24. Қорғасын аккумуляторлар мен батареяларды құрастырушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Аккумуляторлар мен батареяларды құрастыруға дайындау. Аккумуляторлардың қақпақтарын, элемент аралық бірікпелері мен басқа да ұсақ бөлшектерін құрастыру конвейерінің жұмыс орындарына қалап шығу.
Білуге тиіс: аспаптарды және жай айлабұйымдарды пайдалану ережесі; құрастырылатын бөлшектердің қызметі мен жарамдылық белгілері.
25. Қорғасын аккумуляторлар мен батареяларды құрастырушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жекелеген жұмыс орындарында және конвейерлерде жартылай блоктарды, элементтер мен бірікпелерді моноблоктарға жинақтау, мастика құю жөніндегі жай құрастыру операцияларын орындау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтарды, құралдар мен айлабұйымдарды қолдану принципі; аккумулятордың жиналатын блоктары мен батареяларының құрылымы; құрастырылатын бөлшектерге қойылатын талаптар.
26. Қорғасын аккумуляторлар мен батареяларды құрастырушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құрастыру процесінде арнайы аспаптарды, айлабұйымдар мен көлік тиегіш құрылғыларды пайдалана отырып орташа күрделіктегі түрлі құрастыру операцияларын қолмен орындау. Бір позициялық жартылай автоматты құрылғыларда барлық үлгідегі батареяларды құрастыру жөніндегі құрастыру операцияларды орындау.
Білуге тиіс: арнайы айлабұйымдар мен дәлме-дәл бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы және қызметі; аккумуляторлар мен батареялардың шығарылатын үлгілерінің және оларға кіретін бөлшектерінің құрылымы; аккумулятордың әрбір үлгісінің қызметі; қызмет көрсетілетін құрылғылардың жекелеген тораптарының құрылымы; орнату автоматикасы және қолмен басқару режимінде орнату жұмысы туралы негізгі мәліметтер; қызмет көрсетілетін машиналарда ақаулықтардың пайда болу себептері мен оларды жою тәсілдері.
27. Қорғасын аккумуляторлар мен батареяларды құрастырушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көп позициялы жартылай автоматты құрылғыларда түрлі үлгідегі батареяларды құрастыру жөніндегі құрастыру операцияларын орындау. Қызмет көрсететін жабдық жұмысының технологиялық режимін реттеу. Құрастыру құрылғыларының жұмыс режиміндегі ауытқулардың себептерін белгілеу және оларды жою.
Білуге тиіс: аккумулятор батареяларын құрастыру жөніндегі жартылай автоматты жабдықтардың құрылымы және кинематикалық тәсімдері; шектеулер мен отырғызулар.
28. Қорғасын аккумуляторлар мен батареяларды құрастырушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автоматты көп позициялы құрылғыларда түрлі үлгідегі батареяларды құрастыру жөніндегі құрастыру операцияларды орындау. Элементтер мен құрылғыларды біріктірудің күрделі тәсімдерін пайдалана отырып батареялардың тәжірибелік үлгілерін жекелеген құрастыру және жиынтықтау. Батареялардың түрлі үлгілерін құрастыруға қайта баптау кезінде автоматты құрылғылардың жұмыс режимін реттеу, жетілдіру және орнату және қол және автоматты басқару режимін өзгерту.
Білуге тиіс: аккумулятор батареяларды құрастыру жөніндегі автоматты жабдықтардың құрылымы және кинематикалық тәсімі; технологиялық параметрлерді реттеу ережесі мен тәсілдері және аккумуляторды құрастырудың барлық сатысын басқару режимі; қорғасын аккумуляторды құю технологиялары жөніндегі негізгі мәліметтер.
29. Сілтілік аккумуляторлар мен батареяларды құрастырушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Слесарлық қиыстыра отырып, түрлі үлгілік аккумуляторлар мен элементтердің жекелеген күрделі емес тораптарды және жекелеген бөлшектерді құрастыру.
Білуге тиіс: жұмыс процесінде қолданылатын механизмдер мен айлабұйымдар туралы негізгі мәліметтер; жұмыс қол аспаптың қызметі мен қолданылуы; өңделетін материалдардың механикалық қасиеті туралы қарапайым мәліметтер; өңделетін тораптар мен бөлшектердің атауы және қызметі.
Жұмыс үлгілері
1. Блоктар - жартылай блоктардан құрастыру және түзету.
2. Бұрандалар – борнға бұрау.
3. Түптері мен қақпақтары – ыдыстарға кірістіру.
4. Аккумулятор қақпақтары – құрастыру.
5. Ыдыстар – тазарту, түзету және таңбалау.
30. Сілтілік аккумуляторлар мен батареяларды құрастырушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Аккумуляторлар мен элементтердің тораптары мен блоктарын құрастыру немесе түрлі үлгідегі аккумуляторлар мен элементтердің құрастыру жөніндегі орташа күрделіктегі операцияларды орындау. Тәсім бойынша күрделі емес батареяларды құрастыру. Жетекті аккумулятор блоктарды кешенді құрастыру, дискілік аккумуляторларды түпкілікті құрастыру, герметикалау процесін жүргізу. Аккумуляторларды, элементтер мен батареяларды операциялық құрастыруды жүргізу жөніндегі слесарлық-құрастыру жұмыстарын орындаудың негізгі тәсілдері мен жолдары.
Білуге тиіс: қосалқы жабдықтарды және слесарлық-құрастыру айлабұйымдарын қолдану принципі және басқару ережесі; бақылау-өлшеу аспаптары немесе құралдарының қызметі мен пайдалану ережесі; шектеулер мен отырғызулар туралы негізгі мәліметтер; құрастыру жұмыстарын орындаудың кезектілігі, аккумулятор, элемент және батарея тораптарының қызметі мен қолдану принципі; слесарлық құрастыру және дәнекерлеу жұмыстарын конвейерде және жеке жұмыс орындарында орындау жолдары, жиналатын тораптардың сыртқы белгілеріне қарай сапасын айқындау және ақауларды жиналатын тораптарда түзету тәртібі.
Жұмыс үлгілері
1. Аккумулятор батареялар – операциялық құрастыру.
2. Салмағы 7 кг-ға дейінгі блоктар – ыдыстарға қолмен сығымдау.
3. Электродтарының саны 5-ке дейінгі шағын габаритті аккумулятор блоктар – жинақтау және алғашқы құрастыру.
4. Бұрамалар – дәнекерлеу.
5. Ұштамалар мен штепсельді ажыратқыштар – дәнекерлеу.
6. Эбонитті оқшаулау таяқшалары – блоктарға қондырма.
31. Сілтілік аккумуляторлар мен батареяларды құрастырушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ток бұрамалары шықпаларын борндарға дәнекерлей отырып, түрлі үлгідегі аккумуляторлар мен элементтерді толықтай күрделі құрастыру және герметизациялау. Аккумуляторлар мен элементтердің бөлшектерін жетілдіру және құрастыру кезінде түрлі слесарлық операцияларды (егеулеу, ию, дәнекерлеу, бұрғылау) орындау. Орташа күрделіктегі тәсім бойынша батареяларды құрастыру.
Білуге тиіс: арнайы және әмбебап айлабұйымдардың, слесарлық құрастыру және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; шектеулер мен отырғызулар; аккумуляторларды, элементтер мен батареяларды құрастыру ережесі және жолдары; орындалатын жұмыстарға қойылатын техникалық талаптар; түрлі слесарлық құрастыру жұмыстарын құрастыру конвейерінде және дербес жұмыс орындарында орындаудың негізгі тәсілдері мен жолдары; құрастыруға түсетін бөлшектерді өңдеу сапасын бақылау тәсілдері мен жиналатын тораптардың жұмысында табылған ақауларды түзету тәртібі.
Жұмыс үлгілері
1. Шағын габаритті аккумуляторлар - толықтай құрастыру, дәнекерлеу және герметизациялау.
2. Шағын габаритті батареялар - орташа күрделіктегі тәсім бойынша құрастыру.
3. Салмағы 7 кг-нан асатын блоктар – ыдыстарға қолмен сығымдау.
4. Электродтарының саны 5-ден асатын шағын габаритті аккумулятор блоктар – жинақтау және алғашқы құрастыру.
32. Сілтілік аккумуляторлар мен батареяларды құрастырушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Аккумуляторлар мен элементтердің тәжірибелік үлгілерінің бөлшектерін қиыстырып, жетілдіріп, дәнекерлеп және пісіріп дербес құрастыру және жинақтау. Біріктірудің күрделі тәсімдерімен аккумуляторлық батарея элементтерін құрастыру және монтаждау. Құрастыру технологиясының оңтайлы технологиясын айқындау және орнату. Аккумулятор, элемент және батарея мөлшері параметрлерін сынағаннан кейін талап етілетін мөлшерге дейін жетілдіру.
Білуге тиіс: жауапты слесарлық құрастыру және монтаждау жұмыстарын орындау тәсілдері мен жолдары, аккумулятор, элементтер мен батареялардың барлық үлгілерін құрастыру принципі; жекелеген тораптар мен батареялардың жалпы жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою тәртібі; аккумуляторлық батареяларды біріктірудің электрлік тәсімдері; шектеу мен отырғызу жүйесі, орындалатын жұмыс шегінде электр техника және электр химиясы негіздері.
Жұмыс үлгілері
Аккумулятор батареялар – толықтай құрастыру және монтаждау.
33. Сілтілік аккумуляторлар мен батареяларды құрастырушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тез әсер ететін эпоксидті компаундарды, желімдерді, герметиктерді пайдалана отырып күрделі сызбалар мен эскиздер бойынша тәжірибелік үлгілер мен макеттерді қоса отырып, ерекше күрделі аккумуляторлар, элементтер мен батареяларды толықтай құрастыру және монтаждау. Субминиатюралықты қоса алғанда, штепсельді ажыратқыштарды батареялардың электр бірікпелерінің барлық тәсімдерін дәнекерлеу режимдері бойынша ерекше техникалық талапты электр қыздыру элементтерінің, температуралық реле, шағын габаритті реле пиротехникалық торап контактілерін дәнекерден алу. Арнайы батареялардың гидравликалық түрлі тораптарын монтаждау. Стандартты емес автоматты технологиялық жабдықтарды пайдалана отырып, техникалық құжаттама тала ететін мөлшерге дейінгі қажет дәлдікте батареяларға полимер құю. Артық қысым және қарсы қысым берерде батарея бірікпелерінің электр тәсімдерін түрлі өлшеу аспаптары мен гидравликалық тораптарымен тексеру. Ақауларды анықтау және оларды жою.
Білуге тиіс: эскиздер мен құрастыру сызбалары бойынша ерекше күрделі аккумуляторлар, элементтер мен батареяларды құрастыру және монтаждау әдістері, жолдары; пиротехникалық құралдармен жұмыс істеу тәсілдері мен жолдары; гидравликалық батарея жүйесін пиротехникалық тораптармен, қыздыру элементтермен, термореле, атқарғыш реле және батареялармен жалпы тексеру кезіндегі жұмыс ережесі мен тәртібі;
Жұмыс үлгілері
1. Пиротехникалық блоктар – дәнекерден алу.
2. Электрмен қыздыру жүйелері – монтаждау.
34. Сүзгі сығымдаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті сүзгі сығымдаушының басшылығымен бақылау айрықшалықтарға сәйкес никель шала тотығы гидратын сығымдау. Сүзгі сығымдағыш рамаларын ауыстыру. Сүзгі сығымдағыш рамаларына төсем орнату және олардың тозуына қарай ауыстыру. Сүзгі сығымдағыштарды кезеңімен тазалау. Никель шала тотығы гидратын ұсақтау процесін жүргізу. Технологиялық процестің орындалуын тіркеу журналын жүргізу.
Білуге тиіс: сығымдалған массаны ұсақтауға арналған жоғары қысымдағы диафрагмалық және май сорғылардың, агрегаттардың сүзгі сығымдағыштарының маңызды бөлшектерінің атауы және қызметі және қолдану принципі, сүзгі сығымдағыштарды құрастыру және бөлшектеу, төсемдерді бекіту және шешу тәсілдері, сүзгі сығымдағыштардан жасалған суспензиялардың ағып кетуін болдырмау жолдары, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі.
35. Сүзгі сығымдаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бақылау айрықшалықтарына сәйкес никель шала тотығы гидратын және басқа да суспензияларды сығымдау. Түрлі құрылымдағы сүзгі сығымдағыштар мен ұсақтайтын машиналардың жұмыс режимдерін аспаптар арқылы белгілеу және реттеу. Никель шала тотығы гидратын сығымдау және ұсақтау процесін жүргізетін кездегі ақаулықтарды жою, ұсақтау процесін қадағалау. Жұмыс процесінде жабдықтарды баптау.
Білуге тиіс: гидравликалық сүзгі сығымдағыштардың құрылымы және баптау тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; металл суспензияларын гидравликалық және механикалық қысқышты сүзгі сығымдағыштарда сүзгілеу және сығымдау жолдары мен ережесі; сығымдау процесінде қолданылатын материалдардың атауы, сұрыбы және сүзгілеу қасиеті; олардың шығын нормасы.
36. Сүзгі сығымдаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы әзірленген рецептілер бойынша темір және сілті ерітінділерін дайындау. Бақылау ерекшеліктеріне сәйкес темір шала тотығы гидратын сүзгілеу, тұндыру және тотықтыру процесін жүргізу. Химикаттарды берілген пропорцияда мөлшерлеу және оларды сыйымдылықтарға салу. Талдауға сынама алу, артық сілтіні титрлеу арқылы айқындау. Бақылау айрықшалықтарына сәйкес темір шала тотығы гидратын сығымдау. Түрлі құрылымдағы сорғыларды, сүзгі сығымдағыштардың жұмыс режимін аспаптар арқылы тоқтату және реттеу. Жұмыс процесінде жабдықты баптау және темір шала тотығы гидратын әзірлеудің технологиялық процесін жүргізуде ақаулықтарды жою.
Білуге тиіс: түрлі құрылымдағы темір шала тотығы гидратын, сорғыларды, сүзгі сығымдағыштарды тотықтыру және тұндыруға арналған бак реакторлардың құрылымы және баптау ережесі; дәлме-дәл және күрделі бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, қызметі және пайдалану ережесі; тұздардың, қышқыл, сілтілердің технологиялық қызметі мен қасиеттері, оларды сақтау ережесі, шикізатқа, жартылай фабрикаттар мен түпкілікті өнімдерге қойылатын техникалық шарттар және талаптар; темір шала тотығы гидратын гидравликалық және механикалық қысқышты сүзгі сығымдағыштарда сүзгілеу және сығымдау жолдары мен ережесі; орындалатын жұмыс шегінде бейорганикалық химия негіздері.
Осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының, олардың 1985 жылы шығарылған қолданыстағы БТБА бойынша атаулары көрсетілген тізбесі
№
р/с
|
Осы бөлімге орналастырыл
ған жұмысшы кәсіптерінің атауы
|
Разр
яд диа
паз
оны
|
1985 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған бөлімдері бойынша атаулар
|
Разр
яд диа
паз
оны
|
шыға
рылым
№
|
Басылымның қысқартылған атауы
|
1
|
Сепаратор жасаушы
|
1-3
|
Сепаратор жасаушы
|
1-3
|
19
|
Химиялық ток көздері
|
2
|
Ток көздерін сынаушы
|
3-6
|
Ток көздерін сынаушы
|
3-6
|
-//-
|
-//-
|
3
|
Сынаушы -қалыптаушы
|
2-5
|
Сынаушы -қалыптаушы
|
2-5
|
-//-
|
-//-
|
4
|
Аккумулятор және элемент өндірісінде бақылаушы
|
2-5
|
Аккумулятор және элемент өндірісінде бақылаушы
|
2-5
|
-//-
|
-//-
|
5
|
Диірмен машинисі
|
3-5
|
Диірмен машинисі
|
3-5
|
-//-
|
-//-
|
6
|
Белсенді масса дайындаушы
|
3-5
|
Белсенді масса дайындаушы
|
3-5
|
-//-
|
-//-
|
7
|
Ерітінділер мен электролит дайындаушы
|
2-5
|
Ерітінділер мен электролит дайындаушы
|
2-5
|
-//-
|
-//-
|
8
|
Ламельсіз аккумуляторлар мен элементтер электродшысы
|
1-4
|
Ламельсіз аккумуляторлар мен элементтер электродшысы
|
1-4
|
-//-
|
-//-
|
9
|
Ламельді аккумуляторлар мен элементтер электродшысы
|
2-4
|
Ламельді аккумуляторлар мен элементтер электродшысы
|
2-4
|
-//-
|
-//-
|
10
|
Элемент өндірісінің автоматшысы
|
1-4
|
Элемент өндірісінің автоматшысы
|
1-4
|
-//-
|
-//-
|
11
|
Паста қайнатушы
|
2-3
|
Паста қайнатушы
|
2-3
|
-//-
|
-//-
|
12
|
Шайыр құюшы
|
1-3
|
Шайыр құюшы
|
1-3
|
-//-
|
-//-
|
13
|
Элемент өндірісін оқшаулаушы
|
1-3
|
Элемент өндірісін оқшаулаушы
|
1-3
|
-//-
|
-//-
|
14
|
Элемент өндірісі автоматтарын баптаушы
|
2-6
|
Элемент өндірісі автоматтарын баптаушы
|
2-6
|
-//-
|
-//-
|
15
|
Паста жағушы
|
2-4
|
Паста жағушы
|
2-4
|
-//-
|
-//-
|
16
|
Электр өткізгіш қабат жағушы
|
3-4
|
Электр өткізгіш қабат жағушы
|
3-4
|
-//-
|
-//-
|
17
|
Агломераттарды орап байлаушы
|
1-2
|
Агломераттарды орап байлаушы
|
1-2
|
-//-
|
-//-
|
18
|
Батарея желімдеуші
|
2-3
|
Батарея желімдеуші
|
2-3
|
-//-
|
-//-
|
19
|
Агломераттарды сығымдаушы
|
1-4
|
Агломераттарды сығымдаушы
|
1-4
|
-//-
|
-//-
|
20
|
Электродтар мен элементтерді сығымдаушы
|
2-4
|
Электродтар мен элементтерді сығымдаушы
|
2-4
|
-//-
|
-//-
|
21
|
Электр өткізгіш қабат әзірлеуші
|
2-3
|
Электр өткізгіш қабат әзірлеуші
|
2-3
|
-//-
|
-//-
|
22
|
Гальваникалық элементтер мен батареяларды құрастырушы
|
1-2
|
Гальваникалық элементтер мен батареяларды құрастырушы
|
1-2
|
-//-
|
-//-
|
23
|
Сынап-мырыш, магний және басқа да ток көздерінің құрастырушысы
|
1-6
|
Сынап-мырыш, магний және басқа да ток көздерінің құрастырушысы
|
1-6
|
-//-
|
-//-
|
24
|
Элемент өндірісінің кептірушісі
|
1, 3
|
Элемент өндірісінің кептірушісі
|
1, 3
|
-//-
|
-//-
|
25
|
Шприцовшы
|
2, 4
|
Шприцовшы
|
2, 4
|
-//-
|
-//-
|
26
|
Қорғасын аккумуляторлар өндірісіндегі аккумулятор пластиналарды автоклавшы кептіруші
|
2-3
|
Қорғасын аккумуляторлар өндірісіндегі аккумулятор пластиналарды автоклавшы кептіруші
|
2-3
|
-//-
|
-//-
|
27
|
Кадмийді тотықтандыру жөніндегі аппаратшы
|
4
|
Кадмийді тотықтандыру жөніндегі аппаратшы
|
4
|
-//-
|
-//-
|
28
|
Суспензия пісіруші
|
2-3
|
Суспензия пісіруші
|
2-3
|
-//-
|
-//-
|
29
|
Механикалық немесе флотациялық кен байыту машинисі
|
3-4
|
Механикалық немесе флотациялық кен байыту машинисі
|
3-4
|
-//-
|
-//-
|
30
|
Құрғақ (қорғасын аккумуляторларға арналған) массаны араластырушы
|
2-4
|
Құрғақ (қорғасын аккумуляторларға арналған) массаны араластырушы
|
2-4
|
-//-
|
-//-
|
31
|
Қорғасын қорытпалары бұйымдарын құюшы
|
3-5
|
Қорғасын қорытпалары бұйымдарын құюшы
|
3-5
|
-//-
|
-//-
|
32
|
Аккумулятор өндірісі жартылай автоматтар құрылғысын баптаушы
|
4-6
|
Аккумулятор өндірісі жартылай автоматтар құрылғысын баптаушы
|
4-6
|
-//-
|
-//-
|
33
|
Аккумулятор пластиналарға жағушы
|
3-4
|
Аккумулятор пластиналарға жағушы
|
3-4
|
-//-
|
-//-
|
34
|
Қорғасын қорытпаларды балқытушы
|
3-4
|
Қорғасын қорытпаларды балқытушы
|
3-4
|
-//-
|
-//-
|
35
|
Аккумулятор пластиналарды шабушы
|
2-4
|
Аккумулятор пластиналарды шабушы
|
2-4
|
-//-
|
-//-
|
36
|
Қорғасын аккумуляторлар мен батареяларды құрастырушы
|
1-5
|
Қорғасын аккумуляторлар мен батареяларды құрастырушы
|
1-5
|
-//-
|
-//-
|
37
|
Сілтілік аккумуляторлар мен батареяларды құрастырушы
|
1-5
|
Сілтілік аккумуляторлар мен батареяларды құрастырушы
|
1-5
|
-//-
|
-//-
|
38
|
Сүзгі сығымдаушы
|
1-5
|
Сүзгі сығымдаушы
|
1-5
|
-//-
|
-//-
|
Достарыңызбен бөлісу: |