Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың



жүктеу 4,4 Mb.
бет3/12
Дата27.01.2020
өлшемі4,4 Mb.
#27481
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12



МАҚҰЛДАНДЫ:

ОӘК бастығы _____________ Е.Н.Жуманкулова 20__ж. «____» ________

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ хаттама

Биохимия зертханалық практикумының негізгі мақсаты болып біріншіден, студенттердің білімдерін тереңдету, пәннің негізгі теориялық жағдайларын нақты тәжірибелермен тастықтау, екіншіден, студенттерге химиялық лабораторияда Зертханалықжұмыстардың элементарлы дағдыларын түсіндіру табылады, бұл дағдылар оларға физиологияны, гигиенаны, спорт медицинасын жоғарғы курстарда үйренген кезде және басқада тәжірибелер кезінде қол келуі мүмкін.

Осы қолданба дәстүрге сәйкес жасалған. Таңдалған Зертханалықжұмыстар студенттердің өзіндік жұмыстарын жасауға дағдыларын дамытады. Осы мақсаттар үшін пайдалы болып біздің пікірімізше жеке тәжірибелерге келтірілген қысқаша теориялық кіріспелер, реактивтердің әсер ету механизмдерін бейнелеу, өткізілген тәжірибелердің нәтижелерін жазу формалары және тақырыпқа байланысты бақылау сұрақтары табылады.




Тақырып 1. Химилық зертханаларда жұмыс істеу ережелері. Жалпы қауіпсіздік ережелері. Биологиялық материалдар анализіндегі негізгі операциялар.
Химиялық лабораториялардағы көптеген жұмыстар ағза үшін өте қауіпті және зиянды заттар мен байланысты, сондықтан жұмыс істеушілердің қауіпсіз жұмысы үшін ерекше көңіл аудару қажет. Қауіпсіздік техникасы ережелеріне көңіл бөлмеу бақытсыз жағдайларға әкеліп соғуы мүмкін, мұнда жиірек ережені бұзушылар емес, ал олардың көршілері зардап шегеді.

Химиялық лабораторияда тыйым салынады:



  • сыртқы киімде болу (немесе оны лабораторияға кіргізу);

  • арнайы киімдерсіз жұмыс істеу;

  • темекі шегу, тамақтану;

  • жүгіру, айқай салу, кенеттен әрекеттер жасауға;

  • нақты тапсырмамен байланыспаған кез-келген әрекеттер жасауға.


ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ.


  1. Жұмысқа тек қана оның барлық сатылары түсінікті болғанда кірісу. Қиындық туған жағдайда оқытушы немесе лаборантқа айту.

  2. Химиялық лаборатоиядағы жұмыстардың барлығын нақты жіне ұқыпты атқару қажет. Барлық жазуларды тек дәптерлерге жазу қажет.

  3. Жұмыс орнында тек осы кезде қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар болуы мүмкін.

  4. Тәжірибелер үшін реактивтердің аздаған мөлшері алынады. Жалпы ыдыстарға пайдаланылмаған ерітінділерді қуюға болмайды.

  5. Төгіліп немесе шашылып қалған реактивтерді лезде және жақсылап жинап алу қажет.

  6. Әр түрлі затарға тек бір ғана қасық немесе пипетканы қолдануға, реактивтер тұрған ыдыстардың қақпақтарын адастыруға, шашылған затты жинап оны қайтадан ыдысқа салуға болмайды.

  7. Көзді ластандыратын, тітіркендіретін немесе күйдіретін жұмыстардың барлығында қорғайтын көзілдіріктер тағу қажет.

  8. Қышқылдарды, сілтілерді және басқада күйдіретін сұйықтықтарды пипетка көмегімен ауызбен соруға болмайды.

  9. Қыздырылып жатқан сұйықтықтың немесе ерітіліп жатқан заттардың төбесінен қарауға болмайды.

  10. Сұйықтығы бар ыдыстарды столда бір қолмен ұстап тұрып ашып жабу қажет, бірақ оны ауада ұстап тұруға болмайды.

  11. Қауіпті жағдайлард жұмыс істегенде басты сорғыш шкафтың сыртында ұстап тұру қажет.

  12. Иісі бар заттар және бөлініп шығатын газдардың төбесінен жақынынан төмен қарай иіскеуге болмайды. Ыдыстың тесігінен шығатын ауа ағымын қолдың жеңіл әрекеттерімен өзімізге қарай бағыттап тұрып, оны абайлап иіскеу қажет.

  13. Белгісіз заттың дәмін татып көруге және оның буын иіскеуге болмайды.

  14. Лабораториядан шыққан соң ысытатын құралдарды сөндірус із қалдыруға тыйым салынады.

  15. Электроқұралдар жанып кеткенде токты лезде сөндіру қажет! Ток сымдары құммен немесе құрғақ өрт сөндіргішпен сөндіріледі, суды немесе көпіршекті өрт сөндіргішті қолдануға болмайды.



ЖАБЫРЛАНУШЫҒА КӨРСЕТІЛЕТІН АЛҒАШҚЫ КӨМЕК.


  1. Егер лабораторияның атмосферасында уландыратын қасиеті бар газ (күкіртсутек, күкірт оксидтері, азот оксидтері, аммиак, галогендер) пайда болса, онда бөлмеден лезде шығу қажет. Алғашқы көмек - таза ауа. Жабырланушыға сүт ішкізуге де болады.

  2. Егер теріге қатты зат немесе сұйықтық тисе, онда оны алдымен қағып жереді немесе тамшылармен бөлшектерді түсіреді, кейін зақымдалған жерді су немесе сәйкес келетін сұйықтықпен жуады.

  3. Егер адам термиялық күйсе, онда зақымдалған жерді этанолмен өңдейді және бинтпен орап қояды.


БИОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДЫ АНАЛИЗДЕУДЕГІ НЕГІЗГІ ОПЕРАЦИЯЛАР.


  1. Зерттеліп жатқан биологиялық қатты зат қайшы, пышақ (бұлшықеттер) немесе қырғыш (көкөніс) көмегімен ұсақталады. Клетка қабығының жақсылап ыдырауы үшін материалды кварц құмымен форфорлы ыдыста езеді.

  2. Таразыға тартып көру кез келген таразыда оның барлық шарттарын орындалған күйде жүзеге асырылады.

  3. Көлемді өлшеу үшін пипетка немесе өлшегіш колба қолданылады. Көлемді өлшеудің негізгі ережесі - санау төменгі бөлімнен басталады, егер сұйықтық түссіз болса, егер ол боялған болса онда жоғарғы бөлімнен.

  4. Фильтрлеу - өлшенген араласпаны ұсақ тесікті материалдар - фильтрлер арқылы өткізіп қатты зат бөлшектерін сұйық заттан ажыратып алу процесі. Фильтре ретінде дәкені, басқа матаны немесе фильтр қағазын қолдануға болады.

  5. Қыздыру, қайнату үшін су моншасы қолданылады, немесе ашық отта арнайы термотұрақты ыдыста жүзеге асырылады. Қыздырылатын ыдыс арнайы ұстағышқа бекітіледі. Қайнап тұрған сұйық заттың адамға тиіп кетпеуі үшін қыздырылып жатқан ыдыстың ауыз тесігі сәйкесінше орналасқан болуы қажет.

  6. Титрлеу - градусталған ыдыс бюреткадағы ерітіндіні аздаған порциялармен толық әрекеттесуі үшін колбадағы ерітіндіге қосу процесі (индикатор түсінің өзгеруі).

  7. Ыдысты жуу. Анализде қолданылатын пробиркалар және колбалар таза болуы қажет. Ең оңай әдіс - сумен жуу, жақсысы ыстық су. Егер кіршік сумен кетпесе, онда арнайы жуғыш ерітінділер (қышқылдар, сілтілер, органикалық еріткіштер) қолданылады. Жуылған ыдыс бірнеше рет дистилденген сумен шайылады. Таза жуылған ыдыста су тамшылары тұрып қалмай жеңіл ағып кетеді. Ыдысты қолданып болған соң оны лезде жуып қою қажет.


Бақылау сұрақтары.

  1. Химиялық лабораторияда жұмыс істеудің жалпы ережелері қандай?

  2. Химиялық лабораторияда жеке қоғану үшін қандай заттар болу шарт? Олардың тағайындалуы мен қолданылуы қандай?

  3. Зертханалықдәрі қобдишасында қандай заттар болу қажет? Осы заттардың қолданылуы.

  4. Күйгенде, газдармен уланғанда және кесіліп кеткен жағдайларда көрсетілетін алғашқы көмек қандай болады?

  5. Химиялық тәжірибелерден соң ыдыстарды жуу жолдары.

  6. Биологиялық материалдармен жасалатын эксперименттер жүргізудегі негізгі операцияларды санап өтіңіз.



Тақырып 2. Ақуыздарға сапалық реакциялар.

АҚУЫЗДАРҒА САПАЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР. АҚУЫЗДАРДЫҢ ҚАСИЕТІ.
Ақуыздар - кез келген тір ағзаның ең маңызды құрылымдық бөлігі болып табылатын жоғарымолекулалық азотқұрамды органикалық заттар.

Ақуыздар, өзара пептидтік байланыстармен байланған монемерлері -аминқышқылдар болып табылатын табиғи биополимерлер.



(-аминқышқылдар бір көміртек атомында екі функционалды топты ұстап тұрады).

Себебі аминқышқылдар амфотерлі қосылыстар, (NH2 -тобы молекулаға негізгі қасиеттерді береді, ал -СООН тобы - қышқылдық қасиеттерді), ақуыздарда амфотерлі заттар. Ақуыздар суда ерігііштік қасиетке ие, онда коллоидты ерітінділер түзеді. Олардың суда еруі гидраттық қабықшаның түзілуімен байланысты.

Гидраттық қабықшаның бұзылуына әсер ететін кез-келген фактор ақуыздың тұнбаға түсуіне себеп болады. Егер тұнбалану қайтымды болса, тұздану процессі деп аталады, егер қайтымсыз болса - денатурация жүреді.

Ақуыздарды анықтаудың екі түрлі реакциялық жолы бар: түсті және тұнбалану реакциялары.

Біріншісі жүреді, егер ақуыздар реактивтермен әрекеттесуінің нәтижесінде боялған өнімдер түзілсе, олардың түзілуінің себебі ақуыз молекуласында пептидтік байланыстың болуы, немесе белгілі бір химиялық формуласы бар аминқышқылдар.

Тұнбалану реакциялары ақуыздар молекулсының жоғарғы құрылымдарының ыдырауымен байланысты. Бірқатар физикалық және химиялық факторлар (температура, ультрадыбыс, қышқылдар, сілтілер, ауыр металдардың тұздары, органикалық еріткіштер және т.б.) денатурацияны шақырып, ақуыздар құрылымына әсер етеді.

Денатурацияның (тұнбаланудың) себебі болып ақуыз молекуласының дегидратациясы табылуы мүмкін, суда ерімейтін комплекстердің немесе тұзтәрізді қосылыстардың түзілуі.


жүктеу 4,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау