Әдістемелік нұСҚаулық



жүктеу 0,54 Mb.
бет2/2
Дата25.12.2017
өлшемі0,54 Mb.
#5945
1   2

БЕКІТЕМІН

ХТжЖ деканы



К.К. Ахметов

« » 200 ж.

Құрастырушы: аға оқытушы Қосынтаев Б.Б.
Дене тәрбиесі кафедрасы

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Дене шынықтыру пәні (футбол оқу-спорттық бөлімі)

Барлық мамандықтары бойынша студенттеріне арналған

Кафедра отырысында ұсынылған

« » 200 ж. Хаттама№


Кафедра меңгерушісі Ю.А.Мастобаев

Химиялық Техналогиялар және жаратылыстану факультетінің әдістемелік кеңесімен рұқсатталған

«___» ________ 200__ж. № хаттама
ӘК төрағасы ______________ У.Д. Буркитбаева.


Практикалық сабақтарының мазмұны

1 Тақырып. Қозғалу техникасы. Алма кезек қадамадармен арқаны алға қойып жүгіру. Жылдамдықтың өзгеруімен түзу мен дұға бойынша жүгіру. Жүгіріс кезіндегі секірістер мен тоқталысатр, алға еңкею мен секірістер.

Жеңіл атлетке қарағанда футболщының жүгіру қадамдары аз болады. Ол жүгірген кезде көкірегі түскен кеңістікте аяғын жерге қояды. Ал жеңіл атлет – дненеің вертикаль осінің алдында қояды.бұл дегеніміз, футболшы допқа немесе қарсыластың артынан толық жылдамдықта жүгіріп, бірақ ол өз қадамын ұзартпайды.

Футболшы дененің ауырлық центрін жерге ауысиыруға тырысады. Ол оған түзіліс пен бағытты ауыстыруғ жеңілдетеді. Ауырлық центрінің қисық сызықты жүрісі кезінде футбошы денесі жүгіріс кезінде горизонталбдан ауытқымайды.

Ойын кезіндегі кездейсоқтықтар жүгірістің тұрақты қалпын сақтатпайды: ол ойынның жағдайына ибайланысты өзгереді.

Футболшы орында немесе жүгірісте, бір немесе екі аяқты серпу арқылы секіре алады. Жүгірісте бірт аяқпен серпудің өнімділігі орындағы екі аяқпе.н де серпуден қарағанда жоғары болады. Бірақ та футболшы секірістің орындау техникасын таңдау мүмкіндігінен айрылған: көбінесе ол өзгеріп тұратын ойын жағдайларына байланысты болады.

2 тақырып. Аяқпен допты тебу. Қозғалмайтын және сырғып бара жатқан допты аяқтың алқымының ішкі және ортаңғы бөлігімен соққы беру. Ұшып бара жатқан және секірген допты тебу. Қысқа және орташа ұзындықтардағы, үстінде доптың астымен алаңға енгізу, талпыну тоқталыстар кезіндегі соққыларды орындау. Дәлдікке тән соққылар.

Табанның ішкі жағымен тебу. Бұл соққының техникасы тез үйретіледі, оған табан,ың үлкен жазық беті көмектеседі. Берулреге дайын, сонда ол топпен ойынды жүргізеді. Соққыны дұрыс орындау үшін, доптан 10-15 см біраз тізеге бүгілген аяқты бүйірімен қоямыз.осы аяқтың ұшы соққының дәл «бағытын» көрсетуі тиіс. Тебетің аяқтың табанын тізеге бүгіп, сыртқа қатты шығарамыз да сирақ буынында бекітеді. Допты тебер кезінде, тебетін аяқтың ұлтанын жер бетінде оның «жағы» доптың ортасымен жанасып, қалатындай етіп «жүргізу » керек. Соққы ждасар кезінде кееудені допқа қарай еңкейтіп, дененің ауырлығын тіреу аяғына жібереді. Соққының мына ижағдайына назар аударыңыз:тебетін аяқ доппен жанасқаннан кейін де өз қозғалысын тоқтатпайды. Бұл жағдай проводка деп аталады, ол соққының барлық түрлерінде кездеседі.

Жаттығулар:

1 Қабырға маңында ойнау. Қабырғадан 5-6 қадам артқа тұрыңыз. Қозғалмай тұрған допта орында 2,-25 соққы орындаңыз. Тағы осы жаттығу, тек жгірісте.

2 «Гол соқ». Қабырға алдында кірпіштерден қалыңдығы тбір қадам болатын қақпа жасаңыз. 8-10 қадамнан допты астымен жіберіп, қақпаға тиюге тырысыңыз. 10 соққыдан кейін қанша рет доп қақпада болатынын сананыз. Үш топтаманың ішіндегі қайсысы ең табысты болды.

«Жақпен» ұру жакттығыун үйрену мүмкіндігіне байланысты қийындатыңыз.3-4 қадам шетте тұрғанда соққы нүктесін ауыстырыңыз. Бұл жағдайда соққыны қақпаға бұрышпен жүргізуге тура келеді.

3 «Дөңгелек бойынша доп». Алаңд 20 қадамды дөңгелек сызылады. Қатысушылардың біреуі дөңгелек ішінде тұрады. Қалғандары дөңгелектің сызығы бойынша бір-бірінен тең ара қашықьтықта тұрады. Дөңгелектің ішінде тұрған ойыншы бір ретпен допты әр қатысушыға жіәбереді, 15-20 беруден кейіен оны келесі ойыншы ауыстырады.

3 Тақырып. Аяқ алқымының ішкі жағымен тебу. Соққы қысқа берулер, алаңның аланқайындағы сызықтар, диогоналды берулер, тойтарыс және еркін, қақпаға деген соққылар үшін арналған.

Тіреу аяғын біраз артқа және доптың қырына қарай қаратып, оны дененің ауырлы

Тіреу аяғын біраз артқа және доптың қырына қарай қаратып, оны дененің ауырлығына иауыстырыңыз, содан кейін тебетін аяқтың табаның біраз артқа шығарып, сираққа бекітіп, аяқ ұшын созады. Соққыны доптың дәл астыңғы жағына қарай тебіңіз.

Жаттығулар:

1 «Дәл нысанаға». Қабырғада 1*1 квадрат салып, 7-8 қадам қашықтықатн орыннан нысанаға 25-30 соққы жіберіңіз. Сосын осы соққы сандарын тек жүгірісте қайталаңыз.

2 «Сым арқылы». Ағаштар немесе тіреулер арасында 1,5 м биіктікте сым іліңіз. Екі ойыншы осы сымның арғы және бергі жағына шығып, аяқтың соққысымен допты бір-біріне тебеді, сонда ол сымнан асып түсуі тиіс. Кім 25-30мүмкіндіктен аз қателік жасайды?

3 «дәлме-дәл беру», бінрнеше ойыншы бір-біріне 10-12 м қашықтықта тұрвды.әрбір ойыншының мақсаты допты өзінің әріптестеріне дәлме-дәл беру.

4 тақырып. Аяқ алқымының ортасымен тебу. Соққының өнімділігі жоғары. Аяқ алқымының ортасымен допты ең үлкен қашықтыққа жіберуге болады. Бұл соққыны мына кезде қолданады: -допты беру, допты ұру. Қақпадан соққылар, қақпаға деген соққылар сонымен қатар айып пұл соққыларын орындаған кездн қолданады.

Тіреудегі аяқтың тізесі біраз бүгіледі де доптың қасына орналасады, оның ұшы соққы бағыты бойына қарайды. Тебетін аяқ артқа барып, тізесі қатты бүгіледі.сосын жамбастың серпу қозғалысымен аяқ алға қойылады. Санннан бөлек кеткен сирақ, қосымша үдеу алып допқа қарай қозғалады. Соққы доптың ортасына бағытталапды. Бұл кезде тебетін аяқтың ұшы астына созылады да, дене алға еңкейеді. Тебетін аяқпен бірге қол шынтаққа бүгіліп, қайтарымсыз артқа беріледі. Екінші қол алға үстіне лақтырылады.



Жаттығулар:

1Дене мен тедетін аяқтың табанымен тіреуде тұрған аяқ қалпына қарап, 8-10 қадам қашықтықта қабырғаға 20-25 соққы қозғалмайтын доппен, орыннан жасайсыз.

2 «Мергенді нысанаға». Нысананы таңдаңыз(ағаш, тіреу немесе қабырғада салынған 1*1 м квадрат). Таңдалған нысанаға 10-12 қадамнан 35-40 соққы жасаңыз.

3 «Тастар арасында». Екі тастан ені 1-1,5 м қадам болатын қақпа жасалынады. Ана шеті мен мына шетінен соққының сызықтары белгіленеді. Осы сызықтардың артында ойыншылар тұрады. әрбреуінің мақсаты – бірінші болып допты қақпаға кіргізу. Кім аз қателік жасайды? Қақпа мен ойыншы арасындағы қашықтық 7-8 қадам.

5Тақырып. Аяқ алқымының ішкі жағымен тебу. Аяқ алқымының ішкі жағымен тебу кезінде допты «айналдыру» оңай. Бұл соққы тактикалық мақсатта қолданылуы мүмкін.

Аяқ алқымының ішкі жағымен тебу техникасымынадай: жүгіру соққының дәл бағыты бойынша жүргізіледі. Тіреу аяғы біраз бүгіліп, доптың деңгейінде қойылады ол тебетін аяққа юөгет жасамауы керек.тебетін аяқтың ұшын ішке тартып, сирақ бекітіліп, екі еяқта ішке айналады. Кеуде алға екейеді сонда дененің ауырлығы тіреу аяғына ауысады.тебер алдында аяқ аяқ киімнің ішкі жібімен жанасуы керек. Аяқ алқымының ішкі жағымен тебу тебудегі доптың ұшу биіктігі тіреу аяғы мен тебетің аяқтың айналу дәрежесіне тәуелді. Тіреу аяғы жақын болған сайын, табан ішке кіріп, соғұрлым доп төмен ұшады.

Жаттығулар:

1 «Сырғып бара жатқан доппен нысанаға ». ойынсеріктердің біреуі бүйірінен беруді жасйды, басқасы бара жатқан доппен шартталған нысана бойынша соққы жасйды. Екі аяқтан 10 соққы жасап, тебетін ойыншы әріптестермен ролдерімен ауысады.

2 «Қатты соққы». Ойынсеріктердің біреуі қақпадан орын алады. Басқалары оң және сол аяқтан қақпаға 10 соққы жасайды. Содан кейін олар ролдерімен ауысады.

3 «Дөңгелек бойынша ойнау». Бірнше ойыншылар елестетілген дөңгелекке орналасып, рет-ретімен бір-біріне доп береді. Ойыншлар арасындағы қашықтық 10-12 қадам.

6 Тақырып. Табанның ішкі жағымен тебу. Бұл соққыны негізінен финт пен әртүрлі жасырын соққылар және юерулер жасау кезінде қ\олданады.

Табанның бойлық осі соққының бағытымен 45 градус бұрыш жасайды. Жаттығулар:

1 қабырғаның алдындағы табанның ішкі жағымен соққылар жүргізу. Ойыншы қаюырғадан 10-12 м алшақ болып, қозғалыссыз допты тебеді. Сосын жүрісте қабырғадан серпіліп   қайтып келген допты жібереді.

2 Аласа қақпаға дайындалған соққылар. Жаттығу теннисбол ойынына ұқсайды (ойын воллейбол немесе теннисбол аланындағы допт тордан лақтыру арқылы жүреді) соққылар қақпаға 1,20 м биіктіктен қозғалмайтын, сынрғып бара жатқан доппен жүргізіледі.

3 қақпа сызықтарынан соққы жасау. Қақпа сызықтарына (бұрыштық сектордан да болады) «қиылған» жерге тимей қақпаға тимегендей етіп тебу керек. Соққы орны мен қақпа арасы уақыт өткен сайын өзгереді. Жақсы дайындалған ойыншылар доптың өзін және қақпа сызығынан да тебеді.

7 Тақырып. Аяқтың тұмсығымен тебу. Тұмсықпен тебу кезінде табанды толық емес төменге тартпайды, сонда оның тұмсығы доптың центіне бағытталуы керек.

Орындалу техникасы мынадай: тіреу аяғы доп деңгейімен тең болуы керек, оның ұшы соққы бағытын көрсетеді. Тебетін аяқтың тізесі бүгілген, тіреу аяғы қасыннан өткенде ол тез созылады. Оның тұмсығы доптың ортасымен жанасатындай. Осы кезде тебетін аяқтың табаны сирақпен түзу бұрыш жасайды. Тебу кезінде кеуле біраз артқа еңкейеді, тіреу аяғы тізе буынында бүгіледі.

Жаттығулар:

1 Қабырғада диаметрі 1 м болатын дөңгелек нысана саламыз. 8-10 қадам қашықтықтан 25-30 қозғалатын доптан соққы жүргізіледі, нысанаға тиюге тырыасды. Сосын жаттығуды қиындатады, жүгірістен соққылар жасайды.

2 «воллейбол торынан соғулар ». воллейбол торын 1,5 м биіктікте іліңіз. Воллейбол аланының беттік сызығында тұрыңыз және орыннан доппен немесе жүгірістен допты әріптеске жіберіңіз. Екеулеріннің қайсысы екі аяқтан 15 соққы жүргізіп, аз қателік жасайды.

8 Тақырып. Тіземен тебу. Жамбастың тез қимылымен допты аяқтың тізесінің жоғарғы бөлігімен тебіңіз.

Ойыншы қарсыластарының қрощауында қалғанда және доптың жақын кездегі ол негізгі соққының біреуінде жасай алмау кезінде көмекші соққы ретінде қолданавды.

9 Тақырып. Өкшемен тебу. Допты тебу өкше мен онымен щектескен табанның бір бөлігімен жүргізіледі.

Бұл соққыны орындау кезінде тіреу аяғы доптың қаптал жағына тұрады, ал тебетін аяқ серпеу жасап, доптың қасынан немесе қырыннан өтеді. Содан кері әрекетпен доптың ортасына өкшемен тебеді.

Жаттығулар:

1 «Өкшемен нысанаға тебу». Қабырғаның алдында екі тастан ені 1 м болатын қақпа жасаңыз. Допты қақпадан 5-6 м қойып, қақпаға қырымен айналып, 15-20 соққы жасаңыз. Содан соң қақпадан қашықтықты арттырыңыз.

2 «Бір-біріне». Ойынсерікпен допты өкшемен тебуден жаттығыңыз. Ара қашықтықты біртіндеп арттырыңыз.

3 «Дөңгелектегі доп». Алан диаметрі 15 қадам болатын дөңгелек сызылады. Ойыншылардың біреуі алаң ортасындағы орынды алады, ал басқалары дөңгелек шетінде тұрады. Дөңгелек ортасында тұрған ойыншыға басқалары рет ретімен доп береді, ол табаннның ішкі жағымен оны тойтарады. Біраз уақыттан кейін ол басқалармен орнын ауыстырады.

10 Тақырып. Допты баспен соғу. Ұшып келе жатқан допты қарсы маңдай ортасымен секіріссіз және секірумен, орында немесе жүгіруде соғу. Соққылар дәлдікке бағытталады: ойын серіктің қақпавсына дәлдненді.

Жамбастан тез қозғалыспен ойыншы кеуденің жоғарғы жағын шығарып, мойынды еңкейтеді де допты соғады. Баспен соғу кезінде көкірек артқа тартады, мойын ширатылған, иек кеудеге тартылған – соққы маңдаймен жасалады.көз ашық күйде. Доппен жанасу көкірек жерге перпендикуляр болғандағы соққы кезінде жүзеге асады.

Жаттығулар:

1 Екі ойыншы орын тауыстырусыз жаттығады, бір-бірінің алдында кең ашылған аяқпен тұрады. Ойынсеріктің әрбіреуі допты өзіне лақтырып, басымен серіктеске жібереді.

2 отырған күйде ойыншы допты лақтырып серіктеске жібереді.

3 ойыншы допты отырған күйдегі серіктеске жібереді, ал ол баспен қайтарады.

11 Тақырып. Маңдайдың қаптал бөлігімен соққы жасау. Бұл тәсілмен допты ең үлкен қащықтыққа тойтаруға болады. Маңдайдың қаптал бөлігімен соққы жасау қарсыластан айрылу мақсатында , сонымен қатар қақпаға қарсы соққылар үшін де қолданады.

Жаттығулар:

Аяқтар бөлек тұррып, табандар бір-бірінен 60-70 см қашыфқтықта тұрады. Ұшып келе жатқан допқа бір жақ бүйірімен айналады. Бұл қарама қарсы тізе біраз бүгіледі, сол уақытта(бүгілген аяқ бағытында _) кеуде мен мойын қатты еңкейеді. Қолдар бос және тепе-теңдікті сақтайды.

Баспен соғу әрекеті бүгілген аяқтан басталады. Тізе тез түзеледі, сол уақытта түзілген аяқтың инерциясы кеуденің ішкі бөлігіне ұшып келе жатқан доп жаққа бағыттайды. Маңдайдың бүйір жағы допқа ұатты соққы береді, оны күші дененің жоғарғы бөлігі артқан сайын өседі. Баспен соққаннан кейін дене допты шығарып саклады.

12 Тақырып. Бастың артқы жағымен соққы жасау. Осы соққыны жасау кезінде доп тура келгенде, әуелегі арпалыста қолданып допты ойынсеріктерге немесе қақпаға бағыттау үшін жасалынады.

Жаттығулар:

1 Допсыз екі жүрісте әрекет жасау. Бірінші такт – тізе мен сирақты терң бүгу даярлығы кезінде, көкірек пен мойынды артқа жіберіп, екіншісі – аяқты тез түзетіп, жамбасты итеру.

2 Үйретілген әрекеттерді баспен допты соғу үшін жасайды.

3 үш-үш адамнан топ құрайды. Шеттегі екі адам бір-бьіріне бетпе-бет тұрады; біреуі екі қолымен аспалы доптытөменнен жоғары лақтырады, ортада тұрған ойыншы бзге белгілі әрекетпен төменле тұрған ойынсерікке баспен тойтарыс береді.ортадағы ойыншы допты тойтарғаннан кейін айналады.

13 Тақырып. Ырғып келе жатқан допты баспен соғу. Басқа әдіспен допқа жете алмаған кезде ойыншы екі аяғымен алға серпіліп, баспен соққы жасайды.

Бұл соққының техникасында басқа айтылған үлкен айырмашылығы жоқ. Қолды аз серпейді, олар негізінен алға бағытталған. Көкірек серпудің бас кезінде және буындардағы аяқты түзетіп, біраз алға бүгіледі. Дененің салмағы толығымен аяқ табанына ауысады. Жерге қонған кезде бірінші болып, аяқ пен қол, содан ккейін кеуде жанасады.

Жаттығулар:

Бұл соққыны үйретер кезде қауіпсіздікті сақтау қажет. Алдымен жааатығу кезіндегі жаттығу мен жұмсақ топырақта горизонталь ұшужаттығуларын жасап, ал сосын белдің биіктігінде ілінген допты баспен ұрудағы жаттығуларды үйрену көлемі бойынша өзгертеді. Үйренгендер орында тұрған допты дариды. Ойыншы доптан 80-120 см алыста тұрады.

Содан соң баспен ырғуды екі-екілеп жасайды: біреу жерден қысқа бойынша жібереді, ал екіншісі қолға қайта түсер кезде баспен тойтарыс береді.орындап жатқан жаттығу мен түсіп бара жатқан доптың арасындағы қашықтық артады, доптың берілу биіктігі де артады.

14 Тақырып. Сырғып бара жатқан допты тоқтату техникасы. Ұлтанның ішкі жағымен сырғып бара жатқан допты орында, алға, артқа қозғалғанда тоқтату. Кеудеге ұшып ккеле жатқан допты жамбаспен табанның ішкі жағымен тоқтату.

Тіреу аяғы шамалап тізе мен сираққа бүгілген. Тіреу жақтағы аяқтың иы.ы біраз алға шығады. Екінші аяқ ортан жіліктің басы табанның бойлығы допты қарсыалуға перпендикуляр айналуы керек.

Допты қабылдау кезде сол аяқ тізеге бүгіліп, тіреу аяғының сызығымен жүргізіліп, сонда сирақ 45-50˚ градус болуы керек. Буындар бос күйде. Денеің жоғарғы жағы бұл қалыпта біраз еңкейеді, қол тепе-теңдікті сақтайды. Барлық назар допқа аударылады. Табанның бұлшық еттері ширынғып, аяқ тез артқа серпіліп, доп солардың созылған бетімен жанасуы керек. Аяққты артқа қарай сермеуді, доптың келу жылдамдығына қарай серпу керек, соның нәтихесінде доп үлкен жолдағы табанның ішкі жағымен кездеседі. Жылдамдығы біртіндеп азаяды, аяқты артқа сермегеннен кейін доп табаннның алдында тоқтайды.

15 Тақырып. Аяқ алқымының ортасымен допты ұстап алу(ұшып келгенде). Бұл әдіс қатты ұшып келе жатқан допты ұстау үшін қолданады. Егер жақын жерде қарсылас тұрса, ұшып тұрған аяқ алқымының ортасымен ұстап алу мақсат.

Бұл әдісті орындау кезде дененің ауырлық центрі артқа ауысады. Кеуденің жоғарғы бөлігін біраз алға еңкейтіп, қолмен тепе-теңдікті сақтау керек. Көз назары даптың табан алқымына жанасқанға дейін бақылайды. Егер допты еркін табанмен «шығарып салса»жалғасқан жолда түсірген аяқтың жылдамдығын азайтады сонда доп өз күшін жоғалтып, жерге түседі.

Жаттығулар:

1 допсыз әрекеттер жасау. Үйренген адам аяғын жамбас сүйегіне дейін көтеріп, сол қалыпта ұстап тұрады да белгі бойынша аяқты жерге түсіреді.

2 ұратын допты ұшып бара жатқан кезде ұстау. Үйренген адам аяғын жамбас биіктігінде көтереді.1,5-2 м қашықтықта тұрған ойынсерік оған ілінген допты лақтырады. Табанмен соқтығысу кезінде доп жерге түседі.

3 Ойынсерік допты былай лақтырады: сонда үйретілген адам оны қозғалыстаұстап алуы керек, (алдымен жүгірісте ал сосын әрекеттен кейін ар жаққа).

16 Тақырып. әуеде ұшып бара жатқан допты үлкен емес биіктікте ұстау. Егер доп тізе биіктігінен биік емес жер бетінде ұшып жүрсе, онда оны ауада табаннның ішкі жағымен ұстап алуға болады. Бұл әдісті жартылай биік ұшқан доптарды, сонымен қатар биік, тым қатты емес траекторияда ұшқан допты ұстау үшін қолданады.

Жаттығу: Аяқты артқа созып, ортан жіліктің ұршық басына айналдырады. Допты өзінен өткізеді. Футболшы денесінің сызығынан аяқ біраз артқа созылады. Аяқтың еркін буындары арқасында доптың жылдамдығы аяқпен жанасқан кезде, ол ойыншының алдына түсетіндей азаяды.

17 тақырып. Табанның ішкі бөлігімен допты қабылдау. Домалап бара жатқан допты тоқтату, ауамен төмен немесе жартылай жоғары ұшып бара жатқан допты ұстау, табанның ішкі бөлігіндегі грунттан секіріп шыққан допты тоқтату немесе қабылдау.

Табанның ішкі бөлігімен допты тоқтату кезінде денені біразалға еңкейту керек, тіреуіш аяқ бүгілулі, соғушы аяқ тізе буынында бүгулі, сирақ кішкене артқа , өкше көтерілу, табан ішкі жаққа бұрылған болу керек және ол жерден секірген допты жабуы керек.

Жаттығулар:

1. Ойыншы допты алдына тастайды және оң немесе сол аяқтың табанының ішкі жағымен бұрылыспен немесе бұрылыссыз тоқтатады, допты тура жүргізеді

2. А ойыншы допты алысқа лақтырады; Б ойыншы допқа жүгіріп, лақтырушыға бұрылыс жасап тоқтатады және қайтарып береді.

3. Бұл жаттығу алдындағыдай орындалады, бірақ Б ойыншы допты тоқтатақаннан кейін, шыққан нүктеге 900 бұрылыспен алып келеді, осы жерде қарсыласын алдандырады. А ойыншы допты басқа жаққа лақтырады және т.с.с.

18 тақырып. Грунттан секіріп шыққан допты табанның ішкі бөлігімен қабылдау. Бұл тәсіл доп аса үлкен емес траекториямен қарсы ұшып келе жатқан кезде қолданылады, қабылдаушы ойыншының алдына түседі. Доп секіріп кетпес үшін табанның ішкі бөлігімен жерге соғылғаннан кейін ғана тоқтату қажет.

Тіреулі аяқты кішкене тізеге бүгу, аяқ ұшын жақындап келе жатқан доп бағытына бұру. Осы күйде бір немесе бір жарым табанға грунттан ұшып шыққан допты күтетін жерден алға аттау керек. Басқа аяқты табанның ішкі бөлігімен соғудағы сияқты, табанның бойлық осі түсіп келе жатқан доп бағытына перпендикуляр болатындай етіп, ортан жіліктің ұршық басымен бұру керек. Аяқты артқа жіберілген күйде, сәл тізеге бүгулі қалпында сирақ жермен 450 бұрыш жасағанша ұстап тұру керек. Тізе мен сирақ буындары еркін болу қажет.

Жаттығулар:

1. Ең алдымен жаңа ойыншы допты қабылдауға арналған қалыпқа үйрену керек және қажетті аяқ қозғалысын дұрыс орындауы қажет. Осы мақсатпен ол тепе-теңдікті сақтап тіреулі аяқтың тізесіне жеңіл серіппелі қозғалыс жасайды.

2. Үйренуші допты қабылдауға дайындық кезінде аяқты артқа жібереді. Осы уақытта қарсы тұрған серіктесі допты грунтқа жетіп, үйренушінің артқа жіберген аяқ табанының ішкі бетіне соғылғанша, төмен траекториямен жібереді. Егер доптыңжерден секіру орны белгілі болса, жақсы болады. Себебі допты қабылдаушының денесі қысыңқы болады да, оған уақыт өте келе еркін ұстауына мүмкіндік керек болады, ең бастысы аяқ бұлшық еттерін еркін ұстауы керек.

3. Үйренуші допты жұмыс істеп тұрған аяқтың жағындағы иық жаққа түсетіндей етіп, өзінің басына дейінгі биіктікке жеткенше лақтырады. Допты алдымен екінші рет секіргеннен кейін, сосын бірінші секіргеннен кейін тоқтату керек. Спортшы денесін тіреулі аяқ бойымен ось қызметін орындап айналдыру керек.

19 тақырып. Аяқ алқымымен допты қабылдау. Барлық дене салмағы тіреулі аяққа түседі. Тізе біраз бүгулі. Көкіректің жоғарғы бөлігі жай ғана алға еңкеюлі, қолдар тепе-теңдікті ұстап тұрады, көз тек қана допта болу керек. Футболшы тіреулі аяқта жақындап келе жатқан доп жағына сәл бұрылады, ал басқа аяғымен денесінің алдында диагональ бойынша қозғалады. Диагональ бойынша қозғалған аяқты сирақ-табан буынында ішке қарай айналдыру керек.

Жаттығулар:

1. Доп аяқ ұшынан 10-15 см аралығында тоқтатылады және оның жағынан 20 см қашықтықта. Үйренуші допқа қарама-қарсы жақтағы аяғын диагональ бойыншакөтереді және аяқ алқымымен допты басқа жаққа жібереді.

2. Үйренуші кішкене алға және қырына еңкейеді, допты өз алдына лақтырады, ал содан кейін қарама-қарсы еңкеюмен диагональ бойынша аяқты көтере бастайды. Допты жерден бірінші секіргеннен кейін тоқтатады және оны басқа жаққа жібереді.

3. Үйренуші аяғын диагональ бойымен көтереді. Серіктесі оған допты, жерге соғылып оның аяғының алқымына дәл соғыла алатындай етіп лақтыруы керек. Екі түрлі әдіспен де жаттығу керек: тоқтату және допты алып кету. Лақтырудың дәлдігін білу үшін грунтқа түскен доптың алаңдағы орнын белгілеуге болады.

20 тақырып. Допты табан астымен қабылдау. Ойыншы алдынан жерден секірген допты табанның астыңғы бөлігі арқылы тоқтатуға болады. Табанның астыңғы бөлігімен допты қабылдаудың екі тәсілі бар: доп табанның астымен соғылып, соның астында қалады немесе доп ойыншы алдынан домалап кетеді.

Тіреулі аяқ сәл тізеде бүгілген. Қолдар тепе-теңдікті ұстап тұрады. Көз допқа бағытталған. Келесі аяқ тізеге әлсіз бүгіліп ортан жіліктің ұршық басында көтеріледі. Табан толығымен еркін болады. Жерден секірген допты табан астына соғылып грунтқа жетіп тез тоқтап қалатындай етіп, тоқтату керек.

Жаттығулар:

1. Үйренуші допты тоқтататын аяғын алға созады, табан асты еңкеюлі қалыпта болады. 2-3 м қарама-қарсы тұрған серіктесі допты бірінші секіргеннен кейін алға созылған аяқтың табанына соғылатындай етіп лақтырады. Бұл кезеңдеалаңда секірген доптың қалаулы орнын белгілеу ұсынылады.

2. Кеуденің биіктігіменлақтырылған допты көтерілген табанның астыңғы бөлігімен екінші секіргеннен кейінтоқтату керек немесе алдынан итеріп жіберу керек.

3. Қабырғадан лақтырылған немесе секірген допты сәйкес жағдайларды қолданып, тоқтату керек. Алдымен екінші, содан соң бірінші секіргеннен кейін.

21 тақырып. Допты өкшемен қабылдау. Футболшы үстінен құлаған доп табанның ішкі бөлігімен немесе өкше ұшымен қабылдап алынады.

Өкшемен допты алу кезінде дене салмағы тіреулі аяққа түседі. Аяқ тізеге қатты бүгулі болады. Көкіректің жоғарғы бөлігі алға еңкеюлі және допты қабылдаушы аяқ бағытына бұрылған болады. Тіреулі аяқ жағындағы қол еркін және алға созылулы болу керек, ал қарама-қарсы қол сәл артқа кеткен және ол тепе-теңдікті ұстап тұрады. Допты қабылдаушы аяқ біршама сыртқа айналдырулы, біраз тізеге бүгулі және артқа кеткен, бұл жақындап келе жатқан доптың қаншалықты биік екенін білуді қажет етеді. Табанның бойлық осі грунтқа параллель болатындай етіп ұстап тұру керек және доп оған жалпақ табаққа құлаған сияқты құлауы тиіс. Допты біраз ғана аяқты көтеру арқылы лақтырады, көкіректің жоғарғы бөлігін тағы да алға еңкейту керек. Көзбен джоптың қозғалысын бақылау қажет.

Жаттығулар:

1. Допсыз қозғалыстарды орындау. Сыртқа қабырғамен артқа кеткен табанмен бірнеше рет үзіліссіз жеңілатлетикалық барьерге жанасу керек.

2. Қозғалыссыз ілінген допқа орыннан қабылдау жаттығуы. Жұппен орындалады: бір ойыншы бірнеше рет өкшемен қабылдауларды бірнеше рет орындайды, ал екіншісі секіріп бара жатқан допты тоқтатады. Содан соң үйренушілер рольдерімен ауысады.

3. Үш ойыншаға арналған жаттығулар. Біріншісі өзінен сәл алыстағы екінші жаттығушының артына тұрады, үшіншісі 5м екінші ойыншының алдында тұрып, допты қарсы тұрған ойыншының биіктігіне лақтырады, алға жүгіреді, жартылай бұрылыс жасайды және допты тағы да күтеді. Содан кейін ойыншылар рольдерімен ауысады.

22 тақырып. Допты сирақпен қабылдау. Қабылдаудың мақсаты – допты өз алдына тоқтату, грунт пен сирақ арасында жасалатын бұрышта қабылдау. Жерден секірген доп сираққа соғылып, ойыншыдан қашыққа ұшып кетеді.

А ойыншы Б ойыншыға допты қысқаша береді. Ол допқа қарсы жүгіреді және соғушы аяқтың сирағымен жерден секіріп шыққан допты ұстайды. Сосын доппен біраз алға жүреді А ойыншыны алдандырады.

Жаттығуды оң және сол аяқпен жасайды.

23 тақырып. Допты жамбаспен қабылдау. Доп жоғарыға секіріп немесе секіргеннен кейін жерге құлайтындай етіп жамбаспен қабылдауға болады.

Жаттығуды орындау кезінде дене еркін болу керек және сәл ғана алға еңкеюлі, тіреулі аяқ серіппелі және жай ғана тізеге бүгулі, соғушы аяқ сәл көтеріңкі, тізеге бүгулі және еркін болады, доппен жанасқанда серіппеленеді.

Жаттығулар:

1. Ойыншы допты жоғары-алға лақтырады, соңынан бірге ұмтылады да, жамбаспен тоқтатады және кішкене жүргізеді.

2. Ойыншы допты серіктесіне лақтырады, ал ол оны жамбаспен, сосын жерде табанмен тоқтатады.

3. Ойыншы серіктесіне допты лақтырады, ол жамбаспен тоқтатып, алға қарай, екі жаққа, артқа бұрылыспен жүргізеді.

24 тақырып. Допты ішпен қабылдау. Грунттан секірп шыққан допты бір аяқпен шабуыл жасай отырып немесе жүгіріс кезінде қарсыластың қозғалысы сферасынан алып кетіп, ішпен қабылдауға болады. Қорғаушылар сияқты шабуылдаушылар да осы әдісті, ең бастысы, қарсылас өте сабырлы болып допты күткен кезде қолданады.

Допты тоқтатар кезінде дененің жоғарғы бөлігі допты жабады, іш тартылады, бұлшық еттер қысыңқы, қолдар екі жаққа кеткен болады.

Жаттығулар:

1. Ойыншы допты серіктесіне лақтырады, ол допқа қарсы жүгіреді және оны кеудемен немесе ішпен тоқтатады. Доп тоқтатылғаннан кейін қайта қайтарылады.

2. А ойыншы қарсы келе жатқан Б ойыншыға допты лақтырады, ол тоқтатады және А ойыншының орнына апарады, өз кезегінде А ойыншы Б ойыншы орнына ұмтылады. Содан Б ойыншы допты лақтырады, ал А ойыншы оны тоқтатады және т.с.с.

3. Жаттығу алдындағыдай орындалады, бірақ допты қолдан көтеріп соғу керек.

25 тақырып. Допты кеудемен қабылдау. Доп грунтқа вертикаль түсетіндей етіп, кеудемен алуға болады.

Допты кеудемен тоқтату кезінде көкіректің жоғарғы бөлігі допқа қарай ұмтылған болу керек. Доп кеуденің серіппелі қозғалысымен және алға сәл еңкейген күйде тоқтатылады.

Жаттығулар:

1. Ойыншы серіктесі допты кеуде биіктігінде алу үшін және жартылай ұшуда жоғарыдан немесе төменнен алдандыра алу үшін аса жоғары емес жарты ұшумен жібереді.

2. Ойыншы допты серіктесіне кеуде биіктігінде береді, ал ол алдымен допты кеудемен алады, сосын жерде оны табанымен тоқтатады.

3. Ойыншы допты серіктесіне лақтырады, ол кеудемен тоқтатып және оны әр түрлі бағытта – алға, екі жаққа, артқа бұрылыспен әкеледі.

26 тақырып. Допты баспен қабылдау. Ұшып келе жатқан допты аяқты кішкене тізеге бүгіп күтеді. Маңдайға соғылғаннан соң доп күшін жоғалтып, ойыншы алдына түседі.

Допты баспен тоқтату кезінде көкіректің жоғарғы бөлігі алға еңкеюлі және доппен жанасқан кезде жылдамдығын азайтып артқа кетеді. Иек кеудеге тартулы, мойын бұлшық еттері қысыңқы.

Жаттығулар:

1. Ойыншы допты бастың биіктігінде лақтырады. Ол доп аяқ астына құлағандай етіп, баспен тоқтатады, жерге табанымен басып, сонан соң қайтадан қайтарады.

2. Ойыншы серіктесіне допты бастың биіктігінде лақтырады. Ол оны баспен тоқтатады және жерден алға қарай, екі жаққа, артқа бұрылыспен бағыттайды.

3. Ойыншы серіктесіне допты лақтырады, ол баспен тоқтатып, жерге табанымен басып тұрады және төменнен табанның ішкі және сыртқы алқымы арқылы кері қайтарады.

27 тақырып. Допты жүргізу. Аяқ алқымының ішкі бөлігі, аяқ алқымының сыртқы бөлігі. Жылдамдықты өзгерте отырып бекітпелер арсымен ұмтылыс және үдеу жасап, тура және шеңбер, сонымен бірге бағытты өзгерте отырып, оң, сол аяқпен допты жүргізу.

Допты жүргізу кезінде дененің жоғарғы бөлігі сәл алға еңкеюлі болады, ол допты жауып тұрады. Тіпті жоғары жылдамдықта доптыңжанасуы соғушы аяқтың әр қадамында жүргізіледі. Допты көзбен үздіксіз бақылау керек; футболшы ойын алаңында тез әрекет ете алатындай, алаңда не болып жатқанын көру міндетті.

Жаттығулар:

1. Ойыншы допты оң аяқ табанының сыртқы жағымен диаметрі 2м шеңбер бойымен жүргізеді. Әр қадам үшін міндетті түрде оң аяқ доппен бір рет жанасу керек.

2. Ойыншы допты сол аяқ табанының сыртқы жағымен шеңбер бойымен жүргізеді. 1,2 жаттығуларды орындағаннан кейін доп шеңбер бойында дене жанында қалады, екі аяқ шеңбер сыртында қалады.

3. Ойыншы оң аяқтың табанының ішкі жағымен допты сол диаметрлі шеңбер бойымен жүргізеді.

4. Ойыншы допты сол аяқтың ішкі жағымен шеңбер бойымен жүргізу керек.

28 тақырып. Алдамшы қозғалыстар (финттер). Жалған қозғалыстар, алға ұмтыла кету. Қарсыласы сеніп қалатын жалған қозғалыстар көрсету, допты тоқтату. Допты тебудегі жалған қозғалыстар.

Финтті қозғалыс деп футболшылар қарсыласын жаңылыстыру үшінқолданатын қозғалыстарды айтады. Футболда ойыншы допты иеленуде, оны соққанда, баспен соғу кезінде көптеген жағдайларға кездесіп қалады: қарсыласы жанында тұрып бөгет жасайды, ал жақын маңда бос серіктесі болмай қалады. Осы жағдайларда қарсыласын алаңдататын, оларды алдайтын, орын мен уақытты ұтуға мүмкіндік беретін бұл қозғалыстар көп көмектеседі.

29 тақырып. Допты алып кету. Қарсыласпен жекпе-жекте допты алып кету. Орында тұрып қозғалып келе жатқан адамға қарсы немесе қырынан допты алға ұмтыла аяқпен соғып алу.

Допты алып қоюшының дене салмағы сәл тізеге бүгілгентіреулі аяққа түседі. (ерекше жағдайларда, мысалы допты иелену кезінде, тіпті допқа жол ашу кезінде дене салмағын допты алушы аяққа түсіруге болады). Доп алып кетушінің жанында немесе біршама алда болған кезде, оның тіреуіш аяғының бойлық осі алға бұрылған болу керек. Қорғаушы алып кетуші аяқтың ортан жілігінің ұршық басымен айналады. Табанның бойлық осідоп жолының бағытына перпендикуляр болу керек. Осындай жағдай доп алушының аяғының тізесінен аздап бүгілуіне себепші болады. Допты алу кезінде көкіректің жоғарғы бөлігі алға еңкеюлі болады, қолдар тепе-теңдік үшін екі жаққа жіберілген.

Жаттығулар:

1. Екі футболшы жақын қашықтықта бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Екеуінің арасында жерде соғылатын доп бар. Екі ойыншының тіреуіш аяқтары шамамен доп сызығында болады. Басқа аяқтарын артқа жіберілген күйде ұстайды. Ысқырық берілген кезде табандарының ішкі бөлігімен бір мезетте соғу қозғалысын жасайды.

2. допты алушы ойыншы грунтта жатқан доптың ар жағында тұрады. Келесі ойыншы оған 3-4м қашықтықтан жүгіреді. 1жаттығудағы сияқты екеуі де допқа аяқпен бір мезгілде қозғалыс жасайды. Егер жаттығу дұрыс орындалса, доп алушының аяғында қалады, сол сәтте жүгіріс нәтижесінде шабуылдаушы доптың жанынан өтіп кетеді.

30 тақырып. Допты жылжытып алып кету. Бұл қарсылысы жанынан енді ғана өтіп кетіп, ойын шартын бұзбай иықпен итеріп жанасу мүмкіндігі болмаған кезде қолданылады. Сонымен бірге оның аяқ астынан допты алып шығу үшін қолданылады. Осы жағдайларда жылжытуларды қолданады.

Жаттығулар:

1. ойыншылар шабуылдаушының орнын алады. Алға қойылған аяқ тізеге қатты бүгілген, ал артқа қарай тұрған – сәл ғана. Осы жағдайдан ойыншылар біртіндеп қойылған аяқтың жағына қарай жылжи береді. Алдымен жерді сирақпен, содан соң жамбаспен, қырымен және ең соңында көкірекпен жанайды. Осы кезде аяқ артындағы қатты бүгіледі. Жерге бағытталған құлау қолмен жеңілдетіледі. Жаттығу екі жаққа да көп рет орындалады.

2. осы жағдайдан тез тұру, сосын жай жүріс пен жеңіл жүгіріс.

3. Орыннан қарсылас алдында допты жылжытып әкету. Ойыншының біреуі алдында жатқан допты соғуға әрекет етеді. Серіктесі белгілі тәсілмен аяғын созып допты алға итереді. Екі ойыншы да допқа бір сәтте жанасады.

31 тақырып. Допты қырынан лақтыру. Орыннан лақтыру кезінде аяқтар бірге болады. Допты дәл аяққа лақтыру немесе серіктесінің жүрісіне лақтыру. Допты білекте ұстау, қолдар шынтаққа бүгулі. Доп бас арқылы ұшады, көкірек еңкейеді, аяқтар тізеге бүгіледі.

Жаттығулар:

1. Допты созылған саусақтармен алақанда ұстау. Үлкен және сұқ саусақтар мейлінше бір-біріне жақын болу керек. Лақтырар алдында футболшы аяқты иық бойымен қояды, табандары параллель немесе біреуі алға қарай болады. Аяқ кеңдігі 1-1,5 табан көлемінде.

2. Допты шынтаққа сәл бүгілген қолда бастан жоғары көтереді, содан соң шынтағын тез жазып, басынан жоғары лақтырады. Осы сәтте көкірек тез артқа теңселеді. Мойын артқа қарай кеткен болады.

32 тақырып. Қақпашы ойынының техникасы. Алаңдағы ойыншының техникасын қақпа айналасында қолдана білу, аулау техникасы, қақпада тұрып, әр түрлі әдіспен допты бере білу және соғу.

Қақпашы қақпа алдында 35-40см-ге аяқтарын қойып тұру керек. Дене салмағы екі аяққа түседі. Тізе кішкене бүгулі, көкірек алға еңкеюлі, қолдар төмен түскен және жай ғана бүгулі, көзбен допты қарау керек.

Жаттығулар:

1. тізе деңгейінде ұшқан доп былай қағып алынады. Аяқтар арасынан доп өтіп кетпес үшін бірігеді. Алақанмен допты ұстағаннан кейін, ішке қарай тартады.

2. кеуденің немесе іштің деңгейімен ұшып келе жатқан допты былай қағып алады. Қақпашы көкірегін алға еңкейтіп, қолдарын төмен жібереді. Допты ұстап алғаннан кейін ішке қарай көтереді. Кеуде деңгейімен ұшып келе жатқан доп алдын-ала секіру арқылы қағып алынады.

3. бастан жоғары деңгейде ұшып келе жатқан допты секіру арқылы да ,секірмей де қағып алуға болады. Қақпашы алақанын жоғары-алға допқа көтереді. Қағып алған соң көкірекке тартылады.

33 тақырып. Қақпа алдындағы қозғалыстар. Допсыз қақпа алдындағы қозғалыстар.

Қақпашы шабуыл жаққа аса үлкен секірістермен, қадамдармен жақындайды. Осы кезде аяқ табандары бұрылмайды. Дененің бойлық осі допқа бағытталған.

Екі жаққа қадамдарды соза беруге болмайды. Аса үлкен емес жиі қадамдармен басу керек. Бұл жағдайда дене салмағын бір аяқтан екінші аяққа ауысу керек.

34 тақырып. Допты секіріп және секірмей қағып алу. Допты орыннан қозғалыссыз, шабуылдаусыз, секіріп және секірмей қағып алу. Ойын кезіндегі соғу мен қағып алу, шыққан қарсыласына қарсы қозғалыстар. Допты шабуылдаумен және шабуылдаусыз қағып алу.

Жаттығулар: екі алақан допты тоқтатуға ғана емес, оның соғылуын жұмсарту үшін бағытталады.

Допты алақанмен «тұзақ» сияқты жасап,тоқтатуға да болады. Саусақтар еркін ұстаулы және жазыңқы. Алақан допқа тура келу керек, себебі доп өте қатты жылдамдықпен ұшып келе жатқанда алақан арасынан тайып кетпейді.

35 тақырып. Допты жұдырықпен соғу. Допты қағып алу, ол дымқыл және жылтыр болған кезде әрдайым жақсы болмайды. Сондай сәттерде, допты қолға ала алмағанда қақпашыға жұдырықпен соғу басты құрал болады. Қақпашы секірер алдында итеруші аяқтың өкшесіне сүйенеді, содан соң аяқ артында орналасқан тізені бүге отырып, ауырлық центрін итеруші, сәл ғана тізеге бүгілген аяққа аударады. Итеруден кейін, яғни ұшу алдында, екі жұдырық бір-бірінің жанында болады. Көкірек алдында шынтаққа бүгілген қолдар, доп бағытына созылған, олар ауаға доптың «ұшуы» кезінде көмектеседі.

Жаттығулар:

1.Үйренуші аяғын біраз ашыңқы қойып, сипатталған қозғалыста серіктесі 2-3 м траекториядан лақтырылған допты екі жұдырықпен соғады. Егер осы жағдайда қолдың жұмысы дұрыс болмаса, жаттығуды допсыз бірнеше рет қайталау керек.

2. Егер де үйренуші жұдырықпен допты соғу кезінде қолдың қозғалысын жақсы сезінетін болса, ол жұмыс грунттан аяқпен допсыз итерілген қозғалыспен біріктіріледі. Бірінші адымнан кейін қақпашы итеруді жүргізеді, қолдары дене алдында жоғары көтерілген. Бұл жаттығуды қақпаның штангісіне қарап орындау керек.

3. Содан соң ілулі доп көмегімен жаттығулар орындалады. Үйренуші доптан 2-3м тұрып, 2,5м биіктікке ілінген допты 1-2 адым жүгірістен кейін итеріп, дұрыс қозғалыспен жұдырық арқылы алға-жоғары соғады.

36 тақырып. Допты бір қолмен дәлдікке лақтыру. Білектің күшті көмегімен лақтыру алдында допты соңғы итеру жасалады, сол сияқты, допты лақтырудың тура бағытын қамтамасыз етеді.

Жаттығулар: Қозғалысты лақтырушы қол бастайды. Оған қарама-қарсы аяқ алда болады. Басқа қол допты алып кетуде артқа жібереді, төмен түседі және кеудеде еркін күйде қалады. Бұдан кейін лақтырушы қол алға жіберіледі, сол сәтте оның үсті алға және төменге тез түседі.

Допты лақтыру кезінде дене салмағы алда тұрған аяққа түседі. Содан кейін, спортшы допты жүргізіп, артта тұрған аяқпен алға қарай басады.

Лақтыру алдымен орыннан орындалады, содан соң жүгіру кезінде лақтырудың қайда түсетіні белгіленеді. Лақтыру қашықтығы біртіндеп арта береді. Егер қақпашы допты қажетті қашықтыққа лақтыра алса, ол алаңда өте қиын сәттерде де оны лақтыра алады. Мысалы, жүгіріп бара жатқан ойыншыға лақтырады, ал кейіннен қарсыласының кедергісінде жасайды.

37 тақырып. Допты дәлдікке, қашықтыққа қолдан және жерден соғу. Қобалжусыз допты өз ойыншысына жерден аяқпен тез соғу немесе қолдан алыс қашықтыққа.

Допты ойынға кіргізу қақпашының тактикалық міндетінің бірі болып табылады. Допты ойынға кіргізуді жерден аяқпен немесе қолдан аяқпен соғу арқылы жүргізуге болады.

Жаттығулар:

1. Қақпашы өз серігімен немесе алаңдағы ойыншылардың біреуімен бір-біріне 20м қашықтықта қарама-қарсы тұрады, серіктестері допты кезектесіп қағып алады және оны артқа қарай бағыттайды. Егер қақпашы алаңдағы ойыншымен жаттықса, онда соңғысы допты кеудемен, жамбаспен, табанның ішкі бөлігімен тоқтата алады және оны керек жерге жібереді. Екі ойыншы аралығын біртіндеп ұлғайтып 40 м-ге дейін жеткізуге болады.

2. қақпашы қақпада тұрады, алаңдағы ойыншы (бірінші) 10-15м қашықтықта қақпашы бағытына қарай соғады және сол сәтте-ақ оған жүгіреді. Допты иеленген қақпашы, жалған қозғалыстарды қолданады, бірінші ойыншыдан кетіп, допты қолынан аяқпен тебеді немесе иықтан бір қолымен екінші ойыншыға лақтырады. Доптың қақпашыда екенін көрген екінші ойыншы допты алудың ыңғайлы позициясын таңдау керек. Допты серіктесіне берер кезде қақпашы оның допты оңай алуға болатынына көз жеткізу керек.

38 тақырып. Шабуылдау кезіндегі ойын техникасын оқыту әдістемесі. Алаңда маневр жасай білу, допты қабылдау үшін ашылу, қарсыласты алаңдату, алаңның жеке бөлігінде көп басымдық құру керек. Бірнеше мүмкін болатын шешімдерден аса дұрыс және рационалды шешімдерді таңдай білу. Әр түрлі ойын орындарында доппен және допсыз әрекет ете білу. Орташа және ұзын бойлық жіберулер сияқты әр түрлі жіберулерді қолданып серіктестерімен шабуылды ұйымдастыра білу керек. Бір жанасудағы ойын.

Допты жіберу жолымен шабуыл қапталын ауыстыру. Серіктесімен шабуыл соңында дұрыс әрекеттесе алу. Жартылай қорғаушылар мен қорғаушылардың қосылулары арқасындағы сандық басымдық. Серіктестерімен сызық ішінде және сызықтар арасында әрекеттесе алу. «Екінші» қабаттағы ойын.

Жаттығулар:

1. Ортадағы шабуылдаушы алдындағы ортаңғы қорғаушымен және бос қорғаушымен гол соғу мақсатында ойнайды.

2. Ортаңғы және шеткі шабуылдаушылар өз аймақтарында қорғаушылар қарамағында болады. Доп ортаңғы шабуылдаушыда. Ортаңғы шабуылдаушы шеткі шабуылдаушыға қарсы лақтыруды жасайды да, өз артына қорғаушысын ертіп, бұрыштағы жалауға қарай ұмтылады. Шеткі шабуылдаушы доппен бос қалған аймаққа кіреді және қақпаға соғады.

Осы жаттығуды орындауда шеткі қорғаушы алдымен шабуылдаушыны тек шығарып салады, сосын белсенді шабуылдайды.

39 тақырып. Допсыз жеке жаттығулар. Алаңда маневр жасай білу, допты қабылдау үшін ашылу, қарсыласты алаңдату, алаңның жеке бөлігінде көп басымдық құру керек. Бірнеше мүмкін болатын шешімдерден аса дұрыс және рационалды шешімдерді таңдай білу. Әр түрлі ойын орындарында доппен және допсыз әрекет ете білу. Орташа және ұзын бойлық жіберулер сияқты әр түрлі жіберулерді қолданып серіктестерімен шабуылды ұйымдастыра білу керек.

Допты жіберу жолымен шабуыл қапталын ауыстыру. Серіктесімен шабуыл соңында дұрыс әрекеттесе алу. Жартылай қорғаушылар мен қорғаушылардың қосылулары арқасындағы сандық басымдық. Серіктестерімен сызық ішінде және сызықтар арасында әрекеттесе алу.

Жаттығулар:

1.Ойыншы үздіксіз 5-10 қашықтықта допты алға және артқа жүргізеді, алға жібергеннен соң ойыншы доп соңынан ұмтылады, оны қуып жетеді; доппен жүгіріп жаттығып, оны тоқтатпайды, қайтадан жаттығып, қайтара ұтып алу қозғалыстарын жасайды және т.с.с.

2. Ойыншы допты өзінен тура шамамен 10 м қашықтыққа лақтырады да, допқа ұмтылып, оны қуып жетіп 90 бұрышқа лақтырады. Онан соң тағыда допқа ұмтылып, тағыда допты 90 бұрышқа лақтырады және т.т. Мұндай жайдағы доп тотқтаусыз шарщы түрінде орын ауыстырып домалап отырады. Сағат бағыты бойынша допты аяқтың ішкі табанымен айналдырады, ал сағат бағдарына қарсы допты аяқтың оң аяқтың табанымен айналдырады. Берілген жаттығуды аяқтың сыртқы табанымен орындауға болады.

3.Бұл жаттығуда алдыңғы жаттығудай орындалады, бірақ мұнда допты оң және сол аяқпенде айналдырады.

№ 40 Тақырып. Доппен жеке жаттығу. Алаңда қарсыластың көңілін аулау, жеке алаңда өзіндік әрекет жасау. Бірнеше мүмкіндіктері бар шешімдердің ең тиімдісін, рационалдысын таңдай білуі керек. Доппен ойнау алаңының әртүрлі жерінде игере білу. Допқа денені бір-ақ рет тигізіп қана ойнау. Допты лақтыруды ауытыру арқылы шабуыл флангін ауыстыру. Өзіне сенімділікпен қарап ойынды өз мойынына алу.

Жаттығулар:

1. Ойыншы допты тоқтаусыз алға және артқа 5-10 м қашықтықта жүргізіп, допты басқа біреуге теуіп, доптың артынан жүгіре отырып допты тартып алу керек те допты тоқтаусыз жүргізіп отырып, тағыда басқа біреуге береді және қайтадан допты қуалап алдыңғы жаттығуларды қайталап отырады.

2.Ойыншы допты өзінен тура шамамен 10 м қашықтыққа лақтырады да, допқа ұмтылып, оны қуып жетіп 90 бұрышқа лақтырады. Онан соң тағыда допқа ұмтылып, тағыда допты 90 бұрышқа лақтырады және т.т. Мұндай жайдағы доп тотқтаусыз шарщы түрінде орын ауыстырып домалап отырады. Сағат бағыты бойынша допты аяқтың ішкі табанымен айналдырады, ал сағат бағдарына қарсы допты аяқтың оң аяқтың табанымен айналдырады. Берілген жаттығуды аяқтың сыртқы табанымен орындауға болады.

3. Бұл жаттығуда алдыңғы жаттығудай орындалады, бірақ мұнда допты оң және сол аяқпенде айналдырады.

41 Тақырып. Топтың қорғаныс кезіндегі әрекеті. Щабуылдаушының шабуылы және екі қорғаушының допты алып қояды. Шабуылға бір қорғаушы қатысады, ал екіншісі допты қағыа алуы керек.Басқа да қорғаушылардың қатысуы шабуыл барысында болады.

Жаттығулар:

1. Алаңның әрбір және әртүрлі қашықтықта орналасқан қорғаушылар төменнен, орташа биіктіктен және жоғарғы биіктіктен допты жібереді. Олар допты келген жеріне ойната отырып, көпке созбай тез арада жіберіп отыруы тиіс.

2. Қорғаушыға допты жіберген ойыншы оңға немесе солға ашылуы керек. Қорғаушы оған ойнатылған допты көп ойнатпай қайтадан тура жіберу керек.

3. Қорғаушы қақпа жанынан орын алу керек те, төменнен, орташа биіктіктен, жоғарғы биіктіктен бұрышқа бағытталған ол қатты баспен ұрып немесе аяқпен теуіп жіберу керек.

42 Тақырып. Қорғаныш. Жалғыз шабуылға қатысқан ойыншыны қорғай білу.

Жаттығулар:

1. Ортаңғы жартылай қорғаушы допты оң немесе сол жақтағы шабуылшыға жіберу керек.Оң жақтағы шабуылшы: сол жақтағы қорғаушының персоналды қорғанысын пайдаланып, допты оң жақтық жартылай қорғаушыға жібереді.Оң жақтағы жартылай қорғаушы, сол жақтағы жартылай қорғаушы және сол жақтық шабуылдаушы қорғаныс сызығынан алыс жерге допты ойната алып кетеді. Төрт қорғаушының орын ауыстырулары олардың бір-біріне көмектесу мүмкіндігін игере алтындай мүмкіндігінше орналасуы керек.

2. Ортаңғы жартылай қорғағыш: басқа жартылай қорғағыштардың ара-қатынасы. Сол жақтық жартылай қорғағыш сол жақтық шабуылдаушыға допты жіберу керек; ал ол допты ойната отырып бос орынға жүгіріп келе жатқан оң жақтық шабуылдаушыға ұсынуы тиіс.Сол жақ және оң жақ шабуылдаушылары қарсыласқа күшті қорғанысы. Орталық қорғаушы: қорғаушылардың қорғанысы, олар бос орында болу керек.Оң жақ шабуылдаушы: алға ұмтылушы. Ортаңғы қорғаушы: қисық жіберілген допты қағып алып отыруы керек және сол жақ шабуылдаушы арқылы шабуылды ұйымдастырады. Сол жақ қорғаушы алаңның ортаңғы сызығы арқылы допты жүргізеді.

3. Ортаңғы жартылай қорғаушы оң жақтағы және сол жақтағы жартылай қорғаушының арасындағы доптың қозғалысын жүргізеді. Оң жақтағы жартылай қорғаушы допты оң жақтағы шабуылдаушыға жібереді. Кейін доп сол жақтағы жартылай қорғаушыға жіберілуі тиіс. Сол жақтағы жартылай қорғаушы допты сол жақтағы шабуылдаушыға жібереді. Сол жақтағы шабуылдаушы допта оң жақтағы шабуылдаушыға жібереді. Ортаңғы қорғаушы оң жақтық шабуылдаушыны қорғаштайды. Оң жақтық қорғаушы бос орынға жүгіріп барады да жолды қиып өтіп қақпаның алдына барып тұра қалады. Комбинацияның аяқталу кезінде барлық ойыншылар қатысады.

43 Тақырып. «Қабырға», «Жүгіру» комбинациясына қарсы тұру.

«Қабырға» құрылған, қарсыластар артқа шегінген, бұл кезде қаіп-қатер жойылған сияқты болып көрінеді. Бірақта мүлдем олай емес «Қабырға» әрқашан тек ( әрқашанда болмауы мүмкін) жеңілістің кепілі болады. Допты тебетін ойыншы допты қасында тұрған серіктесіне беріп және сол ойыншының допты қабырғадан асырып өткіздіріп қақпаға кіргізуі мүмкін.Ол допты төменнен «қабырғаға» тигізбей жанынан алдынан немесе ойыншылардың басынан асырып тебуі мүмкін.

44 Тақырып. Ойыннан тыс жайды құру. Ойыннан тыс жайды құра білк керек.

Шабуылдаушы команда түгелдей алаңның ортасына дейін шығады да, арттарынан қарсыластарының шабуылдаушыларын қалдырады.

45 Тақырып. Қорғаныстың командалық тактикасы. Тез және ақырындап жасалатын шабуылға персоналды, аймақтық және комбинирленген қорғаныш арқылы күш ұйымдастыру.

Қақпаға жақын жерде допты ұстамаған жөн және қарсыласты алдап, әсіресе допты қауіпті жерден әкету мүмкіндігі бар кезде керек емес. Егер қарсылас жақын жерде тұрса, онда допты қақпа алдынан қарсы ортаға жіберу керек емес. Пас шетке қарай берілуі тиіс.

Егер қақпа жанында өте қатерлі қауіп болмаса, допты алысқа әкетпей-ақ қоюға болады.

Егер қарсылас қорғаушыдан допты тартып алса, тез арада оның соңынан қалмай қуып жету керек.Қарсыласқа тез және ойланбастан шабуылдауға болмайды. Егер қорғаушы ойланбастан қарсыласына шабуылдаса, керісінше одан ұтылып қалуы мүмкін.

46 Тақырып. Персоналды қорғаныш. Әрбір ойыншы персоналды қорғаныш кезінде белгілі бір қарсыласқа қарсы тұра білу керек.

Персоналды қарсы тұру ойынында ойыншы қарсы команданың өзі нақты көздеген ойыншысын «қолға алады», оның белсенді әрекеттеріне бөгет болуға тырысады. Қарсылас команданың ойыншыларынан персоналды қорғанышқа ойыншылардың бөлінуі ойын ретіне байланысты болады.

Қарсыласу аймағында әрбір қорғаушы команданың ойыншылары қарсыластарын белгіленген аймағында ұстайды. Сол кезде қорғаушы белсенді түрде кез келген қарсылас команданың оның аймағына келген ойыншысына шабуылдай алады.

Жаттығулар:

1. «Біреуге екеу қарсы» Ойын алаңның бір жақ жанында өтеді. Екі қорғаушы бір шабуылдаушыға қарсы ойнайды. Қорғаушылардың бірі қарсыласпен қақтығысқа түседі және оның жолын кесуге тырысады. Екінші қорғаушы қақпаға жақындай түсіп, серіктесін қарсы ойыншы алдап түсіруден қорғаштайды.

2. «Үшеуі екеуге қарсы». Ойын алаңның бір жағында өтеді. Үш қорғаушы қарсылас команданың екі ойыншысына қарсы ойнайды. Қорғаушылар мынадай әрекет жасайды: екі ойыншы бірігіп қарсыласқа қарсы шығады, ал үшіншісі қақпаның жанына жақындап серіктестерінің ойынын қорғаштайды.

47 Тақырып. Аймақтық қорғаныс. Тез және баяу шабуылға қарсы және белгілі аймақта қарсыластарына қарсы тұруға күш ұйымдастыра білу.

Жаттығулар:

1. «Екеу» екеуге қарсы». Ойын алаңның бір жақ шетінде өткізіледі. Екі қорғаушы екі шабуылшыға қарсы ойнайды. Қорғаушылар қарсыластарының жолын жабуға тырысады. Допты иеленген шабуылшыларға қарсы тұрып, олардың әрекетіне бөгеу болып, допты тартып алуға тырысады. Бұл кезде допсыз ойыншыға әрекеттенген қорғаушы, оған жақсы позицияны игеруге жол бермейді. Ол егер серіктесі қарсыласынан ұтылып қалған жағдай болса, қорғаныс үшін орнығысады.

2. «Жалғыз екеуге қарсы». Жаттығу алаңда 10х10 қадамында өткізіледі. Жалғыз қорғаушы екі шабуылшының әрекетіне бөгет болып, допты тартыа алуға тырысады. Ол үшін ол алаңның ең тиімді жері – ортаға қарай орналасады. Допты иеленген ойыншының әрекетін бақылай отырып, ол артқа шегіне отыра, допты тартып алатындай сәтті күтеді. Ойын кезде ойыншылар рольдерімен кезек алмасып отырады.

3. «Қақпа көтерілісі». Алаңның ортасында доппен төрт шабуылдаушы болады. Төрт қорғаушы қақпашы қорғап тұрған қақпаны қорғау үшін оның алдына барып тұрады. Шабуылдаушының белгісі бойынша доппен алға жылжиды. Қорғаушылар шабуылшыдан допты тартып алып, оны алаңның ортасына тебуге тырысады. Біршама уақыттан соң командалар рольдерімен ауысады. Голды аз өткізген команда жеңіске жетеді.

48 Тақырып. Топтың тактикалық әрекеті. 2х2 ойыны, 3х3 біррет тию, екі-ақ рет тиетін айналмалы ойын. Қабырғаға ойнау. Екі және төрт шабуылшысы бар қарсыластың қақпасына шабуыл. Стандартты жайдағы комбинация.

Жаттығулар: Бұл жаттығуда әр ойыншының өз қарсыласы болады. Допсыз ойыншының мақсаты – допқа белсенді күрес арқылы және нық қорғаныштың арқасында қарсыластарға бос орынды бермеу.

49 Тақырып. Комбинирленген қорғаныш. Қорғаныш күшін қорғаныш аймағында тиімді пайдалану.

Жаттығу: Ойыншылар шабуылда және қорғануда тиімсіз қарсыластың болуынан персоналды қорғанышқа сүйенеді. Жаттығу барысында ойыншы қарсылас күштен құтылып серіктесіне допты алуына мүмкіндік беруіне көмектесуге тырысуы керек. «Белсенді әрекетпен допты игерген серіктеске көмектесу» принципі футболға ең қажет принциптердің бірі және оны әрқашан қолдану керек.

50 Тақырып. Допқа бір-ақ рет жақындау арқылы допты беру. Допқа бір-ақ рет жақындау арқылы лақтыруды білу керек.

Жаттығу: Үш ойыншы допты бір-біріне жібереді. Төртінші ойыншы допқа жақындауға тырмысады. Сандық құрамына қарамастан , үш ойыншы әрқашан қозғалыста болу керек. Допсыз екі ойыншы допты иеленген екі серіктес ойыншыларының допты бергенде әрқашан екі нұсқасы болатындай етіп жолын ашып отырады. Пас жасалғаннан кейін, допты иеленген ойыншының жанынан үшінші серіктес ашылған кезде, олда допты алған ойыншының жанындағы ашық жерге барып тұру керек. Допсыз ойыншыларға бір-біріне қарама-қарсы жүгіруге болмайды, себебі олар айқасады және ойыншыға олардың екеуінде жабуға болады.

Бұл жаттығудың мақсаты шектеусіз допқа жақындау, екі рет жақындау, бір рет жақындау ойнау.

51 Тақырып. Стандартты жағдайдағы комбинация. Стандартты жағдайларда әртүрлі комбинацияларды орындай білу.

Әйнекті қабырға құрылғанда қақпашы доппен оны иеленген ойыншыны көреді, сол уақытта қақпаның екі бұрышыда жабық болады. Орталарында әйнек қалдырылған ойыншылар басқа серіктестерінің оларға оң және сол жағынан қосылу үшін өз позицияларын тез орындау қажет. Бұл екі ойыншыларға өз позицияларын ойын алдында жетік білгіздіріп, таныстыру қажет. Қабырғаның шеткі ойыншылары, олардың қақпа жазықтығын бүйір штангілеріне дейін жауып тұрғандарына дейін көз жеткізу керек.

52 Тақырып. «Қабырғаға ойнау». Ойын кезінде қабырғаға ойнай білу, яғни допты бір-ақ рет жақындатуды білу.

«Қабырғаға ойнау» - екі рет допты лақтырудан тұратын комбинация. Бұл тактикалық жүйені орындай отыра, серіктестер тәртіп бойынша бір-біріне жақын аралықта орналасады. Олардың бірі «қабырға» ролін ойнайды. Допты қағып алып, оны серіктестеріне жібереді.



Жаттығулар:

1. «Бекітпенің жанынан». А ойыншы допты қорғаушы роліндегі бекітпенің (кірпіш, жалау, бұта) жанынан серіктесіне жібереді де, алға қарай ұмтылады. Б серіктесі қорғаушының артынан допты тез теуіп, қақпаға соққы жіберетін А ойыншысына жол ашып береді.

2. «Қорғаушыны алып кету». А шабуылдаушысы Б шабуылдаушыға допты жібереді де, өзін «қабырға» ретінде ұсынады. Б шабуылдаушы алдап артынан қорғаушыны алып кетеді де, допты А шабуылдаушының жолына жібереді. Ал ол болса, өз кезегіне сай қақпа жаққа Б шабуылдаушының жолына жібіреді. Осы сәтті пайдаланып Б шабуылдаушы допты қақпаға кіргізеді.

53 Тақырып. Командалық тактикалық әрекет. Сандық құрамы жағынан көп болуына байланысты қарсы командаға шабуыл ойыны. Құрамы көп шабуылшыларға қарсы шабуыл. Алға тез ұмтылып шығу. Позициялық шабуыл. Стандартты жағдайдағы шабуыл.



Жаттығулар:

1. Ортаңғы сызықтың ойыншысы допты қорғаушының қорғанысында тұрған ойыншыға жібереді. Ал ол болса, допқа қарай ұмтылып, кенеттен бұрылып, артынан қорғаушыны ала кете, шеткі сызыққа қарай жүгіреді. Кейін ортаңғы сызықтағы ойыншы шеткі шабуылдаушыға пас береді де, ол тез арада ортаға қарай жүгіріп қайтадан допты қағып алып қақпаға гол соғады.

2. Ортаңғы сызықтағы ойыншы допты, қорғаушының қорғауымен тұрған шабуылшыға диогональ бойымен жібереді. Осы уақытта ортаңғы шабуылдаушы бүйір сызыққа ұмтылыс жасайды. Шеткішабуылдаушы допқа бір рет тебу арқылы ортаңғы сызықтағы ойыншыға қайтадан жібереді. Ол ортаға қарай жылдам барып, допты қайтадан қағып алып, қақпаға соққы жібереді.

3. Ортаңғы сызықтағы ойыншы допты қорғаушының қорғанысындағы шеткі шабуылдаушыларға береді. Ортаңғы шабуылдаушы бұл сәтті пайдаланып шеткі сызыққа жақындайды. Шеткі шабуылдаушы допты айналдыра ойнатып, оны ортаға жақындатып, арттағы қарсыласты алдай отыра, қақпаға гол тығады.

54 Тақырып. Тез шабуылдау. Тез қимылмен алға шығып, шабуылдау.

Жаттығулар:

1. Ортаңғы сызықпен айыппұл аймағының ортасындағы ортаңғы шабуылдаушыны, алдыңғы ортаңғы қорғаушы қорғап тұрады. Жобамен алғанда ортаңғы шабуылдаушының артында 15 м қашықтықта ортаңғы сызықтың добы бар ойыншы тұрады. Ортаңғы шабуылшы алдына қарай жүгіру бағытын өзгертіп, алдау тәсілін қолданып, ұмтылыс жасап, қорғаушының қорғанысынан құтылуы керек. Құтылғаннан кейін ол допты серіктесінен алып, қақпаға соққы жібереді.

2. Ойыншылар алдыңғы жаттығудағыдай орналасады. Ортаңғы шабуылдаушы серіктесі жіберген допқа қарсы жүгіріп, оны айналдыра ойнатып, қорғаушыны алдап, бұрылып қақпаға соққы жібереді.

3. Шеткі сызықта орналасқан шеткі шабуылдаушы шеткі қорғаушының қорғанысында тұрады. Артынан диагональ бойынша добы бар ортаңғы сызықтың ойыншы тұрады. Шеткі шабуылдаушы артынан қорғаушыны алдап ала кетеді де, өзінің серіктесіне қарсы жүгіреді. Сосын кенеттен бұрылып қорғаушының қасынан ұмтылыс жасайды.

55 Тақырып. Позициалдық шабуыл. Белгілі позиция бойынша шабуыл жасай білу.

Жаттығулар:

1 Шеткі шабуылдаушы допты ақырындап допты диагональ бойынша шабуылдаушы қорғаушыға қарай жүргізеді. Ол қолайлы сәтін күтіп, Қорғаушыдан ұмтылыс арқылы өтіп кетіп қақпаға соққы береді.

2 Ортаңғы шабуылдаушы және ортаңғы қорғаушы біріне-бірі қарсы ортаңғы сызықпен айыппұл аймағының жазықтығында ойнайды. Ортаңғы шабуылдаушының мақсаты – қорғаушыны алдап түсіріп гол соғу. Бұл жаттығуды бос тұрған қорғаушының қатысуымен де өткізуге болады.

56 Тақырып. Қақпашының тактикасы. Қақпа орнымен және айыппұл алаңында орын таңдай білу. Допты қағып алу, қорғаушы серіктесінің ойынын қолға ала білу, допты ойынға кіргізу арқылы ойынды шабуылды ұйымдастыру.

Қақпашы ойынды бақылай отырып, әрқашан допты қағып алуға дайын болу керек. Тіпті егер доп қақпадан алыс болғанның өзінде, қақпашыға қақпадан алыстауға болмайды. Себебі кенеттен қақпаға гол кіріп кетуі мүмкін. Бұндай жағдай қарсы жел болғанда өте қауіпті.

Егер доп қақпаға жақын, қақпа алдында немесе бұрышында болса, қақпашы қақпадан шығып соққы бұрышын алыстата алады. Соның өзінде ол, шабуылшының допты оның үстіңгі бұрышынан соққы беруінен абай болу керек.

Қақпашыға қақпа ауласынан, шабуылдаушы қарсыласқа қорғаушы шабуылдамағанша алыстауға болмайды. Егер қақпашы допты оң жақтан қағып алса, онда допты сол жақтан лақтыру керек. Бұл жақта серіктестердің бос ойыншысы болуы керек. Қақпашы допты тек серіктестерінің ішінде, қарсыластардың қарауылынан құтылғанына ғана беру керек. Әдетте қақпашы допты шеткі шабуылдаушыға береді.

57 Тақырып. Төрелік. Төрелікті құрамында үш адамнан тұратын бригада құрайды. Біреуі алаңда, екеуі сызықта болу керек. Бас төреші болып алаңдағы төреші саналады. Барлық шешімді сол қабылдайды. Ойын аяталған соң төрешілер тобына баға беріледі және олардың төрелігін талқылайды.

Төреші:

1) Ойын ережесінің қатаң сақталуына міндетті.



2) Ойыншылардың жазасынан ұстану керек, егер оның ойынша ойынның тоқталуы кіналі командаға бір нәтиже беретін болса.

3) Ойынға дейінгі және кейінгі инцидиенттерді қадағалап отыру керек.

4) Ойынға хронометраж жүргізіп жәнеойынды ережесі бойынша уақытлы өткізілуін, кейбір келеңсіз жағдайлар бөгет болған кезде ойынға тағыда уақыт қосуы керек.

5) Ойын ережесі бұзылса, өзі қалаған уақытта ойынды тоқтатуға ақысы бар; сонымен қатар ауа райы бұзылған кезде, көрермендер ойынға бөгет болғанда, қараңғы туссе ойынды тоқтата алады. Ойын тоқтатылған кезде төреші ойынның тоқтатылу себебін, ойынның өтілу уақытын толықтай хаттамаға енгізіп, ойынды өткізетін ұйымға жібереді.

6) Алаңға шыққан сәтінен, ережені бұзған ойыншыға ескертпе беріп, тіпті болмаса ойыншы одан әрі ережені бұза берсе оны ойыннан мүлдем шығара алады.

7) Ойыншылардан басқаларға алаңға шығуға рұқсат бермеуі тиіс.

8) Егер ойыншы қатты жарақат алса, ойынды уақытша тоқтатып, оны қалпына келгенше алаңның сыртына жібереді. Егер футболисттің жарақаты онша ауыр болмаса, ойынды тоқтатпауға да болады. Өзін-өзі ұстай алатын футболистке алаңның ішінде көмек көрсетуге болмайды.

9) Ойын ережесін бұзып, өзін дөрекі ұстаған ойыншыны алаңнан шығарып жіберу керек.

10) Ойын тоқтатылған соң, қайтадан басталуы жөнінде белгі беруі керек.

11) Доптың ауытқып кетуіне өз шешімін бере алады.



Әдебиет


  1. Голдблатт Д. Энциклопедия футбола. Самая полная информация об игре. – М. : АСТ/Астрель, 2003.

  2. Крисфилд Д.В. Футбол. – М. : АСТ/Астрель, 2005.

  3. Савин А.В. История футбола. Игроки, тренеры, судьи. Справ.-биограф. Словарь. – М. : Терра-Спорт/Олимпия, 2002.

  4. Травкин Н.И. История футбола. Планета футбол: Путеводитель по странам и континентам. – М.: Терра-Спорт/Олимпия, 2002.

жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау