдарды пайдаланудағы салымдар);

- ғылыми – техникалық өнім инвестициясы;

- материалдық емес инвестиция (мүліктік құқықтарға, интеллектуалды жеке меншік құқығына салынатын салымдар).

Инвестициялау үрдісіне қатысу сипатына байланысты бөлінуі:

- тікелей инвестиция (инвестициялау объектісін таңдауға инвестордың тікелей қатысуы);

- тікелей емес инвестиция (үрдісті инвестициялық компания және басқа да қаржылық делдалдар жүргізеді).

Кәсіпорынның инвестициялық саясатының негізгі бағыттары:

1) кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарлатуға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестиция мақсаты – ескірген қондырғыларды ауыстыру, персоналды қайта оқыту немесе өндірістік қуатты өндіріс және өтім шарттары өте тиімді аймақтарға ауыстыру арқылы кәсіпорын шығындарын төмендету үшін жағдайлар туғызу;

2) өндірісті кеңейтудегі инвестиция. Бұл инвестициялар мақсаты - әрекеттегі өндіріс негізінде қалыптасқан нарыққа арналған тауарлар мен қызмет түрлерінің өндіріс көлемін кеңейту;

3) жаңа өндірісті құрудағы инвестиция. Бұл инвестициялар кәсіпорынмен бұрын өндірілмеген тауарлар мен қызмет түрлерін шығару үшін жаңа технологияларды игеру және тіптен жаңа қуаттарды құруға арналған;

4) мемлекеттік басқару органдарының талаптарын қанағаттандырудағы инвестициялар (жаңа экологиялық нормалар немесе қауіпсіздік стандарттары).

Осы әдістемелік нұсқауға сәйкес инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда қолданылатын түсініктер:

- коммерциялық (қаржылық) тиімділік жобаға тікелей қатысушылар үшін жобаны жүзеге асырудың қаржылық салдарын анықтайды;

- бюджетті тиімділік жобаның аймақтық және жергілікті бюджетіне қосатын үлесінің қаржылық салдарын көрсетеді;

- экономикалық тиімділік жобаны жүзеге асыруға байланысты шығындар мен нәтижелерді есепке алады, олар инвестициялық жоба қатысушыларының тікелей қаржылық мүдделері шегінен шығып кетуі мүмкін және құндық өлшемді қажет етеді.

Инвестициялық жоба тиімділігі инвестициялық үрдіске қатысушылардың мүдделерін ескере отырып шығындар мен нәтижелердің арақатынасын көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталады.

Инвестициялық жоба тиімділігін бағалау кезінде қарастырылған көрсеткіштерді салыстыру кезіндегі құнға келтіру (дисконттау) керек, өйткені түрлі уақыт кезеңдеріндегі шығындар мен қаржы түсімдері бір мәнді болмайды (бұл салыстыруды жүргізгенде қиынға соқтырады), яғни алдыңғы кезеңде алынған табыс құны соңғы кезде алынған табыс мөлшерінен жоғары болады.

Есепті баға – базистік бағаны жалпы инфляция индексіне сәйкес келетін дефляторға, яғни экономикадағы немесе нақты ресурс, өнім, қызмет түрі бағасының орташа деңгейін жоғарлату индексіне көбейту арқылы анықталады.

Жобалық және есепті баға инвестициялық жобаның техника-экономикалық түсініктеме беру кезеңінде қолданылады. Техника-экономикалық түсініктемеде есептеулер отандық базисті, керек жағдайда - әлемдік баға бойынша жүргізіледі.

Егер шығындар мен нәтижелердің ағымдағы мәні болжамдық бағамен есептелген жағдайда тиімділіктің интегралды көрсеткіштерін анықтауда есепті баға пайдаланылады. Бұл инфляцияның түрлі деңгейінде алынатын нәтижелерді салыстыру үшін қажет.

Базисті, болжамдық және есепті баға теңгемен есептелуі немесе тұрақты шетел валютасымен есептелуі мүмкін (АҚШ доллары, герман маркасы, экю және т.б.)

Инвестициялық жобалар тиімділігін бағалаудағы есептеулерде сату көлемі өзгерісі әсерінен болатын өнім және тұтынылатын ресурстар бағасы өзгерісінің әсерін міндетті түрде ескеру керек (тауарлар мен қызмет түрлері нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың қанағаттандырылуына әсері).

Инновациялық қызмет – аяқталған ғылыми зерттеулер мен өңдеулер немесе нарықта өткізілетін жаңа немесе қасиеттері өзгертілген, яғни жаңартылған өнімнің, қызметте пайдаланылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдістің ғылыми-техникалық жетістіктерін, және осылармен байланысты болатын қосымша ғылыми зерттеу мен өңдеу нәтижелерін таратуға бағытталған үрдіс.

Инновация (жаңалықтар енгізу) – нарықта өткізілетін жаңа немесе жаңартылған өнім, қызметте пайдаланылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдісі түрінде нарықта өткізуге болатын инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі.

Инновация бұл тек өндіріске енгізілген ғана емес, сонымен бірге тиімді және жоғары пайда әкелетін объект. Инновацияны жүзеге асыру үрдісінде жүргізілетін ғылыми-техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық өзгерістердің жиындығын инновациялық үрдіс деп атауға болады, ал жаңа енгізулерді жасауға, таратуға және оны пайдалануға кеткен уақытты инновациялық кезең деп атайды.

Зерттеу объектісіне байланысты инновацияны келесідей қарастыруға болады:

а) инновация – үрдіс ретінде (Б. Твисс, А. Койре, И.П. Пинингс, В. Раппопорт, Б.Санта, В.С. Кабаков, Г.М. Гвишиани, В.Л. Макаров және басқалары);

б) инновация – жүйе ретінде (Н.И. Лапин, Й. Шумпетер);

в) инновация – өзгерістер ретінде (Ф. Валента, Ю.В. Яковец, Л. Водачек және басқалары);

г) инновация – нәтиже ретінде (А. Левинсон, С.Д. Бешелев, Ф.Г. Гурвич).


10-тақырып. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары

Оқылған сұрақтар:

- Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы, түрақты және өзгермелі шығындар;

- Кәсіпорынның шығындарын құрайтын шығындар жіктелуі;

- Кэсіпорындағы шығындар құрамы;

- Калькуляциялау, оның түсінігі және қағидалары;

- Калькуляциялаудың үрдістік, шекті және тапсырмалық әдістері;

- Қосымша шығындар, олардың құрамы және бөлу белгілері. Қосымша шығындарды бөлуәдістемесі;

- Өндіріс шығындарын толықтаудағы шет елдер тәжірибесі. Өнімнің өзіндік құнын азайтуының мэні, көздері және факторлары.

Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 9, 14]

Негізгі түсініктемелер

Шығындар - нақты уақыт ішінде өнім өндірісі мен оны өткізудің материалдық, еңбек, қаржы, табиғи, ақпараттық және басқа да ресурстар құнының ақшалай бағасы. Анықтамаға сәйкес шығындардың 4 сипатын атап өтуге болады:

- ресурстардың ақшалай бағасы – барлық ресурс түрлерін бір өлшемге келтіру;

- мақсатқа бағыттылығы - өнім өндіруге немесе өнімді өткізуге толықтай кәсіпорын немесе құрылымдық бөлімшелері бойынша, толықтай үрдіс немесе оның белгілі бір кезеңдеріндегі мақсаттарға бағыттылығы;

- нақты уақыт кезеңінде болуы керек;

- қор сіңіргіштік қасиеті – егер шығындар өндіріске жұмылдырылмаса, немесе тізімнен шығарылып тасталмаса, шығындар қорларға айналады, шикізат қорына, материалдар қорына, аяқталмаған өндіріс қорына, дайын өнім қорына айналады. Бұл жағдайда шығындар кәсіпорын активтеріне жатқызылады.

Шығындар түсінігімен бірдей өнімнің өзіндік құны көрсеткіші қолданылады. Өнімнің өзіндік құны – ақшалай түрдегі кәсіпорынның өнім өндірісі мен оны өткізудегі ағымдық шығындары.

Нарықтық экономика жағдайында өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің басты көрсеткіші болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау басқарушылық есепте көрсетіледі. Оның негізгі мақсаты – мамандарға, басқарушылық персонал мен кәсіпорын бөлімшелеріне өнімнің өзіндік құнын басқару үшін ақпараттармен қамту.

Өнімнің өзіндік құны калькуляциясы. Калькуляция – барлық тауарлы өнім мен оның бөліктерінің өзіндік құнын, нақты бұйым түрінің өзіндік құнын, өнім өндірісі мен оны өткізудегі кәсіпорын бөлімдерінің шығындарын есептеудегі жүйе.

Калькуляцияның жеке баптары бойынша шығындарды анықтау тәртібі:

бұйымды дайындаудағы тікелей шығындардың нормативін есептеу;

жанама шығындарды жеке бұйымдардың өзіндік құнына бөлу.

Калькуляциялық баптар бойынша өзіндік құн құрылымы өнімнің толық өзіндік құнындағы шығындар арақатынасын, не шығындалғандығын, қайда шығындалғандығын, қаржылар қандай мақсаттарға бағытталғандығын көрсетеді. Ол кәсіпорынның әр цехының немесе бөлімшесінің шығындарын бөліп көрсетеді.

Өндіріс шығындарының сметасы тек шығындардың экономикалық біртекті элементтерін бірлестірсе, калькуляция баптарында кейбіреулері ғана біртекті, ал қалғандары шығындардың әр түрлерін қамтиды, яғни кешенді құрайды. Қолдануға байланысты калькуляция түрлері бірнешеге бөлінеді.

Жоспарлы калькуляция – жоспарлы кезеңде өнімді дайындауға қажетті шығындардың максималды мүмкін болатын мөлшерін қамтиды және жоспарға енгізілген өнімнің барлық түріне жасалады.

Сметалық калькуляция – жоспарлы сияқты жұмыстың бір түріне және сырттан келген тапсырыс бойынша өнім өндірісіне жасалады. Тапсырыс берушілермен есептесу кезіндегі бағаның негізі болып табылады.

Нормативті калькуляция – шикізат, материалдар, энергия шығындарының нормасы бойынша бұйымның өзіндік құнын есептеу.

Жобалық калькуляция - өнім өндірісіне дайындық кезінде анықталады және жобаланған жаңа өндіріс пен технологиялық үрдістердің тиімділігіне түсініктеме беру үшін қажет.

Есепті калькуляция - өнім бірлігінің нақты өзіндік құнын көрсетеді, онда бұйымға кепілдік жөндеу және кепілдік қызмет көрсету шығындары, дұрыс жасалмаған бұйымдар шығыны және т.б. ескеріледі.

Өнім өндірісі мен өткізу шығындар сметасы. Өнім өндірісі мен оны өткізудегі шығындар сметасы кәсіпорынның жалпы шығындарын анықтау мақсатында есептелінеді. Шығындар сметасын құрудағы әрекеттер:

1) қосымша цехтар шығыны сметасын анықтаумен басталады, өйткені олардың өнімдері кәсіпорынның негізгі цехтарымен пайдаланылады және бұл цехтар шығындары негізгі өндірістік цехтар өнімінің өзіндік құнына енеді;

2) содан соң кәсіпорынның негізгі цехтары бойынша шығындар сметасы есептелінеді, оның негізінде шығындардың өндірістік (зауоттық) сметасы қалыптасады және тауарлы, өткізілген өнімнің өзіндік құн көрсеткіштері анықталады.

Шығындар элементі:

1) материалдық шығындар;

- шикізат және негізгі материалдар;

- сатып алынатын бұйымдар;

- қосымша материалдар;

- сырттан сатып алынған жанармай;

- сырттан сатып алынған энергия;

2) өнеркәсіптік-өндірістік персонал еңбегін төлеу шығындары;

- жұмысшылардың еңбекақысы;

- инженерлі-техникалық қызметкер еңбекақысы;

- қызметкерлер еңбекақысы;

3) әлеуметтік мұқтаждықтарға төленетін аударымдар;

- әлеуметтік сақтандыру;

- зейнетақы қоры;

- медициналық сақтандыру;

- салалық сақтандыру тарифі;

4) негізгі қорлар амортизациясы;

- негізгі өндірістік қорларды толықтай қалпына келтіруге аударымдар (үдемелі амортизацияны ескереді);

5) басқа да шығындар;

- салықтар, жарналар, бюджеттен тыс арнайы қорларға аударымдар;

- мүлікті міндетті сақтандыру бойынша төлемдер;

- байланыс, есептеу орталықтарының, банктердің қызметін төлеу;

- кадрларды дайындау және қайта дайындықтан өткізу, іс-сапар шығындары;

- негізгі қорларды жалға алу төлемдері;

- басқа да төлемдер.
11 тақырып. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі

Оқылған сұрақтар:

- Маркетингтік тәсіл және стратегиялық жоспарлау;

- Маркетинг стратегиясын таңдау және өткізу жолдары;

- Маркетингтің өндірісті ұймдастыруға және кәсіпорынның негізгі функцияларына әсер етуі;

- Кәсіпорынқызметін жоспарлаудың әдістемелік негіздері;

- Кәсіпорынның жоспарлар құрылымы. Ішкі өндірістік жоспарлау;

- Нарық жағдайындағы кәсіпорынның өнім шығаруды жоспарлауды ұйымдастыру;

- Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын әзірлеу.

Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 7, 15]

Негізгі түсініктемелер

Маркетинг тұжырымдамасы нарықта кәсіпорынның белсенді басымдық саясатының стратегиясы мен тактикасы, шаруашылық іскерлігі және барлық өндірістік ресурстар түрлерін тиімді қолдану нәтижелеріне әсер ететін маңызды құрал.

Бүгінгі таңда маркетингтің дамуында келесі сипатты тенденцияларды бөліп көрсетуге болады:

- маркетинг ғылыми-техникалық прогресстің айтарлықтай әсерінде болғандықтан, жекелей айтқанда ақпараттардың көптігіне қарай ақпараттық технологиялар ерекше орынға ие;

- тұрғындар топтарының әлеуметтік белсенділігінің өсуі маркетинг сипатын анықтайтын айтарлықтай фактор ретінде қарастырылуда;

- қазіргі уақыттағы маркетинг ашық инновациялық сипатта болып, үнемі жаңартуға негізделген;

- маркетингтің кең тарауы тек салалық, коммерциялық аумақта ғана емес, сондай-ақ барлық адам іскерлігі аумақтарын қамтуда.

Маркетингтің негізгі мақсаты - тұтынушыға бейімделу болып табылады. Компаниялардың (кәсіпорындардың) мақсаты - тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылатын кезде шаруашылық және коммерциялық қызметте табысқа жетеді. Маркетингтің міндеті болып – сұранысты көбейту ғана емес, сонымен қатар сұраныс ұсынысқа сәйкес келетіндей етіп, сұранысқа әсер ету мүмкіндігі табылады.

Сұранысты болжау тек тұтынушылардың сұранымдарын тұрақты зерттеу кезінде ғана мүмкін.

Сұранысты басқару – ынталандыруды, жәрдемдесу мен реттеуді қамтиды. Ынталандыру – яғни тұтынушыларда фирма өндіретін тауарларға деген ынтасын арттыру (тауарды әдемі көркемдеу, үнемі жарнамалау). Жәрдемдесу – фирма өзінің өнімін несие шарттары бойынша физикалық жағынан оңай қол жетерлік етіп жасайды. Реттеу – жыл бойы сұраныста өзгерімдер болған жағдайда немесе сұраныс ұсыныстан жоғары болған кезде қажет. Осы уақытта маркетингтің қызметтің мақсаты болып – жыл бойы сұранысты біркелкі жасау немесе тауар не қызметтің демаркетингін жасау табылады. Сұранысты қанағаттандыру тауар не қызметтің дұрыс қызмет етуін ғана емес, сонымен бірге олардың қауіпсіздігін, әртүрлі нұсқалардың қол жетерлігі мен сатудан кейінгі қызмет көрсетуді қамтиды.

Маркетинг жүйесі келесі міндеттердің шешілуін ұйғарады:


  • кешенді зерделеу;

  • потенциалды сұраныс пен қанағаттандырылмаған қажеттіліктерді айқындау;

  • өнім түрлері мен бағаларды жоспарлау;

  • бар сұранысты толық қанағаттандыру үшін шаралар әзірлеу;

  • өткізімді жоспарлау мен іске асыру;

  • өндірісті басқару мен ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шаралар әзірлеу.

Осы міндеттердің шешілуі жоғарыда аталып өткен әдістердің қолданылуына байланысты болады. Маркетингтегі талдау жан-жақтылық, әділдік және сыншылдық сипатқа ие, ал тәжірибені теорияда қабылданған стандарттар мен қағидалармен салыстыру керек. Бұл өз кезегінде жүйелі маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Нәтижесінде бағдарламалар стратегияларды өңдеудің негізі болып табылатын болжамдарды жасаудың ақпараттық негізі пайда болады. Әдетте, жақын болашаққа қысқамерзімді болжам жасалынады, ал болашақтың алыс және белгісіз кезеңдеріне болжам жалпы сипатта белгіленеді.

Маркетинг қызметі:

нарық туралы, нақты сұраныс құрылымы мен динамикасы туралы, сатып алушылардың талғамдары туралы сенімді, анық және дербес ақпаратты, яғни фирма іс-әрекетінің сыртқы шарттары туралы ақпаратты;

бәсекелестердің тауарларына қарағанда, нарық талаптарын қанағаттандыратын тауарды, тауар түрлерін (ассортиментін) жасауды;

өткізім саласын максималды түрде бақылауды қамтамасыз ететін тұтынушыға, сұранысқа, нарыққа қажетті әсер етуді қамтамасыз етуі керек.

Маркетингтік қызмет әдістерінің негізі:

- кәсіпорынның сыртқы ортасын талдау. Талдау сауда табыстылығына әсер ететін факторларды айқындауға мүмкіндік туғызады. Талдау нәтижесінде қоршаған ортаны және оның мүмкіндіктерін бағалау мәліметтері пайда болады;

- нақты және потенциалды тұтынушыларды талдау. Бұл талдау сатып алу туралы шешім қабылдайтын адамдардың демографиялық, экономикалық, әлеуметтік, географиялық және т.б. сипаттамаларын зерттеуге, сонымен бірге олардың қажеттіліктерін зерттеуге негізделеді;

- бар тауарларды зерттеу және болашақта болуы мүмкін тауарларды жоспарлау, яғни жаңа тауарларды жасау тұжырымдамаларын өңдеу немесе ескі тауарларды модернизациялау;

- тауар айналымы мен өткізімді жоспарлау, меншікті қойма мен дүкендері немесе агенттік желілері бар өткізім желілерін құрастыру;

- сатып алушыларға, агенттерге және нақты сатушыларға бағытталған бірлескен жарнама, жеке сатылымдар, коммерциялық емес беделді шаралар («паблик рилейшнз») мен әртүрлі материалдық ынталандырушылар арқылы сұраныстың қалыптасуын және өткізімді ынталандыруды қамтамасыз ету;

- әкелінетін тауарларға бағалардың жүйесі мен деңгейлерін бағалауда, бағаларды, несиелер мен жеңілдіктерді қолдану «технологияларын» анықтауда негізделген баға саясатын қамсыздандыру.

Маркетингті басқару – бұл табыс табу, өткізудің көлемін өсіру, нарық бөлігін жоғарлату сияқты мекеменің алдына қойған мақсаттарына жету үшін мақсатты сатып алушылармен пайдалы алмастыруларды белгілеу, нығайту және қолдау шараларын талдау, жоспарлау және оларды жүзеге асыруды бақылау. Маркетингті басқарудың міндеті – сұранымның деңгейіне, уақытына және сипаттамасына әсер ету арқылы мекеменің алдына қойған мақсатына жетуіне көмектесу. Сонымен, маркетингті басқару – бұл сұранымды басқару.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты. Өндірістік қуатты есептеу әдістемесі

Қуат – нақты кезең ішінде жүйеден ең жоғары мүмкін шығу компоненті. Өндірістік қуат өндірістен шығу нормасын анықтайды, яғни календарлы кезең ішінде (апта, ай, жыл) нақты өнім атының (номенклатурасы) ең жоғары мүмкін болатын көлемін өндіруді қарастырады.

Кәсіпорынның (цехтың, учаскенің) өндірістік қуаты – нақты өндірістік ресурстар (өндірістік қондырғылар мен аудандар) жиынтығын тиімді пайдалану арқылы нақты кезең ішінде нақты сандық қатынастар мен номенклатурасы бойынша ең жоғары мүмкін болатын өнім өндірісі.

Өндірістік қуат пен өндірістік бағдарлама арасындағы айырмашылық кәсіпорынның резервімен сипатталады, яғни өндірістік бағдарлама өндірістік қуатты пайдалану дәрежесін көрсетеді. Өндірістік қуат пен өндірістік бағдарлама арасындағы өзара байланыстылықты 11 сурет арқылы көрсетуге болады.

Сұраныстың өзгерісі жағдайында өндірістік қуатты басқару үшін өндірістік ресурстар жиынтығы құрамынан екі құраушыны – тұрақты және айнымалы деп бөліп көрсетеді.

Басқару объектісі ретінде олар бір-бірінен ерекшеленеді. Тұрақты құраушысы – қондырғылар мен аудандар, ал айнымалы құраушысы – персонал мен материалдар. Сұраныс өзгерген жағдайда өндіріс көлемі де өзгереді, ал ол қолданылатын өндірістік ресурстардың барлық түрлері көлемінің өзгерісіне әкеледі.

Өндіріс тек бір өнім түрін өндірсе, қуат кәсіпорынмен немесе бөлімшелермен өндірілетін өнім бірлігімен өлшенеді, ал түрлі өнім өндірілсе, өнім өндірісіне кеткен жұмыс уақытымен есептелінеді.

“Өндірістік қуат” түсінігімен бірге “өткізу қабілеттілігі” деген түсінік қолданылады, бірақ ол кәсіпорынға, цехқа, учаскеге қатысты емес, ол қондырғының, станоктың, агрегаттың, станоктар топтарының жұмысына қатысты ең жоғары өнім өндірісін сипаттайды.

Кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеу үшін төмендегі бастапқы мәліметтер пайдаланылады:

1) қондырғылар саны, құрамы мен техникалық жағдайы және өндірістік аудандар туралы мәліметтер. Есепке негізгі өндірістің барлық қондырғылары алынады (соның ішінде жөндеудегі, бұзылып қалған және модернизациядағы, жұмыс істемейтіндері де есептелінеді);

2) қондырғылар өнімділігінің техникалық нормалары және өндірілетін өнімнің еңбек сыйымдылығы. Жаңадан құрылатын кәсіпорындар үшін қондырғылар өнімділігінің паспорттық нормалары қолданылады, ал әрекеттегі кәсіпорындар үшін – техникалық түсініктемесі бар өнімділік көрсеткіштері қолданылады, олар паспорттық нормалардан төмен болмауы керек;

3) қондырғылар жұмысының уақыт қоры мен кәсіпорын жұмысының тәртібі. Есептеулерде қондырғылар жұмысының ең жоғары мүмкін болатын жоспарлы (тиімді) жылдық уақыт қоры ескеріледі;

4) өндірілетін бұйымдардың номенклатурасы және олардың бағдарламадағы өзара сандық қатынастары. Есептеулерде өндірілетін өнімнің жоспарлы номенклатурасы мен ассортименті (еңбек сыйымдылығы) пайдаланылады. Орташа жылдық қуатты есептеген кезде өнімнің номенклатурасы өзгерісінің есебінен (еңбек сыйымдылығының азаюы мен арытуы) қуаттың арытуы (төмендеуі) толық мөлшерде ескеріледі.

Товарлы өнім - өткізулерге арналған өнім, жалпы және өткізілген өнімді анықтау негізі болып табылады және олардың құраушылары:


  • дайын бұйымдар құны;

  • өздері өндірген жартылай фабрикаттар құны және қосымша цехтармен сырттағы тұтынушыларға өткізуге арналған өнімдер құны;

  • өз кәсіпорынының өнеркәсіптік емес шаруашылықтарына және күрделі құрылыстарына жөнелтілген өнімдері мен жартылай фабрикаттарының құны;

  • өз өндірісінде қолданылатын стандартты емес қондырғылар құны, олар кәсіпорынның негізгі қорларына енуі мүмкін немесе сыртқы тұтынушыларға өткізілуі мүмкін;

  • сыртқы тұтынушылардың тапсырыстары бойынша немесе өз кәсіпорынының өнеркәсіптік емес шаруашылықтары мен ұйымдары үшін өндірілген өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар мен қызмет түрлерінің құны.

Жалпы өнім – кәсіпорынның нақты кезең ішіндегі өндірістік қызметінің жалпы нәтижесінің құны. Жалпы өнімнің товарлы өнімнен ерекшелігі жоспарлы кезең басындағы және соңындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтары өзгерісінің мөлшерімен анықталады.
12-тақырып. Өнімнің бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету

Оқылған сұрақтар:

- Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі, оның деңгейін көтеру бағыттары;

- Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі;

- Өнімді стандартқа келтіру;

- Өнімді сертификациялау;

- Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін өсірудегі бағаның рөлі;

- Өнімнің, жүмыстың және қызметтердің баға түрлері;

- Кәсіпорындағы баға құрудың механизмі;

- Нарықтық экономика жағдайындағы бағаны мемлекеттік реттеу.



Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 9, 14]

Негізгі түсініктемелер

Сапа – объектінің ішкі анықтылығын сипаттайтын санат. Сапаның экономикалық анықтамасы – объект біздің қажеттіліктерімізді қандай деңгейде қанағаттандыратындығын көрсететін қасиетттер жиынтығы.

Сапа көрсеткіштерін бағалауда орындалатын рөлдеріне байланысты екі топқа топтастырылады:

- классификациялық;

- бағалау көрсеткіштері.

Классификациялық көрсеткіштер өнімнің классификация жүйесіндегі бір топқа жататындығын сипаттайды және өнімнің пайдалануын, сол түрінің өлшемін, пайдалану саласын және пайдалану жағдайларын анықтайды. Бүкіл өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өнімдер бір жүйеге келтірілген, кодтық белгілеулері бар. Өнімнің сапасын бағалауда бұл көрсеткіштер ескерілмейді.

Бағалау көрсеткіштері өндіру және пайдалану объектісі ретіндегі өнім сапасын құрайтын қасиеттердің сандық сипаттамасы. Өз алдына бірнеше түрі бар:

- функционалды;

- ресурс жинақтаушы;

- табиғатты қорғау.

Беркітілік көрсеткіші – бастапқы тәртіптер мен пайдалану шарттарын, техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, сақату мен тасымалдауды сақату нәтижесінде сапаның мәнді уақыт бойынша сақатудағы өнімнің қабілетін сипаттайды. Беріктіліктің жеке дара көрсеткіштеріне жататындар: жөндеуге жарамдылығы, ұзақ уақыт бойы пайдаланатындығы, сақталатын, қайта жасалынатын көрсеткіштер.

Эргономикалық көрсеткіштер – «адам-өнім-орта» жүйесіндегі өндірістік және тұрмыстық процестерде өнімді пайдалану ыңғайлылығы мен комфорттылығын сипаттайды. Көрсеткіштердің бұл тобына жататындар: гигиеналық, антропометрлік, психологиялық және психофизикалық көрсеткіштер.

Эстетикалық көрсеткіштер - өнімнің адамға деген эстетикалық әсерін сипаттайды және тұтынудың нақты жағдайларындағы тұтынушылар тобының эстетикалық сұраныстарына өнімнің сәйкестік дәрежесін, эстетикалық құндылығын бағалау үшін қолданылады. Келесі көрсеткіштер жатады: көркемді айқындылық көрсеткіші, рационалды (орынды) нысан, композиция бүтіндігі, тауар түрінің тұрақтылығын және өндірістік пайдалылықты жетілдіру көрсеткіші.

Технологиялық көрсеткіштер - өнім өндірісі, өндіру мен оны пайдалануға қажетті уақыт пен шикізат, материалдар, жанармай, энергия, еңбек шығындарының деңгейін анықтайтын қасиетті сиапттайды.

Ресурс пайдалану көрсеткіші - өнімнің тікелей пайдалануындағы материалдар, жанармай, энергия, еңбек пен уақыт шығындарынмен сипатталады.

Табиғатты сақтау көрсеткіштері өнім сапасының көрсеткіші – қоршаған орта мен адамға әсерімен байланысты өнім қасиетін сипаттайды. Ол екі топ көрсеткіштерін – қауіпсіздік және экологиялық біріктіреді.

Қауіпсіздік көрсеткіштері - өнімді пайдалануда, тасымалдауда, сақтау мен қайта өндіруде адам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім ерекшелігімен сипатталады.

Экологиялық көрсеткіштер - өнімді өндіруде, өңдеуде, пайдалануда, сақтауда және қайта өңдеуде қоршаған ортаға деген зиянды әсерін анықтайтын өнім қасиетін сипаттайды.

Сонымен бірге бәсекелестік қабілеттілік көрсеткіші қолданылады. Ол өнім сапасының тұтыну бағасына деген қатынасын сипаттайды. Бұл көрсеткішті бағалау өнім түрін басқа фирманың сәйкес өнім түрін салыстыру арқылы жүргізіледі.
13-тақырып. Табыс және өндіріс рентабельділігі

Оқылған сұрақтар:

- Табыс – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінің жиынтық көрсеткіші ретінде;

- Табыстар түрлері;

- Кәсіпорынның табысын бөлу тәртібі. Кәсіпорын төлейтін салықтардың сипаттамасы;

- Кәсіпорында табысты арттыру резервтері;

- Өндіріс рентабелділігі – кәсіпорын жұмысының тиімділік көрсеткіші ретінде

Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 17]

Негізгі түсініктемелер

Пайда – кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылады, жалпы түрде өнім бағасы мен оның өзіндік құнының арасындағы айырма арқылы анықталады, ал толықтай кәсіпорын бойынша - өнімді өткізуден түскен түсім мен өткізілген өнімнің өзіндік құны арасындағы айырма ретінді анықталады. Пайда экономикалық категория ретінде кәсіпкерлік қызмет үрдісінде материалдық өндіріс саласында пайда болған таза табысты көрсетеді. Кәсіпорын деңгейінде таза табыс пайда нысанын қамтиды.

Нарықтық қатынастардың басты категориясы ретінде пайда бірнеше қызмет атқарады:

1) пайда – кәсіпорын қызметі тиімділігінің көрсеткіші, яғни пайдасы бар кәсіпорын, оның қызметінің тиімді екендігін куәлендіреді;

2) пайда – түрлі деңгейдегі бюджет табысын қалыптастыру көзі. Ол бюджетке салық түрлері, экономикалық санкциялар арқылы жинақталады және бюджеттің шығыс бөлігінде көрсетілген түрлі мақсаттарға пайдаланылады;

3) пайда – қызметкерлер үшін еңбек жағдайын жақсарту көзі. Кәсіпорынның өз иелігінде қалған, яғни салықтар мен бірінші реттегі төлемдерді және дивидендтарды төлегеннен кейін қалған пайда есебінен қызметкерлерге материалдық сыйақы, әлеуметтік жеңілдіктер төленеді;

4) пайда – өндірілген өнім мен негізгі қорларды жаңарту көздері. Кәсіпорынның иелігінде қалған пайда мөлшерінің негізінде капитал иесі мен менеджерлер кәсіпорынның даму болашағын ескере отыра, кәсіпорын қызметіне қажетті инвестициялық саясат жүргізу туралы шешімдер қабылдайды.

Кәсіпорын пайдасы – оның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы, сондықтан оның кәсіпорында қалыптасу механизмін анықтау өте маңызды болып табылады. Оның бірнеше түрлері бар:

жалпы пайда;

баланстық;

салық салынатын (есепті);

таза пайда.

Жалпы пайда тауарларды (жұмыс, қызмет түрлерін) сатудан түскен түсім мен өткізілген өнімнің толық өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма арқылы анықталады.

Баланстық пайда әр қызмет түрлері бойынша бөлек-бөлек жоспарланады:

товарлы өнімді өткізуден түскен пайда;

басқа өнімдерді және товарлы емес сипаттағы қызмет түрлерін өткізуден түскен пайда;

негізгі қорларды және басқа да мүліктерді өткізуден түскен пайда;

өткізулерден тыс табыстар мен шығындардан түскен пайда.

Тауарлы өнімді өткізуден түскен пайда - әрекеттегі бағамен есептелінген өнімді өткізуден түскен түсім мен өнімнің өзіндік құнына енетін тауарлы өнімді өндіру және оны өткізуге кеткен шығындар арасындағы айырма арқылы анықталады.

Рентабелділік – ресурстарды пайдалану дәрежесін және шығындарды қайтару деңгейін сипаттайтын өндіріс тиімділігінің салыстырмалы көрсеткіші.


14-тақырып. Кәсіпорын қаржысы

Оқылған сұрақтар:

- Кәсіпорын қаржысы түсінігі және функциялары;

- Кәсіпорындағы қаржы қатынастар нысандары;

- Кәсіпорынның қаржы қызметінің негізгі қағидалары мен ұйымдастыру бағыттары;

- Қаржы механизмі: құрамдық элементтер, құқықтық, нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету;

- Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау эдістемесі. Кәсіпорындарда салық салу: мәні, түрлері және қағидалары;

- Кәсіпорынның қаржы ресурстары;

- Қаржы жоспарлау;

- Кәсіпорыңдағы қаржы ресурстарды қалыптасу көздері.



Ұсынылған әдебиеттер [1-5,19]

Негізгі түсініктемелер

Нарықтык экономика жағдайында болатын экономикалық қатынастар жүйесінде қаржы маңызды орын алады. Кәсіпорын қаржысы деп оның қарамағындағы барлық ақша қаражаттар жиынтығын, сондай-ақ оны қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану жүйесін айтамыз.

Кәсіпорынның шаруашылык іс-әрекеті барысында қаржылық карым-қатынастар қалыптасады. Қаржылық қарым-қатынастар төрт топтан кұралады:



  • өзге кәсіпорын және ұйымдармен;

  • өзінен жоғары тұратын және бірлесіп жұмыс атқаратын серіктестермен түзілетін кәсіпорын ішіндегі қарым-қатынас;

  • қаржы-несиелік жүйемен карым-қатынас.

Өзге кәсіпорын және ұйымдармен түзілетін карым-қатынастарға жабдықтаушылармен, сатып алушылармен, кұрылыс-күру және тасымалдау мекемелерімен, өндірістік және әлеуметтік инфракұрылым кәсіпорындары және шетел кәсіпорындары арасындағы қарым-қатынастар кіреді. Көлемі жағынан өте көп акша айналымдарына кәсіпорындардың бір-бірімен өзара іске асыратын операциялары кезіндс шаруашылык іс-әрекетті ұйымдастыруға кажетті материалдык кұндылықтар сатып алумен және дайын өнімді сатумен байланысты кажетті акша айналымдары жатады. Мұндай операцияларды ұйымдастыру тікелей түрде кәсіпорын іс-әрекетінің қаржылық нәтижесіне әсер етеді.

Кәсіпорынішілік қаржылык қарым-қатынастарға кәсіпорынның ішкі бөлімшелері арасындағы қаржылық операциялар кіреді. Бөлімшеаралық қатынастар бекітілген басқару жүйесі мен ішкі коммерциялық есеп жүйесіне негізделеді. Олардың қабылдаған міндеттемелердін орындалуы үшін материалдық жауапкершілік пен ынталандырудың тиімді тетігін құруға арналған.

Қаржы-несиелік жүйемен қарым-қатынас әрқилы болып келеді. Ең алдымен, бұл әр деңгейлі бюджеттермен, сақтандыру жүйесімен, бюджеттен тыс қорлар мен несие беру мекемелерімен болатын қарым-қатынас.



Қазақстанның салық жүйесінің кемшілік тұстары баршылық және ол кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік туғызбайды. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, кәсіпорынның іскерлік және инвестициялық белсенділігін дамыту үшін өндірісті қолдау мен тиімді инвестициялық тетік құру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Көптеген елдерде өндірісті дамытуға бағытталған барлық қаржы қаражаттары немесе оның бір бөлігі салықтан босатылады.

Салықтың ауыр қыспағы болған жағдайда кәсіпорынның қаржылык жұмысын ұйымдастырудың басты да маңызды міндеті - бюджетке төленетін салық төлемдерін оңтайландырудың тиімді әдістемесін құру, салық төлемдерін төлеу, күнтізбелік жоспарын жасау, салықтық есеп беруді дайындау жәнс салықтық төлемнің ағымдық қорларын құруды камтитын дербес салық саясатын белгілеу болып табылады.



Қаржылық жүйенің сақтандыру буынымсн арадағы қарым-қатынасы кәсіпорынның мүлкін, валюталық және коммерциялық тәуекелдерін және т.б. сақтапдырғаны үшін тиісті компаниялар есебіне қаржы аударуды үйымдастырудан құр-алады.

Коммерциялық банктермен арадағы қаржылық қарым-қатынас қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мен несие алу немесе өтеуге байланысты түзіледі.

Қолма-кол акшасыз есеп айырысу төлеуші мен төлем қабылдаушы әр түрлі банктер кызметін пайдаланған жағдайда жүзеге асырылады. Мұндай есеп айырысу банктердің корреспонденттік қатынастарын ұйымдастыру аркылы іске асады.

Қолма-кол ақшасыз есеп айырысудың тиімділігі кәсіпорынның қаржылық жағдайына тікелей ықпал етеді.

Несие айналмалы капиталды қалыптастырудың, өндірісті дамытудың көзі болып табылады. Дегенмен, қазіргі уақытта несие мөлшерлемелері жоғары болуына байланысты, ол шын мәнінде инвестиция көзі бола алмай отыр. Банктер үшін ұзақ мерзімді инвестициялық несиелендіру тәуекелділігі жоғары болғандықтан, банк қызметінің аталған дәстүрлі түрі іс жүзінде кең дамымай отыр. Банктер мен өзге де несие институттары кәсіпорындарға дәстүрлі емес қызмет түрлерін де ұсынады. Олар:



  • лизинг;

  • факторинг;

  • форфейтинг;

  • траст және т.б.

Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекетін ұйымдастырудың маңызды міндеті - әр түрлі ақша қорларын калыптастырып, оларды тиімді пайдалану. Олар арқылы кәсіпорынның шаруа-шылык іс-әрекеті қаржы ресурстарымен камтамасыз етіледі, өндірісті өркендетуді қаржыландыру, бюджетпен есеп айырысу және т.б. іске асырылады.

Мұндай қорларға келесілерді жатқызуға болады:

  • жарғылық капитал,

  • төленген косымша капитал;

  • төленбеген қосымша капитал;

  • резервтік капитал;

  • бөлінбеген табыс;

  • басқа қорлар.

Аталғандардан бөлек, кәсіпорып мезгілді оралымды ақша қорларын құрайды. Мысалы, кәсіпорында айына бір немесе екі рет еңбекақы қоры түзіледі. Қатал мезгілді түрде (салыктарды төлеу күнтізбесіне сәйкес) кәсіпорын бюджетке толенетін салық түрлеріне арнап қор ұйымдастырады.

Оралымды қор жасақтаудың басты міндеті - ағымдық (оралымды) келесі мәселелерді шешу, яғни:



  • еңбекақы төлеу;

  • салық төлеу;

  • несиелік паиыздарды өтеу

  • ғылыми-техникалық іс-шараларды қаржыландыру.

Сонымен, кәсіпорынның қаржысын ұйымдастырудын мәні - ондірістін соңғы нәтижесіне барынша тиімді түрде ықпал ету мақсатымен ақша корын қалыптастыру жәнс ақша ағындарынын қөзғалысымен байланыстырылған қаржылық қарым-қатынас үйымдастыруды камтитын қаржы тетігін кұру және онын қызмет етуін камтамасыз ету, ягни кәсіпорынның қаржылық тетігі ұзақ мерзімді, орта мерзімдегі және ағымдағы кәсіпорынның қаржылық даму мақсатына жету үшін қаржылық қарым-қатынас пен акша қорынын оңтайлы әрекеттесуін ұйымдастыратын кәсіпорын басқарудағы ішкі жүйесі болып табылады.

Кәсіпорынның қаржы тетігінің жетекші түрде болуы материалдық өндіріс саласында каржының жетекші рөл атқаруымен түсіндіріледі. Кәсіпорынның каржы тетігі қаржының өз қызметін толықканды әрі барынша тиімді түрде іске асыруына жағдай жасауы тиіс. Кәсіпорынды кажетті қаржы ресурсымен қамтамасыз етуге де дәл осы каржы тетігі көмегімен кол жеткізеді.

Кәсіпорынның каржылық іс-әрскеті дербес құрылымдық бөлімшесі қаржы бөлімімен жүзеге асырылады. Қаржы белімінің бастығы тікелей кәсіпорын басшысына бағынады. Қаржы бөлімінің жұмысында пайданы бөлу, өнімнің өзіндік құнын төмендету мәселелері маңызды орын алады. Осыған байланысты, қаржы бөлімінің міндетіне мыналар кіреді:



  1. Өндірістік және әлеуметтік дамуға қажетті қаржы ресурстарын құру, пайданы үлғайту, табыстылықты арттыру.

  2. Қаржылық жоспарында көрсетілген бюджет, материал мен жабдықтаушылар, акционерлер алдындағ, сондай-ак басқа да қаржылық міндеттемелерді орындау және есеп айырысуды ұйымдастыру.

  3. Өндірістік корлар мен инвестицияларды неғүрлым тиімді жолмен пайдалануға көмек көрсету.

  4. Қаржылык, иесиелік және кассалық (қазынагерлік) жоспар әзірлеу.

5. Қорларды тиімді пайдалану, мсншікті айналмалы капитал мөлшерін экомикалық түрқыдан негізделген нормативтерге жеткізу жоніндегңі іс-шаралар кешенін жобалау, айналмалы капиталдың айналымдылығын жеделдетуді қамтамасыз ету, қаржы ресурстарының дүрыс пайдаланылуын қадағалау.

6. Дайын өнім үшін есеп айырысуды тиімді түрде ұйымдастыру және өнім сату жоспарынын орындалуын, түсетін пайданы үздіксіз қадагалап отыру және басқа да міндсттер.

Қазіргі таңда көптеген кәсіпорындардың қаржылық жағдайында қиын күйде қалып отыр (өндіріске қажетті капиталдың тапшылығы, несиелік мөлшерлемелердің тым жоқары болуы, төлемдердін дер кезінде өтелмеуі жэне т.б.), сол себепті дәл қазір кісіпорынның қаржылық күйін нығайту басты міндет болып табылады.

Кәсіпорынның қаржысын тұрақтандырудың негізгі жолдары пайдаланымдағы ақша қаражаттарын оңтайландырумен және олардың тапшылығын жоюмен байланысты каржылык жұмыстарды жетілдірудің басты бағыттары келесі болып саналады:



  1. Кәсіпорынның іс-әрекетін ұдайы әрі жүйелі түрде талдау.

  2. Кәсіпорынның стратегиялык қаржы саясатын эзірлеу
    жэне оны іске асыру.

  3. Кәсіпорында қаржылык жоспарлаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру.

  4. Кәсіпорыннын мүліктік құрылымын және олардың құралу көздерін оңтайландыру арқылы нәтижесі томен теңдестік құрылымының орын алуына жол бермеу.

  5. Пайданы пайдалануды оңтайландыру және неғүрлым тиімді дивиденд саясатын таңдау.

  6. Бухгалтерлік есеп жүйесін қаржыны басқару міндеттеріне қарай беймідеу

  7. Қаржы ресурстары көздерін ынтайландыру мақсатыида
    несие бсруіпілер мен инвесторларман қарым-қатынасты дамыту

  8. Кәсіпорын шығындарын оңтайландыру.

Кәсіпорынның іс-әрекетін кешенді түрде жан-жақты талдап. Кәсіпорынның мақсатын орындауға бағдарланған бірыңгай, кешенді даму стратегиясына сәйкес кәсіпорын жумысын ұйымдастырған жағдайда ғана жоғарыда айтылған түйт-кіл мэсслелерді шешу мүмкіи болады.

Әдебиет

Негізгі:

1. Әбдікаримова Г.И. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. Алматы.: Экономика, 2008 – 367 с.

2. Ниязбекова Р.К., Ахметов Б.А., Байнеева П.Т.. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. Алматы.: Экономика, 2008 – 791 с.

3. Мейірбеков А.К., Әлімбетов К.Ә. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. Алматы.: Экономика, 2003 – 251с.

4. Андабаева Г.К. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. Павлодар: Торайғыров атындағы ПМУ, 2006 – 156 с.

5. Бейсенова М., Садынбекова А. Кәсіпорын экономикасы: есептер жинағы. Алматы.: Ғылым, 2002 – 84 с.

6. Куатова Д.Я. Кәсіпорын экономикасы: практикум. Алматы.: Экономика, 2006 – 106 с.

7. Ширенбек Х. Экономика предприятия. -СПб.:Питер,2005

8. Филатов О. К. Экономика предприятий. -М.: Финансы и статистика, 2006.-510 с.

9. Қуатова, Д. Я. Кәсiпорын экономикасы-Алматы: Экономика,2006. -106 б.

10. Титов В. И. Экономика предприятия.-М.:Эксмо,2009.-412 с.

11. Волков О.И., Девяткин О.В. Экономика предприятия (фирмы) 2-е изд., перер. и доп.- М.: ИНФРА-М, 2005- 560с.

12. Грибов В. Д. Экономика предприятия. - М.:Финансы и статистика, 2007.-335 с.
Қосымша:

13. Зайцев Н. Л. Экономика, организация и управление предприятием.-М.:ИНФРА-М, 2009.-454 с.

14. Водопьянов В. П. Экономика предприятия: конспект лекций в -М.: Приор-издат,2007.-110 с.

15. Крум Э. В. Экономика предприятия. -Минск:РИВШ,2007.-135 с.

16. Скляренко, В. К. Экономика предприятия. - М.:ИНФРА-М, 2008.-528 с.

17. Смагин, В. Н. Экономика предприятия.-М.:Кнорус,2009.-158 с.

18. Фатхутдинов Р.А. Инновационный менеджмент. – СПб: Питер, 2004 – 400 с.

19. Девяткина О. В. Экономика предприятия ( фирмы ) -М.:Инфра-М, 2009.-603 с.

20. Елизарова, Ю. Ф. Экономика организаций (предприятий). -М.:Экзамен,2008.-495 с.

21. Дудорин, В. И. Управление экономикой производства. - М. : Экзамен, 2005.-477 с.

22. Стратегический план развития Республики Казахстан до 2010 года. - Астана, 2001.

23. Ильин, А. И. Экономика предприятия. -Минск:Новое знание,2008.-235 с.



24. Выварец, А. Д. Экономика предприятия. - М. :ЮНИТИ,2007.-543 с.


жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау