| Әдістемелік жұмыс ортасы |
|
|
|
|
Аудандық әдіскерлермен жұмыс
|
|
Мектеп әкімшілігімен жұмыс
|
|
|
Педагог кадрлармен
жұмыс
|
|
|
|
|
|
|
|
Мектеп оқушыларымен жұмыс
|
|
|
|
|
|
|
|
Әдістемелік кабинет жұмысының құрылымы
|
Мақсаты: Әдістемелік жұмысты ғылыми негізде қайта құру, мұағімдердің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру
|
|
|
Жағдай: Шығармашылықты қолдау, ізденіске ынталандыру, ішкі мотивациялық талпынысты ояту
|
|
|
Құрал: Басқарудың тиімді технологиялары және оқытып-үйретудің интерактивті әдістері мен белсенді формалары
|
|
Деңгейі бойынша
|
|
Бағыты бойынша
|
|
Сұраныс бойынша
|
Жас мамандар мектебі
|
|
Жедел жәрдем тобы
|
|
Жоспарлау-жобалауға үйрену
|
Шеберлік шыңдау мектебі
|
|
Ақпараттық біліктілік тобы
|
|
Ұйымдастыруға үйрену
|
Озат тәжірибе мектебі
|
|
Салауаттылыққа баулу тобы
|
|
Қарым-қатынасқа үйрену
|
Үлгі-тірек мектебі
|
|
Дебат (шешендік) тобы
|
|
Бақылау-бағалауға үйрену
|
Атаулы (авторлық) мектеп
|
|
Сараптау-талдау тобы
|
|
Ғылыми-зерттеуге үйрену
|
-
Таным клубы:
Модульдік оқыту технологиясы-ІІІ
|
|
Ізденіс тобы:
Сын тұрғысынан ойлау жобасы-ІІ
|
|
Қабілет тобы:
Деңгейлеп саралау технологиясы-І
|
Үздік жетекшіге (әдіскер-менеджерге) қойылатын талаптар
Әдістемелік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру әдістемелік білім-білікпен бірге, жеке басының сапалық қасиеттерін де қажет етеді. Жібек Баймұратованың 2003 жылғы республикалық “Білім берудегі ең үздік жетекші” байқауында аудандық деңгейдегі әдістемелік қызмет саласы бойынша жеңімпаз атануы оның бойынан осы қасиеттердің көптеп табылатындығын байқатады.
Әдіскер-менеджерге қойылатын қазіргі талаптар:
өзін меңгеру және қабілеті;
жеке мақсаттың дәлдігі мен оны жете түсіну;
өз өсуіне үнемі сүйену, қарауындағыларды оқытып, өсіре білу;
мәселелерді шешу дағдысы мен жаңалық енгізуге қабілеттілік;
маңындағыларға ықпал жасауға жоғары қабілет;
қазіргі басқару тәсілін білу және басшылық қабілет;
тиімді жұмысшы тобын құру және дамыта білу қабілеті;
Жаңаша басқаруға қажетті қабілеттер:
алдын-ала болжай білу немесе көрегендік; талаптылық және тәртіпке бағыну; кәсіптік-педагогикалық бағыттың болуы; адамдарға ықпал жасай алу (ұжымды жұмылдыру, ерте білу); дұрыс шешім қабылдау қабілеті; ұйымдастырушылық қабілет; уәкілдікті бере білу; қойылған мақсатқа сәйкес бақылауды жүзеге асыра білу; қатынас және байланыс қабілетінің болуы; дау-жанжалды шеше білу; өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдіру қабілеті; талдай білу қабілеті;
Жаңаша басқарудағы негізгі міндеттер:
Басқаруды мамандық ретінде меңгеру;
Арнайы басқарушылық білімі болу;
Шешім қабылдауға тәуелсіз болу;
Іштей еркіндік (бостандық) және бастаушы;
Тәуекелге бел байлау;
Бір пікірдегі адамдар тобын құру;
Тиімділікті басты өлшем етіп алу;
Әңгімелесуге, пікір-сайысына, жаңа мәліметтердің қалтықсыз болуына дайын болу;
Ой-өрісі мен біліктіліктің кеңдігі; т.б.
Тиімді жетекші (лидер) болудың жеті шарты:
1.Көрегендік;
2.Сенім арту;
3.Салқынқандылық;
4.Тәуекелге бару;
5.Сарапшы болу;
6.Әр түрлі көзқарастарға құрметпен қарау;
7.Қарапайым, бірақ керемет шешімдер таба білу;
Әдiстемелiк жұмыстың негізгі түрлерi
Жекелеген жұмыс түрлерi:
Өздiгiнен бiлiм көтеру.
Консультация, кеңес беру.
Нұсқаулар беру.
Әңгiме.
Ақылшы ұстаз.
Белгiлi мақсатта оқу- тәрбие жұмысына қатысу.
Ұсыныстар.
Естелiктер, тағы басқалар.
Әдiстемелiк жұмыстың топтық түрлерi:
1.Мектептегi әдiстемелiк кеңес
2.Мектептегi әдiс бiрлестiктерi
3.Мектепаралық әдiс бiрлестiктерi
4.Қалалық және аудандық әдiс бiрлестiктерi
5.Тiрек мектептерi
6.Жас мұғалiмдер мектебi
7.Жас басшылар мектебi
8.Педагогикалық озат тәжiрибе мектебi
9.Атаулы мектептер
10.Мұғалiмдердiң шығармашылық топтары
Мектептегi әдiстемелiк жұмыстардың негiзгi ұжымдық формалары:
Мектептiң әдiстемелiк кеңесiнiң мәжiлiстерi.
Әдiс бiрлестiктерiнiң мәжiлiстерi.
Әдiстемелiк жедел шаралар.
Семинарлар мен практикумдар.
Ашық сабақтар, оларды талдау.
Топтық консультациялар.
Әдiстемелiк конференциялар.
Педагогикалық оқулықтар.
Педагогикалық озат тәжiрибенi зерттеу, жинақтау, тарату және оны ендiру.
Мұғалiмдердiң шығармашылық есептерi.
Озат тәжiрибе мектебiнiң сабақтары.
Атаулы мсектептердiң сабақтары т.б.
Әдiстемелiк бiрлестiктер жұмысы
Бiрлестiктер жұмысының мазмұны алуан түрлi, олар оқу-тәрбие үрдiсiнiң деңгейiн, оқушылар бiлiмiнiң сапасын көтеру, өзара тәжiрибе алмасу жұмыстары жолдарын жетiлдiру, озық педагогикалық тәжiрибенi зерттеу, жинактау,тарату мәселелерiн қызу талдайды. Сондай-ақ, пән бiрлестiктерiнде жаңа буын оқулықтары мен бағдарламалардың тәжiрибелiк нұсқауларын зерттеп талқылайды.
Бiрлестiктердiң әрқайсысы өз құзыры шегiндегi пәндер бойынша түрлi шығармашылық бақылау жұмыстары мен деңгейлiк тапсырмалырды жасап құрастырады, оның тиiмдiлiгiн өз тәжiрибелерiнде сынап, тексередi.
Әдiстемелiк пән бiрлестiкте жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру, оны мектеп iшiнде кеңiнен тарату жұмыстары мiндеттi түрде iске асырылуы тиiс жұмыстардың бiрi болып табылады.
Әдiстемелiк пән бiрлестiктерiнiң жұмысы жарты жылға, не бiр оқу жылына жоспарланады. Пән бiрлестiгiнiң жетекшiсi, мүшелерi және хатшысы болады. Айына бiр рет кезектi отырысы өткiзiлiп, хаттамалары жазылады. Мұндай отырыстарында оқыту мен тәрбиенiң түрлi өзектi мәселелерiн талқылайды, зерттейдi, мәселелердi шешу жолдарын анықтайды, мектептiң әдiстемелiк және педагогикалық кеңестерiне, әкiмшiлiкке ұсыныстар жасайды. Мәселен, оларға оқыту мен тәрбие үрдiсiнiң деңгейiн көтеру мақсатындағы сабақты талдау, озық педагогикалық тәжiрибелердi зерттеу, тарату, жинақтау, оқытудың жаңа технологияларын зерттеу, ендiру, дәстүрлi емес сабақ құрылымдарын, олардың тиiмдiлiк дәрежесiн анықтау, оқытудың әдiс-тәсiлдерiн белсендiру жолдарын, жаңа технологияларды енгiзу, сабақты бақылау, бағалау формаларын талдайды.
Бiрлестiк жетекшiсi жұмысының материалдарын төмендегiдей папкаларға жинақтауға болады:
Мемлекеттiк бағдарламалар мен нормативтiк құжаттар.
Бағдарламаның әдiстемелiк қамтылуы.
Озық педагогикалық iс-тәжiрибелермен жаңа педагогикалық технологиялар.
Әдiстемелiк жұмыстар ( отырыстар, семинарлар мен практикумдар, апталық құжаттары )
Мұғалiмнiң бiлiктiлiгiн көтеру жұмыстары.
Мектепiшiлiк бақылау, тексеру жұмыстары (диагностика, мониторинг).
Аттестация құжаттары.
Ашық сабақтар мен тәрбиелiк iс-шаралар.
Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар.
Сабақтастық материалдары.
Тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстар.
Тәлiмгерлер жұмысы.
Қиын балалармен жеке жұмыстар.
Дарынды оқушылармен жұмыстар.
Бiрлестiк отырысының хаттамалары.
Достарыңызбен бөлісу: |