Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 263,97 Kb.
бет2/2
Дата14.11.2017
өлшемі263,97 Kb.
#347
түріНұсқаулар
1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Психология және педагогика кафедрасы

Әлеуметтік жұмыстағы ғылыми-зерттеудің әдістемесі мен ұйымдастырылуы

пәні бойынша
6М090500 Әлеуметтік жұмыс мамандығының магистранттарына арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар


Әдістемелік нұсқауларды

бекіту парағы








Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41








БЕКІТЕМІН

ҒЖ жөніндегі проректор

________Р.Ж. Кадысова

20__ж. «___»________


Қ ұрастырушы: ___________п.ғ.к., доцент С.К. Ксембаева


Психология және педагогика кафедрасы

Әлеуметтік жұмыстағы ғылыми-зерттеудің әдістемесі мен ұйымдастырылуы

пәні бойынша

6М090500 Әлеуметтік жұмыс мамандығының магистранттарына арналған



әдістемелік нұсқаулар
Кафедраның отырысында ұсынылды 20__ж. «___»_________,№__ хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Е.И.Бурдина 20__ж. «____» ________
Докторантура және магистратура ОӘК мақұлданды

20____ж. «___»_______ №____ хаттама


ОӘК төрайымы ___________З.Е. Жумабаева 20____ж. «____» ________

МАҚҰЛДАНДЫ:

ДжМ деканы ___________ Ю.А. Леньков 20__ж. «____» ________

Қазіргі заманның талабына сай әлеуметті жұмыспен айналасатын мамандар жалпы және әлеуметті жұмыстағы ғылыми-зерттеудің әдістемесі мен ұйымдастырылуы пәні бойынша негіздерін білу тиіс. Халықтың түрлі топтарымен әлеуметтік жұмыс істеуде осы пәннің мазмұны болашақ мамандарға кәсіби білім жетілдіруге жол береді.

1.2 Пәннің мақсаты: әлеуметтік жұмыста қолданылатын негізгі әдістер туралы магистрантқа толық теориялық түсінік беру және магистранттарды әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде бар әдістерді қолдануға және өзі жеке ұйымдастыруға үйрету.

1.3 Пәннің міндеттері:

- магистрантқа қоғамдық ғылымдағы зерттеудің түрлері туралы терең білім беру;

- магистранттарды халықтың түрлі топтарымен әлеуметтік жұмыс істеуде ғылыми-зерттеушілік үрдісінің ерекшеліктерімен таныстыру;

- магистранттарға мәселені ерекшелеу және сипаттау үшін қажет зерттеушілік әдіснама саласында қажетті білімдер жинағын беру;

- мәселені алдын ала зерттеу үшін ғылыми әдебиеттерді сапалы қарастыруға үйрету;

- магистрантты өзінің болжамдары мен концепцияларын шығарту және түсіну, сонымен қатар оларды өз күшімен тексеру мүмкіндігін түсіну арқылы тәжірибе үрдісінде зерттеу жүргізуге бағыттау.

- зерттеу мақсаты мен міндеттерін нақты құрастыруға, сонымен қатар нақты болжам шығаруға, дұрыс жазбалар жүргізуге немесе кодтауды жүзеге асыруға, сұраптау құрастыруға, зерттеу нәтижелерін тиімді тәжірибелік қолдану мақсатымен түсіндіруге үйрету;

Пәнді оқу нәтижесінде магистрант білуі тиіс:

білуге:

- нақты зерттеудің міндеттеріне байланысты зерттеуге қажет әдістерді таңдауды, бар әдістерді модифицироваттауды және жаңа әдістерді құрастыруды;

- алынған нәтижелерді өңдеу әдістері, бұрын болған ғылыми ақпаратты есепке ала отырып оларды талдауды және түсінуді;

- ақпараттық технологияларды қатыстыру арқылы кітапханалық жұмысты жүргізе алуды;



Пәнді оқу нәтижесінде магистрант мынадай біліктер мен дағдыларға ие болуы тиіс:

- заманауи әдістер негізінде өңдеуді алуды және аудан, аймақ, елде әлеуметтік жұмыс мәселелері бойынша ғылыми ақпаратты сақтауды ұйымдастыруды;

- жетекшіліктегі ауданда, облыста, елде әлеуметтік жұмыстың стратегиялары мен нақты бағдарламаларын құрастыруды;

- ауданда, облыста, елде әлеуметтік жұмыстың теориясы мен тәжірибесінің дамуының негізгі тенденциясының анализі бойынша дербес және шығармашылық зерттеу жұмысын жүргізуді;

- терең кәсіби білімді талап ететін ғылыми-зерттеушілік іс-әрекет кезінде пайда болатын тапсырмаларды тұжырымдауды және шешуді;



Әдістемелік ұсыныстар

Дәріс сабақтары магистранттардың ғылыми білімін арттыратын маңызды бөлім. Жүйелі, толық аргументтері келтірілген кешенді дәріс сабақтары мамандарды дайындаудыің басты көзі. Дәрістің әдістемелік, ғылыми – тәжірибелік, қоғамдық-саяси және кәсіби маңызы бар.

Дәрістерді тыңдау және қабылдау: Магистранттардың оқытушының дәрісіне дайындығына енетіндер:

Біріншіден, психологиялық жағынан дайын болу, оның жүйелі орындалуын қадағалау; екіншіден, дәріс алдындағы мақсатты танымдық – тәжірибелік қызмет, соның ішінде:

а) алдынғы өткен материалдарды, жазғандарын еске тұсіру мақсатында қарастыру;

ә) Алдыңғы сабақпен байланысын анықтау мақсатында берілетін дәрістің материалдарымен бағдарлама және оқулықтар бойынша танысу. Оқулық бірнеше жылда бір рет шығарылатындықтан, бағдарламадағы кейбір сұрақтар оқулықта қарастырылмауы мұмкін. Осындай сәйкессіздіктен кейін студент дәріс барысында осы мәселелерге көңіл аударуы керек.

б) Дәріс барысында істелінетін негізгі жұмыстардың түрлерін анықтау (жазу, сызбалар, суреттер және т.б);

г) Бағдарлама мен оқулықтар да енгізілген өздік жұмысына арналған тапсырмалармен танысу, білімді тереңдетіп, тапсырмаларды орындауға қажетті әдебиеттерді таңдау;

Дәріске алдын–ала дайындық магистрантты шығрмашылық жұмысқа және ең бастысы дәрісті тыңдап, оның мазмұнын қабылдай білуге үйретеді.

Дәріс беруде материалды баяндау, талдау, фактологииялық мазмұндау, мәселе қою әдістері басым. Мұның бәрі магистранттардың шығармашылық белсенділіктерін арттыра тұседі.

Магистрант дәріс мазмұнын толық түсіну үшін оның мақсаты мен міндеттерімен таныс болуы қажет. Сонымен қатар, дәрістің мақсаты мен міндеттерін түсіну студентке баяндалып отырған материалды терең тұсініп, оған сын көзқараспен қарауына мұмкіндік береді.

Сонымен қатар дәріс оқытушы мен магистрант арасындағы байланыс ретінде психологиялық-педогогикалық талаптарға да сәйкес болу керек. Оның орындалуы магистрантқа ғана қатысты емес, оқытушының баяндауына магистранттардың беделін арттыра білуіне де байланысты.

Жазу – оқытушының магистранттардың материалдарды қаншалықты меңгергендігін бақылауға мұмкіндік береді. Егер дәріс барысында магистранттар тыңдап қана қоймай жазып отырса, оқытушы дәрісті оқу кезінде оған көмек көрсетеді (қайталау, баяулау, басты мәселелерге акцент жасау арқылы және т.б.)

Дәрісті жазуға қалай үйрену керек? Бәрінен бүрын нені және қалай жазу керектігін білу керек. Сабақтың күні, тақырып, мақсаты, сабақтың жоспары жазылады. Жоспар тақырыпты игеруге жєне берілген материалмен өздігінше жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Жоспарды жазғаннан кейін оның дәріс барысында оның мағынасы қалай ашылғандығына баса назар аудару керек.

Жазу барысында тақырыптар, тақырыпшалар және сұрақтар арқылы, абзацтарды, нөмірлеп көрсетуді пайдаланып жүйелілікті сақтауға болады.

Дәріс жазудың тұрлері әртұрлі болуы мұмкін. Оны таңдау пәннің ерекшелігіне байланысты. Мысалы: кейбір сабақтарда суреттер, сызбалар және т.б. қолданады. Гуманитарлық ғылымдар бойынша жазудың әртүрлісі қолданады. Кең тараған түрі:

Дәрісті жазғанда онымен әрі қарай жұмыс істеу үшін және өз ойларын жазуға шетінен орын қалдыру қажет. Немесе дәптердің келесі беттерін бос қалдыру керек.

Магистрант жан-жақты тұлға болып қалыптасуына, білікті маман болуына, кәсіби және т.б. қызмет түрлеріне дайындығын арттыруға дәріспен бірге тәжірибе сабақтары да маңызды рөл атқарады.

Дәріс басты ғылыми білімнің негізін салады, студентке оны жалпылама түрде меңгеруге мұмкіндік береді. Ал, семинар мен тәжірибе сабақтары білімді кеңейтіп, нақтыландыра түседі, оны толықтай меңгеруіне көмектеседі. Сонымен бірге оқу үрдісінің мұндай түрлері өздік жұмыстарды орындауға үйретеді

Магистрант жан-жақты дамыған тұлға, маман ретінде дамуына және оны кәсіби және басқа қызметтерге дайындауда семинар сабақтарының маңызды зор, олар дәрісте басталған сабақтардың логикалық жалғасы. Дәріс ғылыми білімнің негізін қалыптастырады, олар студентке оларды жалпы түрде меңгеруге мүмкіндік береді, семинар және тәжірибе сабақтары бұл білімдерді тереңдетеді, нақтылайды және кеңейтеді, жоғары репродукция және трансформация деңгейінде меңгеруді көмектеседі. Оған қоса, осы оқу процессінің формалары жеке жұмыс жасау және өзін-өзі оқытуды үйретеді. Семинар және тәжірибе сабақтарында жеке жұмыстың өзіндік ерекшелектері бар болғандықтан, оларға тереңірек тоқталайық.


Пәннің тақырыптық мазмұны

Тақырып 1. Ғылым түсінігі және ғылымның топтасуы


Әлеуметтік жұмыс теориясы мен тәжірибесінде зерттеу спецификасы. Әдіс, әдістеме, әдіснама, зерттеу процедурасы. Зерттеу әдіснамасының мәні, ролі және орны.

Әлеуметтік жұмыстағы ғылыми зерттеудің фазасы. Зерттеу пәнінің спецификасы, құрылымы, зерттеу парадигмалары және стратегиясы. Әлеуметтік жұмыста зерттеудің этикалық мәселелері. (1. Б. 35-47)


Тақырып 2. Ғылыми зерттеу жұмыстарының әдіснамасы

Ғылыми зерттеу мәні. Ғылыми зерттеу элементтері: объект, субъект, мақсат және міндеттер, құралдар, нәтиже. Зерттеудің негізгі кезеңдері: зерттеуге дайындық; бірінші реттік әлеуметтік ақпаратты жинау; жиналған ақпаратты өңдеуге дайындық және оны өңдеу; өңделген ақпаратты талдау және нәтижелерді безендіру.

Әлеуметтік ғылымдарда зерттеудің негізгі әдістері: сұрау, құжаттарды талдау, бақылау, контент-талдау, эксперимент, социометриялық сұрау және т.б.. Сұрау және оның түрлері: анкета және сұхбат. Сұрау өткізудің ұйымдастырушылық формалары — жұмыс орны бойынша, тұрғылықты мекен-жайы бойынша. Ақпарат көзіне байланысты – бұқаралық және арнайы сұраулар.

.(1. Б.47-57)


Тақырып 3. Әлеуметтік жұмыс саласында ғылыми танымның әдістемелік мәселелері

Әлеуметтік жұмыста зерттеу түрлерін топтастыру: монографиялық және салыстыру; барлау, сипаттамалық және аналитикалық; нүктелік және қайталанылатын; далалық және лабораториялық (эксперимент) және т.б..

Әлеуметтік жұмыста зерттеудің әртүрін қолданудың ерекшілігі. Ғылыми пән ретінде әлеуметтік жұмыс әдістерінің спецификасы туралы дискуссия. Зерттеу әдістерінің құндылығы және әлеуметтік қызметкерлер іс-әрекетінде оларды қолдану қажеттілігі. Әлеуметтік жұмыс үрдістері мен ғылыми-зерттеушілік үрдістер параллелі және жинағы (тәжірибелік және зерттеу жұмыстары). (1. Б. 58-97)
Тақырып 4. Әлеуметтік жұмыста зерттеудің негізгі әдістері

Анкета түрлері. Көлемі бойынша — жалпы және таңдамалы анкеталау. Анкетаны толтыру әдісі бойынша — тікелей және жанама анкета. Қарым-қатынасқа түсу тәсілі бойынша — жеке және сырттай анкеталау. Анкетаны тарату тәсілі бойынша — бұқаралық, пошта арқылы, таратылатын. Өткізу түріне қарай — топтық және жеке анкеталау. Анкетаның әр түрлі түрлерінің жетістіктері мен кемшіліктері.

Әлеуметтік жұмыста зерттеудің өмірбаян әдісін қолдану. .(2. Б.23-35)

Тақырып 5. Ғылыми-зерттеу жұмысының дайындық кезеңі

Зерттеу бағдарламасын құру. Оның тағайындалуы және негізгі қызметтері, бағдарламаның негізгі бөліктері: әдіснамалық және әдістемелік.

Әлеуметтік жұмыс саласында мәселелік жағдайды зерттеу. Мәселелік жағдайды мәселе тұжырымдамасына ауыстыру үрдісі. Әлеуметтік жұмыс саласында мәселені сипаттаудың үлгілі құрылымы. Әлеуметтік жұмыс саласында мәселелер классификациясы. Мәселені шығару барысында жіберілетін қателер.

Әлеуметтік жұмыс саласында зерттеу мақсаты мен міндеттерін анықтау. Негізгі және қосымша тапсырмалар. Зерттеудің негізгі мақсатына байланысты міндеттерді шығару бірізділігі.

Зерттеу объекті мен пәнін анықтау. Объекттің қажетті сипаттамасы. Негізгі түсініктерді интерпретациялау. Зерттеу болжамын тұжырымдау. Болжам түрі. Болжамға қойылатын негізгі талаптар.

Әлеуметтік жұмыс саласында сұрыптау көлемін анықтау. Генералды жиынтық және таңдалмалы жиынтық. Репрезентативті сұрыптау. Сұрыптаудың оптималды көлемі. Сұрыптау түрлері. Сұрыптаудың негізгі типтерінің қысқаша сипаттамасы. Сенімді сұрыптауды құрастыру үшін негізгі ережелер.

Әлеуметтік жұмыс саласында зерттеу кезінде қолданылатын шкалалар түрлері.

Бірінші реттік ақпаратты жинауда қолданылатын әдістер сипаттамасы. Қолданылатын құралдардың логикалық құрылымы. Ақпаратты өңдеу әдістемесі.

Зерттеудің жалпы жоспары және жұмыс жоспары. Пилотажды зерттеу.

