сурет. Ғимарат жосарында шоғырландырғыш осьтерінің көтеруші қабырғалармен байланысуы.
а) Шоғырландырғыш осьтердің ғимараттың кірпіш қабырғасымен байланысы;
б) Көлемді блокты ғимараттар қабырғасымен байланысы
Сыртқы қоршау құрылымдарының жылу техникалық есептеулері және сыртқы қабырға,жабын құрылымдарының қалыңдығын анықтау
Жылдың суық мезгілінде барлық сыртқы қоршау құрылымдар үшін жылу техникалық есептеулер істегенде құрылыс ауданы, пайдалану жай күйі, ғимараттың қолдану мақсаты, денсаулық – тазалық талаптары, бөлмелердің ішкі температурасы және сыртқы ауаның суық маусымдағы температуралары есепке алынады.
Ішкі қоршау құрылымдарының (қабырға, арақабырға, аражабын) жылу техникалық есебі температуралар айырымы жоғары болғанда ғана істеледі.
Салқын, суық аймақтарда салынатын ғимараттардың жылу қорғанысы үшін негізгі есептік көрсеткіштер ҚР ҚНжЕ (ІІ-3-79*) «Құрылыс жылутехникасы» - стандарттар құжатында көрсетілген.
Құрылыс тәжірибесінде бір қабатты қоршау құрылымдар үшін тығыздығы 400-100кг/м3-қа дейін жеңіл, ұяшықты бетондар, көп қабатты қоршау құрылымдар үшін тығыздығы 40 – 100 кг/м3 болатын пенопласт және минералды мақта түріндегі белсенді жылуоқшаулағыштар қолданылады.
Жылу – техникалық есептеулері үшін берілетін негізгі деректер:
Құрылыс ауданының суық,салқын мезгілдеріндегі сыртқы ауаның есептік параметрлері
Жылу техникалық есеп «Құрылыс жылутехникасы ҚР ҚЖжЕ 2.04-03-2002 сәйкес жылу техниканың есебінің көрсеткіштері алынады.
Ғимараттың қоршаушы құрылымдарының(қабырғаның және жабынның) жылу техникалық есебі құрылымдардың қалыңдығы және қоршау материалдарының жылу өткізу кедергісінің шартты шамасына байланысты есептеледі. Бұл жерде нақты есептелген жылу өткізу кедергісі R, талап бойынша көрсетілген кедергіден кем болуы тиіс. Яғни, R ≤.
Ғимараттың өндіріс цехтің немесе бөлменің қыс мезгіліне қажетті жылумен қамту ерекшілігіне байланысты талап етілген жылу кедергісі келесі өрнекпен көрсетілген.
Бір қабатты және көпқабатты бәртекті қоршау құрылымының жылулық есептеу. Жобаланатын ғимараттың өндірістік цехтың немесе бөлменің қос мезгілінде қажетті жылумен қамтылу ерекшілігіне байланысты жылу кедергісі келесі өрнекпен анықталады.
Осы шартқа байланысты алдымен талап кедергіні төменде келтірілген формуламен анықтайды:
=
Достарыңызбен бөлісу: |