ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІН ЖИНАҚТАУ
Инновациялық үрдістерді талдау негізінде білім беру саясатының мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру құрылымына мемлекеттік талаптардың инновациялық әдістемелік әрекеттерін дамыту технологияларын жобалау және іске асыруға жаңа тәсілдер ұсынылады.
Мақсаты: Мектепке дейінгі білім беру педагогтарының инновациялық әдістемелік қызметінің даму технологиясын білім беру саласының, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының жаңғыртылуымен және 2015 жылға қарай мектеп жасына дейінгі балаларды 12-жылдық оқытуға өту дайындығымен байланысты сипаттау.
Жұмысты жүргізудің әдісі немесе әдіснамасы: педагогикалық зерттеу әдіснамасы.
Қолдану аясы: мектепке дейінгі білім беру тәжірибесі.
Педагогикалық іс-әрекеттің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі қоғам, мәдениет пен білім берудің дамуының заманауи жағдайында бірқатар жағдайлармен айқындалады.
Біріншіден, әлемде, елімізде орын алып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру жүйесін, әртүрлі типтегі және әртүрлі меншік нысанындағы білім беру ұйымдарында, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың әдіснамасы мен технологиясын түбегейлі жаңарту қажеттілігін тудырды. Педагогикалық инновацияларды жасау, меңгеру және қолданудан тұратын тәрбиешілер мен педагогтар қызметінің инновациялық бағыты қазіргі таңда білім беру саясатын жаңартудың құралы болып табылады.
Екіншіден, 2010 жылдың 7 желтоқсанынан 2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен және Мектеп жасына дейінгі – туылғаннан 6 жасқа дейінгі балаларды дамытудың мемлекеттік жалпыға бірдей стандартымен реттелетін мектепке дейінгі ұйымдар балаларды тәрбиелеу және білім беру мазмұнын ізгілендіруінің күшеюі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың жаңа ұйымдастырушылық нысандарын, технологияларын үнемі ізденісін талап етеді. Бұл жағдайда инновациялық іс-әрекеттің рөлі барынша арта түседі.
Үшіншіден, педагогтардың педагогикалық инновацияларды меңгеру және қолдануға қарым-қатынасы өзгереді. Егер бұрын инновациялық қызмет негізінен жоғарыдан ұсынылатын жаңалықтарды қолдану болса, онда қазіргі таңда іріктемелі, зерттеу сипатына ие болуда.
Төртіншіден, мектепке дейінгі ұйымдардың нарықтық қатынастарға кіруі, МДҰ жаңа типтерін, соның ішінде мемлекеттік емес мектепке дейінгі ұйымдарды құру бәсекеге қабілеттілікке жету мақсатында оларды дамыту және жетілдірудің шынайы жағдайын тудырады. Білім берудің инновациялық үрдістері мектепке дейінгі тәрбиеші мен педагогтардың әдістемелік қызметтеріне талаптарды барынша күшейтеді, бұл педагогтың арсеналын (мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің әдістері, нысандары, құралдары) байыта түсетін әдістемелік жаңашылдықтардың бейімделуі мен өзгеруіне, мектепке дейінгі білім беру құрылымына талаптардың күшеюімен байланысты бағдарламалық материалдардың жаңа мазмұнын меңгеру және дәстүрлі тұрғыны қайта құруды білдіреді. Бұл жағдайда мектепке дейінгі білім беру педагогы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда дәстүр тасымалдаушысы бола тұрып, білім берудегі инновациялық үдерістерді ескерумен жалпы мәдени білімін шығармашылық іске асыруы тиіс. Осыған орай, мектеп жасына дейінгі білім беру ұйымдарында инновациялық әдістемелік қызметтің даму технологиясын дайындау және іс жүзінде іске асыру мәселесі өзекті болады.
Педагогтардың инновациялық әдістемелік қызметінің табысты дамуы үшін қолайлы жағдай жасайтын ұйымдастырушылық сипаттағы жағдайлармен айқындалады:
а) МДҰ инновациялық тұрғыдан қарастырылады, бұл әрбір педагогтың дәрежесін және олардың құндылық-мәндік саласының дамуын арттырады;
б) Педагогтардың әдістемеліктен ғылыми-әдістемелік және инновациялық әдістемелік қызметке қарай өрлеуін қамтамасыз ететін инновациялық әдістемелік жұмыстар жүйесі іске асырылады;
в) Педагогтардың педагогикалық шығармашылық еңбектерінің мотивациясы жасалынды;
г) Педагогтардың инновациялық қызметтерге олардың мүмкіндіктеріне қарай белсенді қатысуын қамтамасыз ететін инновациялық құрылымдық бөлімшелерінің қызметі ұйымдастырылды.
Бұл сипаттама мазмұнына педагогтардың инновациялық қызметке кәсіби теориялық дайындығын бағалаудың сараптамалық және диагностикалық карталары, инновациялық қызметті жүзеге асыратын педагогтардың әдістемелік құзыреттігін бағалаудың сараптамалық карталарын, педагогтардың инновацияға дайындығының деңгейлік сипаттамасы кіреді.
Мектепке дейінгі білім беру педагогтарының инновациялық әдістемелік қызметінің көрсетілген технологиясы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың құрылымы мен мазмұнына 2010 жылдың 7 желтоқсанынан 2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен және Мектеп жасына дейінгі – туылғаннан 6 жасқа дейінгі балаларды дамытудың мемлекеттік жалпыға бірдей стандарт талаптарын іске асыруын қамтамасыз етеді.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІҢ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНУІ
Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысында балалардың іс-әрекетін ұйымдастырудағы барынша жиі қолданылатын әдістер, тәсілдер мен нысандар келесідей:
практикалық (ойын);
эксперименттік;
модельдеу;
қайта жаңғырту;
түрлендіру;
құрастыру.
Балалардың іс-әрекетін ұйымдастырудың нысаны:
жеке-шығармашылық іс-әрекет;
кіші қосымша топтағы шығармашылық іс-әрекет (3-6 адам);
оқу-ойын іс-әрекеті (танымдық ойындар, сабақтар).
Мектеп жасына дейінгі балаларды интеллектуалды дамытуды олардың мектепалды даярлыққа деген ортақ көзқарасын біріктіретін тәрбиешілер мен ата-аналардың бірлескен күш-жігерімен жүзеге асырады. Оның мәні балалардың интеллектуалдық күйзеліс пен қуану қабілетін, әрбір баланың бірегейлігін, оның тұлғасының қайталанбастығын тануда болып табылады. Ересектер бала тұлғасын құрметтей отыра, бірқатар айқын ақиқатты құрайды: бала игерудің объектісі емес, даму үдерісінде тануы керек адам болып табылады; балаларда өсу және жетілу үрдісіне тән, ішкі интуициялық ақылдылығы бар; кез келген адамда тумысынан белгісіз дүниеге қызығушылығы болады, әрбір бала – зерттеуші.
Сөйтіп, баланың интеллектін жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларын осы дамуға тарта отырып, баланың барлық іс-әрекетін мақсатты, әрі жүйелі дамыту қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Инновациялық технологиялар – заманауи әлеуметтік-мәдени жағдайда баланың тұлғалық дамуында динамикалық өзгерістер есебінен позитивті нәтиже жетуге бағытталған тәрбиелеу құралдарының, оқыту тәсілдері мен әдістерінің жүйесі. Педагогикалық инновациялар тәрбие мен оқыту үдерісін өзгертуі немесе жетілдіруі мүмкін.
Инновациялық технологиялар педагогикалық іс-әрекет үдерісінде өзінің тиімділігін дәлелдеген білім берудің прогрессивті технологиялар мен стереотиптік элементтерін үйлестіреді. Оқу-әдістемелік кешен мазмұны білім беру жүйесін жаңғыртудың ақпараттық-құқықтық негіздеріне, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласындағы мектеп жасына дейінгі балаларды 12-жылдық оқытуға көшуге дайындауға бағдарланған.
Жетекші халықаралық тәжірибе негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға білім берудің заманауи әдістерін ендіреді. Балбөбек», «Қайнар», «Алғашқы қадам» (1-3 жас), «Зерек бала» (3-5 жас), «Біз мектепке барамыз» (5-6 жас) және т.б. бағдарламалар бойынша жұмыстар табысты жүруде. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру бағдарламаларымен қатар Монтессори технологиясы, Н. Зайцев, Ф. Фребель жүйесі бойынша Вальдорфский педагогикасы (Штайнер әдістемесі) бойынша оқу материалдары қолданылады.
Модельдеу, жобалық-зерттеу, интеллектуалдық-ойын тәсілдері негізінде құрылған интеллектуалдық технологиялар айрықша қызығышулық тудырады. Олар интеллектуалды балаларды математикаға, мәдениетке, тілдерге, логикаға жан-жақты дамытуға бағытталған. Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру әрбір баланың интеллектуалдық сұраныстарын барынша тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Оларды 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тілге, математикаға, логикаға оқытуға арналған «E-Blocks» интерактивті бағдарламасымен қамтамасыз ету. Балалардың жан-жақты дамуына, тілдерге ерте оқытуға, Қазақстан халқының мәдениеті мен ұлттық мәдениетті оқытуға бағытталған оқыту кешендерін:
- сөйлейтін қаламы бар «Даналық әліппесі»;
- сөйлейтін қаламы бар «ZEREK»;
- «Интерактивті дыбыстық картасы», сонымен қатар жетекші отандық және шетелдік инновациялық әдістер мен технологияларды одан әрі тереңірек зерттеуін, бейімделген технологияларды анықтау және апробациядан өткізу, білім беруді жаңғыртумен байланысты әлемдік білім беру деңгейіне сәйкес болу мақсатында оларды ендіруді қажет етеді.
Ата-аналар үшін «Балалар ойынының тілі», «Консультативтік орындары жағдайында ата-аналарға білім беру бағдарламасы», «Тәрбиеші-гувернер бағдарламасы» және т.б. дайындалған, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие үдерісін келешекте жетілдіру көзделеді.
Сонымен, ХХІ ғасырда білім берудің ұлттық жүйесін дамытудың негізгі бағыттары тәрбие мен оқытуда инновациялық қағидаттар мен тәсілдерді қолдану, білім беруді ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін тереңдету, материалдық-техникалық базаны жаңарту және кеңейту, білім беру бағдарламалары мен қызметтерінің кең таңдауын қамтамасыз ету, білім беруді ақпараттандыру болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Венгер Л.А. Педагогика способностей. – М., 1973.
2. Дуброва В.П. Организация методической работы в дошкольном учреждении. – М,.1995.
3. Михайленко Н.Я., Короткова Н.А. Ориентиры и требования к обновлению содержания.
4. Арапова-Пискарева Н.А. Современные воспитательные технологии
5. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие - Народное образование,1998.
6. Смирнова Е.О. Дошкольная педагогика от Фребеля до «Истоков» (Обзор педагогических систем и программ дошкольного воспитания) :Учебное пособие. – Киров , 2003.
7. Апатова Н. В. Информационные технологии в школьном образовании. – М., 1994
8. Езопова С.А. Предшкольное образование, или Образование детей старшего дошкольного возраста: инновации и традиции//Дошкольная педагогика.
9. Захарова И. Г. Информационные технологии в образовании: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений. – М., 2003
10. Использование современных информационных и коммуникационных технологий в учебном процессе: учебно-методическое пособие / Авторы-составители: Д.П. Тевс, В. Н. Подковырова, Е. И. Апольских, М. В, Афонина. – Барнаул: БГПУ, 2006.
11. Роберт И.В. Современные информационные технологии в образовании: дидактические проблемы, перспективы использования. – М.: Школа-Пресс.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе............................................................................................
|
3
|
Білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру
кезеңдері........................................................................................
|
5
|
Тәжірибеге ендіру ........................................................................
|
22
|
Жұмыс тәжірибесін жинақтау ....................................................
|
25
|
Педагогикалық тәжірибенің қолданысқа енуі..............................
|
27
|
Қорытынды ......................................................................................
|
29
|
Әдебиеттер........................................................................................
|
31
|
Достарыңызбен бөлісу: |