(3. С. 28-59)



Тақырып 6. Зерттеу кезінде алынған мәліметтерді өңдеу әдістемесі

Бірінші реттік ақпаратты кодтау немесе шифрлау. Бірінші реттік ақпаратты математикалық өңдеудің құралдарын таңдау. Алынған әлеуметтік ақпараттың статистикалық талдауы. Өлшеу шкаласының негізгі түрлері. Әлеуметтік ақпаратты өңдеудің техникалық құралдары.

Алынған мәліметтің бірізділігі мен жүйелілігі – топтастырылуы мен классификациясы. Қарапайым топтастыру. Қисынды топтастыру.

Таблица, сызба, полигондар, диаграммалар (қатармен, ленталық, дөңгелектік, фигуралық), гистограммалар, комулятивті қисық және т.б.. Эмпирикалық және теориялық типологизация. Ауыспалылар арасында өзара байланысты іздеу. Орта арифметикалық. Дисперсия. Корреляция коэффициенті.

Қайталанбалы және салыстырмалы зерттеу мәліметерін талдау. Сандық және сапалық талдау. Мәәліметтердің сандық-сапалық талдауы кезінде іс-әрекеттер бірізділігі. Сапалық әдістердің жетістіктері мен сандық әдістердің кемшілігі.

(3. Б. 67-98)


Тақырып 7. Әлеуметтік жұмыстағы зерттеу нәтижелерін қорытындылау, безендіру және ендіру

Ғылыми зерттеудің жүзеге асу барысының жалпы сызбасы. Ғылыми таным әдісін қолдану. Логикалық заңдар мен ережелерді қолдану. Зерттеу нәтижелерін түсіну және интерпретациялау әдістемесі. Зерттеу қорытындысын шығару және жалпылау.

Зерттеу нәтижелері туралы есепті безендіруге қойылатын негізгі талаптар.

Әлеуметтік жұмыста зерттеудің алынған нәтижесін апробациялау және экспертиза өткізу.

Әлеуметтік жұмыста зерттеу нәтижелерін ендіру жолдары мен формалары.

Әлеуметтік жұмыста пікірлерді, концепцияларды, теорияларды және т.б. тұжырымдау мәселесі. (2.Б.114-126)


Тақырып 8.Бітіру (квалификациялық) жұмысын дайындау әдістемесі

Магистерлік диссертация тақырыбын таңдау. Кітапхана. Кітапханада жұмыс істеу әдісі. Каталогтар түрі: әріптік, пәндік, жүйелік, жаңа түсімдер. Қолданылатын әдебиеттердің әртүрлілігі: қарапайым ғылыми және ғылыми-популярлы кітаптар; сөздіктер, анықтамалар және энциклопедиялар; классиктер кітаптары; құжаттар және қайнар көздер; ескі кітаптар; шетел кітаптары; кітапханалық көрсеткіштер; депозитке салынған қол жазбалар және диссертациялар. Конспектілеу, әдебиетпен жұмыс істеу әдістемесі. Ғылыми-зерттеу жұмысын мазмұндау. Ғылыми жұмыс құрылымы. Ғылыми шығарманың аспекциясы. Ғылыми шығарма композициясы. Ғылыми шығарма рубрикациясы. Мәтінді редактілеу. Қол жазбаны қайта басып шығару ережесі. Рецензия және пікір. Диссертацияны қорғау кезіндегі бастапқы сөз. (1. Б.103-116)




5 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

Основная:

        1. Кертаева К.М., О.Б. Боталова . Организация психолого-педагогических научных исследований. Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2008.-387 с.

        2. Новиков А.М. Новиков Д.А. Методология научного исследования. М.: Либриком,2008, -280с


Дополнительная:

3 Сидоренко Е.В. Методы математической обработки в психологии. - СПб.: ООО "Речь", 2001. - 350 с., ил.
жүктеу 263,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау