Әдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы



жүктеу 3,9 Mb.
бет31/34
Дата14.05.2018
өлшемі3,9 Mb.
#12957
түріНұсқаулар
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

3.5 Есептің мазмұны

Есеп келесіні құру керек:

1) қысқаша дайындалған жұмыс мақсаты

2) ИКГ метрологиялық сипаттамалары бар кесте

3) мөшерлегіш-тығынның шақтамалар өрістерінің орналасу сызба-нұсқасымен орындау өлшеулердің есептеуі

4) өлшеулер мен есептеулердің нәтижелері бар кесте


3.6 Қауіпсіздік шаралары

3.6.1 Жұмыстың тәжірибелік бөлімін орындауға ИКГ аспаптың құрылымы мен жұмыс принципін меңгерген студенттер жіберіледі.

3.6.2 ИКГ аспабында реттеу мен өлшеулерді оқу лаборантының қасында ғана жасау.

3.6.3 ИКГ аспабын кернеуі 220В желіге қосардың алдында оның төмендететін трансформаторға қосылғанына көз жету.

3.6.4 Өлшеулерді өткізгеннен кейін ИКГ аспабын желіден шығару.
Бақылау сұрақтары
1. Тегіс калибртердің тағайындалуы қандай, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

2. Тетіктің шекті калибртермен бақылау қалай асырылады?

3. Тегіс калибртердің орындау өлшеулері қалай анықталады?

4. Тегіс калибртердің жарамдылығы қалай бағаланады?

5. Көлденең оптиметрді «нольге» қалай реттеуге болады?

6. Көлденең оптиметрде калибр қалпының қателігін бойлай және қиылысатын қималарда қалай өлшеуге болады?


4 зертханалық жұмыс. Тұрқылық тетіктің дәлдігін бағалау


4.1 Зертханалық жұмыстың мақсаты

Зертханалық жұмыстың мақсаты: тұрқылық тетіктердің дәлдік көрсеткіштерін өлшеу әдістемесімен танысу, әмбебап өлшеу құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын алу.


4.2 Жалпы бөлім

Кез келген тетіктің дәлдігі оның дайындалу сатысында қамтамасыз етіледі. Дайындаудың дәлдігі деп тетік пен бұйымның шын мәндерінің, геометриялық және басқа параметрлердің олардың сызбалар немесе техникалық талаптарда берілген мәндеріне жақындау дәредесі. Тетіктердің мөлшерленген дәлдігін, яғни геометриялық немесе басқа параметрлердің есептеу мәндерінен жіберілетін ауытқулардың жиынтығын, және шын дәлдікті, яғни өлшеу нәтижесінде анықталған (жіберілетін қателікпен) шын ауытқулардың жиынтығын айра білу қажет. Тұрқылық тетіктің дәлдігі көрсеткіштер қатарымен сипатталады.

Олардың ішіндегі біріншісі болып оның жеке беттерінің арасындағы қашықтықтың ауытқуы (СТ СЭВ 145-75) келеді. Тұрқылық тетіктерде әдеттегідей тесіктердің диаметрлік өлшеулердің ауытқуларын, тесіктер осьтерінің арасындағы немесе тесіктер мен жазықтықтар арасындағы қашықтықтардың ауытқуларын, параллель жазықтықтар арасындағы қашықтықтардың ауытқуларын бағалайды.

Тұрқылық тетіктердің дәлдігін сипаттайтын екінші көрсеткіш болып беттердің немесе пішіннің орналасу ауытқуы табылады. Оларға тұрқылық тетіктің жазықтықтардың, тесіктер осьтерінің және жазықтықтарының параллельдіктен ауытқу, перпендикулярлықтан ауытқуы жатады. Сонымен бірге тұрқылық тетіктің екі немесе одан да көп тесіктердің жалпы осіне қатысты осьтестіктен ауытқу, тетіктің жеке беттерінің базалық жазықтыққа қатысты симметриялылықтан ауытқы және т.б.

Жазықтықтардың параллельдіктен ауытқуы – мөлшерленетін бөлім шектерінде жанасатын жазықтықтар арасында ең үлкен және ең кіші қашықтықтардың айырмашылығы. Осьтердің параллельдіктен ауытқуы – осьтер проекцияларының екі өзара пенпендикуляр жазықтықтарда параллельдіктен ауытқулардың геометриялық қосындысы. Базалық жазықтыққа қатысты симметриялылықтан ауытқу – мөлшерленетін бөлім шектерінде қарастырылатын беттің симметрия жазықтығы мен симметрияның базалық жазықтығы арасында ең үлкен қашықтық.

Беттердің орналасу ауытқуын мөлшерлеу мен сандық бағалау негізіне жанасатын түзулер, беттер мен пішіндер принципі салынды. Соңғылар ретінде тексеру тақталарының жазықтықтарын пайдаланады, оларға тетіктерді, тексеру сызғыштарының, бұрыштықтар мен тетіктерде орнатылатын арнайы ұстауыш жазықтықтарын орнатады.



Параллельдіктен ауытқу шамасы ретінде зерттелетін беттің жойылған екі нүктесінде орнатылатын өлшеу құралының көрсетулерінің аырмашылығын қабылдайды (4.1 сурет).



  1. өлшеу сызығы;

  2. өлшеу бастиегі.

4.1 сурет – Параллеьдіктен ауытқуды өлшеу сызба-нұсқасы





  1. ұстауыш;

  2. өлшеу бастиегі.

4.2 сурет – Параллельдіктен ауытқуды өлшеу сызба-нұсқасы


Тұрқылық тетіктердің тесіктер осьтерінің параллельдіктен ауытқу немесе осьтердің қисаюы кезінде осьтің өзі материалды болып келетінін естеу сақтау керек. Сондықтан өлшеулерді жасайтын шын бетке қатысты өткізеді, мұндай ретінде бақыланатын беттерге келтірілген ұстауыштар қолданады (4.2 сурет).

Бұйым бетінің перпендикулярлықтан ауытқуы тік бұрыштан жанасатын беттер орналасуында ауытқу ретінде қарастырылады. Бірақ беттердің, сонымен қатар тесіктер осьтерінің ең кіші бұрыштық орналасуы тексеру тақтасы мен бұрыштықтардың жазықтықтарымен (4.3 сурет) немесе оның элементтері арасында дәл тік бұрыш болатын құрылғылармен (4.4 сурет) беріледі.





  1. - бұрыштық;

  2. - өлшеу бастиегі.

4.3 сурет – Перпендикулярлықтан ауытқуды өлшеу сызба-нұсқасы



4.4 сурет – Перпендикулярлықтан ауытқуды өлшеу сызба-нұсқасы
Екі тесіктердің осьтестіктен ауытқуын өлшеу өлшеу бастиегі көмегімен іске асырыла алады (4.5 сурет), ол 2 ұстауышта бекітілген және тесіктердің біреуіне қойылған. Өлшеу ұштығы басқа тесікте орналасқан 3 ұстауыш бетімен байланысады. Бұл жағдайда осьтестіктен ауытқудың шамасы көрсеткіштің ось айналасында толық айналым жасаған кезде межелік бойынша есептеу айырмашылығының жартысына тең.

4.5 сурет – Осьтестіктен ауытқуды өлшеудің сызба-нұсқасы
Жеке беттер, беттер мен тесіктер осьтері, екі немесе одан да көп тесіктердің осьтері арасында қашықтықтардың ауытқуларын өлшеу 4.1 және 4.2 суреттерде көрсетілген сызба-нұсқаларға сәйкес өткізіледі. Бірақ бұл жағдайда беттің тек бір нүктесінде ғана өткізіледі.

Тұрқылық тетіктердің дәлдігін бағалауға пайдаланылатын дәлдік көрсеткіші бұл қалыптан ауытқу. Тұрқылық тетіктерде өте жиі жазық беттердің түзу сызықтықтан және жазықтықтан ауытқуды және тесіктердің қалыптарын олардың бойлай және қиылысатын қималарды ауытқуларын бағалау болады. Бұл көрсеткіштерді бағалау негізінде жанасатын беттер мен пішіндер принципі салынған, олар ретінде бақылау тақталарының, мөлшерлегіштердің, ұстауыштардың жұмыс беттері және т.б. пайдаланылады. Тетіктің жазық бетінің түзу сызықтылығын тексеру тәсілдерінің бірі 4.6 суретте көрсетілген.



Зерттелетін 1 бетке бірдей номиналды өлшемі болатын екі 2 шеткі мөлшерлерге тірелетін тексеру 3 сызығына орнатады. Кіші өлшемдегі шеткі 4 өлшемнің орнын ауыстыра отырып, қармауыш көмегімен саңылаудың шамасын өлшейді, ол бойынша түзу сызықтықтан ауытқудың шамасы туралы айтады.

4.6 сурет – Түзу сызықтықтан ауытқуды өлшеудің сызба-нұсқасы
Тұрқылық тетіктің тесіктер қалыптарының қиылысу қимада ауытқуларын бағалау үшін шеңберліктен ауытқу көрсеткіші мен оның жеке түрлері – сопақтық пен қырлылық пайдаланады.

Тұрқылық тетіктің тесіктер қалыптарының бойлай қимадағы ауытқулары келесідей көрсеткіштер көмегімен бағаланады – цилиндрліктен ауытқу мен оның жеке түрлері – конустәрізділік, бөшкетәрізділік, ершіктәрізділік пен қисаю. Жақтарының тақ санымен болатын қырлылық немесе тесік осінің қисаюы кезінде цилиндрліктен ауытқу тесіктің ең кіші және ең үлкен диамтетрлерінің айырымы ретінде анықталады, бұлар екі түйіспелі аспаптық көмегімен оның бақыланатын тесік бойымен жылжу арқылы өлшенеді (өлшеулер үштен кем емес қимада өткізіледі). Шеңберліктен ауытқуды бақыланатын тесіктің қиылысу қимада өлшенген диаметрлердің ең үлкен жартылай айырмашылығы ретінде анықтайды (өлшеулер екіден кем емес бір-біріне перпендикуляр қиылысқан қималарда өткізіледі).Бұл көрсеткіштерді өлшеудің сызба-нұсқасы 4.7 суретте көрсетілген.

Өлшеулердің нәтижелері бойынша тесік қалпы ауытқуларының жеке түрлерін анықтайды, бірақ та бұл кезде қиылысқан қимадағы өлшеулер саны көбейеді.

Жеке топқа келесідей дәлдік көрсеткіштерін бөлу керек: бүйірлік (I), радиаль (II) ауытқу мен тапсырылған бағыттағы ауытқу (III), олардың өлшеу сызба-нұсқасы 4.8 суретте көрсетілген.



4.7 сурет – Тесік қалпының қателігін бойлай және қиылысқан

қималарда өлшеудің сызба-нұсқасы





  1. тетік;өлшеу бастиегі;тығындар;орталықтар.

4.8 сурет – Радиаль және бүйірлік ауытқу, тапсырылған бағыттағы ауытқуды

өлшеудің сызба-нұсқасы
Бұл ауытқулар өлшенетін беттердің қалпы мен орналасудың ауытқуларының қосындылық әрекетінің нәтижесі болып келеді. Бұл көрсеткіштерді өлшеу кезінде ұстауыш, призманың қысқысы мен орталықтарды пайдалана отырып тетікті орнатады. Ауытқу шамасы тетіктің бір айналымға бұрылу кезінде өлшеу аспабының ең үлкен және ең кіші көрсеткіштерінің айырмашылығы ретінде анықталады.

Тұрқылық тетіктердің дәлдігін бағалауы үшін пайдаланатын төртінші көрсеткіш болып беттердің кедір-бұдырлығы табылады. Бұл көрсеткішке жеке зертханалық жұмыс бөлінгенін ескере отырып, ол туралы мәліметтер көрсетілмейді.

Тұрқылық тетіктің жоғарыда көрсетілген дәлдік көрсеткіштерінің әрқайсысы бойынша қарастырылатын көрсеткіштің сызба бойынша бұл көрсеткішке тапсырылған сәйкес техникалық талаптармен өлшеугеннен кейін алынған нәтижелерді салыстыру жолымен алынады. Тетік жарамды болып саналады, егер өлшенген дәлдік көрсеткіштері сызба бойынша көрсеткіштерге берілген шақтама өрістердің шектерінен шықпайтын болса.


жүктеу 3,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау