Үзілісті тәртіппен жұмыс істейтін бір камераға қажетті материалдың баланс келесі формуламен есептеледі
1. материалдар кірісі:
1) цемент: Gц= Ц∙Vб Е
2) су: Gсу= В∙VбЕ
3) толықтырғыштар: Gз=(П+Щ)∙VбЕ
4) арматура: Gарм= М∙Vб∙Е
5)қалып (форма):
2. Материалдар шығыны:
Мұндағы: w-жылумен өндеу кезінде 1м3 бетоннан буланатын су массасы
Қондырғының материалдық баланс теңдеуі:
Gц+Gв+Gз+Gа+Gф=Gб+Gа+Gф+ωVб E
Камерада жүрілетін процесстердің есебі
Берілген деректер бойынша 100%-дық салыстырмалы ылғалдылықта бетон бұйымның ылғалды жылумен өңдеу процесі төмендегі түрде жүріледі.
Алғашқы ылғалдану конденсация салдарынан материалдағы ылғал мөлшері 12-16%-ға дейін өседі, әрі қарай изотермиялық тұрақтану және салқындату кезендерінде бетон ылғалдылығы 12-15%-ға дейін төмендейді. φ=80% ылғалдылықта конденсация есебінен бетон ылғалдылығы 10%-ға өседі, изотермиялық және салқындату кезеңдерінде булану салдарынан материал ылғалдылығы 18-20 % төмендейді, φ=40 % салыстырмалы ылғалдылықта бетон 120 температурадан ылғалды жылумен өңделеді. Бетондағы ылғал мөлшері тұрақты болады. Салқындату кезеніңдегі ылғалдылық 40-тан 50% шамасында болады.
Үзілісті камераның жылу балансының есебі. 1- жұмыстық циклдегі ылғал жылумен баптау жұмысының баланстық есебі бірнеше кезең бойынша есептеледі.
Қыздыру кезеңі: материал камераға цех температурасында немесе алдын ала қыздырған күйде еңгізіледі. Мұнда қыздыру уақыты және цех температурасында бойынша уақыты (tk) уақыты белгіленеді. Қыздыру кезіндегі баланс теңдеуі төменде жазылған
Qu+Qб+Qа+Qф+Qэ=++++++ (1)
Мұндағы: Qu-жылу көзінен немесе қыздырғыштан берілетін жылу мөлшері(жылу балансы арқылы анықталады)
Qб,Qа,Qф, Qэ- бетонды,арматураны, металл форманы қыздыруға жұмсалатын және цемент экзотермиясынан бөлінетін жылу
,,,-ылғалды буландыруға, форманы қыздыру кезіндегі, қызған жылу қондырғысындағы, қоршаған ортаға бөлінетін және анықталмаған шығындар.
Көрсетілген баланстық теңдеуде бұйымды қыздыруға қажетті жылу шығыны есептеледі.
Изотермиялық тұрақтандыру. Мұнда температура тұрақты,бұйым қыздырылмайды, алайда бұйымнан қыздыру жүргізіледі. Берілген жылу қондырғыны қыздыруға және қоршаған ортаға шығарылады. Сонымен қатар анықт-м-н шығын болады. Бұл кездегі жылу балансы төменгі түрде жазылады:
Qип+Qнк+Qэ=++ (2)
Жоғардағы жылу баланс теңдеулерінен осы екі кезең үшін жылудың жалпы шығыны келесі өрнекпен есептеледі:
Q=Qи+Qип (3)
1м3 бетон үшін жылудың меншікті шығыны:
Салқындату кезеңі
Бұл кезде температура 40 дейін төмендейді камераға салқын ауа жіберіледі. Жылу бұйымнан қалыптан және камера құрылымынан шығарылады. Салқындату зонасына арнайы жылу баланын құрастыру мақсаты бұйымды салқындатуға жұмсалатын ауа мөлшерін анықтаумен түсіндіреді.
Жылу қондырғылары жұмысының негізгі есептік көрсеткіштері:
1) қондырғының дайын өнім бірлігіне тиесілі жылудың меншікті шығыны келесі формуламен есептеледі
q= (1)
мұндағы: Q-қондырғының 1 сағатта жұмсалатын жылу шығыны
G- қондырғының 1 сағатта шығаратын өнім мөлшері
2) жылу қондырғысында жұмсалатын отынның меншікті шығыны:
В= (2)
мұндағы: ву – қондырғыда жұмсалатын отынның 1сағаттағы шығыны
3) жылу қондырғысының ПӘК-і:
η= (3)
4)жылу агрегатының 1м2 ауданына тиесілі меншікті өнім мөлшері:
qs= (4)
А- жылу қондырғының көлденең қимасының ауданы
5)қондырғының 1м3 жұмыс көлеміне тиесілі өнмнің меншікті көлемі:
qv= (5)
3. Жылу қондырғысыныңның жұмыс тәртібі. Қондырғыда жұмыстаудың қауіпсіздік ережесі
1.Қыздыру; 2.Изотермиялық тұрақтандыру.3.Салқындату кезеңі
Құрылыс бұйымдары мен материалдарын өндіретін бірлестік ұйымдарында техникалық қауіпсіздік ережелірінің орындалуы және құрылыс материалдарын өндіру жұмыстарындағы санитарлық өндірістікті бақылап, қамтамасыз ету инженер-техник мамандарына жүктеледі.
Көрсетілген инженер-техник мамандары адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туындағанда құрылыстық-өндірістік жұмысты тоқтатып, арнайы жұмыс өндіру журналына сәйкес жазбаны тіркеп қоюы тиіс.
Қауіпсіздік техникасына жауапты адам өндірістік учаскелердің жетекшілері және кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік жарақат алу және кәсіби ауруға шалдығу себептерін алдын алу жөніндегі күнделікті және перспективалық іс-шараларды іске асырумен шұғылданады. Жұмысшылар мен инженер-техник жұмысшыларының еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселесі бойынша оқуын ұйымдастырады, өндірістік жарақат алу мен кәсіби ауруға шалдығуды есепке алады, әрі талдайды, жаңадан қызметке алынған қызметкерлерге нұсқау береді, және т.б.
Ережелер бойынша жұмысшылар жұмыс істеу тәртібін белгілейтін еңбек қорғау жөніндегі нұсқауларды, сонымен бірге машиналармен және механизмдермен жұмыс істеудің белгіленген жеке қорғану құралдарымен пайдалану талаптарын орындауға міндетті.
Еңбек жағдайы зиянды жұмыстарды, ерекше жоғары температура жағдайында немесе лас жұмыстар атқаратын жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленген норма бойынша тегін арнайы киім, арнаулы аяқ киім және жеке қорғану құралдары берілуі тиіс.
Құрылыс алаңдарында немесе жұмыс істеп отырған ортада санитарлық-тұрмыстық бөлмелер және құрылғылар болуы тиіс: гардеробты бөлмелер, жуынатын бөлмелер, кебуге арналған бөлмелер, арнайы киімнің залалсыздандыруы, шаңсыздандыруы, тамақтану пункттері, күн және атмосфера радиациясынан және өндіріс құрылғыларының сәулелерінен қорғану құрылғылары мен бөлмелері болуы қажет.
Жұмыс істеп отырған жерлердің барлық, әсіресе машина және механизмдер, рельсті және тағы басқа қауіпті жерлер жақсы жарықтандыру құрылғыларымен қамтамасыз етілуі керек.
Қорытынды
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ермин И.Ф.Процессы и аппараты в технологий строительных материалов. -М.:В. ш, 2011.-112с
Бауман В.А.,Клушанцев Б.В.,Мартынов В.Д.Механическое оборудование предпрятий стройтельных материалов,изделий и конструкций.-М.,Машинстроение,2005,-327с
КомарА.Г.,БаженовЮ.М.Сулименко Л.М. Технология пройзводства стройтельных материалов.-М.,Высшая школа,2004.-408с
Сапаожников М.Я.,Дроздов Н.Е.Справочник по оборудованию заводов стройтельных материалов.-М., 2007,-207с
ш -6669 В-64, Вознесенский А.А Тепловые установки в. техн.стр.мат-в .-М., 2009,-307с
ш -66 . П-27 Перегудов В.В Роговой М.И Тепловые процессы и установки в технологии стр. изд и деталий –М. Стройиздат 2010-314с
Гершберг О.А Технология бетонных и железобетонных изделий –М 1971.-М., 2007,-247с
ш-691, Б-91 Буров Ю.С. Технология строительных материалов и изделий .-М., 2005,-217с
ш-666.9, Т-38. Баженов Ю.М. Алимов Л.А Технология бетона и строительных изделий,конструкций .-М., 2006,-187с
ш-691, К-63 Комар А.Г Строительных материалов и изделий–М. Стройиздат 2008-404с
ш- Б.666.9, Б-16. Баженов Ю.М Технология бетонных и железобетонных изделий. –М. Стройиздат 2005-404с
Достарыңызбен бөлісу: |