Единый тарифно-квалификационный справочник работ и профессий рабочих



жүктеу 2,62 Mb.
бет6/9
Дата25.11.2017
өлшемі2,62 Mb.
#1887
1   2   3   4   5   6   7   8   9

5. Техникалық көміртегі өндірісі

Техникалық көміртегі алу аппаратшысы


236. Техникалық көміртегі алу аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен техникалық көміртегі алу технологиялық процесінің жекелеген операцияларын жүргізу. Ұсақ жөндеу. Жабдықтарды майлау, бояу.

Білуге тиіс: технологиялық жабдықтың құрылысы, жұмыс істеу қағидасы, жұмыс нұсқаулықтарының талаптары, слесарь ісі.

237. Техникалық көміртегі алу аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Техникалық көміртегі ұстау, өідеу және ұсақтау технологиялық процесін жүргізу. Активті- үстіртін заттардың ерітіндісін дайындау және беруді реттеу. Анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен көміртегігаз қоспасын алу кезінде жекелеген технологиялық процестерді жүргізу. Сынамалар алу. Технологиялық жабдықтың жұмысын бақылау. Пневмокөлік жүйелеріне, ағынды- тарту желдету жүйелеріне қызмет көрсету. Изоляторларды, шлюзовитерді, инерциялық сепараторларды, күйлеулерді, қабылдау және құрғату түтіктерін, жанарғыларды тазалау. Жанарғыларды ауыстыру. Шикізаттың және су форсункаларды, газ жанарғыларын ауыстыру. Изоляторларды үрлеу.

Білуге тиіс: техникалық көміртегі өндірісінің технологиялық сызбасы және параметрлері, кептіру процесінің технологиялық сызбасы, аспирация, пневмо және газтасу жүйелерінің және цех комимуникацияларының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасы, сынамалар іріктеу ережесі, жұмыс нұсқаулықтарының талаптары, слесарь ісі, электр техникасы негіздері.

238. Техникалық көміртегі алу аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Техникалық көміртегі өндірісінде көміртегігаздық қоспаны алудың технологиялық процесін жүргізу. Технологиялық процесті бақылау және оны реттеу. Көрсетілген талдаулар бойынша техникалық көміртегіге зертханалық- бақылау экспресс- талдаулар жүргізу. Бақылау - өлшеу аспаптарының көмегімен және химиялық талдаулардың нәтижелері бойынша қызмет көрсету сатылары бойынша өнімнің сапасы мен шығымын бақылау. Автоматты және қолмен басқару құралдарының көмегімен шикізаттың, отынның, қайтару газының, ауаның, судың, будың шығынын реттеу. Құрамға байланысты шикізаттың қажетті мөлшерін есептеу. Технологиялық процесте берілген режимнен ауытқулардың алдын алу және жою, жабдықтар мен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды жою, өндірістік журналдарда жазба жүргізу. Тозаңданушы техникалық көміртегі алу процесіне қызмет көрсету аймақтарында төмен разрядты аппаратшыларға басшылық ету.

Білуге тиіс: кептіру процесінің регламенттелген параметрлері және технологиялық сызбасы, технологиялық және электрлік жабдықтың, бақылау- өлшеу аспаптарының және автоматика құралдарының белгіленуі, құрылысы, жұмыс істеу қағидасы және пайдалану ережесі, талдаулар мен техникалық есептеулер жүргізу әдістемесі, шикізаттың, отынның, химтазартылған судың және жасалынатын техникалық көміртегінің физикалық –химиялық қасиеттері, шикізат пен дайын өнімге техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар, жұмыс нұсқаулықтарының талаптары.

Арнайы орта білім қажет.

239. Техникалық көміртегі алу аппаратшысы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес техникалық көміртегі алу технологиялық процесін жүргізу. Бақылау - өлшеу аспаптарының көмегімен және химиялық талдаулардың нәтижелері бойынша қызмет көрсету сатылары бойынша өнімнің сапасы мен шығымын бақылау. Техникалық көміртегі алу процесінің барлық сатыларын жүргізуге: технологиялық жабдықты қосуға, режимге шығаруға, жөндеуге тоқтатуға басшылық ету. Қызмет көрсету аймақтарында төмен разрядты аппаратшылар (звено, бригада) орындайтын жұмысты басқару. Өндірістік журналдарда жазба жүргізу.

Білуге тиіс: техникалық көміртегі алу технологиялық процесі, жабдықтың, бақылау- өлшеу аспаптарының және автоматика құралдарының құрылысы, жұмыс істеу қағидасы, шикізаттың, отынның, химтазартылған судың және жасалынатын техникалық көміртегінің физикалық - химиялық қасиеттері, шикізат пен дайын өнімге техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар, жұмыс нұсқаулықтарының талаптары, еңбеуті ұйымдастырудың, жабдықты ұтымды пайдаланудың, энергиялық және материалдық ресурстарды үнемдеудің озық өнімді тәжірибесі, еңбекті ұйымдастырудың бригадалық түрлері.

Арнайы орта білім қажет.

Техникалық көміртегіні нығыздау аппаратшысы


240. Техникалық көміртегіні нығыздау аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Техникалық көміртегіні нығыздау процесін жүргізу. Техникалық көміртегіні берілген деңгейге дейін нығыздағыш- қаптарға біркелкі тиеу және нығыздау процесін реттеу. Техникалық көміртегіні орау автоматтарында қағаз, полиэтилен қаптарына, резеңке- кордты және металл контейнерлерге, вагон- хопперлерге орау. Салу, маркалау құрылғыларына, транспортерлерге, пакет- қалыптаушы машиналарға, аспирация жүйелеріне, рельсүстілік бункерлерге, тиегіштерге, жүкшығырларға, жылжитын вагондарға қызмет көрсету. Орау құрылғыларын, транспортерлерді, құрылғыларды, аспаптар мен таразыны реттеу және жөндеу. Жабдық пен механизмдердің жұмыс орнында жұмысының ақаусыздығын, жабдықтың герметикалығын және қаптар мен контейнерлерде дайын өнімге тұрақты салмақты бақылау. Техникалық көміртегі толтырылған қапты бақылау өлшеу. Жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды жою. Ағулар мен жабдықты техникалық көміртегінің қалдықтарынан тазалау.

Білуге тиіс: техникалық көміртегінің технологиялық сызбасы, нығыздау және орау режимі, техникалық көміртегінің физикалық - химиялық қасиеттері, нығыздау, орау және тасымалдау мен қатарластырып жинау бойынша негізгі және көмекші жабдықтың құрылысы, жұмыс істеу қағидасы, пайдалану және жөндеу ережесі, процесті реттеу ережесі, слесарь ісі, еңбектің озық тәсілдері мен әдістері.

«Техникалық көміртегі өндірісі» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың қолданыстағы БТБА 1986 жылғы шығарылымының атаулары көрсетілген тізбесі БТБА-ның (31-шығарылым), 5-қосымшасында келтірілген.

6. Регенерат өндірісі

Вулкансыздандырушы


241. Вулкансыздандырушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автоклавтарда берілген технологиялық режим бойынша резеңке қоқымын вулкансыздандыру процесін жүргізу. Автоклавтарда және ыдыстарда коммуникациялардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, шұралардың ақаусыздығын тексеру. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша, әрбір жүктеу үшін дайындалған резеңке қоқымды және жұмсартқыштарды мөлшерлеу дұрыстығын тексеру. Резеңке қоқымды, жұмсартқыштарды және суды берілген реттілікпен автоклавқа тиеу. Автоклавты режимге енгізу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша вулкансыздандыру процесін қадағалау және қысымды, температураны және басқа параметрлерді реттеу. Вулкансыздандыру процесі аяқталысымен- автоклавтағы қысымды берілген қалдыққы дейін төмендету (шұралардың көмегімен атмосфераға буды қосу арқылы) және автоклавты түсіру, белгіленген тиеу мен түсіру режиміне сәйкес автоклавтың араластырғышын іске қосу және тоқтату. Жабдықты қолмен және әр түрлі құрылғылардың көмегімен тазарту.

Білуге тиіс: вулкансыздандыру технологиялық процесінің мәнісі, технологиялық режим, регенераттың әр түрлі маркаларының рецептурасы, жұмсартқыштардың қасиеттері мен сапасы, жабдықтың және бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы және жұмыс істеу қағидасы, жабдықты тазалаудың ұтымды тәсімдері.

242. Вулкансыздандырушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Иіртүтік девулканизаторда резеңке қоқымын вулкансыздандыру процесін жүргізу немесе берілген технологиялық режим бойынша автоклавта вулкансыздандыру процесін басқару. Регенерациялайтын агенттердің рецептурасын есептеу, температураны реттеу, девулканизаторға жүктеу. Автоматты тамақтың барлық жабдығына қызмет көрсету (реактор-дозаторларға, үздіксіз әрекеттегі араластырғыштарға, иіртүтік девулканизаторға). Берілген рецептураға реактор-дозаторларды реттеу. Бақылау- өлшеу аспаптары бойынша өнімді араластыру, суыту процесін және сапасын бақылау. Девулканизатты тазартылған біліктерге беру.

Білуге тиіс: иіртүтік девулканизаторда вулкансыздандыру технологиялық процесі, иіртүтік девулканизатордың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы, бүкіл автоматты тармақтың электр жабдығы, бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы және белгіленуі, өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

Тазартушы
243. Тазартушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 32 біліктердің ұзындығымен рифайнер- білікшелерде әр түрлі маркалы регенератты механикалық өңдеу және тазарту процесін жүргізу. Жабдықты жұмысқа дайындау: түсетін жанышталған девулканизатқа байланысты біліктердің қажетті санын қосу. Қыздыратын біліктерден немесе иіртүтікті девулканизатордан түсетін регенераттың сапасын бақылау. Температура режимдерін және басқа параметрлерді дәл сақтаумен девулканизатты тазарту. Регенерат төсемін орау құрылғысында орамға домалату. Дайын өнімді кесу, ұнтақ жағу және қатарластырып жинау. Жабдықтың жұмысын қадағалау және оны реттеу.

Білуге тиіс: әр түрлі маркалы регенератты тазартудың технологиялық процесі, жабдықтың құрылысы және жөндеу, әр түрлі маркалы регенераттың сапасына қойылатын талаптар.

Регенератты тазарту процесін жүргізу және анағұрлым төмен біліктілікті қақтаушыларға және тазартушыларға басшылық ету кезінде - 5-разряд.

Девулканизатты кептіруші


244. Девулканизатты кептіруші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сығу- кептіру жабдығында девулканизатты сығу және кептіру процесін жүргізу. Бақылау - өлшеу аспаптарының көмегімен сығатын престердің және кептіргіш құрылғылардың жұмысын, тұндырғыштардан тұнба массасының берілуін, буферлі сыйымдылықтардың жұмысын, оларға су мен будың түсуін қадағалау. Девулканизатты сығу және кептіру процесін реттеу. Прес– шнектердің, торлы барабандардың, девулканизатты түсіру және сығу процесінде таситын шнектердің шлюзді коректенгіштерінің ақаусыздығын тексеру және қызмет көрсету. Кептіргіш аппараттарды іске қосу және тоқтату, ұсақ ақаулықтарды жою, аппараттарды тазалау.

Білуге тиіс: девулканизатты сығу және кептірудің технологиялық режимі, регенерат рамкалары, жабдықтың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, регенератты кептіру сапасына қойылатын талаптар.

«Регенерат өндірісі» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың қолданыстағы БТБА 1986 жылғы шығарылымының атаулары көрсетілген тізбесі БТБА-ның (31-шығарылым), 6-қосымшасында келтірілген.

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына (31-шығарылым)

1-қосымша


Жұмысшы кәсіптерінің әліпбилік көрсеткіші


Р/с №

Кәсіптердің атаулары

Разрядтар диапазоны

Беті

1

Автокамералық агрегаттың машинисі

5-6

95

2

Айналдырушы

4

100

3

Алдын ала қалыптағыштың машинисі

3-4

75

4

Батырылған бұйымдардың дайындаушысы

3-5

67

5

Батырылған бұйымдардың тегістеушісі

2-3

67

6

Бинт дайындаушысы

1-2

63

7

Борттық шығыршықтарды флипперлеуші

2-3

116

8

Бөлшектердің май жағушысы

1-3

34

9

Браслеттер мен брокерлерді жинаушы

3-5

109

10

Бұйымдардың үрлеушісі

1-2

41

11

Вулканизаторшы

2-6

6

12

Вулканизация аппаратшысы

3

87

13

Вулкансыздандырушы

4-5

120

14

Дайындамалар мен бұйымдардың қысқартып кесушісі

2-5

10

15

Дайындамалардың іліп қоюшысы

1-2

99

16

Девулканизатты кептіруші

4

121

17

Есу майысқақ түтіктерін дайындау агрегатының машинисі

4-5

72

18

Жабдықтар мен құрылғылардың тазартушысы

2 3

85

19

Желімдік агрегаттың машинисі

4

73

20

Жолақтарды түйістіруші

1-2

53

21

Ингредиенттердің аспаларын құрастырушысы

2-4

52

22

Инженерлік мүлік такелажының дайындаушысы

2-4

65

23

Қайнату камераларының алушысы

3-4

88

24

Қайталаушы

1-3

13

25

Қақпақтарды жинаушы

2-6

110

26

Қақпақтарды қабылдаушы

5

108

27

Қақпақтарды қалыпқа келтіруші

3-5

116

28

Қақпақтардың жуушысы

2

97

29

Каландр машинисі

3-6

28

30

Қалпына келтірілетін қақпақтарды жинаушы

4

110

31

Камералар мен тармақтардың дайындаушысы

2

41

32

Камералардан ауа мен ылғалдың сығып алушысы

1-3

104

33

Камераларды салушы

2-3

88

34

Каучукты кристалсыздандыру қондырғысының қайта зарядтаушысы

3

106

35

Кордты термоөңдеу операторы

4-5

103

36

Құрастыру камераларының қайта зарядтаушысы

2-4

105

37

Құрсаусыз шиналарды жинаушы

4

108

38

Латексті қоспаны дайындау аппаратшысы

2-4

2

39

Майысқақ түтіктерден қорғасын қабыршағының алушысы

2

84

40

Майысқақ түтіктердің престеуші- қорғасындаушысы

4-5

82

41

Массивті шиналардың күйдірушісі

3-4

101

42

Мата мен төсемнің домалатушысы

1-2

40

43

Материалдарды латекспен өңдеушісі

3

78

44

Медициналық бұйымдардың күйдірушісі

3

82

45

Металл бұйымдарының гуммирлеушісі

1-6

60

46

Металлкордты матаны резеңкелеудегі каландрлаушысы

4

94

47

Металлкордты матаның есушісі

4

100

48

Молдингтер дайындаушысы

2-4

70

49

Нормалаушы

4

77

50

Облойды қысқартып шабушы

2

101

51

Орап тоқу машинасының машинисі

3-5

74

52

Өшіретін резеңкелер дайындау агрегатының машинисі

3

73

53

Пластикаторшы

3-4

107

54

Престе тоқыманы түйістіруші

4

115

55

Престеуші -вулканизаторшы

2-6

42

56

Протекторлық агрегаттың машинисі

4-6

96

57

Резеңке араластырғыштың машинисі

3-6

32

58

Резеңке аяқ киімнің модельдеушісі

3-5

76

59

Резеңке аяқ киімнің штамптаушысы

2-4

85

60

Резеңке бұйымдар мен бөлшектердің пішушісі

1-4

14

61

Резеңке бұйымдарды түйістіруші

1-4

114

62

Резеңке бұйымдардың алушысы

1-4

82

63

Резеңке бұйымдардың әшекейлеушісі

2-4

81

64

Резеңке бұйымдардың және аяқ киімнің өндіріс жабдығының жөндеушісі

3-6

77

65

Резеңке бұйымдардың және бөлшектердің дайындаушысы

1-5

64

66

Резеңке бұйымдардың өңдеушісі

1-5

78

67

Резеңке бұйымдардың сынаушысы

3-6

18

68

Резеңке бұйымдарының бояушысы

2-4

38

69

Резеңке бұйымдарының жөндеушісі

1-5

47

70

Резеңке бұйымдарының кесушісі

1-3

36

71

Резеңке желімдер мен жабындарды дайындау аппаратшысы

2-4

3

72

Резеңке жіптерді дайындау аппаратшысы

2-5

58

73

Резеңке қоспаларды дайындау операторы

4-5

102

74

Резеңке қоспалардың жаныштап үгушісі

3-6

5

75

Резеңке қоспалардың каландрлаушысы

2-4

20

76

Резеңке қоспаларының мұздатушысы

3-4

55

77

Резеңке техникалық бұйымдардың құрастырушысы

1-5

50

78

Резеңке, полимер бөлшектер мен бұйымдардың желімдеп жапсырушысы

1-5

21

79

Резеңкеленген кордтың жиектерін оқшаулаушысы

2

93

80

Сіңдіру агрегатының машинисі

2-5

30

81

Сквидждік станоктың машинисі

3

96

82

Спорт велошиналардың қаңқасын дайындаушы

2

89

83

Стрейнер машинисі

3-4

33

84

Сым мен тоқыманың түзетушісі

2

108

85

Тазартушы

4-5

121

86

Тарқату машинасының машинисі

4

76

87

Тасымалдау жүйелерін қайта зарядтау операторы

3-4

102

88

Тегістеуші

1-5

56

89

Термопластикаторшы

2-4

54

90

Техникалық көміртегі алу аппаратшысы

3-6

117

91

Техникалық көміртегі беру операторы

4

103

92

Техникалық көміртегіні нығыздау аппаратшысы

4

119

93

Түтіктердің гофрлеушісі

2-3

60

94

Ұсақтаушы

4-5

88

95

Шина өндірісінің бақылаушысы

2-4

94

96

Шинажөндеу материалдардың дайындаушысы

2-3

90

97

Шиналар үшін шприцтелген бөлшектердің дайындаушысы

1-2

90

98

Шиналарды сынау үшін үлгілердің дайындаушысы

4

89

99

Шиналардың құрастырушысы

2-4

98

100

Шиналардың теңгерушісі

3

87

101

Шинапневматикалық муфталарды жинаушы

4

113

102

Шинапневматикалық муфталардың құрастырушысы

3

99

103

Шұралардың құрастырушысы

2

97

104

Шұралардың өңдеушісі

2-3

101

105

Шығыршықтар дайындаушысы

1-4

91

106

Шығыршықтар оқшаулаушысы

1-2

92

107

Шығыршықтар сынаушысы

2

93

108

Шығыршықтардың өрушісі

2

87

109

Эбонит бұйымдарының желімдеп жапсырушысы

3-6

71

110

Эластомерлер мен резеңкенің кесушісі

1-3

45

жүктеу 2,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау