Әдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы



жүктеу 3,9 Mb.
бет30/34
Дата14.05.2018
өлшемі3,9 Mb.
#12957
түріНұсқаулар
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
3.8 сурет – Көлденең оптиметр ИКГ
Массивті шойынды 1 негізде көлденең бағыттау 2 білік бекітілген. Білікте сол және оң жақтарында қыспақты бұрамамен қажетті күйде бекітілетін екі жылжымайтын 3 және 4 кронштейндер орналасқан. Сол жақ кронштейнде сүйеутөлке 5 бекітілген, оның ішінде серіппесі бар өзек орын ауыстырады. Өзек қажетті күйде қыспақты 6 бұрамасымен бекітіледі. Өзек ұшында ұштық 7 бар өлшеу бағыттауышы бекітілген. Сүйеутөлке ұштығының ось бойымен орын ауыстыруы микрометрлік 8 бұрамамен іске асырылады. Оң жақ кронштейнде сүйеутөлкеден 9 басқа өлшеу ұштығымен проекциялық 10 саптама мен қуат 12 көзімен жарықтандырғыш 11 бекітілген.

Кроншетйндер 3 пен 4 арасында заттық 13 үстел бекітілген. Оның келесідей қозғалыстары бар:

- тігінен қозғалыс – үстелді көтеру мен төмендету дөңгелек 14 тұтқамен, шекті бұрамамен 15 іске асырылады;

- өлшеу сызығына көлденең, тігінен, қозғалыс бастиек 16 көмегімен жасалады;

- тік ось айналасынан айналмалы – өлшеу сызығына перпендикуляр, бастиек 18 көмегімен жасалады.

3.3.3 Аспапты «нольге» реттеу. Реттеу ұзындықтың шеткі өлшеулерінің жиынтығы көмегімен іске асырылады. Жиынтық тексерілетін калибрдің шақтама өрісінің ортасына сәйкес өлшем бойынша құрылады. Мысалы, егер де калибрдің ең үлкен орындау өлшемі 30,020мм тең, ал ең кішісі 30,010мм тең болса, онда шеткі өлшеулер жиынтығын 30,015мм өлшеміне құру керек. Шеткі өлшеулер жиынтығы заттық 13 үстелге (4.8 сурет) орнатылады және бұрандалы қысқышпен бекітіледі, мұнда үстел орташа күйге шығарылады. Сүйеутөлке 5 жиынтық өлшеу ұштықтардың арасында бос кіретіндей қашықтыққа орын ауыстырады. Дөңгелек тұтқалар 14 пен 16 көмегімен жиынтықты тік және көлденең жазықтықта тексереді, осыдан кейін үстел бұл күйде бұрамамен 15 бекітіледі. Микрометрлік 8 бұрама көмегімен межеліктің саптамада 10 суретін шамамен бөліндіге орнатылады және сүйеутөлке 5 тоқтатқышты 6 бұрамамен бекітіледі, бұл бұрама микрометрлік 8 бұраманың берілісі кезінде түсірілуі керек.

Шекті өлшеулердің өлшеу сызығы аспаптың өлшеу сызығымен сәйкес келуі үшін келесідей әрекет жасайды. Қолсаптың 17 көмегімен үстел окулярда межеліктің ең төмен мәні көрінетіндей етіп бұрылады. Кейін қолсаппен 18 үстел бұрылады және межелік бойынша ең кіші есептеу табылады. Осыдан кейін межелікті «нольге» орнатады және сүйеутөлкенің өзегін бұрамамен 6 бекітеді.

3.3.4 Аспапта өлшеу. Аспапты толық орнатқаннан кейін оң жақ өлшеу ұштығын (4.8 сурет) арретирмен 19 шығармай, шеткі өлшеулер жиынтығы бар үстелді төмен түсіреді. Кейін жиынтықты алып тастайды және калибр-тығынның сәйкесті өтетін жағын осьтің үстел жазықтығына перпендикуляр болатындай етіп орнатады. Бұрандалы қысқыш көмегімен калибр үстелде бекітіледі және аспаптың өлшеу ұштықтары арасында бекітіледі. Калибрдің өлшеу сызығының аспаптың өлшеу сызығымен сәйкестендіру үшін үстел бақылаушыға бағытталып орын ауыстырылады және одан бастиек 16 көмегімен саптама проекциясының межелігінде ең үлкен көрсетуге жетпегенше. Үстелді қолсаптың 18 көмегімен өлшеу сығынына перпендикуляр көлденең ось айналасында айналдыра отырып, межелікте ең төмен көрсетуге жетеді. Осыдан соң аспаптың көрсетулерін жазуға болады. Тексерілетін өлшем аспаптың көрсетулерінің (межеліктегі таңбаны ескере отырып) және шеткі өлшеулер жиынтығының өлшеулерінің қосындысына тең болады. Калибр-тығынның өтпейтін жағын өлшеу кезінде жоғарыда аталған әрекеттердің барлығы қайталанады, бірақ шеткі өлшеулер жиынтығы калибр-тығынның өтпейтін жақтың орындау өлшеулерін ескере отырып құрылады.



Калибр-тығынның өтетін және өтпейтін жағының қалпының бойлай және қиылысқан қималарда ауытқуларын өлшеу үшін 4.9 суретте көрсетілген сызба-нұсқаға сәйкес қосымша өлшеулерді орындау қажет.

а – өтетін жақ б – өтейтін жақ
3.9 сурет – Калибр қалыптарының бойлай және қиылысқан қималарда ауытқуларын өлшеудің сызба-нұсқалары
Дөңгелек 14 тұтқаны калибрмен бірге көлденең бағытта орын ауыстыра етіп өлшеулері өлшенеді. Осыдан соң тік ось айналасында қолсап 17 көмегімен бұра отырып өлшеулері өлшенеді.
34 Жұмысты орындау реті

3.4.1 Көлденең оптиметр ИКГ (3.3 бөлім) құрылымы мен жұмыс принципімен танысу және 3.4 кестеге оның негізгі мәліметтерін жазу.


3.4 кесте

Өлшеу құрылғысының атауы мен түрі

Межеліктің бөлу құны

Көрсетулер ауқымы

Өлшеулер ауқымы








3.4.2 Өтетін калибр-тығынның орындау өлшемінің шақтама өрісінің ортасына реттеле отырып, шеткі өлшеулер жиынтықтарын жинау.

3.4.3 Аспапты желіге қосу, оны шеткі өлшеулер жиынтығы бойынша «нольге» реттеу.

3.4.4 Аспап үстелінен шеткі өлшеулер жиынтығын алу және оның орнына (тік күйде) өтетін калибр-тығынды орнату.

3.4.5 Қалыпың өлшемі мен ауытқуын өтетін калибр-тығынның қиылысқан және бойлай қималарында өлшеу.

3.4.6 Өлшеу нәтижелерін 4.5 кестеге толтыру.

3.4.7 4.5.2-4.6.6 бөлімдеріне ұқсас өтпейтін калибр-тығын үшін барлық аталған әрекеттерді орындау.

3.4.8 Аспапты желіден алу, шеткі өлшеулер жиынтықтарын бөлу және оларды футлярды сәйкесті буындарына салу.

3.4.9 3.2.3 бөлімінде көрсетілген үлгіге сәйкес калибр-тығынның орындау өлшеулерін есептеу және оның қалпына шақтамаларды тағайындау.

3.4.10 Есептеулер нәтижелерін 4.5 кестеге толтыру.

3.4.11 Өлшеулер мен есептеулер нәтижелерін салыстыру және калибр-тығынның жарамдылығы туралы қорытынды жасау.

3.4.12 Есептеулер мен өлшеулердің нәтижелерін оқытушыға көрсету.


3.5 кесте

Көрсеткіш атауы

Сандық мәні, мм

Өтетін калибр

Өтпейтін калибр

«Нольге» орнату кезінде шеткі мөлшерлерден жиынтықтардың өлшемі










Шын өлшем










Қалыптың бойлай қимадағы ауытқуы










Қалыптың қиылысқан қимадағы ауытқу










Орындау өлшемі










Тозған беттің ең кіші өлшемі










Жарамдылық туралы қорынытынды











жүктеу 3,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау